Қ азақстан республикасының ауыл шаруашылық министрлігі



бет1/12
Дата03.10.2023
өлшемі1.28 Mb.
#479634
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Курсавой екпе


Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті

«Агротехнологиялық» институты


«Орман,жер,су ресурстарын басқару»
жоғары мектебі

6В08300-«Орман р және орман шаруашылығы мамандығы бойынша өндірістік тәжірибе»


КУРСТЫҚ ЖОБА
Тақырып: «Қостанай облысы жағдайында орман питомнигын жобалау»
Орындаған: ЛР-21топ студенті Тағайбекова Н.Т.
Тексерген: о.Сатаев А.

ОРАЛ, 2022 жыл


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ


I.Жалпы бөлім
1.1.Қарағанды облысының географиясы............................................. 4
1.2.Экология,эканомикасы....................................................................6
1.3.Орман қоры.......................................................................................8
1.4.Климаты...........................................................................................11
1.5.Рельеф..............................................................................................14
1.6.Гидрологиясы..................................................................................14
1.7.Топырақ...........................................................................................16
1.8.Флора.Фауна....................................................................................17
II.Негізгі бөлім
Қорытынды............................................................................................23
Пайдаланылған әдебиет.......................................................................24

КІРІСПЕ
Питомник– 1) өсімдіктердің екпе көшеті мен тікпе көшетін, сонымен қатар жануарлардың жаңа түрлерін шығарумен айналысатын шаруашылық; 2) ғыл.-зерт. немесе тәжірибе мекемесіндегі а.ш. өсімдіктерін өсіруге, көбейтуге арналғантелім. Көшеттік, екпелі көшеттік, жемістік, сәндік, ағаштық, бұталық және орман Питомнигі болып бөлінеді. Мұндағы іріктеу жұмыстары тұқым дайындаудан бастап, бір немесе екі жылдық тікпе көшеттер өсіріп шығарғанша жүргізіледі. Ормандық және орман мелиоративтік Питомниктерінде орманға егілетін 1 — 2 жылдық көшеттер, көгалдандыру және жидек Питомнигінде негізінде елді мекендерге отырғызылатын көшеттер өсіріледі.
Питомниктерде топырақ құрғату, жер суару, тыңайтқыш қолдану, машина пайдалану жұмыстары жүргізіледі, арнайы құрылыстар салынады. Ауа-райы жағдайына, топыраққа, өсірілетін көшеттердің түріне байланысты көп танапты ауыспалы егіс жүйесі қолданылады. Питомниктерде өскен көшеттерді 2-, 3-, 4-жылы күзде немесе ерте көктемде машинамен қазып алып, көшет отырғызатын жерлерге жібереді. Питомниктің тез және жай өсетін ағаш, бұта түрлерін тұқымынан себетін және қалемшелермен көбейтетін, телу жұмыстарын жүргізетін, жеміс-жидек көшеттерін, шекілдеуікті және сүйек жемісті ағаш түрлерін, тех. құнды, әсемдік үшін ағаш, бұта түрлерін өсіретін бөлімдері болады, ал дендрологиялық бөлімінде құнды, сирек кездесетін ағаш, бұта түрлеріне бақылау жүргізіледі. Мал бағу, күзетуге арналған иттерді, кеден жұмыстары үшін иісшіл иттерді баулуға арналған арнайы ит Питомнигі Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 – 9000С-қа жетеді, жалын 0,5 – 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25 – 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар (диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 – 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады. Қазақстанда Ертіс және Обь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер – өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 – 2 м етіп жыртады). Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет