Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы: «Акмола облысы білім беру басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі» КММ жаныңдағы «Балдаурен» шағын орталығы
Балалардың жасы: 4-5 жас
Топ: ересек тобы
Жоспардың құрылу кезеңі: Қыркүйек айы, 2022-2023 оқу жылы
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
Қыркүйек
|
Дене шынықтыру
|
Негізгі қимылдар. Сапта бір-бірден жүру, жүруді жүгірумен алмастыру,. Өкшемен жүру. Бір орында тұрып, қос аяқпен секіру (2-3 рет 10 рет секіру, жүрумен кезектесу). 10 метрге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша төрттағандап еңбектеу.Доптарды бір-біріне домалату. Бір-бірден сапқа тұру. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу арқылы орындау.
|
Сөйлеуді дамыту
|
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, үнді және ызың дыбыстарды анық айтуды үйрету.
Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану
|
Көркем әдебиет
|
Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу.
Тыңдалған шығарманың мазмұнын қайталап айтуға, қысқа өлеңдерді, санамақтарды жатқа
айтуға, шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға баулу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |