Бағдарламасы «Жалпы психология -іі»


-тақырып. Қабілеттер, нышандар және адамдардың даралық өзгешеліктері



бет5/12
Дата15.06.2016
өлшемі1.05 Mb.
#137925
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

10-тақырып. Қабілеттер, нышандар және адамдардың даралық өзгешеліктері.

Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидің қүрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық, нәсілдік ерекшеліктері ңышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша же-тіліп, кемелдену жолу осы екі қүбылыстың өзара үштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процөсінің нәтиже жемісі.

Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ең алдымен ми қызметінен – қарқынды не бәсең қозулардан, жүйке процестерінің қозғалмалылығынан, уақытша байланыстар түзілімінің шапшаң не баяулығынан және т.б. Яғни И.П.Павлов генотип (жүйке жүйөсінің тума ерекшеліктері. деп атаған қүбылыстан көрінеді, Мидың қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл-сана кабілетіне ықпал жасайды, Толық қан айналымы – ми қызметінің ақыл-ой, зейін шоғырландыру, жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының (ассоциация. тез жүруінің, сана жүмысымен шаршамай, мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.

Мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерекшеліктерінде екі түрде көрінеді (И.П.Павлов.: 1. Жоғары жүйке жүйесіне тәуелді; 2. Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің арақатынасына байланысты.

Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі қызметінің типі (күші, тепе-тендігі, қозғалмалылығы ж.т.б.. үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен (белсенді тип. байланыса отырып, адамның үйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді.

Өздеріне тән бейнелеу мумкіндіктеріне орай бірінші не екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп әрекетке қатысуынан қабілеттердің 3 типі (И.П.Павлов. ажыратылады: көркемөнерлік (көбіне бірінші сигналдық жүйеге негізделген.; ой-саналық (көбіне екінші сигналдық жүйеге негізделген.; аралас (екі жүйе де бірдей қатысқан.. Осыдан, “суреткерлер” – объектні тұтас бейнелеуге бейім, “ойшылдар” – талдаумен, элементтерге ажырата тануға шебер, ал “аралас” қабілеттер қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән қүбылыс.

Нышандардың әртүрлі кабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нәзік есіту қасиеті – музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу –болашақ суреткер болудың алғы шарты.

Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса (музыкантқа кджет нәзік есту қасиөті., онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.

Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыс-сыз көп мағыналы келеді; сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, дирежер, биші, әнші, му-зыка сыншысы, педагог, композитор және т.б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-әрекеттердің сан алуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз береді.

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектті жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады,

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен – еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтар-лықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық дең-гейде болуы керек.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Әртүрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды, Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай та-бандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.

Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бүл қасиеттің адамдағы көрінісі – 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарын-ды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.

Дарындылық дәрөжесінің артуы қажетті білімдер мөн ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелөй тәуелді.

Дарындылықтың өзіндік ерөкшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға қүмар, екінші – тарихқа, және біреулөр – қоғамдық жұмыстарға бас (лидер. болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі. Мысалы, мүғалім дарындылығының көрсөткіштері келесідей:



  • оқу материалын шәкірттерге түсінікті күйге келтіру;

  • оқушы көңіл-күйін қалтқысыз тану;

  • жүмыста шығармашыл болу;

  • балаларды өз еркіне көндіре алу;

  • балалар ұжымын біріктіруге қабілеттілік;

  • сөз мәнерлігі мен мазмұндылығы;

  • сөйлеу көркемділігі мен нанымдылығы;

  • педагогикалық әдептілік;

  • оқу материалын түрмыспен байланыстыра алу;

  • байқағыштық;

  • педагогикалық талапшаңдық (Ф.Н.Гоноболин..

Кабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажы-ралады. Нақты іс-әрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерілген қабілет – шеберлік деп аталады. Шеберлік, яғни бір іс-әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де қажырлы еңбек негізінде пайда болады. Шеберлік көбіне өндірістік қайта жасау қызметтерімен байланысты келеді. Алайда, бүл шеберліктің дайын ептіліктер мен дағдылар бірлігінен туындайтынын білідірмейді.

Әрқандай кәсіптегі (мүғалім, дәрігер, үшқыш, спорт-шы ж.т.б.) шеберлік кез келген жаңа мәселелерді шешу-ге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етөді. Шебер маман үш/н шығармашылық міндетті түсіну мен оны орындау жолдарын табу – екеуі өзара байланыста қабылданады, іске асады, яғни «не істеу» және «қалай істеу» арасында жік болмайды.

Шеберлік деңгейі - өзгермелі, дамудағы құрылым. Іс-әрекет барысында адамның қабілет түзілімі, түлғалық мәні қалыптасып, бір деңгейден екіншісіне көтерілумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым еліктеуден бастап, кейін бірте-бірте тәжірибе жинақтаудан жасампаздық дәрежесіне көтеріледі.

Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялык, құбылыс – талант. «Талант» сөзінің төркін мәні: ежелгі грек қауымында бай-манап өзі жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп еріншек құлына беретін күміс ақша бірлігі – талант аталады екен, ақылдан жүта құл оны алудан, пайдалы айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп, жасыратын болған. Осыдан халықта «таланты құм болды», «таланты көмілді» деген үғымдар сақталып қалған, Қазіргі күнде талант арнайы қабілеттердің (музыкалық, суреткерлік, әдеби шығармашылық және т.б.) жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Кдбілеттер сияқты та-лант та іс-әрекетте көрініп, өрістейді. Талантты адамның қызметі өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыралады.

Таланттың оянуы тікелей қоғамдық болмысқа тәуелді. Кандай бағыттағы дарындылықтың жол алуы дәуір қажеттігі мен әлеумет алдында турған нақты міндеттерге байланысты. Мемлекеттің дамуы инженерлік және конструкторлық таланттардың жетілуінен, мемлекеттің көркейген кезеңіндө ән-күй, әдебиет таланттары шығады,- ал соғыс уақытында – талантты әскери қолбасшы дүниеге келеді. Осыдан, қазақ арасынан шыққан Қ.Сатпаев, М.Әуезов, Б.Момышұлы, Қажымұқан, - әрбірі өз дәуірінің саңлақтары.

Талант – көптеген қабілеттердің байланысы, біртұтастығы. Өте жоғары дамыған, бірақ оқшауланған бір қабілет талант дәрежесіне көтеріле алмайды, Мысалы, кейбіреулер 10 қатарлы не оданда көп санды лезде көбейтеді не бөледі, бірақ математик емес, бола алмайды да.

Кабілеттердің даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейі – данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із калдырған адам ғана данышпан бола алады. Өркениеттің 5000 жылдық тарихында мүндай шыңға 400-ақ кемеңгер көтеріліпті (Котс). XX ғасыр саңлақгары атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Әубакиров қазақ данышпандарының бірінші ондығынан.

Адамның шығармашылық іс-әрекетінің аса табысты болуына себепші рухани көтеріңкілік пен ерекше күш-қуат туындайтын кезендер болады. Бүл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды іске асыруға ынталандыратын психологиялық қалып – шабыт деп аталады. Шабыт шығармашыл түлғаның жоғары белсенділігінен, оның іс-әрекетінің жемістілігінен, жасампаздық ептілігі-нен, жаңалык, ойлап табу қызметіне толық берілуінен кө-рінеді. Өмірнамашыларының айтуынша, И.С.Тургенев шығармаларын жазуды өзін-өзі зорлап, көндіруден емес, ішкі ниет қалауымен қалай бастағанын білмей қалады екен.

Шабыт пен еңбек – екеуі егіз, бір-бірінсіз жүзеге асырылмайды. Осыдан, шабыт – қажырлы еңбек пен орасан бай білім қоры негізінде туындайтын мүмкіндік. «Шабыт – еріншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ» (П.И.Чайковский). Сана айқындығы. Ой мен бейнелер кернеуі; ес, зейін өткірлігі, мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерік күші – шабыттанудың алғы шарттары.
11-тақырып. Адам қабілеттерінің табиғаты.

Адам қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ға-лымдар арасында қызған ой-пікір таласын тудыруда. Со-лардың ішінде өз басымдылығын танытқан, тарихы Пла-тоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабілеттер-дің биологиялық негізді екендігі және олардың нәсілдік-ке тәуелділігін дәріптейтін көзқарас. Бүл бойынша, оқу мен тәрбие қабілеттердің пайда болу қарқынын әзгертуі ғана мүмкін, ал олардың көрініс беруі бірыңғай емес. Мысалы, Моцарттың музыкалық дарыны 3 жаста белгілі бол-ған, Гайден – 4, Дина Нүрпейісованың күйшілік өнері 8 жасында байқалған. Сурет және сәулет әнері қабілеттері кейіндеу білінеді: Рафаэло – 8 жаста, Ван-Дейк – 10 жаста, Дюрер – 15 жаста өнермен айналыса бастаған.

Кдбілеттердің нәсілдікке тәуелділігі туралы ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланыстыра түсіндіреді. Белгілі бол-ғандай, ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г. Ұлы түлғалардың, мысалы, И.С.Тургеневтің миы – 2012 г., Д.Байрон – 1800 г., аталған көрсеткіштен біршама жоғары болған. Мұндай дәлелдер біршама баршылық. Бірақ қабілет пен ми байланысына орай басқаша , кері дәлелдерді де келтіруге болады: Ю.Либихтің миы – 1362 г., А.Франстың –1017 г. Ал ең ғажайыбы, өте ауыр ми - 3000 г. артық – ақыл-есі кем адамда байқалған. Солайда болса, кең қауым арасында “миі көп – ақылды” деген ұғым көбірек жай-ылған, осыдан маңдайы биік, жазық маңдай адамды сыр-тынан данаға баламалап, одан келелі ой-пікір күтеміз, ал екі елі, тар маңдайлы адамның қабілетін күнілгері жоққа

шығарып, одан ешбір негізсіз үмітімізді уземіз.

Қабілетіне байланысты нәсілдік идея Франц Галльдың “Френология” (рһrеnоs - ақыл, logos - білім. деп аталған психологиялық тағылымында дәріптеледі. Френологтар адамның психикалық ерекшеліктерін оның бас сүйегінің сыртқа формасымен ұшгастыруға талпынды, Мұндағы тұжырым мәні: бас миының қабығы белгілі қа-білеттерге мекен болған (локализация. бірқанша орталық-тардан құралады. Осыдан, мидің тиісті бөлігінің ауқым-көлемінен онда мекен алған кдбілеттің даму деңгейі анық-талатын көрінеді. Арнаулы зерттеулер негізінде әрқай-сысы белгілі дара қабілетке сай келетін бас сүйегінің 27 учаскесі анықталып, картаға түсірілген. Осы картадан му-зыка, поэзия, сурет өнеріне сай “қабілет ісіктерін”, менмендік, сараңдық, багырлық “қабілет дөңестерін” ж.т.б. айыруға болады екен. Дегенмен, кейінгі дәуірде әдейі медициналық ашып көрумен тексергенде, бас сүйегі ми қабығының формасын тіпті де қайталамайтын болып шықты. Сондықтан адамның ақыл және адамгершілік қабілег-терін бас сүйегінің “дөңестігі” не “сайларымен” анықтау ғылым түрғысынан ерсі әрі негізсіз.

Солай да болса Ф.Галль үсынған мидың мекендік қызметі жөніндегі жорамалы ғылым үшін өте маңызды болды. Бүл идея кейін Фрич және Гитциг еңбектерінде өз дәлелін тауып, дами түсті. Аталған бағытты зерттегендер арасында Ч.ФДарвиннің эволюциялық теориясына негіз-деп, қабілеттің тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдаған Ф.Гальтон есімі өз алдына. Әлемге әйгілі тулғалар өмірнамаларын талдай отырып, Гальтон адам табиғатын жетілдіруде аса дарындылардың нәсілдік заң-дылықтарын ашу және пайдалану қажег деген қорытын-дығы келді. Осы идеяны жалғастыра отырып, XX ғ. Котс жоғары қабілеттілігі бірнеше әулетте байқалған 400 адам тізімін түзді. Бүл қатарда аса белгілі болған неміс му-зыканттарының тобын үлғайтқан Бах отбасынан шыққан-дар. Бах жанүясындағылардың алғашқы ән-күй қабілеті 1550 жылы көрініс берген. Әулет атасы В.Бах – қарапай-ым наубайшы күй тартып, ән салғанды сүйген, Оның екі баласынан өрбіген Германияны екі ғасыр бойы дүркірет-кен музыканттар легі үздіксіз жалғасып барған. Бах жан-үясынан 60 музыкант шыққан, солардың 20-сы аса көр-нектілері, ал осы әулетті әлемдік ешпес даңққа бөлеген әйгілі композитор – Иоганн Себастьян Бах. Осындай ға-жайып қабілет күбылысын қазақ ән-күй өнерін дамытуда көзге түскен жерлесіміз Төлеген Момбеков шықкан әулет тарихынан да байкауға болады (Р. Бердібай)

Әлбетте, мүндай әулеттік жоғары қабілеттің нәсіл-дікпен байланыстылығын ешкімде жоққа шығара алмас, дегенмен бүл арада қабілет негізі ретінде әлеуметтік тәрбиенің өте маңызды екенін мойындамауға болмайды. Бесігінен ән-күй теңізінде шарыктап, шалқып өсуіне колайлы жағдай қалыптаспағанда, сол бағытта ана сүтімен қосып үлкендердің музыкалық тәрбиесін алмағанда, ол баланың кім болары бір Аллаға аян.

Жоғарыда аталған тұқымқуалаушылық идеяларына тікелей қарсы шыққан ғалымдар тобы оқу мен тәрбие маңызын бірбеткей әсірелеумен болды. ХҮІІІ ғасырдың өзінде-ақ К.А.Гельвеций адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерін жариялады. Бұл бағыт тарапындағылар дамуы әте кешеуілдеген тайпа балалары оқу, тәрбие нәтижесінде Европа зиялыларының деңгейіне көтерілгенін дәлелдейтін кейбір деректерді тілге тиек етіп, өз идеяларының дұрыстығын негіздеп бақты. Сонымен бірге, бүл еңбектер әлеуметтік тәрбие аймағынан мүлде тыс қалған жағдайда жастардың орны толмас зиянға үшырап, қоғамдық қасиеттерден жұрдай «маугли», «тарзан» болатынын бетке ұстады. Белгілі мәдениет аймағында ерекше арнайы қабілет-тердің орнығатыны да осы зерттеулерге негіздеме ретін-де келтірілді. (А.А.Леонтьев, О.Н.Овчинникова, Ю.Б.Гиппенрейтер). Мүндай түжырымдардың ізімен әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға болатыны жөнінде қорытынды жасалды. Осы көзқарасты қолдаумен американ ғалымы У.Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеп көрсетеді. Қазіргі күнде бүл идеяны ұстанғандар АҚШ-та өз дарынды балаларын «өсіретін» арнайы орталықтар үйымдастырып жатыр (Филадельфия институты), Қазақстанда арнайы «Дарын» орталығы іске қосылды.


12-тақырып. Қабілеттердің дамуы.

Кез келген нышан қабілет деңгейіне өтуге дейі ұзақ жолды даму процесінен өтеді. Адамның көптеген қабілеттерінің бұл дамуы оның алғашқы күндерінен басталады, бірақ дамудың басты шарты болып сол бағыттағы әрекетпен айналысуды жалғастыру б.т. Қабілеттердің даму процесінде негізгі үш этапты бөліп қарауға болады. Біріншісінде болашақ қабілеттер анатомиялық-физиологиялық даярлығы негізінде жүзеге асырылады, келесіде нышан биологиялық емес саласында қалыптасады және қажетті қабілет түрі сәйкес деңгейге жетеді. Бұл процестердің барлығы параллельді түрде жолмен қалыптасуы мүмкін.

Сонымен, кез-келген қабілет ең алдымен оған керекті органикалық құрылымдардың жетілуімен немесе керекті функционалдық органдардың қалыптасуымен байланысты. Ол әрине туғаннан 6-7 жасқа дейінгі аралықты қамтитын мектепке дейінгі кезеңді қамтиды. Бұнды анализаторла жұмысының жетілуі, бас миы қыртыстарының жеке бөлімдерінің дифференциациялық функциясы мен дамуы жүзеге асады. Бұл балада жалпы қабілеттердің қалыптасуы мен дамуына тиімді жағдай туғызады.

Арнайы қабілеттердің белсенді дамуы мектепке дейінгі кезеңде басталып, мектеп кезеңінде неғұрлым жоғары темпте жүреді. Бастапқыда бұл қабілеттердің дамуына ойын, одан кейін оқу және еңбек әрекеттері көмектеседі.

Қабілеттің дамуында маңызды болып, кешенділік, яғни бір уақытта өзара бірін-бірі толықтырушы бірнеше қабілеттердің жетілуі табылады. Басқа қабілеттердің дамуын ескермей, тек бір ғана қабілеттің дамуын қамтамасыз етуге болмайды. Сондықтан адамның бір уақытта кірісетін іс-әрекетінің көпжоспарлылығы және әртүрлілігі оның қабілеттерінің кешенді дамуының маңызды шарты болып табылады. Осыған байланысты, қабілет түрлерін дамытушы іс-әрекетке қойылатын талаптар:


  • іс-әрекеттің шығармашылық сипаты;

  • орындаушы үшін оның қиындығы оптималды деңгейі;

  • қажетті мотивация

  • іс-әрекетті орындау кезіндегі жағымды эмоционалдық бағыттың болуы.


13-тақырып. Қарым-қатынас адамның негізгі іс-әрекеті ретінде.

Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы (кейпі. жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның түлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байла-ныстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне (кейіп. әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивте-рінен, мінез бітістерінен, өрқандай әмірлік жағдайлар-дағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бүлардың бәрі “Ат кісінесіп, адам сөйлесіп” дегендей әңһмелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз бо-лады.

Бөгде адамның бейнесін калыптастыру арқылы біз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, он-ың даралық ерекшеліктерін тануға мүмкіндік аламыз. Адам-ды жөнімен танып, дүрыс бағасын беріп, оның әрекет-қы-лығының мақсаттары мен мотивтерін айқындап, ол тара-пынан болып қалар жауапты әрекеттерді күні бүрын бол-жастыра, біз бүлардың бәрін өз кджеттіктеріміз және мүд-делерімізбен салыстырамыз, әңгімелесудің қолайлы жол-дарын болжастырамыз, осы арқылы екі тарапқа да ортак, ниөттерді табумен түлғалар арасындағы қызметтік қаты-настарға кірісеміз. Сонымен, қызықтырған адамның мінез бітістерін біліп алып, енді оған бағытталған өз әрекет-қылығымыздың формасын таңдастырамыз. Қайткенде де, біз таңдаған әрекет-қылық түрі ол адамның даралық қа-сиеттеріне сәйкес болғаны жөн. Осының нәтижесінде екі адам ортасында толық өзара түсінім, жайлы да берік ара-лық қатынастар орнығады.

Адамның эмоционалдык, жағдайын бағалай оты-рып, біз оның нақты көңіл-күйіне сәйкес қарым-қатынасты дамығып, тереңдете түсуге мүмкіндік аламыз және өзіміздің, оның және төңірегіндегілердің мүдделеріне орай ол адамға тиімді психологиялық ықпал етудің жолдарын іздестіріп, пайдаланамыз. Егер біз кдтысқан адамдары-мыздың әртүрлі түрмысғық жағдайлардағы әрекет-қылығын күні бүрын болжастыра алсақ, оның мінез-қүлы-ғын қажетті бағытта басқаруға және онымен үнамды адам

аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкіндіктерге ие боламыз.

Бөгде адамның түлғалық дәрежесі жөнінде біз оның дене қүрылымы, психологиялық және қылық-әрекеттік белгілері бойынша топшылаймыз. Бүл белгілер адамның сырт көрінісінен, киімінен, әрекет-кылығынан, сөзінен, бет әлпеті мен ым-ишарасынан байқалады. Адамның сырт көрінісі мен психологиялық бейнесі арасында тікелей де толық бай-ланыс болмағанымен, бүлардың екеуі қандай да өзара ықпалды қатынаста. Өрқандай адам жөніндегі біздің бірінші пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық көрі-нісінен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мінезі мен дене қүрылысының өзара байланысты екенін дәлелдеген (Э.Кречмер, У.Шелдон т.б... Дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар, мінезі жағынан да өзара ұқсамас. Осы түрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, пикник, атлетик . Пикник типтес адамдар – көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды; астеник адамдар – көбіне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүреді; ал атлетиктер – үстамсыз, дүлей келеді.

Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрінеді. Қандай сөздөр мен тіркестерді қолда-нуына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөй-леу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай жеке адамның ерекшеліктерін байқаймыз. Адамның сөйлеу мә-нерінің біразы тума беріледі де, көбі оқу-тәрбие бары-сында пайда болады.

Кейбір қатынастарға байланысты адамдардың пси-хологиялық бейнесі түрақты келеді де, көбіне ауыспалы болады. Адамның сырт кәрінісінө орай оның образы бір-шама өзгеріссіз сақталады. Осыдан біз адамды көпшілік ішінде ажырата білеміз. Және бір түрақты сақталатын қасиеттер – адам мінезі, қылық-әрекеті мен әдөттері. Осылар бойынша санамызда жасалған образдар арқылы біз көп заманнан ажырасқан адамымызды танимыз.

Кейде кездейсоқ үшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрінеді. Ал тілдесе келе, оның әре-кет-қылығына мән бере, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, алғашкыда танымасақ та, адамның мінез бітістөрінен, әрекет-қылығынан бүрыннан бізге таныс белгілерді байқап, жакындасуға тырысамыз. Осыдан, біздің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен роль ойнайтын – мінез бітістері, екінші орында – адамның сырт көріністрі.

Уақыт ағымына берілмей, үзақ мерзім сақталатын

белгілер – адамның кажетсінулері, әрекет-қылық мотивтері мен қызығулары, бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.

Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік, ал енді адам өзін-өзі сарапқа сала алады ма, жоқ па деген сұраққа жауап ізделік. Бүған оң да, кері де жауап айту мүмкін. Егер адам өзін-өзі түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет-қылықтары алдын ала өзіндік болжастыруға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мүндай адамның қатынас қылығы мен іс-әрекеттері ақыл оралымынан алшақ, төңірегіндегілердің ісімен сәйкестік таппайды, Егер адам өз әрекетін сырт көзбен бағалай алмаса, оның іс-кадамдары кейбір жағдайларда оғаш көрінеді, Егде адам бала сияқты был-дырласа немесе бала жасына келмей үлкеннің үстам-дығын танытса, төңірегіндегілер мүндайларды не жай күлкіге алады, не сайқы-мазаққа телиді.

Екінші тараптан, егер адам өзі жөнінде бәрін біле берсе, онда өмірге деген қызығушылықтың да кажеті болмай қалары сөзсіз, себебі саналы адамның бар өмірлік болмысы осы өзін тануға деген жоғары ынта-ықыластан нәр алады. Адамның кдлыпты өмірі үшін өзін-өзі біле алмастық та, аса көп білу де сиыспайтын кұбылыстар.

Адам өзінің шындыққа келетін сырт көрінісінен басқада өзінің мінез бітістері жөнінде де азды-көпті мәліметке ие, бірақ бұл мәліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдауларды камтиды. Сонымен бірге, адам өзінің кейбір әлеуметтік талапқа сай кажетсінулері мен әрекет-қылығының себеп-түрткілерін тануға бейім. Ал өз санасының астарында жаткдн немесе моральдық тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық бітістерін тіпті де білмейді.

Адам өзі жөніндегі шындықты басқалардың оның іс-әрекетіне болған қатынасынан байкауына болады. Өз әрекеттері мен сол әрекеттерге берген басқалар бағасын салыстыра, адам жанама түрде өзі қасиеттері мен сапаларын болжастыруына болады.

Іс-әрекетте нәтижеге жетісе, мақтау алып, не сәтсіздікке үшырап, сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезігумен әр жеке адам өзінің кабілет деңгейін сезеді. Өмірде жетіскен ісіне қанағаттануын, болмаса канағаттанбауын ішкі, ниеттеген психологиялық бейнемен салыстыра алса, адам өз кажетсінулері мен мотивтерінің оң не теріс бағытын дүрыс та толық тани алады.

Есте үстайтын жәйт, өз бағаңды қорытындылауда толығымен басқалар пікіріне құлай түсуге болмайды. Себебі өзіңіз үнамды катынастағы адамдар сізді асыра мақтауға дайын түрса, қалай да жек көретін адамдар сізде бірде-бір ұнамды қасиет көре алмауы мүмкін, Сонымен бірге, әр адам өзінің афферент жағдайындағы әрекетін тіпті де білмеуі мүмкін, себебі мүндай саналық басқарудан айрылған кезде, адам өзіне, басқалар реакциясына объектив баға беріп, әрекетін байқастыру кабілетінен айрылады.

Адамның өзін-өзі тануы төңірегіндегілердің қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты, кеңірек айтар болсақ, барша адамдардың өзара тусінісуіне тәуелді. Күнделікті тұрмыстық қатынастар, тілдесу негізінде адамның психологиялық бейнесін түзу үшін келесі тәсілдер қол-данылады: бітіс таңу, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсер-лену, ықтималды болжай әсерлену, асыра сілтей әсерлену, жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуі (Р.С.Немов.,

Адам образын жасаудың ең көп тараған тәсілі бұл бітіс таңдау, Оның мәні: адам төңірегіндегілерді өзіне тән касиеттер мен сапалар түрғысынан бағалайды, яғни өз мінез бітістерін екінші біреулерге таңады, оның қылық-әрекетін түсінгісі келіп, өзін сол адамның орнына қоя салады. Мүндай тәсіл бір адамға біткен мінезді екінші адамға таңа салуда да көрінеді. Осылайынша, басқалардың мінез, әрекет-қылық бітістерін өзімізді қызықтырған адамға тану арқылы да нақты түлға жөнінде бір жөнді психологиялық мәлімет топтастыруымызға болады.

Алғашқы әсер тәсілі бөгде адамды бірінші көр-геннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады.



Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты алғашқы әсердің кейінгі әсерлерге қарағанда күштірек сезілуінен. Назарға алынған адам жөнінде көп, әртүрлі акпаратты бірінен кейін бірі бір ізді қабылдау кезінде біздің сана-мызда ең алғашкы мәлімет турақталып кдлатыны ғылым-да дәлелденген.

Ал енді жеткізіліп жатқан ақпараттағы адам қаси-еттерінің тізімі молдау болып, мәлімет бөліктерін хабарлау барысында біршама уақыт үзілісі болса, алғашқы акла-рат соңына край ұмытылады. Бүл жағдайда алғашқы әсерленуге карсы кұбылыс – жаңалықты әсерлену тәсілі іске кіріседі, яғни талдауға түскен адамның образы ол жөніндегі ең соңғы мәліметке орай қурылады.

Ықтималды болжай әсерлену деп келесі қүбы-лысты түсінеміз: адам миы болашак, оқиғаларды алдын ала болжастыру кдбілетіне ие. Осыдан тулға басталған іс-әрекеттің бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтиже-сін күні бұрын жоспарлайды. Әлі қолда жоқ бүтін затты оның бөлектері бойынша ойда белгілі бір формаға келтіріп, жан-жақты сипаттамасын бере алады.

Оқиғалар мен құбылыстарды дәл болжастыру қажеттігі адамдардың өзара түсінуі мен бірін-бірі қабылдауында өте кажет. Мысалы, адамға тән белгілі бітістері бойынша оның әлі белгісіз, бірақ онда болуы тиіс касиет-терін де анықтауымыз мүмкін: батыр адам әрқашан адал да аңғал болатынына ешбір күмәнданбаймыз, сондай-ақ, қорқақ - әрдайым өтірікшіл, мәдениетті – ой-өрісі кең, қайырымды – үйіршең, сенгіш, өшпенді адам - әрқашан түйық, күмәншіл келеді. Егер өмір жағдайлары адамның әлі белгісіз қасиеттері жөніндегі біздің болжамымызды растайтын болса, онда болжастыруға деген біздің сені-мімізді бекіте түседі не керісінше де болуы мүмкін. Адамның болжастыру қабілетіне өмірлік тәжірибе өзі түзету-лер енгізіп, нақтылап барады.

Асыра сілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағаның кейінгілеріне күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден бірінші берілген мінездеме қатып кдлған, өзгермес күйге түседі. Егер қандай да адам бір көрудөн бізге үнамды тарапынан танылып қалса, кейін де біз осы бағамыздан танбай, басқа бір сын көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз. Керісінше де болуы мүмкін: алғашқы тілдесуден ұнамаған адам соң қай күйге түсіп жолықса да, баяғы жек көрушілігімізден арылуымыз қиын, санамызда қалыптасқан алғашқы келеңсіз образ басқаларын ығыстырып, өз орнын бермеуге тырысады.

Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл – жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы, Оның мәні мынада: әрбір адам санқилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, кабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді. Көп қайталап кездескен бұл әсерлер бірігеді де, солардың ішінде бірі, мысалы, адамның сырт келбеті белгілі бір психологиялық ішкі қасиетпен ұштастырылады. Осы біріккен образ негізінде екінші бір адамды кездестіргенімізде, одан оның сырт пішініне қарап, өзіміздің санамызда орныққан осы пішінге сәйкес қасиетті іздестіреміз. Мысалы, кабағы түксиген адамдар көбіне тұйық, ауыр мінезді келеді. Міне осы жалпылай, біріктіре түзген ішкі бейнөмізді қабағы түксиген нақты адамдардың бәріне бірдей баламалай саламыз. Адамдардың психологиясын-дағы жалпылық олардың іс-әрекетіндө жалпылай кезде-седі, ал іс-әрекеттегі жалпы қасиеттер адамдардың жал-пы сырт түлғалық бейнесінен көрінеді. Осылай жалпылай біріктіріп, образ жасау қасиеті жас өспірімдік шақтан ор-нығып, кейін өмір бойы түзетулермен реттеліп барады. Осы тәсілді жақсы игеруден адам психологиясы қуры-лымының бір белгісі: әрекет-қылығы, дүниетанымы неме-се мінезі – бойынша сол адамның басқа да қасиеттерін бағалаушы адам өзінде қалыптасқан бірікпе образ ар-қылы ашуға бейімденеді. Егөр осы бірікпе образ жасау тәсілі адамның сырт көрінісі мен ішкі дүниесі арасындағы байланыстың шындыққа жақын екенін дәлелдей алса, онда бул адамдарды бағалауда, олардың әрекет-қылы-ғын күні бурын болжастыруда таптырмас қуралға айна-лады, ал кері жағдайда жаңсақ әңгімелерге тап қылады.

Бөгде адамның тұлғалык ерекшеліктерін тануда жеке дара және кәсіби ерекшеліктер көп роль ойнайды. Кдйырымды, мейірман, серлі адам басқаларды жеңіл түсінеді, қабылдайды, себебі мүндай адамдар, әдетте үлкен де бай қатынас тәжірибесіне ие болумен, басқа-лардан әрқашан жақсылық қасиеттерді іздестіруге бейім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет