Әлеуметтік серіктестікті зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері



Дата11.07.2016
өлшемі39.1 Kb.
#190171
Әлеуметтік серіктестікті зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері

Умирзакова М. А. э.ғ.к., аға оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Әлеуметтік серіктестік билік , еңбек және капитал келісімдерінің маңызды құралы болып табылады. Үкімет, жұмыс беруші мен ұйым арасындағы байланыс орталықтанған, жоспарлы экономикадан әлеуметтік сфераның тұрақты жолымен нарықтыққа көшудің маңызды құралы болып табылады

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әлеуметтік серіктестік дегеніміз – бұл әлеуметтік – еңбектік қатынастарды реттеу жүйесі және жалдамалы жұмысшылармен жұмыс берушілер арасындағы келісім арқылы ұжымдық келісім шарттарға отыру. Келісім шарт құралы ретінде еңбек ақы төлеу сұрақтары, жұмысбастылық, еңбек шарттары, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік кепілдемелер белгілі бір мамандық иелеріне, сала және территорияның жұмысшыларына мемлекетінен келісілген минимумға сәйкес қарастырылады.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік келесі міндеттерді атқаруға бағытталған:

-әлеуметтік және еңбек пен солармен байланысты басқа да қарым-қатынасын реттейтін тиімді механизм жасау;

-қоғамның барлық топтарының қызығушылықтарын есепке алу негізіндегі қоғамдық келісімдер мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге атсалысу;

-жұмысшылардың еңбек құқықтарына кепілдік беру мен олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуді жасау;

-барлық деңгейдегі әлеуметтік серіктестік арасындағы келісімдер мен кеңестер процесіне атсалысу;

-ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарға рұқсат етуге ат салысу.

Әлеуметтік серіктестік әлеуметтік серіктестік органдар жағының өзара қарым-қатынас түрін мынадай деңгейлерде қамтамасыз етеді:

-республикалық деңгейде;

-салалық деңгейде;

-аймақтық (облыстық, қалалық, айдандық) деңгейде.

-Ұйым деңгейіндегі әлеуметтік серіктестік Қазақстан республикасы Заңнамасымен реттеледі.

1.Республикалық деңгейдегі әлеуметтік серіктестік ұйымы:

-республикалық деңгейдегі әлеуметтік серіктестік әлеуметтік серіктестік пен еңбек қатынастары жөніндегі үшжақты республикалық комиссиямен қамтамасыз етіледі.

-Республикалық комиссия сәйкес шешімдермен жасалатын кеңес пен келісім өткізу жолындағы әлеуметтік серіктестіктің қызығушылығын қамтамасыз етумен айналысатын тұрақты жұмыс істейтін орган болып саналады.

-Республикалық комиссия қатысушылары Қазақстан республикасының өкілетті өкілдері, жұмысшылардың республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері болып табылады.

2.Салалық деңгейдегі әлеуметтік серіктестік ұйымы:

-Салалық деңгейдегі әлеуметтік серіктестік әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша салалық комиссиямен қамтамасыз етіледі.

Салалық комиссия сәйкес шешімдермен жасалатын кеңес пен келісім өткізу жолындағы әлеуметтік серіктестіктің қызығушылығын қамтамасыз етумен айналысатын тұрақты жұмыс істейтін орган болып саналады.

-Салалық комиссия қатысушылары болып сәйкес атқарушы органның өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмысшылар өкілдері саналады.

3.Өңірлік деңгейде әлеуметтік серіктестік ұйымы:

-Аймақтық деңгейдегі әлеуметтік серіктестік әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық, қалалық және аудандық комиссиямен қамтамасыз етіледі.

-Аймақтық комиссия сәйкес шешімдермен жасалатын кеңес пен келісім өткізу жолындағы әлеуметтік серіктестіктің қызығушылығын қамтамасыз етумен айналысатын тұрақты жұмыс істейтін орган болып саналады.

-Аймақтық комиссия қатысушылары болып сәйкес атқарушы органның өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмысшылар өкілдері саналады.

4. Ұйымдар деңгейінде - қызметкерлердің өкілдері мен жұмыс берушінің арасында еңбек саласындағы өзара нақты міндеттемелерді белгілейтін келісімдер немесе ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етіледі, ал шет ел қатысатын ұйымдарда оны Қазақстан Республикасының резиденттері халықаралық шарттардың (келісімдердің) және Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік серіктестік билік, еңбек және капитал келісімдерінің маңызды құралы болып табылады. Үкімет, жұмыс беруші мен ұйым арасындағы диалог орталықтанған, жоспарлы экономикадан әлеуметтік сфераның тұрақты жолымен нарықтыққа көшудің маңызды құралы болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Қазақстан Республикасының еңбек кодексі 15.05.2007 жыл//www. paragraf.kz – СПС Юрист

2.Комментарии к Трудовому кодексу РК. Под ред. Сапарбаев Б.М. Астана 2008. с.809.

3.Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарындағы әлеуметтік серіктестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің дамуы туралы.// http://paryz.kz/.

4.Әлеуметтік серіктестік жөніндегі Үшжақты Келісім. - Алматы, 2010.

5. Кәсiптiк одақтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ. http://adilet.zan.kz/kaz/

6.Тажибаева А.Х. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнінен кестелер жинағы.Оқу әдістемелік құрал. Қостанай, 2011,-45б.

7.Ахметов А., Ахметова Г. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Оқулық. – Алматы: «Юридическая литература», 2005. – 455 б..





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет