Бағдарламасы Ескерту. Бағдарлама жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2012. 10. 04 №1258 Қаулысымен


Бағдарламаны іске асыру кезіндегі қатысушылардың өзара іс-қимылы



бет6/9
Дата01.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#170603
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4. Бағдарламаны іске асыру кезіндегі қатысушылардың өзара іс-қимылы


      Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1492 қаулысымен.

      «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» басымдығын қоспағанда, Бағдарламаны іске асыру кезіндегі қатысушылардың өзара іс-қимылы.



      1. Аудандардың және қалалардың әкімдері облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне инвестициялық ұсыныстарды жібереді, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген құжаттарды қоса отырып, инвестициялық ұсыныстардың тізімдерін қалыптастырады және Бағдарламаның үйлестірушісіне жібереді.
      2. Бағдарламаның үйлестірушісі:
      1) «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес әзірленген инвестициялық ұсыныстарды қарайды және аудандар мен қалалардың әкімдеріне, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
      2) Жұмыс органының қарауына іріктеліп алынған инвестициялық ұсыныстар бойынша құжаттар пакеті мен оң экономикалық қорытынды жібереді.
      3. Жұмыс органы он бес жұмыс күні ішінде инвестициялық ұсыныстардың Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының мақсаттары мен міндеттеріне және Бағдарламаның басымдықтарына сәйкестігін қарайды және олар бойынша Бағдарламаның үйлестірушісіне қорытынды жібереді.
      4. Бағдарламаның үйлестірушісі Жұмыс органының инвестициялық ұсыныстарға оң қорытындысын алғаннан кейін БИЖ-дің техникалық- экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеуге және қажетті сараптамалар жүргізуге қаражат бөлу жөніндегі қорытындыны қалыптастырады және бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
      5. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған инвестициялық ұсыныстар бойынша аудандардың және қалалардың әкімдері, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ТЭН әзірлейді және тиісті сараптамалар жүргізеді және экономикалық қорытындыны алу үшін Бағдарламаның үйлестірушісіне жібереді.
      6. Бағдарламаның үйлестірушісі:
      1) БИЖ-дің ТЭН-ін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамаларды қарайды және аудандардың және қалалардың әкімдеріне, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне олар бойынша экономикалық қорытындыны жібереді;
      2) Жұмыс органының қарауына іріктеліп алынған БИЖ бойынша құжаттар пакеті мен оң экономикалық қорытындыны жібереді.
      7. Жұмыс органы:
      1) ТЭН және БИЖ ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныстарды тиісті орталық мемлекеттік органдарға салалық сараптама дайындау үшін құжаттардың толық пакетімен қоса жібереді;
      2) оң сараптамаларды ескере отырып, БИЖ тізбесін қалыптастырады және ВАК қарауына шығарады.
      8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1492 қаулысымен.
      9. ВАК:
      1) БИЖ тізбесін мақұлдайды;
      2) бағыттар бойынша Бағдарламаны қаржыландыру лимиттерін келіседі;
      3) шешімді тиісті хаттамамен ресімдейді.
      10. ВАК-тың оң қорыттындысы жобаларды Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік өтініміне қосу үшін негіз болып табылады.
      11. Жұмыс органы ВАК шешімін Бағдарламаның үйлестірушісіне жібереді.
      12. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» басымдығы
бойынша Бағдарламаны іске асыру кезіндегі қатысушылардың өзара іс-қимылы


      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1492 қаулысымен.

      1. Қаржыландыру лимитін бөлу:


      1) облыс әкімі әрбір ауданға және облыстық маңызы бар қалаға қаржыландыру лимитін ауылдық округтерде, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарда және кенттерде тұратын халықтың санына байланысты жеткізеді;
      2) аудан әкімі және облыстық маңызы бар қала әкімі әрбір ауылдық округтерге қаржыландыру лимитін әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа әр ауылдық округте, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарда және кенттерде тұратын халықтың санына байланысты жеткізеді.
      Бұл ретте аудан әкімі және облыстық маңызы бар қала әкімі қаржыландыру лимитін бөлген кезде ауылдық округтің құрамына кірмейтін даму әлеуеті төмен ауылдарды және кенттерді алып тастайды және оны ауылдық округтерге, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарға және кенттерге қайта бөледі;
      3) ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері барлық ауылдарға, кенттерге және ауылдық округтерге есептелген қаражат көлемін жергілікті қоғамдастық жиынының шешіміне сәйкес бөледі.
      2. Іріктеу рәсімі:
      1) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында аудан әкімі, облыстық маңызы бар қала әкімі жеткізген қаражат көлемінің шеңберінде жобалар (іс-шаралар) айқындалады және жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен ресімделеді;
      2) мақұлданған жобалар (іс-шаралар) бойынша ұсыныс (жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі) ауылдық округтің әкіміне, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың және кенттің әкімдеріне түседі;
      3) ауылдық округтің әкімі, ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың және кенттің әкімдері мақұлданған жобалар (іс-шаралар) бойынша ұсыныстарды (жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін) аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдігіне жібереді;
      4) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігі бағыттарды ескере отырып, ұсынылған жобалар (іс-шаралар) тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген құжаттармен қоса, Бағдарламаның үйлестірушісіне жібереді;
      5) Бағдарламаның үйлестірушісі жобалар (іс-шаралар) бойынша ұсынылған құжаттарды қарайды және олар бойынша қорытынды қалыптастырады;
      6) Бағдарламаның үйлестірушісі жобаларға (іс-шараларға) берілген қорытындылардың нәтижесін аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігіне жолдайды.
      Өз кезегінде аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігі Бағдарлама үйлестірушісінің қорытындысын ауылдық округтердің, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдардың және кенттердің әкімдеріне жібереді.
      Ауылдық округтердің, сондай-ақ ауылдық округтердің құрамына кірмейтін ауылдардың, кенттердің әкімдері жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарында қолдау көрсетілген және қолдау көрсетілмеген жобалар (іс-шаралар) туралы ақпаратты жеткізеді.
      3. Бағдарлама үйлестірушісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімдерде бюджеттік жоспарлау саласындағы жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімді ұсынады.
      4. Бюджет қаражатын пайдаланудың мониторингі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалану мониторингін жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет