Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізі – сабақтағы мәтінмен жұмыс



бет1/4
Дата04.10.2022
өлшемі38.64 Kb.
#461942
түріСабақ
  1   2   3   4
00141575-80dd5b18 (1)


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың
негізі – сабақтағы мәтінмен жұмыс
Қазіргідей үздіксіз өзгерістер мен жаңа технологиялар заманында біздің жастарымыз үшін түрлі ғылым саласын жәй ғана білуі жеткіліксіз. Жаһандану заманында білімді болумен бірге сол біліміңді өмірде тиімді қолдану, кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің жолдарын таба білуі маңызды.
Осыған байланысты елімізде оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы зор. Мәтін – географияны оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады.
Оқу сауаттылығының 3 құрамдауышы (жағдай, мәтін, аспект) бойынша оқушыларды мәтіндермен жұмыстандырып, сол мәтіндердегі шынайы мысалдарды неғұрлым көбірек табуға жұмыстандыру арқылы мәтін типін зерттеуге қатыстыру, мәтінде берілетін қорытынды ойды беретін сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізу тиімді. Мәтінмен жұмыс істеуде: мәтіннен ақпарат алып, оған тақырып таңдап, мәтіннің жалпы мағынасын беретін тезис құрап, графиканың негізгі бөліктері мен картаның, суреттің мақсатын түсіндіру, салыстыру және мәтіннің сипаты мен түрін анықтау керек. Мәтіннен ақпарат табу үшін оқушы мәтінді оқи отырып, оның негізгі бөліктерін айқындап, ондағы айтайын деген негізгі ойды табады. Сонымен бірге мәтіндегі түрлі ақпаратты салыстырып және қарама-қарсы қойып, тезистер арқылы қорытындылар жасайды
Негізгі мәтін – оқулықтың ядросы. Ол меңгерілуге тиісті курстың бағдарламалық материалының логикалық жағынан байланысқан, жүйелі түрде баяндалуы болып табылады. Мұғалім онымен екі бағыт бойынша жұмыс істейді:

  • Кітаптың әртүрлі компоненттерін, басқа да оқу құралдарын пайдалана отырып, оқушыларға оқу материалын түсіндіреді.

  • Материалды өз бетінше игеруді ұйымдастырады (материалды түсіндіруге, негізін бөліп алуға,қандай нәрсеге назар аударуға, керек болған жерде қиын немесе түсініксіз жерлерді түсіндіріп береді). Сондықтан, балаларды оқи білуге оқыту үшін үнемі уақыт бөлу керек.

Мәтінмен жұмыс істеу тәсілдері әр түрлі. Олар шартты түрде мынандай топтарға бөлінеді:
Мәтінмен жұмыс істеу тәсілдері


Алғашқы қабылдау: Талдау және қайта құру: Қайталап еске түсіру:

  • Көз жүгірту

  • Оқу

  • Таңдап оқу



  • Мәліметтерді табу

  • Анықтамаларды бөліп алу

  • Жоспар құру

Цитата келтіру
Мазмұнын айту


  • Конспектілеу

  • Анықтама құрастыру

  • Ұқсас және өзгеше жақтарын бөлу

  • Сызбалық конспектілеу

  • Тезарус құрастыру

  • Аннотация жасау

  • Түсіндірмелік оқу

Оқу процесінің басты тәсілдерінің бірі – мәтінге талдау жасау, яғни оны логикалық бөліктерге бөліп, олардың арасындағы өзара байланысты анықтау, оның құрылымдық принціптеріне көз жеткізу. Әдетте, талдау жасауға мәтіннің қайта құрылуы – ілесе жүреді.
Алғаш білімді жүйелеп, ең бастысын анықтау және негізгі жағдайларды еске түсіру үшін балаларды мәтіндегі материалды баяндаудың жоспарын жасауға үйретудің маңызы зор. Қысқа уақыттың ішінде бұл біліктілікті игеру үшін мәтіннің ыңғайлы, шағын фрагменттерін таңдап алу керек. Алғашында жұмысты оқушылармен бірге отырып жүргізген дұрыс. Бұл негізгі операциялар бізге жақсы таныс: балалар мәтінді оқып, оны жеке бөліктерге бөледі, оларға тақырып таңдайды. Одан соң қалыптасқан жоспар бойынша өз сөздерімен мазмұнын айтып, әр бөлімдерге қойылған сұрақтарға жауап береді.
Жоспар қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Төменде «Еңбек ресурстары және экономикалық белсенді халық» 2-ші параграфша бойынша қарапайым жоспардың мысалы келтірілген:
Жоспар: еңбек ресурстары және ЭБХ:

  1. Жұмыс жасының шекарасы

  2. Еңбек ресуртары, олардың құрамы.

  3. Еңбек ресурстары санының өзгерісі.

  4. Экономикалық белсенді халық.

  5. Жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздар.

  6. ЭБХ таралып орналасуы

  7. ЭБХ-ң мемлекеттік және жеке меншік секторға бөлінуі.

Күрделі жоспардың үлгісін «Ауылдық қоныстанудың географиялық ерекшеліктері» деген параграфшаның фрагменті бойынша береміз:

  1. ҚР халқы.

  2. Ауылдық қоныстанудың қалыптасу кезеңдері:

  1. XVII-XVIII ғ.ғ.;

  2. XIX-XX ғ. басы;

  3. Кеңестік кезең;

  4. Қазіргі кезең;

  1. Ауылдарды халық саны бойынша топтау:

  1. Шағын

  2. Орташа

  3. Ірі

  1. Ауылдарды атқаратын функциялары бойынша топтау:

  1. Әр түрлі функциялы;

  2. Аз функциялы

  1. Ауыл халқының географиясы

  2. Ауылдық қоныстануға табиғи жағдайлардың әсері.

Келесі бір жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін маңызы үлкен біліктілік - конспектілеу және жоспар-конспект құрастыру (конспект –кез-келген мәтін мазмұнының қысқаша жазбасы) бұл біліктілікке жаттығу үшін «экономикалық-географиялық жағдайы: «плюстары» мен «минустары» деген параграфша қолайлы болып келеді. Оны мынандай түрде беруге болады:
Жоспар-конспект:ЭГЖ



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет