Бағдарламасы Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының



Дата30.06.2016
өлшемі45.57 Kb.
#168537
Мұстафа Кемал Ататүріктің жастар бағдарламасы

Халықаралық қатынастар және

әлемдік экономика кафедрасының


доценті, т.ғ.к. Л.Т.Исова

Түркияның империядан республикаға өту тәжірбиесіндегі басты қадам, жастарға жауапкершілік танытудың озық үлгілерін жасай білуі болатын. Батыстық модернизацияны бағдар ете отырып, оның басты көзі – қоғамның таусылмас ресурсы жастар потенциалын мақсатты істерге уақытылы жұмылдыра білу, Мұстафа Кемал саясатының бедерлі тұсына айналады.

Ұлттық негіздегі мемлекет құру жолындағы Түркия Республикасының ұстанымының негізін жастар саясаты құрады. Жастар саясаты Мұстафа Кемал Ататүрік жасаған баяндамалар мен мақалалар мазмұнының құрамды бөлігін сипаттайды. Елдің ішкі және сыртқы саясатындағы жастардың жалпы орны мен көзқарастары М.Кемал еңбектерінің ұстанымдық жүйесін құрады. М.Кемал жасаған жастар мәселесіне байланысты мәлімдемелерден, елдегі жас буынның мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңдегі әртүрлі белестерде де назардан әсте шықпағанын байқау орынды. 1919 жылғы Сивасс конгресі барысында ол республика тағдырындағы түрік жастарының рөліне “біз жастарға барлығын қалдырамыз, қазіргі жастар, ешнәрсені ұмытпайтын жастар. Олар – біздің жарқын болашағымыз”- деп, аса маңызды баға береді [1,12-б.]. Республика жарияланғаннан кейін жастарды түрік халқының рухани күшін біріктіретін және нығайтатын күш ретінде санаған М.Кемал, жастарға Жолдауында өзінің көзқарастарын нақтылай түседі. Түркия Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін, 1927 жылғы қазанда болған Халықтық-республикалық партияның ІІ съезіндегі М.Кемал Ататүріктің бірнеше күндерге жалғастыра сөйлеген атақты “Сөзінде” былай делінген: “Құрметті мырзалар! Сіздердің назарларыңызды бірнеше күн өзіне аударған менің ұзақта, нақты мәлімдемем, бұл ендігі тұста тарихтың жетістігіне айналған уақыт жөніндегі әңгіме. Менің ұлтыма және болашақ ұрпаққа қажетті жарқын мәселелерді көтере алсам, өзімді бақытты деп санаймын. Мен өз сөзімде ұлттық күйреу алдында тұрған құдіретті ұлттың тәуелсіздікке қол жеткізіп, ғылым мен техниканың соңғы жетістігіндегі ұлттық және қазіргі уақыттың мемлекетін қалай құра білгенін айтқым келді. Қазіргі қол жеткізілген нәтиже біздің сүйікті Отанымыздың әр бұрышын жылытқан қанның, және бірнеше ғасырларға созылып келе жатқан ұлттық сілкіністер кезеңінде сыналған қырағылықтың өлшемі саналады. Мен бұл нәтижені түрік жастарына қасиетті сый ретінде көремін.

Түрік жастары! Сенің алғашқы қадамың – тәуелсіз Түркияны, Түрік Республикасын қорғау және сақтау. Бұл қазіргі мен болашақтың жалғыз ғана негізі. Бұл негіз нақ сенімділіктің нағыз құнды көзі. Болашақта, елдің ішінде және оның маңайында да сені осы құнды көзден айыруды қалайтындар табылуы сөзсіз. Егерде, бірде саған тәуелсіздікті, республиканы қорғауға мәжбүрлік туса, онда өзінің борышыңды орындай жүріп қалыптасқан жағдай туралы ойлануға тиісті емессің. Ол жағдайлар тіпті жағымсыз болуы мүмкін. Тәуелсіздікті және республиканы жоюды көздеген жағымсыздар, ескермеген жеңістерге қол жеткізуі неғайбыл. Олар күшпен, арбаумен біздің сүйікті Отанымыздың барлық бекіністері мен порттарын жаулап, әскерді тарата, елдің әр бұрышын басып алуы да ғажап емес. Жағдай өте өкінішіті және қорқынышты да болуы мүмкін, сол кезде өз елінде билікте отырғандар шашасуға түсіп, жолдан таяр, тіпті сатқындыққа да барар. Ақуал, елге енген жағымсыздардың саяси мүддесімен билікте тұрғандар мүддесі біріккен кезде мүлде қоюлана түседі. Ұлт күйреп, тоқырайды, қайыршылықтың жағдайы сезілуі мүмкін.

Болашақтың түрік жастары! Тіпті осындай жағдайда да сенің міндетің Түркияның тәуелсіздігі мен республиканы құтқару болып қала береді. Ол үшін сенің күре тамырларыңда бүркіп тұрған текті қаныңда қажетті күштің барын ұмытпа!” [2, 656-657 бб.].

Бұл “Жолдау” 1938 жылы Мұстафа Кемал қайтыс болған соң “Өсиет” деген атау алып, Ататүрік кесенесінің қабырғасына алтын әріптермен жазылады. “Өсиеттің” негізгі тұстары бағдарламалық сипатқа ие болады да, ары қарайғы уақыттарда ұлттық буржуазияның саяси өкілдері тарапынан түрік жастары арасындағы қызмет негізіне алынады.

Мұстафа Кемалдың көзі тірісінде және ол қайтыс болғаннан кейінгі біраз уақыттарда да Халықтық-республикалық партия оның жастарға арнаған бағдарламасының ұстанымдарын ешқандай өзгерістерге салмай басшылыққа алып отырады. Осы уақыттар аталмыш партия үшін “ататүріктік” жастар бағдарламасының негізгі тұстарын өздерінің саяси тәжірибесіне қалай пайдалану қажеттігі туралы қойылған мәселелермен ұштасады. Партия сондықтан да мемлекетке арқа сүйей, ел жастарын басқарудың жүйесін күш сала құру жолына түскен еді.

Жастарға басшылық етудің бұл жүйесі білімгер жастарды ғана емес, сонымен бірге қала және ауылды жерлердегі еңбеккер жастарды да Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының маңайына топтастыра, Ататүрік реформаларының жүзеге асырылуына жұмылдырылатын күшке саяси қолдау білдіреді. Сонымен бірге түрік жастарын рухани жаңартуға бағытталған ағартушылық Ататүрік ұстанымдарын олардың санасына “ресми доктрина” ретінде қалдыру жолымен жүзеге асады.

Халықтық-республикалық партияның осы мақсаттарда жүргізген алғашқы амалдары білім беру саласындағы реформалардан бастау алады. Зайрлы негізде білім берудің бағыты, бұл салаға инвестицияның көптеп тартылуы барысында мектептер және жоғары оқу орындары желісін кеңейтумен қолға алынады. Жастармен жұмыс жүргізетін орталықтар “халықтық үйлер” делінген атауға ие болады. 1932 жылғы осы партияның ІІІ съезінің шешімімен алғашқы 14 “халықтық үйлер” ашылады. Одан соңғы жылдары саны көптеп көбейген “халықтық үйлер” әрбір вилайетте өз жұмысын жүргізеді. Мәдени-ағартушылық және насихат бағыттарында барлық үгіт құралдарын пайдалана отырып жұмыс жүргізген, бұл орталықтар Ататүрік идеялары және түрік ұлтының рухани мүдделерін дамыту жолында қызмет етеді.

Мұстафа Кемал Ататүрік түрік жастарын жаңаша ойлау жетегіне ілестіру үшін Түркияның түпкі аймақтары мен қалаларын өзі арнайы аралай жүре насихат жасайды. Халықпен ұзақ уақыт әңгіме құра отырып, өзінің жеке тұлғасында өзі жасаған реформаларын насихаттайды. Жанында жазу-сызу құралдарын ала жүретін Мұстафа Кемал жүрген жерінде халық мен жастарын жаңа ғаріпке үйретуден ерінбейді [3, 124-б.]. Бұл істе жаңалыққа бейім жастарға арқа сүйеген М.Кемалды, “Отандас! Түрікше сөйле!”, “Жергілікті тауарларды ғана тұтынамыз” және өзге де ұрандармен жұмыс істеген түрік студент жастары Одағы терең қолдайды [4, 185-б.].



Мұстафа Кемал Ататүрік құрған жаңа мемлекеттің басты қайнар көзі, дамудың жетекші күшінің категориясын сипаттады. Алаштың біртуар азаматы Мағжан Жұмабаев айтқандай: “Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты” жастарға деген сенімнің күшіне ерік беру, Түркияның бүгінгі халықаралық кеңістіктегі қарышты қадамдарының жүзеге асырылуының нәтижесімен астасары сөзсіз.
Сілтемелер:

  1. Ozankaya O. Suçlanarak unutulan gençlik. – Cumhuriyet, 19.05.1980.

  2. Atatürk K. Söylev. C.1-2. Ankara, 1974.

  3. Schramm W. Mass Media and National Development. P., 1964.

  4. Köknel Ö. Türk toplumunda bugünün gençligi. İstanbul, 1970.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет