Металл қалыпқа құю



бет1/5
Дата31.03.2023
өлшемі2.42 Mb.
#471502
  1   2   3   4   5
Металл қалыпқа кұю

Металл қалыпқа құю

 

Орындаған: Алшеры Диас ХМиСК 21-11

Жоспары:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  • Үлгі, өзекше жəне опока жасау
  • Өзекше жасауға арналған қоспалар
  • Қалып жасау
  • Құйманың кемшіліктері жəне оларды жою жолдары
  • Құюдың ерекше түрлері
  • Қабықты қалыптарға құю
  • ІІІ.Қорытынды

    IV.Пайдаланылған әдебиеттер


Құю өндірсінде қара жəне түсті металдар мен олардың қорытпаларын арнаулы қалыптарда құю арқылы құймалар алынады.
Құйма жасау үшін балқытылған металл ішкі кеңістігінің түрі жасалынатын бұйымның сыртқы түріне сəйкес етіп жасалған қалыпқа құйылады. Металл қалыпта тұрып салқындағаннан кейін түрі қалыптың ішкі кеңістігіне ұксас құймаға айналады.
Құю өндірісі
Үлгі жасау
Белгілі формалы деталь құю үшін сол детальдың алдымен үлгілері жасалады. Үлгі жасау үшін: үлгі плитасы, өзекше, жəшіктері, опока, үлгінің өзі жабдықтар пайдаланылады. Үлгінің сыртқы көрінісі құйманың формасына ұқсас, өлшемдері құйма өлшемдерінен артық болады. Үлгінің өлшемдері металдың отыру коэффициенті мен құйылған құйманы механикалық өңдеуден өткізуге арнап қалдыратын сапасының шамасына байланысты есептелінеді.
Үлгі, өзекше жəшіктерін дайындау
Өзекше қоспасын дайындау
Қалып жасайтын қоспа дайындау
Өзекше жасау
Қалып жасау
Өзекшені кептіру
Металды балқыту
Қалыпты кептіру
Қалыпты құрастыру, құю
Қалыптан құйманы бөлу
Өзекшені құймадан бөлу
Құйманы тазарту, кесу
Құйманы тексеру
Төменде құйма құюдың технологиялық сызбасы көрсетілген:

Үлгі, өзекше жəне опока жасау

1 – сурет. Деталь сызбасы (а), ажырайтын үлгі (б), өзекше жәшігі (в) және құю жүйесінің үлгілері (г):

1,2 – жоғарғы жне төменгі жарты үлгілері; 3 - өзекше жәшігі;

4 - өзекше; 5 – төлкелер; 6 – тиектер; 7 – арнаның үлгісі; 8 – шлакұстағыштың үлгісі; 9 – қоректендіргіштің үлгілері; 10 – выпордың үлгісі


Опока дегеніміз – қоспаны салып, қалып жасауға арналған рамка. Құю қалыптары бір немесе екі опокалы етіп жасалуы мүмкін, көбінесе, екі опокалы етіп жасалады. Опока ағаш, шойын, болат жəне түсті металдар қорытпаларынан жасалады. Ағаштан жасалған опокалар аз сериялы құю өнімдерін алу үшін, ал металдан жасалған опокалар көп сериялы құю өнімдерін алу үшін пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет