Өңірлерді жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру бойынша 2008-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама



Дата03.07.2016
өлшемі225.5 Kb.
#175219




Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының сесиясы

2008 жылғы «19» желтоқсанда



№ 10/140-IV қаулысына қосымша



Өңірлерді жеміс-көкөніс өнімімен

молықтыру бойынша

2008-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама

Өскемен қаласы, 2008 жыл

МАЗМҰНЫ



1

Бағдарламаның паспорты

3

2

Кіріспе

4

3

Картоп және жеміс-бақша өнімін өндіру мен тұтынудың қазіргі кездегі жағдайын талдау

5

3.1

Картоп өндіру және қамтамасыз етілуі

5

3.2

Көкөніс және бақшалық дақылдар өндіру және онымен қамтамасыз етілуі

6

3.3

Жеміс-жидек өнімдерін өндіру және олармен қамтамасыз етілуі

7

3.4

Инфрақұрылымдардың қазіргі жағдайы

8

3.4.1

Картоп және көкөніс қоймалары

8

3.4.2

Көтерме сауда және коммуналдық базарлар

8

3.5

Картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу

8

3.5.1

Картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру тиімсіздігін талдау

9

4

Бағдарламаның мақсаты және міндеттері

9

5

Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері

10

5.1

Тұрғындардың жеміс-көкөніс өнімдеріне қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар

10

5.2

Өскемен және Семей қалалары халқын қамтамасыз ету шаралары

11

5.3

Өскемен және Семей қалаларында картоп және көкөніс өнімдерін өндіру және тұтынудың қазіргі жағдайын талдау

12

5.3.1

Картоп шаруашылығы саласының жағдайы

12

5.3.2

Көкөніс шаруашылығы саласының жағдайы

12

5.4

Өскемен және Семей қалалары тұрғындарының картоп және көкөніспен қамтамасыз етілу жағдайы

13

5.5

Өскемен және Семей қалалары бойынша картоп және көкөніс өндірудің 2008 жылға арналған теңгерімі

14

5.6

Ішкі нарықты, оның ішінде маусым аралығы кезінде, аймақтың өңтүстік өңірлерінен және алыс және таяу шет елдерден тасу арқылы жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету

15

5.7

Картоп тұқымы шаруашылығы

16

5.8

Инфрақұрылымды дамыту

16

5.8.1

Жеміс-көкөніс қоймасы

16

5.8.2

Көтерме сауда және коммуналдық базарлар

16

5.9

Қайта өңдеу саласын дамыту

17

6

Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

17

7

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

18

8

Өңірлерді жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру бойынша 2008-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

19


1. Бағдарламаның паспорты


Бағдарламаның атауы

Өңірлерді жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру бойынша 2008-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама)

Оны әзірлеу үшін негіз

«Ішкі рынокты жеміс-көкөніс өнімімен тұрақты молықтыру бойынша 2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 248-ө өкімі

Бағдарламаны әзірлеуші

Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы

басқармасы



Бағдарламаның мақсаты

- максимальное обеспечение ллл - - облыстың қалалары және аудандары халқын картоп және көкөніс өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, қайта өңдеу және сату аяқталған циклімен барынша қамтамасыз ету

Міндеттері

облыс халқын картоп және көкөніс өнімдерімен жыл бойы қамтамасыз ету;

қайта өңдеу кәсіпорындарын сапалы шикізатпен қамтамасыз ету;

картоп және көкөніс өнімдерін дайындау, сақтау, қайта өңдеуді ұйымдастыру.

Бағдарламаны іске асыру мерзімі

2008-2009 жылдар


Қаржыландыру көлемі


2008 ж. – 176,2 млн. теңге, 2009 ж. – 8 675,0 млн. теңге

Қаржыландыру көздері

жергілікті бюджет қаражаттары, даму институттарының, Халықаралық қайта құру және даму банкі, «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамының қаражаттары, агроөнеркәсіп кешені субьектілерінің өз қаражаттары


Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

облыстың қалалары және аудандарының ішкі қажетін әртүрлі және толық көлемде сапалы өніммен қамтамасыз ету. Қыс уақытында жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз ету;

көкөніс өнімдерін және картоп өндіру, қайта өңдеу көлемінің өсуі, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, импорт үлесін қысқарту;

облыстың агроөнеркәсіп кешенінде қосымша жұмыс орындарын құру


2. Кіріспе

Облыстың өнеркәсіптік бағытының ерекшелігін, тау-кен және металлургиялық өндірістің дамуын ескерсек, бірінші кезектегі маңызы бар мәселе - халықтың толыққанды тамақтануы үшін қалалар мен поселкелерді азық-түлікпен қамтамасыз ету. «Екінші нан» саналатын картоппен және көкөніспен қамтамасыз ету аса маңызды шарт болып табылады. Осыған байланысты облыстың шаруашылықтарында картоп және көкөніс шаруашылықтарын дамыту ерекше маңызға ие. Тамақтануда картоп пен көкөніс дақылдарының ешнәрсемен алмастыруға болмайтындығы өнімнің осы түрлерін өндіру тенденциясында өз рөлін ойнады, қазір олар салыстырмалы алғанда тұрақты деңгейде тұр, тіпті ауыл шаруашылығын реформалау да оларды өндіру көлеміне айтарлықтай ықпал ете алмады.

Экономиканың жоспарлы жүйесі жойылғаннан кейін шаруашылықтар үлкен еңбекті қажет ететін шығынды дақылдарды өсіруден бас тартты. Сондықтан, көкөніс дақылдарының егіс аумағы мейлінше азайып, егіс құрылымында тек өсіруге көп шығын жұмсалмайтын дақылдар ғана қалды. Егістік құрылымында орамжапырақ, сәбіз және қызылша басым. Қаражаттың жеткіліксіздігінен және ауыл шаруашылығы техникасының толық еместігінен картоп және бақшалық дақылдарды өсіру агротехникалық іс-шаралар кешені толығымен орындалмады.

Дамудың бүгінгі кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірісін озық технологияларды және техникалық прогресс жетістіктерін қолдану және енгізу жолымен әртараптандыруға бағыт алынды. Агроөнеркәсіп кешенінің бұдан әрі дамуы өндірісті жаңғыртуды және қайта жарақтандыруды, оның инфрақұрылымын дамытуды талап етеді.




3. Картоп және бақша-көкөніс өнімдерін өндірудің қазіргі жағдайы және тұтынуын талдау
3.1 Картоп өндіру және онымен қамтамасыз етілу
Тұрғындардың толыққанды тамақтануының маңызды шарты «екінші нан» саналатын картоппен қамтамасыз етілуі болып табылады. Осыған байланысты облыс шаруашылықтарында картоп шаруашылығын дамытудың маңызы ерекше.

2003-2006 жылдар кезеңінде облыста картоп егістігінің аумағы жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады. Аталған кезеңде картоп егістігі 7,4 мың гектарға (26,8%) азайған (1-кесте). 2007 жылы 2006 жылдағыдан егістік аумағы 1,6 мың тоннаға (7,9%) артқан.

Егістік алқаптардың азаюы салдарынан жалпы картоп түсімі 2007 жылы 2002 жылдағыдан 65,2 мың тоннаға (17,5%) аз болды. Алдыңғы жылдардағы деңгеймен салыстырғанда егістік аумағы кеңейіп, өнімділік азайғанда жалпы түсім 4,9 мың тонна (1,6%) болды.

Облыста картоп шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы тауарлы сала ретінде нашар дамыған және негізінен халықтың өзін-өзі қамтамасыз ету мақсатында өсірілетін дақыл. Картоп аумағының 90%-ға жуығы тұрғындар шаруашылығына тиесілі, 2007 жылы олар өнімнің 91,0% өндірді. Қалалар халқын картоппен қамтамасыз етуде ұжымдық бау-бақша шаруашылығының маңызы зор және қалалықтардың азық-түлік қорына елеулі үлес қосуда, аталған шаруашылық санаттарында өнімнің 15% өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында және шаруа қожалықтарында картоп шаруашылығы баяу дамуда, олар барлық өндірілген картоптың 1,8 и 7,2% көлемін ғана өндіреді.

Тұрғындар шаруашылығындағы картоп алқабының көп бөлігі суармалы жерлерде орналасуына байланысты қан және картоп түсімі ауа райының қолайсыз жағдайларына, әсіресе құрғақшылыққа төтеп бере алады. Соңғы бес жылда картоп шығымдылығы жылдан жылға гектарынан 135–тен 155 центнерге дейін артып, өсу үрдісі қалыптасқан.

2007 жылы облыста тұрғындардың әр жан басына шаққанда 217 кг картоп өндірілді. Қалыптасқан тұтыну деңгейінде (әр адамға 60-61 кг-дан) облыста азық-түліктік мақсатқа бір жылда 90-100 мың тонна картоп тұтынылады. Өндірілетін картоптың 15% егістік мақсатқа пайдаланылатынын ескерсек, қалған бөлігі мал азығына кетеді. Осыған қарағанда, облыс халқының картоппен қамтамасыз етілуі тұтыну деңгейінен артық шығып тұр. Саланың тауарлық сипатын көтеру проблемалық мәселе болып қалып отыр, өнім бағасының өсуіне де осы фактор себеп болады.


3.2 Көкөніс және бақшалық дақылдар өндіру

және онымен қамтамасыз етілуі
Көкөніс шаруашылығы – ауыл шаруашылығының маңызды саласы. Қазіргі уақытта халықтың нақты кірісінің өсуі олардың жаз-күз маусымдарында ғана емес, қыс маусымында да көкөніске сұранысын үнемі көтеріп отыр. Осыған қарамастан, соңғы жылдары облыс шаруашылықтарында көкөніс және бақшалық дақылдар егістігінің аумағы қысқарып бара жатқаны байқалады, 2002-2006 жылдары осы дақылдар аумағы 3,2 гектарға (26,0%) азайды (2- кесте). 2007 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,2 тыс. гектарға артты. Көкөніс және бақшалық дақылдар түсімінің өсу үрдісі бар. 2002 жылмен салыстырғанда 2007 жылы өсім тиісінше 28 (14,7%) немесе 51 центнер (26,0%) болды. Аталған кезең ішінде жалпы түсім 25,6 мың тоннаға (11,0%) кеміді.

Көкөніс-бақшалық дақылдардың 82,0% ашық топырақта өсірілетін көкөніс, 18,0% - бақшалық дақылдар. Соңғы жылдары облыс шаруашылықтарында жабық тпырақта көкөніс өндіру қолданылған жоқ.

2007 жылы өндірілген көкөніс көлемінде томаттың (қызанақ) үлес салмағы үлкен - 20,7%, орамжапырақ - 18,9%, асханалық тамырлы көкөністер (сәбіз және қызылша) – 20,3%, қияр – 12,7%, пияз – 6,6%, басқа да көкөністер – 20,8%. болды

Көкөністің 90% тұрғындар шаруашылығында өндірілді, ол өнімнің көп бөлігін олар өздері тұтынады. Қалалық жерлерде саяжайлары немесе бақшалық жер телімдері бар тұрғындар өздерін көкөніс өнімдерімен толық немесе жартылай қамтамасыз етеді, басқа бөлігі көкөністі базарлардан сатып алады. Нәтижесінде қалаға жақын шаруашылықтар қала халқын тез тасымалдауы тиімсіз және тез бұзылатын өнімдермен 50-60 пайызға қамтамасыз етеді.

Бақшалық дақылдар шаруа қожалықтарында және тұрғындар шаруашылықтарында бірдей көлемде өндіріледі. 2007 жылы бақшалық дақылдар құрамында қарбыз 87,4%, қауын 12,6% болды.

2007 жылы көкөніс және бақшалық дақылдар өндіру жалпы облыс бойынша әр жан басына шаққанда 145 кг, нақты тұтынуы 76 кг болды.

Көкөніс арнайы сақтауды, болмаса тез арада қайта өңдеуді немесе сатуды қажет ететін ерекше өнім. Осы шарттар орындалмаса көкөкніс шаруашылығын тиісті деңгейде дамыту мүмкін болмайды. Картоп, көкөніс және жемістер сақтайтын қойма 11 кәсіпорында және 35 шаруа қожалығында бар, олардың аумағы 26,7 мың шаршы метр. Қоймалардың жартысынан көбі (28 қойма) Семей қаласында, Бесқарағай және Глубокое аудандарында орналасқан. Облыста көкөністі өңдеу халықтың іс жүзінде қолына берілген. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде қайта өңдеу жабдықтары жоқ. Облыста көкөніс өңдейтін ірі кәсіпорындар жоқ. 2007 жылы көкөніс өңдеумен қосалқы шаруашылықтар және жеке кәсіпкерлер айналысты, жедел есептік мәліметтер бойынша олар 2516 мың теңгенің 12 тонна консервіленген көкөнісі шығарды.

Облыс халқын өзімізде өндірілетін картоп және көкөніспен жыл бойы қамтамасыз ету үшін көкөністі жаппай өндіруге қабілетті және көп номенклатуралы тауарлы түріндегі сала қалыптастыру қажет. Әсіресе ерте пісетін және жабық тәсілмен өндірілетін көкөніс өндірісін жақсарту ерекше маңызды. Бұл облыс халқын қыс және көктем маусымдарында көкөніспен қамтамасыз ету проблемасын шешуге және оның бағасын төмендетуге септігін тигізеді.



3.3 Жеміс-жидек өнімдерін өндіру және олармен қамтамасыз етілуі
Толыққанды тамақтану үшін тұрғындар көкөніс және жеміспен толық қамтамасыз етілу үшін қажет. Облыс шаруашылықтарындағы екпе жеміс-жидек аумағы жылдан жылға азайып барады, 2002-2007 жылдары 2221 гектарға, немесе 64,0%-ға кеміп, 1247 га құрады (3-кесте). Бұл үрдіс барлық шаруашылықтарға тән. Аталған кезең ішінде жүзімдіктер аумағы 19 га (38,0%) кеңейіп, 69 га құрады. Жеміс-жидек өнімін өндіру көлемі 1,9 есе азайып, жүзім алқабы 2,0 есе артты.

Қазіргі уақытта бау шаруашылығы негізінен әуесқой бау өсірушілерде жақсы дамыған. Жеміс-жидек өнімінің негізгі көлемі (88,7%) тұрғындар шаруашылығындағы қосалқы шаруашылықтарда және саяжайларда өндіріледі. Облыстың көп аумағында жеміс дақылдарын өсіруге табиғи және климаттық жағдайлар қолайсыз болғандықтан, оларды ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында және шаруа қожалықтарында өндіру әлсіз дамуда. Одан гөрі бүлдірген, қарақат және қызылқат, таңқурай сияқты жидек дақылдарын өсіру тисенімдірек. Алайда оларды сақтау және сату рыноктарына тасымалдау, өсіру, әсіресе жинау кезіндегі жұмыстың ауқымдылығы, механикаландырудың жоқтығы, энергия көздері бағасының бағасының ұдайы қымбаттауы өндірісті дамытуға ынталандырмайды. Жеміс-жидек дақылдары және жүзімді Зайсан, Күршім және Үржар аудандарының шаруа қожалықтары ғана өсреді. Олардың өндірістегі үлесі 5%-дан сәл ғана асады.

Жеміс-жидек өнімдері өндірісі көлемінде жемістердің, оның ішінде алманың үлесі үлкен (4-кесте).

Облыс халқының өздері өндіретін жеміс-жидекпен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз ретінде қалып келеді. Өндіріс көлемі тұрғындардың тұтыну сұранысының үштен бір бөлігін ғана қанағаттандырады. 2007 жылы облыста әр адамға орта есеппен 9 кг жеміс, жидек және жүзім өндірілді, немесе тұтыну көлемінен 22 кг-ға (71%) кем. Одан басқа, облыс шаруашылықтарында дақылдар мен сұрыптардың шектеулі жиынтығы өндіріледі. Осыған байланысты біршама тұтыну көлемі сырттан әкелінетін өніммен қамтамасыз етіледі.





    1. Ифрақұрылымдардың қазіргі жағдайы


3.4.1 Картоп және көкөніс қоймалары
Жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде облыста сыйымдылығы 53605 тоннаны құрайтын 75 картоп және көкөніс қоймасы бары анықталды. Қолда бар осы қоймалардың жалпы сыйымдылығы 8100 тонна құрайтын 14-і (26%) өз мақсатында пайдаланылады, жалпы сыйымдылығы 37261 тоннаны құрайтын 34-і (64%) қайта жөндеуді және жаңғыртуды қажет етеді (5-кесте). Жоғарыда аталған нысандардың сыйымдылығы 8100 тоннаны құрайтын 4-інің техникалық жарақтандырылуы қазіргі заманғы талаптарға сай емес, сондықтан бос тұр, оларды қайта жөндеу және жаңғырту қажет.
3.4.2 Көтерме сауда және коммуналдық базарлар
2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 96 сауда базары жұмыс істейді, олардың 8-і – азық түлік сататын, 23 – азық-түлікке жатпайтын тауар сататын, 58-і әмбебап және 7-і мамандандырылған базарлар.

Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру ережесіне сәйкес 23 сауда базарына 1-санат, 32 базарға 2-санат, 41 шағын базарға 3-санат берілген.

Облыста ет өнімдерінің бағасы басқа базарларға қарағанда 10-15 пайызға төмен 4 коммуналдық базар жұмыс істеуде: олар облыс орталығында, Жарма ауданының Георгиевка, Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылдарында. Аягөз қаласында ашылған «Жақсылық» муниципалды базары демалыс күндері барлық тауар түрлерін сату қызметін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері сауда орындарын жалға алғандары үшін ақы төлемейді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өнімді базар бағасынан 30 пайызға дейін кемітіп тікелей өздері сатады, бұл жеке меншік дүкендерде бағаның өсуін тежейді.


3.5 Картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу
Картоп және көкөніс өнімдерін өндіру мен пайдалану тиімділігін арттыру шарттарының бірі оны өңдеу болып табылады. Көкөніс дақылдары өзінің биологиялық ерекшеліктері бойынша тез бұзылатын өнім болып табылады, осыған байланысты облыстағы картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін және сақтайтын орындарды қайта жаңарту және жаңғырту қажет. Облыста сыйымдылығы 3400 тоннаны құрайтын екі ашыту- маринадтау цехы, сыйымдылығы 600 тоннаны құрайтын бір ашыту-тұздау және сағатына 2 тонна өнім шығаратын картоп өңдейтін цех бар. Бірақ олардың жағдайының нашарлығынан бір ашыту-маринадтау және ашыту-тұздау цехтары пайдаланылмай тұр (6-кесте).

3.5.1 Картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру тиімсіздігін талдау
Облыста картоп және жеміс-көкөніс өнімдерін өндірудің тиімді болмауы бірқатар проблемаларға байланысты, олар мыналар:

картоп және жеміс-көкөніс дақылдарын өсіретін мамандандырылған шаруашылықтардың жоқтығы;

картоп және жеміс-көкөніс өндірісінің ұсақ тауарлылығы, осы өнімді өндіретін орта және ірі шаруашылықтардың аздығы;

жылыжайлардың жоқтығы;

облыстың ірі және өнеркәсіпті қалаларының көкөніс және картоп қоймаларымен аз қамтамасыз етілуі;

картоп және көкөністі өңдеудің дамымағандығы;

шаруашылықтардың картоп және көкөніс өсіруге арналған мамандандырылған техникамен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

Өскемен қаласындағы көкөніс шаруашылықтарында бар суармалы жерлер тиімділігінің төмендігі;

облысқа шеттен әкелінетін көкөніс өнімдері үлес салмағының үлкендігі және олардың бағаларының қымбаттылығы.

4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері

Мақсаты:


облыс қалалары мен аудандары тұрғындарын өндіру, дайындау, сақтау және сатудың аяқталған түріндегі картоп және көкөніспен барынша толық қамтамасыз ету.
Міндеттері:

облыс тұрғындарын картоп және жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету;

бәсекеге қабілетті және жоғары сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ету;

қазіргі заманғы агротехнологияларды енгізу, аталған дақылдарды суармалы жерлерде өсіру арқылы картоп және жеміс-көкөніс өндіру тиімділігін арттыру;

көкөніс өсіретін шаруашылықтардың қолданыстағы суармалы жерлерін қайта жаңартуды жүргізу, жаңа суару жүйелерін салу;

арнайы ауыл шаруашылығы техникаларымен және жабдықтармен қамтамасыз ету;

облыстың ірі қалаларында көкөніс және картоп қоймаларын салу;

қазіргі заманғы инфрақұрылымды жылыжайлар салу;

республиканың басқа өңірлерінен және басқа елдерден әкелінетін картоп және көкөністің үлес салмағын азайту;

картоп және жеміс-көкөніс өнімдері бағаларының негізсіз өсуін тежеу;

жер-жерлерде жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеуді ұйымдастыру, оларды өңдейтін жаңа өндірістер ашу.


  1. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері

Осы Бағдарламаны тиімді түрде жүзеге асыру мақсатында мынадай бірқатар шараларды атқару қажет:

ғылыми негізделген агротехнологияларды және ауыспалы егістікті енгізу және сақтау;

өндірісте картоп және көкөністің аудандастырылған және жоғары өнімді тұқымдарын пайдалану;

көкөніс өсіретін шаруашылықтарда қолданыстағы суармалы жерлерді қайта жаңарту жүргізу және жаңа суармалы жүйелерді салу;

картоп және көкөніс өсіретін шаруашылықтарды лизинг жүйесі арқылы арнайы ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету;

картоп және көкөніс-бақша дақылдарын өсіретін мамандандарылған бригадалар, звенолар құру;

Өскемен және Семей қалаларында жабық жерде көкөніс өндіретін жылыжай шаруашылықтарын салу;

облыстың ірі қалаларында картоп және көкөніс қоймаларын салу;

көкөніс және картоп өңдейтін жаңа өндіріс орындарын ұйымдастыру;

ауылдарда көкөніс және картоп қабылдайтын дайындау пункттерін ашу;

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен қарым қатынас жасау арқылы тұтыну рыногын өніммен молықтыру, яғни, жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ӘКК қатысуымен жүзеге асыру, міндетті түрде Семей және Өскемен қалаларының әкімдіктері белгілеген сауда орындарында сату және қоймаларында сақтау.





    1. Тұрғындардың жеміс-көкөніс өнімдеріне қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар

Облыс тұрғындарының жеміс-көкөніс өнімдеріне болған қажеттілігін және қамтамасыз етілуін талдау мынадай көрінеді (7-кесте).

Жалпы алғанда облыс көкөніспен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, жеміс-көкөніс өнімдерінің кейбір түрлері бойынша мынадай жетіспеушілік байқалуда: пияз – 11,3 мың тонна, томат – 0,8 мың тонна, алма – 12,1 мың тонна, жеміс-жидек – 6,8 мың тонна.

Тұрғындардың жетіспейтін өнімдерге болған қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылдануда:

1) 2008 жылы жанар-жағар майдың және басқа да материалдық құндылықтардың құнын арзандату бағдарламасы бойынша облыстың бақша дақылдары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 18,2 млн. теңге, картоп өсіруге - 1,2 мың гектар егістік алқабына, 13,2 мың тонна жалпы өнім жинауға 3,0 млн. теңге, көкөніс өсіруге - 0,69 мың гектар егістік алқабына, 10,4 мың тонна жалпы өнім жинауға 8,3 млн. теңге және бақша дақылдарын өсіруге – 0,56 мың гектар егістік алқабына, 14 мың тонна жалпы өнім жинауға 6,8 млн. теңге төленді.

2009 жылы 2,5 мың гектар жерде картоп өсіру үшін 6,3 млн. теңгенің, 1,2 мың гектарда көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге 14,4 млн. теңгенің субсидиясын төлеу жоспарланып отыр.

2) 2009 жылы көкөніс дақылдары өсірілетін жерлердің аумағын 103%, картоптың аумағын – 104%, бақша дақылдары аумағын 104%-ға ұлғайту көзделіп отыр (8,9,10-кестелер).

Өскемен қаласы бойынша мынадай картоп қоры жасалынады:

«Дина» толайым-бөлшек сауда кешені – 350 тонна;

«Ақдария» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 2000 тонна;

«Т.Қ.Екімбаев» шаруа қожалығы – 222 тонна.


5.2. Өскемен және Семей қалалары халқын

қамтамасыз ету шаралары
Облыс қалалары халқын картоп және бақшалық көкөніс өнімдерімен барынша қамтамасыз ету мақсатында:

Өскемен қаласы бойынша:

2008 жылы 4,7 га аумақтағы жылыжай кешені бірінші кезегінің құрылысы жүзеге асырылады, 2009 жылы 5 га аумақтағы жылыжай кешені құрылысы көзделуде;

«Екімбаев Т.Қ.» шаруа қожалығында бар 100 гектар суармалы жер жаңаланып, 150 га жаңа суармалы жер пайдалануға енгізіледі, бұл көкөніс өндіруді қосымша 4,2 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Семей қаласы бойынша:

жылдық көлемі 2 мың тонналық, 1,0 га жылыжай кешенінің бірінші кезегі құрылысын жүзеге асыру көзделуде.

Облыс бойынша көкөніс өнімінің барлық көлемі негізінен ашық топырақта өндіріледі, облыста жылыжай және көшетжай шаруашылықтары жоқ (1,2-сұлбалар).

Облыста көкөніс дақылдарының тиімді өндірісінің бірден бір кепілі оларды өсіретін суармалы жерлердің болуы. Осыған сүйене отырып, 2008 жылы «Екімбаев Т.Қ.» шаруа қожалығы 100 га аумақтағы суармалы жерлерді жаңалауды, 2009 жылы 150 га аумақтағы суармалы жерлерді іске қосуды жоспарлап отыр. Осы мақсатқа шаруашылық Халықаралық қайта құру және даму банкінен 275 млн. теңге қаражат алуды жоспарлауда.

Облыста тамшылатып суару тәсілі қолданылмайды. Негізінен жайып суару және жүйелеп суару қолданылады.

5.3 Өскемен және Семей қалаларында картоп және көкөніс өнімдерін өндіру және тұтынудың қазіргі жағдайын талдау
5.3.1 Картоп шаруашылығы саласының жағдайы
2008 жылы Өскемен қаласы бойынша картоп егістігі алқабы 1,44 мың га құрады, оның 72 га (5%) шаруашылық жүргізуші субъектілеріне, қалған бөлігі тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарына тиесілі (11-кесте). Картоп және көкөніс өндірудегі тұрақтылыққа негізінен тұрғындардың қосалқы шаруашылығы есебінен қол жеткізілді, олар бүгінгі уақытта негізгі өндірушілер болып табылады. Картоп егістігінің үлкен аумақтары Т.К.Екимбаев коммандиттік серіктестігінде – 175 га. Жедел мәліметтерге қарағанда ағымдағы жылы картоптың жалпы түсімі 23,7 мың тонна құрады.

Семей қаласы бойынша ағымдағы жылы картоп 2,53 мың га аумаққа отырғызылды, оның ішінде ауыл шаруашылығы құралымдары 511,2 га (20%) аумаққа отырғызды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары ішінде 283 га картоп егістігі «Агрофирма Приречное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Семей қаласы бойынша жалпы картоп түсімі 26,9 мың тонна құрайды.

Соңғы төрт жылдағы картоп өндірісіне жасалған талдау 2005 жылмен салыстырғанда 2008 жылы картоп өсірілетін аумақ Өскемен қаласы бойынша 960,0 га, Семей қаласы бойынша 470,0 га азайғандығын көрсетеді.

5.3.2 Көкөніс шаруашылығы саласының жағдайы
2008 жылы Өскемен қаласы бойынша көкөніс аумағы 559 га алды, оның ішінде 70 га (14%) шаруа қожалықтарына, 489 га тұрғындар шаруашылықтарына тиесілі. Семей қаласында көкөніс дақылдары 1160 га жерді алып жатыр, оның ішінде 330,4 га (28%) шаруашылық субъектілерінің үлесінде. Көкөніс өндірумен 27 шаруашылық айналысады. Приречное ауылдық округінде – 251,4 гектар, Озёрское ауылдық округінде – 58,6 гектар, Новобаженов ауылдық округінде – 19,6 га, Жиеналы ауылдық округінде – 0,8 га аумақ орналасқан. Ағымдағы жылы 150,0 ц/га өнімділік жағдайында 17,4 мың тонна көкөніс өндірілді (12-кесте). 2007 жылмен салыстырғанда шаруашылық субъектілерінің көкөніс дақылдарына арналған аумағы 127,4 гектарға артты. Ауыл шаруашылығы құралымдарында өсірілетін негізгі көкөніс дақылы – орамжапырақ болып табылады, оның үлесіне жалпы егіс көлемінің 30,5% жатады, егістіктің жалпы көлемінде сәбіз – 36,7%, қызылша - 9,7%, тәтті бұрыш - 0,8%, қияр - 2,0%, қызанақ - 1,8% және басқа көкөніс өнімі 18,4%-ды алады.

Өңірде көкөніс жинайтын 5 комбайн есептеледі, олар «Агрофирма Приречное» жауакершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі, өңірдің басқа шаруашылықтары көкөністі жинау кезінде өз округтеріндегі адам ресурстарын пайдаланады. Көкөністі отырғызу және тұқым себуде механикаландыру тәсілімен қоса, көшетті жылыжайдан ашық топыраққа қолмен де отырғызады.



5.4 Өскемен және Семей қалалары тұрғындарының картоп және көкөніспен қамтамасыз етілу жағдайы
Өскемен қаласында картоп өндіру 2007 жылы – 22,7 мың тонна құрады. Халық саны 298,7 мың адам болғанда қаланың картоп және көкөніске жылдық сұранысы 20,9 мың тонна құрайды. Азық-түліктік мақсатқа қалатын көлемі 13,5 мың тонна (13-кесте). Есептеулерге қарағанда қала халқының картоппен қамтамасыз етілуі 64,6% құрайды. Өскемен қаласы халқының сұранысын толық қамтамасыз ету үшін картоптың жетпеген көлемі облыстың басқа аудандарынан, республиканың басқа облыстарынан және жақын мемлекеттерден әкелінеді.

Семей қаласы бойынша 2007 жылы 41,8 мың тонна картоп өндірілді. Халық саны 308,2 мың адам болғанда қала тұрғындарының картоп және көкөніске жылдық сұранысы 21,6 мың тонна құрайды. Азық-түліктік мақсатқа 26,3 мың тонна тонна картоп қалады (13-кесте). Семей қаласының қамтылуы 122%-ды құрайды.

Көкөніс өндіру көлемі Өскемен қаласында 2007 жылы 16,5 мың тонна, Семей қаласында 19,4 мың тонна құрады. Өскемен қаласы тұрғындарының жылдық қажетсінуі 29,9 мың тонна, Семей қаласынікі 30,8 мың тонна болғанда, қамтылуы тиісінше 46,6%, 54,0% құрады, бұл аталған қалаларда көкөніс тапшылығы үлкен екенін көрсетеді. Тұрғындарды толық қамтамасыз ету үшін көкөністің қажетті көлемі сырттан әкелінетін өніммен толықтырылады.

Қалалардың тұрғындарын қамтамасыз ету маусым аралықтарында өткір мәселеге айналады. Қалалар тұрғындарын картоп және көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуде ұжымдық бау шаруашылығының және бақша шаруашылығының маңызы үлкен, ол қалалықтардың азықтық қорын молайтуға елеулі үлес қосады, бұл жерде аталған өнім өндірушілер санатының өнімді негізінен өздері тұтыну үшін өндіретінін және өте сирек жағдайда сататынын ескеру керек. Сондықтан да қалалықтарды бау-бақшалық жер телімдерімен қамтамасыз ету олардың картоп және көкөніске сұранысын қанағаттандыратын бірден бір қарапайым және сенімді тәсіл болып табылады. Алайда соңғы жылдары саяжай қозғалысы облыста қысқару үрдісіне ие болып келеді.

Қалалықтарды картоппен жыл бойы қамтамасыз ету үшін картоп қоймаларының болуы өте маңызды. Қазір қолда бар қоймалар өз мақсатына пайдаланылмай келеді.

Картоп пен көкөніске болған қажеттілікті қамтамасыз етудің бұл жағдайы

облыстың ауыл шаруашылығы құралымдарында аталған дақылдарды өсіретін алқаптарды арттыруды бұрынғыдан да көкейкесті етіп отыр.

5.5 Өскемен және Семей қалалары бойынша картоп және көкөніс өндірудің 2008 жылға арналған теңгерімі
Биылғы жылы жиналуға тиіс картоп егістігі алқабы Өскемен қаласы бойынша 1,44 га, Семей қаласы бойынша 2,53 га құрайды. Картоптың Өскемен қаласы бойынша күтілетін жалпы түсімі, алдын ала есептеулер бойынша 17,3 мың тонна, Семей қаласы бойынша 42,0 мың тонна құрайды. Бөліп, таратуға барлығы тиісінше 15,7 и 37,3 мың тонна, оның ішінде тиісінше тұқымдық мақсатқа 4,32 и 7,59 мың тонна, ішкі тұтынуға 11,38 и 29,71 мың тонна қалады (14-кесте).

Алдын ала есептеулер бойынша ағымдағы жылы көкөніс жинау Өскемен қаласы бойынша 0,5 га және Семей қаласы бойынша 1,67 га аумақта жүргізіледі, көкөністің күтілетін жалпы түсімі тиісінше 7,5 и 26,8 мың тонна құрайды. Бөліп, таратуға барлығы Өскемен қаласы бойынша – 6,4 мың тонна және Семей қаласы бойынша 22,8 мың тонна, жиыны ішкі тұтынуға барлығы тиісінше 6,4 және 22,8 мың тонна қалады (15-кесте).

Қазіргі уақытта картоп және көкөніс өнімдерін қоймаға жинау және сақтау үшін Өскемен қаласында жалпы азық-түліктік қуаты 3040 тонналық 7 қойма, Семей қаласында жалпы азық-түліктік қуаты 37720 тонналық 27 қойма бар. Өскемен қаласындағы жалпы өндірістік қуаты 800 тонна «Екімбаев» шаруа қожалығының қоймасы, жалпы жалпы азық-түліктік қуаты 2150 тонна «Дина» толайым-бөлшек сауда кешенінің картоп-жеміс-көкөніс қоймасы, Семей қаласындағы жалпы жалпы азық-түліктік қуаты 6000 тонна «Агрофирма Приречное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бес қоймасы техникалық жағынан жарақтандырылған, көкөніс өнімдерін сақтау талаптарына сәйкес келеді. Қалалардағы қоймалардың көбі 90-шы жылдары салынған және қазіргі уақытта аталған нысандар техникалық жаңартуды және жаңғыртуды талап етеді.
5.6. Ішкі нарықты, оның ішінде маусым аралығы кезінде, аймақтың өңтүстік өңірлерінен және алыс және таяу шет елдерден тасу арқылы жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету
Өскемен және Семей қалаларының тұрғындарын жеміс-көкөніс өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ҚХР және оңтүстік өңірлерден жеміс және көкөністі орталықтандарылған түрде тасу ұйымдастырылды.

ҚХР СУАР Тарбағатай және Алтай округтерінің әкімшіліктерімен және кәсіпкерлерік құралымдарымен жеміс және көкөніс өнімдерін үздіксіз жеткізуді ұйымдастыру туралы келісім жасалды (18-кесте).

Облыс әкімдігі тарапынан жеміс және көкөніс өнімдері тиелген автокөліктерді кедендік бекеттерден кедергісіз өткізуді қамтамасыз ету (көліктің нөмірі алдын-ала хабарланады), сонымен қатар қалаға өнім әкелер кезде «ашық жол» құру жөнінде бірқатар шаралар қабылданды.

Облыс тұрғындарын жеміс-көкөніс өнімдерінің белгіленген түрлерімен қамтамасыз етудің қажеттілігін ескере отырып, сондай-ақ аталған нарықта бәсекеге қабілетті орта құру және бөлшек сауда бағасын арзандату мақсатында аталған өнімді жеткізу екі тәсілмен ұйымдастырылған:

кеңейтілген жәрмеңке өткізу үшін тікелей қытайлық кәсіпкерлердің өнімді «керуен» тәсілімен әкелуі;

сатып алуға, жеткізуге және «Жәрдем», «Шығыс таңы», «Дина» базарларында және қалалардың сауда орындарында сатуына қажетті көмек көрсетілетін жергілікті кәсіпкерлердің жеміс-көкөніс өнімдерін жиі әкелуі. Өнім жеткізудің аталған түрі жедел жеткізу және жергілікті кәсіпкерлер тарапынан көтерме сауда жасаушылар санының артуы жағынан алғанда ең оңтайлысы болып табылады.

қытай кәсіпкерлерінің қатысуымен ай сайын «Демалыс күні» атты кеңейтілген жәрмеңкелер өткізу туралы бұрын қол жеткізілген келісім одан әрі жалғастырылуда.

Маусым аралығы кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, өңдеуші кәсіпорындар және көтерме сауда ұйымдары арасында жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алу бойынша келісім-шарт жасау жүйесін дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру мақсатында мынадай шаралар қабылданды:

«Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен «Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінен әкелінетін ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі меморандум» және «Ozbekqishloqsavdo» жауапкершілігі шектеулі қоғамымен Өзбекстан республикасынан жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу ниеті туралы хаттама жасалды.

Осі келісімдерді жүзеге асыру үшін қазіргі кезде Өскемен қаласына картоп, көкөніс және бақша дақылдары жеткізілуде. Бұл өнім көшелердегі сауда орындары арқылы сатылады. Оңтүстік өңірлерден жеміс-көкөніс өнімдерін тікелей жеткізуші оператор - жеке кәсіпкер Н.И.Лубяная болып табылады.



5.7. Картоп тұқымы шаруашылығы
Тұқым шаруашылығындағы басты ұйымдастырушы топ болып табылатын ғылыми зерттеу институттары сұрыпты тұқым өсіруде және тұқым шаруашылығын ұйымдастыруда негізгі роль атқаруы қажет.

дамытуда негізгі ұйымдастырушы топ болып табылады. Оларға перспективалы тұқымдарды көбейту, жаңа сұрыптарды насихаттау, өндіріске енгізу ғана емес, сонымен қатар тұқым шаруашылықтарына тұқымды жаппай көбейту жөніндегі тұқым шаруашылығы жұмыстарын ұйымдастыруда көмек көрсету міндеті жүктелген. Алғашқы сатыдағы тұқым өсіру белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өткен Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе шаруашылықтарын қоса, элиталық тұқым шаруашылықтарына жүктелген.

Облыстың ауыл шаруашылығы құралымдарына картоп тұқымы сортын жаңартуға жыл сайын 600 тонна элиталы картоп тұқымы қажет. Ол үшін жыл сайын 30 мың дана пробирка өсімдігін өсіру, 4000 мың клондарын өсіру қажет, бұл 200 тонна суперэлита алуға мүмкіндік береді (19-кесте).

5.8 Инфрақұрылымды дамыту
5.8.1 Жеміс-көкөніс қоймасы
Облыс тұрғындарын жыл көлемінде жас көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында Өскемен және Семей қалаларында оларды іске асыруға 8300 мың теңге қажет етілетін жылыжай құрылыстарын салу, облыстық бюджет қаражаттары есебінен жалпы сомасы 12 млн. теңгені құрайтын қолданыстағы картоп және көкөніс қоймаларын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар, 2008 жылдың басында Өскемен қаласында қытай бизнесмендерімен бірлесе отырып, қуаты 3 мың тоннаны құрайтын көкөніс қоймасы қолданысқа енгізілді.
5.8.2 Көтерме сауда және коммуналдық базарлар
Сауда базарларының тиімділігін арттыру, алдыңғы қатарлы сауда түрлерін құру бойынша шаралар қабылдау мақсатында базарларды жаңғыртудың облыстық жоспары әзірленді. Осы жоспарға сәйкес аудан орталықтарында келешекте қолданыстағы базарларды жаңарту және қосымша сауда орындарын ашу көзделуде.

Сауда инфрақұрылымын дамыту жөнінде мынадай жұмыстар жүргізілуде:

жаңа сауда нысандары – супермаркеттер, бөлшек сауда және көтерме сауда дүкендер салынуда.

Семей қаласында 2 ірі көтерме сауда базарлары салынуда, үшіншісі кезекте тұр;

«Шығыс Қазақстан өңірлік бизнесті дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Үржар ауданының «Бақты», Зайсан ауданының «Майқапшағай», Шемонаиха ауданының «Уба», Бородулиха ауданының «Жезкент» кедендеріне жақын жерлерде шекара маңы сауда кәсіпорындарын, қызмет салаларын және қонақүйі кешендерін салу үшін жер бөлу жөнінде тендер жариялады. Шекара маңы инфрақұрылымының дамуы сауда айналымы көлемі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, ал бұл тұтыну бағаларының деңгейіне оңды әсер етеді.

Облыста ет өнімдерінің бағасы басқа базарларға қарағанда 10-15 пайызға төмен 4 коммуналдық базар жұмыс істеуде: олар облыс орталығында, Жарма ауданының Георгиевка, Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылдарында. Аягөз қаласында ашылған «Жақсылық» муниципалды базары демалыс күндері барлық тауар түрлерін сату қызметін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері сауда орындарын жалға алғандары үшін ақы төлемейді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өнімді базар бағасынан 30 пайызға дейін кемітіп тікелей өздері сатады, бұл жеке меншік дүкендерде бағаның өсуін тежейді.



5.9 Қайта өңдеу саласын дамыту
Осы Бағдарламының алдыңғы тармақтарында айтылғандай, облыс тұрғындары өңделген картоп және жеміс-көкөніс өнімдерімен аз қамтамасыз етілген. Осыған байланысты облыста картоп, көкөніс өнімдерін дайындау, өңдеу бойынша бірқатар жобаларды әзірлеу, жүзеге асыру жоспарланып отыр, аталған жобаларды іске асыруға қажетті несиенің жалпы сомасы 475 млн. теңге құрайды, ол қоса беріліп отырған 20-кестеде көрсетілген.

Облыста жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алуды қамтамасыз ету үшін 2008 жылы Үржар ауданында ауылдық тұтыну кооперативін іске қосу көзделіп отыр, сонымен қатар, 2009 жылы Семей және Өскемен қалаларында екі дайындау-тарату кооперативін құру жұмыстары көзделініп отыр.




6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру көздері болып республикалық және облыстық бюджет қаражаттары табылады (19-кесте):

облыстық бюджет қаражаттары – 277 млн. теңге, оның ішінде:

2009 жыл – 277 млн. теңге;

республикалық бюджет – 8 675 млн. теңге, оның ішінде:

2009 жыл – 8 675 млн. теңге.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:
өнім өндіру көлемін, түсімділігін және сапасын арттыру;

облыстың ішкі қажеттілігін, оның ішінде қалалардың сапалы өнімге қажеттілігін, сондай-ақ жылыжайлар құрылысы аяқталған соң қыс уақытында жас көкөніспен қамтамасыз ету, қазіргі кезеңде жылыжай іске қосылған жоқ;

кредит ресурстары алынғанда бәсекеге қабілеттілікті, қайта өңдеу көлемін арттыру (20-кесте);

облыстың агроөнеркәсіп кешенінде қосымша жұмыс орындарын ашу.



8. Өңірлерді жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру бойынша 2008-2009 жылдарға арналған

өңірлік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары




Іс-шаралар



Орындалуына жауаптылар

Орындау мерзімі

Аяқтау түрі

Көзделетін шығындар* (млн.теңге)

Қаржылан-дыру көздері

Іске асырудан күтілетін нәтижелер

1

Жеміс-көкөніс өнімін өндірудің, оның ішінде жылыжай, көшетжай шаруашылықтары, ішкі рыноктың көкөніске сұранысы және қамтамасыз етілуінің 2005-2007 жылдардағы теңгерімін және 2008-2009 жылдарға арналған болжамын жүргізуді қамтамасыз ету

АШБ

Тоқсан сайын 20-шы күнге

АШМ-ға есеп

Талап етілмейді




АШМ-ға есеп

2

А/ш дақылдарының егістік құрылымын оңтайландыру, картоп және көкөніс дақылдарының суармалы жерлерде орналасуын қамтамасыз ету жөнінде мынадай шаралар қабылдау:

2009 жылы егістік аумақтарын:

картопты 22 мың га, көкөністі 7,7 мың га, бақшаны 2,3 мың гектарға дейін ұлғайту


Қалалар және аудандар әкімдіктері, АШБ

2009 жылғы

1 тоқсан


АШМ-ға есеп

Талап етілмейді




Картоп егістігінң құнарлылығын және түсімін 149 ц/га, көкөністі 209,1 ц/га және бақшалық дақылдарды 245 ц/га арттыру

3

«Екімбаев Т.К.» ш/қ-да аумағы 100 га суармалы жерлерді жаңалау және 150 га жаңа алқапты пайдалануға енгізу

АШБ,

«Екімбаев Т.Қ.» ш/қ (келісім бойынша)



2009 жылғы IVтоқсан

АШМ-ға есеп

175,0

Басқа қаржы көздері

Көкөніс дақылдарының егістік алқабын кеңейту және өндірісін арттыру

4

Тұқым шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылдау және көкөніс тұқымын, жеміс дақылдары және жүзім көшеттерін өсіретін элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылықтары жүйелерін құру жұмысын жандандыру

Қалалар және аудандар әкімдіктері, АШБ «ШҚ АШҒЗИ» ЖШС (келісім бойынша)

Тоқсан сайын 20-шы күнге

АШМ-ға есеп

Талап етілмейді




2009 жылы картоптың 600 тонна элиталық тұқымын, 200 тонна супер элиталық тұқымын, 4000 тонна бірінші репродукциялы тұқым өндіру

5

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын және сапасын арттыру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарын және басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату» бағдарламасын іске асыру

Қалалар және аудандар әкімдіктері, АШБ

Тоқсан сайын 20-шы күнге

АШМ-ға есеп

20,0

Республикалық бюджет

Картоп және көкөніс өндірісін ынталандыру

6

Үржар ауданында ауылдық тұтыну кооперативін (АТК) құруды аяқтау:

сақтау объектілерін салу



аудандар әкімдіктері, АШБ АТК,

«АКК» АҚ (келісім бойынша)



Тоқсан сайын 20-шы күнге

АШМ-ға есеп

76,2

Басқа қаражат көздері

2008 жылдың соңына дейін іске қосу

7

Дайындау-сату кооперативтерін құру (ДСК):

Өскемен қаласында

Семей қаласында


АШБ,

Қалалар әкімдіктері,

АТК,

«АКК» АҚ (келісім бойынша)



Тоқсан сайын 20-шы күнге

АШМ-ға есеп

200,0

Басқа қаражат көздері

2009 жылы 2 ДСК құру

8

Жеміс-көкөніс қоймаларына, жылыжай, көшетжай шаруашылықтарына және тиісті базаларға тексеру жүргізу

Қалалар және аудандар әкімдіктері, АШБ

2008 жылғы IVтоқсан


АШМ-ға ақпарат

Талап етілмейді




Жеміс-көкөніс қоймаларына, жылыжай және көшетжай шаруашылықтарын қайта құру бойынша ұсыныстар әзірлеу

9

Тұрғындарды жыл бойы жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жылыжай және көшетжай шаруашылықтары, жеміс-көкөніс қоймалары санын арттыру жөнінде шаралар қабылдау

Қалалар және аудандар әкімдіктері, АШБ

Тоқсан сайын 20-шы күнге

АШМ-ға ақпарат

4500,0

Басқа қаражат көздері

Семей қаласындағы жылыжай кешені құрылысы және Өскемен қаласында көкөніс қоймасы бар логистикалық орталық бойынша 2 жобаны қаржыландыру

10

Ірі жылумен және газбен қамту нысандарының маңында мамандандырылған «жылыжай инфрақұрылымдық парктер» ұйымдастыру


Қала және аудан әкімдіктері, АШБ

2008 жылғы IVтоқсан


АШМ-ға ақпарат

1250,0

«КАФ» АҚ (келісу бойынша)

Өскемен қаласындағы жылыжай аумағын 25 гектарға дейін біртіндеп ұлғайту, оның ішінде 2009 жылы 5 гектарға ұлғайту

11

Семей қаласының «АФ Приречное» ЖШС сыймдылығы 6000 тонналық көкөніс-жеміс қоймаларын жөндеу

АШБ

2009 жылғы IVтоқсан


АШМ-ға ақпарат

12,0

За счет собственных средств

Сақтау жағдайларын жақсарту

12

Республика өңірлерінде көкөніс өнімдерінің бар қорларының және көтерме және бөлшек сауда бағаларының мониторингісінің бірыңғай үлгісін әзірлеу

КӨБ,

АШБ


2008 жылғы IVтоқсан





Талап етілмейді




Көкөніс өнімдері қорының уақтылы және толық есебін жүргізу

13

Қажетті көкөніс өнімдерінің Республиканың оңтүстік өңірлерінен және/немесе алыс және жақын шет елдерден жеткізілу кестесін және көлемін әзірлеу

КӨБ,

АШБ


2008 жылғы IVтоқсан


ИСМ-ға ақпарат

Талап етілмейді




Кестеге сәйкес мерзімінде жеткізілуін қамтамасыз ету

14

Қалалар және аудандар бөлінісінде ішкі рыноктағы көкөніс өнімдері мен жанар-жағармай бағаларының мониторингін жүргізу

КӨБ,

АШБ


Тоқсан сайын 20-шы күнге

АШМ-ға ақпарат

Талап етілмейді




Инфляциялық процестерді тежеу бойынша бағаны бақылауға алу және іс-шаралар қабылдау


15

Облыс ішінде жеміс-көкөніс өнімдерін кедергісіз тасымалдауды қамтамасыз ету

Облыс әкімдігі,

ІІД (келісім бойынша)



Тоқсан сайын 20-шы күнге

ІІМ –ға ақпарат

Талап етілмейді




Өнімді кедергісіз жеткізу бойынша шаралар қабылдау

16

Жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалда үшін арнайы жылжымалы көліктің жағдайына талдау жасау

Облыс әкімдігі,

КББ



IV тоқсан жыл сайын


КЖКМ-ға ақпарат

Талап етілмейді




Өнімді жеделдетіп жеткізу бойынша шаралар қабылдау

17

Агроөнеркәсіп кешенінің

Шаруа (фермер) қожалықтары мен басқа да нысандарына анықтамалық және баға жөнінде ақпараттар беру, сондай-ақ, жылыжай құрылысын салу және тамшылатып суару жүйесін қолдану жөніндегі жеке бастаманы ынталандыру мақсатында тұрғындар арасында жеміс-көкөніс өсіруде қазіргі заманғы технологияларды қолдану жөнінде кеңес беру-түсіндірме жұмыстарын жүргізу іс-шараларын жалғастыру



Қала және аудан әкімдіктері, АШБ, «КазАгроМаркетинг» АҚ (келісім бойынша)

Тоқсан сайын 20-шы күнге

АШМ-ға есеп

Талап етілмейді




Әдістемелік көмек көрсету. Облыстық кеңес өткізу.

18

Азық-түлік өнімдерін тұрғындарға жеткізу, штабтарда сенім телефондарын құру, сондай-ақ, тұрғындар арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде жергілікті базарлардағы көкөніс өнімдерінің қол жетімділігін кеңейту жөнінде өңірлерде қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша штаб (құнсыздану штабы) жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету

Облыс әкімдігі

Тоқсан сайын

20-шы күнге



ИСМ-ға есеп

Талап етілмейді




Азық-түлік өнімдерін тұрғындарға жеткізу бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, шаралар әзірлеу және оны қабылдау

19

Ауыл шаруашылығы өнімін сату үшін қосымша мамандандырылған алаңдар ұйымдастыру жұмысын жалғастыру

КӨБ

Тоқсан сайын 20-шы күнге

АШМ-ға есеп, МИТ

10 млн.теңге

Шағын және орта бизнесті кредиттеу есебінен жергілікті бюджет қаражаты

Өскемен қаласында сауда алаңдарын 60 бірлікке дейін,

Семей қаласында 50 бірлікке дейін арттыру.


Ескерту:


1) * - нақтылауға жатады

2) Аббревиатураларды жіктеу:

АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ИЖСМ – Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі

ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

КЖКМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

АШБ – Ауыл шаруашылығы басқармасы

КӨБ – Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

КББ – Көлік бақылау басқармасы

ІІД – Ішкі істер департаменті

«АКК» АҚ - «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы

«ҚАФ» АҚ – «ҚазАгроФинанс» акционерлік қоғамы



«ШҚ АШҒЗИ» ЖШС - «Шығыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Шығыс Қазақстан облысы

Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы С. Тулеубаев




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет