Ұлан ауданының 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ
Ұлан ауданында тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталуда, оған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының алға басқандығы, партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасы ықпал етуде.
Ауданда «Ұлан жастары» қоғамдық бірлестіктері, ақсақалдар, ардагерлер, әйелдер және оралмандар кеңестері табысты жұмыс істейді.
Аудан көлемінде қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық бірқатар іс-шаралар өткізілді, олардың ішінен Ұлан ауданының 80-жылдық мерейтойы мен осы оқиғаға байланысты «Ұлан есімі – ұлағат бесігі» - «Обетованная земля Уланская» атты энциклопедиясының және ауданның тарихы жайында бейнефильмнің шыққанын атап өтуге болады. Ұлан ауданының тұғыры биік тұлғасы, профессор Зәки Ахметовтың 80-жылдық мерейтойын атап өтуіне байланысты, Молодежный кентінің орталық көшесіне Зәки Ахметовтың аты берілді және Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 90 жыл толуына естелік кеші өткізілді. Бозанбай және Жаңа Қанай ауылдарында мешіттер ашылу және аудан ортылығы Молодежный кентінде «Қазпочта» АҚ-ның жаңа ғимаратының ашылуы мен Баяш ауылында жаңа мәдениет үйінің іске қосылуы оңды қоғамдық әсер туғызды .
Елбасы Н. А. Назарбаевтың халыққа Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында, аудандық ақпараттық-насихат топтары азаматтық қоғам өкілдерін қатыстыра отырып 606 кездесу және 7 дөңгелек үстел өткізді. Осындай кездесулер ауданның қоғамдық-саяси жағдайын жақсартуға ықпалын тигізеді.
2008 жылы «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалымен бірлесіп аудан тұрғындарының Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы – А. Ж. Ихдановпен, «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары – С. Н. Громовпен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі - Ә. С. Бергеневпен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сенат депутаттарына үміткер С. В. Плотниковпен, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары – Д. А. Калетаевпен кездесулері өтті. сонымен қатар, олар тұрғындармен жеке қабылдау өткізді. Азаматтардан келіп түскен арыздар қаралып, олардың орындалуы үнемі бақылауға алынды. Аудандық мәслихат депутаттарымен байланыс жандандырылып қабылдау бөлмесі жұмыс істейді.
«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша құрамы 6 адамнан тұратын қоғамдық кеңес құрылып, жұмыс істеуде. Жұмыс істеу уақытында кеңеспен 15 арыз қарастырылып, олардың барлығы бойынша лайықты шешім қабылданды.
Біріккен отырыстарда салық басқармасының, прокуратураның, медициналық мекемелердің, Ұлан ауданының әділет басқармасының жұмыстары қаралды.
Тұрғындармен жиындардарда, ірі кәсіпорындар мен ауылшаруашылық құрылымдарының еңбек ұжымдарында кездесулерде белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Аудан бойынша барлық атқарылып жатқан істердің нәтижелері аудан аумағындағы ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығын, ұлтаралық келісім мен бірлікті сақтауға, нығайтуға ықпал етеді.
-
БЮДЖЕТ
Ұлан ауданының 2008 жылғы бюджеті меншікті кірісінің түсімі бойынша 106,5 пайызға орындалды. Меншікті кіріс түсімі болжамдағы сомадан 28141,8 мың тенге артық түсті.
2007 жылмен салғастырғанда меншікті кіріс түсімі 21216,3 мың тенгеге артық түсіп, өсім 4,8 пайызды құрады.
Салық және салық емес түсімдердің есептелген түсімдері 100%-ға орындалуы қамтамасыз етілді.
2009 жылғы 1 қаңтарға аудандық бюджетке төленетін мезгілінде төленбеген салық бойынша берешек жоқ.
2009 жылғы 1 қаңтарға аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 99,9 пайызға орындалды. Игеру сомасы 1808479,5 мың теңгені құрады.
2009 жылғы 1 қаңтарға аудандық бюджеттің шотында 31073,8 мың теңге қалдық қалды. Оның ішінде: 28141,8 мың теңге меншікті кіріс түсімнің асыра орындалуынан; 980,4 мың тенге коммуналдық меншікті сатудан түсетін болжамнан артық түскен түсімдер; 1951,6 мың теңгеге-бюджеттік қаражаттың игерілмеуі, оның 1509,0 мың теңгесі ауданның жергілікті атқарушы орган резервінің сұратылмаған сомасы, 200,0 мың тенгесі «Білім беру» бағдарламасы бойынша.
Басқа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттың игерілуі 100 пайызды құрады. Бюджеттік сала жұмыскерлерінің еңбек ақылары толық қөлемде төленді.
-
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауданның агроөнеркәсіп кешені 1180 ауылшаруашылық құрылымын біріктіреді, оның ішінде 1156 шаруа қожалықтары, 5 коммандиттік серіктестік, 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 өндіруші кооператив, 1 акционерлік қоғам.
Ұлан ауданының аумағы 962481 гектар жерді құрайды, ауыл шаруашылығына арналған жерлер 436685 гектар, оның ішінде: жайылымдар - 249488 га, шабындықтар - 26768 га, егістік - 125600 га және 34829 гектар тыңайған жерлер.
2008 жылы 89 мың гектар жерге күздік қара бидаймен бірге ауылшаруашылық дақылдарының бапталған егіні егілді. Бапталған дәнді дақылдар 48,0 мың гектарға егілді, оның ішінде: 39 мың гектарға бапталған бидай; 7 мың гектарға арпа; 1,1 мың гектарға сұлы; 0,202 мың гектарға тары; 0,149 мың. гектарға бұршақ; 0,95 мың гектарға қарақұмық және мал азықтық дақылдар, бұрынғы жылғы көпжылдық шөптерді қосқанда 16,0 мың гектар жерге егілген.
Күнбағыс 22,1 мың гектарға, жоспар бойынша 17159 га. 1,0 мың гектарға картоп салынып, 132 гектарға көкөніс себілді.
2008 жылы барлық егістік жерлерге аудандырылған сұрыпты дәндер себілді.
Дәнді дақылдардың жалпы түсімі гектарына 2,9 ц түсімдікпен 10900 тонна астық алынды. Күнбағыс 16303 гектардан жиналып, гектарына 4,2 ц түсімділігімен, жалпы көлемі 6847 тонна алынды.
Ауа-райының қолайсыздығынан, ұзаққа созылған құрғақшылықа байланысты комиссияның тексеру нәтижелерімен 12,1 мың гектар немесе 25,1% дәнді дақылдар және 5,8 мың гектар күнбағыс толық күйіп кеткен болып танылды.
Осыған қарамастан ауданның шаруа құрамаларымен мемлекеттік резервке астық тапсыру бойынша жеткізілген тапсырма 1034 тонна және облыстық тұрақтандыру қорына 3000 тонна көлемінде толығымен орындады.
“КХ Багратион ВВГ” ЖШС 9,9 мың гектарға, “Изумруд” ЖШС 6,1 мың гектарға, “Тан” шаруа қожалығы 2 мың гектарға және Саратов ауылдық округінің құрамалары 1 мың гектарға, Өскемен аулдық округінің 1 мың гектарға астық дақылдарын өндіруде ылғалды үнемдеу технологияларын енгізген.
Ауданда 1, 2, 3 репродукция тұқымдарын өндіруші бидай және күнбағыс тұқымдарын өндіретін «КХ Багратион ВВГ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Багратион-2» шаруа қожалығы, «Калантаевского» шаруа қожалығы, «Изумруд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұқым өндіру шаруашылықтары жұмыс істейді. Сонымен қатар, тұқым өндіретін шаруашылықтарда 2008 жылғы астықтан 2110 тонна бидайдың, 160 тонна күнбағыстың тұқымдары сатуға дайын.
Ұлан ауданының мал шаруашылығы қөп салалы болып келеді. Сүтті, етті ірі қара шаруашылығы, қылшықты және жартылай қылшықты қой шаруашылығы, өнімді жылқы шаруашылығы, шошқа, құс, марал, түйе және ара өсіру шаруашылықтары ілгері дамыған. 2008 жылғы 1 желтоқсанға ауданда ірі қара мал - 44885 басты, қой және ешкі - 97959 басты, жылқы - 11510 басты, шошқа - 6469 басты және құс - 1017590 басты құрады. Қой және ешкі, жылқы малдарының саны 2,5 және 9,3 пайызға өсуі байқалады.
2008 жылғы 1 желтоқсанға 20364,5 тонна ет, 46956,5 тонна сүт, 18068,1 мың дана жұмыртқа және 183,5 тонна жүн өндірілді. Ет пен жүннің өндірілуі 2,0 және 6,5 пайызға өскені байқалады.
2007 жылы ауданда 7 асыл тұқымды мал өсіретін қожалығы болған, ал 2008 жылы осындай мәртебеге тағы 4 шаруашылық ие болды.
Ауданда «Симментал», «қазақтың ақ басты» ірі қара малы, «Еділбай» және «Байыс» тұқымды қой, «Жәбе» тұқымды жылқы және шошқаның «Ірі ақ» тұқымы жиі таралған.
Ауданда асыл тұқымды «Қазақтың ақ басты» - 2888 бас, «Симментал» тұқымды 3083 бас ірі қара мал, 5461 бас «Байыс» тұқымды қой, 728 бас «Ірі ақ» тұқымды шошқа және 519 бас «Жәбе» тұқымды жылқы мал басы бар. Асыл тұқымды мал басының үлесі барлық ірі қара малдың 6,4 пайызын, қойдың 5,6 пайызын, жылқының 4,5 пайызын және шошқаның 11,3 пайызын құрайды.
Асыл тұқымды шаруашылықтарымен 2008 жылы 403 бас ірі қара, 77 бас жылқы, 1770 бас қой және шошқадан 45 бас асыл тұқымды мал сатылған. Асыл тұқымды мал шаруашылық дамытуғаа 36,4 млн. тенге субсидия бөлініп игерілді.
Ауданда ірі қара малды бордақылайтын 15 алаңшалар істеп тұр. Соның ішінде 7 алаңша ағымды жылы құрылған, бордақылаудағы мал саны 3181 бас. 3089 бас шошқа бордақылайтын 4 алаңша жұмыс істеуде және биылғы жылдан бастап 6600 бас қой бордақылайтын 13 алаңша ашылды. Осы құрылымдарда 503,9 тонна ірі қара малдың еті, 227,3 тонна шошқаның еті, 128,38 тонна қой еті өндірілді. Барлығы 859,6 тонна ет өндірілді.
«Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамы құс етін өндіруден республика бойынша ең ірі өндіруші. 2008 жылдың 11 айында 6607,9 тонна сойылған салмақта құс етін өндірді. Өндірген ет үшін тиісті субсидия көлемі 513,6 млн. теңгені құрады.
«Күнжұра» шаруа қожалығы қуаттылығы 500 бас құрайтын бордақылау алаңшасын салу үшін 23,0 млн. теңге несие алды.
Ауданда 2025 бас сауылатын сиыры бар 6 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істеуде. Ағымды жылдың 11 айында 3798,4 тонна сүт өткізілді. Субсидия көлемі 30,4 млн тенгені құрады.
“Борсақ” шаруа қожалығы сүт-тауарлы фермасын жоғарытехнологиялық құралдарымен жабдықтау мақсатында облыс бюджетінен 13,0 млн. теңге, «Украинское» ЖШС-гі сиыр басын көбейтуге 10,0 млн. теңге несие алды.
Ірі қара малдардың өнімділік сапасын көтеру мақсатында ауданда 12 малды қолдан ұрықтандыру пункті құрылып жұмыс істеуде. 2008 жылы 2 малды қолдан ұрықтандыру пунктері ашылды: Каменка ауылдық округіндегі «Кайрат» шаруа қожалығының негізінде және Саратовка ауылдық округінің ауыл шаруашылық колледжінің негізінде.
Республикалық бюджеттен мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын көтеруге 535930,0 мың тенге бөлінді. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарымен мал шаруашылығы өнімін өткізу үшін 535930,0 мың тенге субсидия алынды.
Ауданда қазіргі уақытта 4 мал сою пункті жұмыс істейді. 2008 жылы «Айтказин» және «Болашақ» шаруа қожалықтарында сондай құрылыс басталған. «Айтказин» шаруа қожалығына осы мақсатқа облыс бюджетінен 10000,0 мың. тенге несие бөлінді. 2009 жылы «Сағынқұмаров» шаруа қожалығында мал сою пункті салу жоспарлануда.
Құнсыздану үдірістерін тежеу мақсатында, және де Өскемен қаласы мен Ұлан ауданы әкімдіктерінің қол қойылған ет жеткізу жөніндегі меморандумы негізінде, ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары күнделікті «Жәрдем» базарының 8 сату орындарында және апта сайын өткізілетін жәрмеңкелерде ірі қара мал мен қой етін өткізеді. Бекітілген квота бойынша ауылшаруашылық малдарының еті Өскемен қаласының басқа да базарларына тапсырылады. 2008 жылғы 24 желтоқсанына қарағанда «Жәрдем», «Дина», «Арзан» және «Шығыс Таңы» базарларына 206,83 тонна ірі қара мал еті, 108,87 тонна шошқа еті, 17,75 тонна қой еті және 2,57 тонна жылқы еті өткізілді. Барлығы 336,02 тонна ет өткізілді. Сонымен қатар біздің аудан облыс орталығында өткен демалыс күндік 53 жәрменкеге қатысып 199,5 тонна ет өткізді.
Ауданда 2 МТС жұмыс істейді: Айыртау ауылдық округінде «Колос» шаруа қожалығының негізінде құрылған «Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «ШҚ Ауыл шаруашылық колледжі» негізінде құрылған «УланАгросервис» машина технологиялық станциясы қызмет етеді.
2008 жылы ауданның шаруа құрамалары 290,0 млн. теңгеге 52 жаңа техника сатып алды. Онын ішінде: шет елдік 2 егістік кешені мен жаңбырлатқыш машина.
2008 жылы ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарына көктемгі егіспен егін жинау жұмыстарын жүргізу және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру үшін жанар-жағар маймен басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға, 143,9 млн. теңге субсидия бөлініп игерілді.
Ұлан ауданында азық түлік өнімдерін қайта өңдейтін 59 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 1 ірі және 2 орта.
Ауылшаруашылық құрамалары және екі сүтті қайта өңдеу кәсіпорыны облыстық «Шығыс-сүт» кластерінің құрамына кірді. Ауданның 23 елді мекендерінде 30 орталықтандырылған сүт жинау пунктері құрылды. Кәзіргі уақытта 3 кенттерден басқа барлық ауылдық округтерде сүт қабылданады.
Барлық сүт өңдеу кәсіпорындарында өндірілген өнім Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен ауылдарындағы дүкендер жүйесінде және одан тыс жерлерде сатылады.
2008 жылы «Багратион Ұлан» ЖШС-гі сүт өнімінің өндіруін ұлғайту үшін 30,0 млн. теңге несие алды.
«ВК Бекон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шошқа етін терең өңдейтін мал сою цехын қайта жаңартуға 14,7 млн. теңге несие алып бүгінгі күні толық игерді. Қазіргі уақытта тораптарды қалпына келтіру мен сынау жұмыстары жүргізілуде. 2008 жылы айналымдағы қаражаттарын ұлғайтуға «ВК Бекон «ЖШС 25,0 млн. теңге несие алды. «Өскемен құс фабрикасы» АҚ құаттылығы сағатына 4000 басты соятын жаңа құс сою цехының ғимараты салынды. «Иртыш» ЖШС-не жем дайындайтын цех салынды.
Ағымдағы 2009 жылы ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында ауданда жоспарланған :
- Аблакет, Егінсу және Каменка ауылдық округтерінде 3 мал бордақылайтын алаңшалар салу;
- Аблакет, Багратион, Бозанбай және Тарғын ауылдық округтерінде 4 мал сою цехтарын салу;
- Азово, Бозанбай, Гагарин, Таврия, Тарғын және Өскемен ауылдық округтерінде 6 малды қолдан ұрықтандыру пунктерін ашу;
- Алмасай, Бозанбай, Гагарин және Тарғын ауылдық округтерде орталықтандырылған сүт қабылдайтын пункт ашу;
- асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық құру: Ірі қара малдан – Аблакет, Төлеген Тохтаров; жылқыдан – Аблакет, Айыртау; қойдан – Айыртау, Бозанбай ауылдық округтерінде;
- Алмасай ауылдық округінде мал өлікселерін сақтайтын орын салу;
- Аблакет ауылдық округінде ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау-өткізу кооперативін құру;
- Төлеген Тохтаров ауылдық округінде су тұтынушылар кооперативін құру;
- Аблакет, Алмасай, Бозанбай және Егінсу ауылдық округтерінде жылыжай салу;
- Бозанбай ауылдық округінде және Молодежный кентінде көкөніс сақтау қоймасын салу;
- ауыл шаруашылық құрылымдарында картоп егу көлемін 1000 гектарға жеткізу;
- Ертіс өзенінің жағалауындағы жерлерді айналымға енгізіп, суармалы жерлердің көлемін 300 гектарға ұлғайту;
- ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуде ылғалды үнемдеу технологиясын енгізуді 35000 гектарға жеткізу.
-
КӘСІПКЕРЛІК
2009 жылғы 1 қаңтарға аудан бойынша 2403 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, ол өткен жылмен салыстырғанда 19,2 % арттып отыр.
Тіркелген ШКС 99-ы заңды тұлғалар, 1156 шаруа қожалықтары, (2007 жылмен салыстырғанда 1,1 % артты). 1148 жеке кәсіпкер (2007 жылмен салыстырғанда 5 % артты).
Кәсіпкерлікте қамтылғандардың саны 4542 адамды құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда 304 адамға артты, яғни өсім 7,2 % құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен ағымдағы жылы жалпы мемлекеттік бюджетке 191296,0 мың теңге салық түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 2,7 % құрады, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 138796,0 мың теңге салық түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 12,4 % артты.
2008 жылы шағын кәсіпкерлікті дамытуда қаржылық көмек көрсету мақсатында жыл басынан «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ арқылы 2,2 млн. теңге бөлініп толықтай игерілді. Барлығы 11 адам жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін несие алды.
«Көмек» ШНҰ ЖШС арқылы барлығы 198 жеке тұлғаға 63420,0 мың теңге несие бөлінді.
2008 жылдың басынан «Айыртау несие» ЖШС НС арқылы жалпы сомасы 44,6 млн. теңгеге 7 шаруа қожалығы несие алды.
2008 жылы «ШҚО бойынша аз қамтылған азаматтарды аймақтық қолдау қоры» қоғамдық қорынан 800,0 мың. теңге сомасында несие берілді.
2008 жылы «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ арқылы жеке кәсіпкер «Байжаксынов Б.» полиэтилен пакетін өндіру цехін ұлғайтуға жалпы сомасы 20,0 млн. теңгені құрайтын несие алды.
Ауданымызда ауылшаруашылық өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2008 жылдың 7 ақпанында аудандық штабтың отырысында демалыс күн жәрмеңкесін өткізу кестесі құрылып бекітілген.
Осы кесте бойынша бүгінгі күні аудан орталығы Молодежный, Огневка, Асубұлақ кентінде, Бозанбай, Таврия, Егінсу ауылдарында барлығы 41 жәрмеңкелер болып өтті.
Сонымен қатар ауданның ауылшаруашылық өнімін өндірушілер аудандық жәрмеңкеден басқа облыс орталығында ұйымдастырылған жәрмеңкеге 53 рет белсенді қатысты.
Облыстық тұрақтандыру қорынан нан-тоқаш өнімдеріне құнсыздану үдерістерін тежеу мақсатында және наубайханаларды қолдау барысында 2008 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін барлығы 237 тонна 1 сұрып «әлеуметтік» ұн бөлініп, таратылды.
2008 жылы аудан бойынша 3 «Ардагер» әлеуметтік дүкені Молодежный кентінде, Таврия, Бозанбай ауылдарында ашылды. Дүкен әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдар үшін, яғни зейнеткерлерге, 1-3 топтағы мүгедек адамдарға, аз қамтылған азаматтарға қызмет көрсетеді.
Жыл басынан аудан бойынша барлығы 26 жаңа кәсіпкерлік объектілер ашылды. Олардың ішінен: 7 дүкен, тіс емдеу кабинеті, дүңгіршек, құрылыс материалдарын шығару цехі, үй жануарларына арналған тамақ өнімдерін шығару цехі, 2 наубайхана, 2 ЖЖМҚС, техникалық қызмет көрсету станциясы, дөңгелек жөндеу орталығы, 3 шаштараз, 7 қоғамдық тамақтану орталығы болып отыр.
Жалпы аудан бойынша 254 дүкен, 10 дүңгіршек, 11 ЖЖМҚС, 10 дәріхана, 12 шаштараз, 38 қоғамдық тамақтандыру орталығы, 17 наубайхана тіркеліп жұмыс істеуде.
2009 жылы шағын және орта бизнес субъектілері бойынша өндіріс орындары, зауыттар, цехтардың ашылуы жоспарланып отыр:
- 2009 жылдың 1 жарты жылдығында Аблакетка а/о инвестиция қаражаты 65,0 млн. теңгені құрайтын және 30 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін полиэтилен трубаларын шығару заводының ашылуы, және де гранит тасын қашау цехінің ашылуы;
- 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында Молодежный кентінде инвестиция көлемі 50,0 млн. теңгені құрайтын өнім өндіру қуаты сағатына 100 тонна асфальт-бетон шығару зауытының ашылуы;
- 2009 жылы «АЛТАЙ TREVEL ТУР» ЖШС Герасимовка ауылында өнім өндіру көлемі 50,0 млн. теңгені құрайтын және қосымша 20 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін арматура зауытын ашу;
- 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында «АЛТАЙ TREVEL ТУР» ЖШС Айыртау ауылында өнім өндіру көлемі 90,0 млн теңгені құрайтын қосымша 50 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін керамзит зауытын ашу, қарыз қаражат есебінен 50,0 млн. теңге;
- Алмасай ауылдық округі сүт өңдеу шағын цехының ашылуы және қаржы көлемі 12,0 млн. теңгені құрайтын 15 жұмыс көзімен қамтамасыз ететін құрылыс материалдарын шығару цехының ашылуы;
- 2009 жылы шағын бизнес субъектілерінің дамуы, сауда нүктелерінің ашылуы, базар, жанар-жағар май құю станцияларының ашылуы;
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелерінің көптеп бөлінуін кәсіпкерлік саласын дамытуда коммуналдық меншік объектілерін жалға және сенімділік басқаруға көптеп берілуі жоспарланды.
-
БІЛІМ БЕРУ
Ауданда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өсуінің оңды тенденциясы байқалуда.
2007 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру мекемелері 2 бірлікке өсті, балаларды қамту 23,8 % құрайды. Привольное ауылындағы «Колосок» бала-бақшасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4600,0 мың. теңге бөлінді.
Ауданда 25 шағын – орталық ашылды, соның ішінде 15 шағын-орталық 2008 жылы және Таврия орта мектебінде 75 орындық шағын-орталық ашылды. Шағын орталықтарды ашу мақсатымен Гагарино және Жоғары Тайынты ауылдарында 300,0 мың. теңге мөлшерінде жергілікті бюджеттің қаржысына бөлек тұрған ғимараттар алынды.
Ауданда 36 білім беру мекемелері жұмыс атқаруда, мұнда 4905 оқушы білім алады, соның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 87.
Білім беру мекемелерінің аудандарын оңтайландыру жұмысы жүргізілді, Екатериновка ауылында орналасқан 1 бастауыш шағын комплекті мектеп жабылды. Барлық 36 мектептің жалпы ауданы 73031 ш.м болған, 5413 ш. м азайтылды. 4 мектеп электр жүйесімен жылытуға көшірілді, бұл шаралардан күтілетін үнемдеу 4,0 млн. теңгені құрайды.
Ұлттық Бірінғай тестілеуге (ҰБТ) 11 сыныптың 457 түлегінің 355-і қатысты. ҰБТ-ң қорытындысы бойынша орташа балл 65,7 құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 6,5 балға жоғары (59,2). Екі оқушы «Алтын Белгі» белгісін растады (Молодежный орта мектебі – Каирбаева Гульназ және Б. Ахметов атындағы орта мектеп –Акшабаева Гульнур) және бір оқушы – үздік аттестат (Б. Ахметов атындағы орта мектеп - Жексенбекулы Талант). 9 сыныптың 18 түлегі үздік куәлік алды.
Молодежный кентінің орта мектебінің түлегі Каирбаева Гульназ «Болашақ» Бағдарламасы бойынша сайыстан өтіп, қазіргі уақытта оқуын Англияда жалғастыруда.
Жоғары оқу орындарына мен колледждерге тегін оқытуға 110 түлек түсті, 2007 жылға қарағанда 8 оқушыға көп. Облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарына әртүрлі мамандықтарға 15 түлек жіберілді.
1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамту мәселесі толығымен шешілді. Ыстық тамақпен қамту мақсатымен 2009 жылға 12978,0 мың. теңге бөлінді.
Бүгінгі күні 12-жылдық оқытуға көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр, 1200,0 мың теңгеге мектеп жиһаздары алынды. Молодежный орта мектебі мен Р. Марсеков атындағы орта мектептерінің канализация жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданның 36 мектебі Интернет жүйесіне қосылған (100,0%). 6 мектептің спутниктік жүйесі бар, бұған 2008 жылы 299,0 мың. теңге бөлінген.
Ағымдағы жылы 2 мектеп объектілерінің құрылысы жүргізілді: Бестерек ауылында 80 орындық және 132 орындық Митрофановка ауылында. Бұл объектілердің құрылысы қауіпті жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектептер салу бағдарламасы бойынша салынды, тапсырыс беруші – ШҚО құрылыс басқармасы.
Жыл сайын жаз уақытында оқушылар қала сыртындағы жалға алынатын лагерлерде демалады, биылғы жылы 254 бала демалды, бұл өткен жылға қарағанда 100 балаға көп. Жалпыға білім беру қорынан 2310,0 мың теңге бөлінді, қауіпті топтағы 100 бала демеушілердің қаржысына демалды.
Төменгі Тайынтыдағы қала сыртындағы «Царская долина» лагерінің мәселесі шешілді. Осы жылы стационарлық балалар лагері ғимаратын сатып алу жоспарлануда, осы мақсатқа аудандық бюджеттен 40,0 млн. теңге бөлу қарастырылған.
2008 жылы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатымен 17 объектінің күрделі жөндеу жұмыстарына – 55,0 млн. теңге бөлінді. Жөнделді:
- 3 мектептің жылыту жүйесіне; 5 мектептің қазандықтарына, 4 мектептің шатыры мен төбелеріне, 2 мектептің канализацияларына жөндеу жұмыстары жүргізілді және бір мектепте электрмонтажды жұмыстары жүргізілді;
- Борсақ ауылының Алтынсарин атындағы бастауыш мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары 10900,0 мың теңге сомасында аудандық бюджеттің қаржысына жүргізілді;
- Манат ауылының Ақжолов атындағы орта мектебінің екінші ғимаратына ШҚО бойынша ТЖ басқармасының қаржысына, 5620,0 мың. теңге мөлшерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға жайлы жағдай жасау мақсатымен қосымша ғимарат жергілікті бюджеттен бөлінген 720,0 мың. теңгеге алынды.
- материалдық-техникалық базаға 82,6 млн. теңге бөлінді:
- балаларды мектепке жеткізуге арналған 4 арнайы автокөлік, пәндік және мультимедиялық кабинеттер, жасына сәйкес мектеп жиһаздары, асханаларға технологиялық жабдықтар және шағын орталықтарға арналған жабдықтар алынды;
- білім беру жүйесін ақпараттандыру мен оқулықтар алуға бюджеттен 19,7 млн. теңге жұмсалды.
Аудан бойынша білім беру бюджетінің жалпы көлемінен бала-бақшалар бюджеті 3,2 % құрайды.
Педагогтарды әлеуметтік қорғау Бағдарламасы жұмыс істеуде: ауылды жерлерде бюджеттік педагог қызметкерлерге 25 % қосымша үстемақы төленеді, жыл сайын жергілікті бюджеттен білім беру мекемелерінің мамандарына көмір сатып алу үшін жылына 1168,0 теңге көлемінде жәрдемақы төлеу қарастырылған.
2008 жылы бір лауазымдық еңбек ақы мөлшерінде еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы төленді, бұл 28,0 млн. теңгені құрады және бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу жүктемесі 20 сағаттан 18 сағатқа төмендетілді.
Аудан мектептеріне 25 жас маман келді, оның ішінде 7-не 120,0 мың теңге көлемінде көтерме ақы төленді.
1 мұғалімге Привольное ауылында 1 бөлмелі пәтер берілді, 4 мұғалім жеңіл жағдаймен пәтер жалдап тұрады.
746 педагог тегін медициналық қараудан өтті.
-
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау нысандарын қайта құру туралы» жарлығын іске асыру жолында «Аудандық медициналық бірлестік» құрылды, оның құрамына орталық аудандық аурухана, 2 ауылдық ауруханасы және 11 дәрігерлік амбулаториялар кірді.
Қаржыландыру бойынша облыстық бюджеттен 270764,4 мың теңге, республикалық бюджеттен – 28666,5 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді .
Сағыр мен Бозанбай ауылдарына санитарлық автокөлік алынды. Республикалық бюджеттен 1700,0 мың теңгеге медициналық құралдар алынды –топтамадағы стоматологиялық құрылым, ЭКГ аппараты, компьютер.
Демеушілер көмегімен Сағыр мен Тарғын ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларының жылу жүйесі ағымды жөндеуден өтті.
2008 жылы Таврия ауылына Семей қаласындағы медициналық академиядан 2 дәрігер (травматолог, невропатолог), Сағыр, Привольное және Бозанбай ауылдарына (бала дәрігері, хирург) барлығы 6 дәрігер келіп, қызметтерін атқаруда.
3 жас мамандар 120,0 мың теңге көлемінде көтерме төлемақы алып, пәтерлермен қамтамасыз етілді. Демеушілердің көмегімен және аудандық әкімдіктің қолдауымен Таврия ауылында 3 пәтер және Привольное ауылында 1 пәтер алынды.
Қазіргі уақытта медициналық академияда ауданымыздан 6 студент оқып жатыр.
Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Айтықов, Жаңа-Қанай, Украинка, Васильевка ауылдарында медициналық пунктер үшін ғимараттар сатып алынды. Аудандық бюджеттен 1200,0 мың теңге бөлініп, Сағыр ауылындағы дәрігерге үй сатып алынды
2008 жылы 18 жасқа дейінгі балалар, әйелдер және жеке дәрежелі ересек тұрғындардың аурудың алдын алу тексеру жұмыстары жалғасын табуда. Алдын алу тексеру жұмыстарының қортындысы бойынша ауданда туберкулезбен ауруы 6,6 пайызға төмендеді, 2007 жылмен салыстырғанда қатерлі ісіктермен аурушаңдық 25 пайызға және 1 жасқа дейінгі бала өлімі 28,3 пайызға төмендеді.
2009 жылы Ұлан ауылындағы дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, медицина қызметтерін уақтылы және сапалы көрсетуі бойынша жұмыстар жалғастырылады.
2009 жылы аудандық бюджеттің есебінен Тарғын, Герасимовка және Таврия ауылдарында жас мамандарға тұрғын үй сатып алу жоспарланған.
-
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясатында ең бір басымдық мақсаттардың ішінде кедейшілікті азайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, аз қамтылған және әл жуаз азаматтарды әлеуметтік қолдау болып саналады.
2009 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны 245 адамды құрады, жұмыссыздар үлесі 1 пайызды құрады.
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 440 адамды жұмысқа орналастыруға жоспарланған, 749 адам жұмыспен қамтылды, яғни жылдық жоспар 170 пайызға орындалды.
505 жұмыс орнын ашу қаралған болса, нақты 710 жұмыс орны ашылды, яғни 141 пайызға орындалды.
Жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіптік қайта даярлау аудандық жұмыспен қамту бөлімі жұмысының негізгі бағыты болып табылады.
2008 жылы жұмыспен қамту аумақтық бағдарламасы бойынша 70 жұмыссыз тұлғаларды оқуға жіберу жоспарланған, 75 жұмыссыз тұлға оқуға жіберілді.
2008 жылы жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес қоғамдық төлеу жұмысқа 19706,0 мың тенге жоспарланып, 630 адамды қатыстыру көзделген, 19706,0 мың тенге төленді, яғни жылдық жоспар 100 пайызға орындалды.
Саратовка, Бозанбай және Таврия ауылдық округтерінде 2008 жылы ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары және жеке кәсіпкерлердің қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Ұлан ауданында 644 оралмандар жанұясында - 3066 адам тұрады.
Аудан көлемінде 8100 шаршы метр болатын қоныс аударушылардың жер қоры белгіленген, 287 адам аулалық учаскесімен қамтылған, қосалқы шаруашылықтары бар.
Материалдық көмек бөлу және төлеу арнайы аудандық комиссияның шешімі бойынша барлығы жыл басынан өте мұқтаж және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсетуге 4647,0 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-III «Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек» туралы шешімі бойынша берілетін көмектен 235 мүгедек, ҰОС қатысушыларына және ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге коммуналдық қызмет ақысын төлеуге 11054,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектердің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 4355,0 мың теңге төленді.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне және 1 маусым балаларды қорғау күніне қарсы 442 көп балалы аналарға 10,0 мың теңгеден ақша төленді, барлығы 4420,0 мың тенге.
Оқу орындарын бітіргеннен кейін ауылдарда жұмыс істеуді қалаған жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге), әрқайсысына 120,0 мың теңгеден 1207,0 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді.
Атаулы әлеуметтік көмекке 429 отбасы ұсыныс берді, осыған 21197,0 мың теңге төленді, оның ішінде 4979,0 мың теңге Республикалық бюджетінен.
2008 жылы тұрғын үй көмегі 794 отбасыға 12312,0 мың теңге мөлшерінде төленді.
«Үйде тәрбиеленіп, оқып жүрген мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 28 мүгедек балаларға 1720,0 мың тенге материалдық көмек көрсетілді.
18-ге дейінгі балалары бар отбасыларға (аз қамтылған отбасыларға) төленетін мемлекеттік жәрдемақы 1119 отбасыға 2393 бала санына 24943,0 мың теңге мөлшерінде төленді, оның ішінде 5313,0 мың теңге республикалық бюджетінен.
2008 жылы Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінен мүгедектерге арналған 22 арбаша бөлінді, олар жеке оңалту бағдарламасы бойынша таратылды.
30 әлеуметтік жұмыскер 41 мүгедекке және 130 жалғыз басты зейнеткерлерге үйде әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ ауданымыздың Таврия ауылында уақытша жалғыз тұратын қарияларға және үлестер құр қалған адамдарға Пана жалғастырылып келеді.
«Қамқорлық» акциясы аясында мүгедектерге арналған арбашаларды сатып алуда көмек көрсетілді, әлжуаз адамдар үшін аудандық бюджет есебінен тегін газетке жазылу ұйымдастырылған.
Жеңіс Күніне арналған аудандық іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес келесі жұмыстар атқарылды:
- барлық соғыс ардагерлеріне «Астананың 10-жылдығы» мерекелік медальдары табыс етілді;
- барлық соғыс ардагерлеріне 5000 теңге көлемінде материалдық көмек пен азық-түлік жиыны берілді;
- барлық ауылдық және кенттік округтерде салтанатты митингтер, мерекелік шерулер, мерекелік құттықтау концерті,обелискке және ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды, «Көгілдір от» өткізілді.
Қарттар күні аудандық бөлім бастықтары «Рақымшылық» акциясына белсенді қатысып барлық ҰОС ардагерлері мен мүгедектерін 63 адамды және төсек тартып жатқан 85 мүгедектердің үйлерін аралап құттықтады. Аталған акция бір ай бойы барлық ауылдық округтер мен кенттерде өтті.
Балалар күніне қарсы Молодежный кентінде 93 мүгедек балаларға арнап концерттік бағдарлама және спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Барлық қатысушыларға мерекелік дастархан жайылып әрбір балаға қайырымдылық қорынан 150,0 мың теңгеге сыйлық жасалды.
2008 жыл бойы аз қамтылған және жалғыз басты адамдарға қайырымдылық қорынан 2817,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде ақшадай 541 адамға 880,0 мың теңге және азық-түлікпен 1937,0 мың теңгеге 2938 адамға.
Барлық ауылдық округтар мен кенттерде Қарттар күніне мерекелік шаралар, «Көгілдір оттар», концерттер өтті. Сол шаралар шаруа қожалықтарының, жеке кәсіпкерлердің, аудан тұрғындарының қайырымдылық көмегі есебінен өткізілді.
Жаңа жыл қарсаңында ауылдық округтер мен кенттерде мүгедек-балалармен мерекелік шаралар, концерттер, сыйлықтар беріп сайыстар өткізілді.
Жаңа жылдық іс шараларды өткізуге мүгедек, жетім және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 350 балаға жергілікті бюджеттен 825,0 мың теңге бөлінді, солардың ішінен 80 бала аудан әкімінің шыршасына қатысты.
2009 жылға әлеуметтік бағдарламаларға 152819,0 мың теңге қаржы жоспарланып отыр, оның ішінде:
- жұмыспен қамту бағдарламасына – 34892,0 мың теңге;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке – 28324,0 мың теңге;
- 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы -32001,0 мың.теңге;
- ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмекке -3055,0 мың теңге (2 АЕК).
2009 жылы алғашқы рет облыстық бюджеттен келесі трансферттер қарастырылып отыр:
- облыс көлеміндегі дербес зейнеткерлерге - 504,0 мың теңге (21 адамға 2000 тенгеден ай сайын);
- республика көлеміндегі дербес зейнеткерлерге - 24,0 мың теңге (1 адамға 2000 теңгеден ай сайын );
- ауған соғысында қайтыс болғандардың отбасына 360,0 мың теңге (6 отбасына 5000 теңгеден ай сайын).
-
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Ұлан ауданының жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 463 шақырымды құрайды, соның ішінде: қара қатты қиыршық тас жабындысымен – 255 шақырым, қиыршық тас жабындысымен - 199 шақырым, топырақты жол – 9 шақырым.
Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 437 және 19 желтоқсандағы № 202 қаулыларына сәйкес «Өскемен – Самар» автомобиль жолының 15-107 шақырымдар аралығы (жалпы ұзындығы 92 шақырым), Тарғын ауылында орналасқан жылыту пункті мен жөндеу шеберханалары «ШҚО жолаушы көлігі және автомомбиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекеменің балансына берілді.
2008 жылы автомобиль жолдарын қысқы мерзімде ұстауға – 17754,8 мың теңге, ағымды жөндеуге – 16249,5 мың теңге және жергілікті автомобиль жолының үстін кедір бұдырлы жөндеуге (орта жөндеу) 16346,1 мың теңге бөлінді. Барлығы 50350,4 мың теңге. 2007 жылмен салыстырғанда 73 пайызға артық.
2009 жылғы 1 қаңтарға автомобиль жолдарын ағымды және орта жөндеу, ұстау бойынша 50350,4 мың теңге игерілді немесе 100 пайызға орындалды. «Митрофановка ауылына кіре беріс жол», «Бозанбай – Алгабас – Сібе көлдері», «Өскемен – Самар», «Горняк ауылына кіре беріс жол» автомобиль жолдарын ағымды жөндеу, «Васильевка – Бозанбай» автомобиль жолын орта жөндеу жұмыстары өткізілді. Барлығы 110 шақырым жолға ағымды жөндеу және 6,5 шақырым жолға орта жөндеу жүргізілді. Бұдан басқа Молодежный кентінде орталық көшеге асфальттық жабынды төсеу үшін 11,0 млн. теңге қаражат бөлініп игерілді.
2008 жылы ауданның даму бюджеті есебінен «Таврия-Каменка» автожолын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжат жасау үшін 10,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Күрделі жөндеудің сметалық құны 717598,2 мың. теңгені құрайды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы 1098,0 мың теңге бөлінді, ол 2007 жылмен салыстырғанда 125 % құрады. «Облшығысжол» КМК-мен шарт жасалып, аудан бойынша 54 жол белгілері және ақпарттық көрсеткіштер орнатылады. Және де 1500,0 мың теңге сомаға «Ұлан ауданы» атты 2 стелла орнатылды.
2008 жылғы 25 желтоқсандағы аудандық маслихаттың шешіміне сәйкес 2009 жылға автомобиль жолдарын ағымды жөндеу және ұстауға 42000,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде 16000,0 мың теңге ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне берілді. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын ағымды жөндеу жұмыстары және Герасимовка, Асубұлақ кенттерінде көшелерді жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.
Облыс әкімінің тапсырмасын орындау үшін жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын дамыту және ұстау бойынша аудан әкімдігінің 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 213 қаулысымен Ұлан ауданы әкімдігінің «Ұлан жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны құрылды. Қазіргі уақытта кәсіпорынға Урал-Тройка қар тазалағышы және бульдозер ДТ-75 тракторы берілді. К-700 тракторының базасында роторлық қондырғы сатып алынды. 2008 жылы облыстық бюджеттен кәсіпорынның жарғы капиталын өсіру үшін 15,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа қызмет көлігі, роторлық қондырғы және автогрейдер сатып алынды.
Ұлан ауданының 14 елді мекендері (47 е.м.) орталықтандырылған сумен қамтылған. Барлық көздер жер астынан шығарылған. Аудан тұрғындарының 29,2 %-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыздандырылған. Тұрғындардың 66,1 %-ының жеке ұңғымалары мен құдықтары бар, ал 4,2 %-ы суды ашық көздерден алады.
Су құбырлары жүйесінің жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайды. Орталықтандырлған сумен қамтамасыз етілген барлық елді мекендерде су құбырлар жүйелері мен имараттарына қайта жаңарту қажет, себебі су құбырларының басым бөлігі аппаттық жағдайда. Аудан бойынша орта есеппен сумен жабдықтау құбырларының тозу дәрежесі 90 пайызды құрайды.
2008 жылы ауданның сумен қамту және су қайтарғы жүйелерінің қызмет етуіне 7309,0 мың теңге бөлінді, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 75,8 пайызды құрайды. Бөлінген қаражатқа ауданның елді мекендерінде қоғамдық скважиналарды бұрғылау және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Және де Восточное ауылында скважина мен су қысымды мұнараны сатып алуға 2,0 млн. теңге қаражат бөлінді.
Республикалық қаражат есебінен 2008 жылы Привольное, Донское және Уланское ауылдарында жер астындағы су қорын іздестіру және зерттеу жұмыстары жүргізілді.
2009 жылға ауылдық округтер мен кенттерге елді мекендердің сумен қамту және су қайтарғы жүйелерінің қызмет етуіне 5890,0 мың теңге бөлінді. Соның ішінде Молодежный кентінде су құбырлар жүйелерін ағымды жөндеуге 1800,0 мың теңге, Баяш, Борсак, Манат ауылдарындағы мектептерге скважина бұрғылауға 1140,0 мың теңге, Айыртау ауылында су құбырлар жүйелерін ағымды жөндеуге 600,0 мың теңге, Асубұлақ кентінде қоғамдық скважиналарды бұрғылауға – 270,0 мың теңге, Каменка и Азовое ауылдарына насос алуға – 330,0 мың теңге, Таврическое ауылында су құбырлар жүйелерін ағымды жөндеуге – 700,0 мың теңге, Привольное ауылында – 350,0 мың теңге және Огневка кентінде – 700,0 мың теңге қарастырылған.
-
ҚҰРЫЛЫС
2008 жылы аумағы 6316 м2 құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді, былтырғы жылдан 2,5 есеге көп, сондай-ақ, жол бойындағы екі дәмхана, бір дүкен, екі дәріхана, Привольное ауылында, жабық спорттық кешен, екі жаздық үй, «Исток» жеке меншік мектебінің екі жаздық демалу орталығы, Бестерек ауылындағы 80 орындық мектеп және Митрофановка ауылындағы 132 орындық мектеп пайдалануға берілді.
Қазіргі уақытта Молодежный кентінде 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жалғастырылуда. Бюджеттен 2008 жылы 210,0 млн. теңге, және 2009 жылы 191,0 млн. теңге бөлінді. Жоспар бойынша пайдалануға беру уақыты 2009 жылдың IV тоқсанында.
Жыл басынан 66 сәулеттік жоспарланған ғимараттар берілді, 36 жобаланған құжаттар келісілді.
«Сібе көлдері» демалу аумағының бас жоспары жобасының әзірленуі аяқталып, 12,9 млн. теңге бөлініп толығымен игерілді. Бұл жоба барлық лайықты депортаменттермен, Шығыс Қазақстан облысының қызмет орындарымен келістірілген және 2008 жылы 25 желтоқсанында аудандық маслихат сессиясымен бекітілді.
2008 жылы ауданның елді мекендерінде көшелерді жарықтандыру, көркейту, санитарлық тазалау және көгаландыруға бюджеттен 16950,0 мың теңге бөлінген. 2007 жылымен салыстырғанда 2,5 есе көп .
2009 жылы бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 19470,0 мың теңге қаржы қарастырылуда. Соның ішінде: елді мекендерде санитарлық тазалауға – 2350,0 мың теңге, көркейтумен көгаландыруға – 7150,0 мың теңге, көшелерді жарықтандыруға – 9970,0 мың теңге. Алмасай, Айыртау, Жаңа-Қанай, Алғабас, Тарғын, Привольное, Таврия, Жаңа-Одесский ауылдарында және Молодежный, Асубулақ, Огневка кенттерінде көшелерді жарықтандыру жоспарлануда.
-
ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ
Ауданда жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету: аудан бойынша халық саны 100-ден асатын 42 елді мекендер ұйымдастырылған, соның ішінде:
- 9 елді мекендер автомобиль жолдарының бойында орналасқан, облыс және аудандар аралық тұрақты бағыттармен қамтылған - Привольное, Гагарин, Таврия, Восточный, Донской, Саратовка, Борсақ, Сартымбет, Жоғарғы Тайынты.
- ауданның 22 елді мекендерінде жолаушы тасымалдау облыс орталығымен тікелей байланысқан бағыттармен жүзеге асады - Молодежный, Асубұлақ кенттері, Жантас, Тарғын, И. Айтыков, Бестерек, Ленинка, Митрафановка, Тройницкий, Каменка, Пролетарка, Отрадный, Жаңа-Одесский, Украинка, Жаңа-Азова, Макеевка, Алмасай, Завидное, Жаңа Қанай, Герасимовка, Бозанбай ауылдары.
Қазіргі уақытта ауданда тұрақты жолаушы тасымалдаумен 31 елді мекен қамтамасыз етілген немесе 73,8 пайызды құрайды. Тұрақты жолаушы тасымалдау бойынша бағыттармен 11 елді мекен қамтылмаған – Ақтау кенті, Манат, Горняк, Бетқұдық, Азовое, Ақтөбе, Жанұзақ, Алғабас, Утепов, Ұлан ауылдары. Бұл елді мекендерде жолаушы тасымалдау жеке меншік тасымалдаушылармен жүзеге асырылады. Ұлан, Жанұзақ және Алғабас ауылдарына жолаушы тасымалдау бойынша тендерді жеке кәсіпкер Егеубаева Ж. жеңіп алған болатын, бірақ маршруттардың тиімсіз болғанына байланысты, жабылып қалды.
Огневка және Белогор кенттері тұрғындарының сұранысы және осы елді мекендердегі жолаушыларды тасымалдау мәселесін шешу үшін осы жылы ауданның бюджетінен осы кенттердің әкімшіліктеріне «Газель» микроавтобустарын алуға 1629,0 мың теңге барлық сомасы 3258,0 мың теңге бөлінді.
-
МӘДЕНИЕТ
«Ұлан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемесінің «Дарын» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (МКҚК) торабына 1 аудандық мәдениет үйі, 2 селолық мәдениет үйлері, 18 селолық клубтар және 9 кітапхана кіреді.
2008 жылы ауданның клуб мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға және тілдерді дамытуға аудан бюджетінен бөлінген 54217,0 мың теңгенің 39288,0 мың теңгесі клуб мекемелеріне бөлініп, музыкалық аппаратуралар мен «Газель» автокөлігі алынды.
2008 жылы Баяш Өтепов ауылындағы ауылдық клуб үйінің ғимараты 1,0 млн теңгеге жеке адамнан сатып алынып, толық жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, іске қосылып, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Дарын» МҚК кәсіпорнының балансына берілді.
Аудандық бюджет есебінен 1,0 млн. теңгеге 8 ауылдық мәдениет үйінің жылу жүйелері іске қосылды (электрлік каллориферлер).
Ауданда 5 «халықтық» атақтары бар шығармашылық ұжымдар халыққа қызмет көрсетуде. Олар: аудандық мәдениет үйінің халық театры, «Бескөл» фольклорлық ансамблі, Завидное ауылдық мәдениет үйінің «Надежда» вокалдық тобы, Таврия ауылдық мәдениет үйінің орыс әндерін орындаушы хор ұжымы, Бозанбай ауылдық мәдениет үйінің «Жастар» би ұжымы.
2008 жыл көлемінде 1600 мәдени-бұқаралық шаралар өткізілді. Олар: кездесу кештері, халықтық мерекелер, тақырыптық концерттер, жастарға арналған кештер, балаларға арналған көңілді қызықтыру шаралары. Аталған шаралар 57577 адамды қамтыды.
Тарғын, Сағыр ауылдарында клуб үйлерінің ғимаратын салу мақсатында клуб үйлерінің жобалық-сметасының құжаттары дайындалды.
2009 жылға клуб мекемелерін сақтау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 61832,0 мың теңге қарастырылды.
-
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
Аудан бойынша 2008 жылы спортпен айналысуға тұрғындар үшін 40 спорт зал, 36 баскетбол, волейбол алаңдары, 7 хоккей қорабы, 25 футбол алаңы қызмет көрсетті.
Спорттың материалдық-техникалық базасы тұрақты жақсаруда.
Привольное ауылында 2008 жылы спорт кешені пайдалануға берілді және Молодежный кентінде спорт модулінің құрлысы басталды.
Ауданда 57 дене шынықтыру және спорт ұжымдары жұмыс істейді. Оның ішінде 7053 адам спортпен шұғылданады, яғни барлық аудан тұрғындарының 17 % құрайды. Бүгінгі күнде 10 жеткіншек спорт клубтарында 300 бала спортпен айналысады.
Ауданда бір балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және «дзю-до», «қазақша күрес», еркін күрес, бокс, тоғыз-құмалақ, қол күрестен филиалдар жұмыс істейді.
Спорттың тоғыз түрінен спортшыларымыз облыстық және республикалық дәрежедегі құрамға кіреді, оның ішінде «қазақша күрес», «самбо», «дзю-до», тоғыз құмалақ, қол күрес, гір спорты, көкпар, аударыспақ, бәйге 25 шақырым.
Облыс әкімінің жүлдесіне және Ш. Құдайбердиевтің 150 жылдығына арналған ХІІ облыстық халықтық спорт ойындарында аудан құрама командасы бірінші орынды иеленді. Мемлекеттік қызметкерлердің арасында облыстық жарыста 2008 жылы ауданның құрама командасы жалпы есепте бірінші орынды иеленді
Ауданда қысқы спорт түріне үлкен көңіл бөлінуде 8 команда шайбалы хоккеймен шұғылданатын спортшылар саны 250 жас хоккейшілерден құралады.
Қазіргі уақытта жалпы білім беру мектептерінде 7 хоккей қорабы және 9 мұз айдыны шайбалы хоккей ойындарына пайдаланылмақ.
Молодежный кентіне 2009 жылы хоккей қорабынның құрлысына аудан бюджетінен 3900,0 мың тенге қарастырылды.
Қысқы спорт түрлеріне спорт құралдарын алуға аудан бюджетінен 450,0 мың тенге бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: |