Дене шынықтыру
|
Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қолды алға, жоғары, екі жаққа көтеру
Қолды артқа қою; оларды бүгіп, жазу, қолды шапалақтау
Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу.
Орнында жүру. Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу.
Негізгі қимылдар:
Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірінің қолдарынан ұстап, аяқтың ұшымен жүру.
заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу;
Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта жүгіру.
Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен
нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.
Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,5-1,5 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру;
Бір орында тұрып қос аяқпен секіру.
Мәдени-гигиеналық дағдылар.
Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.
Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек),
киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.
Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру:
нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.
|