БАҒдарламасы қарағанды 2004 мазмұны паспорт 3



бет2/2
Дата10.06.2016
өлшемі423.5 Kb.
#126281
түріБағдарламасы
1   2

5.5.1. Еңбек ресурстары

Экономиканың дамуы еңбек рыногына әсер етеді. Облыстың қызмет көрсету құрылымында экономика саласында жұмыс істейтіндердің үлес салмағы өсуде. 01.01.2004 жыл бойынша экономикалық белсенді халықтың саны 747,4 мың адамды құраған (1999 жылмен салыстырғанда өсім 16,9%-ды құраған), жұмыспен қамсыздандырылған халық – 693,8 мың адам (1999 жылмен салыстырғанда 15,6%-ды құраған), тіркелген еңбек рыногында жұмыссыздар саны – 8,1 мың адам. Жұмыссыздықтың тіркелген деңгейі 1999 жылы 3,0%-дан 2003 жылы 1,1%-ға дейін төмендеген, есеп айыру 13,9%-дан 7,2%-ға дейін сәйкесінше.


Жаңа жұмыс орын құру бағдарлама бойынша соңғы 3 жылда 87 мыңнан астым орын құрылған, оның ішінде 2003 жылы – 21,5 мың жұмыс орны.

Облысты сақталған тұрақты экономикалық дамытуда еңбек рыногында жағдайды өзгертетін ешқандай айтарлықтай өзгерісі күтілмейді. Еңбек рыногы үшін әлі де мемлекеттік емес секторының пайдасына экономика секторы мен салалары арасында жұмыс күшін қайта бөлуді, жұмыспен қамсыздандырылған халық санын өсіру жалғастыратын жұмыссыздық деңгейін азайтатын тенденция болып қалуда. Алдағы кезеңде негізгі күш кедейлікті азайту жөніндегі белгіленген тапсырмаларды орындауға бағытталады. Қоғамдық жұмыстар түрлерін және пішіндерін жетілдіру, оларға экономикалық мақсатқа сәйкестігін келтіру жөніндегі, еңбек рыногын ішкі қорғау жөніндегі жұмыс жалғасады.

Осы бөліктегі жұмыспен қамсыздандыру саясаты тоқтап тұрған кәсіпорындарды сауықтыру, жаңа өндіріс ашу, импорталмастыруды дамыту, инвестициялар тарту, уақытша және маусымдық қызметінде жұмыс орындарын, оның ішінде қаржы мүмкіндігі есебімен кеңейту барысында қосымша жұмыс орындар ашуды сақтау арқылы шешіледі.


10 Кесте. Облыс халқын жұмыспен қамтамасыз ету




Көрсеткіштер атауы

2003ж. баға

2004ж. баға

2005ж. баға

2006ж. баға

2004ж 2003ж.

%-бен


2006ж. %-бен 2004ж.

Экономикалық белсенді халық, мың. адам

1332,2

1345,4

1356,2

1388,2

101,0

103,2

Экономикада жұмыс істейтіндер, мың. адам

724,6

725,5

728,9

729,9

100,1

100,6

Оның ішінде



















- өнеркәсіп және құрылыс, мың. Адам

195,6

195,4

198,2

198,9

99,9

101,8

- қызмет көрсету, мың. адам

252,0

241,3

242,0

242,4

95,8

100,5


5.5.2. Білім беру және кадрлар даярлау

Облыстың кәсіби білім беру саласы 33 кәсіби мектептер және 37 колледжден тұрады. Осы кезде облыстың барлық аудандар мен қалаларында кәсіби мектебі немесе оның филиалы бар, колледждерде жұмыс істейді. Кәсіби мектептер мен лицейлерде 51 мамандық, колледждерде – 80 мамандық бойынша дайындау жүргізіледі.


Ұқсас мамандарды топ-топтарға бөлу 1 сур. көрсетілген:


Кәсіпорынның экономика рыногы шартында – инвесторлар, өнеркәсіп және коммерциялық құрылымдар, орта және шағын бизнес кәсіпорындар рынок шартына тез үйренеді және жаңа технологияға жылдам ауыса алатын бітірушілер біліктілік деңгейінің талабын көтеруді ұсынады. Оқу – бағдарлама құжаттарын қайта бағалау және қайта жасау, оқу – материалдық базасын жетілдіру, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру қажеттілігі туады.

КМ (КЛ) және колледждер арқылы жұмыспен қамтамасыз етілмеген халықты дайындау және қайта оқыту жөнінде жұмыспен қамсыздандыратын қызметтер мен жұмыс жүргізіледі, және де жыл сайын жұмыссыздарды мемлекеттік құрылымдар арқылы оқыту өсуде.

2003 жылы жұмыспен қамсыздандыру орталығы арқылы 1234 адам дайындықтан өткен, 2000 жылдан бастап тұрақты өрлеуде.

2004-2006 жылдары кәсіби оқуды бөлмеу одан әрі дамиды, кәсіби бағдар жұмыс жетіледі.

Осыған орай, кәсіби бағдарлы, кәсіби қажетті орталықтар құрылады, оқу кешендері кеңееді: мектеп – кәсіби мектеп – колледж – ЖОО.

Жастарға кәсіби білім беруді дамыту және жұмыссыздарды оқыту үшін негізгі бағыттар:

1. жұмыс берушілер, мектеп жастары және жұмыссыздармен жұмыс;

2. кәсіби білім беру және оқыту оқу-материалдық базасын жетілдіру және педагогика кадрларының біліктілігін жоғарлату;


  1. білім беру органдардың жергілікті орындау органдарымен және бөлімшелерімен жұмыспен қамсыздандыру мәселесі жөнінде өзара әрекеттесуі;

  2. кәсіби білім беру және оқыту (мазмұны, үлгісі, әдісі және оқу-әдістік базасы).

  3. шет елдік тәжірибесін және байланысын пайдалану.

2004 жылы селолық аудандарда 5 кәсіби мектеп, жоғары білікті жұмыс кадрлерді дайындайтын әр түрлі деңгейлі және көп сатты оқытумен 2 кешен филиалдар базасында ашу, жұмыспен қамсыздандыру орталығы арқылы жұмыссыздық деңгейін азайту, сонымен қатар жұмыссыздыққа қарсы күресу бағдарламасын орындау мақсатымен жұмысы жоқ халықтың дайындығын өсіру, бітірушілерді жұмысқа орналастыру деңгейін 85%-ға жеткізу, облыстық білім беру департаменті жанындағы кәсіби мектептер мен колледждерде әдістемелік дайындығын, үздік педагогикалық тәжірибесін жинақтау және оқытуды көтеруге мүмкіндік беретін үздіксіз кәсіби білім беру және кәсіби диагностика орталығын құру, инновациялық оқыту жүйесін енгізу, КМ (КЛ), колледждердің мемлекеттік стандартының оқу-материалдық базасының сәйкестігін қамтамасыз ету, болжамдаудың нақты механизмін, еңбек рыногының және аймақ халқының қажеттілігіне сәйкес жұмысшылар мен мамандарды дайындау мониторинг және реттеуді құру көзделген.


5.5.3. Қазна саясаты

1999 жылдан бастап 2003 жылға дейін жергілікті бюджетке түскен салық түсімдері мен басқа да түсімдердің өсуі 1,6 есеге жеткен. Егер 1999 жылы түсімдер сомасы 17452,4 млн. теңгені құраса, 2003 жылы жергілікті бюджетке 27359,3 млн. теңге түсім түскен (2002 жылы 110,5 %).

2003 жылғы жалпы көлеміндегі түсім айтарлықтай пайызы - 52,2% өңдеу өнеркәсібіне келеді. Осы сала бойынша соманың көбін облыстың 2 ең ірі кәсіпорындары «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ және «Испат-Кармет» АҚ енгізген (69,6%).

2004-2006 жылдарға арналған аймақтық қазна саясатының негізгі мақсаты Қарағанды облыс экономикасын, оның ішінде жаңасын құруды, жоғары технологияларды өнеркәсіптік игеру жөніндегі істеп тұрған өндірісті, ғылымға негізделген әзірлемелерді, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ұлғайту және жаңартуды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.

Қазна саясатының мәселелері:


  • бюджеттегі салық және басқа міндетті төлемдердің толық түсімін қамтамасыз ету;

  • салық заңдарын жетілдіру;

  • шағын және орта бизнесті дамыту есебінен салық салу базасын кеңейту;

  • өз өндіріс өнімін көтеріңкі қосымша құны, аймақтағы жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайды;

  • инвестицияларды жаңа ғылымға негізделген және жоғары технологиялық өндіріске тарту, ескірген белгіленген активтерді жаңартуға ынталандыру. Негізгі қорларды жаңартуға ынталандыру инвестициялық салық преференцияларды салық төлеушілердің жиынтық жылдық табысынан қосымша ұстап қалуға құқығы түрде ұсыну, сонымен қатар, нақты инвестициялық немесе инновациялық жобаны іске асыру үшін сатып алған және пайдаланған учаскелерге қайта енгізілген тіркелген активтер мен жер салығы бойынша мүлік салығын төлеуден босату арқылы жүргізіледі.

  • ғылыми жетістіктердің және инновациялық әзірлемелердің ауыл шаруашылық өнімдер өндірісінде және өңдеуінде енгізу жүргізетін төлеушілердің жиынтық жылдық табысынан қосымша ұстап қалуға құқығын беруде инвестициялық салық преференцияларды қолдану саласын кеңейту;

  • Қазақстан Республикасының салық заңдарын Қарағанды облысының индустриалдық-инновациялық дамыту Бағдарламасымен белгіленген басымдылықтар мен мәселелерді есепке ала отырып жетілдіру жөнінде сәйкес ұсыныстар енгізу үшін облыс инновациялық саясатындағы қолданыстағы және әзірленудегі аймақтық, салалық (секторлық) бағдарламаларды талдауда қатысу.

Аймақтық қазна саясатын орындауда өндірістің бірнеше салаларындағы және бәсекеге қабілетті, жоғары-технологиялық өнім (қызмет, қызмет көрсету) қоғамын басқару салаларындағы басымдылықты қамтамасыз ету балансталған өндірістік инфрақұрылым күтілген нәтиже болып қалады.





      1. Стандарттау және сертификаттау саласындағы саясатты жүзеге асыру

Стандарттау және сертификаттау, техникалық регламенттер дайындау және қабылдау мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін мына бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі:



  • өнімдерді сертификаттау және сынау зертхана жөнінде органдар желісін дамыту;

  • стандарттау және техникалық реттеу мәселесі жөнінде кәсіпорындардың салалық бірлестіктерін құру;

  • жергілікті тауар өндірушілер өнімінің мемлекетаралық және халықаралық қорларын құру және қолдау;

  • облыс кәсіпорындары базасында стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер құру мәселесін өңдеу. Жергілікті тауар өндірушілер мүдделерін ескере отыра облыс кәсіпорындар базасында (техникалық регламенттер мен стандарттарды әзірлеу) техникалық комитеттер құру мүмкіндігіне талдау жүргізу;

  • сапалық саладағы жетістіктері үшін облыстық конкурстың шартын жетілдіру;

  • сапа менеджмен мәселесі бойынша мамандар дайындайтын семинарлар, курстар өткізуді ұйымдастыру (МС ISO 9000: 2000);

  • халықаралық сапа жүйесін енгізу әзірлемесін түсіндіру және насихаттау.

Облыс кәсіпорындарында 2004-2006 жылдарға арналған ИСО 9000 сапа менеджментінің халықаралық жүйесін енгізу Бағдарламасы әзірленіде.

Бүгінгі күнде облыстың 11 кәсіпорны ИСО 9000 сериялы халықаралық сертификатқа ие болған.





      1. Инновациялық саясатты жүзеге асыру


Инновациялық құрамдас бөлігі

Инновациялық саясат дүниежүзілік деңгейдегі технологиялық әзірлемелерді белгілі салалар мен өндірістерде жеделдеткен өнеркәсіптік игеруге бағытталады.

Металлургиялық комплексінің бағдары металл өнімдерінің сапасын көтеру, номенклатураларды кеңейту және кластерлер құру болып табылады.

Металлургиялық өнеркәсібінің жоғарғы нәтижелеріне бар қуаттарды барынша пайдалану, тұрып қалуды қысқарту, жаңа техника мен технологиялар енгізу арқылы жеткен.

«Испат-Кармет» ААҚ 2002-2004 жылдары болатты үздіксіз құю жаңа технологиясын енгізуге 300 млн.АҚШ доллар жұмсайды. 2005 жылдан бастап диаметірі 400-1200 мм болатты құбырлар өндіретін зауыт салуды жоспарлауда.

өндіріс көлемін өсіру мақсатында машина жасайтын кәсіпорындар өнімнің жаңа түрлерін игеруде жұмыс істейді, өндіріске қайта жаңартуын және қайта пішіндеуін жүзеге асырады.



Химия өнеркәсібіндегі технологиялық бағдар синтетикалық және композициялық материалдар, оның ішінде жаңа буындар өндірісі, ресурс сақтайтын шағын тоннажды химия өндірісі болып табылады.
Импорт алмастыру саясаты және өнеркәсіптің бәсекеге шыдамдылығын арттыру.
Импорт алмастыру қазіргі сатыда өнеркәсіптің нақты секторын көтерудің негізгі бағыттарының бірі болды. Импорт алмастыру отандық тауарөндірушілерді қолдау, сауда балансын арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру үшін орасан резерв болып табылады.

Импорт алмастыру бағдарламасы облыста төртінші жыл іске асырылады. Жылдан жылға импорт алмастыру өнімдерін шығару көлемінің өсіп отырғаны байқалуда. 2000 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артып, қазіргі кезде 25 млрд, теңгеден асып отыр.

2000 жылға арналған облыстық бағдарлама 12 кәсіпорынның қатысуымен басталса, 2003 жылы оған 147 кәсіпорын қатыстырылған.

2000 жылы импорт алмастыру өнімінің «Испат-Кармет» ААҚ мен «Қазақмыс» Корпорациясы» АҚ импортының көлеміндегі жеке үлес салмағы 9,5 % құрады, қазіргі уақытта ол екі есе артқан.

Импорт алмастырудың облыстық Бағдарламасын іске асыру оң нәтижесін берді. Жалпы облыстың өңдеу өнеркәсібінде, сондай-ақ, машина құрылысы, химия, жеңіл өнеркәсіп, өнеркәсіп құрылыс материалдарының және басқа да өнімдері өсуде.

Бұйымдардың номенклатурасы облыста бұрын шығарылмаған, ал қазіргі кезде сатып алушы кәсіпорындар - жергілікті тауарөндірушілер импорт шығарушылар сатып алып жүрген өнімдердің жаңа түрлерімен толыға түсті. Солардың қатарында «Алаш» ЖАҚ шығаратын ферромарганец және силокомарганец; «Краст» ЖШС және «Скиф» ЖШС жеткізіп беретін лак-бояу өнімдері, «Монета Дитерджентс» ЖШС шығаратын синтетикалық жуу құралдары, «Углесинтез» ЖШС шығаратын көмір сілтілі реагент, сұрыптау прокат («Металлекс» ЖШС»); «Киіз аяқ киім» ЖШС шығаруға кіріскен жүннен басылған аяқ-киім және құрылыс киіздері; «Еркиногнеупор» ЖШС отқа шыдамды кірпіштер; «Карагандинский завод асбоцемизделий» ЖШС жеткізіп беретін асбоцемент трубалары; «Испат-Кармет» ААҚ мырышталған жаймалары, «Карагандарезинотехника» ААҚ шығаратын резина маталы және резина тросты ленталар, сұйық көмір қышқылы («Алаш» ЖАҚ химия металлургиялық заводы) және басқалар. Тұралап қалған кәсіпорындардың саны 14% артық төмендеді.

Импорт алмастырушы өнімдерді өндіретін тұралап қалған кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қатарына қосылды. Кірпіш шығаратын «Монолит» ЖШС», синтетикалық жуу құралдарын шығаратын «Монета Дитерджентс» ЖШС, қалыпты , қалыпсыз жеңдік бұйымдар, резина маталы және резина тросты ленталар, гуммирленген валдар шығару жөніндегі цехтарды іске қосқан «Караганда резинотехника» ЖШС, «Абай тігін фабрикасы» ААҚ және тігін бұйымдарын шығаратын қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорындары; «Темірші» ААҚ мүліктік кешені базасында құб өнідірісі игерген «Вторпром» ЖШС; тері бұйымдарын шығаратын «Медет» ЖАҚ және басқалар да бар. Жаңа жұмыс орындары құрылуда.

Соңғы бес жыл ішінде облыстың төлемдік балансында экспорттың импортқа қарағанда нақты абсолютті салмағы байқалып отыр, осы жылдары экспорт құрамы 78-79%.

Сонымен қатар облыстағы импорт алмастырудың барлық резервтерінің бәрі бірдей қолданылмайды және ғалымдардың өнеркәсіпшілермен бірлесе отырып оларды қолданысқа енгізу жөнінде жұмыс істеуі қажет.

Қазіргі кезде бәсекеге төзімді өнім өндіруші кәсіпорындар қазірдің өзінде толық қамтылған. Бірақта өнеркәсіптерді модернизациялау процессі өнім сапасына, түрлеріне, алынатын тапсырыстар көлеміне тікелей әсер етуде, баяу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Үкіметі импорт алмастыруды дамыту міндетін экспортқа бағытталған өнімдерді құрайтын жоғары технологиялық даму, өндірістің жоғары қосымша құны арқылы қойып отыр.

Осыған байланысты аймақтың индустриалды саясаты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары қосымша құнды тауарлар өндіру үшін кеңейту және жаңа кәсіпорындар құру.

Ол үшін жоғары технологиялық өндірістер дамытылып, өндіріске жаңа ғылыми жобалар белсенді енгізілетін болады.
5.6. Инфрақұрылым
5.6.1. Электрэнергетикалық саясат саласында
Қазіргі кезде облыстың барлық 8 жылуэлектрстанциялары жеке меншікте.

Соңғы үш жылда облыстағы электр қуатын өндіру:

2001 жылы -1380 МВт

2002 жылы 1420 МВт

2003 жылы 1465 МВт

Электр қуатын жеткізу 4 кәсіпорынның «Кегок»ААҚ ЦМЭС, «Қарағанды-Жылу» ЖШС, «Қарағанды РЭК» ААҚ және «Жезқазған РЭК» ААҚ желілері бойынша іске асырылады. Электр қуатын беретін желілер ұзындығы 30258 мың км. Шағын станциялар 163 дан.

Барлық станциялар жасалған келісімдерге сәйкес жылу мен электр қуатын өндіре отырып, электр жүктемесін ала отырып, қатаң тепе-теңдік режимінде жұмыс істейді.

Облыстың энергетикалық кешенінде келесі проблемалар бар:



  1. Жылуэлектр станцияларындағы және инженрерлік жүйелердегі қондырғылардың тозуы өте жоғары (70-80%).

  2. электр қуатын тасымалдау кезінде өте маңызды коммерциялық және техникалық жоғалтулар;

Жылуэнергия көздерінің және желілерінің меншік иелеріне қондырғыларды модернизациялау және жаңарту жөнінде бағдарламалар әзірлеу ұсынылған.

2003 жылы электр қуатын өндіру жөніндегі қуаттылықты арттыру мақсатында Балқаш және жезқазған ЖЭО ПТ -30/40, әрқайсысының қуаттылығы 42 МВт болатын 2 құбыргенератор іске қосылған.

Ұзақ мерзімді жоспарлар бойынша «Қарағанды -Жылу» ЖШС компаниясы (Қарағанды қ.) «Қарағанды-Жылу» ЖШС техникалық қайта жарақтандыру және қайта реконструкциялаудың 2004-2008 жылдарға арналған жоспары әзірленген. Осы бағдарлама іске асырылған жағдайда көзделген электр қуатын 100 МВт арттыру жоспарлануда.

2002 жылы қалалар және аудандар әкімияттарына электр қуатының коммерциялық жоғалтуларын төмендету жөніндегі шаралар әзірленіп, ұсынылған. Осы шараларға сәйкес электрмен қамтамасыз етудің әуе енгізулерін кабельдік енгізулерге ауыстыру, электр есептеу құралдарын жеке сектордағы үйлердің алдыңғы жағына, көп қабатты үйлерде бірыңғай орынға шығару, электр есептеу құралдарын мемтексеру, жөніндегі жұмыстар жүргізілді, шағын станциялар мен КТП толық жүктелмеген қуатты трансформаторларды неғұрлым қуатты трансформаторларға ауыстыру, ескірген электр қуатын есептеу құралдарын қазіргі кездегі (электронды) ауыстыру, ТП фидерлі есептегіштер орнату, электр таратушы желілерді жөндеу, шағын станцияларды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар жүргізілді. 2003 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде коммерциялық жоғалту пайызы облыс бойынша 35%-дан 24.7Ғ -ға дейін азайды.

Электрмен қамсыздандыру жөніндегі шаралар жоспарына электр станцияларының негізгі және қосымша қондырғыларын, электр таратушы желілерді, шағын станциялары алдағы жылу беру маусымына дайындау үшін қажетті көлемде дайындау және жөндеу жөніндегі шаралар бірінші кезектегі міндеттер болып табылады.

Энергиямен қамсыздандыру ұйымдары қалалар және аудандар әкімияттарымен бірлесе отырып, коммерциялық жоғалтулардың 20% дейін азаюына байланысты электр қуатын ұрлаумен күресу жөніндегі шаралар жоспарлауда.

Энергиямен қамсыздандырудың 2005-2015 жылдарға арналған облыстық бағдарлама әзірлеу жоспарлануда (1 саты 2005-2007 ж.).
5.6.2. Көлікті дамыту саласында.
«Аудандар (қалалар) арасында, аудандар және елді-мекендер ішінде жолаушыларды қоғамдық тасымалдауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 2003 жылы 314 млн. теңге бөлінген, соның ішінде қалааралық автобуспен тасымалдауға (селолық тасымалдау) 254 млн. теңге және қала маңындағы электр поездарымен тасымалдауға 60 млн. теңге бөлінген.

Осы бағдарламаға сәйкес бұрын жабылып қалған бағыттарды қалпына келтіру, қозғалыс жиілігін арттыру есебінен селолық тасымалдаулар дамытылып, жабылуға тиісті бағыттар сақталып қалды, қолданыстағы бағыттарға жекелеген өзгерістер енгізілді.

Темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауды қайта құрылымдау, қала маңындағы тасымалдауларды ұйымдастыру жөніндегі құрылымдар құру, жолаушылар тасымалдауды сервистік қамтамасыз ету объектілерін коммуналдық меншікке беру жөніндегі жұмыстар көзделуде.

Инвестициялық тендерге сәйкес «СарыАрқа әуежайы» ААҚ мемлекеттік акциялар пакеті әуежайды модернизациялау, техникалық қайта жарақтандыру және кәсіпорынның айналыс қаржыларын толықтыру мақсатында әуежайдың дамуына 95 млн. доллар көлеміндегі инвестиция салуды жоспарлап отырған «Ратхан Эйр» әуекомпаниясына берілді.

2004-2006 жылдары көлік кешенін дамыту: автожолдарды реконструкциялау, көлік кәсіпорындарының өнеркәсіп базасын кеңейту және жаңарту жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
5.6.3. Ақпараттық рынокты және телекоммуникацияны дамыту саласында.
«Қазақтелеком» ААҚ бөлетін инвестициялық сомаларға және қарағанды ОТД өз қаражаттарына сәйкес азаматтардың ақпараттық ресурстарға қол жеткізудегі тең құқығын және мүмкіндігін іс жүзінде қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысында 2002-2005 жылдарға арналған 4 сатыдан тұратын және келесі міндеттерді қамтитын селолық байланысты дамытудың сатылық бағдарламасы әзірленген.


  1. 1 сатының негізгі міндеті - тұрғындар саны 200 адамнан артық 27 селолық елді - мекендерге телефон орнату.

  2. 2 сатының негізгі міндеті - тұрғындар саны 50 ден 200-ге дейінгі адамнан тұратын 14 селолық елді - мекендерге телефон орнату

  3. 3 сатының негізгі міндеті - тұрғындар саны 50 ден 200-ге дейінгі адамнан тұратын 30 селолық елді - мекендерге телефон орнату.

  4. 4 сатының негізгі міндеті - тұрғындар саны 50- ден кем адамнан тұратын 45 селолық елді - мекендерге телефон орнату.

  5. Селолық телефон байланысының зоналық желісін қолдау және дамыту үшін Ұлттық Ақпараттық Супермагистральдың (ҰАСМ) салынуына байланысты селолық айдан орталықтарына цифрлық ағындар немесе арналар бөле отырып, ВОЛС арналарын салу және ҰСМ трассасының бойындағы барлық аналогтік АТЖ цифрлік АТЖ ауыстыру.

Осы бағдарламаны іске асыру үшін 2005 жылға дейін «Қазақтелеком» ААҚ 291,3 млн. теңге мөлшерінде инвестиция бөледі.

2003 жылы -88,0 млн. теңге

2004 жылы - 96,8 млн. теңге

2005 жылы 106,5 млн. теңге

«Қазақтелеком» ААҚ инвестициясының есебінен Қарағанды облысының селолық байланысын дамыту бағдарламасының бірінші сатысының міндеттері толық орындалған.

«Қазақтелеком» ААҚ 1 сатыдағы инвестиция көлемі 85 млн. теңгені құрады.

Тұрғындар саны 200 -ден артық телефоны жоқ 27 елді-мекенге телефон орнату үшін әртүрлі модификациядағы радио ұзартқыштар сатып алынды және осы қондырғы арқылы 23 елді мекенде сөйлесу пункттері ашылды.

Жезқазған ҚТД 3 елді-мекенде Қорғасын, Терсақан және Қоскөл селоларында «Дама» НССС қондырғысын орнатты.

Негізгі телефон аппараттарын жетілдіру 2237 телефон құрады.

Селодағы телефондық тығыздық 5,6 телефоннан 6,4 телефонға артты.

Облыста радиотелефон байланысының мобильді (ұялы), радио іздестіру жүйесі (пейджинг), мәліметтерді глобальды беру жүйесі «Интернет» жүйесі дамуда және байланыстың жаңа түрі - IP - телефония («Интернет» жүйесі бойынша дауысты пакетті беру) енгізілуде.


    1. Бағдарламаны іске асыру тетіктері

Бағдарламаны орындау шаралар жоспарын іске асыру арқылы іске асырылады. Қарағанды облысының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық Бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2004 жылға арналған шаралар жоспарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі №712-I қаулысында көзделген шаралар қоса енгізіледі.

Шаралар жоспарында облыстың индустриалды-инновациялық дамуының негізгі бағыттары көрсетілген және нақты шаралар, нақты орындаушылар мен іске асырылу мерзімдері анықталған.

Жоспарланған шаралардың кешенділігі орталық және жергілікті атқару органдарының облыстың индустриалды-инновациялық дамуының барлық бағыттары бойынша мақсатқа бағытталған және келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерін барынша үйлестіруге мүмкіндік береді.

Облыстың инвестициялық және инновациялық басымды жобаларын іске асыру дамудың мемлекеттік институттарының көмегімен іске асырылады. Бірқатар жобаларды «Қарағанды аймақтық технопарк» ЖШС арқылы іске асыру жоспарлануда.

Перспективалы инвестициялы-инновациялық жобаларды қарастыру және іріктеу, оларды қаржыландырудың мүмкін көздерін анықтау (даму институттары, технопарк, отандық және шетел инвесторлары) мақсатында облыста құрамына мемлекеттік ұйымдар, ғылыми институттар, өнеркәсіп кәсіпорындары енгізілген Сараптама кеңесі құрылып, жұмыс істеуде.




  1. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру

Бағдарламада көзделген инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Даму Банкісінің, Инвестициялық Қордың, Инновациялық Қордың, кәсіпкерлікті дамыту қорының қаржылары қатыстырылған. Сонымен қатар жаңа технологиялық және ғылымға негізделген өндірістерді құруға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған неғұрлым басымды және тиімді жобаларды іске асыру үшін отандық және шетел инвесторларының қаржыларын қатыстыру көзделуде.

Инновациялық қызметті қаржыландыру көздері: кәсіпорынның өз қаржысы, Инновациялық қор, коммерциялық банктердің кредиттері.


  1. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру келесі жағдайларға мүмкіндік береді:



  • өнеркәсіп өнімінің 2003 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 13,2% -ға, 2015 қарсаңында - 2,2 есе артады;

  • 86-88% деңгейіндегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі сақталады (республика бойынша жалпы өнеркәсіп өндіріс көлеміндегі өңдеу өнеркәсіп үлесі-50,2%);

  • өңдеуші кәсіпорынның қосымша құн құрылымында сапалы өзгерістердің болуына, әлемдік деңгейде метал құнының тербелуінен неғұрлым байланыссыз тұрақты экономика болады. Өңдеуші өнеркәсіптегі металлургия үлесі 2006 жылы 85% , 2015 жылы - 65% дейін төмендейді, сонымен қатар 2006 жылы өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінен машина құрылысы, химия саласы 3,7 %, 2015 жылы - 12% артады. Жалпы өнеркәсіп өндірістегі «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ, «Испат-Кармет» АҚ үлесі 2003 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 2,6%-ға төмендеп, 74,9%-ды құрайды;

  • ғылымға негізделген және жоғары технологиялық өнім үлесі облыстың өнеркәсіп өнімінің көлемінде 3 %-ға өседі (республика бойынша өсім – 2,2%);

  • кемінде 5 кластер құру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет