БАҒдарламасы қарағанды 2004 мазмұны паспорт 3



бет1/2
Дата10.06.2016
өлшемі423.5 Kb.
#126281
түріБағдарламасы
  1   2


ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ

2004-2006 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ИНДУСТРИАЛДЫҚ- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ

БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАРАҒАНДЫ - 2004

МАЗМҰНЫ

1.

Паспорт

3

2.

Кіріспе

5

3.

2000-2003 жылдардағы облыстың индустриалдық-инновациялық дамуын талдау

5

3.1.

Облыс индустриясын дамыту шарты және тенденциясы

5

3.2.

2000-2003 жылдары облыс индустриясын дамыту

6

3.2.1

Кен өндіру өнеркәсібі

6

3.2.2

Өңдеу өнеркәсібі

8

3.2.3

Электр қуатын, газ және су өндіру және тарату

11

3.2.4

Өнеркәсіп салаларының жалпы проблемалары

12

4.

Индустриалдық-инновациялық саясатының мақсатары, мәселелері және басымдылықтары

13

4.1.

Облыстың индустриалдық-инновациялық саясатының мақсаты

13

4.2.

Индустриалдық-инновациялық саясатының негізгі мәселелері

13

4.3.

Индустриалдық-инновациялық саясатының басымдылықтары

13

4.4.

Индустрияның құрылымдық қайта құруы

14

5.

Бағдарламаны іске асыру негізгі бағыттары мен механизімі

15

5.1.

Аймақты индустриалдық-инновациялық дамыту

15

5.1.1

Өнеркәсіптің негізгі салаларын дамыту

15

5.1.2

Жаңа технологиялар салаларын дамыту

16

5.1.3

Құрылыс және құрылысиндустрия

17

5.2.

Институционалдық қамтамасыз ету

18

5.3.

Сауда саясаты

19

5.4.

Инвестициялық саясат

21

5.5.

Өндірістің бәсекеге қабілеттік факторын көтеру жөніндегі шаралар

22

5.5.1

Еңбек ресурстары

22

5.5.2

Білім беру және кадрлар дайындау

23

5.5.3

Қазна саясаты

25

5.5.4

Стандартизация және сертификация саласындағы саясатты жүзеге асыру

26

5.5.5

Инновациялық саясатты жүзеге асыру

27

5.6.

Инфрақұрылым

29

5.6.1

Электрқуаттық саясат саласында

29

5.6.2

Көлікті дамыту саласында

30

5.6.3

Ақпарат нарығын және телекоммуникация дамыту саласында

31

5.7.

Бағдарламаны жүзеге асыру механизімі

32

6.

Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

32

7.

Бағдарламаны жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер

33

8.

2004-2006 жылдарға арналған Қарағанды облысының индустриалдық-инновациялық дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2004 жылға арналған іс-шаралар жоспары




9.

Облыс өнеркәсіп құрылымының, өнеркәсіп өнім өндірісі көлемінің диаграммалары




1. ПАСПОРТ

Атауы:

Қарағанды облысының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасы

Бағдарлама әзірлеу үшін негіздер:

"Қазақстан-2030" дамыту стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан халқына арналған "2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары" атты Жолдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына арналған «Бәсекеге қабылетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Жолдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамыту стратегиясы туралы" N 1096 Жарлығы

Негізгі әзірлеуші:

Қарағанды облысының Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы

Бағдарламаның мақсаттары және мәселелері:

Аймақтың индустриалдық –инновациялық бағдарламасының негізгі мақсаты ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімдер шығару үшін балансталған индустриалдық кешенін құру болып табылады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі және қызмет көрсетудегі бәсекеге қабілетті және экспортқа арналған тауарлар, қызмет, қызмет көрсетуді өндіру – аймақтық индустриалдық – инновациялық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады.

Аймақтың индустриалдық –инновациялық саясатының мәселелері мыналардан тұрады:


  • 2006 жылы өнеркәсіп өнімінің өндірісін 13,2%-ға, ал 2015 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсіру;

  • металлургияда 4-5 өзгерту сатысындағы өнімді, машина жасау, химия саласының өнімін, ауыл шаруашылық өнім өңдеуін өсіру жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі “Қазақмыс Корпорациясы” ААҚ және “Испат-Кармет” ААҚ үлесін 2006 жылы – 74,9 %-ға, 2015 жылы 65%-ға дейін (2003 ж. – 77,5 % дейін) азайту;

  • ғылымға негізделген және жоғары технологиялық экспортқа арналған өндіріс құруды ынталандыру;

  • экономика салаларының халықаралық сапа стандарттарына ауысу.

Қаржыландыру көздері:

Кәсіпорындардың өз қаражаттары, банк кредиттері, тікелей шет елдер мен отандық инвестициялар, дамыту институттар қаражаттары

Күтілудегі нәтижелер:

Бағдарламаны іске асыру:

  • өнеркәсіп өнімінің 2003 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 13,2% -ға, 2015 қарсаңында - 2,2 есе артады;

  • 86-88% деңгейіндегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі сақталады (республика бойынша жалпы өнеркәсіп өндіріс көлеміндегі өңдеу өнеркәсіп үлесі-50,2%);

  • өңдеуші кәсіпорынның қосымша құн құрылымында сапалы өзгерістердің болуына, әлемдік деңгейде метал құнының тербелуінен неғұрлым байланыссыз тұрақты экономика болады. Өңдеуші өнеркәсіптегі металлургия үлесі 2006 жылы 85% , 2015 жылы - 65% дейін төмендейді, сонымен қатар 2006 жылы өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінен машина құрылысы, химия саласы 3,7 %, 2015 жылы - 12% артады. Жалпы өнеркәсіп өндірістегі «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ, «Испат-Кармет» АҚ үлесі 2003 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 2,6%-ға төмендеп, 74,9%-ды құрайды;

  • ғылымға негізделген және жоғары технологиялық өнім үлесі облыстың өнеркәсіп өнімінің көлемінде 3 %-ға өседі (республика бойынша өсім – 2,2%);

  • кемінде 5 кластер құру.

Іске асыру мерзімі:

2004-2006 жылдар


2. КІРІСПЕ

Қарағанды облысының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамыту Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған 2003 жылғы 4 сәуірдегі, 2004 жылғы 19 наурыздағы Жодауында қойған мәселелерді жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамыту Стратегиясына сәйкес әзірленген.

Бағдарлама 2010 жылға дейінгі Қарағанды облысын дамыту Стратегиялық жоспарына және Қарағанды облысының 2004-2006 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамыту Индикативтік жоспарына сәйкес әзірленген.


  1. облыстың 2000-2003 жылдарДАҒЫ ИНДУСТРИАЛдық-ИННОВАЦИялық дамуын талдау

3.1. Облыс индустриясын дамыту жағдайы мен тенденцясы

Қарағанды облысы – Қазақстанның негізгі индустриалдық аймақтарының бірі, жалпы республикалық өндіріс көлеміндегі үлес салмағы бойынша облыс жетекші орын алады. Айтарлықтай минералды-шикізаттық ресурстардың, кен өндіру, металлургиялық және машина жасау қуаттарының, энергия көздерінің және дамыған инфрақұрылымның болуы экономикалық құрылымды және республиканың өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлеміндегі аймақтың жетекші салаларының үлес салмағын анықтайды (13,0 %).

ХХ ғасырдың соңғы он жылдары бүкіл Қазақстанның экономикасымен бірге облыс өнеркәсібі бірнеше дағдарыстан өтті. Өндіріс жылына орта есеппен алғанда 15% астым азайған жағдайда 1991 жылдан бастап 1996 жылға дейін өнеркәсіп өндірісі көлемінің айтарлықтай төмендеуі байқалған. Осыған орай облыстың барлық аймақтарында өнеркәсіп өндірісінің азаю тенденциясы бақыланған.

Осы жылдары өндірістің айтарлықтай азаюы мына салаларда байқалған, әсіресе: құрылыс материалдар өнеркәсібінде (1991 жылдың деңгейіне 15 есе), химияда (10 есе), жеңіл өнеркәсібінде (8,7 есе), резина және пластмасса бұйымдарының өндірісінде (6,7 есе), тамақ өнеркәсібінде (5,1 есе), машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінде (3,5 есе), отын өнеркәсібінде (3,1 есе).

1997 жылдан бастап өндірістің тұрақты өсу тенденциясы байқалады, орта жылдық өсімі 12,3% құраған, бұл 2000 жылы өнеркәсіп өндірісінің қысқаруын азайтуға мүмкіндік берген (1991 жылдың деңгейіне 57,3%-дан 33,1%-ға дейін).



1 Кесте. Облыстағы өнеркәсіп өнімінің өндірісі




2000 жыл

2001жыл

2002 жыл

2003 жыл

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млрд. тенге

272,7

264,4

300,7

364,0

Өнімнің айғақты индекс көлемі, %-бен

115,8

108,2

105,5

102,7

Өнімнің жалпы республикалық көлеміндегі үлес салмағы, %-бен

15,7

13,5

13,6

13,0

Өнеркәсіп өнім өндірісінің республикалық көлеміндегі облыстың үлес салмағының төмендеуі республиканың өзге аймақтарындағы экономиканың өсуімен түсініктеледі.

Өнеркәсіптің өсуі едәуір инвестициялар жұмсау көлемдерімен қамтамасыз етілген.

2000-2003 жылдары облыс экономикасын дамытуға 216,2 млрд. теңгеден артық қаржы жұмсалған. 2003 жылы негізгі капиталдағы инвестициялардың салалық құрылымын талдау өнекәсіп кәсіпорындарға олардың едәуір бөлігі (80,0%), оның ішінде 51% -ы өнеркәсіптің өңдеу кәсіпорындарына келетінін көрсетеді. Өңдеу өнеркәсібінде негізгі қаражатты жетілдіруге және жаңартуға инвестициялардың негізгі бөлігі бағытталған капиталға негізделген сала, ол қара және түсті металлургия (инвестиция көлемінің 97,0%) болып табылады.

2003 жылдың басына өнеркәсіптегі негізгі қаражаттар 332,0 млрд. теңге сомаға бағаланған, жұмсау дәрежесі 43,2 %, жаңару коэффициенті – 7,5 % құраған.
2 Кесте. Өнеркәсіптегі негізгі құралдардың бар болуы және қозғалысы




1999жыл

2000жыл

2001жыл

2002жыл

Есеп беретін жылдың аяғына негізгі құралдардың болуы, млрд. теңге

249,6

242,2

274,5

332,0

Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, % -бен

36,8

37,2

40,0

43,2

Жаңару коэффициенті, % -бен

4,4

5,7

9,8

7,5

Жою коэффициенті, % -бен

1,9

0,9

0,9

0,4

Өнеркәсіптің кен өндіру (2001ж. - 22,9 %, 2002ж. - 23,3%) және өңдеу (2001ж.- 16,9%, 2002 ж. – 7,6%) салаларындағы өндіріс құралдарын едәуір қарқынмен жаңартып отырған.

Пайдаланбайтын жабдықтардың көбі тозудың жоғары дәрежесінде, моральды ескірген және жаңартуды талап етеді.



    1. 2000 – 2003 жж. облыс индустриясын дамыту


3.2.1. Кен өндіру өнеркәсібі

Кен өндіру өнеркәсібінің өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 6,4 % құрайды (2003 ж.).


3 Кесте. Кен өндіру саласының өнім өндірісі




2000жыл

2001жыл

2002жыл

2003жыл

Кен өндіру саласының өнім өндірісінің көлемі, млрд. теңге

16,8

21,0

20,0

23,3

Өнімнің айғақты индекс көлемі, %-бен

112,3

108,6

104,0

100,9

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі кен өндіру саласының үлес салмағы, %-бен

6,2

7,9

6,6

6,4

Көмір, млн. тонна

17,9

21,7

23,1

25,9

Темір рудасы, млн. тонна

1,3

1,8

2,8

3,3

Мыс рудасы, млн. тонна

32,5

34,6

36,5

34,5

Марганецті қойыртпасы, мың тонна

664,6

640,0

737,7

780,9

Мырыш қойыртпасы, мың тонна

65,8

69,3

67,1

73,4

Қорғасын қойыртпасы, мың тонна

9,0

8,8

11,5

6,7

Соңғы жылдары тасты көмір, темір және марганецті рудаларды өндіру көлемін тұрақты өсіруде.

Осылай 2003 жылы көмір кәсіпорындары 25,9 млн. тонна көмір өндірген, айғақты индекс көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 111,9% құраған.

«Испат-Кармет» КД ААҚ шахтасында жаңа технологиялар енгізілген, дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін «шахта-лава» схемасы бойынша өндірістің сапалы жаңа деңгейіне ауысуы қамтамасыз етілген.

«Өркен» ЖШС-да («Испат-Кармет» ААҚ кәсіпорны) темір руда өндіру көлемі өскен. Кеңтөбе кен орнында екінші кезектегі байыту фабрикасының құрылысы аяқталуда, ол темір құрамы төмен руданы қайта өңдеуге мүмкіндік береді және даяр өнімнің сапасын жақсартады.

«Батыс Қаражал» шахтасында (Атасу) 1999 жылдан кейін алғашқы рет темір рудасын өндіру көлемін жылына 1 млн. тоннадан асырды. Өндіріс қуатын қайта жаңарту үшін өткен жылы жаңа +44 м. горизонтының, сонымен қатар темір рудалы қойыртпа алу үшін байыту қондырғылар корпусының құрылысы басталған.

Бұдан басқа «Испат-Крмет» ААҚ-да өз қаражаты есебінен темір руда базасын кеңейту жұмысы жүргізілуде.

«Қазақмыс Корпорациясы» АҚ-да өндірістік қуаты жылына 4 млн.тонна кен өндіретін Нұрқазған алтын-мыс кен орны іске қосылған. Кен орнында ТМД бойынша алғашқы рет спутниктік байланыспен қамтылған диспетчерлік басқару енгізілген. Кен орнындағы барлық агрегат (эксковаторлар, автосамосвалдар, «Катерпиллер» фирмасының бұрғы қондырғылары және басқа техника) диспетчер дисплейлі спутниктік байланысы бар. Корпорацияның көмір тіліктері көмір өндіру көлемін тұрақты өсіруде (2000 жылы – 6,5 млн. теңге, 2003 жылы – 7,7 млн. теңге). Шикізат базасының қажетті деңгейін қолдау үшін корпорация жұмыс жүргізген жерлер орнына жаңа кен орындарын игеруде.

2003 жылы «Жәйрем КБК» ААҚ-да бастапқы марганецті руданы қайта өңдеу қуаты екі есе өскен және руданы байыту жаңа технологиясы игерілген. Жылына 1200 мың тонна қуатты құрайтын байыту фабриканың жобалық көрсеткіштері игерілген.

Еуразия өнеркәсіп ассоцияциясының кәсіпорындары өндіріс көлемін өсіруде. Осылай «Шұбаркөл Көмірі» ААҚ 2003 жылы 4,3 млн. тоннаға дейін көмір өндірілген, бұл 2000 жылдың көлемінен 2 есе артық. «Тұр» кен орнында 2003 жылы 230,3 мың тонна марганецті қойыртпа шығарылған, 2005 жылдан бастап кен орны 240 мың тонна өнім - жобалық қуатына шығады.

«NOVA-Цинк» БК ЖШС өнімнің негізгі түрлерін шығару сақталады: жылына 38 мың тонна көлемінде мырыш қойыртпадағы мырыш, қорғасын қойыртпадағы қорғасын – жылына 4,35 мың тонна.

2003 жылы кең тараған пайдалықазбаларды өндіруге және/немесе барлауға 16 келісім-шарт жасалған. Келісім-шарттың едәуірі (2003 жылы 10) бірлескен барлау және өндіру үшін жасалған, бұл бүгінгі күнде кәсіпорындардың барлау жүргізу және жаңа кен орындарын іске қосу үшін өз қаражатын біле тұра коммерциялық тәуекелге барудың негізгі көрсеткіші болып табылады.


3.2.2. Өңдеу өнеркәсібі

2003 жылы өңдеу өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы 86,8%, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде (2001ж.-80,0%, 2002ж.-82,7%) құраған.


4 Кесте. Өңдеу саласының өнімін өндіру





2000жыл

2001жыл

2002жыл

2003жыл

Өңдеу саласының өнім өндірісінің көлемі, млрд. теңге

237,3

222,4

256,9

315,8

Өнімнің айғақты индекс көлемі, %-бен

117,8

108,2

106,2

103,1

өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу саласының үлес салмағы, %-бен

87,0

84,1

85,5

86,8

Соңғы жылдары рынок өзгерісі әсер еткенде қалыптасқан өнеркәсіптегі құрылымдық өзгерістер өңдеу салалары өнімінің үлес салмағының өсіуімен сипатталған.


5 кесте. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымы.

%-бен





2000жыл

2001жыл

2002жыл

2003жыл

Өңдеу өнеркәсіп өнімінің көлемі

100,0

100,0

100,0

100,0

Оның ішінде:













А/ш өнімін қайта өңдеу

3,4

4,9

4,8

7,8

Химия

0,7

1,6

1,6

1,7

Машина жасау

0,9

1,4

1,3

1,2

Металлургия

93,4

90,0

89,7

86,6

Басқа салалар

1,7

2,2

2,6

2,6

Көрсетілген өнім өндірісінің айтарлықтай көлемі металлургияға келеді.

Сонымен қатар химия және тамақ салаларының өнеркәсіп өнім өндірісінің өсу тенденциясы көрінеді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу

Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндіріс және өңдеу көлемі өсуде. Майқұдық және Жезқазған құс фабрикаларының қуаты ұлғайған, бұның арқасында облыс халқы диеталы жұмыртқамен толық қамтамасыз етілген. Ботақара құс фабрикасы «Ақнар ҚФ» ЖШС бройлерлі ет өндіру жөніндегі жұмысы қалпына келді. Абай ауданындағы «Құрма» құс фабрикасында үздік шет елдік технологияларға сәйкес төрт құс қора қайта құрудан өткен, жұмыртқа сапасын анықтайтын зертхана іске қосылған.

Тамақ өнеркәсібінің өнім түрлерін көбейту, жабдықтарды және технологияларды жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілуде.

«Қарағанды маргарин зауыты» АҚ 2003 жылы ИСО9000 сериялы халықаралық сапа жүйесінің куәлігіне ие болған.

Саланың үздік және де жылдан жылға өндіріс көлемі мен өнім түрлерін көбейтетін кәсіпорындар «Қарағанды конфеттері» ААҚ, «Қарағанды-Нан Корпорациясы» ЖШС, «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» ШК ЖАҚ, «Бидай-Нан» ААҚ сапа жүйесін енгізуде жұмыс жасауда.

Химия өнеркәсібі

1999-2002 жылдары резинатехникалық бұйымдар өндіретін республиканың жетекші кәсіпорны «Қарағандырезинатехника» АҚ сауықтырудан өткен. Оның негізінде резинатехникалық бұйымдардың негізгі түрлерін шығаратын 4 жаңа кәсіпорын жұмыс істейді: резинаарқан және резинамата ленталары, жең, қалыпты және қалыпсыз резинатехникалық бұйымдар, біліктер және желдеткіш белбеулер, резина клейі, тауар резинасы, гумирлеу валдар.

2002, 2003 жылдары резина және пластмасса бұйымдарының өндірісі 31,0% және 57,1% өскен.

Осы кезде резинатехникалық бұйымдарды сату рыногы Ресей және Орта Азияда игерілуде, Иран және Эстониямен келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорындарда ИСО9000 сериялы сапа менеджмент жүйесін енгізу жұмыстары басталуда. Химия өнеркәсіп өнім көлемінің өсуі 2002 жылы 7,7%, 2003 жылы 2,8% құраған.

2001 жылы облыста Шахтинск СМС зауыты негізінде жуғыш ұнтақтар өндірісі қалыптасқан. Кәсіпорынның («Монета Дитердженс» ЖШС) жаңа иесі синтетикалық жуғыш құралдар цехына күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізген, әлемде белгілі “Акма”, “Аллен Брендли”, “Феррари” фирмаларының бүгінгі күннің жабдықтары мен электроникалары қойылған, “Баллестра” италия компаниясының жуғыш ұнтақтар өндірісі бойынша бүгінгі күннің технологиялық Сабиц желісі енгізілген.

Машина жасау және металл өңдеу


Машина жасауды дамытудағы маңызды рөл облыстың бірнеше машина жасайтын кәсіпорындарын іске қосқан «Испат-Кармет» ААҚ және «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ келеді.

Соңғы жылдары жүргізген машина жасау кешені кәсіпорындарының қайта құрылымдау және технологиялық қайта құрылысы рынок сұранысына және тұтынушылар тапсырысына сәйкес шығаратын өнім түрлерін кеңейтуге, 4-5 шектегі өнім шығаруын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Осылай, «Лека» ЖШС 4-шектегі өнім шығаратын швейцар желісі, металлургияда – дүниежүзілік стандартқа сәйкес желдету жүйесіне арналған диаметрі 80-1250 мм шиыршықты- орамдау ауаарна іске қосылған. Өндірістің шикізаты «Испат-Кармет» ААҚ мырышпен қапталған илек болып табылады.

«Казцентрэлектропровод» ЖШС-да америка «ЗМ» фирмасының үздік технологиясы бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ металлургиядағы 5 шек – мыс катанкасын пайдаланатын байланыс сым мен кабельдің өндірісі жөнделген.

Халықаралық сапа жүйе «Имсталькон» ААҚ, «Техол» ЖАҚ Қарағанды металл құрылым зауытында енгізілген.
Түсті және қара металлургия

«Испат-Кармет» ААҚ. Кәсіпорын қара металл және шойын илектің барлық республикалық көлемін өндіреді.

«Испат-Кармет» АҚ ыстық мырыштау желілері енгізілген, диаметрі 20-76 мм, жылына 80мың тонна жобалық қуатты, 175 млн. теңге тұратын электрдәнекерленген құбырлар өндірісінің цехы іске қосылған. Осы өнім коммуналдық қызмет көрсету және құрылыс саласында талап етіледі. Өткізу рыногы - Өзбекстан, Украина, Қырғызстан және т.б. елдер.

Қайта құрылған №3 домна пешті техникалық қайта жарақтандыру нәтижесінде техникалық-экономикалық көрсеткіштері жақсарған: пештің өнімділігі шойын жылына 1450 ден 1520 мың тонна дейін өскен, пайдалы көлемі 2700-ден 3200 текше метрге артқан. Инвестиция көлемі 9360 млн. теңгені құраған.

ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарт сапа жүйесі қарқын енгізілуде. 2003 жылы илек өндірісіне (ЛПЦ-1,2,3 және ЦГЦА) ИСО 9000 сериялы куәлігі берілген, бұған 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

Қосымша құн және шектеу дәрежесін өсіру мақсатымен «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ жылына 500 кг зергерлік бұйым өндірістік қуатты БКМК – да зергерлік-сәнді цехы іске қосылған. Бұйымдар толығынан экспортқа жіберіледі.

БКМК шаңтұтқыш цехында 99 % зиянды қатты лақтырындылар аулайтын жеті құрғақ электрсүзгі іске қосылған.

Жылына 100 мың тонна мырыш өндірістік қуатты «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ «Балқаштүстімет» ХМК ӨБ мырыш зауыты іске қосылған. Зауытта канада «Дайнатек» фирмасының қоршаған ортаны ластамайтын - жаңа технология қолданған.

Бұдан басқа зауыт рыноктың жаңа сегменті – құрамында 50% мырыш бар мырыш қойыртпасын қайта өңдеуге бағытталған, әлемдегі басқа мырыш зауыттары 50% дан артық мырыш қойыртпаларын қайта өңдейді.

2004 жылы ПВ-2 (Ванюков пеші) жұмысын бастады, бұл құрамындағы мыс көлемі төмен руданы қайта өңдеуге мүмкіндік берді (0,14 %-дан 0,18 % -ға дейін).



3.2.3. Электр қуатын, газ және су өндіру және үлестіру

Қарағанды облысының электр қуатының қажеттілігі 2000 МВт. Қысқы мерзімде шаруашылық кешенін электрмен жабдықтау облыстың 1204 МВт көлемінде өндіретін 8 электр станциясынан басталады, ал облысты қайта бөлудегі ағындар бойынша 790 МВт – қа жуық келеді.

6 Кесте. Энергетикалық кешені кәсіпорындарының өнім өндірісі




Өлш. бірл.

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003жыл

Өнім өндірісінің көлемі

Млрд. теңге

18,6

21,1

23,8

24,9

Электрэнергия

Млрд. кВт/сағ

10,5

10,8

11,2

11,2

Жылуэнергия

Млн. гКал

14,8

14,9

15,5

16,7

Облыс аумағында Ұлттық энергетика жүйесінің энергия өндіретін кәсіпорындар бөлімдері құрылған, оларға акционерлеу жүргізілген, электр станциялардың жекешелендіруі аяқталған.

Ұлттық электр желісі қалыптастырылған - «КЕГОК» ЦМЭС ААҚ филиалы құрамындағы 500-220-110 кВ электр желілері.


Аймақтарды электрмен жабдықтау міндеттерін атқаратын аймақтық электр желілі компаниялары құрылған.

Облысты сумен жабдықтау «К.Сәтпәев атындағы канал», Теңгіз және Кеңгір су қоймасы, Балқаш көл, жер астындағы тұщы су көздері арқылы жүргізіледі. Халыққа облыс бойынша тәулігіне барлығы 450 мың текше метр көлемінде су беріледі.

Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 5,5 мың км артық, оның ең ұзыны Қарағанды қ, «Водоканал» ААҚ – 1120,7 км. Су беру қызметін 32 мамандандырылған кәсіпорын атқарады, оның ішінде – 14 мемлекеттік және 18 жеке меншік кәсіпорын.

Су құбырлары ескіргендіктен босқа кеткен, қайтарусыз су шығындары болады, олар орта есеппен облыс бойынша 45-50% құрайды. Ең үлкен шығын «Водоканал» ААҚ-да, тәулігіне 44 мың текше метрді құрайды.

Төмендеген көмірсутекті газ жеткізу жөніндегі қызмет саласында 7 жекеменшік кәсіпорындар тұтынушыларына өз қызметін ұсынады.
3.2.4. Өнеркәсіп салаларының жалпы проблемалары
Облыс өнеркәсібін дамытуға жол бермейтін бірнеше факторлар бар:


  • негізгі қорлардың тозу жоғары дәрежесі (өңдеу өнеркәсібінде 2002 жылы 42,8%), оларды жаңартуға және жетілдіруге қаражаттың жетіспеушілігі;

  • шығаратын өнімнің жоғары өлшемдік қуат көлемі (дамыған елдерге қарағанда 3-8 есе жоғары) және осы өнімнің бағасы бәсекеге қабілетсіз екендігі анық («Испат-Кармет» ААҚ – 1$ өнімге 3,53 КВт-сағ, Канада –0,82, Италия, Япония –0,22);

  • металлургиядан басқа өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарын дамытудағы инвестициялық белсенділіктің төмендігі (2000 жылы – 28,3%, 2001 жылы – 36,3%, 2002 жылы – 29,3%);

  • өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі (бүгінгі күні ИСО9000 сериялы сапа менеджмент жүйесін 962-ден барлығы 11 кәсіпорын енгізген);

  • нарық шарттарына ғылымның әлсіз бейімделуі, инновациялық ұсыныстардың төмен деңгейі және ғылым және өндіріс байланысының нашарлығы;

  • Сондай-ақ, металлургия саласының ахуалына байланысты облыс экономикасын дамудағы тәуелділік өнеркәсіп құрылымындағы басыңқы жағдайына байланысты (өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі металлургияның үлес салмағы – 75,2%).

Және де, облыс экономикасының дамуы өнеркәсіп құрылымының басымдысы- металлургия саласына байланысты.


7 Кесте. Облыстың өнеркәсіп құрылымы

%-бен




2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

Өнім өндірісінің көлемі, барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0

Оның ішінде













Кен өндіру өнеркәсібі

6,2

7,9

6,6

6,4

Өңдеу өнеркәсібі

87,0

84,1

85,5

86,8

Одан металлургия

92,6

88,9

88,9

86,7

Электр қуатын, газ және су өндіру және үлестіру

6,8

8,0

7,9

6,8

Көріп отырғандай өңдеу өнеркәсіптегі негізгі үлесті (85%-дан астым) «Испат-Кармет» ААҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ ұсынған металлургия құрайды. Осыған байланысты осы кәсіпорындар өнімінің 95-98%-ы экспортқа жіберіледі. Бұл облыс экономикасын әлемдік металлдар рыногының бағасына бағынышты етеді. Және де, экспортқа металлургиядағы 3 шектегі ғана өнімі жіберіледі. Сонымен қатар, экспортқа марганецті қойыртпа, қорғасын, мырыш, алтын, күміс былайша айтқанда шикізат жіберіледі.


Осыған байланысты мынадай мақсаттар мен мәселелер қойылады.

4. индустриалдық-ИННОВАЦИялық саясатының мақсаты, мӘселесі жӘне басымдылығы


4.1. Облыстың индустриалдық-инновациоялық саясатының мақсаты
Аймақтың индустриалдық –инновациялық бағдарламасының негізгі мақсаты ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімдер шығару үшін балансталған индустриалдық кешенін құру болып табылады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі және қызмет көрсету саласындағы бәсекеге қабілетті және экспортқа арналған тауарлар, қызмет, қызмет көрсетуді өндіру аймақтық индустриалдық-инновациялық саясатының негізі болып табылады.


4.2. Индустриалдық – инновациялық саясатының негізгі мәселелері
Аймақтың индустриалдық –инновациялық саясатының мәселелері мыналардан тұрады:

  • 2006 жылы өнеркәсіп өнімінің өндірісін 13,2%-ға, ал 2015 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсіру;

  • металлургияда 4-5 өзгерту сатысындағы өнімді, машина жасау, химия саласының өнімін, ауыл шаруашылық өнім өңдеуін өсіру жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі “Қазақмыс Корпорациясы” ААҚ және “Испат-Кармет” ААҚ үлесін 2006 жылы – 74,9 %-ға, 2015 жылы 65%-ға дейін (2003 ж. – 77,5 % дейін) азайту;

  • ғылымға негізделген және жоғары технологиялық экспортқа арналған өндіріс құруды ынталандыру;

  • экономика салаларының халықаралық сапа стандарттарына ауысу.


4.3. Индустриалдық – инновациялық саясатының басымдықтары
Қарағанды облысының тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету және ішкі және сыртқы рынокта бәсекеге қабілетті өнімнің қажеттілігін қанағаттандыратын барынша балансталған өнеркәсіп кешенін құру мына басымдықтар арқылы іске асыру жоспарлануда:

  1. Қарағанды қаласында 2004 жылы кен-металлургия технопаркін құру, дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін жаңа жоғары технологиялар әзірлеу және енгізу (12 кем емес);

  2. Кластер құру және жоғары дәрежедегі дайындықта өнім шығара отырып, шикізатты күрделі өңдеу бойынша жаңа өндірісті дамыту, материалдық- және ресурс үнемділі технологияларын енгізу (5 кем емес);

  3. Импорталмастыру (2003 жылы өндірістің жалпы көлемінен 8%-ға дейін) және экспортқа арналған өнімдер шығаруды ұлғайту;

  4. Өнеркәсіп саласында 2004-2006 жылдары инвестицияларды 239,4 млрд. теңге көлемінде тарту (2001-2003 жылдары салынған инвестициялар көлеміне 130,8%);

  5. Кәсіпорындарда тауарлардың бәсекеге қабілеттігін көтеру үшін ИСО стандарттарын енгізу (50 кем емес);

  6. 2003 жылмен салыстырғанда 2006 жылы экспортқа арналған тауарды 3%-ға өсіру.


4.4. Индустрияның құрылымдық қайта құруы

Өнеркәсіп құрылымындағы негізгі орын металлургия болып қалады. Оның мәселесі басқа салаларды дамыту, олар: машина жасау, тамақ, химия, кен өндіру салалары. Өнеркәсіп өндірістегі олардың үлесін электр қуатын, газ және судың үйлестіруімен бірге 2015 жылы 35%-ға дейін жеткізу облыс экономикасының тұрақтылығын көтереді және дүниежүзілік металдар рыногындағы бағаның өзгеруіне байланысты оның даму көрсеткішінің бағыныштығын азайтады, бұл облыстың индустриалдық саясатының негізгі мақсаттарына және мәселелеріне келеді. Осы мақсатқа жету үшін мынадай өлшемдер таңдалған:



  • жаңа үдемелі әдістерді тарату, технологиялық жүйелер мен жаңа енгізілмелердің басымдылығы;

  • ескі технологиялар мен өңдеу әдістерін қысқарту;

  • салалық құрылымдарды оңтайландыру;

- өндіретін өнімдердің бәсекеге қабілеттігі және оның түр-түріндегі жаңа 25 -30 %-дан кем емес түрлерінің болуы;

- жоғары білікті қызметкерлердің болуы;

  • ресурстық базаның импортқа аз бағыныштығы немесе бағынышсыздығы;

  • экспортқа арналған машина жасау, химия, тамақ салаларының бағыттары және олардың дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттігі;

  • ИСО 9000 сериялы сапа менеджменттің халықаралық жүйесін енгізу;

  • диверсификация мен құрылымдық қайта құруға жоғары әлеуетті қабілет.

Құрылымдық саясаттың негізі:

  • металлургиядағы, машина жасаудағы, химия және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудегі әлеуетті зерттеулерді қаржылай қолдау және салықтық ынталандыру;

  • осы салалардың, сонымен қатар жаңашыл технологияларды, материалдар мен машиналарды әзірлеу және енгізу негізінде энергетика, кен өндіру өнеркәсібін ғылымға негізделгендігін жеделдетіп көтеру.

Және де таңдау көмегі тоқыма, аяқ киім салаларына және құрылыс индустрия кәсіпорындарына көрсетіледі.



  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТЫРЫ ЖӘНЕ

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗІМІ
5.1 Аймақты индустриалдық-инновациялық дамыту

5.1.1. Өнеркәсіптің негізгі салаларын дамыту
Облыс экономикасының басымды саласы- кен өндіру және металлургия салаларын табысты дамыту жоспарланған кезеңде өнеркәсіптің басқа салаларын дамыту үшін негіз болып табылады. Қарағайлы п. жылына 1,5 млн. тонна өнімділікті байыту фабрикасын сауықтыруға және жылына 0,5 млн. тонна қуатты «Абыз» алтын-полиметаллды рудник салуға «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ 2,1 млрд. теңге жібереді. 2005 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ БКМК шығаратын зиян газдарды, әсіресе бірінші кезектегі күкірт диоксидін бейтараптандыратын экология цехының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар 2004 жылы жаңа ПВ-2 пештің (Ванюков пеші) сынауы және іске қосуы көзделуде. Лондондағы металл биржасында тазартылған мысты тіркеу жоспарлануда.

Жылына 4 млн. тонна өнімділікті «Жаман Айбат» мыс өндіретін кен орнының және 180 км Жезқазған қаласына дейін жүретін темір жолының құрылысы басталған.

«Балқаштүстімет» БКМК ӨК салқындату, зиян газдарды тазарту және абсорбциялау бөлімінің құрылысы жалғастырылуда. Белгіленген бағдарлама бойынша 2005 жылы объектіні іске қосуы жоспарланған.

2005 жылы «Испат-Кармет» ААҚ болатты үздіксіз құятын қондырғының жұмысы басталады, бұл кәсіпорынға шығаратын болаттың номенклатурасын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді, өндірістің көлемі жылына 5,2 млн. тонны құрайтын болады. Осы жобаны іске асыру 2-і технологиялық кезегін алу (слябинг жасау және құрам дайындау) есебінен өнімнің өздік құнын едәуір азайтуға, сонымен қатар дайын илектің техникалық сипаттамасын жақсартуға мүмкіндік береді. 2004 жылдың қазан айында бірінші машинаны (І кезекте УНРС), екінші машинаны 2005 жылы іске қосу жоспарлануда. 2006 жылға қарсы өнеркәсіп өнімі 412,1 млрд. теңгеге өндіріледі, 2003жылмен салыстырғанда өсімі 113,2% құрайды.

Франция және Ресей компанияларымен бірлесіп жылына 3,0 мың тонна қуатты «Aliant Paint» ЖШС сыр-бояу материалдар шығаратын зауыт іске қосылған. Өндіріс түрлі сипатты және қасиетті бояулар шығаратын еуропалық модульді технологиямен қамтылған.

Қарағанды қаласында дәрі-дәрмек, оның ішінде дүниежүзіндегі ұқсасы жоқ ісікке қарсы қолданатын шөпдәрі «Арглабин» шығаратын фармацевтикалық зауыты салынып жатыр.

Химия саласының, машина жасау, тамақ өндірісінің үлесі ұлғаяды. Осыған орай жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі «Испат-Кармет» ААҚ және «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ үлесі 2003 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 74,9%-ға, 2015 жылы 65%-ға дейін азаяды.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласындағы жұмыс мынаған бағытталады:



  • өнімнің тауарлық түрін орауды жақсарту;

  • барлық сала кәсіпорындарында ИСО9000 сериялы сапа менеджментін енгізу;

  • өңдеу үшін шикізат сапасын жақсарту және көлемдерін тұрақтандыру үшін өнеркәсіп мал шаруашылығын дамыту;

  • өнім түрлерін көбейту және оның қосымша құнын көтеру үшін бидай және басқа ауыл шаруашылық дақылдарды күрделі өңдеу бойынша үздік инновациялық технологиялар игеру.



5.1.2. Жаңа технологиялар салаларын дамыту
2004-2006 жылдары облыста дамыту институттармен бірлесіп басымды жоғары технологиялық және инновациялық өндірістің іске қосылуы жоспарлануда:

Мемлекеттік дамыту институттарымен бірлесіп жүзеге асыруға жоспарланған жобалар:



1.Еден жабу өндірісі ( «Құрылыскомплект-А» ҚФ ЖШС) – жоба «Акцент», «Винфлекс НБ» типті еден жабу коммерциялық ПВХ өндірісін ұйымдастыруға, жылына 14 млн. м2 қуатты инеалғыр талшықты еден ПВХ жабуларға бағытталған. Жоба құны 480,5 млн. теңгені құрайды, іске асыру мерзімі – 3 жыл;

2.Жылу күш қондырғыларға экологиялық таза және қауіпсіз сұйық ортаның гидродинамикалық қыздырғыш сериясын құру («Темір мен мыс» ЖШС) - жоба ыстық сумен жабдықтайтын ауаны, су және ауа жылуын салқындату үшін жергілікті желдетпе жүйесінде қолданатын жылу күш қондырғыларға экологиялық таза және қауіпсіз сұйық ортаның гидродинамикалық қыздырғыш тәжірибелі -өндірістік сериясын құруға бағытталған. Жобаның құны – 7,7 млн. теңге, іске асыру мерзімі – 1 жыл;

3.Бейнеграмметрикалық жол өлшеу жүйесі («Тұлпар» ЖШС) – жоба деректерді лазерлік көмескі жарығы және компьютермен ө өңдей отырып, темір жол сипатын анықтайтын көрінісін өзгерту үшін жабдықтарды өндіруге бағытталған. Жобаның құны – 650,0 млн. теңге, іске асыру мерзімі – 2 жыл;

4. Фармацевтика зауытын салу (Фитохимия институты) - жоба жылына 2 млн. ампула және 2 млн. сауыт көлемінде ісікке қарсы қолданатын «Арглабин» дәрі өндірісіне бағытталған. Бұл теңдессіз, дүние жүзінде ұқсасы жоқ дәрі. «Аглабин» Қазақстан Республикасында ісікке қарсы құрал болып тіркеліп, «Негізгі өмірге қажетті дәрі-дәрмектер және ҚР дезинфекция құралдарының тізіміне» қосылған;

5. Болатты құбырлардың өндірісі («Темір мен мыс» ЖШС) – жоба 4-шектегі өнімнің - халықаралық API-5L стандарты бойынша диаметрі 102-426 мм мұнайгаз сортаментінің болатты тік тігісті құбырлар өндірісін ұйымдастыруға бағытталған. Іске асыру мерзімі – 2 жыл, зауыттың жобалық қуаты жылына 120 мың тонна дейін орнатылуы мүмкін. Құбырларды өндірген жағдайда «Испат-Кармет» ААҚ болатты илегін пайдалану жоспарлануда;

6. Кірпіш зауытын салу («Уралдомнаремонт» ААҚ) – жоба жылына 20,0 млн. дана көлемінде үздік француз технологиясы бойынша қайта құрылған кірпіш өндірісін ұйымдастыруға бағытталған. Жоба құны 792,0 млн. теңгені құрайды, іске асыру мерзімі – 5 жыл;

7.Асинхронды электрқозғалтқыш өндіру («Қарағанды электротехникалық жабдықтар зауыты» ЖАҚ) – жоба жылына 8,0 мың дана мөлшерінде 20-120 кВт қуатты асинхронды электр қозғалтқыш өндіруді ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстанда аталған өнім шығарылмайды. Жобаның құны 120,0 млн. теңгені құрайды, іске асыру мерзімі – 3 жыл.

Бұдан басқа жыл сайын экономиканың нақты секторын дамыту бағдарламасына сәйкес жұмыс істейтін және жаңадан құрылатын өнеркәсіптің тамақ, жеңіл, химия, металлургия және басқа салалар кәсіпорындарында жаңа өндірістер ашылатын болады (2004 жылы 33 өндіріс ашылуы жоспарлануда).

Бірнеше инвестициялық және инновациялық жоба аймақтық деңгейде жүзеге асырылады:

1. Электр энергияны есепке алатын құралдар өндіру («АИМ ЛТД» ЖШС) – жоба «Темір 1» электр энергияны есепке алатын құралдар шығаруға бағытталған. Жоба құны – 21,9 млн.теңге, іске асыру мерзімі – 2 жыл;

2. Ақтас және Ақшоқы -3 кендерінің кварц желін терең байыту зауытын салу («Қаратас-Абад» ЖШС) жоба жартылау өткізгіш, жарық- техникалық, оптика- талшық және кремний өнімдеріне арналған аса таза кварц шығаруға арналған. Жобаның құны – 900,0 млн. теңге, іске асыру мерзімі – 3 жыл;

3. Лифт өндірісін ұйымдастыру («Қарағанды лифт жасау зауыты» ЖШС) - жоба бұрайтпа технологиясы бойынша лифт жинауды ұйымдастыруға бағытталған. Іске асыру мерзімі – 2004 жыл. Болжамдаған өндіріс көлемі – жылына 360-тан 600 бірлік өнімге дейін;

4.Құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіп кешені («Караганданедруд» АҚ)- жоба француз технологиясы бойынша керамика кірпіш және жабынқыш өндірісіне, швед технологиясы бойынша құм-тасты қоспалар өндіруге және өңдеуге бағытталған. Іске асыру мерзімі – 2 жыл. Жоспарлаған көлемі – 30 млн. дана кірпіш;

5. Өзге жолдарымен атомды су тегін алу аэроионды технологияны игеру («Абсолют-Қазақстан Компаниясы» ААҚ) – жоба ауа тазарту технологиясын аэроионды сынау және енгізуге бағытталған. Іске асыру мерзімі – 1 жыл;

6.Ұсақтайтын өзектер өндірісі («Қазақмыс Корпарациясы» АҚ «Қарағанды құю – машина жасау зауыты» ААҚ) – жоба жылына 8,4 мың тонна диаметрі 100-120 мм ұсақтайтын өзектер өндірісін ұйымдастыруға бағытталған. Бұл Қазақстандағы жалғыз өндіріс, бұйым бағалары импорт бұйымдарға қарағанда 2 есе төмен. Жүзеге асыру мерзімі – 2004 жыл;

7. Жабынқыш және кірпіш өндірісін ұйымдастыру («Осакаров кірпіш зауыты» ЖШС) – жоба кірпіш зауытын салуға бағытталған, 10,0 млн. дана жабынқыш және кірпіш шығару;

8. Жаңа кен орындарын дайындау: («Қазақмыс корпорациясы» АҚ) Абыз, Жаман-Айбат, («Нұрдәулет» ЖШС) Көкзабой, («Казвольврам корпорациясы» ЖШС) Қараоба
Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде облыста 5 кластер құрылады.

Кәсіпорындар басшыларына, облыстың қалалар мен аудандар әкімдеріне, ғылыми ұйымдар мен институттарға ұсынған инвестициялық және инновациялық жобалар базасы құрылған.



5.1.3. Құрылыс және құрылыс индустрия

Облыс бойынша 16,74 млрд. теңге жобалық қуатты 62 құрылысиндустрия кәсіпорны жұмыс істейді.

Құрылыстық-монтаждық жұмысты жалпы саны 14,6 мың жұмысшы бар 299 құрылыс ұйымдар мен компаниялары атқарады. Құрылыс ұйымдарында (негізгі) құрылыс техниканың 1039 бірлігі бар, олар орындаған жұмыстың жалпы көлемі 2003 жылы 15,0 млрд. теңгені, немесе 2002 жылмен салыстырғанда 130% құраған.

Президенттің Жолдамасына сәйкес облыста 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының бағдарламасы әзірленуде. Тұрғын үй беруді өсірудің негізгі факторы ипотекалық кредиттеу болады. Бағдарлама орындаудың даярлау мерзімінің бірінші кезектегі шаралар бойынша 2004 жылға арналған іс-шаралар әзірленген. Облыс бойынша тұрғын үй тапсыруды 2004 жылы – 100 мың м2 (2003 жылдан 2,3 есе көп), 2005 жылы – 150 мың м2, 2006 жылы – 195 мың м2 өсіретін шаралар көзделуде.

Тұрғын үй құрылысының жаңа саясатын іске асыру үшін Қарағанды қаласында бірлескен қазақстан-ресейлік «Қарағанды лифт салу зауыты» ЖШС кәсіпорны құрылған. Зауытта лифт жасау бұрауышты технология бойынша айына 50 бірлікке дейін шығаратын болады. 2004 жылдың мамыр-маусым айларында бірінші партиясын алуды жоспарлауда. Осыған байланысты лифт құны Ресей зауыттарына қарағанда 10-15 %-ға төмен болады.

2004-2007 жылдары Қарағанды, Теміртау қалаларында, Осакаров ауданында жылына жалпы көлемі 70 млн. дана кірпіш шығаратын үш жаңа кірпіш зауытын іске қосу және Жезқазған қаласындағы кірпіш зауытын сауықтыру көзделуде (2007 жылға қарсы 5,6 млн. дана кірпіш шығару).

Жоспарланған құрғақ әдіспен цемент өндіру «Central Asia Cement» ААҚ бар қуатты жылына 1500 мың тоннаға дейін өсіруге және республиканың басқа облыстарын цементпен жабдықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жобалық қуатына дейін жеткізу мақсатымен бірнеше кәсіпорындарды қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру және қайта қалпына келтіру көзелуде (цемент, кірпіш, т/бетон конструкциялары, ағаш бұйымдары, инертті материалдар және т.б).
5.2. Институционалдық қамтамасыз ету

Қарағанды облысының индустриалдық - инновациялық дамуын институционалды қамтамасыз ету нарықтық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыруды және дамытуды көздейді: аймақ экономикасының өңдеу салаларының шаруашылық субъектілерінің барлық жиынтығына қызмет көрсетуге бейімдеуді; бәсекеге қабілетті өндіріс өнімдерін шығаруға және өткізуге, шикізат пен технологиялар алуға ықпал етуді; облыс кәсіпорындары жұмысының тиімділігін мен шаруашылық тәуекелдігін көтеруді.

Осы мақсатта 2004 жылдың І тоқсанында Қарағанды қаласында «Қарағанды аймақтық технопарк» ЖШС құрылған, ол аймақпен қатар бүкіл республиканың инновациялық жүйесін дамытатын негіз болады. ЖШС құрылтайшысы облыс әкімияты және «Инжиринг және технология трансферті орталығы» АҚ болды. Технопарк қызметінің мақсаты ғылыми зерттеулер нәтижелерін және кен өндіру, өнеркәсіп, металлургия, химия, машина жасау салаларындағы әзірлемелерді өндіріске енгізу болып табылады. Технопарктің ұйымдастыру қызметінің негізінде мынадай принціптер жатыр:


  • ғылымға негізделген өндірісті, инновациялық бизнесті ұйымдастыру үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау және осыған байланысты ғылыми-техникалық прогрессті ынталандыру;

  • ғылымды тікелей өндірістік күшіне айландыруға мүмкіндік беретін ғылым. өндіріс және коммерцияны барынша және оның ішінде аумақтық жақындату.

  • идеялармен және тәжірибелермен тиімді алмасуға жағдайлар жасауға мүмкіндік беретін ғылымға негізделген өнімнің әр түрлі түрлерін әзірлейтін фирмаларды «бір шатыр астына» біріктіру.

Кәсіпкерлерге көмек көрсететін аймақтық консалтингтік және консультациялық орталығын құру мүмкіндігі қарастырылады.

Бағдарламаға енгізілген облыстың инвестициялық және инновациялық жобаларын жылжыту және іске асыру үшін Ұлттық инновациялық қор, Қазақстанның инвестициялық қоры, Дамыту банктер, Инжиниринг және технологиялық трансферт орталығы, эксперт кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, Маркетингтік-талдаулы зерттеу орталығы, Кәсіпкерлікті қолдау қоры – мемлекеттік дамыту институттарымен әрекеттесу жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде.


5.3. Сауда саясаты

Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы 2003 жылы 2589 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 2089 млн. АҚШ долл. импорт – 500 млн. АҚШ долл., оң сальдосы – 1589 млн. АҚШ долларды құрады.


8 Кесте. 2001-2003 жылдардағы облыстың сыртқы сауда айналымы

млн.АҚШ долл.

 

2001 жыл

өткен жылға %-бен

2002 жыл

өткен жылға %-бен

2003 жыл

өткен жылға %-бен

ССА

1963,8

101,7

2034,6

103.6

2589,0

119,1

Экспорт

1491,3

96,4

1587,1

106.4

2089,0

122,0

Импорт

472,5

124,5

447,5

94.7

500,0

108,4

Сальдо

1018,8

97,7

1139,6

100.9

1589,0

139,4

2002 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2001 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға, экспорт – 6,4%-ға, облыс импорты - 5,3 %-ға өскен.

Қара металл илегін әкеліп жеткізуді - 30,7%-ға, өңделген немесе жартылай өңделген күмісті - 10,4%-ға, кен және мырыш қойыртпаларды - 2,3%-ға, бидай мен меслинаны - 68,2%-ға арттыру есебінен экспорттың өсуі пайда болды.

Машина және құрал жабдықтарын әкеліп жеткізуді - 4,5%-ға, жиһазды- 2,9%,-ға, шинаны-10,1%-ға, қара металлдан жасалған құбыр бұйымдарын – 29,3%-ға, қантты - 52,6%-ға азайту есебінен импорттың төмендеуі пайда болды.



2003 жылдың сыртқы айналымын талдау сыртқы сауда құрылымдағы оң өзгерісті көрсетеді: экспортқа жіберу көлемі 22,0%-ға, импорттық кіріс – 8,4%-ға өскен, сыртқы сауда сальдосы оң болып, 1589,0 млн. АҚШ долларды құрайды.

Сыртқы сауда айналым көлеміндегі алыс шет елдердің үлесі 2003 жылы 73,2%-ды құраған, бұл өткен жылға қарағанда 10,7%-ға артық. Алыс шет елдердің негізгі серіктестері:

Тауар айналымының жалпы көлемінен Қытай – 37,7%, Италия – 6,7%, Германия – 5,1%, Иран – 8,3%, Солтүстік Корея – 1,9%, Вьетнам – 1,7%.

ТМД елдерінің сыртқы сауда айналымы 40,1%-ға ұлғайған. ТМД елдері бойынша негізгі серіктесі: тауар айналымының жалпы көлемінен Ресей Федерациясы – 20,3% , Украина – 2,9%, Өзбекістан – 1,5%.
9 Кесте. 2004-2006 жылдарға арналғаноблыстың жоспарланған сыртқы сауда айналымы

млн. АҚШ долл.



 

2004 жыл

өткен жылға %-бен

2005 жыл

өткен жылға%-бен

2006 жыл

өткен жылға %-бен

ССА

2650,0

102,3

2700,0

101,9

2750,0

101,9

Экспорт

2100,0

100,5

2130,0

101,4

2150,0

100,9

Импорт

550,0

110,0

570,0

103,6

600,0

105,3

Сальдо

1550,0

97,5

2700,0

101,9

2750,0

101,9

Болжаулы экспорт бойынша 2004 жылдан 2006 жылға дейінгі мерзімнің деректерін талдау экспортқа жіберетін тауарлардың негізгі түрлері болып қалуға қорытынды жасауға мүмкіндік береді:



  • «Испат Кармет» ААҚ 2004-2006 жылдары дүниежүзілік рынокта қара металл бағасы өсуіне байланысты қара металл илегінің экспортын 1,2-4%-ға өсіреді

  • Тазартылған мыс және қорытпалар – экспорттың жыл сайынғы көлемі 524,5 млн. долл. құрайды

  • Тасты көмір және лигнит – 2004 жылы экспорт 58,2 млн. АҚШ долл. құрайды, 2005-2006 жж. жыл сайын 58,5 млн. АҚШ долл. Негізгі экспортқа жіберетін кәсіпорындар - «Испат Кармет» КД ААҚ, «Шұбаркөл көмір» ААҚ, «МУГОТЕКС» ЖАҚ болып табылады.

  • Мырышты руда және концентрат - 2001 жылы бірлескен қазақстандық-швейцарлық «NOVA ЦИНК» ЖШС кәсіпорны ауыр байыту жүзгін цехын іске қосуына байланысты жаңа машина, құрал сатып алды, 2002 жылы мырыш руда экспорты 18,2%-ға өсіп, 12,06 млн. АҚШ долл., 2003 жылы – жылына 15,6 млн. АҚШ долл. құраған. 2004-2006 жылдары 2003 жылдың деңгейінде болу жоспарлануда.

  • Өңделген немесе жартылай өңделген күміс, алтын. «Қазақмыс Корпорациясы» 2003 жылдың деңгейінде қалуды жоспарлайды.

  • Өңделмеген мырыш - 2003 жылға дейін осы тауар экспортқа мүлде шығарылмаған. «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ мырыш зауытын іске қосуына байланысты мырыш экспорты 2004-2006 жылдары жыл сайын 59,5 млн. АҚШ долл. құрайтын болады.

Қарағанды экспортындағы шикізат тауарлар әлі де құрастырушы негіз болып қалуы анық. Алайда облыс үшін шикізат өңдеу дәрежесінің тереңдеуі және осының негізінде экспорттағы үлесінің одан әрі ұлғаюы әбден анық.

Бұдан басқа өз ауыл шаруашылығын және жеңіл өнеркәсібін қалпына келтіру бойынша қарағандылық импорттағы тұтынушы тауарлар үлесі азайып, машина және жабдықтар - инвестициялық тауарлар үлесі өседі.

Экономика салаларын дайындау шегінде ССА-ға кіру үшін аймақтық деңгейде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:


  1. облыс кәсіпорындарында сапа жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс;

  2. аймақтық бизнес, ассоциациялар, бірлестіктер, СӨП өкілдерінің қатысуымен Казақстанның ССА-ға кіру мәселесі жөнінде семинарлар, конференциялар, «дөңгелек стөлдер» ұйымдастыру;

  3. «Қарағандылық сапа» тауар өндірушілер арасында аймақтық конкурс өткізу.


5.4. Инвестициалық саясат.

2002 жылы негізгі капиталдағы инвестиция бүкіл облыс бойынша 62,6 млрд.теңгені құраған, бұл 2001 жылғы деңгейден 13,4%-ға артық. Инвестицияның жалпы көлемі 92% -ке жуығы – жеке және шет елдік меншік кәсіпорындардың күрделі салымдары, бюджет қаражатының үлесі - 8%.

Инвестициялар көлемінің динамикасын төмендегі кестеден байқауға болады:

млрд. теңге

Қарағанды облысының 2003 жылғы негізгі капиталдағы инвестиция көлемі бағалау есебімен 65,2 млрд. теңгені құраған, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңіне 102,1% сәйкес.

2003 жылғы инвестицяның салалық құрылымы көлемінің негізгі бөлігі - 80% өнеркәсіп саласына, оның 51% – өңдеу саласына келеді.

Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік инвестиция үлесі 11,4%, шет елдік – 18,0% және 70,6%- ы кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен құраған.

Республикалық бюджет қаражаты (4,7 млрд. теңге) күрделі жөндеуге, су шаруашылық объектілерін жаңғырту және салуға, автожолдарды салу және жөндеуге, медициналық құралдарын жетілдіруге, халықты ауыл шаруашылық өнімдермен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған.

Жергілікті бюджеттегі қаражаттар (4,6 млрд. теңге) белгіленген басымдылыққа сәйкес облыстық маңызды автожолдарды күрделі жөндеуге, аймақтық су құбырлар желілерін қайта жаңартуға, сонымен қатар білім беру және денсаулық сақтау объектілерін жөндеуге бағытталған.

2003 жылы негізгі капиталдағы шет елдік инвестиция көлемі 9,6 млрд. теңгені, немесе жалпы инвестиция көлемінің 18%-ын құраған. Оның ішінде «Испат - Кармет» АҚ-да шет елдік инвестиция есебінен металлургия зауытын қайта жаңартуы жүргізілген, болатты үздіксіз құю цехының құрылысы басталған.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты 37,8 млрд. теңгені құраған, олар өндірістік қорларды жаңартуға, жаңа қуаттар енгізуге, сонымен қатар, «Қазақмыс Корпарациясы» АҚ, «Испат-Кармет» ААҚ, «Жайрем КБК» АҚ т.сс кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған.

2004-2006 жылдары облыс бойынша негізгі капиталдағы инвестициялар барлық қаржыландыру көздері есебінен 239,4 млрд. теңге көзделген, 76,4 млрд. теңге, 82,6 млрд. теңге және 80,4 млрд. теңге жылдарға сәйкес.

Республика бюджеті есебінен 2004-2006 жылдары негізгі капиталдағы инвестициялар болжам бойынша3,4; 4,2 и 3,6 млрд. теңгені құрайды. 2005 жылдағы инвестицияның өсуі селолық аудандардағы білім беру объектілерінің құрылысына жобалы түрде бөлінген қаражатқа байланысты. Республикалық және облыстық маңыздағы автожолдарды қайта жаңартуға, облыстың селолық аудандарындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға, сонымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жөндеуге бағытталған.

2004-2006 жылдары жергілікті бюджеттен қаражат автожолдарды күрделі, орта жөндеуге және бір қалыпта ұстауға, тұрғын үй шаруашылық объектілерін қайта жаңартуға бағытталады.

Жергілікті бюджет есебінен инвестициялар жұмсау селолық аудандардағы білім беру объектілерін салу және қайта жөндеу арқылы білім беру саласына да көзделген.

Алдағы жылдарда инвестициялар жұмсау көздерінің негізі мемлекеттік емес сектордағы кәсіпорындардың өз қаражатынан болады. 2004-2006 жылдары кәсіпорындардың күрделі салымы 52,1 млрд. теңге көлемінде жоспарланған, жылдарға сәйкес 56,3 млрд. теңге және 53,4 млрд. теңге. 2004-2006 жылдары инвестициялар шет елдік инвесторлар қаражаты есебінен 14,9 млрд. теңгені құрайды, жылдарға сәйкес 16,1 млрд. теңге және 16,5 млрд. теңге.

Салалық құрылымындағы инвестициялар салу басымды секторы болып кен өндіру және өңдеу, электр энергия, газ және су өндіру және үлестіру өнеркәсібі табылады.


5.5. Өндірістің бәсекеге қабілетті факторларын көтеру жөніндегі шаралар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет