-
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
5В050300-Психология мамандығы студенттері үшін
Диплом алдындағы практикасын өту бойынша
Бағдарлама және әдістемелік нұсқаулар
Павлодар
Практиканы өту, практикалардың бағдарламасы бойынша бағдарлама және әдістемелік нұсқаулардың парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰСН 7.18.04/11
|
|
Бекітемін
ОІ бойынша проректоры ___________ ПфейферН.Э.
«___»_____________20__г.
|
5В050300-Психология мамандығы студенттері үшін
Диплом алдындағы практикасын өту бойынша
Бағдарлама және әдістемелік нұсқау
Бағдарлама ҚР Үкіметінің, 23.08.2012 ж. №1080 бабымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен ҚР ҮҚ 17 мамыр 2013 ж,. №499 бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мекемелердің іс әрекетінің типтік ережелері негізінде құрастырылған.
Құрастырушы: _________ аға оқытушы, пед магистрі Жомартова А.Д.
Психология және педагогика кафедрасы
Кафедра отырысында ұсынылған, «___»_________20__ж. № хаттамасы
Кафедра меңгерушісі _____________Бурдина Е.И. «___» __________20__ж
ГПФ ОӘК мақұлдаған «_____»______________20__ж. №____ Хаттамасы
ОӘК төрайымы ______________Ксембаева С.К.«____» ________20__ж.
КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы _____________Сарбалаев Ж.Т. «____» ________20__ж.
Мақұлданды:
КПжЖОБ бастығы___________Жанпеисова З.М.«____» ________20__ж.
ОӘБ бастығы _________Жуманкулова Е.Н. «____» ________20__ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдады:
«____»______________20__ж. №____ Хаттамасы
Диплом алды тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері.
Жоғарғы білім стандартымен мемлекеттік жалпы міндетімен сәйкес өзіндік жоо жоспарымен диплом алды тәжірибе жоспарланады, ҚР үкіметінің қарарымен бекітілген, 23.08.2012 г., №1080 бабы және жоғарғы мекеменің қызметтік типтік ережелерімен және жоо кейінгі біліммен, 17 май 2013 ж., № 499. дан ҚР ҰҚ бекітілген.
Студенттердің дайындалу процесінің бітіру кезеңде диплом алды практика «психология» мамандығына оқитындарға маңызды болып табылады. Дипломалды практика, жоодағы оқу кезінде студенттің педагог-психолог мамандығымен байланысты барлық ғылыми жұмысының дайындық үдерісінің жалпы бөлімінің құрамдас бөлігі болып есептеледі. Кафедраның ішкі тәртібі бойынша студенттердің бітіру жұмысының дайындық деңгейі диплом алды тәжірибеден өту кезіңде көрсетіледі.
Диплом алды тәжірибенің негізгі мақсаты- теория жүзінде алынған білім және дағдыларды жүзеге асыру, оқу үдерісі уақытында алынған және де таңдалынған ғылыми мәселе бойынша зерттеулерді практика жүзінде тексеруден өткізу, дипломдық жұмыстың қорытындысын шығару..
Диплом жұмысының жетекшісі диплом алды тәжірибенің жетекшісі болып тағайындалады.
Жазбаша есеп негізінде тәжірибенің қорытындысы бойынша аттестация өткізіледі, талаптармен сәйкес безендіріліп құрылған және кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісінін пікірі жазылған есеп беру құжаттары қабылданады.
Тәжірибенің өту мақсаты: теориялық білімді бекіту және тереңдету, жоода оқу үдерісінде студенттермен алынған, ұйымдастыруға ұсталықтары бар және эмпирикалық зерттеу бөлімін өткізуге, деректерді өндеуге, қорытындыларды талқылау және анализдеу; мемлекеттік емтихандық комиссия алдында дипломдық жұмысты қорғауға студенттерді дайындау.
Тәжірибенің міндеттері:
-
теориялық білімді жетілдіру және бекіту, зерттеу жұмысының нәтижелерін тәжірибеде қолдану;
-
дипломдық жұмысты орындауға қажетті инструктивтік-әдістемелік материалдарды оқу;
-
оқу жылында қарастырылған ғылыми зерттеу материалдарын зерделеу.
-
диплом жұмысының аяқталу кезіндегі істерді жүзеге асыру;
БББ бакалавриат құрылымында дипломалды тәжірибенің орны.
Диплом алдындағы тәжірибе студент-практикантқа мекеменің жұмыс істеу ағымына функционалдық қосылуына, міндеттердің лауазымды игерілуіне; педагог- психологтың кәсіби позициясының игерілуіне; ғылыми әр түрлі концепциялар позициясында зерттеу пәнін анықтау бойынша біліктіліктерін қалыптастыру және оларды апробациядан өткізуге, шынайы мекеменің өнімді кәсіби қызметін ұжымда жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тәжірибенің өту формасы мен орны
Диплом алды тәжірибеге арналған база ретінде тапсырыс берген, психологиялық нақты міндеттерді шешуді қажетсінетін әртүрлі мекемелер мен ұйымдар болып саналады, бұл тәрбиелік-мекемелер болуы мүмкін, лицейлер, гимназиялар, білімнің қосымша ұйымдары, психологиялық орталықтар, әлеуметтік-педагогикалық орталықтар, психология-педагогикалық көмектер, тренингтік компаниялар.
Пререквизиттер: «Психология», «Педагогика» пәндері, жалпы білім берудің циклдік пәндері, оқу практикасы, ғылыми-зерттеу практикасы..
Постреквизиттер: диплом алдындағы практика студент үшін келешекте ғылыми-зерттеу жұмысын әрі қарай дамытуға, зерделеуге септігін тигізеді.
Дипломалды тәжірибе өту кестесі (дипломалды практиканың жалпы еңбек сыйымдылығы 150-сағат)
№ жұмалар
|
Жұмыс мазмұны
|
Әдістер мен формалары
|
Есеп беру
|
1 жұма
|
Дипломалды тәжірибенің негізгі бағытымен, міндеттерімен және мақсаттарымен танысу
|
-бағыт беруші конференцияға қатысу;
-тәжірибенің міндеттерімен, мақсаттарымен танысу;
-дипломалды тәжірибеден өтудің жеке жоспарын тәжірибенің жетекшісімен бірге құрастыру
-тәжірибе өту орнымен танысу, ұйымның ішінде экскурсиядан өту;
- зерттеу мақсатында топты таңдау;
|
Тәжірибені өтудің жеке жоспары
|
1-5 жұмалар
|
Дипломды проект тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жұмысы
|
-қарастырылатын мәселенің теориялық анализін құрастыру;
-эмпирикалық зерттеудің бағдарламалық сипаттамасын жасау;
-зерттеу жұмысы бойынша алғашқы мәліметтерді жинау;
- зерттеу тақырыбы бойынша диагностикалық әдістерді жинау (бақылау бағдарламасы, әңгімелесу жоспары, анкеталар, тесттер және т.б.).
- зерттеу тақырыбы бойынша керекті тәжірибелік жұмысты орындау үшін, дидактикалық материалдарды жинау;
- зерттеу тақырыбы бойынша диагностикалық әдістемелерді апробациялау (бақылау бағдарламасы,әңгімелесу жоспары, анкеталар, тесттер және т.б.);
-Топтың хал-ахуалдық психологиясын бақылау, оның анализін жасау;
-Жас ерекшеліктерін байқау және қатысушылардың жекелік ерекшеліктерін сұрыптау;
-зерттеу нәтижелерінің интерпретациялары және сипаттаманың нәтижелерін шығару;
- тақырып бойынша зерттеудің соңғы шешімін шығару;
-жеке тапсырманың орындалуына табысты- табысты емес екендігіне өзіндік рефлексия жасау
|
- есепте тәжірибе бойынша өткізілген жұмыстың бейнесін жазу
-ғылыми іс-шаралардың конспектісі;
- жасалынған жұмыстың конспектісі;
- дипломалды анализдің әдістемесі және схемасы
|
5 жұма
|
Тәжірибе бойынша мәліметтерді безендендіру және тәжірибелік күнделікті безендіру
|
-Кәсіпорын жетекшісінің сізге жазылған мінездемесін алу;
- тәжірибе бойынша есептің дайындалуы;
-Дипломалды тәжірибе бойынша қорытынды конференцияда сөз сөйлеуге дайындалу
|
Күнделік, тәжірибе бойынша есеп
|
Тәжірибенің қорытындысын шығару
|
- Тәжірибе бойынша қорытынды конференция
|
Тәжірибе бойынша есептік мәліметтерді тапсыру
|
Тәжірибенің мазмұны:
Тәжірибенің бағдарламасын орындай, студенттер дағдыларын бекітеді, алдыңғы жылдардағы оқығандары бойынша, тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде алынған, жеке талаптарға қатысты кәсіби сапалығын және психолог дағдыларын жетілдіреді.
Кәсіби іс әрекеттің барлық түрлерін, сонымен бірге ғылыми зерттеу негізі болып табылатын тәжірибелік бағдарлама болжауын жасайды, бұл іс студенттің дипломдық жұмысын жазуына арналған материалдарды жинауы үшін керек. Ол үшін ол дипломдық зерттеу тақырыбын нақтылау керек, ол бойынша теориялық мәліметтер іздеу керек, әдістемелік зерттеу базасын анықтау керек және әдістерді таңдап, зерттеу әдістерін қолдана зерттеу жұмысын жүргізіп және бастапқы жиналған материалдармен өндеу ісін жүргізу керек. Жұмыстың тиімділігі тәжірибе уақытын рационалды ұйымдастыруға байланысты.
Студент, тәжірибе өту кезінде базалық пәнге ғана назар аударып қоймай, сонымен бірге басқа курстар бойынша ғылыми мәселеге байланысты материалдарды салыстырмалы түрде қолдана алуы мүмкін. Сонымен қатар зерттеу тақырыбының мақсатына байланысты шетел психологиясына «шығу» қарастырылады. Практикаға барар алдында студент нақты тапсырмалар алады, ол міндетті түрде ғылыми жетекшімен келісілуі керек.
Дипломалды тәжірибеге арналған тапсырмалар.
-
Диплом жұмысының (проектісін) жоспарын жасау.
-
Диплом жұмысының (дипломдық проект) тақырыбы бойынша тәжірибе обьектісіне қатысты материалдарды жинау (мамандығына сәйкес)
-
Дипломдық жұмысының (дипломдық проект) мәселесі бойынша өзіндік зерттеу жүргізу
-
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді оқу және оның анализі.
-
Дипломдық жұмыстың мәтінің құрастыру.
Тәжірибе тарауларын орындау үшін нұсқаулар
2-3 жұма бұрын студенттер практиканы өту орындарына қарай үлестіріледі (ұйымдар, кәсіпорныдар, мекемелер), мекеменің жетекшісімен бірге студенттің атқаратын жұмыс түрлері кафедрадан тағайындалған тәжірибе жетекшісінің қатысуымен анықталады, тәжірибенің мазмұны нақтыланады, тәжірибе уақыты анықталады.
Тәжірибе барысында студенттер білімдерін белсенді қолдану керек, оқу процесінде алынған білімін тәжірибеде сауаттылықпен біліктілікпен қолдану—студентті сапалы білімді маман ретінде көрсетеді.
Диплом алды тәжірибе бағдарламасы студенттің педагог-психолог қызметінің барлық кәсіби іс түрлерін жасауын білдіреді, ғылыми зерттеу жұмысы негізгі жұмыс аймағы болып есептеледі, себебі студент тәжірибе уақытында дипломдық жұмысты жазуға арналған материалдырды жинауға міндетті. Дипломдық зерттеу жұмысын ғылыми жетекшімен бірге нақтылау керек, міндеттері мен мақсаттарын нақты анықтау керек, жұмыстың болжамын, теориялық жағын іздестіру керек, зерттеу базасының әдістемесін анықтап, зерттеудің әдістемесімен зерттеу жүргізіп, жиналған материалдарды алғашқы өндеуден өткізу керек.
Диплом алды тәжірибе студенттердің келесі құзыреттіліктерінің қалыптасуына бағытталған:
- Конструктивтік дағдыларының қалыптасуы (мекемеден сұранысқа сәйкес кәсіби қызметтің міндетін анықтау;
-жоспарлау және ұйымдастырушылық аспектілерде жұмыс процесін анализдеу, пішіндерін тиянақты саралау және жұмыстың әдістерін, анықтау және нәтижелік жұмысты анализдеу);
-ұйыдастырушылық дағдыларды жетілдіру (өз уақытын басқару, мекеменің жұмысына қосылу, қызмет ісін әріптестерімен бірге ұйымдастыру);
-коммуникативтік дағдысын жетілдіру (әртүрлі комуникативтік қарым-қатынас формасын қолдана білу, барлық адамдармен жекелік және іскерлік қарым-қатынас құру);
- педагог-психологтың негізгі қызметінің этикалық тірегін игеру (жеке адамды сыйлау, адамның құқығын сақтау, толеранттық);
-зерттеу іс-әрекеттерін орындау (нақты ұйымның нақты жұмысының тәжірибесін оқу, мекеменің, кәсіпорын және қазіргі талаптарға сәйкес оның анализі, шығарылым квалификациялық жұмысына арналған материалдарды жинау).
Өзіндік анализ жасау және өзіндік басқару студент-практикант үшін дипломалды тәжірибесі аспектісінің маңыздысы болып табылады.Үнемі өзіндік басқару және өзіндік анализ жасау тәжірибе тапсырмаларының орындауына максималдық жағымды әсер тигізеді.
Өзіндік бақылау нәтижелерін студент тәжірибе күнделігінде белгілеуі керек, тәжірибе өту үдерісіндегі істердің барлығы сонда белгіленеді.
Студенттер тәжірибе қорытындысы бойынша өздерінің істеріне өзіндік анализ жасау үшін келесі сұрақтарға жауап берулері керек:
-Таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеуге дайынсыздар ма?
-Тәжірибе барысында сіздер қандай жаңа нәрсе үйрендіңіздер?
-Тәжірибе барысында сіздер психолог маманына қандай негізгі қасиеттер керек деп ойлайсыздар?
-Тәжірибе барысында сіздер қандай қызық тапсырмалар орындадыңыздар?
-Тәжірибе барысында қандай қиыншылықтар туды?
-Дипломдық жұмысқа материалдарды жинау кезінде сіздерде қандай қиындықтар туды?
-Пайда болған қиыншылықтарды- сіздер теориялық білімнің жетіспеуімен, тәжірибелік дағдының қалыптаспауымен, тұлғаның эмоциялық шеңберімен және мотивациялық дайынсыздықпен байланыстырасыз ба?
-Тәжірибе барысында сізді қандай табыстар ерекше қуантты? Олар немен байланысты болды?
-Жұмыс орнынан тәжірибе жетекші жағынан сізге қандай қарым –қатынас болды? Бұл қарым –қатынас немен байланысты болды?
-Психологты дайындауда сіздің ойыңызша неге ерекше көңіл бөлу керек?
Студенттің өз ісіне анализ жасауы, тәжірибенің жемісті не жемісті болмауы, студенттің тәжірибеге қатысты өзіндік көз қарастары, тәжірибе ісін жетілдіруге байланысты пікірлері есеп беру кезінде өз орнын табуы тиіс.
Студентке көмек ретінде тәжірибе жетекшісі 1-2 реттен кем емес кеңес беру ісін жүзеге асыру керек .
Тәжірибе аяқталған соң қорытынды конференция жүргізіледі, тәжірибе барысында студенттердің есептері, ескертулері және ұсыныстары, құжаттары анализденеді және тәжірибенің қорытындысы жалпыланады, мінезделінеді және практиканттардың істері бағаланады.
Тәжірибе кезінде студенттердің міндеттері
Кредиттер сағаттарында анықталған оқу тәжірибесі өтетін апталарда студент міндетті түрде болу керек, барлық кредиттер саны-2 құрайды, тәжірибенің ұзақтығы 5-жұма, еңбек сыйымдылығы 150-сағат. Студент барлық жұмыстарды мезгілінде орындау керек, тәжірибемен қарастырылған бағдарлама бойынша барлық істерді жүзеге асырып үлгеруі тиіс. Практикант ұйымның ішкі күнтізбелік ережелеріне, тәжірибенің жетекшісі мен әкімшілік әмірлерге бағыну керек. Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда, студент тәжірибеден шығарып тасталуы мүмкін. Тәжірибеден өтпеген студент, тәжірибенің бағдарламасын өтемеген, жұмыс туралы жағымсыз пікір алған болса немесе қорғау есебінде қанағатталмаған бағаны алатын болса, онда ол қайтадан келесі академиялық кезеңде теориялық оқумен қатар немесе жазғы семестр кезіне қайтадан тәжірибе өтуге жіберіледі.
Дипломалды тәжірибе бойынша есептік құжаттар.
1.Титулдық бет
2 Дипломалды тәжірибе бойынша күнделік;
3.Тәжірибе орнындағы өткізілген жұмыстың толықтай есебі мен қорытындысы.
4. Қосымша материалдар.
Есепті дайындау бойынша ұсыныстар және қорытынды конференцияда ауысша сөз сөйлеу.
Практика біткен соң әрбір студент практика нәтижелері бейнеленетін есеп беруі тиіс. Есеп беруде практиканы өту мақсаты, міндеттері, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, болжамы мен алынған нәтижелері жазылуы тиіс.
Жазбаша есеп дипломалды тәжірибесін өту бойынша келесі құрылымдық элементтерден тұрады:
Кіріспеде тәжірибенің тақырыбы көрсетіледі, практика орны бойынша мәліметтер көрсетіледі және өту мезгілі бойынша, мекеменің құрылымы сипатталады, бағыты және оның тәжірибелік қызметінің сферасы жазылады
Екінші тарауда студенттің құрастырылған тәжірибе бойынша жоспарының жүзеге асырылуы бейнеленеді. Бұл бөлімде студент дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы бойынша жасалған істерін толық баяндайды. Зерттеу жұмысының эксперименталды бөлігінің жүзеге асу жағдайы рет ретімен келтіріледі. Экспериментке қатысушылар мен алынған нәтижелердің өңделуі сипатталады.
Үшінші тарауда студенттің зерттеу тақырыбы бойынша алған мәліметтері талқыланады, сұрыпталады, қорытындыланады. Бұл тарауда істелген жұмыс нәтижелерінің жемісті, жеміссіз болғаны айтылады, зерттеу болжамы бойынша алынған мәліметтер талқыланады.
Диагностикалық әдістемелерден құралған пакет толықтай сипатталады, психодиагностиканың өту ерекшелігі көрсетіледі, қолданылған психодиагностикалық бланктер қосымшаға кіреді.
Практика бойынша есептің көлемі 5-7 басылым мәтіндік беттен тұру керек.
Есептің мәтіндік бөлімі ПЭВМ қолдануымен Microsoft Word 97 (Microsoft Word 2000) Windows үшін мәтіндік редакторымен орындалуы керек.Есеп А4 (210 х 297 мм) параметірлерімен бір жақ бетінде басып шығарылу керек. Беттің параметірлері келесі түрде анықталады:сол жақ алаңы-3см, оң жақ-1см, төменгі-2см, жоғарғы-2см. Мәтіннің есебі Times New Roman (обычный), қаріпімен, өлшем-14, интервал-1.
Қорытынды конференцияға 5 минуттық сөз сөйлеуді дайындау керек, студент тәжірибе барысында жасалынған жұмысқа, нәтижеге қатысты өзінің ойын айтып көрсету керек. Қойылған міндеттер орыдалды ма, жаңа білімдер мен дағдылар иемделінді ме, сонымен бірге ұйымдастыру ісін жақсарту үшін өзінің тілегін айту керек.
Білімді бағалау тәртібі.
Білім алушының есебін тәжірибе жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғалады. Қорытынды баға тәжірибе базасынан тәжірибе жетекшісінің бағасы ескеріліп қойылады, оның қорытынды бағадан салыстырмалы салмағы 40 % құрайды, және университет атынан жетекші ұсынған есепті қорғау бойынша бағасы ескеріле отырып қойылады, оның қорытынды бағадан салыстырмалы салмағы 60 % құрайды. Есепті қорғау нәтижелері белгіленен балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша дифференцияланған сынақпен бағаланады.
Осыған орай:
-
Сипаттауда айтылған пікір;
-
Күнделіктегі жазбалардың мазмұны мен оны толтыру ұқыптылығы;
-
Есеп сапасы;
-
Қорытынды конференцияда сөз сөйлеу
ерекше ескеріледі.
Есепті тапсыру мерзімдерін бұзғаны, дәлелсіз босатулар немесе қандай да бір тапсырмаларды орындаудан бас тарту, күнделікті ұқыпсыз жүргізгені үшін бағалар әлбетте төмендетілетін болады.
Білім алушылар білімін бағалау критерийлері:
95-100. А «Өте жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмаарына сәйкес келеді, білім алушылардың оларды орындауға шығармашылық тәсілін бейнелейді, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шараларды, сабақтардың конспект-жоспарларын, олардың талдауын әзірлеу, тәрбиелік жұмыстың жоспары және т.б.), білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы жоғары бағалады, білім алушы есебінде тәжірибенің қысқа мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрініс табады.
90-94. А- «Өте жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмаарына сәйкес келеді, білім алушылардың оларды орындауға шығармашылық тәсілін бейнелейді, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шараларды, сабақтардың конспект-жоспарларын, олардың талдауын әзірлеу, тәрбиелік жұмыстың жоспары және т.б.), білім алушы есебінде тәжірибенің қысқа мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрініс табады.
85-89. В+ «Жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмарына сәйкес келеді, тапсырмалардың көбірегі жоғары шығармашылық деңгейде орындалған, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шаралар, сабақтардың конспект-жоспарлары, олардың талдау зерттемелері, тәрбиелік жұмыстың жоспарларыы және т.б.) қоса беріледі, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы жоғары бағалады, білім алушы есебінде тәжірибенің қысқа мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрініс табады.
80-84. В «Жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмаарына сәйкес келеді, тапсырмалардың көбірегі жоғары шығармашылық деңгейде орындалған, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шаралар, сабақтардың конспект-жоспарының талдамасы, тәрбиелік жұмыстың жоспарлары және т.б.) қоса беріледі, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы жақсы бағалады, білім алушының есебі тәжірибенің міндеттері мен мақсаттарына сай келеді.
75-79. В- «Жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмаарына сәйкес келеді, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шаралар, сабақтардың конспект-жоспарының талдамасы, тәрбиелік жұмыстың жоспарлары және т.б.) қоса беріледі, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы жақсы бағалады, білім алушының есебі тәжірибенің міндеттері мен мақсаттарына сай келеді.
70-74. С+ «Қанағаттанарлық» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмарына жеткілікті деңгейде сәйкес келеді, тәжірибелік қызметінің материалдары бар: өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың материалдары, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы қанағаттанарлық бағалады, есеп білім алушы жұмысының барлық басты бағыттары бойынша құрастырылған.
65-69. С «Қанағаттанарлық» - күнделікте тәжірибе тапсырмарын орындағаны туралы жазбалар бар, тәжірибелік қызметінің материалдары бар: пән мұғалімдерінің бағасымен, өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың материалдары, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы қанағаттанарлық бағалады, білім алушының толық есеп бар.
60-64. С- «Қанағаттанарлық» - күнделікте тәжірибе тапсырмарын орындағаны туралы жазбалар бар, тәжірибелік қызметінің материалдары үзінділермен берілген: пән мұғалімдерінің бағасымен, өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың материалдары бар, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы қанағаттанарлық бағалады, қысқа есеп бар.
55-59. D+ «Қанағаттанарлық» - күнделікте тәжірибе тапсырмарын орындағаны туралы жазбалар бар, тәжірибелік қызметінің материалдары үзінділермен берілген: пән мұғалімдерінің бағасымен, өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың ішінара материалдары бар, есепте тәжірибенің негізгі мазмұны қысқаша баяндалған.
50-54. D «Қанағаттанарлық» - күнделікте тәжірибе тапсырмарын орындағаны туралы жазбалар бар, тәжірибелік қызметінің материалдары үзінділермен берілген: пән мұғалімдерінің бағасымен, өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың ішінара материалдары бар, есепте жұмыстың басты бағыттары баяндалған.
0-49. F «Нашар» «Қанағаттанарлық» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмарына сай келмейді, тәжірибелік қызметінің материалдары лекцияның конспект-жоспарлары, мектептен тыс шаралардың талдамалары берілмеген, тәжірибе бойынша есеп жоқ.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі Негізгі:
1 Абдуллина О.А., Загрязкина Н.Н. Педагогическая практика студентов. – М., 2009. – 173 с.
2 Практика как основа профессиональной подготовки педагогов учебно-воспитательных учреждений. Алма-Ата, 2011. – 77 с.
3 Психологические основы педагогической практики студентов / Под ред. А.С. Чернышова. – М., 2010. – 139 с.
4 Психолого-педагогическая практика в системе образования / Ермолаева М.В., Захарова А.Е., Калинина Л.И., - М., 2009. – 288 с.
5 Соколова Н.Е., Михальчик Т.С. Методические указания к организации и проведению педагогической практики студентов – заочников педагогических институтов. М., 2012. 64 с.
Қосымша:
1 Вопросы практической психодиагностики и консультирования в вузе. / Под ред. Н.Н. Обозова. – Л., 1984. – 152 с.
2 Изучение личности школьника учителем / Под ред. З.И. Васильевой. – М., 1991. – 136 с.
3 Ингенкамп К. Педагогическая диагностика. – М., 1991. – 240 с.
4 Практикум по психологии / Под ред. А.И. Щербакова. – Л., 1970.
5 Психологическая диагностика / Под ред. К.М. Гуревича. – М., 1981. – 232 с.
6 Психологический анализ урока / Под ред. Н.Ф. Добрынина. – М., 1952. 119 с.
7 Психологичеческий практикум в школе. – М., 1979. – 109 с.
8 Психолого-педагогические аспекты анализа урока в школах инновационного типа / Масырова Р.Р., Линчева А., Алматы, 1998. – 159 с.
9 Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога: В 2 кн. – М., 1999. – 382 с.
ҚОСЫМША А
Оқу тәжірибесінде қолданылатын ғылыми-өндірістік, ғылыми-зерттеушілік, білім беру технологиялары
Оқу тәжірибесі кезеңінде бақылау, сұхбат әдістерін қолдану арқылы зерттеулер жүргізіледі.
Бақылау – психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің бірі.
Бақылауға қойылатын талаптар:
1. Мақсаттылық – бақылау жалпы оқушы (бала-бақша тәрбиеленуші) соңынан жүргізілмейді, ал оның әртүрлі жағдайда және қызметтің әралуан түрлерінде (ойында, оқуда, қарым-қатынаста, еңбектенгенде) нақты жеке ерекшеліктерінің, қабілеттерінің пайда болуын бақылау.
2. Жоспарлау – бақылаудың басталуына дейін белгілі міндеттерді белгілеу керек, жоспар, белгілерді (нені белгілеу екендігін), мүмкін қателіктер мен олардың алдын алу жолдары, болжалды нәтижелерді жоспарлап алу керек, сонымен қатар бақылау жүргізіліп жатқан ерекшеліктерді нақты анықтау қажет (олар көп болмауы керек). Бақылаудың соңғы мақсаты мінез-құлықтың анықталған кемшіліктерін түзету жолдарын дайындау болуы керек.
3. Дербестік – бақылау өз бетінше міндет болу керек, кейбір балаларда серіктестік сезімдерінің пайда болғандығы туралы білу, ол үшін осы сезімдерді ашуға көмектесетін шаралар ұйымдастырылады.
4. Жаратылыстық (табиғилық) – жаратылыс жағдайларында оқушы оны бақылап отыранын сезбеу керек.
5. Объективтік - студент (бақылаушы) баланың объективті мінез-құлқының ерекшеліктерін, әрекеттерін, фактілерді жазады және оның негізінде қисынды қорытынды ережелеріне қатаң сәйкес қорытынды шығарады.
6. Жүйелілік – жоспарға сәйкес, жүйелі немесе жоспарланған уақыт аралығында бақылау.
7. Белгілеу (жазып алу) - барлық деректер белгілі жүйе бойынша жүйелі түрде белгіленуі қажет. Алынған нәтижелер бақылау барысында немесе бірден жазылуы керек. Жазбалар хронологиялық тәртіпте жүргізіледі.
Бақылаған кезде мінез-құлықтың тек сыртқы көрінісі талданады.
Сұхбат – сұхбат жүргізушінің жауап алушымен (баламен, оқушымен) тікелей қатынасы процесінде ақпаратты жинау әдісі.
Сұхбат өткізудің ережелері:
1. Қарым-қатынасты балаға (оқушыға) жағымды тақырыптан бастау
2. Оның пікірін құрметтеу және қызығушылық таныту, тілектестік қарым-қатынас.
3. Сұхбат орны мен уақытын таңдау.
4. Куәгерлерсіз сұхбатты жүргізбеу керек (егер баланың көңіл қошы болмаса немесе сұхбатты бөліп кетсе)
5. Сұхбат жоспарлы болуы тиіс.
6. Студент-тәжірибеленушінің сөз қоры, қойылған сұрақтарының мәні түсінерлік, жас және жеке ерекшеліктерін, бейімділігін ескере отырып ұғынықты болуы керек.
7. Студент-тәжірибеленуші сұхбатта зейінді және икемді болуы керек.
8. Сұрақтар тура емес, жанама болуы керек, мысалы: «Сен неге сабақты көп босатасың?» деген сұрақтың орнына «Сені не қызықтырады? «Сен немен әуестенесің?» деген сұрақтарды қою.
9. Бір ұзын сұрақ қойғанша, бірнеше қысқа сұрақтар қойған дұрыс, сұрақтар жай болуы керек.
10. Сұхбат 30-40 минуттан көп созылмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |