-
Жалпы ақпарат. Квас – алкогольсіз сусындардың бірі. Мыңдаған жылдар бұрын ойлап шығарылған сусын бүгінде де үлкен сұранысқа ие. Қара бидай мен арпа уытынан өндірілетін квас дәмді әрі ағзадағы процестерді ретке келтіруші сусын болып табылады. Ағзаға әсер етуі жағынан оның айран мен қымыздан айырмашылығы жоқ. Квас ұйыған сүт өнімдері сияқты ас қорыту жүйесін реттеп, зиян және ауру туғызатын микробтардың пайда болмауын қадағалайды, адамның көңіл-күйіне жағымды әсер етеді, зат алмасуды, жүрек-қантамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады.
Квас өндірісі – 100 % табысты бизнес түрі. Квас бизнесінің негізі – квас өндіру және оны сату.
2. Квас түрлері. Квас өндірістік жағдайда да, үйде де оңай дайындалады. Үй жағдайында ашыған квас жасау үшін әдетте, ашытқы, кептірілген нан, қант пайдаланылады. Сусынға ерекше дәм беру үшін оған жидек, жалбыз, хмель, алма, алмұрт, жүзім мен басқа да өнімдер қосылады.
Квас ұнның, нанның, судың, уыттың түрлі сорттарынан жасалады. Ол ұйыған сүт өнімі мен ішінара крахмалдан өндірілетін қант қосындыларының ашытқысы болып табылады. Квас дайындауда қара бидай, арпа, бидай, қарақұмық, сұлының ұны; нанның қара бидайдан, бидайдан жасалған түрлері; сұлы мен қара бидайдың уыты қолданылады.
Квас түрлерін өндіру бойынша толық ақпаратты мына интернет сайты арқылы ала аласыз: http://www.kvas.ru/receipts.htm
3. Технология. Квастың түр-түрі бар. Алайда олардың дайындалу әдісі бірдей. Алдымен қою негізді (нан, ұн, т.б.) сумен араластырады, оған ашытқы мен дәмдік (мысалға: қант, бал, жүзім, шырын), ароматтық қоспалар(жалбыз, имбирь және т.б) қосады, алынған қоспаны ашытады. Нәтижесінде осындай сусын пайда болады.
Квасты жасау процесі шамамен екі күнге созылады, оның толық дайын болуы үшін тағы екі күн қажет. Бірінші күні қоспаға қайнатылған жылы су құяды. Екінші күні сұйықтыққа қант қосады (10 литрге 1 кг). Сұйықтық пен квасты ашыту үшін 12 сағатқа жылы жерге қояды (осы уақытта көп көбік пайда болады). Сосын сұйықтықты шыны бөтелкелерге немесе банкаларға құйып, тығындайды. Тағы 12 сағат өткен соң суық жерге апарып қояды. Жақсы квастың құрамында көмірқышқыл газы көп болады, сондықтан қақпақты ашқан кезде дыбыс шығады. Квастың жарамдылық мерзімі әрі кетсе 4-5, одан кейін сусын ашып кетеді, ішуге жарамсыз болып қалады. Сонымен қатар, пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Квасты сақтаған кезде ауасы желдетілетін таза жерге қою керек. Дұрыс дайындалған квас 2-3 айға жуық сақталады.
4. Сату. БАҚ-қа жарнама беруге болады. Сол арқылы клиенттерді, квас сатуға ниетті адамдарды, мейрамхана, бар, басқа да тамақтанатын орындарға өнімді жеткізетін тікелей таратушыларды тауып алуға болады. Квасты өзіңіз де сатсаңыз болады.
5. Болжамды есептеулер:
5.1. Шығыстар:
Квасқа арналған қоспалар 1 кг = 1200 теңге, 1 литр квасқа = 20 гр.
Арнайы жабдықтардың қажеті жоқ, квас дайындау үй жағдайында жүзеге асады. Тығыны бар шыны ыдыстарды қолдану ыңғайлы.
5.2. Табыс:
Квастың 1 литрінің өзіндік құны 9-10 теңге, ал орташа бөлшек саудадағы бағасы 1 литріне – 65 теңге. Күніне 50 литр квас сатылса, 65 теңге * 50 литр = 3 250 теңге, онда айына 3 250 теңге * 30 күн = 97 500 теңге болады.
6. Пайдалы сілтемелер:
http://www.hombiz.ru/proizvodstvo/proizvodstvo-kvasa.html
http://www.equipnet.ru/org-biz/other/other_18.html
http://www.kvasco.ru/
http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B2%D0%B0%D1%81
http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-12369/
http://www.str-filling.com.ua/ru/news.html
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «квас өндіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
58. Ас мұзының өндірісі
-
Жалпы ақпарат. Мұз өндіру мен оны бөлшектеп сатуға негізделген бизнес өте табысты болып табылады. Бұл кәсіпті бастау үшін көп шығындалудың да қажеті жоқ. Көптеген қалаларда бұл сала бойынша бәсекелестер де жоқтың қасы.
-
Ғимарат. Бұл бизнес түрін жүзеге асыру үшін 50 м² орынды жалға алу керек. Мұндай жерді жалға алу 60 000 - 75 000 теңге тұрады.
-
Құрал-жабдықтар. Мұзды өндіру үшін арнайы мұзгенератор болуы тиіс. Оның бағасы - 230 000-240 000 теңгені құрап отыр. Ол тәулігіне 42 кг. мұз өндіреді, яғни 92 дана мұз сатылымға дайын деген сөз.
Белгілі бір уақыттан кейін бизнесіңіздің жақсы дамуына байланысты бірнеше мұзгенераторын сатып алу керек болады. Сонымен қатар, мұзды өндіру мен сату үшін мұзды сақтауға арналған тоңазытқыш камералары (оның бағасы 110 000 теңге), автомобильге арналған кішкентай тоңазытқыштар (оның құны 30 000-35 000 теңге), қосқабатты қағаз пакеттер қажет (бағасы 9-10 теңге).
4. Қызметкерлер. Алғашқы кезде барлық жұмысты өзіңіз-ақ атқара аласыз. Бизнесіңіз пайда әкеле бастаған уақытта екі қызметкер алуға болады. Олар: өндіріске жауап беретін маман және тауарды межеленген жерге жеткізіп салатын жүргізуші.
-
Сату. Өнімді сатуды жылдамдату үшін БАҚ-қа жарнама беруге, сонымен қатар, хабарландырулар басып шығарып, оларды таратуға болады. Тауарды өткізудің ең тиімді жолы - сусын дилерлері мен өндірушілермен бірлесе отырып, промоакциялар ұйымдастыру.
Негізгі клиенттер қатарына ірі супермаркеттер мен желілік дүкендерді жатқызуға болады. Олар мұзды сусындармен бірге сатады. Ал кішігірім дүкендерді алатын болсақ, мұз балмұздақ салынған мұздатқыштарға салынып сатылса болады. Мұзды жақсы тұтынатын топтардың бірі–мерекелік шараларды өткізетін компаниялар.
Сонымен қатар мейрамхана, кафе, бар, т.б. тамақтанатын орындар сіздің клиентіңіз бола алады.
Болжамды есептеулер.
-
Шығыстар:
-
кеңсені жалға алу – 70 000 теңге.
-
мұз генераторы – 240 000 теңге.
-
тоңазытқыш камерасы – 110 000 теңге.
-
көлікке арналған тоңазытқыш – 35 000 теңге.
-
қағаз пакеттер – 20 000 теңге.
Барлығы: 475 000 теңге.
Алғашқы кезеңде сіз тұрақты өткізу орнын тауып алсаңыз, тоңазытқыш камераның қажеті де болмайды, яғни мұзды бірден сатасыз. Онда шығыстар 365 000 теңгені құрайтын болады.
-
Табыс:
Мұздың бір данасы 90 теңге тұрады. Күніне 92 данасы сатылса, айына 248 000 теңге табуға болады.
Бизнестің пайдасын бірнеше айдан соң-ақ көре аласыз.
-
Пайдалы сілтемелер:
http://www.hobiz.ru/ideas/promo/ice/
http://www.bishelp.ru/svoe_delo/otrasl/proizvodstvo/proizv_lda.php
http://www.infrost.ru/refreg_technology/ice/
http://www.posuda-ice.ru/ice/
http://www.ubsjournal.com/business/idea/798-led
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ас мұзын өндіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |