Бағдарламасы бойынша фармацевтикалық талдау пәнінен зертханалық жұмысты орындауға Әдістемелік нұСҚау тараз 2022



бет6/16
Дата10.04.2023
өлшемі323.75 Kb.
#472000
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
фарм талдау лаб

Сапалық реакция
1. 1 мл 0,1н күміс нитратының ерітіндісіне 5-6 тамшы аммиак ерітіндісін, 3 тамшы формальдегид ерітіндісін қосып, су моншасында 50-60°C қыздырады.
Металл күміс сұр тұнба немесе айна тәріздес түрінде түзіледі.
2. 5 мл концентрлі күкірт қышқылына 0,01-0,02 г салицил қышқылын, 2-3 тамшы формальдегид ерітіндісін қосып, су моншасында 1 минут қыздырады. Қызыл түс пайда болады.


Сандық анықтау

Сыйымдылығы 100 мл өлшегіш колбаға 1 г жуық препаратты (үлгінің нақты салмағы) салып, көлемін белгіге дейін сумен жеткізеді. Алынған ерітіндінің 1 мл басқа тығыны бар колбаға құйып, оған 4 мл 0,1 н. йод ерітіндісі, 2 мл 0,1 н натрий гидроксиді ерітіндісін қосып, тығынын жауып шайқап, қараңғы жерде 10 минутқа қалдырылады. Содан кейін 2,5 мл 0,5 н күкірт қышқылы ерітіндісін қосамыз, нәтижесінде бөлінген йодты 0,1 н натрий тиосульфат ерітіндісімен түсі өзгергенше (индикатор – крахмал) титрлейді.


1 мл 0,1 н натрий тиосульфаты ерітіндісі 0,001501 г формальдегидке сәйкес келеді және ол препаратта 36,5-37,5% болуы керек.
Препараттағы формальдегид құрамын (%) есептеу мына формула бойынша есептеледі:



мұндағы
a - анықтау үшін алынған препарат үлгісі, г (1 г);
V1 – бірінші сұйылтылған препарат ерітіндісінің көлемі, мл (100 мл);
V2 – анықтау үшін алынған сұйылтудың аликвоттық бөлігінің көлемі, мл (1 мл);
V0 – талданатын затпен әрекеттесетін стандартты ерітіндінің (I2) артық мөлшері, мл (4 мл);
V – артық I2 ерітіндісін титрлеуге жұмсалған стандартты ерітіндінің көлемі (Na2S2O3), мл;
K0, K – сәйкесінше I2 және Na2S2O3 стандартты ерітінділерінің титріне түзету коэффициенттері;
Т – титрант, талданатын зат үшін.


2 – тапсырма. Гексаметилентетрамин ерітінділері 10%, 2% - 50 мл С6Н12N4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет