«МЕКТЕПТЕГІ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның мақсаты: информатика мұғалімдерінің пәндік білім саласында, инклюзивті оқу ортасын құру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) Тыңдаушылардың пән бойынша білімдерін оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес іске асырудағы білік-дағдыларын дамыта отырып тереңдету;
2) оқушыларға қиын тақырыптарды оқыту бойынша тиімді әдіс-тәсілдер туралы түсінігін кеңейту;
3) пәнді оқытуда пайдаланатын қосымша әдебиеттер мен әдістемелік ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу қажеттіліктеріне сәйкес іріктеу және тапсырмалар әзірлеу дағдысын дамыту;
4) оқушылардың креативті ойлау және функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын тапсырмалар әзірлеу саласындағы білік-дағдыларын дамыту;
5) информатика сабағында инклюзивті оқу ортасын құру бойынша білік-дағдыларын қалыптастыру.
Оқу нәтижесі.
Тыңдаушылар:
1) жалпы білім беретін мектептердегі информатика бөлімдері бойынша пәндік білімін жүйелейді және тереңдетеді;
2) информатика пәнінің бөлімдері бойынша күрделілігі әртүрлі тақырыптарды сыныпта тиімді оқыту дағдыларын жетілдіреді;
3) сыныптағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу қиындықтарын ескере отырып оқу тапсырмаларын әзірлейді;
4) оқу мақсаттарына сәйкес білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оқу жетістіктерін бағалау бойынша тапсырмалар әзірлеу тәжірибесін жетілдіреді;
5) оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеру арқылы барлығын оқу процесіне тартуды жоспарлау мен іске асыру жолдарын үйренеді.
Оқу жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |