Бағдарламасы Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық»



бет1/2
Дата24.09.2023
өлшемі24.62 Kb.
#478455
түріБағдарламасы
  1   2
багдарлама




Бекітемін
Директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
_____________А.Батырханова


«Жақсылық – жан шуағы» тақырыбында оқушылармен өткізілетін тренингтің бағдарламасы
Мақсаты:
 Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың жақсылық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру.

Міндеттері: - Жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру.



Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер
1. Адамның адамгершілігі - ақыл - ғылым, жақсы ата - ана, ұлағатты ұстаздан болады. (А.Құнанбаев)
2. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды. (Ж. Баласағұни)
Барысы:
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар! «Жақсылық –
Жан шуағы» тақырыбындағы тренингімізге қош келіпсіздер!
Адамгершілік - асыл қасиет, адам аз ғана өмірде бір - бірімен сыйластықта, жақсылықта өмір сүруге талпынса өміріміз де нұрлана түседі. Біреудің кемшілігін ғана емес, жақсылығын да көре білу керек. Біреуге қарап сұқ саусағыңды көрсетсең қалған үш саусағымыздың өзімізге қарайтынын көбіміз байқамаймыз. Ендеше Хорес Ратледждің әдемі сөзіне назар аударайық:
Егер өмірге тар көзбен қарасаң, ол соншалықты тар. Оған жиіркенішпен қарасаң, соншалықты жиіркенішті. Оған жарқын, кең, дос көңілмен қарасаң, қаншама тамаша адамды табасың.
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу- өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден
«Мен қандаймын» деп ойла!
Бейнеролик: Әрқашан жақсылық жасап жүрейік.
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар, енді сіздерге сұрақ:
Еш ойланбастан жақсылық жасаған кезіңіз болды ма?

Мен енді сіздерге «Жақсылық пен Жамандық» атты әңгіме оқып бермекшімін

Ертеде адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық істе десе, жамандық істеме деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көрді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып: Адам ана балыққа көмектесіп жібер,- десе, Жамандық: Қой, жөніне жібер, уақытыңды алам, — дейді.


Адам әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып секіріп, құйрығын бұлғақтатып, суға сүңгіп кетеді.
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр — шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық: Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит — құсқа жем боласың ғой дейді. Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық: Ей адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, — дейді. Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, риза болды. Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ бұжағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен сөзіне құлақ түреді. Ол: Әй адам-ау қалай ғана адамдығынан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп долына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғын келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп-кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налынған екен. Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Адам ата ұрпағын шақырып алып:
Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың. Жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім. Үшеуінен де өттің. Разымын. Енді осылай адамдығынан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын берді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.
Әңгімеге талдау жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет