БАҒдарламасы көкшетау Құрастырғандар: т.ғ. к. Қ. К. Карменов, Е. А. Тимеев, М. М. Альменбаев Тағылымдама бағдарламасы



Дата19.06.2016
өлшемі111 Kb.
#148148
түріБағдарламасы


Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті

Кокшетау техникалық институты

Сырттай оқу түрінің 4 курс тыңдаушыларының төтенше жағдайлар аймақтық органдарында облыстық және Астана, Алматы қалаларында «Мемлекеттік өрт бақылау инженері»

лауазымында өндірістік тағылымдама өту

БАҒДАРЛАМАСЫ

Көкшетау



Құрастырғандар:

т.ғ.к. Қ.К. Карменов,

Е.А. Тимеев, М.М. Альменбаев
Тағылымдама бағдарламасы:

Өрттің алдын алу кафедрасының методикалық комисиясымен қанағаттандырылды,

Хаттама №9 27.08.2011
ҚР ТЖМ КТИ ОМК басылымға ұсынылды,

Хаттама №1 29.08.2011


ҚР ТЖМ КТИ ҒК бекітілді

Хаттама №3 25.11.2011


Қазақстан Республикасы ТЖМ

Көкшетау техникалық институты, 2012



Мазмұны



Жалпы ережесі .............................................................................






Тағылымдаманы ұйымдастыру және өткізу..............................






Тағылымдама тапсырмасының мазмұны...................................






Тағылымдама қорытындысын өткізу.........................................






Қосымша........................................................................................





1. Жалпы ережелер.

1.1. Тыңдаушылардың тағылымданы өту – тәрбие үрдісінің құрылым бөлігі болып табылады және олардың теориялық білімдерін әрі қарай бекітіп, тереңдетуін қамтамасыз етеді, кәсіби білімдерін мен дағдыларын алуын және жүзеге асыруын, ұйымдастырушылық іс әрекетке қалыптастырып, тандаған мамандығына қызығушылығын дамытады.

1.2 Тағылымдама ҚР МЖББС 5.04.019-2008 «Жоғары білім. Бакалавриат», ҚР МЖББС 5.03.005-2009 «Жоғары білім. Кәсіби тағылымдама», 2010жылдың 31 желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің № 467 бұйрығымен бекітілген Көкшетау техникалық институты тыңдаушыларының кәсіби тағылымдаманы өту және ұйымдастыру ережелері талаптарына сәйкес ұйымдастырылады және оқу жоспары мен осы бағдарламаға сәйкес өткізіледі.

1.3. Тағылымдама Астана, Алматы қалалары мен төтенше жағдайлар бойынша аймақтық органдарда жүзеге асырылды. Бағдарлама көлемі тағылымдаманы МӨБ инженері лаузымында өтуге есептелген.

1.4. Тағылымдама өту кезенінде тыңдаушылар төтенше жағдайлар бойынша аймақтық орган басшылығының құзырында болады, бекітілген Мемлекеттік өрт бақылау (әрі қарай – МӨБ) қызметкерлер басшылығымен жұмыс жасап және өздеріне атқарылған қызметтік міндеттерін толығымен орындайды.

1.5. Тағылымдаманы ұйымдастыру және өткізілу жауапкершілігі төтенше жағдайлар бойынша аймақтық орган және Көкшетау техникалық институт басшылығына жүктеледі (әрі қарай – Институт).


2. Тағылымдаманың ұйымдаcтырылуы және өткізілуі.

2.1. 4 курс тыңдаушыларының тағылымдаманы өтуі МӨБ лауазымында жүзеге асырылады.

МӨБ инженері (төтенше жағдайлар бөлімінің инженері) лауазымында қызмет атқарып жатқан немесе атқарған тыңдаушылар практика өтуінен босатылады. Бұл жағдайда олар институтқа кадрлар бөлімшенің сәйкесінше анықтамасын және МӨБ инженері міндеттерін орындеған кезеңіндегі қызметтік мінездемені ұсынады.

2.2. Тыңдаушылардың тағылымдамасын ұйымдастыру, өткізу және қортындылау жауапкершілігі Астана, Алматы қалаларының және облыстық төтенше жағдайлар бойынша аймақтық органдардың басшыларына жүктеледі, олардың міндеттеріне төмендегілер кіреді:



  • нақты бөлімшелерді аңықтау және оларда тыңдаушылардың тағылымдама өтуге жағдай жасау;

  • тағылымдамаға келген тыңдаушылардың кездесулерін ұйымдастыру, оларға кеңес беру; бөлімшелер бойынша бөліп және бағыттау (ұйымдастыру тәртібі және тағылымдаманы өту мерзімі бөлімше бойынша бұйрықпен аңықталады);

  • тыңдаушыларға көрсетілген лауазымда міндеттерін уақытында орындағандарын куәләндратын әскери куәлікке салынатын қағазды рәсімделуін ұйымдастыру (қосымша №1);

  • тағылымдаманың ұйымдастырылып, өткізілуін бақылауды жүзеге асыру;

  • қортындылау, практика нәтижелерін талдап, сараптау, жүзеге асыру бойынша нұсқауларды әзірлеу, сәйкес құжаттамаларды рәсімдеп, Институтқа жіберу (аңықтамалар);

2.3. Тыңдаушылар-практиканттар тағылымдама бағдарламасымен қарастырылған, практиканы басқарып және іс-шараның орындалу сапасына жеке жауап беретін төтенше жағдайлар бойынша органдар (бөлімдер) бастықтарының тікелей құзырлығына түседі.

2.4. Төтенше жағдайлар бойынша орган (бөлім) бастығы міндетті:



  • тағылымдама бағдарламасымен танысуы;

  • МӨБ орган қызмекерлерін тыңдаушылардың тағылымдаманы ұйымдастырып және өту ретімен байланысты барлық мәселелер бойынша нұсқамалармен таныстыруы;

  • тағылымдама бағдарламасымен қарастырылған практиканттардың күн тәртібін құрастырып және іс-шараның орындалу ретін түсіндіру;

  • тағылымдамадағы МӨБ инженері лауазымында міндеттерін орындау кезінде, бұйрықпен МӨБ қызметкерлерінен 3-5 жылдан әжрибиесі кем емес тәжрибиелі басқарушыны бекітіп, басшылықт жүзеге асыру;

  • курсантармен кіріспе нұсқамлар өткізу, тағылымдама өту орнындағы жедел жағдаймен таныстыру, ішкі күн тәртібімен, тұрмыстағы және әскери қызметті орындау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауларын талап ету;

  • тағылымдама кезеніне практиканттың жұмыс жоспарын бекіту;

  • тағылымдама тапсырмаларын қарастыра отырып, жұмыстың орындалу сапасын бақылау;

  • тыңдаушылардың тағылымдамасын қортындылап, төтенше жағдайлар бойынша орган аймақтарына есеп ұсыну;

  • практиканттадың есептері мен мінездемелерін өрмен басып және бекіту;

  • тағылымдама бағдарламасымен қаратырылмаған жолдамаларын тапсырмаларды орындауға жібермеу;

2.5. Тыңдаушыларға басшылық ететін төтенше жағдайлар бойынша орган бөлімшелерінің қызметкерлері міндетті:

  • тағылымдама бағдарламасының мазмұнымен танысуға;

  • тағылымдама кезеніндегі атқарылатын жұмыстарға қажетті, тапсырмаға сәйкес обьектілері мен құжаттарды аңықтау;

  • жоспарланған іс-шараларды орындау үшін уақыт бюджетін аңықтау;

  • тағылымдама жоспары қарастыратын әрбір жұмысты орыдау алдында тыңдаушылармен әдістемелік нұсқау жұргізу, сондай-ақ оны орындау кезінде әдістемелік көмек көрсету;

  • практиканттардың жұмыстарына үнемі баға беріп, есеп жүргізу, құжаттармен жұмыс жасай алуына, тәртіп және ішкі тәртіп сақтайындарына бақылау жүргізу;

  • практиканттардың заң бұзушылықтарын жасамауы бойынша шаралар қолдану;

  • тыңдаушылардың жеке және іскерлік қасиеттерін білу;

  • тағылымдамадан өткен тыңдаушыларға мінездемелер жазу, бөлімше жетекшілерінде бекітіп, мөр басу.

2.6. Тыңдаушылар тағылымдама өту кезінде міндетті:

  • 2 күн ішінде тағылымдама тапсырмаларына сәйкес (Қосымша 2) жұмыс жоспарын құрастырып және бөлімше жетекшісіне бекітуге ұсыну;

  • тапсырмамен қарастырылған барлық жұмыстарды сондай-ақ бөлімше жетекшілері мен тағылымдама жетекшілерінің бұйрықтарын уақытымен және сапалы орындау;

  • практикант жұмысының күнделігін жүргізу;

  • заңдылықтарды, жарғылықтардың талаптарын, бұйрықтарды, форма киімін кию ережелері, тәртіп және ішкі тәртіпті сақтауды ұстану;




  • жоғары жауапкершілік, ұйымдастырушылық пен өзін көрсете алу қабілеттерін көрсету;

  • күнтізбелік жоспалармен қарасырылған бөлімшелерінің қоғамдық өмірлеріне, сабақтарға қатысу;

  • тағылымдама аяқталатынның алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп жазып, бөлімше басығына бекітіп, мөр басу (Қосымша 4).

2.7. Тыңдаушылар-стажерлер құқылы:

  • нормативтік актілермен, төтенше жағдайлар бойынша органдардың (бөлімдердің) өндірісіндегі әскери құжаттармен танысуға, сондай-ақ мұрағаттық, жедел есептеу істерімен және тағылымдама бағдарламасымен жеке жұмыс жоспарын аңытайтын тапсырма көлеміндегі басқа да материалдармен;

  • тағылымдама басшысының бұйрығымен құрастырылған құжаттарға қол қою. Практика басшысы практиканттармен құрастырылып, қол қойылған құжаттардың заңдылықтарына жауап береді;

  • төтенше жағдайлар бойынша органдарда (бөлімдерде) арнайы техникалық және басқа құралдарды белгілі тәртіппен қолдану;

  • тағылымдаманы өткізуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ бөлімшенің іс-рекетә жайында төтенше жағдайлар бойынша орган (бөлімше) басшысына ұсыныстар еңгізу.



3. Тағылымдама тапсырмаларының мазмұны.

3.1. Өртке қарсы жағдай бойынша жоспарланған тексеріс жүргізу:

1) Сауда орындары мен қоғамдық тамақтандырудың;

2) Білім мекемелерінде;

3) Денсаулық сақтау мен демалыс мекемелері мен ғимараттарында;

4) Мәдени-көрермендік мекемелер;

3.2. Жоспарланған тексеріс кезінде 3.1 пунктінде көрсетілген объектілерде бұзушылық нормаларын аңықтап, өрт қауіпсіздік ережелерін жүзеге асыру;

3.3. ЕӨҚ, (ЕЖӨ) бірге сабақтарды ұйымдастырып, өткізу;

3.4. Тексеріліп жатқан бір объектіде өртке қарсы тақырыпқа әңгіме (дәріс) әзірлеп, жүргізу;

3.5. Қатысу:

1) объектілердің бірінде жұмыс және мемлекеттік комиссия жұмыстарына;

2) өрттерді тергеу жұмыстарына;

3) ЕӨҚ әскери дайындық бақылауы бойынша жұмыстарға;

3.6. Рәсімдеу:

1) Объктілердің өртке қарсы жағдайын тексеру нітижесі бойынша құжатар;

2) өрт қауіпсіздік мәселелері бойынша жергілікті баспаға мақала басып шығару;

3) талап нормалары мен өрт қауіпсіздік ережелерін бұзған үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту құжаттары;

4) объектіні, агрегатті немесе жеке бөлмені жартылай тоқтатуға материалдар;

5) қылмыстық іс қозғаудан бас тарту материлын рәсімдеуге қатысу;

3.7. Оқу:

1) өрт-профилактикалық жұмыстарды, оның формалары мен өткізу әдісін жоспарлау реті;

2) облыс, қала, аудан Әкімдерімен, басқа қызмет және қоғам ұйымдарымен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша негізгі өзара байланыс формалары;

3) өндірістердің жаңа технологиялық процестері (жазбалары мен сызбаларын Институтқа ұсыну).
Ескерту:

1. Аймақтық бөлімдерде көрсетілген іс-шаралардың ғимараттарда өткізілмеген жағдайда, жетекші стажерлерді алдын ала әзірленген материалдармен таныстырады.

2. Есепке қосымша стажермен өздігімен жасалған және жетекшісімен бірге жасалған құжаттардың көшірмесі ұсынылады.
4. Тағылымдаманы қорытындылау.

4.1. Тағылымдама қортындылары бойынша курсант келесі қорынды материалды ұсынуы керек:

1) бөлімше бастығымен бекітілген, мөр басылған МӨБ инженері лауазымында тағылымдаманы өту (Қосымша № 2);

2) іс-шаралардың орындалғаны жөнінде тағылымдама жетекшісінің бағасымен тағылымдама өту күнделігі (Қосымша № 3);

3) МӨБ инженері лауазымында бекітілген форма бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп (Қосымша № 4);

4) тағылымдама жетекшісімен қол қойылып, мөр басылған мінездеме;

5) стажердің өз бетінше және комиссия құрамымен бірге құрастырған құжаттар көшірмелері.

4.2. Есепте мазмұндалған қортынды материалдар біріктіріліп, нөмірленіп және титульдік беті қатты тыспен тысталады (қосымша №5), бірінші бетіне тігіледі.

4.3. Тағылымдама нәтижелері бойынша қортынды материалдрды қорғау Институтта ұйымдастырылып қорғалады және бекітілген форма хаттамасымен рәсімделеді.

4.4. Институт бойынша бұйрықпен сынақты өткізіп қабылдау үшін өрттің алдын алу кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы ішінен және Институттың басқа құрылым бөлімшелерінен комиссия құрылады.

4.5. Қорғауға тыңдаушылар тағылымдама бағдарламасында көрсетілген тізбекке сәйкес, жоспардың толығымен орындалғанын дәлелдетін қортынды материалдар ұсынады.

4.6. Тағылымдама бағдарламасын орындай алмаған тыңдаушылар мемлекеттік емтиханға жіберілмейді, оларға оқудың теориялық курсын аяқтағаны жөнінде аңықтама беріледі.

4.7. Өткен тағылымдаманың қортынды бағалары тыңдаушылармен ұсынған, тағылымдама жетекшілерінің мінездемелері және қортынды нәтижелері есеп материал негіздерінде қойылады.

4.8. Стижировка бойынша қорғаудың нәтижелері Институт бітірген кезде тыңдаушылардың қортынды аттестациясында көрсетіледі.

4.9. Тағылымдама қортындысы Инситут Ғалым кеңес отырысында қарастырылып және бекітіледі.


Қосымшалар

Қосымша №1
Оқу тағылымдамасын өтіп жатқан Қазақстан Республикасы ТЖМ оқу орны тыңдаушының қызметтік куәлікке салынатын қағазының үлгісі
Салынатын қағаз
№___________________________куәлігіне

Тыңдаушы _____________________________________

(арнайы шені, тегі, аты-жөні)

Лауазымының тәлімгері

(орган, бөлімше лауазымының атауы)
М. О.

Бастық _________________________


_____________ __________ ________________

(арнайы шені ) (қолы) (аты-жөні,тегі)


«___»________________20 ж.
Жарамды «____»______________20 ж. дейін

Қосымша № 2

БЕКІТЕМІН

«___»________20__ж.
Жоспар
Тыңдаушы _______________ жұмысы ______оқу тобы

(аты-жөні)

___________________лауазымындағы тағылымдама кезенінде

20___жылдың «___»_________20___ жылдың «___»___________дейін






Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Орындалғаны жөнінд белгі

1

2

3

4








Құрастырған: тыңдаушы _______________


«___»______________20___ж.
Қосымша № 3
Күнделік
______оқу тобының тыңдаушысы _____________жұмысы

(аты-жөні)

___________________лауазымындағы тағылымдама кезенінде
20___жылдың «___»_________20___жылдың «___»___________дейін


Күні

Атқарылған жұмыстың мазмұны

Тағылымдама жетекшісінің қолы

1

2

3







Құрастырған: тыңдаушы _______________

«___»______________20___ж.



Қосымша № 4

БЕКІТЕМІН

___________________

___________________

«___»________20__ж.

ЕСЕП

МӨБ инженері лауазымындағы тағылымдама кезенінде атқаратын жұмыстар жөнінде

№________тобының________________ nыңдаушымен


  1. Обьектілерінің өртке қарсы жағдайын тексеруден өткізді:

Нысандардың атауы

Жоспарланған

Жоспардан тыс

Барлығы

Сауда ұйымдары мен қоғамдық тамақтану










Әкімшілік ғимараттар










Мектепке дейін балалар мекемелері










Білім мекемелері










Денсаулық сақтау және демалыс мекемелері мен ғимараттары










Мәдени-ағартушылық және көрермендік мекемелер










Кәсіпкерлік іс-әрекет объектілері










Басқа мекемелер










Өрт жөнінде істерді зерттеу










Қатысу










Барлығы:









2. Өткізді:

- нұсқауларды қызметкерлермен және жұмысшылармен __________ ________ адаммен;

- өртке қарсы тақырыптарға әңгімелер ______________ ________адаммен;

3. Әскери дайындықты тексерді:

- еркті өртке қарсы құрамаларын ______, келесі объектілерде:

__________________________________________________________________________________________

4. жергілікті баспаға _______ мақала жазды

__________________________________________________________________________________________

(ескерту, мақалалардың тақырыптарын тізбектеп көрсету)

5. Әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде ______ хаттамалар жазды.

6. Объектілердің (жеке бөлмелер, участіктер, агрегаттарды) жартылай тоқтатылуы мен пайдалануына ______ құжаттар рәсімделді

7. Өрт қауіпсіздік мәселелеі бойынша әңгімелер жүргізілді:

- кинофильмдер көрсетілім алдында__________

- радио, теледидар арқылы__________

- оқушылар алдында ____________

8.Өткізілген басқа іс шаралар:___________________
__________________________________________________________________________________________

9. Профессорлық-оқытушы құрамынан (материалдар іріктеу, технологиялық сызбалар, жобалар және т.б.)жеке тапсырмалар орындалды. __________________________________________________________________________________________


Есепті кұрастырған:

_______ оқу тобының тыңдаушысы

__________________

(қолы)
КЕЛІСЕМІН

практика жетекшісі

__________________

(қолы)

Қосымша 5
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдалар министрлігі
Көкшетау техникалық институты

Өрттің алдын алу кафедрасы



ӨНДІРІСТІК ТАҒЫЛЫМДАМА ЖӨНІНДЕ ЕСЕП
МӨБ лауазымында

______________________________________-нда

(орган атауы)

_________________курс


________________________тобының тыңдаушысы

___________________________________________

(аты-жөні,тегі)
Ұсынылатын баға_______________
Практика жетекшісі
___________________________ ________________

(аты-жөні,тегі) (қолы)




Көкшетау 20__

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет