Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет1/9
Дата20.09.2022
өлшемі44.92 Kb.
#460980
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
ересек топ перспектива




Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы:
Топ/сынып:Мектепалды даярлық
Балалардың жасы:5-6жас
Жоспардың құрылу кезеңі: қыркүйек айы 2022-2023 оқу жылы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қыркүйек

Дене шынықтыру
3сағ

-Бұрын үйретілген жаттығуларды қайталау,бекіту,қимыл біліктері мен дағдыларын жетілдіру;
-тұрмыста,көшеде,табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына жаттықтыру;
-дене бітімін және аяқ өкшелерінің нығаюын қалыптастыру.
-ертеңгілік гимнастиканы таза ауада орындауға қызығушылықтарын ояту.



Сөйлеуді дамыту
2сағ

-Ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
-ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту.



Көркем әдебиет
2сағ

-Көркем әдебиетке қызығушылыққа баулу.Оқу, әңгімелеу.
-шығармалардың эмоцианалды-бейнелік мазмұнын қабылдауға,
баяндау сипатын сезінуге баулу;
-әдеби жанр түрлерін түсіндіру:ертегі,әңгіме,өлең;
-балалардың театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын;таныс сюжеттер арқылы ертегілерді сахналау.



Сауат ашу негіздері
3сағ

 -Сөз және дыбыс терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру;
-балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету;
-қолды жазуға дайындау.



Математика негіздері
3сағ

-Жиын.Сандар түрлі жиындардың көрсеткіштері екендігі және жиын түрлі элементтерден құрылатындығы жайлы түсінігін дамыту;
-біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету дағдыларын қалыптастыру;
-заттардың ұзындығын,биіктігін,ені мен жуандығын белгілей білуге,
заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету.



Қоршаған ортамен таныстыру
2сағ

  • -Күзде табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға,

  • айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету;

  • -әлеуметтік дағдыларын дамыту және қалыптастыру;туыстық байланыс,өзінің жасын,толық аты-жөнін,тегін,ата-анасының,отбасы мүшелерінің аты-жөнін айта білу;

  • -танымдық-зерттеушілік қызметті дамыту.


Қазақ тілі
2сағ



-Сөйлеу әрекетінің түрлерін тыңдалым,айтылым,оқылым,жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және тілдік нормаларды сақтай отырып іс-әрекетте және күнделікті өмірде қолдану;
-балалардың сөздік қорын байыту.



Құрастыру
Сурет салу
Мүсіндеу
Жапсыру
1сағ

Құрылыс материалдарынан,конструктор бөлшектерінен құрастыру;
-әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
-Балалардың өнер туындыларын қабылдау қабілеттілігін,
эмоцианальды қатынасын қалыптастыру;
-балаларды елестету және заттарға қарап сурет салу дағдыларын қалыптастыру.Бояумен жұмысты жетілдіру.
-Балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі заттарды бейнелеуде барлық қол білектері мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып,мүсіндеуге үйрету.
-заттарды түрлі қалыпта мүсіндеуге,бейненің жеке шешімін өздігінен табуға үйрету;
-балаларды мүсіндеудің таныс әдістерін қолдануды және заттардың өлшемдік қатынастарын бере білуге жаттықтыру.
-Балалардың қайшыны қолдану біліктерін бекіту:жолақшаларды тікбұрыштар етіп қию,шаршыларды үшбұрышты етіп қиюды үйрету;
екіге бүктелген қағаздан,түрлі қатпарлы бейнелерді қиюды;дайын пішіндерден заттардың бейнесін қиып жапсыруға үйрету;
-балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету.



Музыка
2сағ

-Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын,олардың сипатын,көңіл күйін,әсерлі реңктерін ажырату.
-дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету.
-әннің сипатын қабылдау,дауысын дұрыс келтіріп орындау.
-музыкалық-ырғақтық қимылдар орындау,музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту.
-музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет