АТЫ
|
Ақтөбе облысының өңірлік дамуының 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
|
Өңдеудің негізі
|
«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы № 827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысымен бекітілген нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлауды енгізу туралы Тұжырымдама. ҚР Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы № 958 «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" Жарлығы
|
Өңірдің негізгі мінездемесі
|
Ақтөбе облысы Қазақстанның солтүстiк-батыс бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 300,6 мың ш. км.құрайды, бұл еліміздің аумағының 11%-н құрайды. Облыс бойынша халық тығыздығы орта есеппен 1 ш.км-ға 2,3 адам құрайды. Республиканың алты облысымен (Қостанай, Қарағанды және Қызылорда, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарымен), сондай-ақ солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор қаласымен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ автономды облысымен шекаралас. Облыс халқы 786,3 мың адам (2012 жылдың 1 қаңтары бойынша). Ақтөбе облысы Қазақстанның индустриалды дамыған өңірі болып табылады. Өңір экономикасының негізгі бағыты – өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісі.
|
Бағыттары
|
Экономика.
Әлеуметтік сала.
Инфрақұрылым.
Ауылдық аумақтың дамуы, экология.
Мемлекеттік қызметтер.
|
Бағдарламаның мақсаттары
|
Өңдеу салаларын дамытуды, жоғары қосымша құны бар дайын өнім экспортын сыртқы нарықтарға өтуін, инновациялық кәсіпкерлікке және экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып, қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілеттілігін нығайту.
Тұрғылықты халықтың өмір сүру сапасын арттыру, барлық сапалы әлеуметтік қызмет түрлерiмен қамтамасыз ету.
Үйлестiрiлген энергетикалық, инженерлiк, көлiктік, су шарушылығы инфрақұрылымын дамыту және тұрғылықты халықтың өмір сүру қызметі үшін қолайлы орта жасау.
Аумақтың тiршiлiк әрекетi үшiн тұрғындарды ұтымды жүйемен орналастыру және аумақтың құрылымын шоғырландыру есебiнен экономикалық перспективалы және өмір сүруге қолайлы, Ақтөбе облысының әкiмшілік- аумақтық құрылымын жетiлдiру.
|
Міндеттері
|
Аумақтық экономиканы тұрақты дамыту үшiн минералдық шикiзатты өндіру және терең өңдеу.
Экономиканың өңдеу салаларын дамыту.
Халықаралық көлiк түйіндерін, көлiктік-логистикалық орталықтарды дамыту.
Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өнеркәсiбiн дамыту.
Металлургия және дайын металл бұйымдары өндiрiсін дамыту.
Химия өнеркәсiбiн дамыту.
Облыстың аграрлық-өнеркәсiптiк кешенiн дамыту.
Инвестициялар, алдыңғы технологиялар және адами ресурстарды тарту үшiн қолайлы инвестициялық жағдай жасауы.
Инфрақұрылымның барлық нысандарын жетiлдiру.
Энергетикалық тиімділікті арттыру.
Қоршаған табиғи ортаны, табиғи қорларды және биологиялық әр түрлiлiкті сақтау.
Тұрғындарды ұтымды орналастыру жүйесін құрастыру және Ақтөбе облысының әкiмшілік-аумақтық құрылымын жетiлдiру.
Облыстың және оның аудандарының экономикасының сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру.
|
Нысаналы
индикаторлары
|
2015 жылы Жалпы өңірлік өнім көлемі нақты көріністе - 107,9% құрайды.
Жалпы өңірлік өнім құрылымында өңдеу өнеркәсіптерінің үлесі 2015 жылы 8,0% құрайды (2011ж. – 8,4%).
Жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарларын сатып алуда қазақстандық мазмұнның үлесі - 15%, жұмыс пен қызмет - 70% құрайды.
Шикі мұнай өндіру көлемі 2015жылы – 8,4 млн. тонна, газ - 4600,0 млн. куб.м. құрайды.
2015 жылы агроөнекәсіп кешенінде еңбек өнімділігі 2011 жылмен салыстырғанда 16,2% құрайды.
Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы 4,8% дейін қысқарады (2011ж.- 4,9%).
Жұмысқа орналастыру бойынша өтініш білдірген адамдардан жұмысқа орналастырығандардың санының үлесі 2015 жылы - 65% құрайды.
2015 жылы тұрғындардың сапалы медициналық қызметке қанағаттанушылық деңгейі - 90% құрайды
2015 жылы инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының саны олардың жалпы санының - 30% құрайды (2011ж. – 12,0%).
2015 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі - 80% жетеді.
Тұрғындарды орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі 95 % құрайды.
2015 жылы зиянды заттарды жалпы шығарудың деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 11,8% төмендейді.
2015 жылы жоғары әлеуетті дамыған ауылдық елді мекендердің саны 41 бірлікке жетеді.
|
Қаржыландыру көзі және көлемдерi
|
Қаржыландыру көздерi: республикалық және жергiлiктi бюджет, инвесторлардың меншiктi қаражаты, қарызға алу қаражаттандырудың көлемдерi:
2011 жыл – 510 074,51 млн. теңге
2012 жыл – 432 459,82 млн. теңге
2013 жыл – 520 886,09 млн. теңге
2014 жыл – 516 369,81 млн. теңге
2015 жыл – 491 031,32 млн. теңге
Барлығы 2 470 821,55 млн. тенге.
|
2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ -
2.1. Өңірдің оң және теріс жақтарын, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси дамуына ықпал етуін бағалау
Ақтөбе облысының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалау нақты сектордың дамуымен, денсаулық сақтау, бiлiм және халықты әлеуметтiк қорғау салаларында оң серпінмен сипатталады.
Аумақ және тұрғындар. Ақтөбе облысы аумақ үлкендігі бойынша Қазақстанда екінші облыс болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлу бойынша өңір 12 ауданға, 140 ауылдық (селолық) және 2 кенттік әкімшілікке бөлінеді. Облыс аумағында 8 қала бар, оның ішінде: 7 шағын қала Алға, Жем, Қандыағаш, Темір, Хромтау, Шалқар, Ембі және Ақтөбе қаласы, сондай-ақ 411 ауылдық елді мекен бар.
Республика бойынша облыста халықтың ең төмен тығыздығы байқалады.
Ақтөбе облысының халқының саны 2012 жылдың 1 қаңтарына дейінгі санақ бойынша 786,3 мың адамды құрады.
Ақтөбе облысының ресурстық әлеуеті. Ақтөбе облысының жер қойнауында алтын, күміс, кобальт, калий тұздары, асбест, каолин, әйнек және тас түсті шикізат, табиғи әрлеу материалдары, мұнай-битум тектілер және тағы басқа пайдалы қазбалардың үлкен қоры бар. Бұның салдарынан өңірде тау-кен өндіру, химия өнеркәсібі, ферроқұймалар өндірісі және т.б. айтарлықтай дамуда. Тау-кен кәсіпорындарының мейлінше үлкен бөлігі Мұғалжар ауданында шоғырланған. Мұғалжар таулары никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металдарға бай. Кемпірсай аумағында Хромтау, Никельтау шахталары ашылды, хромиттік және никель көздері Батамша кентінің жанынан табылды. Мергел әктасы бор кезеңінің соңында пайда болды және ол цемент өндірісінде пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмдарынан әйнек жасалады. Ақтөбе өңірінің орталық бөлігінде және оңтүстігінде мұнай мен газ өндіріп алу дамыған, мысалы, мұнай-газ конденсатының кен орындары Жаңажол, мұнай-газ кен орны Кенқияқ - тұз асты, мұнай кен орны, Кенқияқ-тұз үсті, және т.б. табылды. Өңірде хром бірігулерінің, ферроқұймалардың рентген аппаратураларының және машина жасаудың, химия комбинатының және өзге зауыттары қызмет етеді.
Өңірдің көліктік әлеуеті өте жоғары. Облыста теміржол, автомобиль, әуе, сондай-ақ құбыр тасымалдау түрлері қызмет етеді. Алайда көлік инфрақұрылымының сапасы мен тығыздығы жеткілікті дамымай қалып отыр.
Инвестициялық қызмет. 2003-2009 жылдар аралығындағы кезеңде инвестициялар көлемiнiң серпіні жыл сайынғы өсімнің оң үрдісіне ие. Ақтөбе облысының негізгі капиталына 2009 жылы 312,5 млрд. тенге инвестиция жасалды, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 2,7 есе артық.
Өңір инвестициясының үштен екі бөлігі (66,6%) облыс өнеркәсiбiн дамытуға бағытталған, онда тау-кен өндіру өнеркәсібі инвестициялары ең капитал сыйымды инвестициялар болып табылады. Облыс көлемінде тау-кен өндiру саласының меншікті салмағы 58,2%-ды құрайды. Мұнай және табиғи газ өндіру (37,3%), көлiк және байланыс (14,8%), жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызмет көрсету (9,3%), өңдеу өнеркәсібі (2, 4%) басым салалар болып табылады.
Облыста ең инвестицияланған аудандар Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар ауданы болып табылады. Олардың үлесіне сәйкесті 23,4 % және 22,8% келеді. Аудандардың инвестициялық тартымдылығының басты факторы өздерінің минералды немесе жылу-энергетикалық шикізаттарының бар болуы болып табылады. Инвестициясы ең аз аудан Ойыл ауданы, оның үлесі 0,3% құрады.
Өңірлік банктiк институттар сипаттамасы. Бүгінгі күні Ақтөбе облысында коммерциялық банктердiң 16 филиалы тiркелген. Облыста қарастырылатын мерзімде екiншi деңгейдегi банктер арқылы 104,3 млрд. теңге берген несие берілді. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға 26,2 млрд. теңге несие берілді. Облыста 2003-2009 жылдар аралығында екінші деңгейдегі банктер арқылы берілетін несиелердің динамикасы тең емес күйінде қалып отыр. Өңірде ипотекалық несиелеу 2006 ж басталды, алайда 2009 жылы ипотека күрт төмендедi.
Егер несие қоржының сапа сипаттамасына назар аударатын болсақ, мерзiмiнен кешіктірілген қарыз өсімінің жоғары қарқынын байқауға болады. Сондай-ақ проблемалық несие көлемi өсімінің қарқыны берілген несиелер көлемi өсімінің қарқынынан айтарлықтай жоғары.
Депозиттер көлемі барлығы - 97,5 млрд. теңге құрады, оның ішінде заңды тұлға – 48,9 млрд. теңге, жеке тұлға – 48,6 млрд. теңге.
Аумақтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайына талдау
Достарыңызбен бөлісу: |