3. Аналитикалық теория.
Жас цюрих психиатры Карл Юнг (1875-1961) алғашында Фрейд теориясының әсеріне қатты берілді. Бір бірімен хат алысып ойларын бөлісті, кейін кездесті, алайда үш жылдан кейін олардың арасында салқындық орнап қатынастары мүлдем үзілді, кейін мүлдем кездеспеген. Юнгтың теориясы психоаналитикалық деп саналсада ол Фрейдтің теориясынан өзіндік ерекшелігі бар. Юнгтің теориясында адамға деген көзқараста каузалдылық (индивидуалды және нәсілдік тарих) пен телеология (мақсат пен ұмтылулар) үндескен. Юнг тұлғаның нәсілдік және филогенетикалық негізіне екпін жасайды.
Тұлғаның құрылымы. Тұлға немесе жан өзара байланысқан дифференциалданған жүйелерден тұрады, маңыздылары: эго, жеке бастық бейсаналықтар мен оның комплекстері, коллективті бейсаналық оның архетиптері, персоналар, анима мен анимус, көлеңке. Олардан басқа ішкі ыңғайланулар болады: интроверсия мен экстроверсия және олардың функциялары: ойлау, сезімдер, түйсіну мен интуиция, тұлғаның барлық орталығы өзіндік болып табылады.
Эго бұл саналы ақыл, саналы перцепциялардан, еске түсірулерден, ойлардан, сезімдерден тұрады. Эго идентификациялану сезімі мен үздіксіздік сезіміне жауап береді, индивидуалды адамның көзқарасы сананың орталығы болып саналады. Жеке бастық бейсаналық. Бұл эгоға жанасқан аймақ, санада болған бірақ ығыстырылған, жаншылған, ұмытылған, мойындалмаған бастан кешкендер, егерде көріне бастаса сана деңгейінде әсер беру үшін өте әлсіз болады. Жеке бастық бейсаналықтың мазмұны Фрейд айтқан сана алды күйіне ұқсайды, сана оған жете алады, жеке бастық бейсаналық пен эгоның арасында күшті «екі жақты қозғалыс» жүреді.
Комплекстер. Комплекстер ол ұйымдасқан топ немесе жеке бастық бейсаналықта болатын сезімдердің, ойлардың, перцепцияның, еске түсірулердің констелляциясы, оның ядросы болады, магнит сияқты барлық әртүрлі констенцияланған бастан кешкендерді өзіне тартады.
Мысалы аналық комплекс болады, ядросы анасымен байланысты нәсілдік бастан кешіру негізінде пайда болады, атап айтқанда балалық бастан кешкендер. Анасына қатысты ойлар, сезімдер, еске түсірулер ядроға тартылып комплекстер құрайды. Ядро және көптеген ассоциацияланған элементтер кез келген уақытта олар бейсаналы болады, алайда кез келген ассоцация жекелеп саналы ассоциация бола алады.
Коллективті бейсаналық. Коллективті бейсаналық немесе трансперсовалды бейсаналық күшті әсері мықты психикалық жүйе, паталогиялық жағдайларда эго мен жеке бастық бейсаналықты қорғайды. Коллективті бейсаналық ата-бабадан берілген жасырын еске түсірулердің қоймасы, тұқым қуалаумен берілген өткен нәрселер тек нәсілдік тарих ғана емес, әрі адамға дейінгі және жануарлардың тәжірибелері.
Коллективті бейсаналық көптеген өткен ұрпақтардың бастан кешкендерінің негізінде пайда болатын адамның эволюциялық дамуын тұқым қуалаудан алғандары. Ол индивид өміріндегі жеке бастық жағдайынан толық ажыратылған сондықтанда универсал болып табылады, Юнгтің ойынша коллективті бейсаналықтың универсал болатыны адамдардың барлығының ми құрылысының бірдей болуын айтады.
Нәсілдік еске түсірулер немесе репрезентациялар тұқыммен берілмейді, біз тек алдыңғы өткен ұрпақтардың тәжірибелерін қайталау мүмкіндігін ғана аламыз. Ол біздің бейімдіктеріміз, әлемге белгілі бір жағдаймен бірдей реакция жасаймыз. Коллективті бейсаналық тұлғалық құрылымның туа берілген нәсілдік негіздемесі, онда эго, жеке бастық бейсаналық және басқада индивидуалды игергендер өседі.
Адам өзім тәжірибем деп санағандардың бәрі коллективті бейсаналық болып табылады, олар мінез-құлыққа әсер етеді. Туа берілген виртуалды бейнелер объективті әлеммен идентификацияланған перцепциялар мен идеяларға айналады. Бейсаналықтың екі аймағы жеке бастық және коллективті адам үшін мәні зор болады. Симптомдар, фобиялар, иллюзиялар және басқада иррационалды құбылыстар алыстатылған бейсаналық процестерден туындайды.
Архетиптер. Коллективті бейсаналықтың құрылымдық компоненттері әртүрлі аталады: архетиптер, доминанттар, алғашқы бейнелер, имаго, мифтік бейнелер, мінез-құлық паттерндері. Архетип мәнді эмоциялық элементі бар универсал ойлау формасы (идеялар).
Осы ойлау формалары әдеттегі сергек өмірдегі саналы ситуациялардың кейбір аспектілеріне сәйкес бейнелер мен көрулерді жасайды. Мысалы ана архетипі ана бейнесімен жасалып, кейін реалды анамен идентификацияланады.
Қысқаша айтсақ бала генетикалық ананың алдыңғы қалыптасқан концепциясын тұқым қуалаудан алады. Архетиптер коллективті бейсаналықта міндетті түрде бір-бірінен бөлінбейді, олар өзара бір біріне өтеді, араласады.
Мысалы батыр архетипі ришалық туғызған «король философ» бейнесін тудырады. Архетиптер комплектердің ядросы бола алады, бастан өткендерге тартылады. Архетип санаға ассоциацияланған бастан өткендер арқылы өте алады. Мифтар, түс көрулер, көрулер, ритуалдар, діни түсініктер, невротикалық және психикалық симптомдар, өнер туындылары көптеген архетиптік материалдарды береді.
Коллективті бейсаналықта көптеген архетиптер болады, олардың көпшілігі туу архетиптеріне, қайта өрлеу, қайтыс болу, билік, сиқырлық, тұтастық, батырлық, бала архетиптеріне идентификацияланған. Архетиптердің тұлға ішіндегі жүйелеріне персона, анима, анимус, көлеңке жатады. Персона. Персона ол маска, адам әлеуметтік шарттардың, дәстүрлердің талаптарына жауап үшін, ішкі архетипті қажеттіліктеріне жауап үшін киеді.
Ол адамға қоғам беретін рөл, қоғамдық күтулерге сәйкес адам оны өмір бойы орындайды. Масканың мақсаты басқаларға белгілі бір әсер қалдыру ол жиі үнемі болмасада адамның шынайы табиғатын жасырады. Персона ол көпшілік тұлғасы, әлеуметтік шарттан тыс тұрған өзінің меншікті тұлғасына қарсы қоғамдық пікір мен өзіне жапсырып қойған жақтары.
Индивид өзінің шынайы меншікті сезімдерін емес ойнайтын рөл сезімдерін ұғынады, сол персонамен идентификацияланады. Ол жеке автономды адам болудың орнына қоғамның бейнесі бола бастайды. Персона дамитын ядро ол архетип, ол да басқа архетиптер сияқты нәсілдік тәжірибеден шығады, тәжірибелер әлеуметтік өзара әрекеттен әлеуметтік рөлдерді қабылдау адамдар үшін пайдасын беретін әлеуметтік жануарлар ретінде қызмет етеді. (Кейбір аспектілерде персона Фрейдтің суперэгосын еске түсіреді).
Анима және анимус. Көп жағдайда адам табиғаты бойынша бисексуалды жануар деп мойындалады. Физиологиялық деңгейде ер адамдар гармондары мен әйелдер гармондары деп бөлінеді. Психологиялық деңгейде екі жыныста да маскулинді әрі феминді сипаттамалар табылады. Ер адамдағы феминдік жақпен әйелдердегі маскулиндік жақтарды Юнг архетиптерге жазады.
Ер адамдағы феминді архетип анима деп аталады, әйелдердегі маскулиндік архетип анимус деп аталады. Бұл архетиптер хромосомалармен, жыныстық бездермен шарттана алады, олар әйелдермен байланысты ер адамдық нәсілдік бастан кешірулердің өнімі болып табылады және керісінше әйелдерде болады.
Басқаша айтсақ ер адам әйелмен өмір бойы тұрып феминді ал әйелдер маскулинді бола бастайды. Бұл архетиптер әрбір жыныста тек қарама-қарсы қырларды ғана емес олар әрі коллективті бейнелер болып табылады, соның арқасында әрбір жыныстағылар басқаларды түсінеді.
Ер адам әйел табиғатын өзінің анимасы арқылы, ал әйелдер ер адамды өзінің анимусы арқылы сезінеді. Алайда анима мен анимустар бір бірін түсінбеуге де әкеледі. Коллективті бейсаналық талаптары мен сыртқы әлемнің реалдылығы арасында компромис болуы керек, әйтпесе адам жеткілікті түрде адаптация жасай алмайды.
Көлеңке. Көлеңке архетиптері эволюция барысында адамдардың өмір сүрудің төменгі формалардан тұқым қуалаумен алған жануар инстинктері. Адам табиғатын, жануарлық жағын жандандырады. Көлеңке архетиптері санадағы мінез-құлық пен мінез-құлықтағы жағымсыз әлеуметтік қолданбаған ойлар, сезімдер, әрекеттер үшін жауапты болады.
Өзіндік (самость). Бұл архетип әртүрлі символдарда көрінеді, оның ең маңыздысы мандала немесе сиқыр шеңбер. Өзіндік ол тұлғаның орталығы оның төңірігіне басқа жүйелер топтанады, сол жүйелерді бірге ұстап тұлғаның бірлігін, теңдігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өзіндік ол өмір мақсаты адамдар оған үнемі ұмтылады, алайда оған бәрі жете бермейді.
Ішкі бағдарланулар. Юнг екі ішкі бағдарлану немесе тұлға бағдарлануын ұсынады олар экстраверсия және интроверсия ішкі бағдарланулары. Экстравертті ішкі бағдарланулар адамды сыртқы, объективті әлемге бағдарлайды, интровертті ішкі бағдарлану ішкі, субъективті әлемге бағдарлайды. Тұлғада бір біріне қайшылықты екі ішкі бағдарлануда болады, олардың бірі үстемдік етеді, саналы болып табылады. Эго әлемге қатысты экстравертті болса, онда тұлғалық бейсаналық интровертті болады.
Функциялар. Төрт фундаменталды психологиялық функция бар: ойлау, сезімдер, түйсіну мен интуиция. Ойлау идеялы және интеллектуалды болады. Сезімдер бағалаушы функция, субъект үшін позитив не негатив болатын заттардың құндылығын анықтайды. Сезім адамға функция ретінде қанағаттану, ауру, ашу, қорқыныш, қуаныш, қайғы береді.
Түйсіну, перцептивті және реалды функция. Ол нақты мәліметтер береді. Интуиция бейсаналы процестер мен мазмұндар негізінде болатын қабылдау. Ойлау мен сезімдер рационалды функциялар, түйсіну мен интуиция иррационалды функциялар. Төрт функцияның біреуі үстемдік жасайды оны жоғарғы функция деп атайды. Ең дифференциалданған фуннкция төменгі функция деп аталады ол бейсаналыққа ығыстырылады.
Тұлғаның динамикасы. Психикалық энергия. Биологиялық жүйелер ретіндегі организм энергиясы. Психикалық энергия барлық виталды энергиялар сияқты метаболилік дене процестерінен туындайды. Юнг өмірлік энергия либидоны психикалық энергияның эквиваленті ретінде қолданды. Психикалық энергия гипотетикалық конструкт, нақты субстанция немесе феномен емес, ендеше оны өлшеуге немесе көруге болмайды.
Психикалық энергия потенциалды немесе актуалды күштер ретінде өз көрінісін табады. Тілектер, ерік, сезім, зейін ұмтылулар тұлғаның актуалды күштері, бейімділік, бейім болу, тенденция, ішкі бағдарлар тұлғаның потенциалды күштері болып табылады.
Психикалық құндылықтар. Тұлға элементіне кірген психикалық энергияның мөлшері құндылықтар болып табылады. Құндылықтар зорланудың өлшемдері.
Комплекстердің күші. Бақылау мен тестер саналы құндылықтарды анықтайды, ал бейсаналық құндылықтарды анықтай алмайды. Юнг комплектердің күшін анықтаудың үш әдісін көрсетті: бақылау және аналитикалық дедукция; комплекстердің индикаторларын табу; эмоциялық көрінудің интенсивтілігін өлшеу.
Комплекстер ылғи сырттай көріне бермейді, ол түс көргенде, түсініксіз құбылыстарда да көрінеді. Комплекстердің индикаторы ол мінез-құлықтың кез келген бұзылуы, мысалы жаңылысу «әйелім» деудің орнына «шешем» деп айтады. Ситуацияға эмоциялық реакцияның интенсивтілігі комплекстердің күштерінің басқа көрсеткіштері.
Эквиваленттілік принципі. Юнг психодинамиканы скі принциппен түсіндірді экиваленттілік және энтропия принциптері. Экиваленттілік принципі физикадағы термодинамиканың I-заңына сәйкес келеді. Қандайда бір құндылық жоғалып кетсе немесе әлсіресе психикалық энергия жоғалмайды ол жаңа құндылықтарда қайтадан жанданады. Энергия үздіксіз тұлғаның бір жүйесінен басқасына өтеді ол түлғаның динамикасын құрайды.
Энтропия принципі. Термодинамиканың II заңы сияқты энтропия принципі бойынша психикадан энергияның бөлінуі бір балансқа, тепе-теңдікке ұмтылады. Соның идеалды көрінісі ол өзіндік күй.
Энергиялардың қолданылуы. Тұлғаның энергиялары екі мақсатқа қолданылады: бір бөлігі өмірді жалғастыру үшін қолданылады оған туа берілген инстинкті функциялар жатады (тамақтану немесе жыныстық). Артып қалған энергиялар мәдени немесе рухани іс-әрекетте қолданылады. Тұлғаның дамуы. Каузалдылық және телеология. Тұлға янус сияқты бір жағы өткенге бір жағы болашаққа қарайды, сол арқылы тұлғаны толық тани аламыз. Каузалдылық пен телеология Юнгтің ойынша ойлаудың таңдамалы тәсілдері ғана, ғалымдар оларды табиғи феномендерді реттеу үшін қолданады. Каузалдылық пен телеология табиғатта табылмайды. Адамдарда жағдайдан еш шыға алмайтын сезімдер берсе ал кейбір адамдар өз өткен кезеңдерінің тұтқындары болады, жасалғанды өзгертуге болмайды, финалды ішкі бағдарлар адамдарға үміт береді, сол үшін өмір сүру керек деген ойға әкеледі.
Синхрония. Юнг каузалдылықпен, телеологиямен байланысы жоқ синхрония принципі туралы айтты. Бір адам туралы ойласаң, айта бастасаң сол адам жетіп келеді («кімді айтсаң сол келеді»). Юнг оны телепатиямен паранормалды феномендерге сүйенеді. Юнг әлемде себептілік принципі бар дейді. Синхрония феномендеріне архетиптер табиғаты жазылады. Сипаты бойынша психоидты яғни әрі психологиялық эрі физикалық болады. Тұқымқуалаушылық. Тұқымқуалаушылық биологиялық инстинктерге жауап береді, өзін сақтау мен өндіруге жауапты. Инстинктер адамның жануар жақтарын құрайды. Ата-бабаның бастан кешкендерін қайталау туа берілетін архетиптер болып табылады.
Даму сатылары. Фрейдтен айырмашылығы сол Юнг даму сатыларын туғанына бастап есейгенге дейінгі кезеңдерді жазбайды. Ерте жаста либидо белсенділік тірі қалу үшін соған инвестицияланады. Бес жасқа дейін сексуалды құндылықтар көрініп жеткіншек жасында өз шыңына жетеді. Жасөспірім мен жас кезде негізгі өмірлік инстинктер мен виталды процестер үстемдік етеді.
Жас адам энергиялы, импульсивті, ынтыққыш әлі де болса басқалардан тәуелді болады. Отыз жасқа таман қырық жасқа таяу кезде құндылықтар жүйесі ауысады. Жасөспірімдік қызығулар мен ұмтылулар көбірек мәдени бола бастайды, биологиялық жағы азаяды. Орта жастағы адам интровертті бола бастайды, импульсивтілігі азаяды. Даналық пен өткірлік физикалықтың орнына ақыл-ой энергиясына әкеледі. Тұлғаның құндылықтары әлеуметтік, діни, азаматтық, философиялық символдарға сублимацияланады, адам рухани болады.
Прогрессия және регрессия. Даму не прогрессивті не регрессивті болады. Регрессияда тұлғаның саналы эгосы сыртқы ортаның талаптарына қанағаттандырумен және бейсаналықтың қажеттіліктерімен келіседі, Эгоның объективті құндылықтары субъективтілікке трансформацияланады. Регрессия прогрессияның антитезі.
Индивидуация процесі. Адам тұрақты бірлікте даму тенденциясына ие деп көрсетті Юнг. Дамудың негізгі мақсаты өзіндік таратылу. Кедергілер көп болса тұлғаның жүйкесі жұқара береді. Тұлға дені сау және интеграциялануы үшін әрбір даму жүйесі дифференциалдану мүмкіндігіне ие, соған жету процесі индивидуация процесі деп аталады.
Трансцендентті функция. Индивидуация процесінің арқасында ішкі түрлену жүзеге асады, дифференциалданған жүйелер трансцендентті функциялар арқылы интеграцияланады. Трансцендентті функцияның мақсаты адамның мәнін ашу, тұлғаны оның «барлық аспектісінде» тарату.
Тұлғаның басқа күштері әсіресе ығыстырулар трансцендентті функцияларға қарсыласады, бейсаналық сферада қозғалыс жасайды. Бейсаналық қозғалыстар түс көруден, мифтерден тағы басқалардан көреміз, солардың бірі мандала символы. Мандала санскриттен алынған сөз шеңбер дегенді білдіреді. Мандала батыс дінінен де шығыс дінінен табылған.
Сублимация жэне ығыстыру. Психикалық энергиялар ауыса алады. Бір процестің жүйесінен басқасына өте алады. Ауысу эквивалент жэне энтропия сияқты базалық динамикалық принциптердің арқасында боллады. Осы ауысу процесін индивидуация мен трансцендетті функциялар атқарады, оны сублимация деп атайды. Сублимация жабайы, дифференциалданбаған, инстинкті процестердің энергиясын жоғарғы мәдени, рухани дифференциалданған процестер энергиясына ауыстырады.
Энергиялардың таралуы инстинкті немесе сублимациялы каналдармен жабылса онда олар ығыстырылады. Ығыстырылған энергия сақталу принципі бойынша мүлдем жоқ болып кетпейді ол әрірек ығыстырылады. Яғни бейсаналықта орын табады, қосымша энергия алған бейсаналық саналы эгоға қарағанда үлкен зарядка ие болады. Бұл энергия энтропия принципіне сәйкес эгоға қарсы шығып рационалды процестерді бұзады.
Жоғары энергияланған бейсаналық процестер ығыстыру арқылы шығуға тырысады, егерде ол шықса адам өзін иррационалды жэне импульсивті жағдайға әкеледі. Сублимация мен ығыстыру сипаттары бойынша бір біріне қарама-қарсы болады. Сублимация прогрессивті, ығыстыру регрессивті болады. Сублимация психиканы алдыға жылжытады, ығыстыру артқа жылжытады. Сублимация рационалды, ығыстыру иррационалды, сублимация интегративті, ығыстыру дезинтегративті болады.
Символизация. Символдарға юнгтік психология екі функция береді: бір жағынан фрустрацияланған инстинкті импульстардың талпынысын береді, басқа жағынан архетипті материалдарды жандандырады. Символдардың рөлдерінің бірі импулстерге қарсыласу. Символдар психиканың репрезентациясы. Символдардың екі аспектісі бірі ретроспективті инстинктерді жетекшілікке алады, басқасы просективті, адамның соңғы мақсатымен байланысты екеуі де бір ғана тізбектің екі звеносы болып табылады.
Зерттеу әдістері. Комплекстерді эксперименттік зерттеу. Юнг сөздік ассоцациялар әдісі мен эмоцияларды физиологиялық өлшеуді үйлестіруге ұмтылды. Бұл әдістер пациенттердің комплекстерін табуға арналды. Стимулды сөзге жауап берудің созылуы тыныс алу мен тері кедергісінің өзгерістері бойынша сөз комплекстерді қозғады деп санады.
Оқиғалар. Юнг салыстырмалы әдісті пайдалана отырып тарих, мифология, дін оқиғаларын салыстырып олардан фантазиялар мен түс көрудің архетиптерін іздеді («Психология жэне алхимия т.б.).
Мифологияларды, дінді салыстырып зерттеу. Юнг мифологияға, дінге, алхимияға, астрологияға көп көңіл бөлді. «Психология және алхимия» деген еңбегінде Юнг пациенттің көптеген көрген түстерінің үлкен сериясын алды. Түстерді интерпретациялап, Юнг символдардың арасында паралелльдер болады, орта ғасырдағы алхимиктердің қозғаушы күштері сол пациенттің қозғаушы күштерімен бірдей болады деп қорытындылайды.
Түс көру. Фрейд сияқты Юнгта түс көруге көп кеңіл белді. Оларды проспективті және ретроспективті мазмұндары бойынша көрді, «үлкен түстер» дегенді бөліп көрсетті, онда көптеген архетипті бейнелер болады деп санады.
Амплификация әдісі. Түс көрудің белгілі бір аспектілерін зерттеу үшін Юнг бұл әдісті жасады, еркін ассоцациялар әдісіне мүлдем ұқсамайды, түс көруші адам элементтерге көптеген ассоцациялар береді. Юнг сонымен қатар түс көрулер сериясын талдау әдісі мен белсенді қиял әдісін де қолданды.
Аналитикалық психологияны талдау. Юнгианды психологияны жақтаушылар өте көп, әсіресе практикада жүрген психоаналитиктер, олар оның психотерапевтік әдістерін көп қолданады. Юнг Фрейд пен оның мектебінің психоаналитиктерінен көптеген қарсыласуды көрді. Олардың ойынша архетиптер тәжірибе терминдерінде суреттелді, ал оны туа берілетін тұқымқуалаушылықпен байланыстыру абсурд деп санады.
Аналитикалық психология психологтар жағынан фрейд мектебі сияқты көп сынға ұшыраған жоқ. Психология аналитикалық теорияны неге көзге ілмеді, оны көптеген әлем психологтары оларға құрмет көрсетседе, ең басты бір оның себебі, аналитикалық психология клиникалық, тарихи, мифологиялық, алхимиялық, діни, медитация, мистицизм, окультизм материалдарында негізделеді, эксперимент арқылы бекімеді. Осыған қарамастан Юнгтің аналитикалық теориясы қазіргі заман ойшылдарының бір ең тамаша жетістіктері болып табылады. Фрейдтен кейін «жан» туралы ашық батыл айтқан Юнг болды.
5.Тұлғаның әлеуметтік психологиялық теориялары.
Адамға деген биофизикалық ықпалдан басқа интеллектуалды тенденциялар қалыптасты, психоанализге «әлеуметтік психологиялық көзқарастар» әкелген концепциялардың ішінде негізгілерін айтуға болады (А.Адлер, К.Хорни, Э.Фромм, Г.Салливан) олардың ішінде «жаңа әлеуметтік психологиялық көзқарастың» әкесі Адлер Альфред болып табылады.
А.Адлер (1870-1937) Фрейд пен Юнгтен айырмашылығы сол ол адам мотивациясы әлеуметтік оянулармен шарттанады деді, адамдар әуелден-ақ әлеуметтік болып табылады, өздерін басқа адамдармен арақатыстырады, бірлескен әлеуметтік іс-әрекетке қатысады. А.Адлер әлеуметтік қызығулар адамда туа берілген мәнділік деп санады, осы тұрғыдан ол да Фрейд пен Юнг сияқты кейбір көзқарастары биологиялық болып табылады.
Адлер психологтардың ойына әлеуметтік өзгерткіштер дегенді салып, әлеуметтік психологияның дамуына негіз салды. Адлердің тағы бір екінші маңызды еңбегі ол тұлға теориясына жоғары персоналданған субъективті жүйе «Креативті Мен» деген ұғымды кіргізді. Үшінші айтқан маңызды жағдайы психоанализден айырмашылығы сол ол адамның уникалды сипаты жайлы айтты.
Әрбір адам уникалды қырлар, мотивтер, қызығулар, құндылықтар жүйесі деп қаралды. Адлердің теориясында сексуалдылық минимумға апарылған, адам алдымен әлеуметті жан деп саналды. Тағы бір маңызды айтқан ойы тұлғаның орталығы сана болып табылады, адамдар саналы маңыздылық, мінез-құлық себептерін түсіне алады, адамдарда өзіндік сана болады, әрекетін жоспарлайды, басқарады, психиатр ретінде көп практика жасады.
Адлердің концепциясында тұлғада болатын төмендегі жағдайларды көрсетті: фиктивті финализм, басым болуға ұмтылу, толық қанды емес сезімі мен компенсация, әлеуметтік қызығу, өмір стилі, креативті Мен. Адлер зерттеуде қолданған әдістері: туу реті мен тұлға жайлы, ертедегіні еске түсірулер, балалардың бастан кешкендері бойынша сезімдері.
Эрих Фромм. Фромм еңбектеріндегі негізгі тақырып адамдағы жалғыздық пен адамдардан бөлектену жағдайы болды. Оның көзқарастарының қалыптасуына Маркстің идеялары әсер етті. Адам бір уақытта табиғаттың бір бөлігі, әрі жануар әрі адам, жануар ретінде адам биологиялық қажеттіліктерді игереді, адам ретінде өзіндік санаға, ақылға, қиялға ие.
Адамның бастан кешетін күйлеріне нәзіктік сезімі, қызығулар, махаббат пен бірге әсерлену, жауапкершілік, қатынастар, адалдық, идентификациялану, еркіндік пен трансценденция, құндылықтар мен нормалар жатады. Бес түрлі қажеттіліктерді көрсетті: трансценденцияға қажеттілік, қалыптасуға қажеттілік, идентификациялануға қажеттілік, бағдарланулар жүйесіне қажеттілік, басқаларға қажеттілік.
Трансценденцияға ұмтылу адамның жануарлық табиғаттан көтерілуіне қатысты қажеттіліктерге сәйкес келеді, жасалған емес, жасаушы болуға ұмтылу. Адам өзінің уникалдылығына, индивидуалдылығына ұмтылады. Басқа адаммен, топпен өзін идентификациялауға ұмтылады.
Бағдарлану жүйелері арқылы әлемді таниды. Адам тұлғасы қоғам беретін мүмкіндіктерге сәйкес дамиды. Адамның қоғамға бейімделуі ішкі қажеттіліктер мен сыртқы талаптардың арасындағы компромисс ретінде түсініледі. Фромм әлеуметтік мінездің бес типін көрсетті: рецептивті, эксплуативті, жинақтаушы, нарық, продуктивті. Кейінірек Фром тағы екі типті атады: некрофильді және биофильді. Фромм үшін қоғам мен адамның қатынас мәселесі ең маңызды болды.
Оның ойынша адам табиғаттың туа берілген маңыздылығы, қоғам сол маңызды табиғат жүзеге асу үшін жасалады, осы уақытқа дейін бірде бір қоғам адамның базалық қажеттіліктеріне көңіл бөлген жоқ, ондай қоғамды жасауға болады деген негізгі ойларды бекітті. Ондай қоғамды Фромм гуманистік коммунитарлы социализм деп атады.
Фромм өз теориясын емдеу барысында адамдарды бақылау арқылы, тарих, экономика, социология, философия, әдебиет жайлы адамдардың білімдерін бақылап, эмпирикалық зерттеулер арқылы жасады. Әлеуметтік мінездің үш түрлі типін бөлді: продуктивті жинақтаушы, продуктивті эксплуативті, продуктивті емес рецептивті.
Карен Хорни (1885-1952). Психоаналитик ретінде практикадан өте жүріп ортоксалды психоанализден көңілі калды, «Психоанализдің прогресі үшін ассоцация» деген қоғамды негіздеді. Хорни Фрейдтің психологиялық жүйелерді ары қарай дамытушы болды. Хорни Фрейдтің әйелдер психологиясы жайлы айтқандарына қарсы болды. Проблемаларды иррационалды шешетін қажеттіліктерді невротикалық қажеттіліктер деп атады, оның он түрін көрсетті:
1. махаббат пен қолдауға невротикалық қажеттілік
2. «серік-қамқоршыға» невротикалық қажеттілік
3. өмірді тар шектеуге невротикалық қажеттілік
4. күшке невротикалық қажеттілік
5. басқаларды жұмсауға невротикалық қажеттілік
6. мәнділікке невротикалық қажеттілік
7. таңқалатын объект болуға невротикалық қажеттілік
8. жеке жетістіктерге жетуге невротикалық қажеттілік
9. өзіндік жету мен тәуелсіздікке невротикалық қажеттілік
10.жетілу мен мінсіздікке невротикалық қажеттілік
Хорни кейін қажеттіліктерді үш топқа бөлді: адамдарға қозғалыс көпшіл тип, адамдардан кету қозғалысы оқшаулану типі, адамдарға қарсы қозғалыс конфликт тип. Хорнидің пікірінше конфликт әлеуметтік шарттарды тұғызушы.
6. Әртүрлі теориялардағы тұлға құрылымы.
Қазіргі жаңа психологиялық тұлға теориялары не береді? Бұл күндері көптеген тұлға теориялары бар, солардың ішінде бір назар салатын, нақтырақ теориялары бар. Олар қырлар теориясы, тұлғаның психоаналитикалық теориясы, әлеуметтік рөлдер теориясы, тұлғаның гуманистік теориялары.
Барлық қазіргі жаңа тұлға теориялары XX ғасырдың алғашқы жартысында жасалды, әртүрлі жиырмаға жуық теориялар пайда болды. Осы теориялардың бәрінде барлық мүмкін деген тұлға психологиясына арналған көзқарастар болды, жоғарыдағы аталған төрт теориялардан басқа осы уақыттан бастап басқа жаңа тұлға теориялары жасалмады.
Оның орнына ғалымдар адам тұлғасының жеке ерекшеліктерін, олардың пайда болуын, дамуын, қалыптасуын терең зерттеумен айналыса бастады. Әртүрлі теорияларда әсіресе жоғарыда аталған теорияларда тұлғаның құрылымы әртурлі беріледі, суреттеледі. Соларға тоқталамыз.
Тұлғаның қырлар теориясында тұлғалық психологиялық қасиеттеріне не жатқызады? Қырлар теориясын американдық психологтар Г.Оллпорт пен ағылшын психологы Р.Кеттеллдің атымен байланыстырады. Г.Олппорт қырлар теориясын негізін салушы, ал Р.Кеттелл тұлға қырларын эксперименттік зерттеу әдістерін ұсынды.
Тұлғаның қырлар теориясында тұлғаны суреттейтін негізгі ұғым тұлға қырлары алынды. Тұлға қырларына өз өмірінде алған тәжірибелері арқылы алғандары, организмнің физиологиялық ерекшеліктері, тұқымқуалау-шылықпен берілген орнықты қасиеттері алынды. Тұлға қырларына мысалы адамның мінез қырларын жатқызады. Тұлға қырлары шамамен адамда ерте балалықта басталады, ал 6-7 жаста мінез қырлары қалыптасқан болып саналады.
Ары қарай қырлар жүйесі дамиды, өзгере алады ол процесс өмір бойы жүреді. Алайда басты қырлар балалықта қалыптасқандар адам өмірінде өзгеріссіз қалады. Тұлғаның қырлар теориясы тұлғаның қазіргі жаңа зерттеулеріне және оны зерттеу әдістеріне әсер етеді. Психологиялық тестердің көпшілігі адамды тұлға ретінде тұлға қырлары арқылы зерттейді.
Психоаналитикалық тұлға теориясының негізін З.Фрейд салды, оны көптеген шәкірттері мен ізбасарлары ары қарай дамытты, олар А.Адлер, К.Юнг, Э.Фромм, К.Хорни, Г.Салливен, алайда олардың көзқарастары мен З.Фрейдтің көзқарастары біршама айырмашылықтары болды.
Бұл теорияның негізінде мына идеялар жатады. Тұлға адамның үш бөліктен тұратын ішкі психологиялық құрылуы. Тұлғаның басты бөлігін бейсаналық алады (психоанализде оны Ид деп атайды). Оған адамның биологиялық инстинктері мен органикалық қажеттіліктері кіреді, олардың жанауарлармен ортақ жалпы нәрсе белгілі бір бейнеде әрекет жасауға бейсаналық оянуы жатады.
Осы қажеттіліктер мен инстинктердің мінез-құлыққа әсерін адам қадағалай алмайды. Керісінше олар сана мен еріктен басқа мінез-құлықты да басқарады оны сана мен еріктен тыс әрекет жасауға мәжбүр етеді. З.Фрейд пен оның оқушыларының арасында бейсаналықтың мәнін ұғынуда белгілі бір айырмалар болды.
Сол кезде барлық ғылымға әсері болған Ч.Дарвиннің эволюция теориясы болды, теорияны жасаған З. Фрейд бейсаналықтың және тұлға психологиясының негізіне жануарлардың биологиялық инстинктерінен тұқымқуалаумен алатындарын айтты: сексуалды қажеттілік пен агрессиялық.
Жоғарыда көрсетілген З.Фрейдтің ізбасарлары (оларды неофрейдистер деп атайды) тұлғадағы бейсаналықтың тек биологиялық тар түсінуге қарсы болды, оны кейбір әлеуметтік қажеттіліктермен толықтырды.
А.Адлер мысалы, адамның маңызды бейсаналық қажеттіліктеріне билікке ұмтылуды жатқызды. К.Хорни бейсаналықтың құрылымына әртүрлі комплекстерді кіргізді. Комплекс ол адам өзінің кемшіліктерімен байланысты бастан кешкен қайғыларын қосатын психологиялық құрылым, ол адамда әдеттегі өмірлік ситуацияларға адекватты емес реакциясы көрінеді. Комплекстердің ең көп белгілісі ол толық қанды емес комплекс. Э.Фромм бейсаналылыққа адамның еркіндікке ұмтылуын немесе оны керісінше оны шектеуге ұмтылуын жатқызды. Тұлғаның құрылымының екінші бөлігін Эго құрайды, оған адам тұлға ретінде өзі жайлы не біледі соның бәрі кіреді, яғни оның өзіндік санасы жатады.
Эго адамдағы жағымды және жағымсыз сапаларды жатқызады. Психоаналитикалық теорияда тұлға құрылымыынң үшінші бөлігі Супер Эго деп аталады. Оған адамның құндылықтары, өмірлік мақсаттары, идеалдары қысқаша айтсақ адам кім болғысы келеді, тұлға ретінде өзін қалай көргісі келеді соның бәрі кіреді.
Тұлғаны құрайтын үш құрылым: Ид, Эго, Супер Эго әдетте бір бірімен гармонияда болмайды бір біріне толық сәйкес келмейді. Олардың арасында жиі түрде міндетті түрде болатын кете алмайтын қиын шешілетін конфликтілер болады, оны адам өзінің тұлғалық өсуі мен дамуында шешуге ұмтылады. Тұлғаның осы бөліктерінің арасындағы қиын шешілетін конфликтілер көбінесе невроздар, психикада және мінез-құлықта ауытқулар тудырады.
Әлеуметтік рөлдер теориясында тұлға құрылымы қалай түсініледі? Әлеуметтік ролдер теориясы мына идеядан туындайды, әрбір адам өз өмірінде белгілі бір әлеуметтік рөлдерді ойнайды.
Адам басқа адамнан алатын рөлдердің соншалықты сіңгені сондай әртүрлі өмірлік ситуацияларда ол әдеттегі жағдай сияқты болып кетеді, адамды тұлға ретінде анықтай бастайды. Әлеуметтік рөлдер теориясының айтуынша рөлдер адамның тұлғасының басты сипаттамасы болып табылады.
Тұлғалық психологиялык рөлдер теориясының көп түрі бар. Олардың ішіндегі ең танымалы американдық психолог Э.Берн жасаған трансакт теориясы. Оның концепциясы бойынша адам өзіне басқалардың мінез-құлқын өзіне алады, келесі әлеуметтік рөлдерді ойнайды: баланың рөлі, ата-ананың рөлі, ересек адамның рөлі.
Баланың ролі мына жағдайда пайда болады, ересек адам өзін бала ретінде сезіне беруі жалғаса бергенде көрінеді, шынында да ол өзін бала сияқты сезінеді, ересек адам ретінде болудың орнына бала сияқты әрекет жасайды. Ол көбінесе мына жағдайда жиі көрінеді, мысалы ол өзін жауапкерсіздікті көрсеткенде, еркелейді, қоршағандарға оған қамқорлық көрсеткенде жоғарғы талап қоя бастайды.
Ол өзі қоршағандарға қамқорлық көрсетпейді, оны дұрыс деп санайды. Мұндай адам басқаларға қатысты ересектерге қатысты өзін бала ретінде қатынас жасайды, ал оларға «ата-ана» рөлін береді. Егер адам оны қоршағандар, оның балалары жауапкершіліксіз, жәрдемсіз, өзбеттілі бола алмайды, толық ақылды емес оларға үнемі көмек беру керек деген мақсатта өзін ұстаса ол өзін ата-ана рөлінде сезінеді.
Ата-ана рөлі психологиялық тұрғыдан мына жағдайда көрінеді адам өзі қоршағандардың пікірімен санаспайды, олар үшін жауапкершілікті өзіне алады, өзінің қамқорлығын жабыстырып қояды, оларға бала сияқты қарап сондай талаптар қояды, олармен бала сияқты қарым-қатынас жасайды, мысалы, жазалайды, кінәлайды, үйретеді, оқытады.
Ересек адамның рөлі мына жағдайда көрінеді, адамдар бір-бірімен әдетте қалай қатынас жасайды, қалай ұстайды өзін тура солай ұстайды, мұнда адамдар жеке басының еркіндігін қалайды, тәуелсіздікті қалайды, әркім өзін қалай ұстағысы келеді солай болуы керек деп санайды, ең керегі бір-бірін силау, бір-біріне сену, бір-бірінен талап етуге құқысы жоқ деп санайды, зорлауға болмайды дейді, бірі-бірін жазалауға міндетті емес, ата-анасы сияқты бәрін талап етпеу керек дейді.
Осы үш рөлдер Берннің пікірі бойынша әрбір адамның мінез-құлқында үйлеседі, олардың индивидуалды үйлесулерінде адамның тұлғасына сәйкес индивидуалды құрылымды береді.
Гуманистік теориядағы тұлға құрылымына не кіреді? Тұлғаның гуманистік теорияларындағы ең танымалы А.Маслоудың теориясы. Бұл теориядағы негізгі ұғым «қажеттілік» ұғымы алынады. Маслоу бойынша тұлға құрылымы қажеттіліктердің реттелген жүйесі немесе иерархиялары алады, оған адам өміріндегі ең маңызды қажеттілік ең жоғарғы сатыны қамтиды. Егер адам жоғары дамыған тұлға деп саналса онда ол үшін маңызды қажеттілік ол өзін маңыздандыру қажеттілігіне ие болады.
Адамның өз қабілеттерін толық дамытуға ұмтылуы, олардың адамдарға көп пайда әкелгендігі өзіндік маңыздандану қажеттілігіне жатады. Адам үшін өмірінде маңызды болған бұл қажеттілікке ие болған адам өзін маңыздандырған тұлға деп саналады.
Маслоудың пікірінше мүндай тұлға келесі негізгі қырларды игереді: мінез-құлық пен ойлауда өзбеттілік және тәуелсіздік; жоғары моральдың болуы; адам өзіне қоятын өнегелік талаптарды жоғарлатуы, дүниеге реалды көзқарас; адекватты өзіндік бағалау және нормалды талаптану деңгейі; адамдарға сенім көрсететін мейірімді силастық қатынас; адамдардан салыстырмалы тәуелсіздік, өз құндылықтар жүйесіне бағдарлану; рухани өсуге, өнегелік өзіндік жетілдірілуге ұмтылу.
Адамның қажеттіліктерінің иерархиясын анықтайтын заңдылықтар болады олар адам құрылымында орындары ауысып тұрады, оның орнын басқа қажеттіліктер алатын кездерді түсіндіретін заңдар болады. Олар келесі заңдар. Егерде оның оданда төмендеу қажеттіліктер азда болсада қанағаттандырылса, онда жоғары деңгейдегі қажеттіліктер адам үшін маңызды бола бастайды, пайда болады. Егерде адам аш болса немесе өзін қауіпсіз сезінсе оның творчестволық жандануы немесе қарым-қатынасқа творчестволық түсуі мүмкін емес ғой.
Егерде адамда бір жаңа қажеттілік маңызды бола бастаса онда иерархияда қажеттіліктердің орналасу реті өзгереді. Жаңадан пайда болған және маңызды болған қажеттілік иерархияда жоғарғы орында алып адам тұлғасын оның мінез-құлқында анықтайды. Соның нәтижесінде басқа қажеттіліктер екінші жоспарға кетеді, оларды қанағаттандыру сол адам үшін жаңадан келген, маңызды болған қажеттіліктердің қанағаттандыруына бағына бастайды.
Егер мысалы адам творчестволық тұлға бола бастаса онда творчество қажеттілігі ол үшін бірінші орынға шығады, ол творчество үшін иерархиядағы төменгі орындағы қажеттіліктерді қанағаттандырудан бас тартады.
Достарыңызбен бөлісу: |