БАҒдарламасы (екіжылдық оқыту) Астана, 2015 Бағдарламаны әзірлегендер: Шакишев Қ. Д., з.ғ. к., доцент (1 бөлім)



бет1/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#124702
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы


«6М030100 – Құқықтану»

мамандығы бойынша оқуға түсушілерге

арналған кешенді емтиханның

БАҒДАРЛАМАСЫ
(екіжылдық оқыту)

Астана, 2015

Бағдарламаны әзірлегендер:

Шакишев Қ.Д., з.ғ.к., доцент (1 бөлім).

Аленов М.А., з.ғ.д., профессор (2 бөлім)

Айқымбаев Т.М., з.ғ.к., доцент (3 бөлім).

Садықанова Ж.Е., з.ғ.к., доцент (4 бөлім).


Жалпы ереже

Оқуға түсушілерге арналған кешенді емтихан бағдарламасы төрт пәннің жиынтығынан тұрады: «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»; «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы»; «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы»; «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы».

Бағдарлама «6М030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша магистерлік бағдарламаға үміткерлердің жоғары кәсіби білім берудің оқу жоспары шегінде оқытылатын негізгі пәндердің негіздерін білулерін, сонымен қатар осы білімдерді теориялық және қолданбалы есептерді шешуде қолдану дағдыларының болуын ұйғарады.

Бағдарламаға:

а) жоғары кәсіби білім берудің оқу жоспарындағы негізгі пәндердің бағдарламасының мазмұнына;

б) ұсынылатын оқу және ғылыми әдебиеттерге, нормативтік құқықтық актілерге сай сұрақтар енгізілген.


1 БӨЛІМ. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ» (жалпы бөлім)

Мазмұны

1-тақырып. Азаматтық құқық құқық саласы ретінде.

2-тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастар.

3-тақырып. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау.

4-тақырып. Азаматтық құқықтардың субьектілері. Азаматтар азаматтық құқықтардың субьектілері ретінде.

5-тақырып. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтардың субьектілері ретінде

6-тақырып. Азаматтық құқықтар обьектілері.

7-тақырып. Мәмілелер.

8-тақырып. Өкілдік және сенім хат.

9-тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзім. Талап мерзімі.

10-тақырып. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар.

11-тақырып. Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды азаматтық-құқықтық қорғау.

12-тақырып. Міндеттеме.

13-тақырып. Міндеттемені орындау.

14-тақырып. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.

15-тақырып. Міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы.

16-тақырып. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің түрі ретінде.

17-тақырып. Міндеттемені тоқтату.

18-тақырып. Азаматтық-құқықтық шарт.

19-тақырып. Шартты жасасу, өзгерту және бұзу.




    1. тақырып. Азаматтық құқық құқық саласы ретінде.

ҚР азаматтық құқығының құқық саласы ретінде түсінігі. Азаматтық құқық құқық салаларының жүйесінде. Азаматтық-құқықтық реттеудің пәні. Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар. Азаматтық-құқықтық реттеудің әдісі. Азаматтық құқықтың принциптері. Азаматтық құқықтың сабақтас құқық салаларынан айырмашылығы.

Азаматтық құқықтың бастауларының түсінігі және түрлері. Азаматтық заңнама. Азаматтық заңнаманың уақыт жағынан, кеңістік, тұлғалар шеңбері бойынша, ұқсастығы бойынша қолданылуы. Азаматтық заңнаманы түсіндіру. Халықаралық шарттар және ҚР азаматтық заңнамасы. Әдеттегі құқықтар, азаматтық құқық жүйесіндегі іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар.



    1. тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастар.

Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері: субьектілері, обьектілері, мазмұны. Субьективті азаматтық құқық, субьективті азаматтық міндет. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері. Азаматтық құқықтық қатынастардың басталуының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері.

    1. тақырып. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау.

Субьективті азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түсінігі. Құқықтан бас тарту және құқықты жүзеге асырудан бас тарту. Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың әдістері. Азаматтық құқықтарды іске асырудың шектері. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және әдістері. Азаматтық құқықтарын өзін-өзі қорғау.

4-тақырып. Азаматтық құқықтардың субьектілері. Азаматтар азаматтық құқықтардың субьектілері ретінде.

Жеке тұлғаның түсінігі. Азаматтық құқықсубьектілік. Азаматтық құқыққабілеттіліктің түсінігі және мазмұны, оның басталуы және аяқталуы. Азаматтық құқыққабілеттіліктің субьективті азаматтық құқықтан айырмашылығы. Азаматтық құқыққабілеттілікті шектеу.

Азаматтық әрекет қабілеттіліктің түсінігі. Толық және ішінара әрекет қабілеттілік. Әрекет қабілеттілікті шектеу. Азаматты әрекет қабілетсіз деп тану. Азаматтың мүліктік жауапкершілігі. Эмансипацияның түсінігі. Азаматтың есімі. Азаматтың тұрғылықты жері. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудың немесе қайтыс болды деп жариялаудың тәртібі, шарттары және салдары.

5-тақырып. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтардың субьектілері ретінде.

Заңды тұлғаның түсінігі және белгілері. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі. Заңды тұлғалардың филиалдары және өкілдіктері. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) заңды тұлғаның мүлкіне құқығы. Заңды тұлғаның органдары. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері. Заңды тұлғаның пайда болуы. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары. Заңды тұлғаны тіркеу. Заңды тұлғаны қайта тіркеудің негіздері және түрлері.

Заңды тұлғаны қайта құрудың және таратудың түсінігі, негіздері, түрлері, тәртібі. Заңды тұлғаны қайта құру барысындағы мирасқорлық. Өткізу актісі және бөлу балансы. Заңды тұлғаны қайта құру кезіндегі оның несие берушілері құқықтарының кепілдігі. Заңды тұлғаны тарату тәртібі. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру. Заңды тұлғаның банкроттығы. Заңды тұлғаның түрлері және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Шаруашылық серіктестіктерінің заңды тұлға ретінде ерекшеліктері. Толық серіктестікті, сенім (коммандиттік) серіктестікті, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті, қосымша жауапкершілігі бар серіктестікті құқықтық реттеу.

Акционерлік қоғамның түсінігі. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы. Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам.

Өндірістік кооперативтің түсінігі. Өндірістік кооперативтің мүліктері. Кооперативті басқару. Кооперативтегі мүшеліктің тоқтатылуы. Мүшелердің өндірістік кооперативтің борыштары бойынша жауапкершілігі.

Мемлекеттік кәсіпорын. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындардың және қазыналық кәсіпорындардың ерекшеліктері.

Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы. Коммерциялық емес ұйымдардың түрлері.

6-тақырып. Азаматтық құқықтар обьектілері.

Азаматтық құқықтар обьектілерінің түсінігі және түрлері. Азаматтық құқықтар обьектілерінің айналым қабілеттілігі. Заттар азаматтық құқықтар обьектілері ретінде, олардың топтастырылуы. Бағалы қағаздардың түсінігі және топтастырылуы. Жұмыстар, қызметтер, ақпараттар, коммерциялық және қызметтік құпия азаматтық құқық обьектілері ретінде. Жеке мүліктік емес құқықтар, оларды қорғау.



7-тақырып. Мәмілелер.

Мәмілелердің түсінігі, белгілері және түрлері. Мәмілелердің жарамдылығының шарттары. Мәмленің нысаны. Мәмілелердің жарамсыздығының түсінігі, түрлері және негіздері. Мәмілелердің жарамсыздығының салдары.



8-тақырып. Өкілдік және сенім хат.

Өкілдіктің түсінігі, белгілері және түрлері. Сенім хат, оның түрлері, мерзімі. Сенім ауысуы, сенімхаттың тоқтатылуы. Өкілеттігі жоқ өкілдік. Коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері.



9-тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзім. Талап мерзімі.

Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі, маңызы және түрлері. Мерзімдерді есептеу. Талап қою мерзімінің түсінігі және маңызы. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, өтуіндегі үзіліс және қалпына келтіру. Талап қою қолданылмайтын талаптар.



10-тақырып. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар.

Меншік құқығының түсінігі және мазмұны. Меншіктің нысандары және түрлері. Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу және тоқтатылу әдіс-тәсілдерінің топтастырылуы. Мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы. Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі.

Ортақ меншіктің түсінігі және түрлері. Ортақ үлестік меншіктің құқықтық режимі. Ортақ бірлескен меншік.

Өзге де заттық құқықтардың түсінігі және түрлері. Шаруашылық жүргізу құқығы: субьектісі, құқықтың мазмұны. Оралымды басқару құқығы: оның мазмұны.



11-тақырып. Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды азаматтық-құқықтық қорғау.

Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістерінің түсінігі және жүйесі. Меншік құқығын тану.

Мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы талап. Иеленуден айыруға байланысы жоқ, бұзылуды жою туралы талап. Меншік иесі болып табылмайтын иеленушінің құқықтарын қорғау. Заңда көзделген негіздер бойынша меншік иесінің құқықтары тоқтатылған кезде мүдделерін қорғау. Меншік құқығын және басқа да заттық құқықтарды бұзатын өкімет, басқару органдары мен лауазымды адамдар актілерінің жарамсыздығы.

12-тақырып. Міндеттеме.

Міндеттеме құқығының түсінігі және жүйесі. Міндеттеменің түсінігі. Міндеттеменің тараптары. Міндеттемелердің пайда болуының негіздері. Міндеттемелердің топтастырылуы. Міндеттемелердің заттық құқықтық қатынастардан айырмашылығы.



13-тақырып. Міндеттемені орындау.

Міндеттемені тиісінше орындаудың түсінігі. Міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмеуі. Міндеттемені орындаудың шарттары: субьектілері, пәні, мерзімі, түрлері, әдістері және орындау жері. Міндеттемені орындау: бөлшектеп орындау; тиісті адамның орындауы; үшінші жақтың орындауы. Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі. Ортақтасқан, үлестік және субсидиалық міндеттемелер. Мерзімінен бұрын орындау. Міндеттеменің орындалғанын куәландыру.



14-тақырып. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің түсінігі, оның белгілері. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің топтастырылуы. Айып төлеу ұғымы және түрлері. Айып төлеудің шеккен залалдармен салыстыру бойынша түрлері. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін айып төлеу. Кепілдіктің және кепіл болушылықтың түсінігі және қамтамасыз ету сипаты. Кепілдіктің және кепіл болушылықтың тоқтатылуы. Банктік кепілдік. Кепілпұл түсінігі, оның аванстан және алдын ала ақы төлеуден айырмашылығы. Кепілдің түсінігі және түрлері. Ипотеканы және кепілзатты құқықтық реттеу. Кепіл туралы келісім шарт: түсінігі, нысандары және маңызды шарттары. Кепілге салынған нәрседен ақы өндіріп алу тәртібі. Ұстап қалу міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің әдісі ретінде.



15-тақырып. Міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы.

Міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы түсінігі. Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысу негіздері. Талап етуді беру шарттары мен нысаны. Жаңа несие берушінің құқықтарына дәлелдемелер. Несие беруші құқықтарының заң құжаттары негізінде басқа адамға ауысуы. Борыштың ауысуы. Борыштың ауысуы туралы шарттың мән-жайлары. Басқа адамдарға ауыстыруға болмайтын құқықтар.



16-тақырып. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің түрі ретінде.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің нысандары. Азаматтық құқық бұзушылықтың құрамы азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде: құқыққа қайшылық, шығынның болуы, құқыққа қайшы іс-әрекет пен шығын келтірудің арасындағы себепті байланыс. Азаматтық құқықтағы кінәнің түсінігі. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілері: мүліктік сипаты, өтем төлеу сипаты, азаматтық-құқықтық жауапкершілік мөлшерінің келтірілген шығынның немесе зиянның мөлшеріне сәйкестігі, азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтық теңдігі.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлері: шарттық, шарттан тыс, үлестік, ынтымақты, субсидиялық, регрес тәртібіндегі жауапкершілік.

Міндеттемені бұзудың түсінігі. Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік негіздері. Міндеттемені бұзумен келтірілген шығынды өтеу. Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік. Жауапкершілік және міндеттемені заттай орындау. Белгілі бір затты жеке беру міндеттемесін орындамаудың салдары. Міндеттемені борышқордың есебінен орындау. Борышқордың үшінші жақтардың әрекеттері үшін жауапкершілігі. Дүлей күштердің түсінігі. Несие берушінің кінәсі. Борышқордың мерзімді өткізіп алуы. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы.



17-тақырып. Міндеттемені тоқтату.

Міндеттемені тоқтатудың түсінігі. Міндеттемені тоқтатудың негіздері. Міндеттемені орындау арқылы тоқтату. Бас тарту төлемін беру. Міндеттемені есепке жатқызу арқылы тоқтату, оны қолдану шарттары. Міндеттеменің борышқор мен несие берушінің бір тұлға болуы себепті тоқтатылуы. Жаңғыртылудың түсінігі. Борышты кешірудің шарттары. Орындауға мүмкіндік болмағандықтан міндеттеменің тоқтатылуы. Мемелекеттік органның құжаты негізінде міндеттеменің тоқтатылуы. Азаматтың қайтыс болуымен міндеттеменің тоқтатылуы. Заңды тұлғаның таратылуымен міндеттеменің тоқтатылуы.



18-тақырып. Азаматтық-құқықтық шарт.

Шарттың түсінігі. Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар. Шарт еркіндігі. Аралас шарт. Шарттың жағдайларын анықтау. Шарттың жағдайларын түсіндіру. Шарт және заңнама. Ақылы және ақысыз шарт. Шарттың бағасы. Шарттың қолданылуы. Азаматтық-құқықтық шарттардың топтастырылуы. Консенсуалды және нақты шарттар. Біржақты, екіжақты және көпжақты шарттар. Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Алдын ала жасалатын шарт. Жария шарт. Қосылу шарты.



19-тақырып. Шартты жасасу, өзгерту және бұзу.

Шарттың елеулі ережелері. Шарттың нысаны. Шартты жасау сатылары. Оферта. Акцепт. Шартты жасасу тәртібі. Шарт жасасатын жер. Шартты міндетті түрде жасасу. Шарт жасасу алдындағы даулар.

Шартты өзгерту және бұзу негіздері. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі. Шартты бұзудың және өзгертудің құқықтық салдары. Шартты орындаудан біржақты бас тарту. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту.
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» (ерекше бөлім)

Мазмұны

1-тақырып. Сатып алу-сату шарты. Жалпы ережелер.

2-тақырып. Бөлшектеп сатып алу-сату. Тұтынушылардың құқықтары.

3-тақырып. Тауар жеткізілімі және келісім-шарт жасасу шарты.

4-тақырып. Энергиямен жабдықтау шарты. Кәсіпорынды сату шарты.

5-тақырып. Айырбас шарты.

6-тақырып. Сыйға тарту шарты.

7-тақырып. Рента және өмір бойы асырауда ұстау.

8-тақырып. Мүлік жалдау (аренда).

9-тақырып. Мүлікті тегін пайдалану шарты.

10-тақырып. Мердігерлік шарты. Жалпы ережелер.

11-тақырып. Тұрмыстық мердігерлік шарты.

12-тақырып. Құрылыс-мердігерлік шарты.

13-тақырып. Жобалау және іздестіру жұмыстарына, ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты.

14-тақырып. Өтелмелі қызмет көрсету жөніндегі міндеттеме.

15-тақырып. Тасымалдау. Көлік экспедициясы.

16-тақырып. Заемдық міндеттемелер.

17-тақырып. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг).

18-тақырып. Банктік қызмет көрсету.

19-тақырып. Сақтау шарты.

20-тақырып. Сақтандыру шарты.

21-тақырып. Тапсырма. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау.

22-тақырып. Комиссия шарты.

23-тақырып. Мүлікті сенімгерлікпен басқару.

24-тақырып. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг).

25-тақырып. Конкурстық міндеттемелер.

26-тақырып. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер.

27-тақырып. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.

28-тақырып. Интеллектуалдық меншік құқығы.

29-тақырып. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар.

30-тақырып. Патент құқығы.

31-тақырып. Мұрагерлік құқық.


1ақырып. Сатып алу-сату шарты. Жалпы ережелер.

Сатып алу-сату шарты: түсінігі, белгілері және маңызы. Сатып алу-сату шартының субьектілері. Сатып алу-сату шартының обьектілері. Тауардың бағасы. Сатып алу-сатудың түрлері. Сатып алу-сату шарты бойынша меншік құқығының пайда болуының сәті. Сатушының құқықтары мен міндеттері. Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Сатып алу-сату шартын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі. Үшінші тұлғалар сатып алушыдан тауарды алып қойған кезде сатушының жауапкершілігі.



2ақырып. Бөлшектеп сатып алу-сату. Тұтынушылардың құқықтары.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартын құқықтық реттеудің ерекшеліктері. Тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының түрлері. Автоматтар пайдалана отырып сатып алу-сату. Үлгілері бойынша сатып алу-сату.



3ақырып. Тауар жеткізілімі және келісім-шарт жасасу шарты.

Тауар жеткізілімі шарты: түсінігі, белгілері, ерекше шарттары. Тауар жеткізілімі шартының субьектілері. Тауар жеткізілімі шартының мазмұны. Тауар жеткізілімі шартын орындау. Шартты орындаудан біржақты бас тарту. Тауар жеткізілімі шарты бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік. Келісім-шарт жасасу шартының түсінігі және ерекшеліктері. Дайындаушының міндеттері. Ауыл шаруашылық өнімін өндірушінің жауапкершілігі.



4ақырып. Энергиямен жабдықтау шарты. Кәсіпорынды сату шарты.

Энергиямен жабдықтау шартының түсінігі және мазмұны. Энергиямен жабдықтау шартын жасау тәртібі. Энергияның мөлшері, сапасы. Энергияға ақы төлеу. Абоненттің және энергиямен жабдықтау ұйымының жауапкершілігі. Кәсіпорынды сатудың ерекшеліктері. Кредит берушілердің кәсіпорынды сату кезіндегі құқықтары. Кәсіпорынды беру.



5ақырып. Айырбас шарты.

Айырбас шартының түсінігі, оның ұқсас шарттардан айырмашылығы. Айырбас шартын орындау. Айырбасталатын тауарларға меншік құқығының ауысуы.



6ақырып. Сыйға тарту шарты.

Сыйға тарту шартының түсінігі, мазмұны және нысаны. Сыйға тартуға тыйым салу, шектеу және жою. Сый берушінің шартты орындаудан бас тартуы. Қайырымдылық.



7ақырып. Рента және өмір бойы асырауда ұстау.

Рента шартының түсінігі және мазмұны. Рента шартының нысаны. Рентаның түрлері. Рентаның төленуін қамтамасыз ету. Тұрақты рента. Ғұмырлық рента. Өмір бойы асырауда ұстау.



8ақырып. Мүлік жалдау (аренда).

Мүлікті жалдау шартының түсінігі, оның тараптары және обьектілері. Мүлікті жалдау шартының нысаны және мерзімі. Мүлікті жалдау шарты бойынша жасалатын төлем. Мүлікті жалдаушыға беру. Жалға алушының құқықтары. Шартты орындау. Жалға берілген мүлікті ұстап-тұту. Жалдау шартын өзгерту және бұзу. Лизинг: түсінігі, мазмұны. Лизинг бойынша сатушының жауапкершілігі. Кәсіпорынды жалдау шарты: түсінігі, нысаны, кәсіпорынды жалдау барысында кредиторлардың құқықтары. Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты. Көлік құралын экипажымен жалдау шарты. Прокат шарты: түсінігі, нысаны және мерзімі. Прокат шарты бойынша мүлікті берудің тәртібі.



9-тақырып. Мүлікті тегін пайдалану шарты.

Мүлікті тегін пайдалану шартының түсінігі және ерекшеліктері. Шарттың тараптары, олардың құқықтары мен міндеттері. Мүліктің кездейсоқ жойылу (бүліну) қаупі. Шартты мерзімінен бұрын бұзу. Шартты тоқтату.



10ақырып. Мердігерлік шарты. Жалпы ережелер.

Жұмысты орындау жөніндегі міндеттемелердің ерекшеліктері. Мердігерлік шарты: түсінігі және нысаны. Жұмысты орындау және ақы төлеу мерзімі. Материалдардың кездейсоқ жойылу қаупі. Мердігерлік шартының тараптары. Жұмысты тапсырыс берушінің материалынан орындау. Мердігерлік шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері. Орындалған жұмысты қабылдау. Мердігерлік шарты бойынша тәуекелді бөлу. Мердігердің жауапкершілігі. Мердігерлік шартындағы кепілдік мерзімі.



11ақырып. Тұрмыстық мердігерлік шарты.

Тұрмыстық мердігерлік шартының түсінігі және мазмұны. Шарттың нысаны. Жұмыстың бағасы және ақы төлеу. Орындалған жұмыстан кемшіліктер табу салдары. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша тапсырыс беруші-тұтынушының құқықтары.



12ақырып. Құрылыс-мердігерлік шарты.

Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері. Шарттың пәні. Жобалау-сметалық құжаттама. Жұмысқа ақы төлеу. Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Орындалған жұмысты тапсыру және қабылдау. Құрылыс мердігерінің жауапкершілігі. Құрылыс мердігері жол берген кемшіліктерді жою.



13ақырып. Жобалау және іздестіру жұмыстарына, ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты.

Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты. Шарттың түсінігі және мазмұны. Жобалау-сметалық құжаттаманың кемшіліктері үшін мердігердің жауапкершілігі. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері.



14ақырып. Өтелмелі қызмет көрсету жөніндегі міндеттеме.

Қызмет көрсету жөніндегі міндеттеменің түсінігі. Өтемелі қызмет көрсету шарты. Шарттың пәні. Өтемелі қызмет көрсету шартын орындау. Қызметке ақы төлеу. Шартты орындаудан біржақты бас тарту.



15ақырып. Тасымалдау. Көлік экспедициясы.

Тасымалдаудың түрлері және оларды құқықтық реттеу. Тасымалдау шартының түсінігі және жүйесі. Көліктің түрлері. Жүкті тасымалдау шарты. Көліктің жекелеген түрлерімен жүкті тасымалдаудың ерекшеліктері. Тасымалдаушының жауапкершілігі. Жолаушыларды тасымалдау. Тікелей аралас қатынас. Жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау. Көлік экспедициясы шартының түсінігі және нысаны. Экспедитордың жауапкершілігі.



16ақырып. Заемдық міндеттемелер.

Заем шартының түсінігі және нысаны. Заем шартын жасау. Заем шарты бойынша сыйақы. Заем нысанын беру. Заем нысанын қайтару. Заемның жекелеген түрлерінің (банктік заем, мемлекеттік заем, мақсатты заем) ерекшеліктері.



17ақырып. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг).

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының түсінігі, пәні және нысаны. Тараптардың жауапкершілігі. Борышқордың қарсы талаптары. Ақшалай соманы қайтарып беру.



18ақырып. Банктік қызмет көрсету.

Банктік қызмет көрсету шартының түсінігі және түрлері. Банк құпиясы. Банктік шот шарты: түсінігі, нысаны және мазмұны. Ақша аудару шарты. Банк салымы шарты. Банк салымдарының түрлері. Клиенттің ақшасына билік ету. Банк салымы шарты бойынша сыйақы. Банк салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету.



19-тақырып. Сақтау шарты.

Сақтау шарты: түсінігі, нысаны және мерзімі. Сақтау шартының мазмұны. Сақтаушының жауапкершілігі. Сақтаушының залалын өтеу. Сақтаудың жекелеген түрлері. Тауар қоймасында сақтау.



20-тақырып. Сақтандыру шарты.

Сақтандырудың түсінігі және маңызы. Сақтандыруды топтастыру. Жеке және мүліктік сақтандыру. Міндетті және ерікті сақтандыру. Жинақтаушы және жинақтаушы емес сақтандыру. Аннуитетті сақтандыру шарты. Сақтандыру қатынастарына қатысушылар. Сақтандыру шарты: түсінігі, нысаны және мазмұны. Сақтандыру шартының елеулі мән-жайлары. Суброгация. Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату. Сақтандыру шартының жарамсыздығы.



21-тақырып. Тапсырма. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау.

Тапсырма шартының түсінігі және мазмұны. Сенім ауысуы, тапсырма шартын тоқтату. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау, оның шарттары. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз жасалған іс-әрекеттер үшін сыйақы.



22-тақырып. Комиссия шарты.

Комиссия шартының түсінігі және нысаны. Оның тараптары. Комитенттің тапсырмасын орындау. Комиссионердің жауапкершілігі. Комиссия шартын тоқтату.



23-тақырып. Мүлікті сенімгерлікпен басқару.

Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың пайда болуының түсінігі және негіздері. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының субьектілері және обьектілері. Сенімгер басқарушының құқықтары мен міндеттері. Сенімгер басқарушының жауапкершілігі. Сенімгерлікпен басқару шартын тоқтату негіздері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет