Тапсырмалар: 1-тапсырма



Дата05.12.2022
өлшемі19.64 Kb.
#466459
Тапсырмалар 1-тапсырма


Тапсырмалар:
1-тапсырма. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерін пайдалана отырып, төменде келтірілген сөздерге омоним болатын сөздерді тауып жазыңыздар, оларға түсінік беріңіз.
Барыс, бақ, бақыр, блок, бөген, бұршақ, дана, жады, жазу, жару, жастық, жете, қию, сырттан, тап, еңбек, парла, түбек, ұшық.
Барыс – жеті септіктің бірі; барыс – жыртқыш аң.
Бақ – бау-бақша өсіретін бақ; бақ – бақыт ұғымындағы бақ.
Бақыр (бақыраш) – темір шелек, ожау; бақыр (тиын) – ұсақ сауда жасауға пайдаланылатын мыстан, күмістен соғылған тиынның жалпы атауы.
Блок – cсаяси-әлеуметтік топтардың өзара келісімі, одағы; блок – жүк көтергіш машиналардың шеңберінде арқан (трос, жіп, шынжыр) асуға ыңғайлап жасалған ойық белдеуі бар доңғалақ пішінді бөлігі.
Бөген – жылқының құйрық қылының түсіп қалуына байланысты қышыма ауру; бөген – қайықтың, шапаның табаны мен екі қабырғасын бекітіп тұратын ағаш.
Бұршақ – кішкентай домалақ болып, мұз күйінде түсетін атмосфералық жауын-шашын; бұршақ – ұрығы қабық ішінде жататын, сопақша келген дақылды өсімдік және осы өсімдіктің дәні; бұршақ – көгеннің желісіне тізбектелген, қозы-лақты мойнынан байлайтын, ұшы түйілген екі-үш қарыстай бүлдірге жіп.
Дана – кемеңгер, ақылды, данышпан; дана – біртектес, біртүрлі заттардың сан мөлшері, дара саны.
Жады – бас айналдырып, көз байлап дуалап арбаушы, сиқыр: жады –
ескі наным бойынша сиқырлы күштің әсерінен болатын сырқат.
Жазу – адам ой-пікірінің қағаз бетіне түсірілген сөз, әріп, таңбалар жүйесі; жазу – бұйрық, жазмыш.
Жастық – ішіне құс мамығын салған, бас артына салу үшін жасалынған үй бұйымы; жастық – ердің үстіне салатын көпшік; жастық – жас шақ, балғын кез.
Жете – орақтың, пышақтың, т.б. сабы мен жүзінің қосылған жері, сағағы, мойыны; жете – адамға ғана тән сана, ақыл, ұғым; жете – арғы тегі, жеті атасы.
Қию – бір нәрсенің қиюласқан жері, қиыны; қию – сәті түсу, орайы келу; қиюы қашты – берекесі кетті, сәті түспеді.
Сырттан – алғыр, күшті, қырағы әрі сақтығымен ерекшеленетін зор ит, қасқыр; сырттан – құмда өсетін улы, шөптесін өсімдік.
Тап – туыстық, нәсілдік, кәсіптік жөнімен оқшауланған белгілі бір топ; тап – өндірістің тарихи жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жадығының қатынасына, қоғамдық жолмен ұйымдастырылған еңбек өнімінің үлес мөлшері мен оны алу әдісіне қарай ажыратылатын адамдардың үлкен тобы; тап – бір заттың екінші бір затқа түсірген таңбасы, ізі, дағы; тап – шоқтың қоламтасынан қалған жылы леп, қызу; тап – іздегенін кездестіру, кезіктіру, иелену.
Еңбек – адамның өз қажетін қанағаттандыруға бағыттаған жұмыс, қызмет; еңбек – жас сәбидің төбесіндегі былқылдап тұратын жері.
Парла – екі-екіден жұптау, қос-қостан қосарлау; парла – денеден қатты тер шығу, буы бұрқырау.
Түбек – бір жағы құрлықпен шектесіп, қалған жағы сумен қоршалған жер бөлігі; түбек – сәбиді бесікке бөлегенде, жаялығы былғанбас үшін бесіктің астын тесіп орнатқа киіз не басқа зат.
Ұшық – ұшынудан бет-ауызға шығатын бөртпе, сулы жара; ұшық – дәнді-дақылды қырманға ұшырғанда бөліп шығаты жарықшақ дән; майда ұшырынды; ұшық – инеден қалған жіптің үзігі, ұшы; ұшық – ұшығу, қағыну, зақымдану.


2-тапсырма. Төмендегі үзінділерден қолданыс үстінде антоним болып тұрған сөздерді тауып, олардың мағынасына және жасалу жолдарына талдау жасаңыздар.
1. Ақын жаны оңай жараланады, оңай жазылады, емі көп (Ғ.М.).
2. Мықтысы әлсізін талап, қырқысып жатқан мынау қиянаты мен күнәсі мол дүниеде күнәһар болмай, тал бойын таза алып жүрген жалғыз кісі бір өзі сияқты (Ә.Н.).
3. Енді бұрынғыдай біреудің иығын паналамай, жауласқан жерде бойын көрсетіп қап жүр (Ә.Н.).
3-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдерін түгелдей келтіріп, синонимдік қатар құраңыздар, оларға ұйтқы болып тұрған тірек сөзді (доминант сөзді) көрсетіп түсінік беріңіздер. Талдау үшін «Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерін», «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігін» пайдаланьңыздар.
Абайлау, аласа, алыс, араз, асығу, ауру, бала, барлық, бет, дардай, епті, зат, кездесу, кенеттен, қорқу, мезгіл, реті, сотқар, тәрізді, уайым.
4-тапсырма. Төмендегі көп мағыналы сөздер мен омонимдердің мағынасына талдау жасап, олардың әрқайсысының мағынасына синоним болып келетін сөздерді анықтаңыздар.
Үлгі: жол көп мағыналы сөз, бір мағынасы – соқпақ, оған сурлеу, із сөздері; екінші мағынасы – әдіс, оған тәсіл, айла, есеп сөздері синоним болып тұр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет