- Лектор: п.ғ.д., профессор Ж.З. Торыбаева
- Басқару психологиясы ғылым ретінде еңбек ұжымының іс-әрекетін басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімді зерттейді. Басқару психологиясының ерекшелігі оның объектісі ретінде адамдардың ұйымдасқан іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Ұйымның ережелері, нормалары және талаптары тек ұйымдағы адамдардың арасындағы ерекше психологиялық қатынастарды қалыптастырады - бұл адамдардың басқарушылық қатынастары. Әлеуметтік-психологиялық қатынастар - мақсат, міндет және біріккен іс-әрекеттің құндылықтарымен байланысқан адамдардың өзара қатынастары.
ЖОСПАР: - Басқару психологиясының даму кезеңдері
- Басқару психологиясының қалыптасуы
- Түрлі мемлекеттерде менеджменттің қалыптасу ерекшеліктері
- Психологиялық басқару теориялары
- Басқарушылық қызмет пен міндеттер
- Басқару психологиясының дамуының бірінші кезеңі: Ф.Тейлор,А.Файоль теориялары;
- Басқару психологиясының дамуының екінші кезеңі: М.Вебердің мінсіз бюрократия теориясы;
- Басқару психологиясының дамуының үшініші кезеңі: адам факторының рөлі-Э.Мейо теориясы;
- Басқару психологиясының дамуының төртінші кезеңі:адам ресурстарын басқару
- Фредерик Уинслоу Тэйлор (1856-1915)
- Басқару мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастырудың маңызын ашқан алғашқы мамандардың бірі - Фредерик Уинслоу Тэйлор (1856-1915) (американ инженері, басқару теориясының негізін салушы) болды.
- Ол ғылыми басқару мектебін (1885-1920 жж.) құрды.
- Оның басты еңбектері – «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгресстердің арнайы комиссия алдында көрсету» (1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына
- «Ғылыми басқарудың атасы» деп жазылған.
- Фредерик Тэйлор өндіріс сапасын арттыру үшін төрт негізгі ұстанымды ұсынды:
- 1888 жылы ол банкротта тұрған компанияны жетекшілік етуге алды және отыз жыл уақытта оны Францияның ең озат кәсіпорындары қатарына қосып, өзінің көп жылғы бақылауын қорыта келе, Файоль «әкімшілдік теориясын» құрды.
- Оның бұл тақырып бойынша алғашқы мақаласы 1900 жылы шықты, ал «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» кітабы 1916 жылы жарық көрді.
- Анри Файоль әкімшілік функцияны талдай отырып, оның негізгі бес элементтерін бөліп көрсетті:
-
- жоспарлау,
- ұйымдастыру,
- басшылық ету,
- үйлестіру,
- бақылау.
- А.Файоль Парижде әкімшілік зерттеу орталығын басқарды. Ол өзінің тұжырымдалған қағидаларының әмбебап және тәжірибелік негізде де барлық салада: экономикада, басқару қызметінде және ұйымдарда, әскерде және флоттарда қолданылатынын дәлелдеді.
- 1. Еңбекті бөлу – қызметкерлердің өз міндеттерін атқаруға мамандандырылуына негізделген еңбекті бөлу, бұл жұмысты сол мерзімде мөлшерін артығырақ етіп, тиімді орындауға мүмкіндік береді;
- 2. Билік пен жауапкершілік. Билік шешім қабылдау және өкім беру мүмкіндігі ретінде олар үшін жауапкершілік артуды меңзейді;
- 3. Тәртіп. Ұжымда бекітілген еңбек қатынастарын құрметтеуді және оларды сақтауды меңзейтін тәртіп.
- 4. Дара басшылық. Қызметкер тек қана бір ғана тікелей бастықтан бұйрық алуы тиіс;
- 5. Басшылықтың бірлігі. Қызметкерлер тобы бірыңғай бір жоспармен әрекет етіп, бір мақсатта жетістікке бағытталуы тиіс;
- 6. Жеке мүдделердің жалпы мүддеге бағыныштылығы. Бір жұмысшының немесе қызметкерлер мен жұмысшылар тобының мүдделері ұйым мүддесінен асып түспеуі тиіс;
- 7. Қызметкерді мадақтау. Қызметкерлер еңбегі әділ бағалануы (материалдық және матеиалдық емес тәсілдер арқылы) тиіс;
- Анри Файоль ұсынған басқарудың 14 принципі (қағидасы):
- 8. Орталықтандыру және орталықсыздандыру. Орталықтандыру және орталықсыздандырудың ара қатынасы ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететіндей болуы қажет;
- 9. Басшының иерархиясы. Ұйымды басқарушы лауазымды тұлғалардың нақты иерархиясы болуы тиіс. Бірақ бұл иерархия қатып қалған құрылым емес, ол қажет жағдайда өзгеріп отыруы тиіс;
- 10. Тәртіп. Әрбір адамға - өз орны, әр адам –өз орнында.
- 11. Әділдік. Әкімшіліктің бағынушыларға әділдігі мен сыйластығы. Мейірімділік пен төреліктің үйлесімділігі;
- 12. Қызметкерлер құрамының тұрақтылығы. Кадрлардың жоғары ағымы ұйым нәтижелігін кемітеді. Кадрлардың тұрақсыздығы нашар менеджерден.
- 13.Ынтагерлік. қызметкерлердің ынтасы – жұмыстың тиімділігін артырады және жанында жұмыс атқаратын адамдарды да ынталандырады, ұйымға күш пен қуат береді;
- 14. Қызметкерлерді біріктіру (корпоративтік рух-дем). Қызметкерлерді біріктіру оларға үлкен қауым мүшелері екенін сезіну мүмкіндігін беріп, қатыстылықты қажетсіну, бірлік – ортақ күш.
Достарыңызбен бөлісу: |