БАҒдарламасы (екіжылдық оқыту) 2014-2015 оқу жылына Астана қ, 2014 ж



бет5/6
Дата13.06.2016
өлшемі405 Kb.
#131898
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Тақырып 1. Қылмыстарды саралау.

Қылмысты саралаудың түсінігі. Қылмыстың құрамы және саралау. Қылмыстың объектісі және объективтік жағы бойынша қылмысты саралау. Қылмыстың субъектісі және субъективтік жағы бойынша қылмысты саралау. Нормалардың бәсәкелестігі барысында саралау.



Тақырып 2. Жеке адамға қарсы қылмыстар.

Өмірге қарсы қылмыстар. Денсаулыққа қарсы қылмыстар. Адамның өмірі мен денсаулығын қауіпті жағдайға қоятын қылмыстар. Жыныстық қылмыстар. Бас бостандығына қарсы қылмыстар. Жеке адамның ар-намысы мен ар-ожданына қарсы қылмыстар.



Тақырып 3. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар. Кәмелетке толмағандардың, қалыпты өнегелілік және физикалық дамуына қол сұғатын қылмыстар. Кәмелетке толмағандардың, және отбасылық құқықтық қатынастары саласындағы өзге де тұлғалардың құқығы мен мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар.

Тақырып 4. Адамның және азаматтың Конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.



Тақырып 5. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар. Адамзатқа қарсы қылмыстар.

Тақырып 6. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне қарсы қылмыстар. Ішкі қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Экономикалық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.



Тақырып 7. Меншікке қарсы қылмыстар.

Бөтен мүлікті жасырын ұрлаудың нысандары мен түрлері. Жасырын ұрлаумен байланысты емес, меншікке қарсы пайдақорлық қылмыстар. Меншікке қарсы пайдақорлық емес қылмыстар.



Тақырып 8. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.

Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар. Қаржы-несиелік саласындағы қылмыстар. Қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар. Сауда және халыққа қызмет көрсету саласындығы қылмыстар. Экономикалық қызмет саласындағы өзге де қылмыстар.



Тақырып 9. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.

Өкілеттіктермен қиянат жасау. Жеке нотариустардың және аудиторлардың өкілеттіктерімен қиянат жасауы. Жеке қорғау қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктерімен қиянат жасауы. Коммерциялық сатып алу. Міндеттеріне салақы қарау.



Тақырып 10. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Жұмыс өндірісі қауіпсіздігінің тәртібін бұзумен байланысты қылмыстар. Жалпыға қауіпті заттарды пайдаланудағы, қауіпсіздік тәртібін бұзумен байланысты қылмыстар. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.



Тақырып 11. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар.

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар. Адамгершілікке қарсы қылмыстар.



Тақырып 12. Экологиялық қылмыстар.

Жалпы тұрғыдағы экологиялық қылмыстар. Қоршаған ортаның жекелеген элементтеріне қарсы бағытталған қылмыстар. Флора мен фауна нысандарына қарсы бағытталған қылмыстар. Жер қойнауын сақтауға қарсы қылмыстар.



Тақырып 13. Көліктегі қылмыстар.

Көліктік құралдарды пайдаланумен және қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуымен тікелей байланысты көліктегі қылмыстар. Көліктік құралдарды пайдаланумен және қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуымен байланысты емес көліктегі қылмыстар.



Тақырып 14. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар.

Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану. Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра сілтеу; Лауазымды адамның өкілеттіктерін иемдену; Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу.



Тақырып 15. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.

Қазақстан Республикасының авторитетіне қол сұғушылық. Мемлекеттік органдарды басқару қызметімен байланысты өкімет өкілдеріне және өзге де тұлғаларға қол сұғушылық. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының тұтастығына қол сұғушылық. Басқару тәртібін қамтамасыз етудегі жеке ережелердің бұзылуы. Басқару тәртібіне қол сұғудың арнайы түрлері.



Тақырып 16. Сот төрелігі және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар.

Сот төрелігін жүзеге асыратын конституциялық құқықтарды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар. Құқық-қорғау органдарының міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруын қамтамасыз ететін ара-қатынастарға қол сұғатын қылмыстар. Іс бойынша тікелей дәлелдемелерді алудың жүзеге асыруын қамтамасыз ететін ара-қатынастарға қол сұғатын қылмыстар. Сот актілерін жүзеге асыруын қамтамасыз ететін қоғамдық ара-қатынастарға қол сұғатын қылмыстар.



Тақырып 17. Әскери қылмыстар.

Әскерилердің жарғылық қатынастарының және бағыныштылық тәртібіне қол сұғатын қылмыстар. Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар. Арнайы қызмет атқару тәртібіне қол сұғатын қылмыстар.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, 2012.

  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Астана, 2012.

  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсіндірме. Алматы, 2011.

  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсіндірме. Алматы: «Норма-К» баспаханасы, 2010.

  5. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумының қаулылар жиынтығы, ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары (1961-2011 жылдар). – Астана: ЖШС «Норма-К» баспаханасы, 2011.

  6. Г.Ф. Поленов. Қазақстанның Қылмыстық құқығы. Алматы, 1997.

  7. Е.И. Қаиржанов. Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы, 2005.

  8. Бейбитов М.С., Маликова А.Ш. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. (Жалпы бөлім) Астана, 2009.

  9. А.Н. Ағыбаев. Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы. (Жалпы бөлім). Алматы, 2009.

  10. А.Н. Ағыбаев. Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы. (Ерекше бөлім). Алматы, 2009.

  11. Е.О. Алауханов. Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы. (Жалпы және Ерекше бөлім). Алматы, 2010.

  12. А.Н. Ағыбаев. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсіндірме. Алматы: «Норма-К» баспаханасы, 2010.

  13. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 Қаулысы.


Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша болжамалы сұрақтар

  1. Қылмыстық құқық өркениеттің және мәдениеттің құбылысы және құқықтың жеке саласы.

  2. Қылмыстық құқық – тарихи негізділігі, дүниежүзілік өркениеттің дамуы мен қылмыстық құқықтың жетілуі.

  3. Қылмыстық құқық міндеттерін анықтау үшін жалпыадамзаттық құндылықтар мен олардың рөлі.

  4. Қылмыстық құқықтың қағидаларының жүйесі, жалпы құқықтық қағидаларымен өзара байланысы және оның маңызы.

  5. Қазіргі заңдардағы қылмыстық құқық қағидалары және оның түрлері мен жалпы сипаттамасы.

  6. Қылмыстық құқық қағидаларының қылмыстық заңдарда және соттың және құқық қорғау органдарының салаларында жүзеге асырылуы.

  7. Қылмыстық саясат – мемлекет саясатының бір бағыты.

  8. Қылмыстық саясаттың қатаң түрде конституциялық заңнамамен және адамның құқықтары мен бостандықтары туралы Декларациямен сәйкес жүзеге асырылатындығы.

  9. Қылмыстық құқық ғылымының заңдарды жетілдіру, қылмыстық заңды дұрыс түсіну мен оның тиімділігін арттыру үшін рөлі.

  10. Қылмыстық заңның халықаралық құжаттарға сәйкес келу міндеттілігі.

  11. Сот тергеу тәжірибесінде заңды дұрыс қолдану үшін сот шешімдерінің және құқық қорғау органдарының нормативтік актілерінің маңызы.

  12. Қылмыстық заң нормаларының құрылымы.

  13. Қылмыстық заңның уақыттағы күші.

  14. Қылмыстық заңның кері күші.

  15. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.

  16. Қылмыстық заңнаманы түсіндірудің түсінігі, түрлері және әдістері.

  17. Материалды және формальды қылмыстар анықтамасы және олардың айырмашылығы.

  18. Қылмыстық заңды қолдану үшін қылмыс құрамының белгілерін орнатудың маңызы.

  19. Қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиіс қылмыс құрамы және мән-жайлар.

  20. Қылмыстардың түсінігі, белгілері және саралануы.

  21. Қылмыс санаттары. Қылмыстың қайталануы.

  22. Қылмыс ұғымының және қылмыстың құрамының арақатынасы. Қылмыстың құрамының түрлері.

  23. Қылмыс құрамының міндетті және қосымша белгілері.

  24. Қылмыс обьектісінің түсінігі, маңызы және түрлері.

  25. Қылмыстың пәні және оның қылмысты саралаудағы маңызы.

  26. Қылмыс объектісі мен қылмыс заты арасындағы қатынас.

  27. Қылмыстың обьективті жағының түсінігі және маңызы.

  28. Қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс.

  29. Күрделі, созылмалы, жалғаспалы қылмыстар.

  30. Қоғамға қауіпті іс пен оның салдарының арасындағы себепті байланыс.

  31. Қылмыстың обьективті жағының факультативті белгілері.

  32. Қылмыскердің жасы қылмыс субьектісінің белгісі ретінде.

  33. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.

  34. Есі дұрыстық қылмыстық жауапкершіліктің қажетті шарты ретінде.

  35. Есі дұрыстықты жоққа шығармайтын психикалық кемшілігі бар тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктері.

  36. Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығының проблемасы.

  37. Қылмыстың арнайы субъектісі.

  38. Қасақаналық және оның түрлері. Кінәнің екі нысаны бар қылмыстар.

  39. Абайсыздық және оның түрлері. Кінәсіз зиян келтіру.

  40. Құқықтық және нақты қателер, олардың кінәға, қылмыстық жауапкершілікке және қылмысты саралауға әсері.

  41. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.

  42. Кінә нысандарының қылмыстық-құқықтық маңызы.

  43. Абайсыздық және оның түрлері.

  44. Қылмыстық менмендік.

  45. Менмендіктің жанама қасақаналықтан айырмашылығы.

  46. Қылмыстық немқұрайдылық.

  47. Оқиға (казус) – қоғамға қауіпті салдар тигізетін жазықсыз зиян келтіру.

  48. Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс үшін жауаптылық.

  49. Ниет, мақсат – қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілері, олардың қылмыстық-құқықтық маңызы.

  50. Қылмыстық жауаптылық – заңды жауаптылықтың бір түрі.

  51. Қылмыстық-құқықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық.

  52. Қылмыстың қайталануы, түрлері және құқықтық салдары.

  53. Қылмыстың жиынтығының түсінігі және түрлері.

  54. Қылмыстың қайталануы.

  55. Қылмысқа дайындық.

  56. Қылмыс жасауға әрекеттену.

  57. Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту. Ерікті түрде бас тартудың қылмыс жасағаны үшін өкінуден айырмашылығы.

  58. Қатысу нысандары және оның арнайы мәселелері.

  59. Қатысушылардың түрлері. Қатысушылардың жауапкершілігінің негіздері және шегі. Қылмысқы қатыстылық.

  60. Қатысу нысандары, жіктеу критерийлері.

  61. Қатысушылардың қылмыстық заңнама бойынша түрлері, қылмыстық сипаттамасы.

  62. Қажетті қорғаныс. Шекті қажеттілік.

  63. Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау. Жедел іздестіру шараларын іске асыру.

  64. Негізді тәуекел. Физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу. Бұйрықты немесе билікті орындау.

  65. Қылмыстар көптігінің қылмыстық-құқықтық салдары.

  66. Қылмыстардың қайталануының, бірнеше рет жасалуының және жиынтығының жалпы және арнайы құқықтық салдары.

  67. Жазаның түсінігі, мақсаты. Жазаның негізгі түрлері.

  68. Жазаның қосымша түрлері.

  69. Жазаны тағайындаудың жалпы бастамалары.

  70. Қылмыстық жауапкершілікті және жазаны жеңілдететін мән-жайлар.

  71. Қылмыстық жауапкершілікті және жазаны ауырлататын мән-жайлар.

  72. Аяқталмаған қылмыс үшін, қылмыс рецидиві барысында жаза тағайындау.

  73. Нақты қылмыс үшін заңмен көзделген жазаның орнына неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.

  74. Сыбайластықпен жасалған және қылмыс жиынтығы барысында жасалған қылмыстар үшін жаза тағайындау.

  75. Жазаны жинақтау барысында оның мерзімін анықтау тәртібі.

  76. Жазаның мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу.

  77. Шартты соттау. Шартты соттауды және сынақ мерзімін ұзартуды жою. Сотталғандық.

  78. Қылмыстық жауапкершіліктен босату және оның негіздері.

  79. Жазаны өтеуден босатудың түрлері.

  80. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  81. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.

  82. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  83. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  84. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  85. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы.

  86. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері.

  87. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау ерекшеліктері.

  88. Тәрбиелік ықпал ететін мәжбүрлеу шараларының түсінігі және мазмұны.

  89. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты-мерзімінен бұрын босату. Талап қою мерзімі, сотталғандықты жою мерзімі.

  90. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері, мақсаттары, түрлері.

  91. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейін жаза тағайындау.

  92. Жазаны орындаумен біріктірілген, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

  93. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

  94. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.

  95. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары.

  96. Ескіру мерзімі.

  97. Соттылықты жою мерзімдері.

  98. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары.

  99. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері.

  100. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

  101. Қылмыстарды саралау.

  102. Қылмыстың жеке түрлеріне қатысты қылмыстық заңнама.

  103. Жеке адамға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.

  104. Тұлғаға қарсы қылмыстарға арналған жауапкершілікке қатысты қылмыстық заңнаманың пайда болуы мен дамуы.

  105. Өмірге қарсы қылмыстар.

  106. Жазаны жеңілдететін жағдайда адам өлтіру.

  107. Жазаны ауырлататын жағдайда адам өлтіру.

  108. Денсаулыққа қарсы қылмыстар.

  109. Абайсызда кісі өлтіру.

  110. Ауру адамға көмек көрсетпеу және қауіпте қалдыру.

  111. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар.

  112. Жыныстық қылмыстардың түсінігі мен түрлері және олардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.

  113. Жеке бостандыққа қарсы қылмыстар.

  114. Жеке тұлғаның қадір-қасиеті мен ар-намысына қарсы қылмыстар.

  115. Жала жабу және олардың түрлері.

  116. Қорлау және олардың түрлері.

  117. Қорлаудың жала жабудан айырмашылығы.

  118. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.

  119. Отбасына қарсы қылмыстар.

  120. Кәмелетке толмағандардың қалыпты физикалық және өнегелі дамуына қол сұғатын қылмыстар.

  121. Кәмелетке толмағандардың, сонымен қатар отбасылық құқықтық қатынастар аясындағы басқа да тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар.

  122. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар және олардың түрлері

  123. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

  124. Азаматтардың еңбек құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

  125. Азаматардың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

  126. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар.

  127. Адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

  128. Мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығына қарсы қылмыстар.

  129. Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне қол сұғатын қылмыстар.

  130. Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне қол сұғатын қылмыстар.

  131. Мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне қарсы қылмыстар.

  132. Мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

  133. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың нысандары мен түрлері.

  134. Ұрлықпен байланысты емес, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар.

  135. Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар.

  136. Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызметтер аясындағы қылмыстар.

  137. Ақша-несие саласындағы қылмыстар.

  138. Қаржы қызметі саласындағы қылмыстар.

  139. Коммерциялық және басқа да ұйымдардағы қызметтің мүдделеріне қарсы қылмыстар.

  140. Қоғамдық қауіпсіздікке және тәртіпке қарсы қылмыстар.

  141. Жұмыс жасау ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар.

  142. Жалпы қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар.

  143. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар.

  144. Өнегелілікке қарсы қылмыстар.

  145. Қоршаған ортаның жекелеген элементтеріне қол сұғатын қылмыстар.

  146. Флора мен фауна обьектілеріне қол сұғатын қылмыстар.

  147. Қозғалыс қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзумен байланысты көлік қылмыстары.

  148. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.

  149. Өкімет өкілдеріне және басқа да тұлғаларға мемлекеттік органдардың басқарушылық қызметіне байланысты қол сұғушылық.

  150. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қол сұғылмаушылықты бұзу.

  151. Басқару тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі жеке ережелерді бұзу.

  152. Сот төрелігі конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар.

  153. Құқық қорғау органдарының міндеттері мен мақсаттарына сәйкес, бірқалыпты қызметін қамтамасыз ететін қатынастарға қол сұғатын қылмыстар.

  154. Іс бойынша нақты дәлелдемелерді алуды қамтамасыз ететін қатынастарға қол сұғатын қылмыстар.

  155. Сот актілерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар.

  156. Бағынушылыққа және әскери уставтық арақатынастар тәртібіне қарсы қылмыстар.

  157. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде: тарихи қалыптасуы.

  158. Сыбайлас жемқорлықтың мәні мен нысаны және оның типологиясы.

  159. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастық.

  160. Сыбайлас жемқорлықтың әлемдік индексациясы.

  161. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы.

  162. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама: даму кезеңдері.

  163. Қызметтік этика сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ретінде.

  164. Клиникалық зерттеулер жүргізу, алдын алудың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолдануда, диагностика жасауда, емделу және медициналық реабилитация жасау тәртібінің бұзылуы.

  165. Мұнай және мұнай өнімдерінінің шығарылуының заңдылыған растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу.

  166. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу.

  167. Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе зақым келтіру.

  168. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле жасасуы.

  169. Облигацияларды орналастырудан алынған қаражаттарды мақсатсыз пайдалану.

  170. Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамының ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беруі.

  171. Бағалы қағаздар ұстаушылардың реестрін құрайтын құжаттар мен мәліметтерді жоғалту.

  172. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану.

  173. Рейдерлік: қылмыстық-құқықтық аспектілері.

  174. Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру.

  175. Экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру.

  176. Адам саудасы.

  177. Сапасыз құрылыс.

  178. Есірткі заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату.

  179. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру.

  180. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту.

  181. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар.

  182. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану.

  183. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.

  184. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу.

  185. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену.

  186. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу.

  187. Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту.

  188. Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу.

  189. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес саласындағы қылмыстық-құқықтық саясат.

  190. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу: саралау мәселелері.

  191. ҚР қылмыстық заңнамасындағы жаза және оны ізгілендіру жолдары.

  192. Пенитенциарлық қылмыстылықты алдын алу: теория, тәжірибе және мәселелері.

  193. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық: шығу тегі, детерминанттары, алдын алу мәселелері.

  194. Алаяқтықты алдын алудың виктимологиялық аспектілері.

  195. Адамды саудаға салудың қылмыстық жауаптылығы.

  196. Қазақстандағы қылмыстылықтың қайталануы: криминологиялық аспектілері алдын алу мәселелері.

  197. Ұйымдарға салынатын салықтан жалтаруға қарсы қылмыстық-құқықтық күрес.

  198. Аса қатыгездікпен жасалған қылмыстарды алдын алу.

  199. Қазақстанда экстремизм және терроризмге қарсы қылмыстық саясат.

  200. Астанадағы қылмыстылық: алдын-алу, жағдайы мен болжамы .



БӨЛІМ 4 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС-ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ» (Жалпы бөлім)

Мазмұны

Тақырып 1. Қылмыстық іс жүргізудің мәні және негізгі ұғымдары.

Тақырып 2. Қылмыстық іс-жүргізу құқығының қайнар көздері.

Тақырып 3. Қылмыстық іс-жүргізу құқығының қағидалары.

Тақырып 4. Қылмыстық іс-жүргізу процесінің қатысушылары.

Тақырып 5. Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер.

Тақырып 6. Ақтау және қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу.

Тақырып 7. Іс жүргізу актілер мен мерзімдер.

Тақырып 8. Қылмыстық іс-жүргізу процесіндегі дәлелдемелер.

Тақырып 9. Iс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары.


Тақырып 1. Қылмыстық іс жүргізудің мәні және негізгі ұғымдары.

Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі және міндеттері. Қылмыстық іс жүргізудің сатылары. Іс жүргізу функциялары: түсінігі және түрлері. Қылмыстық сот өндірісіндегі жеке және жария бастамалар. Қылмыстық қудалау: түсінігі және айыптаумен арақатынасы. Айыптауды іске асырудың түрлері. Қорғаудың түсінігі және түрлері. Іс жүргізу кепілдіктері: түсінігі және маңызы. Қылмыстық іс-жүргізу нысаны: түсінігі, мәні және маңызы. Қылмыстық іс жүргізудің пәні, жүйесі, міндеттері және әдістері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет