Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14.03
№ 254 қаулысымен
бекітілген
«Өнімділік 2020» бағдарламасы
-
Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы
|
«Өнімділік 2020» бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама)
|
Әзірлеуші
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
|
Бағдарламаның мақсаты
|
Экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігін арттыру жолымен өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
|
Бағдарламаның міндеттері
| -
Кәсіпорындар қолданып жүрген басқару және өндірістік технологияларды жетілдіру
-
Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру
|
Іске асыру мерзімдері
|
2011 2020 жылдар
1-кезең – 2011 2014 жылдар, 2011 – пилоттық;
2-кезең – 2015 2020 жылдар
|
Нысаналы индикаторлар
|
Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында 2020 жылға дейін мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:
Бағдарламаға қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігін кемінде екі есеге ұлғайту
|
Қаржыландыру көздері
|
2011 жылғы республикалық бюджетте 19,9 млрд. теңге көзделген. Инновациялық гранттарға және қазіргі заманғы басқару технологияларын ендіруге арналған шығыстар тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 және 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулыларымен бекітілген «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 20102014 жылдарға арналған бағдарламада» және «Елдің 2020 жылға дейін ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарында» көрсетілген. Республикалық бюджеттен келесі жылдарды қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады
|
-
Кіріспе
«Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Мемлекеттік бағдарламаны және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар Кеңесінің 23-ші пленарлық отырысының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 01-8.1 хаттамасын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Бағдарлама Дүниежүзілік банктің әдістемелік қолдауымен әзірленді және Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру құралдарының бірі болып табылады.
Экономиканың жалпы өнімділігі оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсінетін өнімді шығаратын өңдеуші салалар кәсіпорындары үлесінің ұлғаюы экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейін едәуір арттырады. Сондықтан да мемлекетке оның өнімділігін арттыруды ынталандыру, инновациялық әзірлемелерді ендіру, қазіргі заманғы басқару технологияларын ендіру және жалпы кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңғырту өмірлік маңызды. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және сөзсіз, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу бірінші дәрежелі міндет болып табылады.
Бұл ретте, еңбек тиімділігіне бизнестің инновациялық белсенділігі, күшті бренд, персоналдың біліктілігі, өткізу нарығының тартымдылығына қол жеткізу, бәсекелі ортаның сапасы, өнімдерді немесе қызметтерді шебер жылжыту және сату қабілеттілігі де әсер етеді. Бұдан басқа, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу мәселелерінде менеджменттің рөлі басты болып табылады.
Қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, тиісті Бағдарламаны әзірлеу арқылы қазіргі заманғы басқару және энергия үнемдеуші технологияларды енгізудің, кәсіпорындарды жаңғыртудың және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құрудың жүйелі құралдарын қабылдау қажет.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
мемлекет Бағдарлама әкімшісі (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) және арнайы белгіленген комиссиялар және кеңестер арқылы мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
қажет болғанда Бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі құжаттарды мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісуді Бағдарлама операторы «бір терезе» қағидаты бойынша орындайтын болады;
Бағдарлама шеңберінде оның бір қатысушысына Бағдарлама құралдарын кешенді ұсынуға жол беріледі.
Бағдарламада пайдаланылатын ұғымдар:
ведомствоаралық комиссия – кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия – орталық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, даму институттарының өкілдері мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен Бағдарлама әкімшісінің жанында құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
Бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
Бағдарлама операторы – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы;
құрал операторы – мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынатын, жарғылық капиталында мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға;
өтінім беруші – Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаның іске асырылуына қызығушылығы бар кәсіпкерлік субъектісі;
қатысушы - Бағдарламаға қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестігі туралы Бғдарлама операторының оң сараптамалық бағалауы бар кәсіпкерлік субъектісі;
инвестициялық жобаның кешенді жоспары - қажетті экономикалық, техникалық, басқару және өзге де құжаттама пакеті.
3. Ағымдағы жағдайларды талдау
Мемлекеттік бағдарлама экономиканың әртараптануы мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін, оның шикізаттық емес секторларын жедел дамытуды көздейді.
2010 жылы Қазақстанның өнеркәсібі тұрақты өсу қарқынын көрсетеді. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) көлемі 8 733 001, 3 млн. теңгені құрады және алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 8,0%-ға өсті. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында ЖІӨ-дегі тауарлар өндірісі мен қызметтер өндірісінің үлесі тиісінше 40,5%-ды және 56,8%-ды құрады. ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлесті - 32,0%-ды өнеркәсіп құрайды.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2010 жылғы қаңтар-тамыздағы қолданыстағы бағалармен 7467,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 10,9%-ға көп. Тау-кен өндірісі өнеркәсібінде өндіріс 5,8%-ға, өңдеуші өнеркәсіпте 19,1%-ға, электрмен қамту, газ беру, бу және ауа желдеткіші 7,6%-ға өсті. Тамақ өнімдері мен мұнайды қайта өңдеу, тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, металлургия, химия өнеркәсібінің өнімдері мен машина жасау өндірісі артты. Өндірістің өсуі республиканың 15 өңірлерінде байқалады.
Құндық мәндегі Республиканың экспорт көлемі 2005 – 2009 жылдар аралығында 55,1%-ға 27,9-дан 43,2 млрд. АҚШ долларына дейін өсті, сонымен қатар 2008 жылмен салыстырғанда экспорт көлемі 2009 жылы 39,3%-ға, 71,2-ден тиісінше 43,2 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды. Құндық мәнде экспорт көлемінің төмендеуі ең алдымен, әлемдік нарықта тұтынушылар сұраныстарының төмендеуімен және елдің негізгі экспорттық баптары болып табылатын негізгі энергия тасымалдаушылар мен шикізат ресурстарына бағаның төмендеуімен байланысты болды.
Бүгінде 1000 жуық қазақстандық компания экспорттық операцияларды жүзеге асырады, олардың 750 өңделген өнімді экспорттайды. Қазақстан өнімдерінің негізгі сатып алушылары Қытай (Республиканың барлық экспортынан 15,7 %), Италия (15,7%), Франция (9,2%), Ресей (9,1%) – болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіп экспортының үлесі 26,8%-ды құрайды, оның 14,9 % үлес салмағын металлургиялық өнімдер экспорты алады. Негізгі экспорттық тауар топтарына минералдық шикізаттар мен одан жасалған өнімдер, металдар мен одан жасалған бұйымдар, химия саласының, мал шаруашылығының және өсімдік шаруашылығының өнімдері жатады. 2005-2009 жылдар ішінде жоғары қосылған құны бар өңделген экспорттың басты баптары - машина мен жабдықтар, дайын азық-түлік тауарлары, барлығы 2,6-3,5% немес 0,7- 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Өнеркәсіп өнімдері экспортының тауарлық құрылымында айрықша үлесті шикі мұнай мен табиғи газ иемденеді (64,8%).
Қазіргі заманғы әлемде еңбектің жоғары өнімділігі бәсекелестік артықшылық болып табылады, оны статистика да растайды. Мәселен, жоғары өнімділік арқасында өндірістік жағынан дамыған мемлекет көшбасшылығын сақтап отыр, бұл – АҚШ, Франция, Германия. Оларға өндірістегі лайықты бәсекелестікті Ирландия, Бельгия, Люксембург, Норвегия және басқа елдер құрайды.
Бүгінгі күні Қазақстандағы еңбек өнімділігі төменгі деңгейде қалып отыр. Орта есеппен бір адамға ол 30-40 мың АҚШ долларын құрайды, сонымен бірге дамыған елдерде бұл көрсеткіш 200 мың АҚШ долларына тең. Мәселен, Қазақстанда ең төменгі еңбек өнімділігі ауыл шаруашылығында байқалады – жылына жұмыс істейтін бір адамға 3 мың АҚШ долларына жуық, ал дамыған елдерде – 50-70 мың АҚШ доллары. Қазақстанның машина жасауында бұл көрсеткіш 10-17 мың АҚШ долларын құрайды, шетелдік бәсекелестерде – 90 мың АҚШ доллары. Бұл артта қалушылық бірқатар факторлармен, солардың біреуі болып табылатын: ағымдағы қуаттылықтарының толық жүктелмеуімен, негізгі қорлардың жоғары тозуымен және менеджменттің қазіргі заманғы технологияларды енгізе және қолдана алмауымен түсіндіріледі.
Табиғи және моральдық жағынан ескірген технологиялық жабдықтар мен жоғары шығындар көптеген отандық кәсіпорындарға толық көлемде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешуге мүмкіндік бермейді. Кәсіпорындар үшін өндірістік әлеуетті тек жетілдіру ғана емес сол бұрынғы деңгейде қолдау да проблема болып табылады. Осындай жағдайда қалыптасқан өндірістік әлеует толық көлемде кеңейтілген жеделдетілген шығаруға көшуді қамтамасыз ете алмайды.
Осылайша, өнеркәсіптік кәсіпорындарда табиғи және моральдық жағынан тозған қорлардың жинақталуының қарқынды үдерісі оларды пайдалану тиімділігіне теріс әсер етеді және жаңғырту жөніндегі іс-құралдарды өткізу қажеттілігін растайды. Сонымен қатар, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы басқару технологияларын белсенді түрде ендіру қажет. Олсыз жаңғырту тұрақты бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құруға мүмкіндік бермейтін, қымбатқа айналады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, қайта құру немесе өндірістердің экспортқа бағыттылығын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістерді құру арқылы орта және ірі бизнесті дамыту мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары болып табылады. Орта және ірі бизнес халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыс істейтін қызметкерлердін санын арттыруға айтарлықтай әсер етеді.
Қазақстан Республикасының өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртудың жүйелі құралдарын жасау мақсатында Бағдарлама операторы Атамекен одағымен бірлесіп, 16 өңірді және 10 өнеркәсіп салаларын білдіретін 187 өнеркәсіптік кәсіпорынның технологиялық аудитін жүргізді.
Технологиялық аудит барысында өндірістердің дамуына кедергі келтіретін проблемалар анықталды, атап айтқанда:
қарызға алынған қаражаттың жоғары құны;
индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы;
кәсіпорында алдыңғы жылдары құрылған үлкен борыштық жүктеме олардың инвестициялық белсенділігін шектейді;
басты түрде технологиялық жабдықтарды жаңартудағы және жаңғыртудағы, оның ішінде металлургия саласының кәсіпорындарында - 58,4%, ал жекелей алғанда - 70% дейін жететін инвестициялардың төменгі деңгейімен шартталған, өңдеуші өнеркәсіп салаларының көптеген кәсіпорындарының негізгі қорларының тозуы (60% асады). Тозу машина жасау кәсіпорындарында – 56,7%, химия және фармацевтика - 45,3%, құрылыс индустриясы - 39% құрайды.
ресурсты қажетсіну және бірінші кезекте, өнімнің энергияны көп қажетсінуі және тиісінше ресурстық-энергия үнемдейтін технологияларды, «жасыл» технологияларды және т.б. енгізудегі объективті қажеттілігі;
өнеркәсіп құрылымында шикізат салаларының, тікелей, негізінен шетелдік инвестициялар ағынының тау-кен өндіру өнеркәсібінде басым болуы;
қазақстандық кәсіпорындар мен экономиканың толығымен жоғары технологиялық өнім импортына тәуелділігінің күшеюі, бұл едәуір дәрежеде ұлттық қауіпсіздік көрсеткіштерін нашарлатады;
жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды ендіруге және іске асыруға қабілетті техникалық профилдің жоғары кәсіби басқарушы кадрларының жетіспеушілігі;
өндірістік үдерістерді жаңғырту үдерісінде жабдықтар мен көлік құралдарына қызмет көрсететін жұмысшы персоналы біліктілігінің төмен деңгейі.
Технологиялық аудиттің алдын ала нәтижелері жаңғырту үдерісін іске қосу үшін «пилоттық» жобаларға шоғырлануы қажеттігін, ол ерте демонстрациялық табысқа арналған мүмкіндіктерге ие екендігін көрсетті. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, «пилоттық» жобаларды әзірлеу жұмыс істеу үшін демонстрациялық алаң болып табылады.
Мемлекет шикізаттық емес секторлардың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал ірі әлемдік көшбасшылардың кәсіпорындарын жаңғыртудың әлемдік тәжірибесінің талдауы көрсеткендей жаңғырту үдерісі мемлекеттің экономикаға және өзінің өндірушісін қолдауға ауқымды араласуымен сипатталды.
Жаңғырту кезінде Жапонияда экономиканы инновациялық дамытудың және оларды мемлекеттік қолдаудың алуан құралдарының көмегімен іске асырудың ұзақ мерзімді жоспарлары әзірленді, ол мынадай құралдарды қамтыды:
басым ғылыми-техникалық жобаларды мемлекеттік қаржыландыру;
саланы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларын және шешімдерді іске асыру;
кәсіпорындарды экспорттық кредиттеуді жүзеге асыратын арнайы банктерді құру;
патент беруге өтінімдерді қараудың жедел рәсімі, зияткерлік меншік құқықтарын тиімді қорғау;
импорт тарапынан бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған саясат жүргізу;
шетелдік технологияларды лицензиялауға көмек көрсету;
кәсіпорындарды біріктіру саласында көмек көрсету;
Аталған құралдарды қолдану нәтижесі әлемдегі технологиялық көшбасшылық болып табылады.
Германияда жүргізіліп жатқан жаңғыртудың басты мақсаты – бұл ресурстарды жұмылдыру және оларды капиталды қажетсінетін жобаларға шоғырландыру. Осы мақсатпен инвестициялық банкілерді өндірістік кәсіпорындармен қаржы-өнеркәсіптік топтарға біріктірді. Үш ірі топтың басында ұлттық банктер – DeutschBank, DresdenBank AG тұр. Осындай өнеркәсіптік концерндердің өндірстік қызметі негізінен жоғары технологияларды қолдану негізінде ірі және жаппай өндіріс дамыған экономиканың бір ірі саласын немесе кіші саласын қамтиды.
Жаңғырту үшін салаларды таңдау бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
экспорттық әлеует, бәсекелі артықшылық;
өсу перспективасы;
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
Кәсіпорынды жаңғырту кезінде барынша ең аз салымы бар мемлекеттік қолдау құралдары мынадай құралдарды қамтыды:
қолайлы салық режимін құру;
валюта бағамын қолдау;
орта және шағын кәсіпорындарды қолдау.
Алайда, жеке бизнестің дамуына бөгет жасамай, мемлекет қатаң монополияға қарсы заңдарды және қатаң техникалық мемлекеттік стандарттарды белгіледі.
Осылайша, Қазақстан Республикасының экономикасын индустриялық-инновациялық дамытудың маңызды бағыттарының бірі мемлекеттің қолдауы кезінде жеке амалға негізделген өнеркәсіптік жаңғырту болып табылады.
Бағдарламаны табысты іске асыру және өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімділігін арттыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаржылық және қаржылай емес қолдау саясатын қайта қарау талап етіледі.
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
-
1. Бағдарламаның мақсаты
Экономиканың басым салаларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктерін еңбек өнімділіктерін арттыру арқылы өсіру.
-
2. Міндеттері
Бағдарламаның міндеттері:
кәсіпорындарда қолданылатын басқару және өндірістік технологияларды жетілдіру;
жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру.
3. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
2020 жылға дейінгі нысаналы индикаторлар:
Бағдарламаға қатысушы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін кемінде 2 есеге ұлғайту;
Бағдарлама қатысушыларының қуаттылықтарының орташа жүктемесін 80%-ға дейін ұлғайту;
2015 жылға дейінгі нысаналы индикаторлар:
Бағдарламаға қатысушы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту;
Бағдарлама қатысушыларының қуаттылықтарының орташа жүктемесін 70%-ға дейін ұлғайту;
15 кәсіпорында жыл сайын басқару технологияларын енгізу.
4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;
экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторды, бірінші кезекте қаржы ұйымдарының қаражатын тарту;
өнеркәсіп кәсіпорындарының, бірінші кезекте орта және ірі бизнестің қаржы-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.
Бағдарламаның негізгі сандық және сапалық нәтижелері:
Бағдарламаға қатысушы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін кемінде 2 есеге ұлғайту;
Бағдарлама қатысушыларының қуаттылықтарының орташа жүктемесін 80%-ға дейін ұлғайту.
-
Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады:
1-кезең – 2011 жылдан 2014 жыл аралығында жүзеге асырылатын болады, бұл ретте 2011 жыл – пилоттық болып табылады;
2011 жылы Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау, жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту және индустриялық кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша іске асырылатын болады. Пилоттық кезеңді іске асыру нәтижелері бойынша Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар, сондай-ақ қосымша мемлекеттік қолдау құралдары енгізілуі мүмкін.
2012 – 2014 жылдары Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және индустриялық кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша іске асырылатын болады.
2-кезең – 2015-2020 жылдар.
2015 – 2020 жылдары Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту бойынша іске асырылатын болады.
1. Бағдарлама қатысушысына қойылатын өлшемдер
Мынадай өлшемдерге сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері Бағдарлама қатысушылары бола алады:
осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыратындар және (немесе) іске асыруды жоспарлайтындар және осы Бағдарламаның 2-қосымшасында келтірілген өнімдерді шығаруды жоспарлайтындар;
қаржылай тұрақты (кредиттік тарихы оң, салықтық берешегінің болмауы және басқалар);
инвестициялық жобаның кешенді жоспары бар (инвестициялық жобаның кешенді жоспарын өтінім берушінің жеке өзі немесе Бағдарлама әкімшісі бекіткен тізімнің ішіндегі консалтингтік компанияны тарту арқылы әзірлеуі мүмкін).
Инвестициялық жобаның кешенді жоспары мына көрсеткіштерге қол жеткізуді көздеуі тиіс:
инвестициялық жобаның қаржылық өтемділігі;
еңбек өнімділігін екі есе, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жобалары бойынша салалық орташа деңгейден бір жарым еседен кем емес немесе жаңа инвестициялық жобалар бойынша салалық орташа деңгейден үш есе арттыру;
өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнім).
-
Бағдарламаға қатысу тәртібі
Бағдарламаға қатысу мәлімдемелік сипатқа ие және мемлекеттік қолдау келесі схема бойынша ұсынылады:
-
Өтінім беруші Бағдарлама операторына жүгінеді және қажетті құжаттар пакетін (оның ішінде белгіленген талаптарға сәйкес тізбедегі консалтингтік компаниямен бірлесе отырып әзірленген немесе консалтингтік компанияның сараптамасы бар инвестициялық жобаның кешенді жоспарын) ұсынады.
-
Бағдарлама операторы ұсынылған құжаттар пакетіне сараптамалық бағалау әзірлейді. Сараптамалық бағалау Мемлекеттік бағдарламаның, салалық бағдарламалардың басымдықтарына сәйкестігі және еңбек өнімділігі мен энергия тиімділігінің көрсеткіштерін салыстыру туралы қорытындыдан, сондай-ақ консалтингтік компаниямен инвестициялық жобаның кешенді жоспарының немесе консалтингтік компания әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспарын сараптамалық бағалау негізінде жаңғыртуды өткізу және мемлекеттік қолдау ұсыну қажеттілігі туралы ақпараттан тұруы қажет.
-
Бағдарлама операторы сараптамалық бағалауды өтінім берушіге және құрал операторына жібереді.
-
Сараптамалық бағалау оң болған жағдайда Бағдарлама операторы Бағдарламаның осы бөлімінің «Бағдарлама құралдары» деген 4-кіші бөліміне сәйкес кешенді инвестициялық жобаның жоспарын әзірлеу немесе сараптау кезінде келтірілген шығындардың бір бөлігін қатысушыға төлейді.
-
Одан әрі өзгеде құралдарды алу қажет болса, өтінім беруші құрал операторларына жүгінеді.
-
Құрал операторы белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық жобаға сараптаманы жүзеге асырады. Құрал операторы өтінім берушіні және Бағдарлама операторын қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
-
Құрал операторының шешімі оң болған кезде, Бағдарлама операторы, құрал операторы және қатысушы тиісті келісім жасасады, онда:
тараптардың құқықтары мен міндеттері;
құралды енгізу нәтижелерінің индикаторлары;
құрал операторының және қатысушының жауапкершілігі және т.б. көзделеді.
-
Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының іске асырылуының мониторингін Бағдарлама операторы мен құрал операторлары инвестициялық жобаның барлық іске асырылу мерзімінде жүзеге асырады.
Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының іске асырылуының мониторингінің нәтижелері ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады.
-
Бағдарламаны іске асыру регламентін, өтінім нысандарын, өтінім беруші ұсынатын құжаттар тізбесін, өтінімдерді қарау мерзімдерін, келісімнің үлгілік нысанын, жалпы Бағдарламаның және жеке құралдардың іске асырылу мониторингінің нысандарын және мерзімін, инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге қойылатын талаптарды ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарлама әкімшісі бекітеді.
-
3. Консалтингтік компанияларға қойылатын өлшемдер
Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама үшін тартылатын консалтингтік компаниялар мынадай өшемдерге сәйкес келуі тиіс:
компанияның инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша зерттеулер жүргізу саласында біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің 3 жылдан кем емес болуы;
компанияның активінде инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша зерттеулер жүргізу саласында ірі жобалардың 3-тен кем емес болуы;
соңғы 3 (үш) жыл ішінде шығындардың болмауы.
Консалтингтік компаниялар тізбесін Бағдарламаның операторы консалтингтік компания өтінімдерінің негізінде қалыптастырады, ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
4. Бағдарлама құралдары
Бағдарлама шеңберіндегі мемлекеттік қолдау мынаны білдіреді:
инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер;
ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру;
білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту (технологиялық жабдықтарды таңдау, сатып алу, орнату және іске қосуды жүзеге асыру кезінде жобаны білікті сүйемелдеуді қамтамасыз ету);
инновациялық гранттар беру;
жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту;
қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу (кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыратын технологиялар, оның ішінде автоматтандырылған басқару жүйелері, басқарудың халықаралық стандарттары, ERP, Lean, Кайдзен және басқалар).
Мемлекеттік қолдау құралдары былайша жүзеге асырылады.
Консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер:
Бағдарлама шеңберінде консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін кеткен шығыстардың 50%-ын, бірақ 7,5 млн. теңгеден артық емес төлемдер қарастырылған.
Консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлем тетіктері:
-
Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу үшін бекітілген тізбеден консалтингтік компанияны өзі айқындайды.
-
Өтінім беруші және консалтингтік компания инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу туралы шарт жасасады.
-
Өтінім беруші Бағдарлама операторына толық құжаттар пакетін ұсынады. Бағдарламаның операторы оң сараптамалық бағалау болған жағдайда инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу кезінде кеткен шығынның бір бөлігін қатысушыға төлеуді жүзеге асырады.
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну:
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды қатысушыға құрал операторы ұсынады. Құрал операторы – «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамы.
Өтінім беруші ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру құралын пайдаланғанда жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының 15%-нан кем емес мөлшерде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуі қажет.
Лизинг мәнінің жалпы құны 150 млн. теңгеден кем болмауы тиіс.
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қатысушыға арналған қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы 7,5 %-дан аспауы тиіс.
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну тетігі:
-
Құрал операторына ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруға өтініш беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін белгіленген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
-
Құрал операторы белгіленген тәртіппен өтінімді қарастырады және ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.
-
Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда құрал операторы мен қатысушы қаржылық лизингі шартын жасасады.
Білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту:
Білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту технологиялық жабдықтарды таңдау, сатып алу, орнату және іске қосуды жүзеге асыру кезінде жобаның білікті сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.
Құрал операторы – негізгі қызметінің мәні инновациялық даму және мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.
Бағдарлама шеңберінде білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартқаны үшін республикалық бюджеттен 30%, бірақ 1 (бір) инвестициялық жобаға 30 млн. теңгеден артық емес мөлшерде шығыстарды бірлесіп қаржыландыру қарастырылған.
Бірлесіп қаржыландыру қатысушыға жобалық және инжинирингтік компаниялар көрсеткен қызмет нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту тетіктері:
-
Білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға құрал операторына өтінім беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін бекітілген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
-
Құрал операторы белгіленген тәртіппен өтінімді қарайды және құралды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.
-
Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда, құрал операторы мен қатысушы құралды ұсыну туралы келісім жасасады.
Инновациялық граннтар беру:
Инновациялық гранттар жаңа жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған іске асырылып жатқан жобалар бойынша беріледі.
Құрал операторы – негізгі қызметінің мәні инновациялық даму және мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.
Инновациялық гранттарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Инновациялық гранттарды беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту:
Жоғары білікті шетелдік инженерлік-техникалық мамандарды тарту технологиялық үдерістерді жетілдіру және жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін жүзеге асырылады.
Құрал операторы – негізгі қызметінің мәні инновациялық даму және мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.
Бағдарлама шеңберінде жоғары білікті шетелдік инженерлік-техникалық мамандарды тарту үшін республикалық бюджеттен 50%, бірақ жылына 1 (бір) маманға 9 млн. теңгеден аспайтын және бір инвестициялық жоба бойынша 3 (үш) маманнан көп емес мөлшерде шығындарды бәрлесіп қаржыландыру көзделеді.
Бірлесіп қаржыландыру қатысушыға шетелдік инженерлік-техникалық мамандар көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту тетігі:
-
Жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға құрал операторына өтінім беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін бекітілген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
-
Құрал операторы белгіленген тәртіппен өтінімді қарайды және құралды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.
-
Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда, құрал операторы мен қатысушы құралды ұсыну туралы келісім жасасады.
Қазіргі заманғы басқару және өндірістік технологияларды енгізу:
Отандық кәсіпорындардың басқару деңгейін өсіруге ынталандырудың және олардың жасырын тиімділік әлеуетін іске асыру қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу арқылы жүргізіледі.
Құрал операторы – негізгі қызметінің мәні инновациялық даму және мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.
Кәсіпорындарда басқару технологияларын енгізу нәтижелері қосымша капитал салымдарынсыз өндірісті ұйымдастыру тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, яғни кәсіпорынның экономикалық тиімділігін артыратын технологияны, оның ішінде автоматтандырылған басқару жүйелерін, басқарудың халықаралық стандарттары, Lean, Кайдзен және басқаларды енгізу көзделеді.
Бағдарлама шеңберінде басқару технологияларын енгізу жоспарын әзірлеу үшін тартылған консультанттар қызметтеріне ақы төлеуге республикалық бюджеттен 70%, бірақ 5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде бірлесіп қаржыландыру, сондай-ақ республикалық бюджеттен бір жоба бойынша басқару технологияларын енгізу жоспарын іске асыруға кеткен шығындарды 30%, бірақ 10 млн. теңгеден аспайтын мөлшерінде бірлесіп қаржыландыру көзделген.
Бірлесіп қаржыландыру консультанттың қатысушыға көрсеткен қызмет нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Басқару технологияларын енгізу тетіктері:
-
Басқару технологияларын енгізуге құрал операторына өтінім беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін белгіленген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
-
Құрал операторы белгіленген тәртіппен өтінімді қарайды және құралды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.
-
Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда, құрал операторы мен қатысушы құралды ұсыну туралы келісім жасасады.
-
Достарыңызбен бөлісу: |