БАҒдарламасы (екіжылдық оқыту) 2014-2015 оқу жылына Астана қ, 2014 ж


Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша болжамалы сұрақтар



бет4/6
Дата13.06.2016
өлшемі405 Kb.
#131898
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша болжамалы сұрақтар

  1. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары.

  2. Сот арқылы қорғау құқығының түсінігі, мазмұны.

  3. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі мен жүйесі.

  4. Азаматтық іс жүргізу құқығының азаматтық, отбасы, еңбек, конституциялық, әкімшілік құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және өзге құқық салаларымен ара қатынасы.

  5. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері.

  6. Азаматтық іс жүргізу нормалары, олардың құрылымы, уақыт пен кеңістікте қолданылуы.

  7. Азаматтық сот өндірісінің түрлері.

  8. Азаматтық іс жүргізу кезеңдері.

  9. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болу негіздері.

  10. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері және оларды топтау.

  11. Сот азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының міндетті субъектісі ретінде.

  12. Сот құрамы, түсінігі, сипаттама, іс жүргізу жағдайы және маңызы.

  13. Іске қатысушы тұлғалар азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері ретінде.

  14. Іске қатысушы тұлғалар түсінігі мен құрамы.

  15. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі және олардың маңызы.

  16. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының жүйесі.

  17. Жалпы құқықтық заңдылық қағидасы және оның азаматтық іс жүргізуде жүзеге асырылуы.

  18. Сот төрелігінің жариялығы азаматтық қоғаммен әрекеттесудің негізі ретінде.

  19. Азаматтық істер бойынша сот төрелігінің ұйымдастырушылық-функционалдық қағидалары.

  20. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы.

  21. Азаматтық істерді қарауда жеке және алқалылық.

  22. Соттардың тәуелсіздігі және олардың тек қана заңға бағыныштылығы.

  23. Заң мен сот алдында азаматтар мен ұйымдардың теңдігі

  24. Жариялылық қағидасы

  25. Сот төрелігінің мемлекеттік тілі

  26. Диспозитивтілік қағидасы

  27. Айтысушылық және тараптардың процесуалдық тең құқылығы қағидасы

  28. Ауызшалық және тікелейлік қағидасы

  29. Ведомствалық бағыныштылық түснігі.

  30. Аралық соттарға қатысты істердің ведомствалық бағыныштылығы

  31. Бірнеше өзара байланысты талаптардың ведомствалық бағыныштылығы

  32. Соттылық түрлері.

  33. Тектілік соттылығы.

  34. Аймақтық соттылық, оның түрлері.

  35. Жалпы юрисдикциядағы соттардың және мамандандырылған экономикалық, әскери соттардың соттылығы

  36. Соттылық туралы келісім

  37. Істі басқа сотқа беру және осыған байланысты туындайтын даулар

  38. Істің соттылығы туралы ережені сақтамау салдары

  39. Судьяға қарсылық білдіру негіздері және тәртібі

  40. Сот отырысы хатшысы, прокурор, маман, сарапшы, аудармашыға қарсылық білдіру негіздері

  41. Азаматтық процессте тараптардың түсінігі

  42. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі және азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі

  43. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

  44. Іске қоса қатысу. Оның мақсаты мен негіздері.

  45. Процессуалдық іске қоса қатысушылардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

  46. Тиісті және тиісті емес тараптың түсінігі.

  47. Іс жүргізу құқықтық мирасқорлығы (түсінігі және негіздері).

  48. Құқықтық мирасқордың процеске араласу тәртібі және оның құқықтық жағдайы.

  49. Азаматтық процесстегі үшінші тұлғалар түсінігі.

  50. Жеке талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар

  51. Жеке талап мәлімдейтін үшінші тұлғалардың іске араласу негіздері мен іс жүргізу тәртібі

  52. Азаматтық сот өндірісіндегі прокурордың процессуалдық жағдайы

  53. Бірінші сатыдағы сотта прокурордың қатысуы. Оның құқықтары мен міндеттері.

  54. Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының негіздері және мақсаты.

  55. Соттағы өкілдіктің түсінігі, негіздері мен түрлері

  56. Өкілдің соттағы өкілеттіктері.

  57. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.

  58. Сот дәлелдеуі, дәлелдеудің маңызы және көлемі.

  59. Сот іс жүргізуіндегі дәлелдемелер және оның маңызы.

  60. Нақты деректер және дәлелдеу құралдары.

  61. Нақты азаматтық істер бойынша дәлелдеу пәнін анықтау.

  62. Дәлелдеуге жатпайтын айғақтар.

  63. Дәлелдеме ұсыну міндеті.

  64. Дәлелдемелерді топтастыру: бастапқы және туынды, тікелей және жанама, ауызша және жазбаша, жеке және заттай.

  65. Дәлелдемелердің қатыстылығы, жол берушілігі, растығы.

  66. Дәлелдемелерді бағалау.

  67. Дәлелдеу құралдарының түрлері. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері.

  68. Куәлардың түсініктемелері. Куәлардан жауап алудың процессуалдық тәртібі. Куәнің құқықтары мен міндеттері.

  69. Жазбаша дәлелдемелер. Жазбаша дәлелдемелердің түрлері (мазмұны және нысаны бойынша).

  70. Заттай дәлелдемелер, олардың жазбаша дәлелдемелерден айырмашылығы.

  71. Беру және сақтау тәртібі.

  72. Орналасқан жерінде қарау.

  73. Сараптама тағайындау тәртібі және оның нәтижесін бағалау.

  74. Талап қойғанға дейін дәлелдемені қамтамасыз етудің негіздері.

  75. Сот тапсырмасын берудің және орындаудың процессуалдық тәртібі.

  76. Азаматтық процестегі сот шығынының түсінігі.

  77. Мемлекеттік баж, мемлекеттік бажды төлеуден босату. Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі

  78. Іс бойынша өндіріспен байланысты шығындар.

  79. Сот шығындарын бөлу.

  80. Мәжбүрлеу шараларының түсінігі, түрлері, оларды қолдану негіздері мен тәртібі.

  81. Іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі және маңызы.

  82. Талап қою, ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу азаматтық істерді қарау мерзімдері.

  83. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу, өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімдерін ұзартудың және қалпына келтірудің тәртібі.

  84. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алудың салдары.

  85. Іске қатысушы тұлғаларды сот мәжілісінің орны мен уақыты туралы хабарландыру тәртібі

  86. Шақыру қағазының, хабарлаудың, шақырудың мазмұны.

  87. Іс бойынша өндіріс кезінде мекен-жайды ауыстыру, оның іске қатысушы тұлғалар үшін салдары, мекен-жайды ауыстырғаны туралы сотқа хабарламау.

  88. Жауапкердің тұрғылықты жерінің белгісіз болуы, оны іздестіру.

  89. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.

  90. Бұйрық шығару туралы талапты қараудың процессуалдық тәртібі.

  91. Сот бұйрығының құқықтық табиғаты.

  92. Сот бұйрығына шағым беру және оны орындау.

  93. Талап арыз мазмұнына және нысанына қойылатын талаптар, оны сақтамаудың салдары.

  94. Талап арызды қабылдау. Азаматтық істі қозғаудың құқықтық салдары.

  95. Талап арызды қабылдаудан бас тартудың, қайтарып берудің және қозғалыссыз қалдырудың негіздері.

  96. Талап өндірісінің түсінігі және оның басқа іс жүргізулерден айырмашылығы.

  97. Талаптың элементтері.

  98. Талаптарды біріктіру және бөлу.

  99. Талапқа қарсылық білдіру.

  100. Қарсы талап қою тәртібі және оны соттың қабылдау шарттары.

  101. Талапты көлемі, нысанасы, негізі және жауапкерді ауыстыру бойынша өзгерту.

  102. Талаптан бас тарту және оны соттың қабылдау шарттары .

  103. Талапты мойындау және оның құқықтық салдары.

  104. Бітімгершілік келісім жасаудың тәртібі және салдары.

  105. Талапты қамтамасыз ету және талапты қамтамасыз етудің күшін жою тәртібі.

  106. Талап қоюды қамтамасыз ету шараларының түрлері, қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру.

  107. Талап қоюды қамтамасыз етумен келтірілген зиянды өтеу.

  108. Істі сотта қарауға әзірлеу және оның маңызы.

  109. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу тәртібінде судья атқаратын процессуалдық әрекеттер.

  110. Істі сотта іс қарауға тағайындау.

  111. Сот отырысының әзірлеу сатысы

  112. Сот мәжілісіне шақырылған тұлғалардың сотқа келмей қалуының салдары.

  113. Судьяларға және басқа да процеске қатысушыларға қарсылық білдіру.

  114. Істі мәні бойынша қарау. Сот тергеуіндегі судьяның рөлі.

  115. Тараптардың сот жарыссөздері.

  116. Істің мәні бойынша прокурордың қорытындысы.

  117. Шешім қабылдау және сот шешімін жариялау.

  118. Істі қарауды кейінге қалдыру.

  119. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түрлері. Сот шешімінің ұйғарымнан айырмашылығы.

  120. Сот шешімінің түрлері, шешімнің мазмұны (оның құрамдас бөліктері).

  121. Сот шешіміне қойылатын талаптар.

  122. Сот шешімін шығарған соттың шешімнің кемшіліктерін жоюы.

  123. Қосымша шешім.

  124. Шешімді түсіндіру.

  125. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету.

  126. Шешімді дереу орындау.

  127. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту.

  128. Сот шешімінің заңды күші. Шешімнің заңды күшіне енуі.

  129. Сот актілерін орындау азаматтық процестің сатыларының бірі ретінде.

  130. Қаулыларды мәжбүрлеп орындатудың маңызы. Атқару өндірісіндегі заңдылық кепілдіктері.

  131. Аралық сот өндірісін құқықтық реттеу

  132. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың түсінігі

  133. Іс бойынша іс жүргізуді міндетті түрде тоқтата тұрудың негіздері.

  134. Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.

  135. Тоқтата тұру мерзімдері, іс бойынша іс жүргізуді қалпына келтіру тәртібі.

  136. Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың түсінігі

  137. Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың негіздері. Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың тәртібі мен салдары.

  138. Арызды қараусыз қалдыру. Арызды қараусыз қалдырудың құқықтық салдары.

  139. Ұйғарым сот актісінің түрі ретінде. Ұйғарымның мазмұны, оны шығару және оған шағымдану тәртібі.

  140. Соттың жеке ұйғарымы.

  141. Хаттама жүргізу міндеті.

  142. Хаттамаға жасалатын ескертпелер, оларды қараудың тәртібі.

  143. Хаттаманың заң талаптарына сәйкес келмеу салдары

  144. Сырттай іс жүргізуге жол беретін жағдайлар.

  145. Сырттай шешімнің мазмұны және оның қасиеттері.

  146. Сырттай шешімге шағым келтіру тәртібі.

  147. Сырттай шешімді жою және істі мәні бойынша қайта қарауды қалпына келтіру.

  148. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.

  149. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттігі органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.

  150. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігін) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.

  151. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы істер бойынша іс жүргізу

  152. Ерекше іс жүргізу тәртібімен азаматтық істерді қарау

  153. Ерекше талап қою іс жүргізу тәртібімен азаматтық істерді қарау

  154. Ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібі.

  155. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істердің сотқа ведомстволық бағыныстылығы.

  156. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану.

  157. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың келуінің немесе табылуының салдары.

  158. Азаматты әрекет қабілетті шектеулі немесе әрекет қабілетсіз деп тану.

  159. Мүлікті иесіз деп тану.

  160. Азаматтық хал актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау.

  161. Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар.

  162. Көрсетушіге берілген жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру.

  163. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу.

  164. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істерді қарау.

  165. Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу.

  166. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы өтініш бойынша іс жүргізу.

  167. Аралық соттардың шешімдеріне шағым жасау туралы істер бойынша іс жүргізу.

  168. Заңды күшіне енбеген шешімдер мен ұйғарымдарға аппеляциялық шағымдану, наразылық келтіру сатыларының мәні және маңызы.

  169. Апелляциялық тәртіппен істерді қарау мерзімі және тәртібі.

  170. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі.

  171. Аппеляциялық шағымдану және наразылық келтіру құқығы. Жеке шағым не наразылық бойынша істерді қарау тәртібі.

  172. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен шешімдерін кассациялық шағым және наразылық келтірудегі кассациялық сатының маңыздылығы және мәні.

  173. Кассациялық шағымдану және наразылық беру құқығы. Шағымдану объектісі. Шағымдану және наразылық берудің тәртібі мен мерзімі.

  174. Кассациялық шағымның және наразылықтың мазмұны. Шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру.

  175. Кассациялық шағым, наразылықты алған соң судьяның әрекеттері. Кассациялық шағымға қосылу.

  176. Кассациялық шағымнан бас тарту, наразылықты қайтарып алу, талаптан бас тарту, бітімгершілік келісім.

  177. Кассациялық тәртіпте істі қараудың шегі. Істі қараудың мерзімдері мен тәртібі.

  178. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі.

  179. Сот қадағалауы тәртібімен сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қарау сатысының мәні және маңызы.

  180. Сот қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қараудың және наразылық келтірудің негіздері.

  181. Заңды күшіне енген сот актілеріне дау айту туралы өтініш беруге, наразылық келтіруге құқылы тұлғалар.

  182. Сот қадағалауы тәртібімен істi қайта қарау құзіретіне ие соттар.

  183. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым мен наразылық келтіру мерзімдері.

  184. Өтінішті немесе прокурор наразылығын қайтарып беру.

  185. Өтiнiштi алдын ала қарау.

  186. Өтiнiштi алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша қабылданатын шешiмдер.

  187. Сот қадағалау тәртібімен сот актісін тоқтата тұру.

  188. Қадағалау сатысы сотының отырысын тағайындау және істі қарау тәртібі.

  189. Қадағалау сатысындағы сот шешімі және оның заңды күшіне енуі.

  190. Қадағалау тәртібімен шығарылған Жоғары Сот қаулысын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының бұзуы үшін негіздер.

  191. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын тағайындау және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының ұсынуды немесе наразылықты қарауының тәртiбi.

  192. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау азаматтық процестің сатысы ретінде.

  193. Сот қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың негіздері.

  194. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қараудың процессуалдық тәртібі.

  195. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы өтінішті беру тәртібі.

  196. Сот өндірісіне арызды қабылдау. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтарып беру.

  197. Істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау туралы сот ұйғарымы.

  198. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу.

  199. Төрелік соттардың шешімдеріне шағымдану туралы істер бойынша іс жүргізу, өтінім беру және қарау.

  200. Халықаралық процестің маңызы.


БӨЛІМ 3 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ»

(Жалпы бөлім)

Мазмұны

Тақырып 1. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық және Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Концепциясының негізінде қылмыстық заңнамасының одан әрі дамуының перспективалары.

Тақырып 2. Қылмыстық заң және қолданудың мәселелері.

Тақырып 3. Қылмыс ұғымы.

Тақырып 4. Қылмыс құрамы.

Тақырып 5. Қылмыс объектісі.

Тақырып 6. Қылмыстың объективтік жағы.

Тақырып 7. Қылмыстың субъектісі.

Тақырып 8. Қылмыстың субъективтік жағы.

Тақырып 9. Қылмыстық жауаптылық.

Тақырып 10. Қылмыстардың көптілігі.

Тақырып 11. Қылмыс жасау сатылары.

Тақырып 12. Қылмысқа қатысу.

Тақырып 13. Қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлар.

Тақырып 14. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары. Жазаның жүйесі және түрлері.

Тақырып 15. Жаза тағайындау негіздері.

Тақырып 16. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату. Соттылықты жою немесе алып тастау.

Тақырып 17. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

Тақырып 18. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.
Тақырып 1. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық және Қазакстан Республикасының құқықтық саясат Концепциясының негізінде қылмыстық заңнамасының одан әрі дамуының перспективалары

Қазакстан Республикасының қылмыстық құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. Қылмыстық-құқықтық реттеудің пәні және әдіс-тәсілдері. Қылмыстық құқықтың функциялары және міндеттері. Қылмыстылықтың жаһандандырылуы. Халықаралық қылмыстық құқықтың дамуы, оның Қазакстанның қылмыстық заңнамасына ықпал етуі.



Тақырып 2. Қылмыстық заң және қолданудың мәселелері.

Қылмыстық заңның ұғымы және маңызы. Қылмыстық заң нормаларының құрылымы. Қылмыстық құқықтағы гипотеза. Диспозицияның және санкцияның түсінігі, түрлері. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы. Қылмыстық заңның керi күшi. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы. Экстрадиция. Қылмыстық заңға түсіндірме берудің ұғымы, түрлері және әдістері.



Тақырып 3. Қылмыс ұғымы.

Қылмыстың қылмыстық құқықтағы анықтамасы. Қылмыстың белгілері. Қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі. Қылмыстарды санаттары. Әкімшілік преюдиция. Материалдық және формальдық қылмыстың анықтамасы, олардың айырмашылығы. Қылмыс және қылмыстылық.



Тақырып 4. Қылмыс құрамы.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы. Қылмыс құрамының элементтері мен белгілері. Қылмыс құрамының обьективті элементтері. Қылмыс құрамының субьективті элементтері. Қылмыс құрамының түрлері. Қылмыс құрамының міндетті және факультативті белгілері.



Тақырып 5. Қылмыс объектісі.

Қылмыс объектісінің ұғымы, маңызы және құрылымы. Қылмыс объектілерінің түрлері. Көпобъектілі қылмыстар. Негізгі, қосымша, факультативті, тікелей (непосредственный) қылмыс объектілері. Қылмыс заты (предмет) және оның қылмыстық-құқықтық маңызы.



Тақырып 6. Қылмыстың объективтік жағы.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объективтік жағының ұғымы және маңызы. Қоғамдық қауiптi және құқыққа қайшы әрекет. Қоғамдық қауіпті зардаптар. Себепті байланыстың түсінігі және белгілері. Қылмыстың обьективтік жағының факультативтік белгілері.



Тақырып 7. Қылмыстың субъектісі.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субьектісінің ұғымы. Тұлғаның жасы қылмыс субьектісінің белгісі ретінде. Есі дұрыстық қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде. Есі дұрыс еместіктің ұғымы. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы. Қылмыстың арнайы субъектісінің түсінігі және белгілері.



Тақырып 8. Қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыстың субьективтік жағының ұғымы. Кінә қылмыстың субьективтік жағының негізгі белгісі ретінде. Кінәнің нысандары. Қасақаналықтың түрлері. Абайсыздықтың түсінігі. Қылмыстық салақтықтың жазықсыз оқиғадан (казус-случай) айырмашылығы. Кінәсіз зиян келтiру. Қылмыстық құқықтағы қатенің түсінігі.



Тақырып 9. Қылмыстық жауаптылық.

Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен негіздері. Қылмыстық жауаптылықтың түрлері. Қылмыстық жауаптылық және қылмыстық-құқықтық қатынастардың түсінігі. Қылмыстық жауаптылық, жаза және қылмыстық-құқықтық әсер ету шаралары.



Тақырып 10. Қылмыстардың көптілігі.

Қылмыстың көптігінің ұғымы. Қылмыстың көптігінің түрлері. Қылмыстың бірнеше мәртелігінің түсінігі. Қылмыстардың жиынтығының түсінігі мен белгілері. Қылмыстың қайталануының ұғымы мен белгілері. Қылмыстың қайталануының түрлері.



Тақырып 11. Қылмыс жасау сатылары.

Қасақана қылмыс жасау сатыларының ұғымы. Сатылардың түрлері. Қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тартудың ұғымы мен белгілері.



Тақырып 12. Қылмысқа қатысу.

Қылмысқа қатысу ұғымы, белгілері және нысандары. Қылмыстық ұйымдардың түрлері. Қылмысқа қатысы бардың қылмысқа қатысушыдан айырмашылығы.



Тақырып 13. Қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлар.

Қылмыстық іс-әрекетті жоққа шығаратын мән-жайлардың түсінігі және белгілері. Қажеттi қорғанудың ұғымы. Аса қажеттiлiк ұғымы. Қылмыскерді ұстаудың түсінігі. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлар ретінде. Тәуекел ету. Күштеп және психикалық мәжбүрлеу. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау.



Тақырып 14. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары. Жазаның жүйесі және түрлері.

Қылмыстық құқық бойынша жазаның ұғымы мен оның әлеуметтік мәні. Жазалаудың мақсаттары. Жазаның негізгі түрлері. Жазаның қосымша түрлері. Жазаның тиімділігін жетілдіруде және мақсатқа жетуде сот және құқық қорғау органдарының рөлі.



Тақырып 15. Жаза тағайындау негіздері.

Жазаны тағайындаудың жалпы бастамалары. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар.



Тақырып 16. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату. Соттылықты жою немесе алып тастау.

Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі және түрлері. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері. Жазадан босату негіздері. Жазадан босатудың түрлері. Соттылықтың түсінігі. Соттылықты жою. Соттылықты алып тастау.



Тақырып 17. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сұрақтары. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi. Тәрбиелік әсерi бар мәжбүрлеу шараларының ұғымы мен мазмұны. Тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларының түрлері. Кәмелетке толмағандар үшін соттылықты жою мерзiмдерi.



Тақырып 18. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы және қолдану негiздерi. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау тәртібі және мән-жайлары. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейiн жаза тағайындау жағдайлары.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ (Ерекше бөлім)

Мазмұны

Тақырып 1. Қылмыстарды саралау.

Тақырып 2. Жеке адамға қарсы қылмыстар.

Тақырып 3. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.

Тақырып 4. Адамның және азаматтың Конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

Тақырып 5. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

Тақырып 6. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

Тақырып 7. Меншікке қарсы қылмыстар.

Тақырып 8. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.

Тақырып 9. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.

Тақырып 10. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.

Тақырып 11. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар.

Тақырып 12. Экологиялық қылмыстар.

Тақырып 13. Көліктегі қылмыстар.

Тақырып 14. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар.

Тақырып 15. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.

Тақырып 16. Сот төрелігі және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар.

Тақырып 17. Әскери қылмыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет