БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе



бет1/23
Дата23.02.2016
өлшемі4.53 Mb.
#8960
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Облыстық мәслихаттың

2015 жылғы «25» маусымдағы

№38-14 шешімімен бекітілген



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ


МАЗМҰНЫ


1

Кіріспе………………………………………………………………......


3

11

Бағдарлама паспорты……………………………………………...…...




4

32

Ағымдағы ахуалдың талдауы………………………..…………………




9

43

Өңір дамуының болашақ көрінісі……………………………………………………………..........



161


44

Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру бойынша шаралары…………………………………………….............................



163



55

Қажетті ресурстар...................................................................................


215


66

Бағдарламаны басқару............................................................................


216



КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» (2009 жылғы 18 маусымдағы №827), «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (2010 жылғы 19 наурыздағы №958) Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №925 Жарлығымен бекітілген 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 9-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының шешуші бағыттарына сәйкес әзірленді.

Дамыту бағдарламасы бағдарламасы облыстың барлық өңірлерінің тұрақты және теңдей дамуын, әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы экономиканың өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дамыту бағдарламасы бағдарламасы шеңберінде облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалына талдау жүргізіліп, оның күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталды.

Облыстың негізгі бәсекелестік артықшылықтарына мыналар жатады: қолайлы географиялық орналасуы, пайдалы қазбалардың бай қорларының болуы, еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың көптігі, инвестициялық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік беретін өндірістік инфрақұрылымның болуы.

Қолда бар бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіптерді ескере отырып Дамыту бағдарламасы бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты ел азаматтарының лайықты өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге қабілетті күшті және тиімді мемлекетті құруға лайықты үлес қосуды қамтамасыз ету болып табылады. Халық өмірінің деңгейі мен сапасын жоғарылату сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалану, табиғи кешеннің әлеуетін молайтуды сақтай және қоршаған ортаны сауықтыра отырып экономикалық және әлеуметтік саланы қарқынды дамытуды қамтамасыз ету арқылы көзделеді.

1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ


Бағдарлама атауы

Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 1.02.2010 жылғы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» №922 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бұдан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» №958 Жарлығы



Өңірдің негізгі сипаттамалары

Жамбыл облысының аумағы 144,2 мың шаршы километрді немесе республика аумағының 5,3% құрайды және Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, батыс және шығыс жағынан Оңтүстік-Қазақстан және Алматы облыстарымен, солтүстігінен – Қарағанды облысымен, оңтүстігінен – Қырғыз Республикасымен шекаралас.

Облыс құрылымында 10 аудан, облыстық бағыныстағы Тараз қаласы және аудандық бағыныстағы 3 қала - Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бар.

Әкімшілік орталығы - Тараз қаласы.

Облыс халқы 1098,7 мың адамды немесе республика халқының 6,3% құрайды.

Өз бағыты бойынша облыс индустриалды-аграрлық болып табылады.

Жалпы өңірлік өнім өндірісінің көлемі 2014 жылдың 9 айында 655,3 млрд. теңгені құрады, бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 2,5% сәйкес, оның ішінде өнеркәсіп – 122,3 млрд. теңге (облыс ЖӨӨ-дегі үлес салмағы – 18,7%). Сыртқы сауда айналымының көлемі 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 617,6 млн. АҚШ долларын, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 274,3 млрд. теңгені құрады.



Нақты сектордың негізгі салалары мыналар болып табылады: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа кондиционерлеу, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауға және таратуға бақылау жасау.

Бағыттары

  • Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;

  • Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп;

  • Инфрақұрылымды дамыту;

  • Сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету;

  • Экология және жер ресурстары;

  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру.

  • Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау.

Бағдарламаның мақсаттары

  • Экономиканың тұрақты өсімін және халық санының ұлғаюуын қамтамасыз ету;

  • Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру;

  • Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру;

  • ШОБ және сауданы дамыту;

  • Өңіраралық ынтымақтастық;

  • Инвестицияны тарту арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету;

  • Білім берудің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету, балалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;

  • Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту;

  • Еңбек және халықты жұмыспен қамту;

  • Мәдениетті дамыту;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет