БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі Пән «Қазақ журналистикасының тарихы»



Дата21.06.2016
өлшемі114.14 Kb.
#151463
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

Журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы


«6М050400 – ЖУРНАЛИСТИКА»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Емтихан тақырыптарының тізімі
Пән «Қазақ журналистикасының тарихы»

1. Қазақ пубицистикасының көшбасшылары

А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбаев, М.Сералин, М.Шоқай, Е.Омарұлы, Т.Шонанұлының публицистикасы.



2. Қазақ публицистикасының пайда болуы

Публицистиканың фольклорлы түрі. Батырлар жыры, ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тарихи әндер. А. Кұнанбаевтың, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсаринның публицистикасы.



3. Алаштың публицистері – демократиялық прессаның ірге тасын қалаушылар

Ә. Бөкейханов – публицист. А. Байтұрсынұлының публицистикалық шеберлігі. М. Дулатовтың алғашқы жазбалары. Алаштағы басқа да демократиялық бастаулар.



4. Қазақстанның алғашқы газеттері

«Дала уәлаятының газеті», «Түркістан уәлаятының газеті». Қазақ газеттерінің алғашқы жанрлары. Қазақ газеттерінің алғашқы редакторлары. Алғашқы қазақ газеттерінің прогрессивті ролі.



5. Большевисттік басылымның дамуы

«Тургайская газеті» (1895-1910), «Туркестанские ведомости», «Оренбургский листок» газеті, «Степной край». Ресей басылымдарындағы қазақтың мақалалары «Астраханский вестник».



6. 50-60 жылдардағы Қазақстанның БАҚ

Тақырыптар мен пресса. Қазақстандағы телеақпараттың пайда болуы. Прессаның жаңа түрдегі жұмыстары. Қазақ прессасындағы жанрлардың ерекшеліктері. М.Әуэзов, С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, А.Әлимжановтың публицистикасы.



7. «Серке», «Казақ», «Орал», «Кырғыз» газеттері

"Казақ", "Серке", (1907) "Орал" (1907) газеттерінің пайда болуы. М.Дулатовтың мақалалары. Қоғамдық-политикалық «Қазақ» (1913-1918) газетінің пайда болуы. "Алаш-Орда" ұлттық партиясы.



8. Қазақстанның журналистикасы

БАҚ элементтері. БАҚ қоғамдық пікірдің түсіндірмесі сияқты. БАҚ жанрлары мен түрлері. Отандық тележурналистиканың жаңа бағыттары.



9. Жаңа бағыттағы Қазақстанның БАҚ

Елдегі ұлттық-политикалық жағдайлар мен алғашқы жылдардағы БАҚ. БАҚ экологиялық тақырыптар. Желтоқсан оқиғасы. Парламенттік және құқықтық журналистика. «ақ дақтылардың» тарихы.



10. Қазақстандағы теле мен радионың құрылуы

Қазақстандағы алғашқы радиостанциялар. Радиостанциялар құрылысының аяқталуы. Радионүктелердің саны.


Пән «Журналистика негіздері»

1. Журналистиканың тарихилығы, ұлттығы, БАҚ мен функциялары

Жүйе компоненттері («құрылтайшы», «меншік иесі», «хабар таратушы»). Журналистика ғылымның негізгі категориялары. Теория, тарих, әлеуметтану. Журналистиканың тіл мен ділмен, салт-дәстүрмен қабысуы.



2. Қазақстандығы ғылыми журналисттік мектеп

К.Н. Бекхожин –қазақ журналистикасының тарихын бірінші зерттеушісі. Т.С. Амандосов – қазақ журналистикасының теориясымен тәжірибесі оқулықтарының авторы. Т.К. Кожакеев – қазақ журналистикасындағы сатиралық ғылыми-зерттеу мектебін қалаушы. М.К. Барманкулов – отандық тележурналистика теориясының қалаушысы.



3. Журналистика және ақпараттық кеңістік

Ақпараттық кеңістік – территория, потенциалды және шынайы аудитория ретәнде қарастырылатын тұрғындар. Ақпараттық кеністікте қызмет атқараттын әртүрлі типтегі, әртүрлі дәрежедегі БАҚ.



4. Журналистика және шығармашылық қызмет

Әлеуметтік ұстаным аясы. Шығармашылық қызмет – БАҚ функцияларын жүзеге асыру тәсілдерінің бірі. Шығармашылық мәні. Туындыгерлік пен көшірмелік бірлігі. Журналистикадағы шығармашылық қызмет түрлері.



5. Журналистің әлеуметтік ұстанымы

Қоғам өмірінің үдірісі. Өткен шаққа, қазіргі жағдайға болашақ күндерге журналистің мәдени – идеологиялық көзқарасы. Журналистика: ұстанымдар, құндылықтар және әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктер мүддесі.



6. Журналит – бұқаралық ақпараттық қызмет субъекті

Әлеуметтік қажеттілікке лайықтылық БАҚ-тың өз функцияларын байыпты орныдауы. Нәтижелік және бағалау пайымы. Журналист сөзінің пәрменділігі. Бақылау, тікелей ұйымдастырушылық қызмет нәтижелігінің көрінісі.



7. Аудитори факторының БАҚ жүйесіне әсері

БАҚ жүйесі және қызметті ортасы. БАҚ жүйесінің тұтастығы. БАҚ-тың жіктелуі және жинақталуы.



8. Ақпараттық рынок және БАҚ жүйесінің трансформациясы

Ақпараттық рынок жағдайындағы БАҚ жүйесі. БАҚ-тың меншік иелігіне қарай жіктелу ерекшелігі. Мемлекет құзырындағы БАҚ. Жеке, мемлекеттік – капиталисттік меншіктің, қаржылық, өндірістік топтар меншігінің БАҚ жүйсіне ықпалы.



9. Журналист ой еңбегі мен шығармашылығының мәдениетті

Жас маманың, тәжірибе алуға барған студенттің жаңа жағдайға бейімделуі. Ой еңбегі үдерісі мен мәдениеттің меңгеру. Қызметтін ғылыми ұйымдастырудың жолдары. Жұмыс істеудің қолайлы жағдайы. Алған теориялық білімді іс жүзіне асыру мүмкіндікттері.



10 БАҚ типологиясы мен түрлері

Типология – БАҚ жүйесі басты сипаттарын салыстыру жолымен зерттеу әдісі. Басылым, телерадиобағадарламалар типі: БАҚ белгілі бір тобын аңықтайтын үлгісі мен түрі. БАҚ-тың тип қалыптастырушы факторлары: аудитория сипаты, таратылатын ақпарат сипаты, басылымның, телерадиобағдарамаларының мақсат мүдесі.


Пән Журналистиканың құқықтық негіздері»

1. Журналистика және заң

Құқық туралы түсінік. Көпшілікке арналған құқық түрлері. Жеке құқықтың басты құрамы азаматтық құқық. Бұқаралық ақпарат құқықтың мәні мен мазмұны.



2. Журналисттің міндеттері мен құқығы

Бұқаралық ақпараттық құқық жүйесіндегі журналисттің құқықтық мәртебесі. Журналисттің негізгі құқықтары мен міндеттері. Құқықтық журналистиканың мәдениеті. Журналисттің кәсіби міндетін атқару кезіндегі кездесетін кедергілерге қатысты қылмыстық жауапкершіліктер.



3. Конфиденциалды ақпарат

Жеке өмірді қорғау. Коммерсиалды құпиялар. Конфиденциалды ақпарат. Ақпарат алуға тыйым салыну. Заңмен қорғалатын арнайы құпиялар.



4. Ақпараттық қауіпсіздік және БАҚ

Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпарат құралдарының еркіндігі: негізгі мәні, шегі және жауапкершілік деңгейі. Ақпарат құралдарының еркіндігінен теріс пиғылда пайдаланудың қылмыстық құқықтық генезисі, жауапкершілікке тарту жолдары.



5. Журналистиканың құқықтық негіздері

БАҚ құқықтық аспектілері. БАҚ жарнамасы, еркіндігі және оның мәні.



6. Ақпарат таратудың еркіндігін асыра пайдалану: түсінігі және түрі

Журналисттік құқықты асыра пайдаланудың негізгі пішіндері және жауапкершілікке тартылу мәселесі. БАҚ туралы заңды бұзу кезіндегі жауапкершілік. БАҚ саласында заң бұзушылықтарға жол берген жағдайда жауапкершілікке тартылудың түрлері. Ақпарат таратудың еркіндігін асыра пайдаланудағы соттық және администрациялық түрлері.



7. Интернеттегі ақпарат таратудың еркіндігі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі туралы түсінік. Интернеттің ролі және де оның сапасы.



8. Журналисттік зерттеу: қиялдан іске дейін

Журналисттік зерттеудің негізгі жанрлары. Журналист зерттеушінің негізгі атқаратын ісі, зерттеудің түрлері, сонымен қатар ақпарат көзімен атқаратын жұмысы. Зерттеудің жанр түрлері. Мәтіннің композициясы. Зерттеудің теледидар материалдарындағы және зерттеу сценарийнің түрі.



9. Авторлық құқық

ҚР заңы «Авторлық құқық». Қазақстандағы авторлық құқықтың формасы. Әдеби шығармаларды Берн Конвенциясының қорғауы.



10. БАҚ саласындағы тіркеу мен лицензия беру.

БАҚ тіркеу тәртібі. БАҚ тіркеу кезінде туындайтын мәселелер және оларды шешудің мүмкіндіктері. БАҚ тіркеу мәселесіндегі соттық және әкімшілік тәжірибе.


Пән «Талдамалы журналистика»

1. Ұлттық талдамалы журналистикасының тарихы

Талдамалы журналистиканың тарихы эволюциясы. Ұлттық бабажурналистика пішіндерінен қазіргі аналитикалық мәтіндерге дейінгі жол. Өмір шындығын талдау арқылы бейнелеу спецификасы.



2. Талдамалы журналистиканың қоғам өмірімен сабақтастығы

Журналистиканың әлеуметтік рөлі. Қазіргі аналитикалық, талдамалы материалдарды жариялайтын БАҚ-тың бет-ажары, жіктелімі. Сан салалы, сан түрлі газет, журналдар, хабарлар интернет-сайттар.



3. Журналистикадағы сараптамалық әдіс

Талдамалы журналистикада өмір шындығын зерттеудің әртүрлі әдістері. Аналитикалық журналистикада шығармашылықтың әр түріне өз әдістерінің қалыптасуы мен дамуы.



4. Жағдайды талдау

«Жағдай» ұғымы. Жағдайды тудыратын сан түрлі оқиғалар мен процесстер. Жағдайды талдай білу. Жағдайдың сипатын аңықтау.



5. Әлеуметтік қажеттілікті саралау

«Қажеттілік» ұғымы. Бірнәрсені керексіну, қажетсіну. Қажеттіліктің түрлері, қажеттіліктің туындауы. Үлгілер, модельдер, мысалдар арқылы оның қызметін мақсатін саралау.



6. Талдамалы сұхбат және талдамалы сауалнама

Талдамалы сұхбаттың информациялық сұхбаттан айырмашылығы, оқиғалар, процестер, ситуациялар туралы баяндаумен шектелмеу, оларды зерттеу, олардың мәнін ашу. Сауалнаманың қазіргі журналистика сахнасына әрі әдіс, әрі жанр ретәнде шыңуы.



7. Талдамалы әнгіме-дүкен және талдамалы түсіндірме (комментарий)

Әңгіме-дүкен мен сұхбаттың сыртқы пішін ұқсастығы. Сұрақ –жауап байланысы мен сабақтастығы. Мәтінңің қосарлы құрамда орындалуы. Түсіндірме (комментарий) арқылы автордың көкейтесті мәселеге өз көзқарасын білдіруі.



8. Шығармашылық рецензия және мақала

Рецензияның жанрлық ерекшелігі, синтетикалық бітімі. Оның хабарлама, талдамалы жанрлар инструментарийлерін пайдалана алу мүмкіндігі. Рецензияның деректі, бейнелі талданған шындық трансформациясын қайта талдауы, баға беруі.



9. Баспасөзге шолу және қамту (обозрение)

Баспасөзге шолудың мақсат-міндет, БАҚ көркемдік, идеялық, дизайндық дәрежесән көтеру. Оның рецензия жанрымен жақындығы. Қамту (обозрение) жанрының міндеті – белгілі бір уақыт аралығында өткен оқиғаларға шолу жасап, баға беру болжам жасау.



10 Талдамалы есеп және талдамалы корреспонденция

Жанрларды жіктеудің классикалық төрт белгісі. Уақыт және кеңістік аясы шектеулі. Функциясы – мәнді факторлер мен оқиғалардын мәнің ашу, олардың мазмұның көрсету, объектіні бағалау.


Пәні «Тележурналистика»

1. Тележурналистиканың табиғаты

Тележурналистиканың табиғатын танытатын өзіне тән артықшылықтары: Адамзат өміріндегі қимыл – қозғалыс, іс - әрекетті, болып жатқан оқиғаны, уақыт аясында орын алған кез – келген құбылысты қаз – қалпында бейнелей алатындығы; Экран арқылы беретін эстетикалық қуатының күштілігі. Уақыт пен кеңістікті қамтудағы шексіздігі. Тілдесу мен жүздесуді бір мезгілде жүзеге асыра алатындығы. Шектен тыс әсерлілігі. 6. Бейнелі деректі сақтай алатындығы. Бейнематериалдағы бұлтартпас айғақ арқылы дәлелдей алатын дәйектілігі.



2. Тележурналистиканың тарихы мен даму кезеңдері

30-40 – жылдардағы экспериментальдық телехабарлар. 50 – жылдардағы журналистік телевизия. 60 – жылдардағы телепублицистика. 70 – жылдардағы бейнежазбаға негізделген телевизия. Қайта құру мен жариялылық кезеңіндегі телевизия. 90 – жылдардағы тәуелсіз мемлекеттер телеарналары. Қазіргі заманғы тележурналистика.



3. Экран тілі

Тележурналистиканың бейнелеуші құралдары: бейне, дыбыс, сөз, музыка, монтаж Тележурналистиканың бейнелеуші құралдарын оқыту үшін ең алдымен, олардың экран тілінің элемпенттері ретіндегі функцияларын түсіндірген абзал.



4. Тележурналистиканың функциялары

Тележурналистиканың функциялары оның БАҚ жүйесіндегі алатын орны мен адамзат қоғамындағы атқаратын ролі негізінде айқындалады. Әлбетте, тележурналистиканың БАҚ жүйесіндегі алатын орны оның табиғатына тән артықшылықтары арқылы көрініс табады. Соның ішіндегі ең басты артықшылығы аудиторияны қамтудағы аса зор мүмкіндігі.



5. Тележурналистиканың пішіндері

Тележурналистиканың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі пішіндері бүгінгі таңда заман ағымындағы өзгермелі құбылыстар, технологиялық бағыттар.

Ток–шоу. Жаңалықтар желісі. Телесюжет. Авторлық бағдарламалар.

6. Тележурналистиканың ақпаратты жанрлары

Телеақпарат. Телесұхбат. Телерепортаж. Есеп жанры. Көгілдір экранның қуатын арттырып, қоғамдық пікір алуандығын алға тосып, өткір де өзекті мәселелерді халықтың назарына ұсынатын жанр – қадрдегі сөз (выступление).



7. Тележурналистиканың талдамалы жанрлары

Тележурналистиканың талдамалы жанрларының атқаратын функциясы. Телекомментарий - қоғамдық маңызы бар фактіге қолма – қол талдау жасап, баға беретін талдамалы жанрлардың ішіндегі ең оңтайлы, ең шағын, ең оперативті жанр. Телешолу - ақпарат алумен қатар зерттеп – зерделеу әдісі болып табылады.



8. Тележурналистика мамандықтары

Тіпті, жанрларға байланысты атауы бар мамандықтарі: телекомментатор, интервьюер, шолушы, тележүргізуші, редактор, виджей. Атқаратын қызметі техникалық болғанмен орындалу реті тек ғана шығармашылық процесс арқылы жүзеге асатын мамандықтар да бар: оператор, режиссер, режиссердің асистенті, т.с.с.

9. Телеарналардың құрылымдық жүйесі


Телеарналар қаржыландыру көзіне байланысты мемлекеттік және мемлекеттік емес. Таралу аймағына қарай республикалық, аймақтық, яғни, облыстық, аудандық, жергілікті. Телеарналардың өзіндік тұғырнамасы, ұстанатын позициясы, жұмыс істеу бағыты, бет – бейнесі, имиджі, форматы қалыптасады.

10. Телеаудитория және оны зерттеу тәсілдері

Телеаудитория және оны зерттеу тәсілдері телебағдарламаларды көрермен тарапынан бағалау критерийлеріне сәйкес принциптер. Телеарналардың рейтингтік көрсеткіші. Мақсаттық аудиториялардың қажетін қанағаттандыру арқылы телеарна тележурналистиканың функциялары.


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:

1. Мелюхин И.С. Информационное общество: Истоки, проблемы, тенденции развития. – М., 1999.

2. Панарин А.С. Глобальное политическое прогнозирование. Учебник. – М., 2008.

3. Тертычный А.А. Аналитическая журналистика. Москва, 2010

4. Барманкулов М.К. Сравнительный анализ жанров. Алматы, 1975

5. Барманкулов М.К. Журналистика для всех. Алматы, 1979

6. Барманкулов М.К. «Телевидение: деньги или власть?» Алматы: «Санат», 1997

7. Тұрсынов Қ.Көгілдір экран құпиясы. Алматы, 1988

8. Барлыбаева С.Х. Телевидение в мире и в Казахстане. Алматы: «Қазақ университеті», 2001

9. Козыбаев С.К. Очерки истории журналистики., А., 1987

10. Ибраева Г. Ж. Масс-медиа в политической культуре общества. – Алматы: 2000
Қосымша әдебиеттер:

1. Амандосов Т., Елеукенов Ш., Ыдырысов Т., Қожакеев Т. Газет жанрлары. –Алматы, Қазақстан. –208 б., 1965.

2. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. –Алматы, Мектеп,. –240 б.; 1981.

3. Почкай Е.П. Методы научного анализа журналистского творчества. – СПб., 1996.

4. Рихтер А.Г. Правовые основы журналистики. Факультет журналистики МГУ, 2002.

5. Монахов В.Н. Свобода массовой информации в интернете. Правовые условия реализации. Москва, 2005.

6. Симонов А.К., Земскова С.И. Регистрация СМИ. Типовые уставы СМИ. Юридический Мир, 2006.

7. Калмыков А.А., Коханова Л.А. Интернет-журналистика. Калмыков А.А., Коханова Л.А. 2005.

8. Журналистика в мире политики. 2004. Под ред. Г.Корконосенко.

9. Барлыбаева С.Х. Коммуникационное развитие: национальный и международный аспекты. 2008.

10. Монахов В.Н. СМИ и Интернет: проблемы правового регулирования. Экопринт, 2003.

11. Воскобойников Я., Юрьев В. Журналист и информация. – М., 1993.

12. Гуревич С. Репортаж в газете. – М., 1973.

13. Колесниченко А.В. Практическая журналистика. М., 2000

14. Ворошилов В.В. Журналистика. М., 2000

15. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику. Теоретические аспекты функционирования современной журналистики в Казахстане. – Алматы: Казак университетi, 2001

16. Омашев Н. О. Белестер. -Алматы: Атамұра, 2001.

17. Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы, 1988.

18. Козыбаев С.К. Масс-медиа. Справочник. А., 2007

19. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. –Алматы, Мектеп, 1981. –240 б.;



20. Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. –Алматы, Қазақ университеті, 1992 –272 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет