Бағдарламасы негізінде 2023-2024 оқу жылына арналған қазақ тілінен ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


НАУРЫЗ Қазақ тілі Тілдік дамытушы орта



бет6/8
Дата26.09.2024
өлшемі112.5 Kb.
#504041
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
мектепалды топ

НАУРЫЗ

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта. Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен туған өлкенің көрнекі жерлері, әсем табиғаты, тарихи орындары туралы суреттер, фотолар, альбомдармен жабдықталған орта құру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс айту мен есте сақтау, оларды қолдану икеміне; тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Күнделікті өмірде кездесетін киіз үй, шаңырақ, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, құстар, көктем мезгілі атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған киіз үйдің заттарын және тұрмыстық заттарды білдіретін (кереге, уық, шаңырақ, ағаш керует, кебеже, сандық, кілем, сырмақ, алаша, ши, бау, арқан, жіп) салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу. Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу. Балаларды шешендік өнерге, айтыс өнеріне баулу.
8-ге дейін тура және кері санауды бекіту.
Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу. Таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізуге, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беруге, шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге баулу, шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет