ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Мемлекеттік және жергілікті басқару»
мамандығы бойынша магистратураға
түсушілерге қабылдау емтиханының
бағдарламасы
«6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару»
АЛМАТЫ 2012
Бағдарлама «6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығына арналған Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай жасалды. Бағдарламаны құрастырған э.ғ.д., профессор Сансызбаева Ғ.Н.
Бағдарлама «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының отырысында қаралды
Хаттама № _______ _____ ____________2012 ж.
Кафедра меңгерушісі __________________ Қ.С.Мұхтарова
ЭжБЖМ әдістемелік бюро отырысында мақұлданды
Хаттама № _______ _____ ____________2012 ж.
Әдістемелік бюро төрағасы ___________ А.С.Абен
ЭжБЖМ Ғылыми кеңесі отырысында бекітілді
Хаттама № _______ _____ ____________2012 ж.
Ғылыми кеңес төрайымы,
факультет деканы ____________________ Б.Ж.Ермекбаева
Ғылыми хатшы _____________________ Г.С.Смағұлова
МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаттары мен міндеттері
«6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының мақсаты – аталған мамандықтың негізгі пәндері бойынша жоғары дайындық деңгейіне ие бакалавриат түлектерін іріктеу.
Қабылдау емтиханының міндеттері:
- мемлекет жайлы экономиканың жаһандануы мен жаңғыруы жағдайындағы басқару субъектісі ретінде қарастыра білу;
- академиялық ғылым саласы ретінде мемлекеттік басқарудың мәнін білу, мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми мектептепмен танысу;
- мамандандырылған қызмет түрі ретінде мемлекеттік басқарудың мәнін түсіну, мемлекеттік басқару мен бизнесті басқарудың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көре білу;
- мемлекеттік басқару жүйесін кешенді түрде қарастыра білу, және оның келесідей құрауыштарының мәнін түсіну: үдерісі, мақсаты, қызметтері, қағидалары, әдістері, органдары, мемлекеттік басқару кадрлары;
- мемлекеттік экономикалық саясаттың басқарудың әр деңгейінде жүзеге асырылу құралдарының ерекшеліктерін, механизмін, қағидаларын білу;
- мемлекеттік биліктің қызмет ету механизмін игеру, мемлекеттік басқару органдарының әр деңгейіндегі құрылымын жетік білу;
- басқарушылық шешім қабылдауға ықпал ететін негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық институттарды білу;
- мемлекеттік және жергілікті басқару мен жоспарлаудың негізгі құралдарымен жұмыс жасау қабілетіне ие болу;
- кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын білу.
Қабылдау емтиханының өткізілу формасы – жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушылар емтихан сұрақтарына жауаптарын жауап қағазына жазады, шифрланған жауаптарды емтихан комиссиясы тексереді.
Қабылдау емтиханының өткізілу формасы – жазбаша-ауызша құрамдастырылған емтихан. Емтихан тапсырушылар өз жауаптарын жауап қағазына жазады, емтихан комиссиясына ауызша жауап береді.
Апелляцияға арыз берілген жағдайда жауап қағазындағы жазбаша жауап қарастырылады.
2. Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Магистратураның ғылыми-педагогикалық және профильдік бағыттарының білім беру бағдарламасын меңгеруге ынта білдірген тұлғаларға кем дегенде қойылатын талап – жоғарғы негізгі білім (бакалавриат) немесе жоғарғы арнайы білімнің болуы.
Магистратураға түсушілерді қабылдау тәртібі жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруді жүзеге асыратын білім беру мекемесінің Типтік қабылдау тәртібімен айқындалады.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының пререквизиттеріне келесі пәндер жатқызылады:
Мемлекеттік басқару теориясы
Экономиканы мемлекеттік реттеу
Муниципалды менеджмент
Аймақтық экономика және басқару
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Мемлекеттік басқару теориясы» пәні
1 Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері.
Басқару мен оның қоғамдағы рөлі. Басқару ғылымының анықтамасы, әдістері, пәні мен объектісі. Мемлекеттік басқару мен басқару мектептерінің эволюциясы. Басқаруда ескерілетін табиғат және қоғам заңдары. Табиғат және қоғам заңдарының басқару ісінде қолдану механизмі.
2 Басқарудың жүйелі тәсілдемесі, басқарудың функциясы мен құрылымы.
Жүйелер мен олардың қасиеттері. Мемлекетті басқарудың жүйелік-мақсаттық құрылымдық моделі. Нәтижелілік пен тиімділікке қарай басқару.
Қызметтердің мәні, анықтамасы мен классификациясы. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы мен олардың типтері. Мемлекеттің экономикалық функциялары.
3 Мемлекеттік басқару үдерісіндегі мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі
Мемлекет – қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары. Мемлекеттің қоғамдық функциялары мен мемлекеттік басқарудың түрлері.
Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік механизмнің жүзеге асырылуы. Мемлекеттік басқарудағы мүдделер. Әкімшілік-мемлекеттік мекемелердегі бюрократизм мен бюрократия. Әкімшілік-мемлекеттік саладағы жанжалдар.
4 Мемлекеттік басқару үдерісінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негіздері. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру механизмдері. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру механизмдері. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысатын басқару органдары.
Мемлекеттік шешімдердің түрлері мен формалары. Басқарушылық шешімдерді әзірлеудің әдіснамалық негіздері. Мемлекеттік басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру технологиясы. Мемлекеттік шешімдерді қабылдау барысындағы саралау. Мемлекеттік басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау.
5 Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару: өзара әрекеттесудің қатынасы мен механизмі
Мемлекеттік билік түсінігі. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқарудың өзара байланысы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік жүйесінің бірегейлігі. Мемлекеттік басқару мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралы ретінде.
6 Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құылымы
Мемлекеттік басқарудың қағидалары мен мақсаттар ағашы. Мемлекеттік басқарудың функциялар жүйесі, формалары, әдістері мен құралдары. Мемлекеттік басқару қағидаларын жүйелеу негіздері мен оларды қолдану. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының құрылысы. Мемлекеттік басқару субъектісінің қосалқы жүйесі, звенолары мен органдары. Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы.
7 Мемлекеттік басқару қатынастарын құқықтық реттеу
Мемлекет пен қоғам; мемлекет пен оның азаматтары; мемлекет пен шаруашылық субъектілері; мемлекет пен қоғамдық-саяси ұйымдар; орталық және жергілікті атқарушы органдар және т.б. арасындағы басқарушылық қатынасты құқықтық реттеудің мәні мен түсінігі.
8 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының түрі, түсінігі мен бірегей жүйесі. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық мәртебесі. Заң шығарушы билік пен оның органдарының мемлекеттік басқарудағы рөлі. Парламенттің құрамы мен құрылымы. Парламенттің жұмыс формалары мен құзіреті. Мемлекеттік басқарудағы атқарушы билік. Қоғамдағы сот билігінің түсінігі мен рөлі.
9 Қоғамдық өмірдің салаларын мемлекеттік басқару мен салааралық мемлекеттік басқару.
Экономика саласындағы мемлекеттік басқару. Әлеуметтік қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару. Әлеуметтік-мәдени саладағы мемлекеттік басқару. Әкімшілік-саяси саладағы мемлекеттік басқару.
Салааралық мемлекеттік басқарудың мәні мен түрлері. Қаржы, несие және сақтандыру салаларындағы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері. Салық және кеден саясатындағы мемлекеттік басқару ерекшелігі. Монополияға қарсы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік мүлікті басқару.
10 Басқарушылық қызмет стилін жетілдіру мен оны жүзеге асырудың жауапкершілігі
Басқарушылық қызмет стилінің түсінігі мен динамикалығы. Мемлекеттік басқару стиліне тән белгілер мен оның элементтері. Басқарушылық қызмет стилі мен мемлекеттік басқарудағы жауапкершіліктің өзара байланысы мен оны жетілдіру қажеттілігі. Қоғамдық қатынас жүйесіндегі жауапкершілік пен оның заңдық-құқықтық аспектісі. Мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік деңгейінің басқарушылық қызметті бөлу мен регламенттеуге тәуелділігі.
«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні
1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері.
Шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері мен негізгі қоғамдық-экономикалық жүйелердің типологиясы. Мемлекеттің экономикаға араласуының объективті қажеттілігі. Мемлекеттік реттеудің түрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық модельдері. Нарықтық экономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеудің заманауи неоконсервативтік концепциясы. «Мемлекеттік реттеу» ұғымына анықтама. ЭМР субъектілері мен объектілері, олардың әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық мүдделері.
2 ЭМР әдіснамасы түсінігі мен оның негізгі элементтері
Мемлекеттік реттеу концепциясын әзірлеу. Бәсекелес және қолдаушы мақсаттар. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарын анықтау. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу, алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге құрал таңдау.
3 Экономиканы қаржылық-экономикалық реттеу әдістері
Қаржылық-бюджеттік реттеудің негізі ретінде фискалдық саясат: мақсаты мен негізгі құралдары. Мемлекеттік бюджет – мемлекет экономикасын қаржылық реттеудің негізі. Бюджет жүйесін құрудың қағидалары: мөлдірлік, ғылымилық, толықтық, адрестік. Мемлекеттік бюджеттің функциялары. Салық жүйесі – мемлекеттік экономикалық саясатының әдісі ретінде. Салық жүйесін құру қағидалары, негізгі құралдары: салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер, жеделдетілген амортизация. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз – экономиканы реттеу құралдары ретінде. Қазақстан Республикасының фискалдық саясатының ерекшеліктері.
4 Экономикалық өсу: негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекет шаралары
Экономикалық өсудің типтері, мақсаттары мен факторлары. Экономикалық өсу мен оны қоршаған орта. Тұрақты экономикалық өсу мен тұрақты экономикалық даму концепциясы. Экономикалық өсу модельдері. Заманауи жағдайларда экономикалық даму факторы ретіндегі адам капиталының рөлінің артуы. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері.
5 Ғылыми-техникалық прогресс бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі
Ғылыми-техникалық прогресс заманауи дамудың факторы ретінде. Ақпараттық-телекоммуникациялық революция жағдайында ұлттық мемлекеттердің даму ерекшеліктері. Ақпараттық технологиялардың экономикадағы адам факторына әсері. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы. Постиндустриалды типтегі қоғамның қалыптасуындағы негізгі және қолданбалы ғылымдардың рөлі.
6 Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясатын жүзеге асырудың механизмі мен қалыптасуы.
Постиндустриалды типтегі экономика құрылымы. Мемлекеттің құрылымдық саясаты мен оның негізгі параметрлері: өндірістің пропорцияларын реттеу, «мотор-салаларды» анықтау. Экономиканы қайта құруды жүзеге асырудағы мемлекеттік реттеу шаралары. Белсенді өнеркәсіптік саясат қалыптастыру қажеттілігі. Ұзақмерзімді келешекке бағытталған өнеркәсіптік саясаттың қағидалары, мақсаты мен негізгі міндеттері. Өнеркәсіптік саясат түрлері. ҚР өнеркәсіпті қолдаудың жалпы және таңдамалы шаралары.
Ұлттық экономика құрылымын өзгерту қажеттілігі – Қазақстанның 50 бәсекеге қабілетті мемлекет қатарына кірудің маңызды шарты ретінде.
7 Аграрлық саланы мемлекеттік реттеу.
Ұлттық экономикадағы аграрлық өндірістің ерекшелігі. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аграрлық саланың рөлі. Агроөнеркәсіптік кешендегі орнықты өндірісті қамтамасыз етудегі мемлекеттің негізгі функциялары. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі формалары: ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс пен ұсынысқа әсер ету. Мемлекеттік аграрлық саясаттың шаралары. Агробизнестің қалыптасуы.
Қазақстан Республикасындағы аграрлық өндірісті қалыптастыруды ынталандырушы ұлттық бағдарламалар. Аграрлық кластерлер.
8 Бәсекелік ортаны қалыптастыру мен монополияға қарсы реттеу.
Постиндустриалды экономикаға көшудің маңызды шарты ретінде бәсекелік ортаны қалыптастыру қажеттілігі. Монополияға қарсы саясат: мазмұны, түрлері, әсер ету әдістері. Заңсыз бәсеке түрлері мен тұтынушы құқығын қорғау. ҚР монополияға қарсы реттеу органдарының құрылымы.
Кәсіпкерлік қызметтің түрлі формаларын дамыту мен қолдау. Мемлекет – бәсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепілі. Қазіргі жағдайда кәсіпкерлікті ынталандырудың нормативтік-құқықтық аспектілері.
9 Жұмысбастылық пен халықты әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу.
Жұмысбастылықтың әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы мен қағидалары. Еңбек нарығы, субъектілері мен объектілері, реттеу механизмдері. Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты. Активті және пассивті модель.
Әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілері. Табысты бөлудегі теңсіздік мәселесі. Қазіргі нарықтық экономикадағы әлеуметтік басымдылықтар. Адам капиталын қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі.
Экономикалық өсу мен әлеуметтік саланың дамуының өзара байланысы. Денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу.
10 Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін реттеу
Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін реттеудің мәні мен негізгі бағыттары. Сыртқы сауданың мақсаттары. Еркін сауда саясаты мен протекционизм саясатын салыстырмалы талдау.
Сыртқы сауда мен валюта курсын ырықтандыру. ДСҰ-ға кіруге дайындық жағдайында экспорттық-импорттық реттеу. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізгі құралдары. Тарифтік және тарифтік емес реттеу. Сыртқы экономикалық қызметтің заңдық-құқықтық аспектілері.
Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметінің басымдықтары мен келешегі.
«Муниципалды менеджмент» пәні
1 Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде.
Аймақтық басқару ғылым саласы және ғылыми пән ретінде. ҚР аймақтық басқару реформасы. Муниципалды менеджмент анықтамасы. Муниципалды менеджменттің аймақтық негізі. Ғылыми пән ретіндегі муниципалды менеджменттің пәні мен әдістері. Муниципалды менеджменттің теориялық базасы.
2 Муниципалды басқарудың даму тарихы
Антикалық дәуірдегі полистік демократия. Ортағасырлық сословиелік мемлекеттің қалалық және ауылдық қауымдастықтары – буржуазиялық муниципализмнің бастамасы. ХІХ ғасырдың муниципалдық реформалары.
Аймақтық басқарудың теориялық негіздері. Еркін қауым теориясы. Жергілікті басқарудың қоғамдық теориясы. Жергілікті басқарудың мемлекеттік теориясы. Муниципалды басқару реализмінің теориясы. Социал-реформисттік муниципалдық концепциялар.
Аймақтық басқарудың негізгі типтері. Жергілікті басқарудың англосаксондық типі. Жергілікті басқарудың француздық моделі. Аймақтық басқарудың германдық типі. Жергілікті басқаруды дамытудағы заманауи үдерістер.
3 Жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарының өзара қатынасы.
ҚР әкімшілік-аумақтық бөлінісі. ҚР жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың жүйесі. Мәслихаттар – депутаттар жиналысы – облыс, қала, аудан көлеміндегі өзін-өзі басқару формасы. Жергілікті жердегі өзін-өзі басқару органдарының функциялары мен құзіреттіліктері. Жергілікті тұрғындарға арналған негізгі міндетті ережелер. Әр деңгейдегі мәслихаттардың ара қатынасы.
Жергілікті әкімшілік басшысы – ҚР Президенті өкілі. Белгілі бір аймақтағы жергілікті әкімшілік басшысы жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың функциялары. Жергілікті жердің әр деңгейіндегі әкімшілік басшыларының құзыреттері. Жергілікті әкімшілік басшыларының дара басшылық принципі.
4 Жергілікті басқару органдарының жұмысындағы жоспарлау.
Қазақстан аймақтарындағы бағдарламалық-мақсаттық жоспарлау. Жергілікті басқару органдарының сәйкес территорияны кешенді және мақсаттық дамыту бағдарламаларын әзірлеуі. Жергілікті әкімшіліктің баланс құруы (қаржылық, халықтың ақшалай табысы, еңбек ресуртары, жер ресурстары және т.б.). Жергілікті басқару органдары қабылдайтын өзге де жоспарлы актілер. Муниципалды органдардың ішкі қызметін ұйымдастыруда жоспарлауды қолдану.
5 Жергілікті басқару органдарының қызметінің материалдық-қаржылық негізі.
Жергілікті басқарудың қаржылық ресурстары. Жергілікті бюджеттердің қалыптасуы, құрылуы мен орындалуы. Жергілікті биліктің бюджеттік-қаржылық саясаты. Бюджеттік реттеу саласындағы жергілікті әкімшілік пен мәслихаттардың құзыреті. Жергілікті бюджеттердің бекітілген және реттелетін табыстары. Жергілікті салықтардың фискалдық, реттеуші және бақылаушы функциялары. Дотациялар, субвенциялар мен ссудалар. Жергілікті бюджет шығындары. Жергілікті бюджет тапшылығын заңдастыру мен теңдестіру мәселесі. Жергілікті билік органдарының мақсаттық бюджеттен тыс және валюталық қорлары: қалыптасу тәртібі мен қаржыларды пайдалану мүмкіндігі. Бюджетаралық қатынастар. Жергілікті қаржылар саласындағы мәселелер.
6 Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі
Экономикалық механизм анықтамасы. Аймақтың экономикалық дамуының негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидалары. Экономикалық механизмнің эволюциясы: жаңа мотивациялар мен шаруашылық субъектілерінің әрекет ету стилінің қалыптасуы. Облыс деңгейінде өндірістің толық циклін кезең және фактор бойынша қамтамасыз ету. Муниципалды шаруашылық құрылымындағы шаруашылық және әлеуметтік кешендер: өнеркәсіптік, құрылыс, аграрлық, сауда-сервистік, тұрғын-үй коммуналдық, мәдени-тұрмыстық. Аймақтық нарықтардың дамуы: тауарлық, өндіріс құралдары, ссудалық капитал, еңбек, бағалы қағаздар, сақтандыру. Аймақ экономикасына инвестиция тартуды ынталандыру. Аймақтың экономикалық дамуының маркетингі.
7 Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориалдық құрылымының реформасы
Әкімшілік-территориялық өзгерістер әлеуметтік-экономикалық реформалардың салдары ретінде. Реформаға дейінгі кезеңдегі әкімшілік-территориялық құрылым. Республиканы демографиялық, саяси, географиялық, экономикалық тұрғыдан аймақтарға бөлудің тиімді еместігі. «Әкімшілік-территориялық бірлік» және «әкімшілік-территориялық құрылым» ұғымдарына анықтама. Тиімді әкімшілік-территориялық құрылым қалыптастыру факторлары. Реформалаудың мақсаты мен міндеттері. Реформалау кезеңдері. 1997 жылы әкімшілік-территориялық құрылымды оңтайландыру: себебі мен салдары.
8 Жергілікті бюджеттердің табысын арттыру жолдары.
Жергілікті бюджет тапшылығы: себебі пен салдары. Қарыз қаражат арқылы тапшылықты жабу. Сыртқы және ішкі инвестиция тартудың саяси және экономикалық ынталандырмасы.
Муниципалды қарыздарды ұйымдастыру. Қазақстанда муниципалды бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен дамуы. Қарыз қаражат классификациясы: инвестициялық, әлеуметтік, бюджеттік. Қарыз қаражатты ұйымдастыру барысында эмитенттер шешетін мәселелер. Жергілікті басқару органдары эмиссиялайтын қарыздық міндеттемелер түрлері.
9 Унитарлы мемлекеттердегі муниципалды басқару.
Франциядағы аймақтық басқаруды ұйымдастыру. Жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды орталықтандырудың жоғары деңгейі. 1982 жылғы муниципалды реформадан кейінгі биліктің орталықсыздандырылуы мен деконцентрациясы. Аймақтардың ұйымдастырушылық құрылымы: коммуна, департамент, аумақ. Жергілікті басқарушы аппарат. Жергілікті жерде сайлау өткізу. Аймақтық басқарудың жергілікті органдарының қаржысы. Аймақаралық әріптестік.
Италиядағы жергілікті басқару жүйесі.
10 Федералды мемлекеттердегі муниципалды басқару.
Германиядағы муниципалды басқарудың ұйымдастырылуы. Мемлекеттік басқару субъектілері: федерация, жерлер, қауымдастықтар, аудандар. Қауымдастықтың ұйымдастырушылық құрылымының типологиясы: магистратты тип, бургомистрлік тип, солтүстік-герман типі, оңтүстік-герман типі. Қауымдастық жарғысы. Аудан, қала және қауымдастықтардағы жергілікті басқару органдары. Бавария жерінінің мысалындағы аймақтық құрылымдық саясат.
АҚШ-тағы аймақтық басқару. АҚШ-та қабылданған муниципалды менеджментті ұйымдастырудың 4 типі. Федерациялық субъектілердегі (штаттардағы) жергілікті басқару формаларының әркелкілігі. Округтер, қалалық және ауылдық коммуналардағы жергілікті басқарудың ұйымдастырылуы. Жергілікті биліктің экономикалық функциялары. АҚШ-тағы аймақтық бағдарламалар. Ресей Федерациясындағы муниципалды басқаруды дамыту. РФ әкімшілік-территориалдық құрылымы. Муниципалды демократия. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің негізі. Жергілікті билік органдарының құзыреттері.
«Аймақтық экономика және басқару» пәні
1 Аймақтар түсінігі мен типологиясы.
Аймақтық экономиканың негізгі түсінігі. «Аймақ» ұғымының теориялық және практикалық анықтамасы. «Аймақ» және «экономикалық кеңістік» ұғымдарының өзара қатынасы. Ұлттық экономика өзара байланысты аймақтар жүйесі ретінде.
Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі. Типология жүргізудің негізгі критерилері. Экономикалық аудандастыру.
2 Аймақтық экономика мен оны басқарудың теориялық негіздері.
И.Тюненнің ауыл шаруашылықтық штандорт теориясы. А.Вебердің өнеркәсіптік штандорт теориясы. А.Лештің шаруашылықты ұйымдастырудың кеңістіктік ұйымдастырылуы туралы ілімі. В.Лаундхардттың өнеркәсіптік мекеменің рационалды штандорты. А.Смит пен Д.Рикардоның абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар туралы теориясы.
Аймақтық экономика теориясы дамуының заманауи бағыттары: теңдестірілмеген өсу теориясы, «өсу полюсы» теориясы, аймақтық теңдестіру теориясы және т.б.
3 Аймақ шаруашылық жүргізу мен басқарудың объектісі ретінде
Аймақ ұлттық экономиканың қосалқы жүйесі ретінде. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық кешенінің қалыптасуы мен жүзеге асырылуы. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйенің құрылысы. Аймақтық даму негізлерінің макроэкономикалық сипаттамасы.
Аймақтық еңбек бөлінісінің түрлері мен деңгейлері. Аймақтық еңбек бөлінісін ұйымдастыру формалары. Аймақтың салалық және территориялық құрылымы. Аймақтың салааралық байланыстары.
4 Аймақтың экономикалық әлеуеті мен оны бағалау
Аймақ әлеуетінің негізгі құраушылары: құрылымы, даму көрсеткіштері. Табиғи-экологиялық әлеуеті. Ресурстық-өндірістік әлеуеті. Еңбек әлеуеті.
Өндіргіш күштерді орналастырудың заңдылығы, қағидалары мен факторлары. Кешенді даму мен мамандандырылудың мәні. Салааралық байланыстар.
5 ҚР аймақтар экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы.
Қазіргі Қазақстан экономикасының заманауи кеңістіктік құрылымының тарихи және физико-географиялық факторларға тәуелділігі. Бұрынғы әкімшіл-әміршіл жүйедегі Қазақстан аймақтарының рөлі мен орны – заманауи аймақтық даму үшін тұрақты негіз ретінде. Белгілі бір аймақтарда шикізаттық дамудың тереңдеуі мен моносалалық аймақтардың пайда болуы.
6 Аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудің мәні мен қажеттілігі.
Аймақтық теңсіздіктің объективті негіздері мен аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. Жалпыұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық саясаттың орны. Аймақтық дамуды реттеудің институционалдық және құқықтық негіздері. Аймақтық дамуды реттеудің негізгі әдістері мен құралдары. Аймақтық саясаттың макро және микро-құралдары. Аймақтық даму бағдарламалары мен артта қалған аймақтар.
7 Аймақты басқару жүйесінің қалыптасуы. Аймақтық менеджмент.
Басқару жүйесінің қалыптасуы мен даму қағидалары. Басқарудың еуропалық және азиялық үлгілері. Аймақты дамытуды басқару жүйесін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Басқарудың аймақтық жүйесінің муниципалды және мемлекеттік жүйелерден айырмашылығы. Мемлекеттің аймақ экономикасына әсер етуі. Аймақ экономикасын басқарудың өндірістік тәсілдемесі.
Аймақтық менеджмент және оның формалары. Аймақтық менеджментке әсер етуші ішкі және сыртқы орта факторлары.
Аймақтық менеджменттегі жаңа үдерістер.
8 Аймақ экономикасын дамытуды жоспарлау мен болжау. Аймақтық бағдарламалар.
Аймақтық дамуды жоспарлау мен болжамдаудың объективті қажеттілігі мен оның әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспар-болжамын әзірлеудегі негізгі тәсілдемелер: маркетингтік зерттеулер, логикалық модельдеу әдістері, эксперттік бағалау, икемділік коэффиценттері. Аймақтың жоспар-болжамының басты мазмұны, негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері.
9 Арнайы экономикалық аймақ аймақтық саясат жүргізу құралы ретінде.
Арнайы экономикалық аймақ (АЭА) белгілі бір территориядағы экономикалық өмірді ұйымдастырудың ерекше типі ретінде. АЭА құрудың қажеттілігі мен мақсаты.
АЭА мәртебесі берілетін аймақтарды таңдау критерилері. АЭА түрлері: еркін сауда аймағы, кәсіпкерлік аймақтары, техника-енгізушілік аймақтар, сыртқы саудалық, фискалдық, қаржылық және әкімшілік жеңілдіктер. АЭА қызмет етуінің әлемдік тәжірибесі.
10 Аймақтық дамуды мемлекеттік басқарудың әлемдік тәжірибесі.
Әлем елдеріндегі аймақтық экономика мәселелері: жалпы және ерекше мәселелер. Әлем елдеріндегі аймақтық экономикалық саясатқа салыстырмалы талдау жүргізу. Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары. Аймақтық саясаттың макро және микроқұралдарының құқықтық негіздері. Әлемдік экономикадағы проблемалық аймақтар мен аймақтық дамыту бағдарламалары. АҚШ пен еуропалық мемлекеттердің тәжірибесі. Қытайдағы арнайы экономикалық аймақтар. ҚР шаруашылық жүргізу тәжірибесінде шетел тәжірибесін қолдану мүмкіндігі.
«Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» пәні
1 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау жүйесі.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жоспарлау жүйесі. Жоспарға дейінгі, жоспар және есеп беру құжаттары. Жоспарға дейінгі зерттеулер мен әзірлемелер. Жоспар жүйесі. Жоспарлаудың уақыттық және кеңістіктік ұйымдастырылуы. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларының, мекемелердің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының негізгі кезеңдерінің сипаттамасы.
2 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау әдіснамасы
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдіснамалық жүйесіндегі құрылымдық элементтер. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау мен болжамдаудың логикасы мен мазмұны. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау мен болжамдаудың жүйелік тәсілдемесінің мәні. Жоспарлаудың сипатты белгілері мен әдіснамалық қағидалары. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудағы көрсеткіштер түсінігі мен классификациясы.
3 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау әдістері
Жоспарлар мен болжамды әзірлеудің әдістері жайлы түсінік. Жоспарлау мен болжамдаудың әдістер жүйесі. Бағдарламалық-мақсаттық әдіс. Нормативтік әдіс: технико-экономикалық, экономикалық, әлеуметтік нормалар мен нормативтер. Нұсқалық жақындату әдісі. Жүйелі жақындату әдісі. Жоспарлаудың баланстық әдісі. Материалдық, еңбектік, қаржылық және әлеуметтік баланстар. Сыни жол әдісі. Жоспарлауды оңтайландыру әдістері. Формальды және формальды емес оңтайландыру әдістері. Экономика-математикалық әдістер.
4 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды ұйымдастыру
Жоспарлау мен болжамдауды ұйымдастыру негіздері. Жоспарлаушы органдар жүйесі. ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, құрылымы мен негізгі функциялары. Жоспарлаудың салалық және аймақтық органдары. Фирмаішілік жоспарлау органдары. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау технологиясы. Мемлекеттік жоспарды әзірлеу мен бекітудің кезеңдері мен жүйелілігі. Жоспарлы көрсеткіштер мен іс-шараларды атқарушыларға жеткізу. Мемлекеттік жоспарды орындауды қамтамасыз ету мен бақылау.
5 Шетелдегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
Дамыған мемлекеттердегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлау тәжірибесін зерттеудің мәні. Шетелде макрожоспарлау теориясының қалыптасуы. АҚШ-тағы экономикалық жәнее әлеуметтік реттеу тәжірибесі: экономика-математикалық модельдеу және болжамдау, перспективті баланстар; бюджеттеу. АҚШ-тағы фирмаішілік жоспарлау тәжірибесі. Франциядағы әлеуметтік-экономикалық жоспарлау тәжірибесі. Франциядағы ұлттық жоспарлауды жетілдіру жолдары. Жапониядағы әлеуметтік-экономикалық жоспарлау тәжірибесі. Жоспарлы және нарықтық экономиканың өзара байланысы – ҚХР әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі ретінде.
6 Стратегиялық жоспарлаудың әдіснамалық негіздері.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні мен негізгі мақсаты. Стратегиялық жоспарлаудың пайда болуы. Стратегия ұғымы. Базалық және функционалдық стратегия. Стратегиялық балама. Стратегиялық жоспарлау мен стратегиялық басқару үрдістері стратегияны жүзеге асыру кезеңдері ретінде. Стратегиялық жоспарларды қалыптастырудың қағидалық схемасы.
7 Қоғамның әлеуметтік дамуын стратегиялық жоспарлау.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешу құралы ретінде. Қоғамдағы әлеуметтік саясатты қалыптастырудың негізгі қағидалары. Халықтың өмір сүру деңгейін стратегиялық жоспарлау. «Халықтың әл-ауқаты» категориясының мазмұны мен оның «өмір сұру жағдайы», «өмір сүру деңгейі» және «өмір сапасы» ұғымдарымен байланысы. Өмір сүру деңгейін болжауда қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.
Халықтың табысының негізгі түрлері мен оны есептеу әдістері. Халықтың табыстары мен шығыстарының баланс схемасы. Халықтың күнкөріс минимумын есептеу әдісі. Кедейшілік мәселесі мен оны жоспарлау арқылы шешу мүмкіндігі.
8 Аймақтық деңгейдегі стратегиялық жоспарлау.
Аймақтық стратегиялық жоспар ұғымы. Аймақтық стратегиялық жоспар әзірлеудің негізгі қағидалары. Аймақтық стратегиялық жоспардың құрылымы: аймақтың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау, жоспарлы кезеңдегі аймақты дамытудың миссиясы және басты мақсаты, экономикалық даму, әлеуметтік даму, күтілетін нәтижелер. Стратегия мен стратегиядағы мақсаттарды әзірлеу мен қол жеткізу үшін SWOT-талдауды пайдалану.
9 Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда орта мерзімдік жоспарлаудың рөлі.
Индикативтік жоспарлаудың мәні. Индикативік жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі. Индикативтік жоспарлаудың функциялары. Индикативтік жоспарлаудың формаларының эволюциясы.
Қазақстандағы ортамерзімдік жоспарлау ұғымы, жүйесі мен құрамы. Қазақстандағы ортамерзімдік жоспарлаудың индикативтік сипаты. Индикативтік және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысы.
Қазақстандағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімдік (индикативті) жоспарлаудың орны. Стратегиялық жоспарлар, ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы, ҚР Үкіметінің бағдарламалары – ортамерзімдік жоспар әзірлеу негізі ретінде.
10 Индикативтік жоспарлау – Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу Тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралы ретінде.
Елді орнықты дамыту ұғымы. Елді дамытудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық векторлары. Елдің стратегиялық мақсаттарын тиімді жүзеге асыру үшін қажетті 2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу Тұжырымдамасының мәні. Тұжырымдамада бекітілген мақсатты параметрлер – елді, салаларды, аймақтарды және экономика субъектілерін дамытуды индикативтік жоспарлаудың негізі ретінде. Елдің орнықты дамуға көшуіндегі қысқа, орта және мерзімді индикативтік жоспарлау жүйесі.
5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1 Конституция Республики Казахстан. – Астана: Елорда, 2008. – 56 с.
2 Атаманчук Г.В. Теория государственного управления: учеб. / Григорий Васильевич Атаманчук.- Изд. 2-е, стер.- М.: Омега-Л, 2011.- 525 с.- (Унив. учеб.).
3 Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Курс лекций. М.,1997. – 398 с.
4 Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. – Петропавловск: Сев. Каз. юрид. Академия, 2004. – 416 с.
5 Наумов С.Ю. Теория государственного муниципального управления: учеб. пособие / Сергей Юрьевич Наумов, Светлана Владимировна Сергушко, Анна Александровна Подсумкова.- М.: Форум, 2011.- 319 с.- (Проф. образование).
6 Дауранов И.Н. Организация государственного управления: Монография.
Алматы: Издательство НВШГУ, 1997.
7 Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. М.2001.
8 Пикулькин А.В. Основы государственного управления. М.: Юнити, 2001.
9 Чиркин В.Е. Государственное управление. - М.: Юристь, 2003.
10 Государственное регулирование экономики : учеб. / [Б. К. Казбеков и др.]; КазНУ им. аль-Фараби.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2011.- 171 с.
11 Бибатырова И.А. Государственное регулирование национальной экономики: учеб.-метод. пособие /Изтлеу Айдархановна Бибатырова.- Алматы: LEM, 2008.- 326 с.
12 Сансызбаева Г.Н. Государственное регулирование экономики зарубежных стран / Галия Нурымовна Сансызбаева.- Алматы: Респ. изд. кабинет, 1994.- 109 с.
13 Муниципальный менеджмент: (Учеб. пособие) / КазГАУ; [Под ред. С. К. Курманбаева].- Алматы: Экономика, 1999.- 133 с.
14 Воронин А.Г. и др. Основы управления муниципальным хозяйством : Учеб. пособие / Александр Геннадьевич и др. Воронин; А. Г. Воронин, В. А. Лапин, А. Н. Широков.- М.: Дело, 1998.- 126с.
15 Муниципальный менеджмент / [Т.Г.Морозова, М.П.Победина, Г.Б.Поляк и др.]; Под ред.Т.Г.Морозовой.- М.: Банки и биржи, 1997.- 262с.
16 Европейская Хартия о местном самоуправлении. Стратсбург, 1985. – 18 с.
17 Основы местного самоуправления: Учебное пособие / Под ред. С.В. Вобленко. - Обнинск, 1997. - Ч.1. - С. 65.
18 Никитенко М.В. Региональная экономика: Сущность и механизм управления / Михаил Викторович Никитенко; Науч.ред.Г.М.Лыч; АН Белоруси, Ин-т экономики.- Минск: Навука I тэхніка, 1992.- 148 с.
19 Уткин Э.А. Стратегическое планирование. М.: ЭКМОС,2001.
20 Стратегическое планирование. Под ред. проф. А.Н.Петрова. СПб, 2004;
21 Прогнозирование и планирование экономики. Под ред. Г.А.
Кандауровой и В.И. Борисевича. Минск, 2005.
22 Индикативное планирование: теория и пути совершенствования. Петров
Ю. и др. СПб., 2000. - 96 с.
23 Кубаев Е.К., Нурмуханбетова А.А. Индикативное планирование в Республике Казахстан. - Алматы, 2003. - 93 с.
Қосымша әдебиеттер
1 Атаманчук В.Г. Современная концепция государственного управления
Россией // Государственное управление: проблемы теории, истории,
практики преподавания. - Ростов -на -Дону, 1993г.
2 Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и
эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление:
теория, практика, поиск. Минск, 1993г.
3 Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития// Евразийское сообщество. - 2000. - №2. - с.114-121.
4 Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки,
просчеты и их причины//Аль Пари. - 1999. - № 4-5. - с.27-30.
5 Практикум по курсу "Государственное регулирование экономики" / КазНУ им. аль-Фараби; под ред. Е. Б. Жатканбаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.- 171 с.
6 Авдеева Т.Т. Институты и инструменты управления развитием местного сообщества // Муниципальный мир. - 1999. - № 5. - С.46-53.
7 Саначев И.Д. Местное самоуправление в России: шаг вперед или политическая игра? // Становление местного самоуправления в Российской Федерации / Ред.-сост. О.Л. Савранская. – М., 2003. – 231 с.
Достарыңызбен бөлісу: |