БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Аударма теориясы мен практикасы» пәні



Дата27.06.2016
өлшемі261.96 Kb.
#160460
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі


«6M020700- АУДАРМА ICI»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012


Емтихан тақырыптарының тізімі
«Аударма теориясы мен практикасы » пәні

1. Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері.

«Аударма теориясы» түсінігінің анықтамасы. Аударма теориясының міндеті. Зерттеу әдістері. «Аударыла алмау теориясының» дәлсіздігі. Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма. Берілетін және қабылданатын хабардың коммуникативтік барабарлығы. «Тіл делдалдығының» түсінігі. Тіл делдалдығының түрі ретіндегі аударма. Аударманың коммуникативтік сызбасы. Аудармашы қызметінің объективті-субъективті жағы. Бейімделмелі транскодтаудың түрлері.



2. Аудармалық сәйкестіктер.

Аудармалық сәйкестіктердің түсінігі. Әр деңгейлі БТ бірліктеріне қатысты аударманың сәйкестігі. Сәйкестіктерді сыныптау ұстанымдары. Жеке және көптік сәйкестіктер. Мәнмәтіннің ұғымы мен түрлері. Мәмәтіндегі сөздің мағынасын айқындау. Аудармадағы сәйкестікті таңдау. Тосын сәйкестіктің түсінігі. Баламасыз лексикалық және грамматикалық бірліктер. Фразеологиялық және грамматикалық сәйкестіктерді сипаттаудың қағидаттары.



3. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері.

Аударманың жанрлық-стилистикалық түршелерін сипаттаудың қағидаттары. Ғылыми-техникалық материалдардың лексикалық ерекшеліктері. Ғылыми-техникалық материалдардың грамматикалық ерекшеліктері. Орыс тіліндегі ғылыми-техникалық материалдардың лексикалық-грамматикалық ерекшеліктері.



4. Аударма техникасы.

Аудармалық трансформацияның түсінігі. Транскрипция мен транслитерация. Калькалау. Лексикалық-семантикалық ауыстыру. Синтаксистік үйлесім. Сөйлемдерді бөлшектеу және біріктіру. Грамматикалық ауыстыру. Антонимдік аударма. Экспликация. Компенсация. Эвристикалық үдеріс ретіндегі аударма. Аударма үдерісінің ең кем бірлігінің түсінігі. Аударма барысының сатылары. Сөздікпен жұмыс істеу техникасы. Аударма барысындағы барынша төмен шығындарды іздеу.

Аударма стратегиясының ұстанымы. Аударманың техникалық амалдары.

5.Ғылыми пән ретіндегі аударманың теориясы

Аударманың лингвистикалық теориясының мәні, нысаны және міндеттері. Аударма теориясының басқа да лингвистикалық пәндермен байланысы. Аударма теориясы және мәтіннің лингвистикасы.



6. Аударманың түрлері.

Семасиологиялық байланыс түрлерінің тұрғысындағы аударма түрлерінің сыныптамасы. Көркем аударма. Ғылыми-техникалық аударма. Қоғами-саяси аударма. Ауызша және жазбаша аударманың түрлері. Аударма үдерісінің мазмұны мен кезеңдері.



7. Қысқарған сөздерді аудару.

Аббревиатуралар мен қысқарған сөздерді аударудың ерекшеліктері. Қысқарған сөздердің сыныптауышы. Аббревиатуралар мен қысқарған сөздерді аударудың қиындықтары.



8. Аудармалық сәйкестіктер.

Аудармалық сәйкестіктердің түсінігі. Сәйкестіктердің сыныптауышы. Әр деңгейлі БТ қатысты аударманың сәйкестігі.



9. Аударманы сипаттау тәсілдері.

Ахуалды-денотативтік үлгісі. Аударманың трансформациялық үлгісі. Аударманың семантикалық үлгісі. Аударманың интерпретативтік үлгісі. Аударманың инварианты.



10. Аударма техникасы

Аударма барысының сатылары. Сөздікпен жұмыс істеу техникасы. Аудармашының стратегиясы. Аударманың техникалық амалдары.

11.Синхрондық аударма.

Қазіргі аударма теориясының теориясы, оның түрлері мен тәсілдері. Синхрондық аударманың артықшылығы мен қиыншылығы, оның түр-түрі. Көру қабілетіне сүйеніп және оған сүйенбей-ақ синхрондық аудармаға үйрету. Синхрондық аударма барысында ықтималдықпен болжам жасау.



12. Көркем аударма.

Жазбаша аударманың түсінігі мен түр-түрі, оның негізгі сатылары мен арналымы, іске асырылуының ерекшеліктері. Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігі және сондағы ақпаратты рәсімдеу құралдары. Поэзияны аударға кезде туындап жататын мәселелер.



13. Аударманың баламалылығы

Аударманың баламалылығын анықтаудың тәсілдемесі. Аударманың өзіндік ерекшелігі, өзіндік белгілері мен түрлері. В.Н. Комисаровтың баламалылық деңгейлерінің теориясы. Коммуникацияның мақсаты, жағдайды сипаттау, сөз сөйлеу, хабарлау, тілдік таңба деңгейіндегі баламалылық.



14. Аударманың мәселелері
Аударманың тілі мен нормасының түсінігі. Аудармашының жоғары сапалы аудармасын қамсыздандыру. Аударманың семантикалық мәселелері. «Классикалық» грамматикалық санаттарды грамматикалаудағы тіларалық қайшылықтар. Тақпақтарды аударған кездегі семантикалық мәселелер.

15. Аударма теориясының заманауи үлгілері
Қазіргі кездегі кеңінен тараған келесі аударма үлгілерінің мәндік сипаттамасы: ахуалды-денотативтік, трансформациялық, семантикалық, интерпретативтік. Баламалылық деңгейлерінің теориясы мен О. Каденің үшфазалы аударма үлгісі. Аудару тәсілдері мен амалдары.

16. Мәтінді аударар алдында талдау.

Аударма стратегиясын таңдауға, мәтіндегі жанрдың тиетін ықпалын анықтау. Аудармаға дейінгі талдаудың мәні. Аударманың баламалылығы мен оның интерпретациясы. Ұлттық және тарихи колорит. Тілдік реалияларды аудару. Аударма стратегияларының негізгі сатылары.


«Мәдениетаралық коммуникация практикумы » пәні

17. Мәдениетаралық коммуникацияның қалыптасуы, дамуы.

МК қалыптасуының тарихи факторлары мен жағдайлары. Еуропада, АҚШта МКның даму кезеңдері.



18. Мәдениет және әлемнің мәдени алуантүрлігі

Мәдениет ұғымы және оған анықтама берудің методологиялық жолдары.

Әлеуметтену (социализация), инкультурация түрлері мен формалары.Этноцетризм, мәдени релятивизм. Эмпатия. Мәдениет және тіл. Мәдениет және құндылықтар. Сепфир Уорф гипотезасы.

19. Мәдени сәйкестік.

Мәдени сәйкестік дегеніміз не. Мәдениеттер алуантүрлілігінің объективті негіздемесі. «Бөгде» мәдениет проблемасы. Мәдениеатаралық өзгешеліктер психологиясы.



20. Мәдениет және коммуникация

«Араласу» және «коммуникация» . Коммуникативті акт және оның құрылымы.Э.Холл, Г.Хофштеде,Э.Хирш теориялары.

Мәдениетаралық коммуникацияның детерминаттары.

21. Мәдениетті игеру.

Аккультурация, түрлері және нәтижесі.Мәдени шок: себебі, факторлары.Мәдени шоктың белгілері және

оны еңсеру мәселесі

«Бөгде мәдениетті» игеру механизмі .



22. Мәдениаралық коммуникацияның түрлері.

Вербалды, вербалды емес, паравербалды коммуникация түрлері. Вербалды коммуникацияның стильдері мен негізгі бірліктері. «вербалды емес коммуникация» деген түсініктің мәні.

Паравербалды коммуникация ұғымының мәні мен тәсілдері.

23. Мәдениаралық коммуникациядағы түсіністік проблемасы.

Қабылдау процессі және негізгі детерминаттары. Мәдениет және қабылдау. МК-дағы қабылдау стереотиптері. МК-дағы тұлғаралық аттракция, оның негізгі элементтері.Атрибуция және оның МКдағы ролі. Мәдениаралық қақтығыстардың табиғаты, себебтері және оларды болдырмау тәсілдері.



24. Мәдениет және коммуникация

«Араласу» және «коммуникация» . Коммуникативті акт және оның құрылымы.Э.Холл, Г.Хофштеде,Э.Хирш теориялары.

Мәдениетаралық коммуникацияның детерминаттары.

25.Мәдениетті игеру.

Аккультурация, түрлері және нәтижесі.Мәдени шок: себебі, факторлары.Мәдени шоктың белгілері және

оны еңсеру мәселесі

«Бөгде мәдениетті» игеру механизмі .



26. Тіл және мәдениетаралық коммуникация.

Тіл және таңба жүйесі. Тіл бірліктері. Сөз қоры. Тіл нормасы.

Коммуникацияның ерекше түрі ретіндегі аударма.

27. Адам туралы ғылым жүйесіндегі мәдениетаралық коммуникацияның теориясы.

Мәдениетаралық коммуникация теориясының лингвистикалық, психологиялық, психолингвистикалық, семиотикалық, семио-әлеуметтік-психологиялық құрамы.



28. Коммуникация түрлері.

Ауызша, ауызша емес, жеке тұлға аралық, жекеленген, жаппай, жариялы.



29. Когнитологиядағы мәтіндік қызметті қабылдау және түсіну үдерісі.

«Фондық білім», «фрейм», «сценарий» ұғымдары. Лакун теориясы, дискурс теориясы.



30. Тілдік тұлғаның құрылымы.

Ауызша-семантикалық, тезаурустық (тезаурус-I, тезаурус- II), уәждемелік деңгейлері. Семиотикалық жүйе ретіндегі тіл және мәдениет. Мәдениеттің дефинициялары. Мәдениет туралы ғылымдар.



31. Мәдениетті қалыптастыратын үдерістер.

Индивидтің қоғамдық дамуы, коммуникативтік-танымдық, материалды- тәжірибелік қызметі. Коммуникативтік-танымдық және сөйлеу-ойлау қызметінің әмбебап онтологиялық нышандары. Мәдениеттегі рухани объективация.



32. Мәдениеттің құрылымдық нышандары.

Ұлттық мінез, қоршаған әлемді түйсіну, ойлау, тіл, уақыт пен кеңістік санаттары, құндылық бағдары, түсінік пен нұсқама,

мінез-құлық үлгісі – әдет-ғұрып, нормалар, рөлдер, әлеуметтік топтар, қарым-қатынас.
«Базалық шет (шығыс) тілі» пәні

Араб тілі

33. Негіз, база, түбір. Түбір типтері.

Араб сөздерін морфологиялық тұрғыдан талдауда «түбір» терминімен танысуға тура келеді. Бұл термин қандай мазмұн қамтиды. Түбір дыбыстары ұғымы. Екі әріпті түбір. Үш әріпті түбір. Төрт әріпті түбір. Бес әріпті түбір. Дұрыс және бұрыс түбірлер.



34. Етістікті негіздер. Жалаң негіздер.

Сөз және грамматикалық формалар даму тарихы туралы пайымдар айтуда, тілде бар түрлі негіздер мен базаларды қарастыру және салғастыру маңызды. Етістікті негізді – перфект формасын сипаттау.



35. Ішкі өсіммен кеңейген негіздер.

Ішкі түбір дыбыстың геминациясы. Интенсивті негіз. Екінші және үшінші түбір дыбыстарының редупликациясы.



36. Есімді негіздер.

Қысқа дауысты бір буынды базалар. Қысқа дауысты екі буынды базалар. Бірінші және екінші буында созылыңқы дауыстысы бар екі буынды базалар. Әлсіз дауыссыздың инфиксациясы. Префиксті есім сөздер.



37. Морфологиялық құралдар және сөздер үлгілері.

Әр сөз формальды құралдар негізінде формула бойынша жасалады, бұл формула бойынша басқа түбірден болған ұқсас сөздер де құрылады. Сөз жасаудағы формальды құралдар.



38. Полярлылық қағидасы. Грамматикалық тек, түр және есімді топтар.

Семит тілдерінде полярлылық құбылысы әрдәйім таза күйінде болмайды. Белгілі грамматикалық элементтер қарама-қарсы категорияны белгілеуде орын ауыстырады. ة (та-марбутаға) аяқталса да, аталық текті білдіретін есім сөздер. Белгілілік артиклінің шығу тегі.



39. Етістік баптары және олардың мәндері. Етістіктің жіктелуі.

Араб етістігі біртұтас жүйе болып табылады. Бұл оның морфологиялық категориялар жиынтығында, әсіресе мәндерінде көрінеді. I бап. II бап. III бап. IV бап. V бап. VI бап. VII бап. VIII бап. IX бап. X бап.



40. Шақ функциясы.

Атқарылмаған шақ райлары. Араб етістігі морфологиялық тұрғыдан екі шаққа ие. Араб етістігінде жіктеу формаларының екі сериясы бар - префиксті және суффиксті. Атқарылған және атқарылмаған шақ мәндері. Имперфектегі етістік соңғы дауыстының флексиясына байланысты үш модификацияға ие. Ашық рай. Қалау рай. Шартты рай. Бұйрық рай.



41. Ырықсыз етіс.

Араб тілінде ырықсыз етіс, ең алдымен морфологиялық категория болып табылады. Бұл етіс негізгі етіс сияқты екі шақта болады – перфект және имперфект, бірақ императив формасы жоқ.



42. Есімшелер және қимыл есімі.

Араб грамматикасында есімшелер деп етістіктен туындаған есімнің екі категориясын атайды: негізгі етіс есімшесі. Ырықсыз етіс есімшесі. Қимыл есімі араб тілінде қимылдың абстрактылы атауын немесе ахуалын білдіреді. Масдар. Қимыл есімнің қолданысы.



43.Бұрыс етістіктер классификациясы.

Етістік классификациясы түбір классификациясына ұқсас. Етістіктер: Қосарланған. Хамзалы. Әлсіз етістіктер. Дұрыс етістіктерге ұқсас етістіктер Бос етістіктер. Нақыс етістіктер. Екі есе бұрыс етістіктер.



44. Есім сөздер классификациясы. Етістіктен туындаған есім сөздер.

Жалаң түбірден туындаған есім сөздер. Морфологиялық тәсілдер арқылы етістіктерден туындаған есім сөздер. Араб грамматистерінің классификациясы бойынша: «айқын есім сөз», «ой тасасындағы жобаланған есім сөз», «нақтыланбаған, күңгірт мәндегі есім сөз». Есім сөз (маусуфун). Сын есім (сифатун). Жалғыздылықты білдіретін есім сөз. Қимыл мәнерін білдіретін есім сөз. Мезгіл және мекен қимылы есім сөзі. Құрал-сайман есім сөзі. Жалқылық есім сөз. Қатыстық есім сөз. Кішірейтпе есім сөз.



45. Сапалық сын есім.

Сын есімдер етістіктен туындап, әрекет етуші есім (исм фа”ил), әрекетке түсуші есім(исм маф”ул), өз мәніндегі етістіктен туындаған есім болып бөлінеді. Қатыстық сын есім. Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай. Асырмалы шырай.



46. Грамматикалық тек. Түр.

Аналық текті есім сөздер: мәні жағынан, форма жағынан. Ортақ текті есімдер. Аналық тек формаларының жасалуы. Екілік түр. Көптік түр. Дұрыс және бұрыс көптік түрлер. Бұрыс көптікте түрленетін есім сөздер.



47. Септеулер және олардың қызметтері. Сан есім.

Екі септікте септелетін есім сөздер. Үш септікте септелетін есім сөздер. Аралас септелетін есім сөздер. Септіктер қызметтері. Қабысу. Формальды қабысу. Қабысудың ерекше түрлері. Есептік сан есім. Реттік сан есім. Еселі сан есім. Бөлшек сан есімдер.



48. Есімдік. Қызметші сөздер. Жіктік есімдіктер: бөлек және бірігіп жазылатын есімдіктер. Сілтеу есімдіктері. Сұрау есімдіктері. Қатыстық есімдіктері. Бірігіп жазылатын демеулік шылаулар. Бөлек жазылатын септеуліктер. Септеулікке айналған көмекші сөздер. Үстеу. Қаратпа сөздер.

49. Етістікті сөз тіркесі. Есімді сөз тіркесі. Есім сөздің етістікке бағынуы. Есімнің етістікке тура бағынуы. Есім сөзді етістік арқылы меңгеру. Болу етістіктері. Пайым етістіктері. Бастау етістіктері. Жақындық етістіктері.

50. Есім сөздер қиысуы. Атрибутивті сөз тіркесі. Аппозитивті сөз тіркесі. Жіктік есімдікпен болған аппозитивті сөз тіркесі.
Қытай тілі

34. Нәтижелі етістік

Нәтижелі етістік дегеніміз екі бөліктен тұрады:Етістік (іс-қимылды білдіреді)+нәтиже (сол іс-әрекет немесе нәтижені білдіретін шылау). Нәтижелі етістік ретінде бірбуынды етістік немесе сын есім (бірбуынды/екібуынды) болады. Сөйлем мынандай тәртіппен жасалады: Бастауыш + баяндауыш + жәй толықтауыш



35. Модальді етістік

Модальді етістік іс-әрекетті орындаудағы мүмкіндікті, қалауды білдіреді. Модальді етістікті сөйлемге баяндауыш қызметін атқаратын бір етістік қосылады. Болымсыз түрі不 үстеуімен жасалады. Сұраулы формасы吗 көмекші сөзі арқылы немесе альтернативті сұрақпен жасалады. Альтернитивті сұрақ модальді етістіктің болымды-болымсыз түрде қайталануымен жасалады (是不是).



36. Мөлшер сөз

Қытай тілінде зат есім мен сан есімнің арасында келетін «мөлшер сөз» қолданылады, ол сан есіммен байланысты болады.



37. Жалғаулық (шылау)

Қытай тілінде де жалғаулықтар қолданылады. Олар сабақтастырушы жалғаулықтар және салалас мәнді жалғаулықтар болып бөлінеді. Жалғаулықтардың қолданылу түрлерінде өз ерекшелігі бар.



38. Қытай тіліндегі толықтауыш

Қытай тіліндегі толықтауыш сөйлемде етістіктен кейін келеді, басқа қолданылу түрлері де болады. Толықтауыш әдетте зат есім мен есімдік қызметін атқарады.

39. Етістікті – объектілі құрылым

Етістікті – объектілі құрылым ереже бойынша етістік болып табылады, сонымен қатар екі негізден тұрады: етістікті және атаулы. Етістікті түрі іс-қимылды білдіреді, ал атаулы – осы істің объектісін білдіреді.



40. Қытай тіліндегі мезгіл пысықтауыш

Қытай тілінде мезгілді білдіретін пысықтауыш мынандай жолдармен жасалады: А) күн мен апта күндері Б) сағат, минут, секунд В) сөзбен уақытты білдіретін шақ

42. Қытай тіліндегі мекен пысықтауыш

Қытай тіліндегі мекен пысықтауыш істің мекенін, орнын білідреді және «қайда?», «қай жерде?» деген сұраққа жауап береді.

«қай жерде?» деген сұраққа жауап беретін пысықтауыш статистикалық пысықтауыш болса, «қайда?» деген сұраққа жауап беретін пысықтауыш динамикалық деп аталады.

43. Қытай тіліндегі бағыт-бағдарды білдіретін етістік

Қытай тіліндегі бағыт-бағдарды білдіретін етістікті екі топқа бөлуге болады: жәй және күрделі бағыт-бағдарлы етістік.

44. Қытай тіліндегі іс-қимылдың жалғасуын білдіретін жалғаулық

Қытай тіліндегі іс-қимылдың жалғасуын білдіретін жалғаулық 着 жалғауы арқылы жасалып, нақ осы шақта болып жатқанын білдіреді. Кейде іс-әрекеттің аяқталмағандығын呢 жалғауы арқылы білдіреді.

45. Қытай тіліндегі өткен шақ

Өткен шақ қытай тілінде іс-әрекеттің әлдеқашан орындалғанын білдіреді. 了 жалғауы етістікке жалғанып, іс-әрекеттің өткенін, аяқталғанын білдіреді.

46. Қытай тіліндегі салыстыру деңгейі

Қытай тілінде салыстыру деңгейі жолмен жасалады:

А) көмекші сөзі арқылы Б) толықтауыш арқылы В) жалпы сипаттамасы бойынша Г) нақты сипаттама бойынша



47. Қытай тіліндегі анықтауыш

Қытай тіліндегі анықтауыш заттың сапасын, түр-түсін анықтайды, әртүрлі сөз таптары қызметін атқарады, сөз тіркесі болып та келеді.

48. Қытай тіліндегі нәтижелік толықтырғыш

Қытай тілінде нәтижелік толықтырғыш іс-қимылдың «қалай, қайтіп» аяқталғанын білдіреді. Баяндауыш пен толықтауыш арасына得 көмекші сөзі арқылы жасалады. Болымсыз түрі толықтауыш алдына 不 сөзін қою арқылы жасалады.егер баяндауытан кейін тура толықтауыш келсе, баяндауыш қайталанады, бірінші баяндауыштан кейін тура толықтауыш келеді, екінші баяндауыштан кейін – 得 сөзі қойылып нәтижелі толықтауыш келеді.

49. Қытай тіліндегі (bǎ) сөз алды қосымшасының қолданылуы (bǎ) предлогы етістікті баяндауыш сөйлемде қолданылады. (bǎ) предлогын қолдану кезінде сөйлемдегі іс субъектіден объектіге айналады. Толықтауыш өзгеріске ұшырайды. (bǎ) предлогынсыз жай сөйлемде барлық көңіл істің субъектісіне ауады.

50. Қытай тіліндегі есімдік

Қытай тіліндегі есімдіктердің айырмашылығы олар септелмейді. Есімдік сөйлемде кейде зат есім қызметін атқарады. Қытай тіліндегі одағай сөз

Қытай тілінде әсерленуді немесе шақыруды, жауап беруді білдіретін сөздерді одағай сөз деп атайды. Олар сөйлемнен оқшауланып тұрады. Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.
Корей тілі

34. Зат есім – Тұрақты және тұрақсыз. Зат есімнің септелуі. Зат есімнің көптік жалғауы. Септіктердің жалпы сипаттамасы.

35. Сын есім. Салыстырмалы сын есім. Сын есімдердің салыстыру деңгейі. Сын есімнің зат есімге өзгеруі

36. Сан есім. Сандық және реттік сан есімдер, Уақыты белгілеу, апта атаулары, бөлшекті сан есімдер. Пайыздық белгі

37. Есімдік. Дара, біріккен, салыстырмалы есімдік

38. Етістік. Етістік типтері. Етістіктің жіктелуі. Етістіктің шақ деңгейі.

39. Морфология. Корей тілінің лексикалық құрамының сипаттамасы. Туынды сөзді талдау және туынды сөздің морфологиялық сипаттамсы. Лексикалық тұрақты сөз тіркесі.

40. Грамматикалық бірлік. Морфема. Сөз. Сөйлем.

41. Үстеу. Үстеу сөйлем мүшесі. Сөйлемдегі үстеу.

42. Жалғаулар. Жай және күрделі жалғаулар. Бағыңқы және басыңқы жалғаулар.

43. Шылаулар. Шылаулардың зат есімдік және жалғаулар. Бірге жазылатын шылаулар және бөлек жазылатын шылаулар. Септеулік және жалғаулық шылаулар.

44. Синтаксис. Сөйлем арасындағы синтаксистік байланыс. Жай және күрделі сөйлем. Сөйлем құрылымы. Сөйлем мүшелерінің қызметі. Бағыңқы және басыңқы сөйлемдер.

45. Шақтар. Нақ осы шақ. Өткен шақ. Келер шақ.

46. Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздер және анықтауыш. Еліктеуіш сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығы.

47. Сыпайылық деңгейі. Сөйлеушіге сыпайылық деңгейі. Тыңдаушыға сыпайылық деңгейі. Лексикалық сыпайылық.

48. Сөйлем түрлері. Хабарлы сөйлем. Лепті сөйлем. Сұрайлы сөйлем. Бұйрықты сөйлем. Өздік сөйлем.

49. Болымды және болымсыз сөйлемдер. Болымсыз сөйлем түрлері. Болымсыз үстеу қолданылатын болымсыз сөйлем. Хабарлы және өзгелік сөйлемдердің болымсыз түрі.

50. Сөздердің мағыналық ара-қатынасы. Синоним. Омоним. Антоним.

Парсы тілі

34. Зат есім

Парсы тіліндегі зат есім жайында жалпы мағлұмат. Зат есімнің мәні. Зат есімнің лексика-грамматикалық тобы.



35. Зат есімнің грамматикалық категориясы. Зат есімнің көптік категориясы. Белгісіздік артикль. Зат есімнің қосымша қызметі. Көптік жалғаулары. Парсы тілінің көптік жалғауы. Араб тілінен кірген көптік жалғау.

36. Сын есім

Сын есімнің лексика-грамматикалық топтары. Сапалық жэне қатыстық сын есімдер. Сапалық сын есімнің жасалуы. Қатыстық сын есімнің жасалуы.



37. Сын есімнің шырайлары.

Салыстырмалы жэне асырмалы шырайлардың жасалу жолдары. Араб тілінен кірген сын есімдер.



38. Сан есім

Сан есімдерге жалпы түсінік. Есептік-белгілі сан есім. Есептік-белгісіз сан есім. Реттік сан есім.



39. Араб тілінен кірген реттік сан есім. Бөлшектік сан есім. Жинақтық сан есім. Өлшемдік мағынаны білдіретін сөздер (нумиративтер). Процент.

40. Есімдік. Өздік есімдігі.

Есімдіктердің лексика-грамматикалық топтары. Жіктеу есімдігі. Тәуелді-меншіктік (энклитикалық) жіктеу есімдігі. Жіктеу есімдігінің септелуі, жіктелуі. Өздік есімдігінің мағынасы мен қолданылуы. Белгілі есімдік. Белгісіздік есімдік және оның қолданылуы. Болымсыздық есімдік және оның қолданылуы. Басқа сөз таптарының есімдік мағынасында жұмсалуы.



41. Етістік.

Етістіктердің грамматикалық құрылымдылық түрлері Етістіктердің негіздірі: өткен шақ және осы шақ негізі. Түрлендіруші қосымша. Көмекші етістік. Етістіктердің грамматикалық категориясы. Шақтық категориясы. Етістіктің ырықты жэне ырықсыз етіс. Тұйық етістік. Есімше.



42. Үстеу

Үстеудің мағынасы мен қызметі. Үстеудің құрылымдық түрлері және олардың жасалуы. Фразеологиялық сөз тіркесті үстеулер. Туынды және түбір үстеулері. Үстеудің мағынасына қарай бөлінуі.



43. Септеуліктер

Предлогтардың түрлері. Негізгі және изафетті предлогтар. Жай және күрделі септеуліктер. Табыс септігінің қызметін атқаратын - ра послелогі.



44. Жалғаулықтар

Жалғаулықтардың морфологиялық құрылымы.Жалғаулықтардың грамматикалық мағыналарына қарай түрлері.



45. Демеуліктер. Одағай

Демеуліктердің жасалуына жалпы түсінік. Мағынасына қарай демеуліктері топтастыру.Одағай жайында жалпы түсінік.Одағайдың мағынасына қарай бөлінуі.



46. Синтаксис

Синтаксис жайында жалпы ұғым. Парсы тіліндегі синтаксистің ерекшеліктері. Сөздер мен сөз тіркестерінің синтаксистік байланысы. Сөз тіркестері.



47.Изафеттік сөз тіркестері.

Күрделі сөз тіркестер және сөйлем. Сөйлемдердің мағыналық құрылымы.



48. Сөйлем мүшелері. Синтаксистік фразеологиялық құрылым. Жай сөйлем және оның мүшелері. Сабақтас құрмалас сөйлемдер және оның түрлері.

49 .Сөзжасамның өнімді түрлері:

Зат есімнің жасалуы . Сын есімнің жасалуы.Сан есімнің жасалуы. Есімшенің жасалуы.Етістіктің жасалуы



50.Парсы тілінің фразеологизмі

Фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер. Қанатты сөздер. Фразеологизмдердің ұлттық сипаты.


Түрік тілі

34. Түрік тіл білімінің негізгі мәселелері.

Тіл білімі салалары, түрік тілінің зерттелуі. Фонетикалық, лексикологиялық және грамматикалық заңдылықтар мен ережелер жүйесі.



35. Теориялық грамматика және оның зерттеу нысаны.

Қазіргі түрік тілінің грамматикалық құрылымына тән категориялар, топтары, теориялық тұрғыдан жүйеленуі, ерекшеліктері.



36. Қазіргі түрік тіліндегі сөз таптары мәселесі.

Тіл бірліктері сөз таптарына жіктеу мәселесі. Сөз таптарының сипаты, ерекшеліктері, тұлғалық және семантикалық тұрғыдан жіктелуі, категориялар жүйесі.



37. Түрік тілі фонетикасы; дыбыстар мен буындар төңірегіндегі фонетикалық заңдылықтар, ережелер.

Дауысты және дауыссыз дыбыстар, өзіндік белгі, сипаттарына қарай жіктелуі. Сингармонизм, үндестік заңы және бұл заңдылықтар сақталмайтын тіл бірліктері жайлы мәлімет.



38. Сөз; сөз мағынасы және оның түрлері.

Сөздің лексикалық бірлік ретінде қаралатын бас белгілері, сөз мағынасының құрылымы, сөздердің жалпы мағыналық сипаттары бойынша түрлерге бөлінуі.



39. Қазіргі түрік тіліндегі тұрақты тіркестер және оның түрлері.

Тұрақты тіркес саналатын тіл бірліктерінің басты белгілері, құрылымдық, тұлғалық, семантикалық сипаттарына қарай түрлері.



40. Сөз тіркестері; түрлері, құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері.

Қазіргі түрік тіліндегі еркін сөз тіркестерінің түрлері, тіркес сыңарларының түрлеріне, байланысу үлгілерінің ерекшеліктеріне және мағыналық құрылымына қарай жіктелуі.



41. Сөйлем түрлері; мағыналық, құрылымдық және баяндауыш түріне қарай ерекшеліктері.

Сөйлемнің мағына жағынан болмды, болымсыз, құрылымы жағынан жай, құрмалас және баяндауышына қарай есімді, етістікті болып жіктелуі, ерекшеліктері.



42. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелеріне жалпы сипаттама, оларды сөйлем белгілі бір мүшесі ретінде танудың бас белгілері.



43. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне жалпы сипаттама, олардың тілдегі қызметі, ерекшеліктері.



44. Сөзжасамның аналитикалық /синтаксистік/ тәсілі.

Сөзжасам тәсілдері туралы түсінік. Қазіргі түрік тіліндегі жаңа сөз жасаудың аналитикалық тәсілінің жолдары және күрделі лексикалық бірліктердің түрлері.



45. Сөзжасамның синтетикалық /морфологиялық/ тәсілі.

Қазіргі түрік тіліндегі сөзжасамның синтетикалық тәсілінің сөз таптарына қатысы, сөзжасамдық тұлғалардың түрлері, топтастырылуы.



46. Есім сөздердің сөзжасамы.

Есім сөздердің сөзжасамына тән формалар жүйесі, түрлеріне қарай топтастырылуы және ерекшеліктері.



47. Сын есім шырай түрлері мен қызметі.

Сын есімнің шырай категориясына тән тұлғалар, басты белгілері мен шырай иүрлері.



48. Сын есім және оның мағыналық топтары.

Қазіргі түрік тіліндегі сын есім туралы түсінік, сын есімнің мағыналық топтарын ажырату қағидалары, мағыналық сипатындағы ерекшеліктер.



49. Септеу категорясы және септік жалғау.

Зат есімге тән басты грамматикалық категория саналатын септік жалғау түрлері, тұлғалық және мағыналық жалпы сипаты.



50. Зат есімнің грамматикалық категориялары.

Зат есімнің грамматикалық категорияларына қатысты негізгі мәселелер, олардың тіл жүйесіндегі орны мен қызметі.


Хинди тілі

34. Хинди тіліндегі зат есім

Хинди тіліндегі тек және жақ категориялары. Зат есімнің жасалу жолдары.



35. Хинди тіліндегі сын есім

Сын есімнің жасалу жолдары. Сын есімнің шырайлары. Сын есімнің субстантивті және метафорлы мағынасы.



36. Хинди тіліндегі сан есім

Үнді сан есімінің ерекшеліктері. Есептік сан есім. Реттік сан есім. Жинақтау сан есім. Болжалдық сан есім. Бөлшек. Бөлшекті сан есім. Көптік сан есім. Хинди тіліндегі пайыздық көрсетілім.



37. Хинди тіліндегі етістік

Инфинитив (Етістіктің белгісіздік формасы). Инфинитивті оборот. Хинди тіліндегі етістікті-атаулы синкретизм. Хинди тіліндегі интенсивті етістіктер. Хинди тіліндегі өзгелік етістіктер.



38. Хинди тіліндегі шақ категориясы

Хинди тіліндегі осы шақ. Хинди тіліндегі өткен шақ. Хинди тіліндегі келер шақ.



39. Хинди тіліндегі есімдік

Өздік есімдіктер. Сілтеу есімдіктер. Сұрау есімдіктері. Тәуелділік есімдіктері. Субстантивті есімдік. Адъективті есімдік. Субстантивті-адъективті есімдік.Адвербиалды есімдік. Қайталама есімдік. Есімдіктің эмфатикалық (күшейтпелі) формалары. Есімдікті сөздің өзгеруі.



40. Хинди тіліндегі рай категориясы

Хинди тіліндегі қалау рай. Бұйрық рай. Шартты рай.



41. Хинди тіліндегі етістер

Хинди тіліндегі өздік етіс, жасалуы және қолданысы. Ырықсыз етіс, жасалуы және қолданысы.



42. Хинди тіліндегі есімше

Есімшелердің субстантивациясы (есімшенің зат есімге және сын есімге айналуы). Жай және күрделі есімше. Жасалуы және қолданысы.



43. Хинди тіліндегі көсемше

Хинди тіліндегі көсемшенің жасалуы және қолданысы. Көсемшенің түрлері. Көсемшенің қайталануы.



44. Хинди тіліндегі сөзжасам

Хинди тіліндегі сөзжасамның агглютинация жолы. Хинди тіліндегі сөзжасамның гибридті тәсілі. Калька. Зат есімнің жасалу жолдары. Сын есімнің жасалу жолдары.



45. Хинди тіліндегі үстеу

Үстеудің мағынасына қарай топталуы (қатыстық – мекен, мезгіл, себеп, салдар, анықтауышты – сын-қимыл, мөлшер). Үстеудің құрасына қарай топталуы. Туынды және туынсыз үстеу. Мекен үстеу. Мекен үстеудің қайталануы. Үстеудің эмфатикалық (күшейтпелі) формалары.



46. Хинди тіліндегі сөйлемнің түрлері

Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем. Жай сөйлем. Қатысты, сұраулы сөйлем. Жалаң және жайылма сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем. Хинди тіліндегі басыңқы сөйлем. Хинди тіліндегі бағыныңқы сөйлем. Көп компонентті күрделі сөйлем. Жалғаулықсыз күрделі сөйлем. Күрделі сөйлемдегі етістік шақтары мен райлары.



47. Хинди лексикасының классификациясы.

Лексиканың этимологиясы. Тадбхава, татсама, дешья және видеши сөздер. Хинди лексикасының толығу жолдары.



48. Хинди тіліндегі жалғаулықтар

Жалғаулықтардың морфологиялық құрамы. Жай жалғаулықтар. Қатысты жалғаулықтар: мезгіл, сын-қимылсебеп-салдар және т.б. Күрделі жалғаулықтар. Күрделі жалғаулықтардың жасалуы. Қос жалғаулықтар. Қос жалғаулықтардың жасалу жолдары. Жалғаулықты тіркес.



49. Хинди тіліндегі етістіктің осы шақ түрі.

Аяқталған осы шақ. Аяқталмаған осы шақ. Нақ осы шақ.



50. Хинди тіліндегі етістіктің өткен шақ түрі.

Аяқталмаған өткен шақ. Аяқталған өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ.


Жапон тілі

34. Жапон тіліндегі есептік жұрнақтар.

Өлшем бірліктері (уақыт, температура) болып табылатын жұрнақтық құрылымдар, есептік емес зат есімдермен бірге қолданылатын жұрнақтық құрылымдар, есептік зат есімдермен бірге қолданылатын жұрнақтық құрылымдар.



35. Жапон тілінің ерекшеліктері

Жапон тілінің лексикалық құрамы. 3 жазба түрі. Жапон тілінің сыпайылық санаттары. Жапон буын әліппесі - хирагана және катакана.



36. Жапон жазбасы.

Жапон тілінің жазу жүйесінің шығу тарихы, тарихи дамуы. Жапон тілінің қазіргі жазба жүйесі.



37. Жапон тілінің фонетикасы

Жапон тілінің фонетикалық құрылымы. [а], [и], [у], [э], [о] дауысты дыбыстары. Созылыңқы дауыстылар. Дифтонгтер. Тонизация. Жапон тіліндегі дыбыстарды артикуляциялаудың түрлері мен тәсілдері.



38. Жапон тілінің диалекттері

Тохоку диалекті. Тохоку-бэннің географиялық нышандағы түрлері. Хоккайдо диалекттері. Канто диалекттері.



39. Жапон тіліндегі сан есімдер

Бүтін сандар. Бөлшек сандар. Ондық үтірлі сандар. «Ресми» кандзи. Рэндаку.



40. Жапон тілінің сөйлеу стильдері.

Бейтарап-сыпайы сөйлеу стилі. Әдепті-сыпайы сөйлеу стилі. Қарапайым сөйлеу стилі. Ақпараттық стиль. Әдеби-шығармашылық стиль.



41. Жапон тіліндегі сабақты және салт етістіктер.

Жапон тіліндегі сабақты және салт етістіктердің сыныптамасы мен ерекшеліктері.



42. Жапон тіліндегі сөйлесудің гендерлік айырмашылықтары.

Жапон тіліндегі әйелдердің сөйлесу типінің ерлердің сөйлесу типінен негізгі айырмашылығы. Әйелдердің қолданылатын грамматикалық демеулік шылаулары. Ерлердің қолданылатын грамматикалық демеулік шылаулары.



43. Жапон тіліндегі сәлемдесу әдебі.

Жапондықтардың сөйлеу тәртібінің ұлттық ерекшеліктері. Кешірім сұраудың түрлері мен деңгейлері. Алғыс айтудың түрлері мен деңгейлері. Келісім білдіру. «Автоматты» сыпайылық.



44. Жапон қоғамындағы «учи» және «сото».

Жапон қоғамындағы «учи» және «сото» түсінігі. Жапон қоғамындағы «учи» және «сото» түсініктерінің мағынасы.



45. Жапон тіліндегі сілтеу есімдігі.

Жапон тіліндегі сілтеу есімдіктерінің 4 санаты(こそあど). Жапон тіліндегі заттық-сілтеу есімдіктерін қолдану спецификасы.



46. Жапон тіліндегі жазбаша және ауызша сөз.

Жазбаша жапон тілінің ауызша жапон тіліне қатысты ерекшелігі. Жапон тілінің жазбаша және ауызша сөзіндегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық айырмашылықтары. Айдзучи – жапон диалогының ерекшелігі.



47.Әдеби жапон тілі.

Хёдзюнго деп аталатын әдеби жапон тілінің лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері. Хёдзюнгоның тарихи қалыптасу кезеңдері.

48. Жапондық сөйлеу әдебі.

Жапондықтардың сөйлеу тәртібінің ұлттық ерекшеліктері. Жапондық сөйлеу әдебінің тілдік ерекшеліктері. Жапон қоғамының әлеуметтік қарым-қатынастары мен сөйлеу әдебі.



49. Жапон тіліндегі ықтимал етіс.

Жапон тіліндегі мүмкіндікке қатысты сөз тіркестер. Жапон тіліндегі ықтимал етісті құру.



50. Жапон тіліндегі сыпайы сөйлесу жүйесі.

Жапон тіліндегі сыпайы сөйлесудің негізгі санаттары. Сыпайы сөз. Ізетті сөз, Ибалы сөз. Жапон мәдениетіндегі сыпайылық тұрғысы.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

Араб тілі

  1. Гранде Б.М. Курс грамматики в сравнительно-историческом освещении. М., 1998.

  2. Ковалев А.А., Шарбатов Г.Ш. Учебник арабского языка. М., 1998.

  3. Кузьмин С.Е. Учебник арабского языка М., 2001.

  4. Шагаль В.Э., Мерекин М.Н., Забиров Ф.С. Учебник арабского языка. М., 1983.

  5. Чернов П.В. Учебник арабского языка. М., 1987.

  6. Халидов Б.З. Учебник арабского языка. Ташкент, 1977.

  7. Баранов Х.К. Арабско-русский словарь.М., 2000.

  8. Борисов В.М. Русско-арабский словарь. М., 2001.

Қытай тілі

1. Тіл-әдебиет негіздері. –Үрімші: Шынжаң оқу-ағарту баспасы, 1986ж.

2. Китай: модернизация и традиционная культура. Пекин, 1997 г.

3. Традиционная культура. М., 1983 г.

4. Литература и культура Китая. М.,1972г.

5. Васильев Л.С. Культы, религии, традиции в Китае. М., 1988.

6. Гао Яочи. Сяньдай ханьюй юйфа. Хэнань, 1982 г.

7. Сяньдай ханьюй. Пекин,., 1984 г.

8. Т.З. Черданцева. Идиоматика и культура. М., 1996 г.

9. Шяу Ли. Страноведение Китая. Пекин, 2003 г.

10. Қытай мәдениетіне қысқаша шолу. Гуанчжоу, 2003ж.

11.А.А.Москалев. Национально-языковое строительство в КНР. М., 1982г.

12.Русско-китайский словарь. Шанхай, 1983г.

Корей тілі

1. Мазур Ю.Н., Корейский язык, М., 1960.

2.Фил Ким, Грамматика современного корейского языка, Алматы, Издательство КазНУ 2002.

З.Пак Ю Шин, Учебник корейского языка (для говорящих по-русски), KOICA

4.Энтони В. Вандесанде и Хон Йонсук, Учебник корейского языка, Том-1 Издательство

Усинса, Корея 1991.

5.Энтони В. Вандесанде и Хон Йонсук, Учебник корейского языка, Том-2 Издательство

Усинса, Корея 1991.

6.Учебник корейского языка. Том-3, изд-во университет Ёнсе, Корея 1996.

7.Учебник корейского языка. Том-4, изд-во университет Ёнсе, Корея 1996..

8.Учебник корейского языка. Том-5, изд-во университет Ёнсе, Корея 1996..

9.Ван Тон и Ким Хак-Су. Русско-корейский словарь. Корейский университет, Институт

русской культуры 1987.

Парсы тілі

1.Доктор Зулфағари, доктор Ғаффари, доктор Бахтиари. Фарси биамузим. Амузеш-э забан-е фарси. 1-кітап. Тегеран., 2001.

2. Доктор Зулфағари, доктор Ғаффари, доктор Бахтиари. Фарси биамузим. Амузеш-э забан-е фарси. 2- кітап. Тегеран., 2001.

3. Доктор Зулфағари, доктор Ғаффари, доктор Бахтиари. Фарси биамузим. Амузеш-э забан-е фарси. 3-кітап. Тегеран., 2001.

4.Рүстемов Л.З., Самаре И. Парсы тілінің ізашары. Тегеран., 1994.

5.Рүстемов Л.З., Самарэ Й. "Парсы тілінің" жолашары". Тегеран., 1995



Түрік тілі

1. Türkiye Türkçesi Grameri (Şekil Bilgisi). Zeynep Korkmaz. Ankara, 2009.

2. Anlamdan Anlatıma Türkçemiz. Muhittin Bilgin. Başbakanlık Yayınevi – ANKARA, 2002.

3. Türk Dili ve Kompozisyon. Z. Korkmaz, A.Ercilasun, T.Gülensoy. Ankara, 2007.

4. Грамматика современного турецкого литературного языка, А.Н.Кононов. М – Л., 1956.

Хинди тілі


  1. Горюнов О.Г. Учебник языка хинди. Ч. 1-3. М., 2003.

  2. Дымшиц З.М. Грамматика языка хинди. Ч. 1-2. М., 1986.

  3. Катенина Т.Е. Язык хинди. С., 1980.

  4. Лингвистическая энциклопедия. М., 1990.

  5. Hindi vyakran. Dehli, 1999.

  6. Hindi vyakran aor racna. Dehli, 2000.

  7. Hindi sahitya ka itihas. Dehli, 1998.

  8. Gaganancal. Delhi, 1999.

  9. Ramsharan Joshi. Hastakshep. Delhi, 1996.

Жапон тілі

1. “Hajimeteno Nihongo Kyo:iku1” (грамматика) Токио, 2004

2. “ Тюукюу кара манабу нихонго” (учебник) Токио, 2000

3. “Nihongo Bunpo: Handobukku”, Токио, 2001

4. “Японский язык. Глагол: категория вида”, Изд-во Муравей, М.2001

5. “Японский язык. Страдательный залог”, Изд-во Муравей, М.2001

6. “Японский язык. Побудительный и побудительно-страдательный залоги”, Изд-во Муравей, М.2001

7. “Японский язык. Проблема употребления указательных местоимений”, Изд-во Муравей, М.2001

8. “Японский язык. Пунктуация, знаки повтора, вспомогательные пометы”, Изд-во Муравей, М.2001

9. «Іntroductіon to japanese readіng skіlls»(Сборник текстов) Токио 1991г.

10. «Сборник стандартных заданий » Токио, 1994г.

11. Нихонго хеуген бункей. Токио, 1999

12. Нюусу дэ манабу нихонго. Токио, 1996

13. Нихонго хацуон. Токио, 1978

14. Синбундэ манабу нихонго. Токио, Japan Tіmes 1997

15. Японский язык. Нечаева Л.Т. Москва, 1999

16. “Usage Guide to Japanese Onomatopoeias” Токио,1998

Қосымша әдебиет:

Араб тілі

1. Лебедев В.Г., Тюрева Л.С. Практический курс арабского литературного языка. Нормативный курс. Основной курс. М., 2004

2. Чернов П.В. Справочник по грамматике арабского литературного языка. М., 1995.

3. Гранде Б.М. Введение в сравнительное изучение семитских языков. М., 1998.

4. Боднар С.Н. Арабский язык. Жанр коммерческих, деловых бумаг и их языковая специфика. М.. 2002.

5. Майбуров Н.А. Читаем и переводим арабскую газету. М., 2001.

6. Майбуров Н.А., Финкельберг Н.Ф. Начальный курс общего перевода. Арабский язык. М., 1973.

Қытай тілі


  1. 罗贯中.三国演义.—长春:吉林文史出版社,2000年.

  2. 吴承恩.西游记(上、下册).—北京:金盾出版社,2000.

  3. 斯Һ那依满.汉哈简明辞典.—乌鲁木齐:新疆人民出版社,2000年.

  4. 施耐庵、罗贯中.水浒传.—中国海南出版社,1999年.

  5. 曹雪芹、高鹗.红楼梦.—北京:金盾出版社,2000年.

  6. 现代汉语词典.中国社会科学院语言研究所词典编辑室.—北京:商务印书馆,2003年.

  7. Ли Юйжин. Сборник упражнений для среднего и продвинутого уровней, изучающих китайский язык– Пекин, 1996.

Корей тілі

  1. Пак Хен Гю Корейско-русский словарь, Институт руского языка и литературы, Корея 2000.

  2. Словарь заимствованных слов, Изд-во Когук сощик, 2002.

  3. Холодович А.А., Строй корейского языка, ЛГУ 1938.

Парсы тілі

  1. Гладкова Е.Л. "Учебник персидского языка". М., Муравей-Гайд, 1999.

2. Овчинникова И.К., Мамед-Заде А.К. "Учебник персидского языка". Часть І. М., Издательство МГУ, 1960.

3.Овчинникова И.К., Мамед-Заде А.К. "Учебник персидского языка". Часть ІІ. М., Издательство МГУ, 1971.

4.Поляков К.И., Носырев А.Л. "Учебник персидского языка" . М., Муравей-Гайд, 2000.

5.Пурнамдариян Т., “Дарс-э форси”, Тегеран., 1997.

6.Рубинчик Ю.А. "Грамматика современного персидского языка". М., Муравей –Гайд, 2000.

7. Самарэ И. Азфа. 1- кітап. Тегеран., 1994.

8. Самарэ И. Азфа. 2- кітап. Тегеран., 1994.

9. Самарэ И. Азфа. 3- кітап. Тегеран., 1994.

10. Самарэ И. Азфа. 4- кітап. Тегеран., 1994.

11.Фаррухи. "Дәстур-э зәбан-э фарси". Тегеран., 1980.



Түрік тілі

1. Türkçe El Kitabı, Tuncer Gülensoy. Kayseri, 1998.

2. Türk Dili Bilgisi. Sezai Güneş. İzmir, 2000.

3. Dilbilgisi, Tahir Necat Gencan. Ankara, 1972.

4. Türkçenin Grameri, Tahsin Banguoğlu. Ankara, 1998.

5. Турецкий язык /учебное пособие/, Л.Н.Дудина. Москва, 1993.

6. Учебник турецкого языка /начинающий курс/, П.И.Кузнецов. Москва, 2000.

7. Учебник турецкого языка /завершающий курс/, П.И.Кузнецов. Москва, 2000.



Хинди тілі

  1. Шаматов А.Н. Очерки исторической лексикологии хинди и урду XV – начала XVIII вв. Ташкент, 1990.

  2. Ульциферов О.Г. Современный русско-хинди словарь. М., 2004.

  3. Хинди-русский словарь. М., 2003.

  4. Hindi rajpal shabdkosh (Толковый словарь языка хинди). Delhi, 2000.

  5. Бонгард-Левин Г.М., Ильин Г.Ф. Индия в древности. М., 1985.

Жапон тілі

1. Алпатов В.М. Структура грамматических единиц в современном японском языке. М. Наука, 1991

2. Алпатов В.М. Категории вежливости в современном японском языке. М.: Книжный дом «Либроком», 2009

3. Головнин И.А. Введение в синтаксис современного японского языка. М. Издательство МГУ. 1979

4. Горегляд В.Н. Рукописная книга в культуре Японии. М. 1987

5. Данилов А.Ю. Грамматические трудности японского языка. М. 2000

6. Дьяконова Е.М. Текст и интерпретация текста. Психология и социология чтения в Японии. М.Наука. 1990 Звягин Ф. Е. Анализ актуального употребления категорий вежливости японского языка//Вестник Омского университета, № 3, Омск, 1998, С. 59-62.

7. Лаврентьев Б.П. Реальные масштабы употребления иероглифики в современном японском письме. М. 1971



8. Маевский Е.В. Графическая стилистика японского языка, М.,2006

9. Фролова О. П. Японский речевой этикет. Новосибирск, 1997Япония. Справочник. М. 1993

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет