«Даму-Өндіріс II » өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 ақпандағы кәсіпкерлікті ынталандыру және қаржы секторын сауықтыру мәселелері жөніндегі кеңесінде берген тапсырмасы бойынша, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысымен, 100 млрд. теңге сомаға Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының қаражатынан Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы («Даму-Өндіріс II ») жүзеге асырылуда.
Бағдарламаға келесі Әріптес банктер қатысады:
-
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
-
«Казкоммерцбанк» АҚ
-
«Банк ЦентрКредит» АҚ
-
«ДБ «Сбербанк России» АҚ
-
«Евразийский Банк» АҚ
-
«Темірбанк» АҚ
-
«Цесна банк» АҚ
-
«АТФБанк» АҚ
-
«Нұрбанк» АҚ
-
«Казинвестбанк» АҚ
-
«Delta Bаnk» АҚ
-
«AsiaCreditBank» АҚ
-
«Bank RBK» АҚ
Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы ШОКС кредиттеудің негізгі шарттары:
-
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (ШОКС) және өңдеуші өнеркәсіптің төменде көрсетілген салаларында өз жобаларын жүзеге асырушылар болып табылатындарды қаржыландыру:
-
Тамақ өнімін өндіру;
-
Сусындар өндіру;
-
Тоқыма өнімдерін өндіру;
-
Киім шығару;
-
Тері өндіру және оған қатысты өнімдер шығару;
-
Жиһаздан бөлек, ағаш және тоз өнімдерін өндіру; сабаннан жасалған және өруге арналған материалдардан жасалған өнім шығару;
-
Қағаз және қағаз өнімдерін шығару;
-
Басу және жазылған материалдарды қалпына келтіру;
-
Кокс және мұнайдан жасалған өнімдер өндіру;
-
Химия өнеркәсібі өнімдерін шығару;
-
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндіру;
-
Резіңке және пластмассалық бұйымдар өндіру;
-
Металл емес өзге минералды өнім өндіру;
-
Металлургия өндірісі
-
машина мен жабдықтардан бөлек, дайын металл өнімдерін өндіру;
-
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер шығару;
-
Электр жабдықтарын өндіру;
-
Өзге категорияға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру;
-
Автокөлік құралдарын, трейлер мен жартылай тіркемелер шығару;
-
Өзге көлік құралдарын шығару;
-
Жиһаз шығару;
-
Өзге дайын бұйымдар өндіру.
-
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату.
-
Қаражатты мақсатты пайдалану:
-
Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бағдарламаларына («Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына, «Даму Өндіріс» бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сауықтыру бағдарламаларына және «НУХ «КазАгро» ҰБХ» АҚ) қатыспайтын заемдарды қайта қаржыландыру;
-
Жаңа құралдарды сатып алу, негізгі құралдарды құру және жаңарту кезінде қаржыландырудың артықшылығы - Түпкілікті қарызгердің 10 бөлімге (Тамақ өнімін өндіру) және С секциясының (Өңдеуші өнеркәсіп) 11 бөлімнің 11.06 мен 11.07 классқа (Сусындар өндіру) сәйкес экономика салаларында жүзеге асырылатын жобаларын қаржыландыру
-
Сыйақының соңғы жылдық мөлшерлемесі – жылдығы 6,0% көп емес;
-
ШОКС қарызын қаржыландыру кезінде сыйақының жылдық тиімді ставкасын ҚРХБ талаптарына сәйкес белгіленеді. Түпкілікті қарызгердің қарызды қарызға алу міндеттемелерін бұзуы себепті алынатын комиссиялардан, алымдардан және (немесе) басқа да төлемдерден басқа, түпкілікті қарызгердің қарызымен байланысты ешқандай комиссиялар, алымдар және (немесе) басқа да төлемдер алынбайды.
-
кредиттеу мерзімі – 120 айға дейін;
-
қарыз валютасы – теңге;
-
бір ШОКС берілетін ең көп қаржыландыру лимиті – 1 850 млн. теңгеден көп емес;
-
негізгі борышты өтеуге берілетін жеңілдік мерзімі - 18 айға дейін;
-
кредиттік желі бойынша қаражаттың қол жетімділігі кезеңі - 1 (бір) жылға дейін;
-
Өзге кредиттеу шарттарын Әріптес банктер өздері белгілейді.
Бағдарлама бойынша ШОКС қаржыландыруға тыйым салынады:
-
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу мақсаты бар.
Бағдарламаға қатыса алмайтын ШОКС:
-
акциздік тауарлардың шығарылымын көздейтін, жобаларды жүзеге асырушылар;
-
құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар болып табылатын және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың шағын және/немесе орта кәсіпкерлік субъектілер, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар.
Өзге шарттарды Әріптес банктердің өкілетті органы белгілейді.
Толық ақпаратты «ШҚО Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ 2-22-91, 6-90-73 тефондары арқылы алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |