Бағдарламасы Жетісай 20 ж Құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған



Дата14.06.2016
өлшемі255.5 Kb.
#135820
түріБағдарламасы

Ф-УК-007/050

“Сырдария ” университеті


«Химия-биология» факультеті

«Химия және биология» кафедрасы



«Омыртқасыздар зоологиясы» пәнінен

мемлекеттік емтихан

бағдарламасы

Жетісай 20 ж



Құрастырған: Р.А.Кошкаров


Кафедра мєжілісінде қаралған

Хаттама № __ « ____» _________ 20 _ж.


Кафедра меңгерушісі ______________ _______________

қолы аты-жөні, ѓылымти атыѓы


Факультеттің Оқу-әдістемелік Кеңесіеде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 20 _ж.

ОӘК төрағасы/төрайымы/ ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы

Бағдарламада ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.03.2008 ж №125 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың негізгі ережелері және мемлекеттік емтихан құрамына кіретін пәндердің негізгі бөлімдерінің мазмұны берілген.

Мемлекеттік аттестацияның құрамына МЖМБС сәйкес комплексті емтихан және диплом жұмысын қорғау кіреді.

Мемлекеттік емтиханның мақсаты түлектердің білім деңгейін және кәсіптік мәселелерді жетік және нақты шеше алу дағдысын анықтау.

Мемлекеттік емтихан міндетті пәндер бойынша комплексті түрде өтеді.

Комплексті мемлекеттік емтихан бағдарламасының құрамына «Омыртқасыз зоологиясы» пәні кіреді.

Мемлекеттік емтиханда түлектер экологиялык - фаунистикалық және географиялық ic-әpeкeтi нәтижесінен өзгеруші болжаудағы, жануарларды қорғаудағы, кәсіптік маңызы бар түрлерді тиімді пайдаланудағы және адамға зиянды жануарлардың түрлерінен сақтаудың маңызы бойынша өз білімдерін көрсетуі керек.



І. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Кіріспе
Тіршілік жоғары ұйымдасқан материя қозғалысының формалары. Прокариоттар мен эукариоттар. Эукариотты организмдер дуниесі саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлар. Жануарлардың басқа организмдерден айырмашылығы мен ұқсастықтары. Зоология жануарлар дуниесінің көп түрлілігін, оның эволюциялық дамуын тipшілік жағ дайларымен байланысты және табиғатағы, әpi адам өміріндегі маңызын зерттейтін комплексті ғылым екендігі.

Жануарларды зерттейтін негізгі пәндер: морфология, систематика, физиология эмбрология, онтогенетика, экология, зоогеография, палеонтология, филогенетика. Жануарлардың әртүрлі топтарын зерттейтін зоология тараулары: протистология, минтология, орнитология, териология т.б. Зоологияның жаратылыстанудың баска салаларымен байланысы.

Зоология пәнінің ауыл шаруашылығы, медицина мал дәрілік, кәсіптік аңшылық, балық шаруашылығындағы маңызы. Омыртқалылар зоологиясының жоғары ұйымдасқан екінші ауыздылар туралы бөлімі екендігі және мұны жеке курс ретінде қарастырудың себептері. Омыртқалылар зоологиясының ғылым ретінде даму тарихы. Кезеңдер. Қазіргі зоологияның дамуында Қазақстандық ғылымдардың ролі. Зоологияның бұл бөлімінің биология ғылымдарымен байланыстылығы.Курс материалдарының биологияның теориялық проблемаларын шешудегі маңызы және оларды ауыл шаруашылығында аңшылық, балық және орман шаруашылығында, халықтық денсаулығында және мал дәрігерлік салаларында пайдалану. Омыртқалылар зоологиясы және экологиялық проблемалар.
Зоология тарихынан қыскаша мәліметтер

Жануарлардын алғашкы (Аристотель - б.э.дейінгі IV г.) систематикасы. Қайта өрлеу дәуірінде зоологиялық мәліметтердің жинақталуы К.Линней - систематиканың негізін салушы. Линней жасаған жануарлар систематикасы. Ж.Кювье мен Э.Жоффруа Сент-Иллердің жануарлардың салыстырмалы анатомиясын негіздеудегі жұмыстарының маңызы. Ж.Б.Ламарк және оның эволюциялык теорисы. Омыртқасыз жануарлар систематикасын жасау салыстырмалы эмбриология жайында К.М.Бор жұмыстары. Клеткалық теория. Өсімдіктер мен жануарлар құрылысының біртұтастығы идеясының дамуы. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының зоологияда эволюциялық бағытты дамытудағы маңызы. Зоологияның XX ғ. табыстары. Қaзipгі зоологияны дамытудағы зоолог ғалымдардың А.Н. Северцов, И.И. Шмальгаузен, В.Н. Беклемишев, Л.А. Зенкевич, М.С. Гиляров, В.А. Догель, А.А. Захваткин, Е.Н. Павловский, К.И. Скрябин, А.В. Иванов т.б. poлi. Жануарлардың жойылып бара жатқан және сирек кездесетін түрлерін қорғау үшін ұйымдастырылған халықаралық және ұлттык "Қызыл кітап".

Жануарларды классификациялаудың нeriзгi принциптері, табиғи система және басты систематикалык категориялар (түр, туыс, тұкымдас, класс, тип) ұғымдары туралы тусінік. Жануарлар дуниесінің қазіргі систематикасы.

Жануарлар биосфера компоненті. Олардың биоценоздағы маңызы.

Қазакстан Республикасындағы жануарларды зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы. Жануарларды зерттеу орталықтары. Қазакстандағы ғылыми және қолданбалы зоологияның жетістіктері.


Жануарлар дүнисі (Zoo)

Бip клеткалы жануарлар (Protozoa)

Бip клеткалы организмдердің дене құрылысы. Клетканың көп функционалдығы және көп клеткалы жануарлардың клеткаларының жіктелуі. Цитоплазманың физикалық күйі және химиялық құрамы. Ядролық белоктар және нкулейн қышқылдары, олардың клеткалық тіршілік әрекеті мен тұқым қуалаушылық маңызы. Клетканың бөліну типтері. Митоз және мейоз. Митоздық бөлінудің маңызы. Бір клеткалардың денесінің жіктелуі. Органеллалар туралы түсінік. Қазіргі зерттеулер тұрғысынан бір клеткалардың құрылысы (цитохимия, эллектрондық микроскопты пайдалану арқылы т.б.)


Тамыраякты - талшықтылар типі (Sarcomastigophora)

Жалған аяқтылар класы (Sarcodinn)

Кластың жалпы сипаттамасы. Жалғанаяктылар немесе псевдоподиялар жалған аяқтыларға тән уакытша органелла. Класс тармақтарына және отрядтарға бөлінуі.



Амебалар отряды құрылысы және тipшілігі. Псевдоподиялары, қозғалуы және коректенуі. Ас корыту, жиырлығыш вакуолялар және олардың маңызы. Амебалардьң көбеюі. Цистамен қоршалуы, таралуы. Топырақ және ішек амебалары. Дизентерия амебалары, оның патогендік маңызы. Tipшілік циклі және жұғу жолдары.

Қабыршақты амебалар отряды, құрылысы,таралуы.

Фораминифералар отряды, псевдоподияларының қабыршағының құрылысы. Tipшілігi мен таралуы. Жыныссыз және жынысты көбеюі, ұрпак алмасуы. Известняктардың түзілуіндегі форамнифералардың ролі. Геологиялык барлаудағы практикалық маңызы.

Сәулетәрізділер класс тармагы (Radiolaria)

Құрылысы. Скелеті. Tipшілік ету тәсілі және таралуы. Шөгінділер пайда болуда сәулетәрізділердің ролі. Трепел және оны пайдалану.



Күнтәрізділер класс тармағы (Hеliozoa)

Псевдоподиялары мен цитоплазмасының құрылысындағы ерекшеліктер. Көбеюі.Таралуы. ,



Талшықтылар класы (Mastigophora, Flagellata)

Талшықтылардың құрылысына жалпы сипаттама. Талшығының құрылысы, кызметі, пайда болуы. Талшықтылардың органеллалары. Талшықтылардың қоректенуінің типтepi соған байланысты олардың органеллаларының құрылысындағы айырмашылықтар.



Жануар тектес талшықтылар класс тармагы (Zoomastigina) непзп отрядтары.

Тамыраяқты талшықтылар және олардың бip клеткалылар системасындағы орны. Жағалы талшықтылар, жеке клониялы түрлері.

Паразитттік кинетоплатидтер. трипоносомалар мен лейшманиялардың көбею типтері, даму циклдері. Олар қоздыратын ошақтық және тасымалданушы аурулар туралы түсінік.

Опалиндср отряды. Құрылысындағы және көп талшықтыларға жақындататын жыныс процесіндегі ерекшеліктер.

Көп талшықтылар отряды құрылысы. Трихомонадалылар мен лямблилердің патогендік зияны. Селбесіп тіршілік ететін көп талшықтылар.


Өсімдіктектес талшықтылар класс тармағы.(Рhytomastigina) Эвгленалар отряды олардың қоректену ерекшеліктері және құрылысындағы өзіне тән белгілері.

Динофлагеляттар отряды. Теңіздің жарық шығаруы. Биолюминиценция туралы түсінік.

Фитомонадылар отряды. Жеке және колониялы түрлері.

Биосферадағы заттардың биологиялық айналымындағы талшытылардың маңызы. Олардың судың ластану дәрежесінің индикаторлары ретінде және суды биологиялық тазалану процесіндегі ролі.



Споралалар типі (Sporozoa)

Споралардың паразиттік тіршілік етуімен байланысты жалпы құрылысы мен дамуындағы ерекшеліктері.



Грегариндер класы (Grеgarininа»)

Құрылысы, таралу және даму циклдері. Споралардың тузілуінің маңызы.



Кокцидиятәрізділер класы (Coccidiomorpha)

Кокцидиялар отряды. Клеткада паразиттік тіршілік етуімен байланысты құрылысындағы ерекшеліктер. Кокцидиялардың даму кезендері және олардың жануарларға жұғу тәсілдері. Құстар мен сүткоректілер кокцидиозы. Оларды жою шаралары.Қан споралылар отряды. Безгек плазмодийлері, олардың тіршілік кезеңдері. Аурудың тасымалданушы сипатымен байланысты спораның пайда болатыны. Безгек ауруы және оны тасымалдаушыларды жою шаралары.



Книдоспоралылар типі (Cnodosporidia)

Құрылысы мен тіршілігіндегі ерекшелліктер. Книдоспоралылар тудыратын аурулар. Балықтардың микроспоридиозы.



Микроспоралылар типі (Microsporidia)

Құрылысы. Бал арасы мен тұт жібек көбелегі назематоздары.Олардың жоюәдістері.



Инфузория типі (Ciliophora)

Kipпiкшелі инфузориялар класы (Ciliata)

Инфузорияларға жоғарғы ұйымдасқан бip клеткалылар ретінде сипаттама. Kipпiкшелі және басқа органеллалары. Ядролық аппараты.

Туфельканың мысалында инфузориялардың құрылысы және тіршілік әрекет.Инфузориялардың көбeюi. Коньюгация, оның физиологиялық маңызы. Эндомиксис.

Кірпікшелі инфузориялардың негізгі отрядтары: тең кірпікшелілер спиральды, кірпікшелілер шеңбер кірпікшелілер және аз кірпікшелілер - осы отрядтардың негізгі өкілдері. Паразит инфузориялар және күйіс қайтаратын жануарлар қарынындағы селбесіп тіршілік ететін түрлерінің маңызы.


Сорғыш инфузорнилар класы (Suctoria)
Ерекше қоретену тәсіліне байланысты кірпікшелілердің айырмашылығы. Коныюгация, ядро аппаратының жіктелуі бойынша олардың кірпікшелілермен ұқсастығы, сонымен қатар алғашқы даму стадияларындағы кірпікшелерінің болуы. Инфузориялардың шығу тегі.

Цитохимиялық және электрондык зерттеулердің мәліметі бойынша кірпікшелер мен талшықтарының құрылысы салыстыру. Бір клеткалы жануар тармағындағы филогенетикалық қатынастар.



Көп клеткалы жануарлар тармағы (Mеtazoa)

Көп клеткалы жануарларға сипаттама, олардың шығу тегі туралы теориялар. Классификациясы.



Фагоцнтеллотәрізділер жоғары бөлімі (Phagoytellozoa)

Такталылар типі (Placozoa)

Құрылысындағы ерекшеліктер (трихоплакс). Төменгі сатыдағы көп клеткылар жоғары ббөлімі (Placozoa)



Губкалар типі (Spongia, Porifеra)

Губкаларға жеке және колония құрып, бекініп тіршілік, ететін төменгі сатыдағы көп клеткалы жануарлар ретінде жалпы сипаттама. Губкалардың құрылысының клеткалық деңгейде екендігі: арнаулы клеткалардың (хаонациттердің, пинакоциттердің) болуына қарамастан губкаларда қалыптасқан тканьдармен дене мүшелерінің жоқтығы. Радиальды симметрия.

Губкалардың морфологиялық құрылысы: аскон, сикон, лейкон: Губкалардың тіршілік әрекеттерінің бақылау формалар: су және тасымалдау, клетка ішінде қорытылуы.

Диффузиялық тыныс алу және ыдырау өлшемдерін шығару. Мезоглея нерв жуйесі туралы мәселе және оның жоқ екен дәлелдеу.

Губкалардың жынысты және жынысыз көбeюі: колония тузші және олардың формалары. Губкалардың дамуы, личинкаларының турлері, метаморфозы.

Губкалардың классификациясы. Тұщы су және теңіз губкаларының аса маңызды eрекшеліктері, биологиялық ерекшеліктері кәсіптік маңызы. Губкалардың жануарлар системасындағы орны және шығу тегі туралы мәселе.



Нағыз көп клеткалылар жоғары бөлімі (Eumеtazoa)

Сәулелілер бөлімі (Radiata)

Ішекқуыстылар типі (Coclеntеrata)

Типтің жалпы сипаттамасы. Радиальды симметрия. Екі қабаттылық. Анатомиялық құрылысы және клеткалық элементтерінің жіктелуі. Гастроваскулярлық система. Клетка ішілік және клеткадан тыс асқорытылуы, диффузиялық тыныс алу және ыдырау өнімдерін шығару.

Нерв системасының диффузиялық тип. Ішеккуыстылардың көбеюі. Дамуындағы ерекшеліктер. Ішекқуыстылардың классификациясы.

Гидрондалар класы (Hydrozoa)

Гидроидтар класс тармағы. Политік және медузалық құрылыстары. Гидралар отряды және тіршілік ететін полиптер. Қозғалуы, қоректенуі, көбеюі.Теңіз гидроид полиптер отряды. Олардың құрылысының ерекшеліктері, көбеюі және колонияның түзілуі.

Медузаның ұрпак алмасу жэне оныц мацызы.

Медузалык урпактың редукциясы (медузоидтар, гонофолар, споросактар). Гидроидалардың биологиясы мен географиялық таралуы. Сифонофоралар класс тармағы.



Сцифомедузалар класы (Sеyphozda)

Кластың сипаттамасы. Сцифомедузалардың едәуір жоғары ұйымдасқан белгілері; гастраваскулярлық жүйе, нерв жүйесі мен сезу мушелері. Аурелия мысалында сцифомедузалардың көбеюі мен даму циклдері жеке олардың биологиясы. Улы медузалар. Сцифомсдузалардың таралуы.



Маржан полиптер класы (Anthozoa)

Кластың сипаттамасы. Жеке тіршілік ететін және колониялы полиптер. Алты және сегіз сәулелі полиптердің симметриясы мен құрылысындағы ерекшеліктер. Гидроидалар және сцифомедузалар мен салыстырғанда құрылысындағы едәуір жоғары дамыған белгілері. Жұтқыншақ. Скелеттің түзуші. Kөбеюі мен дамуы.

Алты және сегіз сәулелі маржандардың географиялық таралуы. Жеке өкілдерінің (актиния, кызыл маржан) биологиясы. Рифтер тузетін маржандар, олардың биологиясы, таралуы және рифтер мен аралдар түзудегі ролі. Рифтердің түзілуі туралы болжаулар.Ішекқуыстылар типіндегі филогенетикалық байланыстар.

Ескектілер немесе атқышсыздар типі (Ctеnophora, Acnidoria)

Ескектілср класы (Ctеnophora)

Құрылысындағы және симметриясындағы ерекшеліктер, ескек пластинкалары және ескектілердің қозғалуы. Гастроваскулярдлық және нерв жүйелерінің ерекшеліктері.Ескектілердің көбеюі мен дамуы; үшінші ұрыктық қабат мезодерманың пайда болуы.



Екі жакты симметриялы жануарлар бөлімі (Bilateria)

Алғашкы ауыздылар қатары (Protostomia)

Жалпак құрттар типі (Plathеlminthes)

Екі жақты симмстрияньң пайда болуы, ішекқуыстылармен салыстырғанда жалпақ құрттардың жалпы құрылысының дамуы дәрсжесінің жоғарылауы. Дене пішіні мен мөлшері, тepi-ет қапшығы, паренхиманың құрылысы мен қызметі, асқорыту жүйесі қоректенуі және ас қорытылуы; осмостық реттелуі және белгінің шығару, зәр шығару жүйелерінің құрылысының типтері. Орталық және перифериялык нерв жүйесі, сезу мүшелері. Жыныс жүйесі көбеюі, дамуы. Жалпақ құрттардын классификациясы.

Кірпікшелі құрттар класы(Turbеllaria)

Кірпікшелі құрттардың құрылысындағы ерекшеліктері. Эпителиі оның қызметі. Ет қабаты. Кірпікшелі құрттардың қозғалу тәсілдері. Қорек, қоректену және асқортылуы. Асқорыту жүйелерінің типтері. Нерв жүйесі. Жыныссыз және жынысты көбеюі. Дамуы. Регенерация. Кірпікшелі құрттардың тіршілік ететіндері паразит түрлері. Кірпікшеллі құрттар мен ішекқуыстылардың құрылысы жеке дамуын салыстыру. Жалпақ құрттардың шығу тегі жөніндегі теориялар.



Трематодтар немесе дигенетиалық сорғыш құрттар класы (Trеniatoda)

Эндопаразттілігіне байланысты сорғыш құрттардың кірпікшелі құрттардан құрылыс айырмашылықтары.Жыныс жүйесінің құрылысы, жеке бөліктерінің қызметі. Көбеюі, дамуы, личинкалық сатылары. Сорғыш құрттардың тіршілік кезеңдерінде ұрпақ алмасуы және иесі туралы түсінік. Гельминтоздар туралы жалпы түсінік және олардан алдые-ала сақтанудың биологиялық негіздері. Адам мен жануарлардың паразиттер, олардан тіршілік кезеңдері, иелерін залалдандыру жолдары, олар қоздыратын аурулар және оларды жою шаралары. Бауыр сорғыш ланцет тәрізді мысықтың және қан сорғыш құрттар.



Моногенетикалык сорғыш құрттар класы (Monogеnoidеa)

Эктопаразиттілігіне байланысты класс өкілдерінің құрылысындағы өзіне тән белгілері . Гидродактилдер, дактилогирлер, спайниктср; олардың көбеюі дамуы және балықтардың ауруын қоздырушы ретінде маңызы Бақа көп жабысқақ құртының тіршілік кезеңінің оның иесінің тіршілік кезеңімен байланысы.



Таспа құрттар класы (Cеstoda)

Паразит тіршілік етімен байланысты таспа құрттардың ерекшеліктері: дене мен мөлшері сақиналыларының пайда болуы, жыныс жүйесінің құрылысы. Зәршығару және нерв жүйелері. Таспа құрттардың зат алмасуынадағы, қоректенуі мен ттыныс алуындағы ерекшеліктері. Көбнюі дамуы, жетілуі және личинкалық сатылары. Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін басты өкілдері олармен залалданудың жағдайлары мен жолдары және құрту әдістері. Кең сақинплы таспа құрт шошқа және сиыр солитері эхинококк, койдың ми құрты, мониезиялар.



Немертиндер типі (Nеmеrlini)

Немертиндер класы (Nеmеrtini)

Көбеюі және дамуы, пигидлері.Ауыз тесігінен басталып артқы тесіктен ашылатын ішектің және қан айналу жүйесінің қалыптасуы. 1) Тұмсығы 2) Tepi ет кабаты; 3) ішкі құрылысы; 4) Паренхима.



Алғашқы қуыстылар немесе жұмыр құрттар типі (Nеmathеlminthеr)

Жалпы құрттармен салыстырғандагы алғышкы қуысты құрттардың құрылысындағы прогрессивті белгілері: алғашқы дене қуысының артқы ішік пен аналь тесігінің қалыптасуы. Жеке класстардың дене жабынының бұлшық етінің; зәр шығару жыныс және нерв жүйелерінің құрылысындағы ерекшеліктері.

Алғашқы қуысты құрттарыды классификациялаудың негіздері.

Құрттар кірпікшелі құрттар класы (Gastortricha)

Құрылысының ерекшеліктері.Кірпікшелі құрттармен ұқсастығы.



Нематодтар немесе нагыз жұмыр құрттар класы (Nematode)
Мөлшер, дене пішіні және оның пропорциясы; тері ет қабығының құрылысы (кутикула және оның қасиеті гиподерма, ет клеткалылары , құрылысы және орналасу дене қуысы және оның түзілуі) асқорту жүйесінің құрылысы және жұмысы ; зәр шығару жүйесі; фагоцитарлық клеткалар нерв жүйесімен сезім мүшелері, аналығы мен аталығының жыныс жүйесі (дара жыныстылық - жыныс диморфизм).

Еркін және паразиттік тіршілік ететін немотодтардың қозғалуы, тыныс алуы, қоректенуі және қалдық заттарды шығару көбеюі мен дамуы, жетілуі және түлеуі.

Нематодтардың тіршілік ету тәсілі және таралуы. Еркін тіршілік ететін жұмыр құрттар ; теңіз тұщы суда және топырақта. Еркін тіршілік етуден паазиттік тіршілік көшуі. Нематодтар өсімдік паразиттері (фитонематодтар), шор тудыратын қызылша, картоп, бидай зиянкестері. Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін нематодтардың: анкилостомалар, аскарида, қылбас құрт, острица (төте құрт), трихинелла, медициналық струнец немесе риштаның тіршілік кезеңдері мен дамуындағы, көбеюіндегі құрылысындағы ерекшеліктері. Нематодтардың эволюциялық дамуының экологиялық бағыттары.

Геогельминттер және биогельмицттер туралы түсінік. Гельминтоздардың энидемиологиясы мен профилактикасы.



Қыл құрттар класы (Nеrnalomorpha)

Қыл құрттардың нематодтардан айырмашылықтары, олардың тіршілік және даму кезендеріндегі ерекшеліктер.



Коловраткалар класы (Rotatoria)

Коловраткалардың пішіні мөлшері және дене бөліктері. Қозғалу аппараты және нерв жүйелерінің ерекшеліктері. Колонратканың жыныс жуйесі және көбеюі: ұрпак алмасуы, цикломорфоз. Коловраткалардың тіршілігі мен таралуы, балыктардың қорек ретіндегі маңызы.ацызы.



Скребнилср типі (Acanthoccphalеs)

Скребнилер класы (Acanlhocephala)

Скребнилердің құрылысы, қоректенуі, көбеюі. Биологиясы және үй жануарларына


зиянды әрекеттері.

Буылтық құрттар типі (Annclida)

Жалпак және жұмыр құрттармен салыстырғанда буылтық құрттардың құрылысының едәуір күрделі екендігі.

Метамерияның әртүрлі буылтық құрттарда байқалуы және оның биологиялық маңызы. Tepi жабындысы және бұлшық eтi, жүйесінің бөліктері, қоректену және ас қорытылуы. Целомның пайда болуы, құрылысы, кызметі, қан айналу жүйесі. Зәр шығару мүшелері. Нерв жүйесі мен сезу мүшелерінің кұрылысындағы ерекшеліктер. Даму ерекшеліктері.

Белдеусіздер тип тармағы (Aclitcllata)

Көп кылтанды құрттар класы (Polychacta)

Дене пішіні және мөлшері. Басының даалануы

гетерономдықтың пайда болуының алғашқы кезеңі екендігі.Көкірек сегменттерінің құрылысы,пароподиялар,мұртшалар,қылтандар және олардың қызметі. Жорғалаушы, жүзуші және түтіктерде мекендеуші көп кылтанды құрттардың құрылысындағы ерекшеліктер. Жыныс жүйесі және көбеюі, көбеюмен байланысты биологиялық құбылыстар.

Жынысты және жыныссыз көбею. Бөлшектену ерекшеліктері, эмбриональдық және постэмбриональдық дамуы; личинкалары, түрленіп дамуы, өcyi.

Көп кылтанды құрттардың таралуы, мекен және тіршілік ету тәсілі. Көп қылтанды кұрттардың балықтардың қоректенуіндегі маңызы; Азов нереидтерін Каспий теңізінде жерсіндіру. Палола құрты және оны аулау.

Белдсулілер тип тармағы (Clitcllata)

Аз кылтанды құрттар класы (Oligachaeta)

Тұщы су қоймаларыньң түбінде және қабатында тіршілік етуіне байланысты дене құрылысының көп кылтандыдан айырмашылығы. Топырақ кабатында қозғалу тәсілдері. Қорегі мен қоректенуі; жауын құртының ас қорыту жүйесінің құрылысындағы ерекшеліктер. Топырақтағы тыныс алу жағдайы. Қан айналу жүйесінің құрылысы және қан айналу. Қос жыныстылық,жыныс жүйесінің құрылысындағы ерекшеліктер. Ұрыктану, жүйкелсрінің пайда болуы және оларды салуы. Дамуы мен өсуіндегі ерекшеліктер. Регенерация. Аз кылтанды құрттардың суда және топырақта мекендейтін түрлерінің органикалық қалдықтарды минералдық заттарға айналдырудағы ролі. Судағы аз кылтанды құрттардың балықтардың қopeгi ретінде маңызы. Жауын құрттары, олардың биологиясы және топырақтың құнарлығын арттырудағы poлi. Топырақты зоологиялық мелиорациялау. Жауын құрты гельминттерінің аралық иесі екендігі.



Cүліктеp класы (Ніrudіnea)

Сүліктердің жырқыштық және жартылай паразиттік тіршілік етуімсн байланысты құрылысындағы ерекшеліктер. Целом мен қан айналу жүйесінің репродукциялануы, паренхима, сорғыш аппарат, лакундық жүйесінің дамуы. Сүліктердің қозғалуы, тыныс алуы мен қоректенуі; қоректену сипатына қарай ауыз аппараты мен қан айналу жүйесінің құрылысы. Тұмсықты және жақты сүліктер.Көбеюі мен дамуындағы аз қылтандарға ұқсас белгілері.Таралуы менен ортасы, тіршілігі. Буылтық құррттардьң шыққан тeri және класс аралық филогенетикалық қатынастары.



Жұмсақ денелілср немесе моллюскалар тип (Mollusca)

Сегменттелмеген жұмсақ денелерінің үш бөлікке бөлінуі: бас, аяқ және кеуде,


паранхимасының дамуы және целомның біршама репродукциялануы, оқшауланған жүрегі мен ашық қан айналу жүйесінің, бақалшағы мен мантиясының болуы, бақалшақтың типтері және олардың пайда болу жолдары, мантия қуысы оның қызметі ас қорыту жүйесі бөлімдерінің морфологиялық оқшалануы және оның кызметіне қарай мамандануы, мекеп ортасының ерекшеліктерне байланысты әр түрлі моллюскалардың тыныс мүшелері және тыныс алу процестері.

Моллюскалардың жыныс жүйесі және көбеюіәдістері; эмбриональды және постэмбриональды дамуы, личинкалардың алгашқы және соңғы сатылары, түрленіп дамуы.

Моллюскалардың құрылысы мен дамуындағы буылтық құрттармен жақындасатын белгілері. Классификациясы.

Бүйір нервтілер тип тармағы (Amphipeura)

Сауыттылар немесе хитондар класы (Loricata, Рolyplacophora)

Дене пішіні басының аяғының және кеудесінің құрылысы мантия мен бақалшағы мантия қуысы желбезегінің құрылысы орналасуы; қан айналу, ас қорыту және зәр шығару нерв, жүйесінің ерекшеліктері. Хитондардың дамуы. Хитондардың мекен ортасы, тіршілігі таралуы. Буылтық құрттармен ұқсас белгілері.



Бақалшақтылар тип тармағы (Conchifera)

Моноплакофорлар класы (Monoplacophora)

Сырткы және ішкіқұрылысындағы ерекшеліктері, қарапайым белгілері. Кластың ц моллюскалардың филогениясының түсінудегі ерекшеліктері.



Бауыр ақтылар класы (Castropoda)

Құрылысының негізгі ерекшелліктері және мүшелерінің орналасуы, бақалшағының спираль тәрізді бұралуы сәйкес ассиметрия - бұл құбылыстың әртурлі класс тармактарының өкілдерінің ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, тыныс алу және басқа органдар - жүйелерінің құрылысына тигізетін әсері.

Теңізде, тұщы суларда, құрлыкта және паразиттік тіршілік ететін бауыр аяқты моллюскалар, мекен ортасының жағдайларымен байланысты құрылысындағы, -тіршілік әрекетіндегі, көбеюі мен дамуындағы ерекшеліктер.

Бауыр аяқтылардың классификация: алдыңғы желбезектілер,өкпелілер және артқы желбезектері класс тармақтардың аса маңызды тіршілік ортасы және шаруашылықтағы маңызы. Кәсіптік бауыр аяқтылар; ауыл шарушылығыньң зиянды түрлері; гельминттердің аралық иесі болатын бауыр аяқтылар.



Тақта желбезектілер немесе қос бақалшақтылар клас (Bivalvia)

Пассивт қоректенуіне және су түбінде баяу қозғалып тіршілік етуіне байланысты қос бақалшықтылардың құрылысындағы ерекшеліктер. Мантия және мантия қуысы; бакалшақ, оның құрылысы және дамуы, інжу түзілуі себептері және механизмі. Қос бақалшақтылардың бұлшық eтi және қозғалуы. Классификация.

Теңізді және тұщы суларды мекендейтін тақта желбезектілердің көбеюі, личинкалық стадиялары мен дамуы.

Кластың басты ерекшеліктері тіршілік кезеңдері мен тіршілігі, мекен ортасы, таралуы. Қос бакалшақты моллюскалардың фильтратолар ретіндегі суды биологиялық тазартудағы pөлі. Тағамдық маңызы бар тақта желбезектілер, оларды аулауы және өcipy (устрицалар, мидиялар, теңіз тарақшалары т.б.) тұщы суларды және теңіздерді мекендейтін інжу тузушілер;перламутра және оны пайдалану. Зиянды қос бақалшақтылар; тас тесерлср: теңіз жануарларының қаулап өсуі және оларға моллюскалардың қатысуы. Басаяқтылар класы (Cephalopoda)

Тез жүретін өте қуатты теңіз жыртқыштар ретінде басақтылардың құрылысын сипатайтын белгілер. Дене пішіні және мөлшері оның бөліктері аяғының өзгеруі, қармалағышитарының саны және құрылысы. Мантия құрылысы және воронка. Бақалшақ және оның қос желбезектертілер класс тармағында редукциялануы. Басаяқтылардың жүзу тәсілдері және жылдамдылықтары. Қорегі мен қоректенуі асқорыту жүйесінің құрылысындағы ерекшеліктері. Тыныс алу, кан айналу жэне зәр шығару жүйелерінің оларға қарым қатынастары. Сезу мүшелсрі мен нерв жүйесінің құрылысындағы ерекшеліктер. Басаяқгылардың көбеюі мен дамуы.

Төрт желбезектілер класс тармағы (Tеlrabranchia)

Төрт желбезектілердің аякқармағыштары воронка және бақалшақтарының құрылысындағы ерекшеліктері. Класс тармағының қазіргі және қазбадан табылған өкілдері.



Қос желбезектілер класс тармағы (Dibranchia)

Қос желбезектілердің құрылысындағы ерекеліктері және олардан оң аяқтылар мен сегіз аяқтылар отрядтарына бөлінуі. Екі отрядтың қазіргі өкілдерінің тіршілік ету тәсілі мекен ортасы таралуы, олардың кәсіптік маңызы, қазба өкілдері. Моллюскалардың филогенезі.


Буын аяктылар типі (Arthropoda)


Буын аяқтылар типін сипаттайтын құрылысындағы ерекшеліктері.

Гетерономдықтың дамуы және денесінің басты бөліктері. Буын аяқтылардың сыртқы

кутикулалық хитинді скелетінің дамуы және құрылысы. Сыртқы скелеттің болуымсн және

тулеумен байланысты өcyi мен тулеуіндегі ерекшеліктер. Бұлшық еті, буын аяқтылардың

қозғалу аппараты және қозғалуы. Аяктары және олардың пайда болуы.

Буын аяқтылардың дене куысының буылтык құрттардың целомынан басты айырмашылыктары. Қан айналу жүйесі және қан айналу.Құрлықты мекендейтін буынаяқтылардың тыныс алу мушелері олардың пайда болуы. Буын аяқтылардың зәр шығару мүшелерінің негізігі формалары.

Белок алмасуының соңғы өнімдерінің буын аяқтылардың тіршілік ету тәсіліне тәуелділігі.

Асқорыту жүйесі. Нерв жүйесі, мидың күрделенуі және бөліктерге бөлінуі; сезу мүшелерінң прогрессивті дамуы және олардың құрылысындағы өзіне тән белгілері. Жыныс мүшесі көбеюі, дамуы. Тип тармақтары.



Жслбезек тыныстылар тип тармағы (Branchiata)

Шаян тәрізділер класы(Crustacea)

Алғашқы су буын аяқтылары ретінде шаянтәрізділердің ерекшеліктері. Дене бөліктері және оның буынақтарға бөлінуі. Аяқтары және олардың қызметіне қарай мамандануы. Асқорыту, зәр шығару, тыныс алу және қан айналу жүйелері. Шаянтәрізділердің алуан түрлі өкілдерінің сезу мүшелері мен нерв жүйесі. Даму типтері, личинкалық сатылары. Төменгі және жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер.



Желбезек аяқтылар класс тармағы (Branchiopoda)

Құрылысы мен дамуындағы өзіне тән белгілір. Желбезек аяқтылар мен жапырак аяқтылар отряды. Қалканшалар, олардың арнаулы тіршілік жағдайларына бейімделуі. Артериялар олардың су тұздылығының мөлшеріне байланысты өзгеруі.

Тармақталған мұрттылар отряды. Басты өкілдері. Кәсіптік балықтардың тамағы ретінде маңызы. Көбеюі мен дамуы.Цикломорфоз құбылысы.

Жақ аяқтылар класс тармағы (Maxillopoda)

Құрылысындағы және тіршілігіндегі ерекшеліктер. Ескек аяқтылар отряды. Құрылысындағы ерекшеліктер. Ең басты өкілдері. Ескек аяқтылар балықтардың негізгі қорегі. Ескек аяқтылар гельминттердің аралық иесі. Паразиттік тіршілік ететін ескеке аяқтылары. Балықтарды ауру тудырушы түрлері. Карп жеушілер отряды. Құрылысы, тіршілігі. Балық шаруашылығына тигізетін зияны.

Мұрт аяқтылар отряды. Таралуы тіршілігі, құрылысы, олардың балық шаруашылығына теңіз суының тазалаудағы ролі. Паразит мұрт аяқтылар.

Бақалшақты шаяндар клас тармағы (Ostracoba)

Құрылысы және дамуы. Бакалшақты шаяндар - беитостыцң компоненті және

балықтардың қорегі.



Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармағы (Malacostraca)

Сфуттылар отряды. Құрылысындағы қарапайым белгілері. Ауыз аяқтылар отряды.

Құрылысы кәсіптік маңызы.Жамбас құрттар көбеюі мен дамуы. Пайдалы және зиянды түрлері.

Тең аяқтылар отряды. Теңізде, тұщы суда және жер бетінде мекендейтін тең аяқтылар, олардың тіршілігі мен маңызы.

Оң аяқтылар отряды. Оң аяқты шаяндар құрылысы, көбеюі мен дамуы. К раб тәрізділер мен нағыз Крабтардың тұщы су шаяндардың омарлаар, креветкалар, такуа шаяндардың таралуы жәнтіршілігі. Кәсіптік шаяндар, оларды аулау.

Кеңірдек тыныстылар тип тармағы (Trachcata)

Көп аяқтылар (Myriapoda)

Көп аяқтылардың топырақпен байланысты құрлық жануарлар ретінде құрылысына сипаттама. Дене пішні мен мөлшері, дене жабындысы мен бұлшық eттері, көп аяқтылардың аяғының қозғалуы. Коректену тәсілі, асқорыту, зәр шығару, тыныс алу және қан айналу жүйелерінің құрылысы. Нерв жүйесі мен сезу мүшелері. Көбеюі мен дамуы.



Epiн аяқтылар класс тармағы (Chilopoda)

Тарау мен тіршілігі. Басты өкілдері олардың адам өмірі мен шаруашылығындағы маңызы.



Қос жұп аяқтылар класс тармағы (Diplopoda)

Таралуы мен тіршілігі. Маңызды өкілдері. Кивсяктардың топырақ түүзілуіндегі маңызы.



Насскомдар класы (Insecta)

Насекомдарға сипаттама. Ауада, құрлыкта, суда, тіршілік етуге бейімделген буынаяқтылар ретіндегі насекомдардың құрылысындағы ерекшеліктер. Дене пішіні мен мөлшері негізгі белгілері; аяқтары мен олардың дене жабындысы, майлы дене, тыныс алу аскорыту, зәр шығару жүйелеріндегі ерекшеліктер, қазіргі мәлімет бойынша насекомдардың кутикуласының химиялық құрамы және құрылысы. Эпикутикула.

Омырткасыз жануарлардың ішіндегі ұшатын жалғыз тобы болуымен байланысты насекомдардың құрылысындағы өзіне тән белгілері. Қаннаттары олардың пайда болуы, жетілуі, құрылысы және жұмыс істеу механизмі. Нерв жүйесі оның белгілері және олардан шығатын нервтер. Насекомдардың көзі. Сезу, иіс сезу және есту мүшелері, олардың құрылысы. Дыбыс шығару мүшелері. Адам сезбейтін тітркенуді насекомдардың қабылдауы.

Насекомдардың көбею типтеpi: сырткы және ішкі ұрыктану. Эмбрионалыдық


дамуы, ұрак қабыктарының пайда болуы және олардың маңызы. Постэмбриональдық
даму, оның насекомдардың әр түрлі топтарындағы ерекшеліктер. Шала және толық
түрленің даму. Личинкалар мен нимфалар: насекомдардын өcyi мен түлеуі. Қуыршақ
сатысы. Диапауза.

Насекомдардың гармоны. Олардың тулеу және түрленіп даму кезіндегі ролі. Насскомдар жер бетіндегі мекендейтін омырткасыздардың түрі, саны көп организмдер. Географиялык таралуы, экологиясы. Насекомдар гулді өсімдіктерді тозандандырушы. Гүлдср мен насекомдардың құрылысының өзара сәйкестілігі. Жыртқыш және паразит насекомдар, олардың ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы зиянкестерін жоюдағы poлi. Насекомдар мен олардың личинкаларының құрылыктағы және су түбіндегі органикалық қалдыктарды ыдыратуға қатысуы. Адамға пайдалы бөлім беретін насекомдар оларды өcipy. Адам мен жануарлардың ауруларының қоздырушыларын тасымалдайтын немесе қоздырушылар болып саналатын насекомдар. Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, қойма және үй зиянкестері. Зиянды насекомдарды жою принциптepi. Агротехникалык, физикалық, химикалық және биологиялық жою шаралары. Ауыл шаруашылығын химияландыру жағдайларындағы химиялык шаралардың ролі. Қaзipгi инсектицидтердің әсер ету принциптері.



Жасырын жақты насекомдар класс тармағы (Entognatha)

Жасырын жақтыларды көп аяқтылармен жақындастыратын құрылысы мен дамуындағы ерекшеліктер. Жасырын жактылардың (протуршар, аяққүйрықтылар, қоскүйрықтылар) таралуы, мекен, тіршілігі және басты белгілері.



Ашық жақтылар немесе нағыз насекомдар класс тармағы (Entognatha)

Алғашкы қанатсыз насекомдардың қылтанақ құйрықтылар отряды. Құрылысы мен дамуы. Қанатты насекомдар. Олардың екі топка бөлінуі: шала турленіп дамитын насекомдар және толық түрленіп дамитын насекомдар.



Шала түрленіп дамитын насекомдардың тобы.

Таракандар отряды. Олардьң құрылысы, тіршілігі. Таралуы және эпидемиологиялық маңызы. Таракандар қазіргі қанатты насекомдардың көне тобы.



Тура қанаттылар отряды. Шегірткелер, шекшектер мен бұзаубастардьң ауыз аппараты, аяқтары мен қанаттарының құрылысындағы ерекшеліктер таралуы. Мекен ортасы және тіршілігі. Kөбеюі мен дамуы. Тура қанаттылардың зияны және оларды жою шаралары.

Көктемдіктер отряды. Тура қанаттылар мен құрылыс ұқсастығы және суда дамунда байланысты айырмашылықтар.

Термиттер отряды. Термиттердің құрылысы, полиморфизмі, термитниктері таралуы, тіршілік орталары және зияны.

Біркүндіктер отряды. Құрылысындағы ерекшеліктер; біркүндіктердің личинкалары, олардың тіршілік ету тәсілі, түрленуі.

Инеліктер отряды. Инеліктердің құрылысындағы ерекшеліктер.

Teң қанатты тұмсықтылар отряды. Ауыз аппараты, аяқтары мен канаттрьның құрылысы. Цикадалар, олардың таралуы, тіршілігі, даму мен тіршілік циклдері, шөп биттері олардың баска өкілдері жою. Жыртқыш және паразит түрлері су қандалалары. Үй қандаласы.

Қандалалар отряды. Ауыз аппараты, аяқтары мен қанаттарының құрылысы. Көбеюі мен дамуы. Таралуы, тіршілігі. Зиянкес түрлері: тас бақалшақ қандаланың жылдық даму циклы және оларды жою. Жыртқыш және паразит түрлер. Су қандалалары. Үй қандаласы.

Битер отряды. Биттерді сипаттайтын құрылысындағы, көбеюі мен дамуындағы, олардың паразиттік тіршілігіне негізделген белгілері. Биттер жұқпалы ауруларды тасымалдаушы және жұқтыру механизмдері мен жағдайлары.биттерді жою және жұқпалы аурулардың етек алудын-ала сақтандыруы

Толық түрленіп дамитын насекомдар тобы.

Қоңыздар отряды. Ауыз аппараты, аяқтары мен қанаттарның құрылысы. Қоңыздардың мекендейтін ортасы олардың құрылысы мен дамуындағы ерекшеліктеріне әсері. Суды және құрылықты мекендейтін құррлықты мекендейтін, ұшатын және ұша алмайтын, жыртқыш және өсімдікпен қоректенетін т.б. қоңыздар. Қоңыздардың личинкаларының негізгі пішіндері. Орман, бакша, бақ, eгicтік, қойма және үй зиянкестері. Пайдалы қоңыздар, оларды орман және ауыл шаруашылық зиянкестерін жоюға пайдалану (биологиялық әдіс).

Қоңыздардың аса маңызды тұкымдастары, олардың өкілдері: сүнгуірлер, ызылдақ қоңыздар, тақта мұрттылар, шыртылдақ қоңыздар, ағаш тескіштер, жапырақ жегіштер, біз тұмсық қоңыздар, хан қыздар (елқайда).

Тор қанаттылар және қайнарлықтар отряды. Қысқаша сипаттама, дамуы мен
маңызы.

Көбелектер отряды. Ауыз аппараты, аяқтары мен қанаттарының құрылысындағы ерекшеліктері. Жұлдыз құрттарының мөлшері, пішіні, түсі және тіршілігінің алуан түрлілігі. Қуыршақ және шүйкесі. Түрленіп дамуы, орман, бақ егістік және көкөніс зиянкестері. Қолда өсірілетін көбелектер. Көбелектердің ең басты тұқымдастары, олардың түрлері, күйе, түн көбелектері, жапырақ ширақтқыштар, шүйке жасушалары, нағыз жібек көбелектері, бражниктер, қоңыз көбелектер, мұр көбелектер, күндізгі көбелектердің ең басты тұқымдстары.

Жарғақ қанаттылар отряды.Қанаттарын сипаттайтын белгілері. Жарғақ қанаттылардың құрылысындағы көбеюі, мен дамуындағы ерекшеліктері. Жарғақ қанаттылардың ішіндегі ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы зиянкестері. Паразит жарғақ қанатылар, оларды зиянкестерді жоюдағы биологиялық әдістерді пайдалануы. Жарғақ қанаттылар гүлді өсімдіктерді тозаңдандырушылар. Жарғақ қанаттылардың басты тұқымдастары, олардың түрлері: ара құйрықтар, шаншылар, бал аралар, жабайы аралар, құмырсқалар. Қауымдастық жарғақ қанаттылардың ерекшеліктері, полиморфизм.

Қос қанаттылар отряды.Ауыз аппараты, аяқтыллар мен қанаттары. Ересек қос қанаттылар мен олардың личинкаларының тіршілік әрекеті және ортасына байланысты құрылысындағы ерекшеліктер. Қос канатылар ауыл шаруашылық өсімдіктердің зиянкестері, ауру жұқтырудағы ролі және оларды жою. Таралуы, мекендейтін ортасы, тіршілігі, негізгі тұқымдастары: журчалкалар, ежемуха, бөлме және басқа синантропты шыбындар, қан сорғыш масалар, соналар, үнсіз шіркейлер т.б. көбеюі мен дамуы. Қос қанаттылардың зиянды насекомдарды жоюдағы және гулді өсімдіктер| тозаңдандырушылар ретіндегі маңызы.

Бүргелер отряды. Эктопаразиттік тіршілігіне байланысты құрылысындағы ерекшеліктері.

Ересек бүргелердің тіршілігі, мекендейтін ортасы және олардың личинкалары. Бүргелер оба ауруын қоздырушыларды таратушылар. .

Буын аяқтылар мен буылтық құрттардың құрылысын салыстыру. Буын аяқтылардың шығу тегі, олардың эволюциясына негзгі бағыттарын. Тарихи даму барысында буын аяқтылардың әртүрлі тіршілік орталарын игеру.

Трилобиттәрізділер тип тармағы (Trilobilomorpha)

Трилобиттср класы (Trilobita)

Трилобиттердің құрылысындағы ерекшеліктер. Триобиттердің буын аяқтылардың филогениясын түсіндірудегі маңызы.



Хелицералылар тип тармағы (Clivlicerata)

Қанжар құйрықтылар класы (Xiphosura)

Қанжар құйрықтылар ежелгі су хелицералылары, дене бөліктерінің ерекшеліктері. Қарапайым белгілері.



Өрмекші тәрізділер класы (Xiphosura)

Жыртқыш жер бетіндегі хелицералылар ретінде өрмекші тәрізділердің құрылысындағы ерекшеліктер. Бас көкірек аяқтардың атқаратын қызметі. Ас қорыту жүйесі мен сезу мүшелері. Кластың отрядтарға бөлінуі.



Құршаяндар отряды. Таралуы мен тіршілігі, құршаяндардың улы аппараты, олардың уының жануарлар мен адамдарға әсері

Жіпаяқтылар отряды. Құрама топтар ретінде жіпаяқтылар отрядының ортақ белгілері.

Жалған құршаяндар отряды. Таралуы және тіршілігі.

Саршаяндар отряды. Таралуы мен тіршілігі. Саршаяндардың улылығы, олардың адам үшін кауіптілігі..

Пішеншілер отряды. Таралуы мен тіршілігі.

Өрмекшілер отряды. Денесінің сегменттерге бөлінуі, аяқтары, өкпе мен кеңірдегі өрмекшілердің улы аппараты, өрмек бездері, күміс түсті өрмекші, адам мен жануарларға қауіпті әрі улы өрмекшілері. (қарақұт, бүйі)

Кенелер отряды, негізгі ерекшеліктері. Кенелердің сас маңызды топтары, олардың таралуы, тіршілік ету тәсілі мен мекен ортасына байланысты құрылысындағы ерекшеліктер. Тұщы су кенелері: тіршілік ететін таспа құрттардың аралық тұяқты жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі ретіндегі және топырақ түзудегі ролі. Жайылым кенелері-адам мен жануарлардың қауіпті ауруларын жұқтырушылар, олардың тіршілік циклдері қышыма кенлері, биологиясы және олдарды жою мәдени өсімдіктер мен қойма зиянкес кенелер.

Онихоралар типi (Onuchopora)

Алғашқы кеңірдектілер класы (Pretracheal)

Дене бөліктері, басының құрылысы. Аяқтары, дене қуысы целомуктары. Қан айналу, тыныс алу, нерв жүйелері. Экологиясы және географиялық таралуы.



Қармалаушылар типі (Tеntaculata)

Мшанкалар класы (Bruozoa)

Мшанкалардың бекініп тіршілік етуіне байланысты ерекшеліктері. Колониялылығы және полиморфизмі. Көбеюі және дамуы. Личинкасы. Статообластары. Экологиясы. Иыкқаяқтылар класы (lirachiopoda)

Бекініп тіршілік етуіне байланысты бақалшағы және мантиясының құрылысы. Дене қуысы. Қан айналу және нерв жүйелері. Көбеюі және дамуы. Қазба түрдлері. Таралуы.

Форонибтер класы (Phoronidaе)

Құрылыс ерекшелігі. Дене қуысы. Көбеюі, және морфозы. Қармалаушылар типінің филогениясы. Екінші аяуздылар қатары. (Deutorosomia)



Tiкен терілер типі (Echinodеrmata)

Тікен терілілер типіне топтасатын жануарлар кластары, теңіз лилиясы, теңіз жұлдызы, офиуралар немесе жылан құйрықтары, теңіз кірпілері голотуриялар, немесе теңіз қиярлары, тікен терілер типі сипаттайтын және осы кластардың барлық өкілдеріне тән ерекшеліктері.

Тікен терілердің көбеюі мен дамуы, бөлшектену, гаструляция, личинкаларының басты типтері және олардың түрленіп дамуы, мезодерма пайда болу процсінің ерекшеліктері: екі ауыз қалыптасуы.

Целомдық жануарлардың алғашқы ауыздылар және екінші ауыздыларға бөлінуі. Тікен терілерінің тіршілігі мен таралуы; олардың геологиялық тарихы, пайда болуы, филогениясы. Тікен терілердің қазба жұмыстарындағы басшылыққа алудағы маңызы. Кәсіптік формасы.



Погонофорлар типі (Pogonophora)

Погонофорлар класы (Pogonophora)

Типке жалпы сипаттама. Сырттай қоректенуге бейімделуі. Нерв жүйесі. Көбеюі және дамуы. Экологиясы. Жануарлар системасындағы орны.



Қылтанақ жақтылар типі (Chaеtognatha)

Қылтанақ жақтылар класы (Chaetognatha)

Құрылысы ерекшеліктері және экологиясы. Кылтанак жақтылар типінің филогениясы.



Гемихордалар типі (Неmicliurdata)

Ішек тыныстылар класы (Enleropnousta)

Баланглостың құрылысы ерекшелігі және дамуы. Хордалылар типіне жақындастыратын белгілері. Жануарлар систематикасындағы орны. Хордалылардың шығу тегіне түсіндірудегі маңызы.



Қанат желбезектілер класы (Ptеrobranchia)

Қанат желбезектілердің құрылысы және даму ерекшелліктері.


Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі:


1.Акимушкин И. Причуды природы. Смоленск, русич, 1999

2.Догель В.А. Зоология безпозвоночных М. 1981

3.Наталии В.Ф. Зоология безпозвоночных М. 1975

4.Орақбаева А.О. Бір клеткалы жанурлар тармағы А. 1991

5.К.Ә. Дәуітбаева Омыртқассыздар зоологиясы А 1991

6.Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982

7.Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы А. 1995

Қосымша


8.Қ. Амергазиев Адам және жануарлардың паразит құрттары А. 1983

9.Б.А. Ахметова Омыртқасыздар зоологиясынан лабораториялық сабақтар өткізуге арналған методикалық нұсқаулар. А.1989

10.Орнитология М., МГУ 1995

11.Фридмани Э.П. Приматы



12.А.Ф. Ковшарь. В мире редких животных А.1985

ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫ

  1. Саркомостигофора типінің жалпы систематикасы, экологиясы, құрылысы мен дамуының ерекшелігі.

  2. Қос жақтаулылар класының жалпы сипаттамасы, систематикасы және экологиясы.

  3. Сүтқоректілер класының жаопы сипаттамасы, систематикасы.

  4. Бунақ денелердің практикалық маңызы және экологиясы.

  5. Балықтар класының құрылысының ерекшеліктері.

  6. Кірпікшелер типінің жалпы сипаттамасы. Құрылысы мен дамуы.

  7. Губкалардың құрылысы, физиологиясы, экологиясы және тәжірбиелік маңызы.

  8. Бунақ денелердің эмбриондық және постэмбриондық дамуы.

  9. Құстардың жалпы құрылысы және биоценоздағы ролі.

  10. Ішекқуыстылардың құрылысы көбеюі және дамуы.

  11. Өрмекшітәрізділердің құрылысы мен физиологиясы.

  12. Құстардың экологиялық топтары, және маусымдық циклі және миграциясы.

  13. Желбезектыныстылар тип тармағы өкілдерінің құрылысы мен физиологиясы.

  14. Алты аяқтылар немесе бунақ денелердің құрылысы және даму ерекшеліктері.

  15. Қазіргі кездегі бауырмен жорғалаушылардың систематикасы және экологиясы.

  16. Сүліктер класы өкілдерінің құрылысы мен физиологиясы.

  17. Кірпікшелі инфузориялар класының жалпы сипаттамасы.

  18. Құстардың прогрессивті белгілері және морфологиялық ерекшеліктері.

  19. Мақта дақылдарының зиянкестерінің дамуы және экологиясы.

  20. Маржан политиптерінің құрылысы және табиғаттағы маңызы.

  21. Күндізгі жыртқыш құстар отрядының экологиясы.

  22. Сорғыш құрттар класы өкілдерінің құрылысы.

  23. Өрмекшітәрізділер класының систематикасы және дамуы.

  24. Құстардың ас қорыту жүйесінің ерекшілігі.

  25. Таспа құрттар өкілдерінің экологиясы.

  26. Бунақденелердің ауыз аппараттардың типтері, олардың құрылысы

  27. Құстардың экологиялық топтары.

  28. Жануарлар әлемінің жүйесі.

  29. Сорғыш класының өкілдерінің құрылысы мен физиологиясы.

  30. Жалпақ құрттар типінің жалпы сипаттамасы, систематикасы және экологиясы

  31. Басаяқтылар құрылысы және басқа былқылдақ денелілерден жоғары сатыда тұруы

  32. Таспа құрттардың құрылысы мен физиологиясы және классификациясы

  33. Шаянтәрізділерге, өрмекшітәрізділерге, көпаяқтыларға және насекомдарға тән ортақ белгілер

  34. Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы, құрылысы мен дамуы.

  35. Нематодтар класс өкілдерінің құрылысы мен физиологиясы және систематикасы

  36. Шеміршекті балықтардың өзіне тән құрылыс ерекшелктері және экологиясы

  37. Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы және систематикасы

  38. Адам аскаридасының құрылысы мен дамуы

  39. Буылтық құрттар типінің жалпы сипаттамасы және систематикасы

  40. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері, экологиясы

  41. Таспа құрттардың көбеюі және дамуы

  42. Солитерлер отрядының құрылысы және экологиясы

  43. Қабыршақтылар отрядының құрылысы, көбеюі және дамуы

  44. Басаяқтылардың құрылысы мен физиологиясы

  45. Өсімдік зиянкестерімен күресу тәсілдері

  46. Дөңгелек ауыздылардың құрылысы мен экологиясы

  47. Жұмыр құрттардың асқорыту, зәр шығару және қан айналу жүйесінің құрылысы

  48. Шаянтәрізділердің көбеюі және дамуы

  49. Қосмекенділердің көбеюі және дамуы

  50. Азқылтанды құрттар класының құрылысы мен экологиясы

  51. Қосжақтаулылар класс өкілдерінің құрылысы мен дамуы

  52. Бауыраяқтылар класс өкілдерінің құрылысы мен дамуы

  53. Былқылдақ денелілер типінің жалпы сипаттамасы.

  54. Қарапайымдылардың жануарлар дүниесіндегі орны.

  55. Құстардың нерв жүйесі және сезім органдарының құрылысы.

  56. Тақтажелбезектілер класс тармағының жалпы сипаттамасы. Құрылысы мен физиологиясы

  57. Насекомдардың дене құрылысының ерекшелігі.

  58. Насекомдардың тыныс алуы және қан айналу жүйесінің ерекшелігі.

  59. Кірпікшелі инфузориялардың классификациясы және экологиясы.

  60. Балықтар құрылысының ерекшеліктері.

  61. Шаянтәрізділер класының систематикасы және экологиялық топтары.

  62. Зоологияның даму тарихы.

  63. Жануартектес талшықтылар класс тармағы өкілдерінің табиғаттағы маңызы.

  64. Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі.

  65. Шеміршекті сүйекті балықтардың систематикасы мен экалогиясы.

  66. Маржан полиптері класының құрылысы мен физиологиясы.

  67. Жалпақ құрттар типінің филогениясы.

  68. Қосмекенділердің қан айналу жүйесінің ерекшелігі.

  69. Сецерненттер класс тармағы өкілдерінен систематикасы және экологиясы.

  70. Насекомдардың географиялық таралуы.

  71. Пайдалы насекомдар. Бал араларының , құмырсқалардың биологиясы.

  72. Құс жұмыртқасының жорғалаушылардың жұмыртқасынан қандай айырмашылығы бар?

  73. Насекомдардың дене құрылысының ерекшелігі.

  74. Адам мен жануарлардың ауруларын тарататын насекомдар.Күресу әдістері.

  75. Азқылтанды құрттар өкілінің экологиясы.

  76. Насекомдардың географиялық таралуы.

  77. Энтомофагтардың табиғаттағы маңызы.

  78. Гельминтология ғылымының маңызы мен міндеттері.


ІІІ. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАНДЫ БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ


  1. Баға қоюдың негізгі өлшемдері

1.1. «А», «А-» (өте жақсы)

а) студент билеттің барлық сұрақтарына толық жауап берді;

б) материалды ойлы, дәлелді, нақтылы баяндап берді;

в) студент оқу және нақтылы материалды жинақтау қабілетін танытып, ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттердің негізгісін бөліп айта алады.





    1. «В+», «В», «В-» ( жақсы)

а) студент толықтай жауап берген кезде негізгі материалды баяндауда кейбір дәлелсіздіктерге жол береді;

б) баламалы тұжырымдарға баға бере алады;

в) толықтыру сипатындағы қосымша сұрақтарға дұрыс жауап береді.





    1. «С+», «С», «С-», «D+», «D» (қанағаттанарлық)

а) студент нақты материалды білуде кемшіліктерге жол береді, оның жауаптары толық емес және үзінді күйінде келеді;

б) негізгі және қосымша сұрақтарды қамтыған кезде студент дәрістердің конспектісімен шектеледі;

в) биологиялық терминдер мен түсініктерді жетік білмейді;




    1. «F» (қанағаттанарлықсыз)

а) студент нақты материалды білуде айтарлықтай кемшіліктерге жол береді;

б) негізгі биологиялық терминдер мен ұғымдар туралы түсінігі толық емес;

в) материалды нақты және түсінікті баяндай алмайды;

г) толықтыру сипатындағы қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.


  1. Бағаларды анықтау кезіндегі талаптар

2.1. Білімді бағалаған кезде осы билеттің сұрақтарына жауаптар ескеріледі

2.2. Емтихан алушы бағаны негіздейді

2.3. Мемлекеттік емтиханға комиссия мүшелері билет мазмұны бойынша қосымша сұрақтар қоя алады

2.4. Қорытынды баға мемлекеттік емтихан комиссиясының барлық мүшелерінің дауысымен қойылады.


Білім алушылардың бағаларының балдық-рейтингтік жүйесі


Бағалаудың әріптік жүйесі


Баллдары

Бағалаудың %-тік мазмұны

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4.0

100

Өте жақсы



А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

Жақсы


В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанғысыз


Мазмұны

Кіріспе


І. Мемлекеттік емтихан бағдарламасы
ІІ. Мемлекеттік емтихан бағдарламасының сұрақтары
ІІІ. Мемлекеттік емтиханды бағалау өлшемдері






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет