Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Есеп және аудит кафедрасы
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне
Оқу практиканы өту жөніндегі
БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Павлодар
Практиканы өту жөніндегі бағдарламалар мен әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы
|
|
Нысан
ҰС ПМУ 7.18.3/22
|
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
-
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
____________Н.Э. Пфейфер
«____»______________ 201_ж.
|
Барлық меншік түрлеріндегі ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындардағы 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған оқу практиканы өту жөніндегі
БАҒДАРЛАМА МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың ҚР МЖМБС 6.08.009– 2008 және «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Кәсіптік практика. Негізгі ережелер» атты ҚР МЖМБС 5.03.005 – 2009 негізінде әзірленді.
Құрастырушылар:________________э.ғ.к. Мусина А.Ж.
________________доцент Ли Р.С.
Есеп және аудит кафедрасы
Кафедра отырысында ұсынылды
«___» _____________20__ ж, хаттама № ___
Кафедра меңгерушісі ______________А.Ж. Мусина «___» _____________20__ ж.
Қаржы-экономикалық факультетінің ОӘК мақұлданды
«___»______________ 20__ж., хаттама №____
ОӘК төрағасы________________А.Б. Темиргалиева «___» _____________20__ ж.
КЕЛІСІЛДІ
ҚЭФ деканы ____________Т.Я. Эрназаров «_____»_________20__ ж.
МАҚҰЛДАНДЫ:
КПжЖОБ бастығы _____________Н.Ж. Акимбекова «___»_____________20__ж.
ОҮЖжӘҚБ бастығы____________А.А.Варакута «_____»________20__ ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
«___»______________ 20__ж., хаттама №____
-
Практика мақсаттары мен міндеттері
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқу практика бакалаврларды дайындау оқу жоспарының құрылымды бөлігі болып табылады.
Оқу тәжірибесінің мақсаты студенттердің оқу үрдісінде алған теориялық білімдерін бекіту және әр түрлі меншікті кәсіпорындар мен ұйымдардың, мемлекеттік, бюджеттік мекемелердің жұмыс тәжірибесін зерттеу.
Оқу тәжірибесінің міндеттері:
-
кәсіби іс-әрекетімен бастапқы танысу;
-
таңдаған мамандық бойынша бастапқы тәжірибелік білімдерін және дағдырларының қалыптасуы;
-
таңдаған мамандыққа қызығұшылықты тәрбиелеу және теориялық білімдерді саналық игеруіне талаптану.
Оқу тәжірибесін өту нәтижесінде студенттер білу тиіс:
-
мамандық бойынша заңдық және нормативтік материалдарды;
-
есеп-қаржылық ақпаратты өндеу әдістерін;
-
мамандық бойынша құжаттаманы бақылау түрлері мен әдістерін.
Оқу тәжірибесінің нәтижесінде студент істей білу керек:
-
кәсіби іс-әрекетінде нормативті-заң құжаттаманы қолдану;
-
алынған теориялық білімді тәжірибеде қолдану;
-
мамандық бойынша құжаттарды рәсімдеу.
-
Пререквизиттер
Оқу практиканың бағдарламасын игеру үшін келесі пәндерді оқу барысында білімдері мен дағдыларі керек:
-
Мамандыққа кіріспе;
-
Ақпарат мәдениетінің негіздері;
-
Информатика;
-
Экономикалық теория;
-
Бухгалтерлік есеп қағидалары.
3 Постреквизиттер
Оқу практикасының бағдарламасын игеру нәтижесі болып студенттермен бухгалтерлік есепті жүргізуі ен ұйымдастыруы, кәсіпорын есеп саясатын құруы, қаржылық есептілік қалыптасуы саласында тәжірибелік білімдері мен дағдыларын игеруі табылады.
Экономикалық пікір-ойларының алынған тәжірибелік білімдері мен дағдыларын басқару есебін, аудитті оқуында, профидьдік пәндер бойынша курстық жұмыстарын орындауда пайдаланылады.
4 Практиканы өту графигі
Кесте - Бөлек пәндер бойынша практиканың өту графигі
Тапсырма мазмұны
|
Сағаттар
саны
|
Жұмыс күндерінің саны
|
1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу
|
6
|
1
|
2 Кәсіпорын қызметінің ұйымдастырушылық құрылымымен, бухгалтерлік есетілікпен танысу
|
12
|
2
|
3 Кәсіпорынның есеп саясатымен танысу
|
12
|
2
|
Барлығы
|
30
|
5
|
5 Практика мазмұны
1.Кәсіпорын (ұйым, мекеме) дамуының тарихи анықтамасымен, ҚР заңдарын, президент жарлықтарын қолдану бойынша кәсіпорындағы (ұйымдағы, мекемедегі) жұмысты ұйымдастыруымен танысу. Шаруашылық субъектілердің (ұйымдардың, мекемелердің) жарғыларымен (қағадаларымен) танысу.
2.Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) ұйымдастыру құрылымымен танысу. Бухгалтерияның құрылымымен және жұмысты ұйымдастыруымен танысу. Бухгалтерия қызметкерлерінің функционалды міндеттемелерін зерттеу.
3.Есептік саясатын қалыптастыру, бекіту ретімен, есептік саясатында бухгалтерлік есепті жүргізу нысандарымен және тәсілдерімен, түсіндіру хатында есептік саясатын ашып көрсетуімен танысу. Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қаржылық есебімен танысу. Қаржылық есебін және оның негізгі тарауларын сипаттау.
6 Студент міндеттері мен есептілік құжаттауын жасаудың талаптары
Студент міндетті:
-
бекітілген мерзімде жұмысын бастау үшін практика орнына уақытында келуге;
-
кәсіпорындағы (ұйымдағы) практика жетекшісіне келіп оны мен бірлесе отырып практиканың жеке күнтізбелік кестесін құрастыруға, оны өту орны және тәртібі туралы нұсқау алуға, кеңес алу орны және уақыты жөніндегі мәселені шешуге;
-
кәсіпорындағы (ұйымдағы) ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауға және оған бағынуға. Ережелерді бұзған жағдайда ұйым жетекшісі кейінен С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорына хабарлау арқылы студентке шара қолдана алады;
-
жеке күнтізбелік кестеге сәйкес, практика бағдарламасын орындау, көрсетілген жұмыстарды толық атқару өз мамандығы бойынша көбірек тәжірибе алуға ұмтылу. Есептеуде кемшіліктер болған жағдайда, студент оларды жоюға ат салысады. Егер кәсіпорында немесе ұйымда өзык тәжірибе бар болса, студент оны зерделеп, кеңірек таралуына көмектеседі (мысалы, пратика туралы есебінде, қортынды жұмысында сипаттау);
-
бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі мен ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды, қаулыларды, ұсыныстарды зерделеу, шаруашылық, қаржылық жұмыстарды бақылау кезінде нормативтік құжаттарды пайдалану тәсілдерін меңгеру;
-
шаруашылық операцияларды құжаттық ресімдеуге байланысты жұмыстарды орындауға үйрену және құжаттық ресімдеу тәртібін зерделеу, материалдық тұрғыдан жауапты адамдардың есептерін өңдеу, қабылдау кезінде бухгалтерлік есеп регистрына оепарцияларды жазып отыру, ағымдағы есеп деректерін жинақтау, есеп жасау және оның көрсеткіштерін талдау. Студент барлық жұмыстарды ұқыпты орындап, белгіленген тәртіпте есептерді өңдеп, қорытып, бухгалтерлік есептің регистріне істелген операцияларды жазып қоюға тиіс;
-
атқарылған жұмыстар үшін және оның нәтижелері үшін кәсіпорынның штаттағы қызметкерлерімен бірге жауап беруге;
-
күнделікті белгіленген үлгі бойынша жүргізуге және практика өтуі жөнінде есеп жасауға.
Өндірістік практиканы орындамаған немесе практика есебін қорғау кезінде нашар пікір алған немесе қанағат емес баға алған студент сабаққа жіберілмейді. Бұл жағдайда студент ректор рұқсатымен, қайта өндірістік практика өтуіне жіберіледі немесе университеттен шығарылады.
Есеп тематикалық жоспарға сәйкес реттілікпен құралады. Есеп мәтіндерді және графиктік материалдардың жасалу талаптарына сәйкес құралады.
Есепте барлық есептеулер, сандық мәліметтер, период бойынша есеп мәліметтері көрсетілуі тиіс.
Материалды жазу барысында есепте кәсіпорынның есебін ұйымдастыруының критикалық ескертулері келтірілуі, кемшіліктері мен жақсы жақтары көрсетілуі тиіс. Есепке, мүмкіндігінше, қосымша ретінде, кесте түріндегі бухгалтерлік есептіліктің регистрлері келтіріледі. Қосымшалар нөмірленеді. Есептің текстік бөлімінде сәйкес қосымшаларға сүйену болу керек.
-
Практика қорытындыларын жасау тәртібі
Әрбір студент бірінші күнінен бастап бір күннін ішінде атқарылған жұмысы жөнінде күнделік жүргізеді. Күнделікте студенттің қай күндері, қандай жұмыс орнында жұмыс істегені көрсетілуі қажет. Күнделіктен жұмыстың түрі көрініп тұруы қажет, ол өз бетінде, жүргізілген бе қандай көлемде орындалғаны белгілі. Күнделікті тиянақты мұкият толтыру қажет. Күнделіктегі жазбалар күн сайын практика жетекшісінің қол белгісі арқылы расталады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін практика жетекшісі жұмыс орнында студенттің пратика шеберлікті игеру деңгейін анықтайды және күнделікке баға қойып студенттің жұмысы жөнінде өзінің ескертулерін жазады.
Практика аяқталғаннан соң, күнделік практика жетекшісі қолымен және кәсіпорын мөртабанымен бекітіледі. Практика нәтижесі туралы практикант-студент есеп жасайды. Бұл есеп әр бөлім бойынша практика өту үрдісінде дайындалады. Есеп практиканың аяқталуы мерзіміне дейін дайын болуы тиіс.
Есепке практиканы өту күнделігі тіркеледі. Күнделіксіз кафедраға есеп қабылданбайды. Практиканы өту туралы есепте кәсіпорынның қысқаша мазмұны, зерттелген тақырыптар бойынша ұйымдастыру және есепке қою мәселелерін баяндау, бірізділік, есепте көрсетілуге тиісті. Шаруашылық операциялардың орындау тәсілдері мен өзара байланысты, бастапқы есептегі тұрпатты құжаттармен шаруашылық операцияларды ресімдеу сипаттамалары болуы тиіс.
8 Білімді бағалау тәртібі
Оқу практика бойынша қорытынды баға практика жетекшісі мен коммисия құрамының бағасына байланысты қойылады: жетекшісімен қойылған бағаның қорытынды бағасынан 40 % және есеп бойынша ПМУ коммисиясының қорытынды бағасынан 60 %. Әр баға 100 ұпайлық кесте бойынша қойылады.
9 Білімді бағалау критерийлері
90 ден 100 ұпайға дейін «өте жақсы» бағаға сәйкес болады, бұл баға тек практика бағдарламасының барлық талаптарына сәйкес, мінсіз орындалған болса ғана қойылады.
75 ден 89 ұпайға дейін «жақсы» бағасына сәйкес, егер студент маңызды емес қателіктер жасап, есепті жасауда, схемалар құруында жасаған қателіктерін өздігінен түзетіп алған болса ғана қойылады. Берілген баға, егер студент практика бағдарламасын 75 % игерсе қойылады.
50 ден 74 ұпайға дейін «қанағат» бағасына сәйкес, егер студент маңызды емес қателіктер жасап, есепті жасауда, схемалар құруында жасаған қателіктерін, мұғалім көмегімен түзетіп алған болса қойылады. Берілген баға, егер студент практика бағдарламасын тек 50 % игерсе қойылады.
0 ден 49 ұпайға дейін «қанағат емес» бағасына сәйкес, бұл баға егер студент есепті жасау және схемаларыды құру кезінде дөрекі қателер жасап, жеке тапсырманы орындамаған жағдайда қойылады.
Практика өтуі бойынша қорытынды ұпай академиялық рейтингті анықтау және студенттің курстан курсқа үлгерімінің орташа ұпайын есептеуі (GPA) бойынша ескеріледі.
Егер студент практиканы денсаулық жағдайына немесе белгілі бір себебтерге байланысты өте алмаса, ректормен бекітілген, практика өтуінің жеке мерзімін тағайындайды.
Нақты бір себептерге байланысты немесе қанағат емес бағалары бар, практиканы өтпеген студенттер, ректормен бекітілген, кафедра берген уақыт аралығында практиканы ақылық түрінде өтуі мүмкін.
11 Қолданылатын әдебиеттер
Негізгі
-
О бухгалтерском учете и финансовой отчетности: Закон РК от 28 фев. 2007 г. №234-III с изм. и доп.
-
Об аудиторской деятельности: Закон РК от 20 нояб. 1998 г. №304-I с изм. и доп.
-
Об частном предпринимательстве: Закон РК от 31 янв. 2006 г. №124-III с изм. и доп.
-
Об утверждении Национального стандарта финансовой отчетности № 1: Приказ Министра финансов РК от 21 июня 2007 г. №218.
-
Об утверждении Национального стандарта финансовой отчетности № 2: Приказ Министра финансов РК от 21 июня 2007 г. №217.
-
Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета: Приказ Министра финансов РК от 22 июня 2007 г. №221.
-
Международные стандарты финансовой отчетности. – Алматы: ИД «БИКО», 2008. – 512 с.
Қосымша
-
Родостовец В. В Шмидт О. И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Изд. «Центр Аудит Казахстан» 2000г.
-
Родостовец В. К. Родостовец В. В. Шмидт О. И. Бухгалтерский учет на предприятии. Изд. «Центр Аудит Казахстан» 2002 год.
-
Бургонова Г. Н. Каморджанова. Гостичный и туристкий бизнес. Особенности бухгалтерского учета и налого облажения. М.: Финансы статистика 1999год.
-
Толпаков .Ж. С. Бухгалтерский учет . Караганда 2004 год.
-
Бабаев Ю. А, Петров А. М Учет и контроль в общественном питании «Омега – Л», Москва 2006 год, 695 с.
-
Назарова В. Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. «Экономика» Алматы .2003 год.
-
Назарова В. Л Бухгалтерский учет в отраслях «Экономика». Алматы. 2005 год, 251с
-
Тулешова Г. К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1) Университет международного бизнеса, Алматы 2004 год,273с
-
Под редакцией профессора Соколова Я. В. Бухгалтерский учет «Проспект» Москва 2007 год 776с
-
Бюллетень бухгалтера
-
«Библиотека бухгалтера и предпринимателя».
Николаева Г. А.Сергеева Т. С. Бухгалтерский учет в оптовой торговле. М. 2002 год. Изд. «Приор»
Достарыңызбен бөлісу: |