Бағдарламасы 6М071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»



Pdf көрінісі
Дата12.05.2023
өлшемі156.69 Kb.
#473633
түріПрограмма
6м071300kz



Қазақстан Республикасының
Министерство 
Білім және ғылым 
образования и науки 
министрлігі 
Республики Казахстан 
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ
ВКГТУ им. Д.Серикбаева 
БЕКІТЕМІН 
Машина жасау және көлік 
факультетінің деканы
______________ М. Дудкин
___________________2015 ж. 
МАМАНДЫҚ БОЙЫНША 
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ 
6М071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» 
ПРОГРАММА
ВСТУПИТЕЛЬНОГО ЭКЗАМЕНА В МАГИСТРАТУРУ 
ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ
6М071300 «Транспорт, транспортная техника и технологии» 
Өскемен 
Усть-Каменогорск 
2015 



Бағдарлама «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы 
бойынша жоғары білім пәндері бойынша типтік бағдарлама негізінде 
әзірленді.
«Көлік және логистика» кафедрасының отырысында талқыланды. 
Кафедра меңгерушісі В. Вдовин
____________ 2015 ж. № _____ хаттама 
«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының отырысында 
талқыланды.
Кафедра меңгерушісі Е.Елемес
____________ 2015 ж. № _____ хаттама
Машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде 
мақұлданды. 
Төраға А. Вавилов 
____________ 2015 ж. № _____ хаттама
Әзірлегендер:
А.Завалко 
М.Мұздыбаев 
Норма бақылаушы Т. Тютюнькова 



1 ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ МАҚСАТ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты
«Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша 
түсу емтиханы магистратураға түсу үшін алғашқы бақылау түрі болып 
табылады. 
Алғашқы бақылаудың мақсаты – 6М071300 «Көлік, көлік техникасы 
және технологиялары» мамандығы бойынша маманды кәсіби дайындау 
сапасын бағалау мен талапкерлердің көлік техникасы саласындағы ғылыми 
және кәсіби білімдерінің деңгейі мен дағдыларын анықтау болып табылады. 
Сонымен қатар, машиналарды құрастырудың ғылыми негіздері туралы, 
машинажасау гидравликасы мен гидропневможетек туралы арнайы білімдері, 
машина бөлшектерін құрастыру мен олардың есебі, көлік техникасының 
тиімділігін арттыру әдістері, қамтамасыз ету технологиясы мен оның 
жұмысқа қабілеттілігін қолдау, экологиялық қауіпсіздіктің нормативтік 
құжаттарының талаптарын есепке ала отырып, қоршаған орта мен адам 
денсаулығына тигізетін кері әсерін төмендету жолдарын, материалдық және 
энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану тәсілдері жөнінде білімдері 
анықталады.
1.2. Мамандық бойынша түсу емтихандарының міндеттері
Емтихан барысында анықталады: 
 машина бөлшектерін құрылымдау мен есебі саласында кәсіби 
дайындау сапасы, құрылымдау мен жобалаудың технологиялық және 
өндірістік процестерін ұйымдастыру мен басқару дағдыларының болуы, 
жаңартпашылық әдістер мен тиімділігі жоғары технологиялық жабдықтарды 
қолдану шеберлігі; 
 ғылыми-техникалық ақпарат ағынында бағдар беретін және өз 
тәжірибесінде ғылым мен техниканың жаңартпашылық жетістіктерін жүзеге 
асыруды қамтамасыз ететін көлік техникасының сенімділігін қамтамасыз ету 
мен қолдау саласында теориялық дайындау сапасы; 
 көлік техникасын техникалық пайдалану саласында кәсіби дайындау 
сапасы, 
көлік 
техникасына 
техникалық 
қызмет 
көрсету, 
сақтау, 
тасымалдаудың технологиялық және өндірістік процестерін ұйымдастыру 
және басқару дағдыларының болуы, жаңартпашылық әдістер мен тиімділігі 
жоғары технологиялық жабдықтарды қолдану шеберлігі;
 көлік техникасы өндірісінің технологиясы және оны жөндеу 
саласында кәсіби дайындау сапасы, көлік техникасын дайындау мен 
жөндеудің технологиялық және өндірістік процестерін ұйымдастыру және 
басқару әдістерін меңгеру, ғылым мен техниканың жаңартпашылық әдістерін 
және өнімділігі жоғары технологиялық жабдықтарды қолдану шеберлігі;



 жүйелік талдаудың, болжаудың мақсатты бағдарламалық әдістерін 
игеру дәрежесі, өндірісте жетіспеушіліктер мен қайшылықтарды анықтау
инженерлік-техникалық 
қызмет 
персоналдарымен 
жұмыс 
істей 
алу 
шеберлігі; 
 өндірісті басқару және қарқындатумен, еңбек, отын-энергетикалық 
және 
материалдық 
ресурстармен 
байланысты 
әдістер 
негізінде 
жаңартпашылық бағыттағы ғылыми-өндірістік және зерттеу мәселелерін 
шешу шеберлігі; 
 салада қолданылатын Қазақстан Республикасының заңдарын, 
нормативтік, техникалық, технологиялық және жобалау құжаттамаларын 
меңгеру және түсіну. 
3 6М071300 «КӨЛІК, КӨЛІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» 
МАГИСТРАТУРА МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫ 
ПӘНДЕРІНІҢ ТІЗІМІ
Реттік №
Пәннің атауы 
Сұрақтар саны 

Машина бөлшектері 
30 

Көлік техникасын техникалық 
пайдалану негіздері
30 

Көлік техникасының энергетикалық 
қондырғылары
30 
Емтихан ауызша түрде өткізіледі. Емтихан билетінде әр пәннен бір-
бірден үш сұрақ болады. 

6М071300 
«КӨЛІК, 
КӨЛІК 
ТЕХНИКАСЫ 
ЖӘНЕ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» МАГИСТРАТУРА МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 
КӘСІБИ 
ОҚУ 
БАҒДАРЛАМАСЫН 
МЕҢГЕРУГЕ 
ҚАЖЕТТІ 
ПРЕРЕКЗИЗИТТЕР 
Магистратураға 
тапсыратындардың 
білім 
деңгейіне 
қойылатын 
талаптарға байланысты, магистратура білім бағдарламасын меңгергісі 
келетін тұлғалар ҚР МЖБС 7.09.047-2008 Мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандартына сәйкес алғышарт білім деңгейлері болуы тиіс.
«Кірісте» 
магистранттың 
сәйкес 
магистратураның 
кәсіби 
оқу 
бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквезиттері болуы тиіс. 
Қажетті пререквезиттер тізімі жоғарғы оқу орнымен өзбетімен 
анықталады (ҚР МЖБС 5.04.033-2011).
6М071300 
«Көлік, 
көлік 
техникасы 
және 
технологиялары» 
магистратурасының білім бағдарламасын меңгергісі келген тұлғалардың 
типті оқу жоспарына сәйкес келесі пререквезиттері болуы тиіс:



1 Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері - 2 кредит 
2 Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары - 3 кредит 
5 ПӘНДЕР БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫҚ СҰРАҚТАР
5.1 «Машина бөлшектері» пәні
1 Машина бөлшектерінің беріктілігі. Жүктеу үлгілері. Машиналарды 
жеңілдету әдістері. Машина бөлшектерінің беріктілігін арттырудың 
құрылымдық және технологиялық тәсілдері.
2 Бөлшектердің триботехника негізі. Сырғанау үйкелісінің мәні. 
Сырғанау үйкелісінің режимдері және олардың машина жұмысы кезіндегі 
ролі. 
3 Тозудың мәні. Қабысулардың тозуға тұрақтылығын бағалау 
әдістері. Қабысулардың тозуға тұрақтылығын арттырудың құрылымдық және 
технологиялық әдістері.
4 Машиналардың 
бөлшектері 
мен 
түйіндерін 
жобалауды 
ұйымдастырудың 
принциптері, 
кезеңдері 
және 
түрлері. 
Өзара 
ауыстырымдылық негіздері. Шақтамалар мен қондырулар.
5 Механикалық жетектің атқаратын қызметі мен құрылымы. 
Жетектің негізгі сипаттамалары. Берілістердің атқаратын қызметі мен 
жіктемесі. (ілінісу, үйкеліс, тісті, бұрамдық, толқынды, таспалы, тізбекті, 
фрикционды берілістер)
6 Тісті берілістер, олардың сипаттамасы. Тісті берілістердің негізгі 
параметрлері. Материалдар және жылумен өңдеу. Түйіспелі кернеулер 
туралы ұғым. Тісті берілістердің түйіспелі кернеулерінің есебі. Жұмысқа 
қабілеттілік критерийлері. 
7 Цилиндрлік тік тісті берілістердің тістерін иілу бойынша қажуға 
қарсылыққа есептеу. Есептік үлгі және есептік формулалар. 
8 Цилиндрлік тісті берілістерді түйісу төзімділігіне есептеу.
9 Тісті берілістердегі есептік жүктемені анықтау. Жүктеменің 
шоғырлану және жүктеменің динамикалығының коэффициенттері және 
оларды анықтау. Тісті берілістердегі шақтамалы кернеуді есептеу.
10 Қиғаш тісті берілістер. Қолдану аймағы. Геометриялық және 
пайдалану ерекшеліктері. Есептеудің өзгешелігі. 
11 Конустық тісті берілістер, олардың жіктемесі, қолдану аясы. 
Геометриялық және пайдалану ерекшеліктері. Есептеудің өзгешелігі. Тісті 
берілістерде әрекет ететін күштер және олардың есебі.
12 Бұрамдықты берілістер, олардың сипаттамасы, қолдану аясы. 
Бұрамдықтардың 
түрлері. 
Бұрамдықты 
берілістердің 
стандартты 
параметрлері. 
Бұрамдықты 
берілістердің 
материалдары. 
Жұмысқа 
қабілеттілік критерийлері және істен шығу түрлері. Шақтамалы кернеудің 
есебі. 



13 Бұрамдықты берілістердегі жүктеме коэффициентін анықтау. 
Бұрамдықты берілістерді түйісу төзімділігіне және иілу бойынша қажуға 
қарсылыққа есептеу. 
14 Икемді байланыспен берілістер. Белдікті беріліс. Құрылымы мен 
есептеу әдістері. Сыналы белдікті тісті-белдікті беріліс. Тізбекті берілістер.
15 Домалау мойынтіректері, олардың сипаттамасы. Қолдану аясы. 
Жіктемесі. 
Шарикті 
және 
аунақшалы 
мойынтіректердің 
негізгі 
құрылымдары.
16 Домалау денелеріне жүктемені бөлу. Домалау мойынтіректерінің 
зақымдану түрлері және жұмысқа қабілеттілік критерийлері. 
17 Құрылымдары әртүрлі мойынтіректерге арналған эквивалентті 
жүктемені анықтау. 
18 Динамикалық жүккөтергіштігі бойынша домалау мойынтіректерін 
таңдау. 
19 Біліктер мен өстер, машиналардағы олардың рөлі. Біліктер мен 
өстерді құрылымдау. Қолданылатын материалдар және жылумен өңдеу. 
20 Біліктер мен өстерді беріктікке есептеу (бұрау моменті бойынша 
шартты есеп, статикалық көтергіш қабілеті бойынша есеп). 
21 Муфталар және олардың машиналардағы рөлі. Біліктедің өзара 
орналасуындағы қателіктердің түрлері. Муфталардың әсерінен біліктерге 
түсетін қосымша жүктемелер. Муфталардың жіктемесі. 
22 Тұрақты муфталар, олардың құрылымдары (1-2 мысал) мен есебі. 
Қатаң теңелтуші муфталар, олардың құрылымдары мен есебі (1-2 мысал). 
23 Серіппе муфталар және олардың қасиеттері. Теңелтуші және 
демпфер қабілеті. Серпінді муфталардың сипаттамасы (сызықты және 
сызықты емес). 
24 Басқару және өздігінен басқару қызметін атқаратын муфталар 
туралы жалпы ұғымдар. 
25 Қосылыстардың жалпы сипаттамасы мен атқаратын қызметтері. 
Құрылымдық және пайдалану белгілері бойынша қосылыстардың жіктемесі. 
26 Пісіріп қосу, дәнекерлеу және желіммен біріктіру. Жалпы 
сипаттамалары мен қолдану аясы. Жіктердің негізгі құрылымдары. 
Бүлінулердің түрлері мен жұмысқа қабілеттілік критерийлері. Уақытқа 
қатысты тұрақты жүктеме кезінде пісіріліп қосылған жіктердің есебі. 
Пісіріліп қосылған жіктер үшін рұқсат етілген кернеу. 
27 Машина бөлшектерін керіп қосу. Сипаттамалары, құрастыру 
технологиясының ерекшеліктері, қолдану аясы. Бүліну түрлері және 
жұмысқа қабілеттілік критерийлері. Есептеулер, қондыруларды таңдау және 
құрылымдау негізі.
28 Бұрандалы қосылыстар. Сипаттамасы және қолдану аясы. Бұранда 
және бекіту бөлшектерінің түрлері. Бұрандамалармен (болт), бұрамалармен 
(винт) 
және 
бұрамасұқпалармен 
қосылыстар. 
Бекіту 
бөлшектерінің 
материалдары. Өздігінен тежелу ұғымы. Бұрандалы қосылыстарды бекіту.
29 Жік жазықтығында жатпайтын сыртқы жүктеме мен тарту күштері 
қоса әрекет еткен кездегі бұрандама (болт) қосылыстарының есебі. 



Бұрандама қосылыстардың бүліну түрлері мен жұмысқа қабілеттілік 
критерийлері.
30 Кілтек (шпонка), сұққыш (штифт) және оймакілтек (шлиц) 
қосылыстар. Жалпы салыстырмалы сипаттамасы мен қолдану аясы. Бүліну 
түрлері мен жұмысқа қабілеттілік критерийлері. Кернеуленбеген кілтек 
қосылыстарды (призмалық және сегменттік кілтектермен) құрылымдау және 
оның есебі.
5.2 «Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері» пәні 
1 Көлік техникасының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету 
негіздері. Көлік техникасының сапасы, техникалық күйі және жұмыс 
қабілеті.
2 Пайдалану барысында көлік техникасының техникалық күйінің 
өзгеру себебі. Көлік техникасының техникалық күйінің өзгеруіне пайдалану 
жағдайының ықпалы. 
3 Көліктің істен шығуын жіктеу. Көлік техникасының техникалық 
күйінің өзгеруін сипаттайтын заңдылықты жіктеу.
4 Көлік техникасының техникалық күйінің жұмыс істеуі бойынша 
өзгеру заңдылығы (заңдылықтың бірінші түрі).
5 Көлік техникасының техникалық күйінің өзгерісіндегі кездейсоқ 
процестер заңдылығы (заңдылықтың екінші түрі).
6 Көлік техникасын қалпына келтіру процесінің заңдылығы 
(заңдылықтың үшінші түрі). 
7 Көлік техникасын техникалық пайдаланудың нормативтерін 
анықтау әдістері. Техникалық пайдаланудың басты нормативі жайлы түсінік.
8 Техникалық қызметтің мерзімділігі. ТҚК мен жөндеудің еңбек 
сыйымдылығы. Қосалқы бөлшек ресурсы мен оны жұмсау нормасын 
анықтау. 
9 Көлік техникасының жұмыс қабілеттілігін акпараттық қамтамасыз 
ету және оның диагностикасы. Көлік техникасының жұмыс қабілетін 
басқаруда ақпарат алу әдісі.
10 Техникалық күй параметрінің шектік және рұқсат етілген мәндерін 
анықтау. Оларды анықтаудың әдістері. 
11 Диагностика – көлік техникасының жұмысқа қабілеттілік деңгейі 
туралы ақпарат алу әдісі ретінде. Көлік техникасына диагностика жасау
міндеті және оны колдану принципі.
12 Диагностикалық параметрлер. Диагностикалық нормативтер. Көлік 
техникасының техникалық күйіне диагноз кою. Диагноз кою әдісі, процесі 
және құралы.
13 Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу 
жүйесі. ТҚК және жөндеу жүйесінің міндеті мен принциптік негізі.
14 ТҚК және жөндеу жүйесінің қалыптасу әдісі, оның сипаттамасы. 
Көлік техникасына ТҚК мен жөндеу саласында басшылыққа алынатын 
құжаттар.



15 Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етудің 
технологиялық процесінің жалпы сипаттамасы. ТҚК және жөндеу кезінде 
көлік техникасына еңбек нысаны ретінде қарау. Технологиялық процесс
түсінігі.
16 Өндірістік 
бағдарлама. 
Жұмыстың 
жалпы 
сипаттамасы. 
Технологиялық қызмет көрсетудің технологиялық процесін ұйымдастыру. 
Қосын жұмысы мен орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру.
17 Қызмет көрсету құралының еңбек өнімділігі мен өткізу 
қабілеттілігін қалыптастыру заңдылықтары.
18 Қызмет көрсету құралына жаппай қызмет көрсету жүйесінің 
элементі ретінде қарау. Құралдардың жіктемесі және олардың тиімділігінің 
көрсеткіштері.
19 Қызмет көрсету құралының тиімділік көрсеткішіне ықпал ететін 
факторлар 
және 
өндірісті 
қарқындату 
әдісі. 
Өндіріс 
процесін 
механикаландыру, 
автоматтандыру 
және 
роботтандыру 
процестерін 
қарқындату әдісі ретінде қарау. 
20 Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және 
жөндеуді ұйымдастыру. Технологиялық жабдықты жіктеу.
21 Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу 
жүйесі, жүйені құру және жұмысын ұйымдастыру.
22 Көлік техникасы инженерлік-техникалық қызметінің құрылымы 
мен ресурсы. Инженерлік-техникалық қызметтің негізгі міндеттері.
23 Көлік техникасы инженерлік-техникалық қызметтің құрылымы мен 
ресурсы. Парк құрылымының қызмет ету мерзімінің техникалық пайдалану 
көрсеткішіне тигізетін әсері. 
24 Инженерлік-техникалық қызметті (ИТҚ) басқаруды ұйымдастыру 
формасы мен әдісі. ИТҚ-тің ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы.
25 Көлік техникасына техниалық қызмет көрсету және оны жөндеу 
ісін ұйымдастыру формасы мен әдісі. 
26 Көлік техникасына ТҚК және оны жөндеу ісін ұйымдастыру және 
басқарудың орталықтандырылған жүйесі.
27 Жұмыс қабілетін қолдау жүйесін жоспарлау және есепке алу. 
Есепке алудың нысандары мен әдістері. 
28 Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу 
сапасын басқару. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Көлік саласындағы 
жұмыстың сапасын басқару.
29 Көлік техникасын техникалық пайдалану тиімділігін бағалаудың 
кешендік көрсеткіштері. Көлік техникасының күйі мен көлік техникасын 
техникалық пайдаланудың тиімділік көрсеткішін сандық бағалау.
30 Көлік техникасының техникалық даярлық коэффициенті мен оның 
сенімділік көрсеткші арасындағы байланыс.



5.3 «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» 
1 Автокөлік 
техникасына 
арналған 
жылу 
энергетикалық 
қондырғыларының теориялық циклдарын ұйымдастыру ерекшеліктері және 
жіктемесі (ІЖҚ циклдары). 
2 Автокөлік 
техникасына 
арналған 
жылу 
энергетикалық 
қондырғыларының нақты циклдарын ұйымдастыру ерекшеліктері және 
жіктемесі (2, 4 тактілі циклдар). 
3 Отынды беру және қоспа жасау тәсілдері бойынша жылу 
энергетикалық қондырғыларының циклдарын ұйымдастыру ерекшеліктері 
және жіктемесі. 

Автокөлік 
техникасына 
арналған 
піспекті 
энергетикалық 
қондырғылардың құрылымдық және кинематикалық сұлбалары (қатарлы, бір 
және көп піспекті және т.с.с.). 
5 Ауамен қамту және пайдаланылған газдарды шығару тәсілі бойынша 
жылу энергетикалық қондырғыларының жұмыс циклдерін ұйымдастыру 
ерекшеліктері және жіктемесі.
6 Отын түрлері, олардың физика-химиялық және энергетикалық 
сипаттамалары. 
Нақты 
жағдайда 
отын-ауа 
қоспасының 
жануының 
термохимиялық есебі және қоспа жасау негіздері. Отынның асқын 
коэффициенті және жану өнімдерінің құрамы. 
7 Пайдаланылған газдың құрамындағы уытты компоненттердің құрамы 
мен жіктемесі. Пайдаланылған газ құрамындағы және шығару жүйелеріндегі 
уытты компоненттердің концентрациясын төмендету және оларды зиянсыз 
ету тәсілдері. 
8 Піспекті іштен жану қозғалтқышының негізгі құрылымдық және 
геометриялық ұғымдары, анықтамалар. Нақты қозғалтқыштың циклы, 
ырғағы, газ алмасу фазалары. ІЖҚ жұмыс циклінің индикаторлық 
диаграммасы және нақты қозғалтқыштың газ алмасу фазалары. 
9 Ауамен қамту жүйесінің типтік сұлбалары және негізгі элементтері. 
Жұмыс денесінің енгізу соңындағы күйінің параметрлері. Цилиндрді толтыру 
коэффициенті. Жұмыс қоспасының құрамындағы қалдық газдардың 
коэффициенті. 
10 Қозғалтқыштың толтыру коэффициенті мен қуат параметрлеріне 
құрылымдық, режимдік және сыртқы факторлардың әсер етуін талдау. 
11 Сығу процесінің мақсаты мен сипаттамасы (сығу процесінің 
көрсеткіші, нақты жағдайда автомобиль қозғалтқыштары үшін өзгеру 
шектері). 
12 От алу сипаттамасы және жеңіл отын негізінде отын-ауа жұмыс 
қоспасының 
жану 
процесінің 
ерекшеліктері 
(электр 
ұшқынының 
энергиясының импульсынан тұтанатын қозғалтқыштар). 
13 Ауыр отын негізінде жұмыс істейтін қозғалтқыштардың от алу 
сипаттамасы 
және 
жану 
процесінің 
ерекшеліктері 
(дизельді 
қозғалтқыштардың от алуы және жану процесі). 


10
14 Жеңіл отынның автомобильдің энергетикалық қондырғыларындағы 
жану процесіне құрылымдық және режимдік факторлардың әсер етуін талдау 
(сығу дәрежесі, жану камерасының нысаны мен құрылымы, жұмыс режимі, 
геометриялық өлшемдері, отын беру және қоспа жасау әдістері). 
15 Автомобильдің дизельді энергетикалық қондырғыларындағы жану 
процесіне құрылымдық және режимдік факторлардың әсер етуін талдау 
(сығу дәрежесі, жану камерасының нысаны мен құрылымы, жұмыс режимі, 
геометриялық өлшемдері, отын беру және қоспа жасау әдістері).
16 Индикаторлық және тиімді көрсеткіштер. Олардың физикалық мәні. 
Механикалық жоғалтулар (олардың құрамы). Механикалық ПӘК. 
17 ІЖҚ жұмыс циклының жылулық балансы. Жылулық балансының 
құрауыштары. Жылулық балансының құрауыштарының өзгеру шектері 
(пайызбен).
18 
Автомобильдік 
энергетикалық 
қондырғылардың 
жалпы 
сипаттамалары. Түрлері, анықтамалары және өткізу шарттары. 
19 Бензинді қозғалтқыштың айналу жиілігінің өзгеруі барысында 
автомобильдің піспекті энергетикалық қондырғыларының қуат және отын-
экономикалық параметрлерінің өзгеруінің жалпы талдауы.
20 Бензинді қозғалтқыштың жұмысының жүктемелік режимінің өзгеруі 
барысында автомобильдің піспекті энергетикалық қондырғыларының қуат 
және отын-экономикалық параметрлерінің өзгеруінің жалпы талдауы. 
21 Автомобильдік энергетикалық қондырғылардың қуатын арттыру 
тәсілдері. Үрмелеу, үрмелеудің сұлбалары. Айналу жиілігі бойынша 
жеделдету. 
22 Піспекті автомобиль қозғалтқыштарының айналшақты-бұлғақты 
механизмінің элементтеріне әсер ететін күштердің жалпы сұлбасы, орны, 
бағыты.
23 Піспекті автомобиль қозғалтқыштарының айналшақты-бұлғақты 
механизмінің элементтеріне әсер ететін газдық, инерциялық, қосынды 
күштердің жалпы сипаттамасы. 
24 Піспекті автомобиль қозғалтқыштарының айналшақ механизмнің 
элементтеріне әсер ететін тангенциалды күштердің жалпы сипаттамасы.
25 Сынаудың мақсаттары мен түрлері. Стендтік және жүріс сынаулары. 
Сынауды өткізу шарттары. 
26 Қуат және отын-экономикалық көрсеткіштерге стендтік сынау 
жүргізуге арналған әдістер, шарттар, жабдықтар мен аспаптар.
27 Автомобильдік энергетикалық қондырғылардың агрегаттарын, 
түйіндерін және бөлшектерін сенімділікке стендтік сынау жүргізуге арналған 
әдістер, шарттар, жабдықтар мен аспаптар.
28 Автомобильдік энергетикалық қондырғыларды экологиялық 
қауіпсіздікке стендтік сынау жүргізуге арналған әдістер, шарттар, жабдықтар 
мен аспаптар.
29 Сынау нәтижелерін тіркеу және өңдеу әдістемесі. Сынау 
нәтижелерін өңдеу кезінде ақпараттық және есептеу техникаларын қолдану.


11
30 Стендтік және жүріс сынақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік 
техникасының негіздері. 
6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
4 және 100 балдық баға шәкілі бойынша бағаны ауыстыру жүйесі 
100 балдық баға бойынша шәкіл 
балдары 
4 балдық баға бойынша шәкіл 
балдары 
95-100 
Үздік (5) 
90-94 
85-89 
Жақсы (4) 
80-84 
75-79 
70-74 
Қанағаттанарлық (3) 
65-69 
60-64 
55-59 
50-54 
0-49 
Қанағаттанарлықсыз (2) 
7 ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
7.1 «Машина бөлшектері» пәні бойынша 
1 Иванов М.Н., Финогенов В.А. Детали машин.– М.:Высшая школа, 
2005, 408с.
2 Ковчегин Д.А., Петракова Д.А. Детали машин и основы 
конструирования: справочник.- М.:МГИУ, 2007, 127 с.
3 Андросов А.А. и др. Расчет и проектирование деталей машин:– 
Ростов-на-Дону: Феникс, 2006, 286 с.
4 Дунаев П. Ф., Леликов П.Ф. Конструирование узлов и деталей 
машин: учеб. пособие.- М.: Академия, 2003, 496 c.
5 Тимофеев С.И. Детали машин.– Ростов-на-Дону: Феникс, 2005, 410 
с. 
6 Скойбеда А.Т., Кузьмин А.В., Макейчик Н.Н. Детали машин и 
основы конструирования: учебник.- Минск: Вышэйш. шк., 2006, 560 с. 


12
7.2 «Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері» пәні бо йынша 
1 Малкин 
В. 
С. 
Техническая 
эксплуатация 
автомобилей: 
Теоретические и практические аспекты: учеб. пособие для студ. вузов, 
обучающихся по спец. "Автомобили и автомобильное хозяйство" 
направления 
подготовки 
"Эксплуатация 
наземного 
транспорта 
и 
транспортного оборудования" / В. С. Малкин. – 2-е изд., стер. – Москва: 
Академия, 2009. – 288 с. – (Высшее профессиональное образование). 
2 Аринин И. Н. Техническая эксплуатация автомобилей. Управление 
технической готовностью подвижного состава : учеб. пособие для студ. вузов 
по спец. "Автомоб. и автомоб. хоз-во" / И. Н. Аринин, С. И. Коновалов, Ю. В. 
Баженов. – 2-е изд. – Ростов н/Д : Феникс, 2007. – 314 с. – (Высшее 
образование). 
3 Техническая эксплуатация автомобилей /Под ред. Кузнецова Е. 3-е 
изд. – М.: Транспорт, 1991. – 413 с. 
4 Кузнецов 
Е.С. 
Управление 
технической 
эксплуатацией 
автомобилей. – М.: Транспорт, 1990. – 272 с. 
5 Сарбаев В. И. Техническая эксплуатация автотранспортных 
средств. Выбор стратегии в организации и управлении : учеб. пособие [для 
студ. вузов и сред. учеб. заведений, обучающихся по спец. "Автомобили и 
автомобильное хозяйство"] / В. И. Сарбаев, В. В. Тарасов ; под ред. В. В. 
Тарасова; М-во образования Рос. Федерации, Моск. гос. индустр. ун-т . – 
Москва : МГИУ, 2004. – 192 с. 
6 Савостенко В.В. Теоретические основы технической эксплуатации 
автомобилей. Учебник пособие. - Усть-Каменогорск: ВКТУ, 1999. - 259 с. 
7 Киселенко, 
А. 
Н. 
Управление 
техническим 
состоянием 
автотранспортных средств в регионе / А. Н. Киселенко, П. А. Малащук; отв. 
ред. А. А. Лопарев; Коми НЦ УрО РАН, Ин-т биологии. – Сыктывкар : [б. и.], 
2010. – 128 с. 
7.3 «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәні 
бойынша 
1 Двигатели внутреннего сгорания. В 3-х кн. Кн1,.Учебник / В.Н. 
Луканин и др./ под редакцией В. Н. Луканина, М.П. Шатрова.- 2-е издание.—
М.: Высшая школа. 2005. – 479с
2 Архангельский В.М. и др. Автомобильные двигатели под ред. проф. 
Ховаха М.С./.– М.: Машиностроение, 1977 – 557 с.
3 Колчин А.И., Демидов В.П. Расчет автомобильных и тракторных 
двигателей. – М.: Высшая школа, 2003. – 496 с. 
4 Егоров А. А. Краткий анализ рабочего цикла и характеристики 
двигателей внутреннего сгорания. Учебное пособие. ВКГТУ , 2001.- 206с. 
5 Егоров А.А. Процесс сгорания в двигателях с искровым зажиганием. – 
Усть-Каменогорск.: ВКГТУ им. Серикбаева, 2006. – 206с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет