БАҒдарламасы курчатов қаласы, 2015 жыл Мазмұны: Паспорт 3-6 2



бет1/10
Дата04.07.2016
өлшемі4.05 Mb.
#175920
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Курчатов қалалық

мәслихаты сессиясының

2016 жылғы 18 қаңтардағы

№ 42/307-V шешімімен

бекітілген



Курчатов қаласының

2016-2020 жылдарға

арналған аумақты дамыту

БАҒДАРЛАМАСЫ

Курчатов қаласы, 2015 жыл


Мазмұны:


1.

Паспорт

3-6

2.

Ағымдағы жағдайды талдау

6-10

2.1

Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

10

2.1.1

Аймақтық макроэкономика

10-30

2.1.2

Әлеуметтік сала

30-54

2.1.3

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қаіпсіздікті қамтамасыз ету

54-56

2.1.4

Инфроқұрылымдық кешен

57-68

2.1.5

Экология және жер ресурстары

68-71

2.1.6

Мемлекеттік қызметтер

71-74

2.2

Негізгі мәселелерге, тәуекелдерге, факторларға, бәсекелестік артықшылықтарға, және аумақты дамытудың тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктеріне кешенді сипаттама

75-76

3.

Негізгі бағыттары, мақсаттары, мақсатты индикаторлары, қол жеткізу жолдары

76-101

4.

Алдағы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстар

101-103


  1. Паспорт





Атауы

Курчатов қаласының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме



«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы



Қаланың негізгі сипаттамасы

Курчатов қаласы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасып, 1949 жылы құрылған. Халық саны – 12,1 мың адам. Базалық саласы ядролық дамыту, радиациялық және ілеспелі технологиялар болып табылады.

Бағыттары

Аймақтық экономика;

Әлеуметтік сала;

Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі;

Инфрақұрылым;

Мемлекеттік қызметтер;


Мақсаттары


1.Облыс экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

2.Өнеркәсіптің басым сипаттағы секторларын дамыту;

3. Ішкі сауда салаларының серпінді дамуы;

4.Аймақтың экономикасында инвестицияладың түсуін ынталандыру;

5.Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларының ішінде отандық тағам өнімдерінің меншік салмағын арттыру, өнімдердің бәсекелестігін арттыру;

6. Жалпы орта білім сапасын көтеру;

7. Мектепке дейінгі тәрбиеленетін және оқытылатын балаларды қамтуды қамтамасыз ету;

8. Білімнің ұлттық стандарт аясында білім беру ресурстарына оқушылардың жалпы орта білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;

9. Сапалы білім алуға мүмкіндігі шектеулі балалардың қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мектепте инклюзивтік білім жүйелерін жетілдіру;

10. Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру.

11. Тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту;

12.Тұрғындарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету шараларының тиімділігін арттыру;

13.Әлсіз санаттағы тұрғындарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

14. Отандық мәдениетті сақтау, насихаттау және жариялау;

15.Тұрғындарды ұлттық сандық телехабармен толық қамту жолымен ақпараттық қауіпсіздікпен  қамсыздандыру;

16 Бұқаралық спортты дамыту;

17.Туризм индустриясын тұрақты дамыту;

18. Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде толеранттық тіл ортасын құру;

19. Көшелерде сенімді құқық тәртібін қамтамасыз ету;

20. Келеңсіз төтенше жағдайлардан аумақты барынша қорғалуы;

21.Тұрғындарды қолжетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

22.Тұрғындарда қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету және құрылыс саласын тиімді дамытуға көмек көрсету;

23. Елді-мекендер арасында көлік байланысын қамтамасыз ету және автокөлік саласының инфроқұрылымдарын дамыту;

24. Көппәтерлі тұрғын үй қорын пайдалану;

25. Тұрғындарды кепілдденген сапалы ауыз сумен және елді мекендерде су жүргізу жүйелерінің қызметімен қамтамасыз ету;

26.Коммуналдық сектордың инженерлік инфроқұрылымдарын дамыту;

27. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу, қайта өңдеу және жинау жүйелерін жетілдіру;

28. Ұйымдар мен азаматтар үшін мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін арттыру.



Мақсатты

индикаторлар



1.Салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны, мың теңге;

2.Өңдеуші өнеркәсіптің шығарған өнімінің нақты көлем индексі, %;

3. Машина жасау өнімдерін шығарудың нақты көлем индексі, %;

4. Химиялық өнім өнімдерін шығарудың нақты көлем индексі, %;

5.Жеңіл өнеркәсіп шығарудың нақты көлем индексі, %;

6. Бөлшек сауда көлемінің нақты көлем индексі, %;

7. Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі, %;

8. Тұрғындардың жан басына шаққандағы негізгі капиталдағы инвестициялар, мың теңге;

9. Ауылшаруашылық көлемінің нақты көлем индексі, %;

10. Ұйымдастырылған шаруашылықта ірі қара мал мен ұсақ қара мал басының үлесі: ІҚМ, %, ҰҚМ, %;

11. Мал шаруашылығы өнімдері көлемінің нақты көлем индексі, %;

12.Өсімдік шаруашылығы өнімдері көлемінің нақты көлем индексі, %;

13. Жаратылыстану – математикалық тәртіп бойынша мектеп түлектері арасында білім бағдарламаларын (өте жақсы/жақсы) жақсы игерген оқушылар үлесі, %;

14. Мектепке дейін тәрбиеленіп және білім алатын (3-6) балаларды қамту, %;

15. Мемлекеттік норматив желісіне сәйкес, жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметтерін қамтамасыз ету, %

16.Мүмкіндігі шектеулі жалпы балалар санынан инклюзивтік біліммен балаларды қамту, %;

17. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастағы тұрғындарды қанағаттандыру деңгейі, % ;

18. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғындардың өсу саны, %;

19. . Ана өлімін төмендету, 100 мың тірі туылған, %

20. Нәресте өлімін төмендету, 1000 тірі туылған жанға, %

21. Қатерлі ісіктер ауруынан өлім-жітімді төмендету, 100 мың тұрғынға, %

22. 15-49 жас топқа жататын жастағы адамдардың иммунно тапшы вирусының таратылуы, 0,2-0,6 % шегінде, %.%

23. Туберкулез ауруынан өлім-жітімді төмендету, %

24. Құрылған жұмыс орынының саны, адам

25. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген тұлғалар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі, %

26. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан еңбекке қабілеттілер үлесі, %

27.Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қамтылған, тұлғалардың жеке салмағы (оларды алуда мұқтаж адамдардың жалпы санындағы)

28. Жеке меншік субъектілерімен ұсынылған, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қамтылған тұлғалар үлесі(соның ішінде, үкіметтік емес ұйымдармен), %

29. Мәдениет ұйымдарына (келуші) орташа келушілер саны 1000 адамға: кітапхананы пайдаланушылар, адам

30. Конфессионал аралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты оң бағалаушы тұрғындар үлесі, %;

31.Тұрғындарды отандық телехабармен қамту деңгейінің көрсеткіштерін арттыру, %;

32.Отандық телехабарға ұосылған абоненттер саны, бірлік;

33. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын

азаматтардың қамтылуы, %

34. Балалар мен жеткіншектер санының жалпы санынан дене шынықтыруға даярлайтын спорт клубтарында, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спортпен және денешынықтырумен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту, %;

35. Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер (резиденттер) санының артуы, %;

36. Өткен жылмен салыстырғанда кіру туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер (резидент емес) санының артуы, %;

37. Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылғын тәулік-төсек санының артуы;

38. Мемлекеттік тілді білетін ересек тұрғындар үлесі, %;

39. Ағылшын тілін білетін ересек тұрғындар үлесі, %;

40.Үш (мемлекеттік, орысша және ағылшын) тілді білетін ересек тұрғындар үлесі, %

41. Көшеде жасалған қылмыстың салыстырмалы салмағы, %;

42.100 жәбірленушіге жол көлік оқиғаларында қайтыс болғандар санын төмендету, %

43.Кәмелет жасқа толмағандар жасаған қылмыстың салыстырмалы салмағы, %

44. Бұрын жасалған қылмысты жасаушылардың салыстырмалы салмағы, %

45.Төтенше жағдайларға қарсы әрекет ететін инфроқұрылымдардың қамтамасыз етілу деңгейі, %

46. 100 тұрғынға телефон байланысының белгіленген желісінің тығыздығы, %

47. Ғаламторды пайдаланушылар тығыздығы, %

48. Тұрғындардың сандық сауаттылығының деңгейі, %

49. Тұрғын үй ғимараттарының пайдалануға енгізілген жалпы ауданы, мың шаршы метр

50. Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда тұрған, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, %

51. Күрделі жөндеуді қажет ететін, кондоминимум нысандар үлесінің төмендеуі, %;

52. Қалада орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге %, су жүргізуге % қол жеткізу

53. Жалпы ұзындығынан желілерді жетілдіру үлесі: жылумен қамтамасыз ету %,

54. Қалдықтарды тасмалдау және жинау бойынша қызметтермен астаналар, республикалық маңызды қала , облыс тұрғындарын қамту, %;

55. Санитарлық ереже мен экологиялық талаптарға сәйкс, қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру нысандарының үлесі (жалпы көму орнының жалпы санына), %

56.Жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қанағаттандыру деңгейін арттыру, %

57.Жалпы құжат айналымынан электрондық құжат айналымының үлесі, %



Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, тартылған және меншікті қаражат, несие қаражат.

Қаржыландыру көлемі:

Барлығы – 18076,709 млн. теңге

соның ішінде:

2016ж. – 1445,439 млн. теңге

2017ж. – 3251,585 млн. теңге

2018ж. – 3445,303 млн. теңге

2019ж. – 1207,772 млн. теңге

2020ж. – 8726,610 млн. теңге






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет