Бағдарламасы алматы, 020 мазмұны түсіндірме хат 2



бет1/8
Дата23.11.2022
өлшемі56.36 Kb.
#465604
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
3348958973var 897


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

СУ, ЖЕР және ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ


8D07308-«Жерге орналастыру» мамандығы бойынша
кешенді емтихан
БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2020




МАЗМҰНЫ

1

Түсіндірме хат

4

2

«Ғылыми зерттеу әдіснамасы» пәні және дайындалуға арналған сұрақтар

5

3

«Зерттеу және іздестіру жұмыстарының мониторингі және бақылау» пәні және дайындалуға арналған сұрақтар

6

4

«Жобалау-зерттеуші жұмыстардың өндірісін ұйымдастыру» пәні және дайындалуға арналған сұрақтар

8

5

«Жер пайдалану және қорғаудың экономикалық механизмі» пәні және дайындалуға арналған сұрақтар

10











Түсіндерме хат


«Ғылыми зерттеу әдіснамасы», «Зерттеу және іздестіру жұмыстарының мониторингі және бақылау», «Жобалау-зерттеуші жұмыстардың өндірісін ұйымдастыру», «Жер пайдалану және қорғаудың экономикалық механизмі» пәндерді меңгеру мақсаты жерге орналастыру саласында пайдаланылатын шеберлік бөлігінде ғылыми білімді, қабілеттерді және дағдыларды үйрену: жоспарлау, әзірлеу,
ғылыми зерттеу процестерін іске асыру және түзету, жердің сапалық жағдайын зерттеу, жерді пайдалану және қорғау саласындағы экономикалық механизмін құрылымын білу (жерді пайдалану және қорғауды қамтамасыз ететін қаржылық базасы, жер құқықтарына және оның түрлеріне субъектілерінің экономикалық ынталандыру: бюджеттік дотация және субвенция, салықтық және несиелік жеңілдіктер), жерді пайдалану мен қорғау саласындағы экономикалық реттеу әдістері (жерді пайдалану және қорғау болжамдары негізінде әлеуметтік-экономикалық даму мемлекеттік болжамдарын әзірлеу; осы саладағы мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды әзірлеу; жер қорғау жөніндегі шаралар жүргізу;
жер ресурстарына және т. б. кері әсерін тигізу үшін төлемақы белгілеу), учаскелер арасындағы шекара белгілеу және объектіні анықтау, кеңістікте учаскенің нақты анықтауға заманауи қондырғыларды қолдану, өңдеуге, нақтылауға және алынған деректерді қызметтермен келісуге, қағаз және электрондық түрде картасын шығаруға. Тағы бір мақсаты жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру іргелі білім түйіскен жерде фундаменталдық білім алу, жоғары оқу орындарында ғылыми, ҒЗЖ орындау және ұйымдастыру дағдыларын жүзеге асыратын практикалық және педагогикалық қызметін атқаруға кадрлар даярлауды.
Докторантурада "Жерге орналастыру" мамандығы бойынша жердің жай-күйін және оларды қорғауды зерттеуді тереңдетілген теориялық дайындығын қамтиды, ауылшаруашылық өндірісін жүзеге асыру үшін азаматтар мен мемлекеттік тұлғалар жер учаскелерін ұтымды пайдалануды ұйымдастыруды, жерге орналастыру объектілері бөліктерінің жер учаскелерін пайдалануы шектелген шекарасын өзгерту беру және алып қою.
" Жерге орналастыру "мамандығы PhD докторы оқыту процесіндегі міндетті :
білуге: жаратылыстану ғылымдарының (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндік, дүниетанымдық және әдіснамалық ерекшелігін; жерге орналастыру жүйесінде теориялық және тәжірибелік талдамалар; жерге орналастырудағы қазақстандық және әлемдік ғылымның ғылыми тұжырымдамаларды; практикалық қызметіне ғылыми әзірлеу механизімін енгізуді; жер және басқа да табиғи ресурстар; жер қорын санаттарын; әкімшілік аумақтарының құрылымдарын; аумақтық аймағы; аумақтарды ерекше шарттармен пайдалануды; нысаналы мақсаттағы жер учаскелеріне және жер пайдалануды;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет