БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе


Дене шынықтыру және спорттың негізгі көрсеткіштері



бет12/23
Дата23.02.2016
өлшемі4.53 Mb.
#8960
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

Дене шынықтыру және спорттың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Спорт нысандары – барлығы бірл.

1973

1986

2009

Оның ішінде










- спорт сарайы

-

1

1

- стадиондар

19

19

19

- спорт залдар

541

544

548

- спорт алаңшалар

637

644

662

- футбол алаңдар

664

665

665

- басқаралар

112

113

114

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту, %

19,3

21,7

23,3

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықтың саны, адам

205756

234774

255492

Спорттық нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы 307 спорттық нысан (2013 жылы 263 нысан) таңдап алынып, тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану кестесі жасалды. Олардың 28-і Тараз қаласында, 279-і аудандарда орналасқан. Аталған нысандардағы тұрғындардың спортпен шұғылдану кестесі облыстық БАҚ-да жарияланды.

2015 жылдың 1 қаңтарына дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 255,5 мың адамды құрап немесе 23,3%, 2011 жылмен салыстырғанда 4,8%-ге өсті (2011 жылы – 18,5% (195,2 мың адам), 2012 жылы 19,3% (205,8 мың адам), 2013 жылы 21,7% (234,8 мың адам).

Облысымызда дене шынықтыру мен спортты дамытудағы оң жетістіктермен қатар, саланың дамуын тежеп отырған мәселелер де бар.



Мәселелер:

материалды-техникалық базалар мен спорттық инфрақұрылымдардың төмен деңгейі;

жалпы және балалар мен жасөспірімдер спортының жеткіліксіз дамуы;

кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың деңгейі төмен.



Мемлекеттік тілді дамыту

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 2011 жылғы 89%-ға, 2012 жылғы - 90,32%-ға, 2013 жылы - 94%-ға қарсы 2014 жылы 95,02%-ды пайызды құрады.

Тіл саясаты ең алдымен аймақта тұратын басқа этностар өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне жағдай жасауға және мемлекеттік тілді үйретудің тиісті әдістемелік базасын қалыптастыруға бағытталған.

Саланың инфрақұрылымы облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жанандағы Мемлекеттік тілді оқыту орталығынан және Меркі, Шу, Қордай, Сарысу, Талас, Жамбыл, Жуалы және Байзақ аудандық бөлімшелерінен құралады. Мұнда мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсына қатысушылардың келесі динамикасы байқалады:



  • 2011 жылы орталықтарда 2033 адам оқытылды (287-і қазақ, 1746-ы өзге ұлт өкілдері, соның ішінде 332-і мемлекеттік қызметкерлер);

  • 2012 жылы орталықтарда 1687 адам оқытылды (99 адам - қазақ, 1588 адам - өзге ұлт өкілдері, соның ішінде 160 адам - мемлекеттік қызметкерлер);

  • 2013 жылы орталықтарда 2257 адам оқытылды (561-қазақ, 1696-өзге ұлт өкілдері, 508-мемлекеттік қызметкерлер);

  • 2014 жылы орталықтарда 2780 адам оқытылды (672-қазақ, 2108-өзге ұлт өкілдері, 651-мемлекеттік қызметкерлер).

Мемлекеттік органдардағы ісқағаздар мониторингі мемлекеттік тілдің арасалмағының үлесі 2011 жылы 98,6%-ы, 2012 жылы – 98,7%-ы, 2013 жылы - 98,6%-ды, 2014 жылы - 98,5%-ды құрайтынын көрсетіп отыр.

Облыста тіл саясатына байланысты республикалық және облыстық БАҚ-да келесі басылымдар жарияланды:

– 2011 жылы жарияланған 477 материалдың 445-і мемлекеттік, 32-орыс тілінде;

- 2012 жылы жарияланған 553 материалдың 516-ы мемлекеттік, 37-орыс тілінде;

- 2013 жылы жарияланған 543 материалдың 493-і мемлекеттік, 50-орыс тілінде.

- 2014 жылы жарияланған 613 материалдың 568-і мемлекеттік, 45-орыс тілінде.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында жыл сайын «Үздік журналист» облыстық байқауы ұйымдастырылып отырады.

2011-2013 жылдары өңірдегі өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді үйрету және өз ана тілдерін сақтау мақсатында «Халықаралық ана тілі күні - 21 ақпан» мерекесіне орай этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «Ана тілім – айбыным!» атты тіл фестивалі ұйымдастырылып, өзге ұлт жастары арасында жастар форумы, облыс басшыларымен кездесу өткізілді.

Ономастикалық және терминологиялық жұмыстар шеңберінде облыстың елді мекендерінің атауын өзгерту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2011 жылы 1 ауылдық округ пен 1 мектеп атаулары өзгерді, 2012, 2013 жылдары мораторийге байланысты аталған жұмыс уақытша тоқтатылғанмен, 2016 жылы бұл жұмыс жалғасуда.

Мәселелер:

- Мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарттары жоқ.


Гендерлік саясат

Гендерлік аспектіде ерлер мен әйелдер санының біршама теңдей қатынасы қалыптасты. 2014 жылдың басына облыста 1084,5 мың адам тұрады, олардың 51,0% - әйелдер, 2015 жылдың басына 1098,693 адам тұрады, олардың 51,0% - әйелдер.

Әйелдердің облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуы байқалады, әйелдерді саяси және экономикалық алға жылжыту бойынша конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

2012 жылы Жамбыл облысы мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметшілердің саны 4609, оның ішінде 2088 әйелдер болып, бұл жалпы санның 45,3% құрады.

2013 жылы Жамбыл облысы мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметшілердің саны 5109, оның ішінде 2196 әйелдер болып, бұл жалпы санның 43% құрады.

2014 жылы Жамбыл облысы мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметшілердің саны 5167 болса, оның ішінде 2164-і әйелдер, бұл жалпы санның 41,9% құрады.

Жергілікті атқарушы органдарда, оның ішінде облыстық деңгейдегі 7 басқармада әйел басшылар, 3 әйел аудан және қала әкімінің орынбасарлары және 7 әйел селолық округтің әкімдері. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 205 депутаттарының 30-ы әйелдер, оның ішінде 6 - қалалық, 18 - аудандық, 6 - облыстық мәслихатта.

2014 жылы әйелдердің атқарушы және өкілеттік билік органдарындағы үлесі 2013 жылғы 41,3%-ға қарсы 43%-ға артты.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын басқаратын әйелдердің үлес салмағы 2012 жылы 42,6%, 2013 жылы 43,1%, 2014 жылы - 31,3% құрады.

Гендерлік саясатты іске асыру жөнінде белсенді ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілуде, 2006-2016 жылдарға арналған ҚР гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрылған, оның штаттық саны 1 адамнан тұрады және 3 млн. теңге мөлшерінде дербес бюджеті бар.

Жамбыл облысы бойынша саясаткер әйелдер клубы жұмыс істейді. Клубтың негізгі мақсаты - гендерлік білім беру, қоғамдық-саяси өмірге әйелдерді белсене араласуға, экономикада гендерлік теңдік және гендерлік сананы қалыптастыруға оқыту.

Клуб мүшелігіне облыстың қоғамдық-саяси саласына белсенді қатысатын әйелдер кіреді: барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметте, үкіметтік емес ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жүрген қыз-келіншектер, барлығы - 25 әйел.

Облыста 190-дан астам үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс атқарады, аталған ұйымдардың 60%-ына әйелдер жетекшілік етеді. Облыс көлемінде 147 әлеуметтік жобаның 83-ін әйелдер іске асыруда.

Гендерлік теңдікті кең көлемде насихаттау мақсатында үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қаржыландыру тетігі қалыптастырылған.

2014 жылы гендерлік мәселелерді қамтыған мемлекеттік тапсырыстарға 5,2 млн. теңге бөлінді (2013 жылы 3,5 млн.теңге, 2012 жылы 2,7 млн. теңге, 2011 жылы – 3,0 млн.тенге бөлінген).

Гендерлік саясатты іске асырудың бір жолы - ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімдерінің ашылуы.

2014 жылдың басынан ішкі істер органдарында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмек көрсету мақсатында қойылған 17 сенім телефондары арқылы 4 мыңға жуық қоңырау түсіп, тиісті шаралар қолданылды.

2015 жылдың басына 18 сенім телефоны жұмыс істейді, оларға 4,1 мыңнан астам қоңырау түсіп, тиісті әсер ету шаралары қолданылды.

Үкіметтік емес ұйымдармен біріге отырып тұрмыс жағдайы төмен, отбасы-тұрмыстық қатынаста құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында алдан-ала профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Осы бағытта 80 мыңнан аса ақпараттық материалдар (буклеттер, плакаттар, билбордтар, стендтер, брошюралар) тұрғын үйлер подъездерінде, сауда орындарында, көпшілік жиналатын жерлерде, мемлекеттік мекемелерде таратылды.



Мәселелер:

- қоғамның гендерлік мәдениетінің жеткіліксіздігі, өкілетті органдар билігіндегі әйелдер үлесінің аздығы.

2.2.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп.

Қауіпсіздікті нығайту, құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыспен күрес облыстың әлеуметтік дамуындағы маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады.

2009 жылы қауіпсіздікті нығайту мен қылмыспен күреске бағытталған ұйымдастыру іс жүзіндегі шаралардың нәтижесінде, облыстағы қылмыстылық көрсеткіші 3,2%-ға (4075-тен 3943 дейін) төмендеген. 2010 жылдан бастап қылмыстың деңгейі 8,5%-ға (3943-тен 4279 дейін), ал 2011 жылы - 88,1%-ға (4279-дан 8050 дейін) өскен. 2012 жылы қылмыстың деңгейінің өсімі 35,0%-ды құрады (8050-ден 10865-ке дейін), 2013 жылы – 45,8% (10865-тен 15836-ге дейін).

2014 ж. 12 ай қортындысы бойынша жалпы қылмыстар саны 2,9% кеміген (15861 ден 15401), ауыр қылмыстар 19,5% (1366 дан 1099) және аса ауыр қылмыстар 22,8% (167 ден 129).

Одан басқа, кісі өлтірушілік (39,7%, 63 тен 38), ауыр дене жарақаттарын салу (9,1%, 99 дан 90), тонаулар (28,0%, 811 ден 584), қарақшылық шабуыл (14,7%, 68 ден 58), зорлау (14,9%, 208 ден 177) және бұзақылықтар (17,3%, 1129 дан 934) сияқты қылмыс түрлерін кемітуге қол жеткізілген.

2009 жылы облыста қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 5,1%-ға қысқаруы байқалады (649-дан до 616 дейін). 2010 жылы 28,2%-ға (616-дан 790 дейін), 2011 жылы 3,2 есе (790 дан 2595 дейін), 2012 жылы - 19,2% (2595-тен 3094-ке дейін), 2013 жылы – 49,1% (3094-тен 4612-ге дейін) өсуі байқалады.

2014 жылдың 12 айына қоғамдық жерлердегі қылмыс саны 2,6%-ға төмендеді (4612-ден 4491-ге), оның ішінде көшелерде 8,1%-ға (2939-дан 2700-ге) және топтық құрамда -15,8% (736-дан 620-ға).

2009 жылы жалпы қылмыстылықтың 10 мың халыққа шаққандағы деңгейі 38,7%, болса, 2010 жылы - 42,0%, 2011 жылы- 76,4%, 2012 жылы – 105,0%, 2013 жылы – 147%-ды, 2014 жылы - 145%. құрады.

Қылмыстың ашылуы 2009 жылы 70,2%, оның ішінде ауыр түрі 78,4%, аса ауыр түрі - 94,5% құрады. 2010 жылы - 71,3%, оның ішінде ауыр түрі - 75,4%, аса ауыр түрі - 89,2%, 2011 жылы - 49,2%, оның ішінде ауыр түрі - 58,2% және аса ауыр түрі - 88,9% құраған. 2012 жылы 19,1%-ды құрады, оның ішінде ауыр қылмыстар – 54,1% және аса ауыр қылмыстар - 94,9%, 2013 жылы – 17,2%, оның ішінде ауыр қылмыстар – 54,5% және аса ауыр қылмыстар – 86,1%-ды, ал 2014 жылы қылмыстың ашылу деңгейі 17,8% құрады, оның ішінде қылмыстың ауыр түрлері – 60,7%.

Қылмыс санының статистикалық өсуі және қылмыстың ашылуының төмендеуі алды ала болжамданған.

2011 жылғы қаңтарда ІІМ-нің кеңейтілген Алқа отырысында берілген, негізінен елдегі қылмыстың жай-күйі туралы шынайы статистика құру қажеттігі туралы саяси шешім болып табылатын Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес, ІІМ және Бас прокуратурасымен бірлесіп қылмыстар туралы барлық өтініштер мен хабарламалардың толық және объективті тіркеуін қамтамасыз ету бойынша қатаң бағыт алынған.

Облыста жасалынған қылмыстар санының нақты статистикасы оларға қарсы адекватты шаралар қабылдауға, және сол шаралар арқылы қылмысты мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтарға Конституциямен кепілдендірілген сот әділеттілігінен қамтамасыз етеді. Қылмыс жөніндегі хабарламалар мен өтініштерді толық тіркеу осының алғы шарты болады.

Облыстағы құқықтық тәртіптің, азаматтарды қорғау жүйесінің, сонымен бірге мемлекеттік және қоғамдық институттардың қылмыстық жағдайына маңыздылығы жағынан елеулі бірқатар ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Жаhандық экономикалық кризиске байланысты экономикадағы қиыншылдықтар, халықтың, оның ішінде жастардың жұмыспен толық қамтылмауы қылмыстың, оның ішінде пайдакүнемдік-зорлық қылмыстардың өсуіне ықпал ететін бірден-бір себеп болып табылады.

Жедел ахуалдың күрделенуіне әсер ететін фактордың бірі ұрлық болып табылады. Бірнеше жылдар бойы олар жалпы қылмыстың жартысын құрайды, ал әрбір екі ұрлықтың біреуі ашылмай қалады. Әрбір тіркелген ұрлықтың үшіншісі пәтер ұрлығы. Соңғы жылдары беделді автокөліктерді ұрлап кету және айдап кету фактілері жиіленіп кеткен.

Ішкі істер органдарындағы алдын ала тергеу және анықтаудың бүгінгі жағдайы, облыстағы орын алған қылмыстардың 90%-нда сотқа дейінгі жеңілдетілген өндірістің кеңейтілген түрін қолдануы қажет етеді.

Бұл кеңейтілген түр 2010 жылдан бастап үлкен емес және орта дәрежелі қылмыстарды тергеу кезінде қолданылады, ал 2011 жылдан бастап ауыр дәрежелі қылмыстарды тергеу кезінде қолдануда, аталған шара азаматтардың, қылмыстық іске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға оң әсерін тигізеді.

Жамбыл облысында нашаның жабайы түрінің кең көлемде өсуі ахуалдың қиындауына және облыстың есірткі заттарын өндіру базасы болуына себеп болады.

2009 жылы 457 есірткі қылмысы, 2010 жылы – 452, 2011 жылы – 283, 2012 жылы – 279, 2013 жылы - 279 анықталды, 2014 жылдың 12 айы ішінде облыс аумағында есірткімен байланысты 337 қылмыс анықталған (2013 ж.-279), 58 дерекке немесе 20,8% артқан.

Жалпы есірткі қылмысының төмендеуі қылмыстық заңнаманың енгізілуіне байланысты, атап айтқанда 259 баптың 1 бөлімі әкімшілік құқық бұзушылық қатарына өткен.

Сонымен қатар, жыл сайын есірткі затын сату фактілері өсуде. 2009 жылы 87 есірткі затын сату фактісі анықталған, 2010 жылы - 87, 2011 жылы – 116, 2012 жылы – 118, 2013 жылы - 116. 2014 жылы есірткі заттарын сатудың 123 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған (2013ж.-116) 5 дерекке немесе 6% артқан.

Жыл сайын заңсыз айналымнан 11 тонна тәркіленіп, оның ішінде қомақты көлемі героин болып табылады.

Жылсайын халық арасында есірткі затын пайдалану деңгейі төмендеуде. 2009 жылы есепте 5536 адам тұрса, 2010 жылы – 5003, 2011 жылы – 4548, 2012 жылы – 2862, 2013 жылы - 2781 адам.

2015 жылдың 1 қаңтарына облыстың наркологиялық диспансерінде барлығы 2635 (2013ж.-2781) адам есепке алынған, оның ішінде нашақорлық диагнозымен 1567 (2013ж.-1857) адам, ал профилактикалық есепте 1068 (2013ж.-924) адам.

(10 мың қолданатын автокөлікке шаққанда), жол көлік оқиғасында қайтыс болғандардың (100 жарақат алғандарға) 30,2 ден 20,7 дейін қысқарған. 2010 жылы жол көлік оқиғасының деңгейі 42,6-дан 2011 жылы 41,4, 2012 жылы – 50,3, 2013 жылы – 82,3-ті, 2014 жылы - 65,7-ні құрады. Жол көлік оқиғасында жарақат алғандар 2010 жылы (10 мың адамға шаққанда) 8,3, 2011 жылы 8,6, 2012 жылы – 13,2, 2013 жылы – 26,6-ны, 2014 жылы - 20,3-ті құрайды.

2014 жылы кешенді шараларды жүзеге асыру нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының санын 20,2%-ға (1615-тен 1289-ға), қайтыс болғандар – 34,9%-ға (312-ден 203-ке) және жарақат алғандар - 22,1%-ға (2569-дан 2002-ге) төмендету қол жеткізді.

Сонымен бірге, автокөлік кешені күрделі жағдайда жұмыс істеуде. Атомобиль паркінің және заманауи автокөліктердің жылдамдық көрсеткіштерінің өсуі көше-жол деңгейінің дамуына сәйкес келмейді. Республикалық маңызы бар жолдардың басым көпшілігі күрделі жөндеуді және жүру бөлігі кеңейтуді, бөлу қосалқыларымен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті жолдардың жағдайыда қанағатанарлық емес.

2014 жылы тексерумен 14676 км. жол қамтылды, тексеру барысында облыс автожолдарында 9153 ақау анықталған, оның ішінде халықаралық мәндегі жолдарда 127 ақау, республикалық мәндегі жолдарда - 1077, облыстық мәндегі жолдарда - 5075, аудандық мәндегі жолдарда 345 ақау және елді мекендердің көшелерінде 2529 ақаулар анықталған.

Тексеру нәтижелерінмен, жол ұйымдарының басшыларына орындауға 844 ұйғарым тапсырылған.

Автомобиль жолдарын ұстауда орын алған кемшіліктер бойынша аудандық және облыстық атқару органдарына 84 ақпарат жолданған, соның ішінде облыс Әкімиятына 27 ақпарат жолданған.

Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны үшін 118 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, соның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша құзырлы органның ұйғарымдарын орындамағаны үшін жауапкершілікке 12 тұлға тартылған.

Сонымен бірге, Елбасының қоғамда құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру туралы қойған міндеттерін біз мүлтіксіз орындауға алдық.

Өткен жыл нәтижелері бойынша «мүлдем төзбеушілік» қағидасына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау 15,7% (72962 ден 84381) ұлғайған.



Мәселелер:

- мақсатталған жедел-іздестіру іс-шаралар мен қылмысты ашу бойынша арнайы операциялардың жетіспеушілігі;

- есірткі қылмысының жоғары деңгейі халықтың есірткі пайдалануы;

- жол қозғалысы қатысушыларының төмен көліктік тәртібі;

- республикалық жолдарда жол қауіпсіздімен қамтамасыз ету үшін бақылау техникалық құралын жоқтығы;

- қалааралық жолаушы тасымалының жиі болуы;

- облыстық, аудандық мәндегі және аудан орталықтарының жол-көше желілеріне қызмет көрсету үшін жол-патрульдік полиция қызметкерлері санының жетіспеушілігі.

Авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру.

Жамбыл облысының Азаматтық қоғаныс аумақтық бағыныңқы жүйесі (АҚМЖ) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V ҚРЗ заңына сәйкес қызмет атқарады.

Бейбіт және соғыс кезінде АҚ және ТЖ міндеттерін тиімді шешу Азаматтық қорғаныстың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен АҚ құрылымдарының дайындығы мен жабдықталуына байланысты.

Жамбыл облысындағы азаматтық қорғаныс міндеттерін шешу үшін жеке құрамы 68808 адамнан тұратын 3641 құрылым құрылды, оның ішінде шұғыл әрекет ету жасағы (11/700), штаттық авариялық-құтқару құрамалары (204/1695), аумақтық құрамалар (403/10963) және объектілік құрамалар (3023/55450).

Облыстың халық тығыз орналасқан бөлігі Жерорта теңізі – Азия сейсмикалық белбеуінің маңыздылығы мен қарқындылығы жағынан екінші зонасында орналасқан. Жойқын жер сілкінісі туындауының ықтималына жыл сайын қарқындылығы шамалы (2-3 балл), жылына 2-ден 5-ке дейін орын алатын жер сілкіністері айғақ болып табылады. Бұдан басқа, облыс аумағында қарқындылығы 7-8 балл (1971 жылы Жамбыл және 2003 жылы Луговой) жер сілкіністері тіркелген. Орын алуы мүмкін күштілігі 7-8 балл жойқын жер сілкіністерінің зонасында 8 ауылдық аудандар мен облыс орталығының аумақтары жатыр.

Облыстың жеке аумақтары жылдамдығы 25м/с асастын дауылды желдерге ұшырау қауіпі бар, бұл қыс мезгілінде қар басуларға, жазғы уақытта аңызақ желдерге, құмды дауылдарға, көктемде – бұршақты нөсер жауындарға әкеліп соғады. Метеорологиялық ықпалға ең тәуелді зоналарға Жуалы, Талас, Сарысу, Жамбыл аудандарының, Тараз қаласының, сонымен қатар республикалық автокөлік трассасының 4 асудағы бөліктері жатады:

- Күйік («Алматы-Ташкент» тас жолының 547-563 шақырымында орналасқан, ұзындығы 6 шақырым);

- Шақпақ («Алматы-Ташкент» тас жолының 590-593 шақырымында орналасқан, ұзындығы 3 шақырым);

- Хантау («Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолының 185-197 шақырымында орналасқан, ұзындығы 12 шақырым);

- Қордай («Алматы-Ташкент» тас жолының 165-191 шақырымында орналасқан, ұзындығы 26 шақырым).

Облыс аумағында ірі орман алқаптары жоқ. Дегенмен, облыстың барлық аумағында табиғи өрттердің туындау қауіпі бар.

Жыл бойы 13 су шаруашылығы объкетілерінің гидротехникалық құрылыстарында апат болған жағдайда су басу қауіпі бар. Таулы және тауға жақын жерлерде ағып жатқан 16 өзен сел қауіпті болып табылады.

Эпидемияға қарсы бағытта қолайсыз жағдай туындауы мүмкін. Облыстың солтүстік аудандары Конго-қрымдық гемморрагиялық безгегінің табиғи ошағы болып табылады. Оңтүстік аудандарда, көлік магистральдарының бойында сібір күйдіргісі, бруцеллез, обаның табиғи ошақтары бар. Көктем-жаз мезгілінің белгілі бір ауа-райы жағдайында, инфекциялық ауруларды таратушылардың (жабайы аңдар, кеміргіштер, кенелер және т.б.) белсенділігіне байланысты инфекцияларды тарату қауіпі жоғарылайды.

Облыста 5 химиялық қауіпті объектілердің, өндірістік объектілердің: энергиямен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, газ толтыру станциялыры, элеваторлар, мұнай сақтау орындары, астық сақтау орындарының бар болуы үнемі техногендік төтенше жағдайлардың орын алу қауіпін тудырады.

Потенциалды қаупі бар басқа да объектілерде төтенше жағдайлардың орын алу мүмкіндігі естен шығарылмайды. Оларға технологиялық процесстерінде өрт-жарылыс қауіпі бар газдарды, сұйықтарды қолданатын кәсіпорындар, сонымен қатар тау-кен және металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары жатады.

2009 жылы облыс аумағында 1018 төтенше жағдай тіркеліп, 634 адам зардап шекті, 62 адам қаза тапты, 291,9 млн. теңге залал келтірілді.

2010 жылы 851 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 458 адам зардап шекті, 93-ші қаза болды, 221,7 млн.теңге залал келтірілді (техногендік төтенше жағдайлар және уақиғалар салдарынан – 442 оқиға, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан – 409).

2011 жылы 752 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан 458 - зардап шекті, 58 - қаза тапты, 79,3 млн.теңге залал келтірілді (техногендік төтенше жағдайлар және уақиғалар салдарынан – 348 оқиға, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан – 404). 2012 жылы Жамбыл облысының аумағында 718 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 398 адам зардап шекті, соның 67-ші қаза болды, 172,6 млн.теңге залал келтірілді, 2013 жылы 807 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 476 адам зардап шекті, соның 103-ші қаза болды, 4602,3 млн.теңге залал келтірілді. 2013 жылы Жамбыл облысының аумағында 807 төтенше жағдай мен табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелді. 476 адам зардап шекті, оның ішінде 103 адам қаза болды. Материалдық шығын 4602,3 млн. теңгені құрады.

2014 жылы шұғыл мәліметтер бойынша Жамбыл облысының аумағында табиғи және техногенді сипаттағы 955 төтенше жағдай мен оқиға тіркелді (бұл 2013 жылға қарағанда 8,3% көбейген)/955 ТЖ мен оқиғалардың ішінде ТЖ критерийіне 60 жатады/. Мұнда 385 адам зардап шекті (2013 жылға қарағанда 22,8% кеміген), оның ішінде 50 адам қаза тапты (2013 жылға қарағанда 2 есеге кеміген). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 123,3 млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,6 есеге кеміді (2013 ж. – 4642,0 млн. теңге).

Адамдардың өлімінің себебі: халықтың өрттерден, зілзалалардан, авариялар мен апаттардан жеткіліксіз қорғалуы болып табылады.

Жергілікті деңгейде төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының бүгінгі күні жеке материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі жеткіліксіз.

Өрт бөлімдерін арнайы техника мен жабдықтың жаңа түрлерімен қосымша жарақтандыру (АЦ-40, АЛ-54), ескірген техника мен жабдықтарды ауыстыра отырып штаттық авариялық-құтқару құрылымдарын қолданыстағы нормаларға сәйкес жарақтандыру; ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту іс-шараларын орындау; өзендердегі жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу; Жамбыл облысының аумағында жергілікті және өңірлік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты жеке қорғаныс құралдарымен және шатырлы қалашықтар салу үшін мүлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.



Мәселелер:

- жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыры-луының жеткіліксіз деңгейі;

- ғимараттарды сейсмокүшейту деңгейінің төмендігі;

- қазіргі заман талабына сай суда құтқару бекеттерінің, өрт деполары мен өрт сөндіру демеу пунктері санының жетіспеушілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет