Бағдарламасы Нысан пму ұс 18. 2/06 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



Дата24.02.2016
өлшемі257.59 Kb.
#13902
түріБағдарламасы

Жұмыс бағдарламасы





Нысан

ПМУ ҰС Н7.18.2/06





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Философия және мәдениеттану кафедрасы

Жұмыс Бағдарламасы




«Қайта Өрлеу және Жаңа заман мәдениеті» пәні бойынша


050204 «Мәдениеттану» мамандықтарының студенттері үшін

Павлодар



Мемлекеттік жапыға міндетті мамандықтың білім стандарты мен типтік бағдарлама негізінде әзірленген

пәіннің жұмыс бағдарламасына бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/06


БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор

________ Н.Э.Пфейфер

200_ ж «____»________


Құрастырушы: аға оқытушы Кемалова ДЖ _______

Философия және мәдениеттану кафедрасы
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Қайта Өрлеу және Жаңа заман мәдениеті» пәні бойынша


050204 «Мәдениеттану» мамандықтарының студенттері үшін


Жұмыс бағдарламасы 050204 «Мәдениеттану» ҚР МЖБС 3.08.274-2006, №671 бұйрығымен бекітілген, және 050204 Мәдениеттану типтік бағдарлама 22.06. 2006 жылы РОӘК б±йрыѓымен негізінде әзірленген
200 ж. « »______ кафедра отырысында ұсынылған № __ хаттама

Кафедра меңгерушісі_____________________ А. Ж. Ерманов


Тарих және құқық факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданған

« »_______ 200 ж. № __ хаттама


ӘК төрайымы____________________________ Н.И.Мошна

КЕЛІСІЛДІ
ТжҚ Факультет деканы ___________________ А.А.Ақышев « »___ 200 ж.


ЖжӘҚБ ҚҰПТАЛҒАН

ЖжӘҚБ бастығы_____________________ Л.Т. Головерина « »__200 ж.



Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Қайта Өрлеу және Жаңа заман мәдениеті» өқу пәні бойынша типтік бағдарлама МЖБС сәйкес мәдениеттану бөлімінің студенттеріне арналып, кредиттік білім беру технологиясы негізінде құрастырылған. «Қайта Өрлеу және Жаңа заман мәдениеті» өқу пәні бойынша типтік бағдарлама университеттердегі мәдениеттану және өнерзерттеуші бөлімдерінің бакалавриаттағы студенттерге арналған.



Пәннің мақсаты – Қайта Өрлеу және Жаңа заман дәүірлердің динамикасын зерттеу, олардың типологиялық ерекшеліктерін қарастыру.

Пәннің міндеті:

  • студентерде мәдениеттің даму сатыларының ерекшеліктері туралы

білімін қалыптастыру;

  • осы сатылардың сапалы ерекшеліктерін түсіну. Олардың әр

қайсысының өзіндік «жүзі» бар, өзіне тән ерекше «заман рухы» бар, өзінің мәдени парадигмасымен, өзінің сана доминантасымен сипатталады;

  • адамзат прогрессіне қосқан әр сатының шынацы үлесі туралы білімді

тереңдету;

Студент білу керек:

  • Осы кезеңдер мәдениетінің негізгі жетістіктерін;

  • Осы кезеңдердің мәдениет мұраларын;

  • Әр кезеңнің кемеңгерлерін;

  • Әр кезеңнің құндылықтар жүйесін

Студент істей алу керек:

құрастыратын базалық, түйінді түсініктемелермен қолдану білу;

  • Қайта Өрлеу мәдениетінің құндылықтарын түсіну;

  • Белгілі кезеңдердің мәдениетінің теоретикалық мәселелерінде

хабардар болу керек.

Пререквизиттер:

«Қайта Өрлеу және Жаңа заман мәдениеті» пәнін табысты түрде меңгеру үшін келесі пәндермен таныс болу қажет: мәдениеттану, Ежелгі Шығыс мәдениеті, антика мәдениті, ежелгі әлем тарихы, орта ғасырлар тарихы.



Постреквезиттер:

«Қайта Өрлеу және Жаңа заман мәдениеті» өқұ пәні базалық курс ретінде оқытылады және келесі пәндермен тығыз байланысты: этика, эстетика, мәдениет теориясы, дінтану, философия, философия тарихы, өнер тарихы. Осы аталып кеткен пәндер студентті гуманитарлық ғылымның кеңістігіне еңгізеді, оқушының мәдениетті кең контекстінде қарастыру туралы білімін кеңейтеді, осы пәндер берілген пәндердің заттық объектілерімен байланыс орнатылады, тұлғалық дүниегекөзқаратығын және ойлаудың оптималды тану мен амалын дамытуға мүмкіндік туғызады және

диалог мәдениетін дамытады.



Пәннің тақырыптық

жоспары





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/10






3 пәннің мазмұны


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/с

Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

Зертх.

ОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе.

Италиядағы Қайта Өрлеу мәдениеті. Италиядағы ренессанстық мәдениеттің пайда болу тарихи алғышарттары



2

2

-

8

2

XV ғ. Ренессанстік мәдениет: негізгі ерекшеліктері мен даму сатылары

2

2

-

8

3

Алғашқы қайта өрлеудің сәулет өнері мен бейнелеу өнері

2

2

-

8

4

XVI ғ. Италиядағы Қайта Өрлеу мәдениеті. Биік қайта өрлеу

2

2

-

8

5

Кеш Қайта Өрлеу мәдениеті

2

2

-

8

6

XV-XVI ғ. Аяғындағы Германия мәдениеті. Германиядағы гуманизмнің қалыптасуы.

2

2

-

8

7

Ғылым мен әдебиет дамуы

2

2

-

8

8

Өнер. Сәулет өнері

2

2

-

8

9

XV –XVI ғ.ғ.

Франциялық Қайта Өрлеуі



2

2

-

8

10

XV-XVI ғасырлар аяғындағы Нидерландыдағы Қайта Өрлеу

2

2

-

8

11

XVII ғасырдағы Еуропа мәдениеті

2

2

-

8

12

Ағартушылық дәүірінің мәдениеті. Француз ағартушылығы

2

2

-

8

13

Неміс ағартушылығы

2

2

-

8

14

XVIII ғасырдың стилдік және жанрлік ерекшеліктері

2

2

-

8

15

XIX ғасырдың батыссеуропалық мәдениеті. XIX ғ. аяғындағы батысеуропалық мәдениеттің жаңа бағыттары

2

2

-

8

БАРЛЫҒЫ:

30

30

-

120



3.2 ПӘННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1 Кіріспе. Италиядағы Қайта Өрлеу мәдениеті. Италиядағы ренессанстық мәдениеттің пайда болу тарихи алғышарттары

Антропоорталық- Ренессанстің басты идеясы. Адам және гуманизм идеалдары. Антикалық идеалдарға қайтудың объективті алғышарттары. Адамның ақыл-ойының күші мен бостандық орнатуы. Ренессанстағы Адам-титан идеалы. Дәүір ерекшеліктері: ізденіс қалпы, қағмдаға айналдырған варианттарының жоқтығы. Италиядағы Қайта Өрлеу мәдениетінің кезеңдерге бөлүі. Итальяндық қалалар дамуының әлеуметтік-экономикалық алғышарттары және олардың жаңа мәдениеттің тууындағы ролі. Сауда жолдарының қайта бағыталуы. Ұлы жоғрафиялық ашулар және олардың Еуропадағы экономикалық және мәдениеттік дамудағы ролі. XII-XIII ғ.ғ. Еуропаның ортағасырлық мәдениеттегі Ренессанстың идеялық алғышарттары. Мектептер мен университеттер санынының дамуы. Антикалық мұраға жаңа көзқарас. Әлеми-белсенді тұлғанынң жаңа идеалының қалыптасуы. Интеллигенцияның жаңа мәдениеттің қалыптасуындағы ролі.


Тақырып 2 XV ғ. Ренессанстік мәдениет: негізгі ерекшеліктері мен даму сатылары

Ренессанстық мәдениеттің бірінғай кватроченто кезеңнің шеңберіндегі дамудың екі сатысы, олардың ерекшеліктері. Италияның әр түрлі қалаларындағы ренессанстік мәдениеттің копшілік орталықтарының пайда болуы. Гуминистердің өзін өзі ұйымдастыру түрлерін іздеу: қоғамдастықтар, үйірмелер, академиялар және т.б. қалау.


Тақырып 3 Алғашқы қайта өрлеудің сәулет өнері мен бейнелеу өнері

Флоренцияның Қайта Өрлеу көркем өнерінің дамуындағы ролі. Ф. Брунеллески (1377-1446), Донателло (1386-1466) және Мазаччо (1401-1428) сәулет өнері мен бенелеу өнерінің дамуындағы жаңа кезеңді негіздеуші ретінде. Брунеллески шығармашылығында көпшілік ғимараттарын салудың жаңа принциптерінің қалыптасуы. Оның атақты ғимараты - Санта Мария дель Фьоре шіркеуінің күмбезі, онда готика мен антика әлементтерінің тіркесімдігі. Донателло бенелеу өнерінің реформаторы ретінде. Оның жаңашылдық көріністері: «Георгий әулие», «Давид», кондотьер Гаттемелатаның атты мүсіні.Мазаччо және оның бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі. Гиберти (1378-1455) және оның рельефтері


Тақырып 4 XVI ғ. Италиядағы Қайта Өрлеу мәдениеті. Биік қайта өрлеу

XVI ғ. Итальяндық қалалардың саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы; қоғамнының түрлі қабаттар идеологиясының өзгеруі. Ренессанстік мәдениеттегі дағдарыс құбылыстарының пайда болуы мен маньеризмнің пайда болуы. Гуманистук идеалдардың ауысуы. Меценаттік әлеумимәдени құбылыс ретінде. Рим XVI ғ. Бірінші жартысы ренессанстік архитектіруның басты орталығы. Браманте (1444-1514) сәулет өнерінде жаңа стилін шығарушысы. А. Палладио (1508-1580) ренессанстік сәулет өнерінің дәстүрлерін жалғаушысы ретінде. Бейнелеу өнеріндегі гуманистік идеалдардың жүзеге асыруы. Леонардо да Винчи (1452-1519) және оның әлем тануда универсализмі. Оның жаңа құрал мен көркем тәсілдерін («сфумато» техникасы) өндеу. Оның әлемге әйгілі «Мона Лиза», «Құпия кеші». Микеланджело Буонарротти (1475-1564) әйгілі мүсінші, сәулетші, сүрет салушы. Оның мүсін өнеріндегі шығармашылық мәнерінің ерекшелігі. «Давид» Флоренцияның символы ретінде. «Сикстин капелласы» көркем сүреті. Киелі Петр соборының құрылыс жұмастарын басқару және Римдегі Капитолий аланы деген тамаша ансамблін жасау. Рафаэль Санти (1483-1520) әсем мадонналарды жаратушы және «Сиксин мадоннасы» деген композициясы оның шығармашылығының ұшар басы. Оның портреттері. Ватикан сарайының «станц» (салтанатты қонақ бөлме) безендіруді меңгеру.


Тақырып 5 Кеш Қайта Өрлеу мәдениеті

Кеш Қайта Өрлеу кезеңінде (40-80 ж.ж.) итальян мәдениетіндегі өзгерістер және оның себептері. Кеш Қайта Өрлеу әдебиеті: қайғыру мотивтерінің пайда болуы, әсіресе новеллистикада. Т. Тассо (1544-1595) поэзиясы кеш Қайта Өрлеу поэзиясының шыңы. П. Аретино (1492-1556) пьесаларында комедиялық жанрдың дамуы, автобиографиялық жанрдың дамуы. Утопиялық оқулардың пайда болуы. Т.Мор мен Т Кампанелла утопиялық коммунизмнің негіздеушілері.


Тақырып 6 XV-XVI ғ. Аяғындағы Германия мәдениеті. Германиядағы гуманизмнің қалыптасуы.

XVI ғ. басына қарай Германиядағы әлеуметтік-тарихи дамудың ерекшеліктері. Геманидағы гуманизмнің ерекшелігі. Ең алдына рухани кемелді өзінің мақсат ретінде қоятын діни-философиялық ілімдердің пайда болуы. Италияның гуманистік мәдениетінің ықпалы. Гуманизм идеяларының университеттерге сіңуі; діни және шіркеу-саяси сұрақтары басымды гуманитарлық пәндер комплексін өқыту. Кітәпбасудың білім алудың кеңейтуінде ролі. Германиядағы гуманизмнің негізгі орталықтары және оның даму ерекшеліктері.


Тақырып 7 Ғылым мен әдебиет дамуы

XVI ғ. Табиғаттану тарихы жинақтау, сүреттеу және тәжірибе жүелеу кезеңі. Георгий Агрикола (1494-1555) және оның «Тау-кен жұмысы және металлургия туралы» деген еңбегі. Леонардо Фукс (1501-1566) ботаникалық білімнің ең ірі жүйеге келтіруші. Космографияның жер жүзін универсалды сүреттемесімен пайда болуы. С. Мюнстердің (1489-1552) "Космографияссы" және оның мәні. Иоганн Кеплер (1571-1630) жаңа астрономияны басты құраушылардың бірі. «Жаңа астрономия», «Әлем гармониясы» деген еңбектерінде Күнды басқа планеталар аралауы заңын жариялау. Сол дәүірдегі ғалымдардың рационалды білімдерімен мистикалық және астрологиялық білімдермен сай келуі.



Тақырып 8 Өнер. Сәулет өнері

XVғ. Аяғы – XVI ғ. басы ренессанстік кескіндеме мен гравюраның жарқыраған гүлдену кезеңі. А. Дюрер (1471-1528) неміс ренессанстің ұлы өкілі, оның шығармашылығының негізгі ерекшеліктері. Гравюраларда ренессанс дәүіріндегі адамның сезімдері мен драматизамін көрсету. Матис Нитхардт - Грюневальд ( 1470 – 1528 ) – экспрессивті, діни драматикалық бейнелерді жартушы. Германиядағы мүсін өнерінің шеберлері: Фейт Штос (1455-1533), Тильман Рименшнейдер (шамасы 1460-1531), Адам Крафт (шамасы 1460-1508), Петер Фишер Үлкені (1460-1529) және олардың шығармашылығының ерекшеліктері.



Тақырып 9 XV –XVI ғ.ғ. Франциялық Қайта Өрлеуі

Италиямен ұқсас бір өзгешелігі, бірақ Қайта Өрлеу еркін қалалар негізінде емес, ал ұлттық мемлекет негізінде өркендеді.

Жаңа білім беру жүйесі пайда болуы: схоластика шатағынан босану, шіркеу қыспағынан босау, көне тілдерді және антика мұрасын оқытуға қарсылықты жою. Типография жүйесінің кеңейуі; жеке, муниципалдық, колоьдік кітәпханалардың пайда болуы. Француз тілінің кодификациясы. Париж диалектісінің мемлекеттік тіл ретінде қабылдануы (1539).

Әдебиеттегі, саясаттағы және тарихтағы гуманизм идеяларының көрініс беруі. Антикалық мұраның француз тіліне аударылуы. Новелла – француз әдебиетінің негізгі жанры ретінде. Маргарита Наваррская және оның «Гептамероны» гуманистік идеалдардың көрінісі ретінде. Ф. Рабле ( 1483 – 1553 ) - француз Қайта Өрлеудің негізгі өкілі. «Гаргантюа мен Пантагрюель» романдағы гуманизм идеясы және сол кезеңге тән бірқатар өзекті мәселелердің көрсетілуі. Пьер де Ронсар (1524-1585) ұлттық поэтикалық мектептің негізін қалаушы ретінде; оның поэзиясының мағынасы туралы идеялары.

Жан Боден (1530-1596) және оның мемлекеттік егемендік туралы ойлары., мемлекет және оның маңызы туралы түсінігі. Тарихи білім аясындағы ортағасырлық дәстүрлі жүйенің (хроника) анықтаушы рөлі. Этьен Пакье (1529- 1615) алғашқа сарай тарихшысы. Оның көптомды «Францияны зерттеуі» және олардың тарихи ғылымның пайда болуындағы рөлі.
Тақырып 10 XV-XVI ғасырлар аяғындағы Нидерландыдағы Қайта Өрлеу

XVI ғ.аяғы мен XV ғ. басында нидерландық қалалардың өркенеуі, және ондағы бюргерлік мәдениетінің пайда болуы. Ондағы азаматтық құрылыстың нәрменді дамуы: ғимараттар, ратушалар, цехтер, гильдиялар, бюргер үйлерін тұрғызу. Оларды өрнектеудегі кейінгі готикалық стилі мен ренессанстық жаңашылдықшы байланысы.

Мүсіндеудің кейін қалуы және кескіндеменің дамуының әлемдік деңгейінің алға кетүі. Сүретшілердің ойлау стиліндегі итальяндықтардың нидерланд кескіндемесінен олардың әлемді қабылдауынан, картиналарының композициялық құрылымынан біршама айырмашылығы болды. Антропоорталықтың орнына адам ғаламның бір бөлігі ретінде қарастырылды. Адам өмірінің нақты жағдайына, оның сипаты мен тұрмысына қызығушылық артты. Портрет, Тұрмыстық кескіндеме және діни кескіндемедегі пейзаж дүниеге келді.
Тақырып 11 XVII ғасырдағы Еуропа мәдениеті

Жаңа заманның жалпы сипаттамасы. Жаңа заманның тұрмыс үлгісі мен материалдық өркениет. Жаңа заманның әлеуметтік және саяси жүйесі.

Жаңа заман ғылымының дамуының ерекшелігі. Дәүірдің ғалама сезімі, ғалама қарауы (Декарт, Спиноза, Ньютон, Лейбниц, Рембрандт, Рубенс, Мильтон және Мольер). XVII ғасыр снасының гуманистік доминанта ерекшелігі. Ғылым адамның рухани әлемінің иеленуші және білдіруші ретінде. Рационализм – жаңа дамның ойлау қалпы және тіршілік ету қалпы.
Тақырып 12 Ағартушылық дәүірінің мәдениеті. Француз ағартушылығы

Ағартушылық дәүірінің басты құндылықтары. Теңдік идеясы. Ақыл-ой жеңісі. Тарихи оптимизм.

Еуропа елдеріндегі ағартушылық ерекшеліктері. Ағылшын және Шотланд ағартушылығы. Дж.Локктың адамның жатсынусыз құқы. Т.Гоббстің барлықтың бырлыққа қарсы соғысы. А№ Симиттің экономикалық адамы.
Тақырып 13 Неміс ағартушылығы

И. Канттың адамды моральды және интелектуалды босатуы. («Что такое Просвещение?»). Лессингтің адамзат тегінің бірлігі. Шығармалары: «Лаокоон», «Эмилли Галотти». И.Г.Гердердің гуманистік идеялары.


Тақырып 14 XVIII ғасырдың стилдік және жанрлік ерекшеліктері

Табиғаи культі. Еуропалық өнердің бағыты. Синтиментализм. Реализм. Кескіндеме мен мүсін өнері. Классицизм.


Тақырып 15 XIX ғасырдың батыссеуропалық мәдениеті. XIX ғ. аяғындағы батысеуропалық мәдениеттің жаңа бағыттары

Классицизм. Классицизм этикасы. Классицизм эсттикасы. Әдебиет. Бейне өнері. Мүсін. Театр. Музыкалық шығармашылық.

Романтизм Театр. Музыкалық шығармашылық. Әдебиет. Бейне өнері. Сәулет өнері. Балет.

Реализм. Франция реализмі. Англия әдебиеті. Скандинавия елдерігнің әдебиеті. Музыкалық өнер. Бейне өнері. Ф.Гойя шығармашылығы.Театр. Балет.


3.3 ПӘННІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК МАЗМҰНЫ

Тәжірибе сабақтарының тізімі
Тақырып 1 Кіріспе. Италиядағы Қайта Өрлеу мәдениеті. Италиядағы ренессанстық мәдениеттің пайда болу тарихи алғышарттары

1 Ф.Петрарка (1304-1374) мен Дж. Бокаччо (1313-1375) жаңа дүниеге көзқарастың құрушы ретінде.

2 К.Салютати (1331-1406) тәрбие мен білім берудің міндеттері туралы, оның гуманитарлық пәндер комплексі.

3 Гуманистік идеялардың қалыптасуында Бруни, Пальмиери, Л.Валла, т.б., этикалық концепцияларының ролі.


Тақырып 2 XV ғ. Ренессанстік мәдениет: негізгі ерекшеліктері мен даму сатылары

1 Білім беру және тәрбиелеу саласында зиялыларға бағыттанудың көбейуы.

2 Педагогикалық мәселерге назардың күшейуы.

3 Жаңа педагогикалық идеялар.

4 Грек тілі мен латын тілін оқу, антикалық авторлардың шығармашылығын, университеттік білім беру саласында риториканы зерттеп оқу.
Тақырып 3 Алғашқы қайта өрлеудің сәулет өнері мен бейнелеу өнері

1 Кватрочентоның екінші кезеңіндегі кескіндеме дамуындағы шығармашылық мәнерлерінің көпшілігі. С. Боттичелли (1445-1510) және оның «Көктем», «Венераның тууы» деген жұмыстары.

2 А. Монтенья солтүстік итальяндық кескіндеме өнерінің ең белгілі өкілі. Портреттің кең тарағаны.

3 Кватроченто кезендегі Венеция мектебі және оның өкілдері: Дж.Беллини, В.Карпаччо, А.Мессина. Портрет өнерінің дамуы.

4 Жаңа итальяндық өнердің еуропаның басқа елдеріне тигізген ықпалы.
Тақырып 4 XVI ғ. Италиядағы Қайта Өрлеу мәдениеті. Биік қайта өрлеу

1 Кескіндеме өнерінің Венициан мектебі және оның өкілдері: Джорджоне, Тициан, Паоло Веронезе, Я. Тинторетто.

2 Чинквечентоның сарайлы мәдениеті. Өнерді саясаттық мақсатта қолдану.

3 Халықтық мәдениет. Қайта Өрлеу мәдениетінің басқа еуропалық елдеріне тигізген әсері.

4 Н. Макиавелли (1469-1527) саясат аймағындағы жаңартушысы.

5 Биік Қайта Өрлеудің әдебиеті: Л. Ариосто (1474-1533) поэзиясы және Б. Кастильоне (1478-1529) диалогтары.


Тақырып 5 Кеш Қайта Өрлеу мәдениеті

1 Театр. Трагедия мен комедия антикалық жанрлардың, әсіресе олардың сюжеттерін қайта өрлеуі.

2 Сарайлы театрларда пасторали жанрын құрастыру.

3 Халық театрында маска комедиясының пайда болуы. XVI ғ.

4 Музыкалдық өмір.
Тақырып 6 XV-XVI ғ. Аяғындағы Германия мәдениеті. Германиядағы гуманизмнің қалыптасуы.

1 Ульрих фон Гуттен (1488- 1523) тұтас орталанырылған мемлекет үшін, шіркеудің Римнен тәүелсіздігі үшін, гуманистік негізде дамитын мәдениет үшін күресші.

2 Ф. Меланхтон (1497-1560) Германиядағы білім саласындағы реформаторы. Реформация мен кітапбасушылық.

3 М.Лютердің «Жаңа өсиет»(1522) пен «Ескі өситетті»(1534) неміс тіліне аудару қоғамдық-мәдени өмірінде үлкен оқиға ретінде.

4 Лютер және оның 95 тезистері. 1524-1525 ж.ж. Геманиядағы шаруалар соғысы. 1555 ж. Аугбург келісімінің қорытындысы. Неміс княздіктерінің көбісінде протестантизмнің нығайтуы.
Тақырып 7 Ғылым мен әдебиет даму

1 Неміс әдебиеті, оның XVI ғ. ортасынан көтерілуі.

2 Шванки қалалық әдебиеттің көпшілікке ең танымды жанры.

3 Халық әдебиетінің дәстүрлері: «Доктор Иоганн Фауст туралы оқиға, әйгілі сиқыршы және дуашы», Агасфен деген «мәңгі жиһанкез» туралы баяндау.

4 Ганс Сакс (1494-1576) шығармашылығы бюргерлік идеалдарының әлпеті, сол замандағы тұрмыстық жағдайлар мен салттарының өрнектерінің шағылысуы.

5 Иоганн Фишарт (1546-1590) елірген, көркем сатирасының шебері.


Тақырып 8 Өнер. Сәулет өнері

1 Неміс бейнелеу өнерінің XVI ғ. ортасында және екінші жартысында төмендеуі.

2 Архитектура. XVI ғ. ортасынан ғибадат құрылыстардың қалпына келтіру мен құрылысы.

3 Зиялылар сәулет өнерінің дамуы: князьдік сарайлары, қала тұрғындарға жеке меншік ұйлер, ратушалар, қоймалар, цейхгауздар құрылысы. Кеш готикалық құрылымдардың ғимарат негізі ретінде ренессанстік формалармен декоративті оюмен байланыстыру.

4 Итальяндық үлгісімен жаңа типтік үйлердің құрылысы.

5 Декоративтік өнердің дамуы.

6 Музыкалдық мәдениеттің биік деңгейі.
Тақырып 9 XV –XVI ғ.ғ. Франциялық Қайта Өрлеуі

1 Сәулет өнері. Бейнелеу өнері. Италия жорықтарының жаңа архитектуралық түрлерінің игерудің рөлі. Сәулет өнеріндегі итальяндықтар әсерімен ұлттық дәстүрлің синтезі.

2 Сарай және ғимараттар құрылысы. Олардың функциональдык

маңызының өзгеруі. Мәдениеттің дамуындағы меценаттықтың рөлі.

3 Нидерландық дәстүрдің кескіндеме өнерге әсері, ондағы реализм

бағыты дамуы.

4 Франсуа Клуэнің портреттері. Қылқалам портретінің өркендеуі.

5 Мүсін өнеріндегі жетістіктер: Жан Гужон мен Жермена Пилонның

шығармашылығы. XVI ғ екінші жартысындағы реализм мен маньеризм күресі.
Тақырып 10 XV-XVI ғасырлар аяғындағы Нидерландыдағы Қайта Өрлеу

1 Ян ван Эйк ( 1380 – 1441) кескіндемедегі жаңа бағыттың негізін қалаушы: оның өнерінің готикалық дәстүрмен байланысты. Оның шығармашылық қаламынан ерекшеліктері.

2 Рогир ван дер Вейден ( шамасы 1400 - 1464) жүзжылдықтың ең ірі шебері ретінде.

3 Иероним Босх (шамасы 1460 - 1516). Оның шығармашылығындағы

ортағасырлық фольклордық түсініктердің көрінісі, олардың діни образдармен байланысы. Картиналардың философиялық мағынасы, ғаламның тылсымына байлауға ұмтылыс. Үлкен өзгерістерді алдын-ала сезу.

4 П. Брейгеля ( ок. 1525 – 1569 ) шығармашылығындағы уақыт рухы. Оның картиналардағы өмір философиясы және оның шығармалылығындағы халықтық тақырыбының орны.


Тақырып 11 XVII ғасырдағы Еуропа мәдениеті

1 Жаңаеуропалық сананың атеизмі.

2 Пантеизм мен деизм. Лейбництің «Алдын ала белгіленген гармониясы».

3 XVII ғ. рационалдықтың ақыл-парасаттық мінезі. Табиғи құқық теориясы.

4 Этикет өнері және оның XVII ғ. адамның өміріндегі атқаратын рөлі. 5 Еуропалық ағартушылық пен білім берудің шектілігі.

Еуропоорталық.


Тақырып 12 Ағартушылық дәүірінің мәдениеті. Француз ағартушылығы

1 Ш. Монтескьенің бостандық идеалы.

2 Вольтериандық.

3 Энциклопедистер.

4 Ж.Ж. Руссоның жаңа тәрбиелеу теориясы.
Тақырып 13 Неміс ағартушылығы

1 Кристофор Виланд және романдары: «Ағафон», «Абдериты»

2 И.Гете, Ф.Шиллердің әдеби мұрасы

3 Германиядағы синтиментализм (Ф.Клопшток)


Тақырып 14 XVIII ғасырдың стилдік және жанрлік ерекшеліктері

1 Ағылшын театры: Дж.Лило, Р.Шаридан. «Школа злословия». Театр реформасы. Д.Гаррииктің сахналық реализм.

2 Француз драматургиясы. Бомарші комедиясы.Француз комедиясы. П.Мариво.

3 Италияндық драматургия: К.Гольдони, К.Гицци.

4 Германиядағы «Буря и натиск» әдеби бағыты.

5 Англияның әдеби бағыты: Д.Дефо, Г.Филдинг. Крестиян поэзиясы.

6 Францияның музыкалық мұрасы: Ж.Рамо, А.Грети, К.Глюк
Тақырып 15 XIX ғасырдың батыссеуропалық мәдениеті. XIX ғ. аяғындағы батысеуропалық мәдениеттің жаңа бағыттары

1 Символизм.

2 Натурализм.

3 Импрессионизм.

4 Постимпрессионизм.

5 Театр.


3.4 ОҚУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

п/п

СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәрістерді қайталау

материалды бекіту

Ауысша тексеру

15

2

Тәжіриебелік сабақтарға дайындалу

тәжіриебелі

тапсырмалар

ды орындау


Есеп

35

3

Дәріс сабақтарға кірмеген материалдарды игеру

конспектер

Сурақтарға жауап беру

65

4

Бақылау шараларына дайындық.

МБ1, МБ2

Тест


5




Барлығы







120


Оқушының өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі

  1. XV ғ.ренессанстік мәдениеті: дамудың негізгі сатыларымен

өзгешеліктері.

[1- 22-45бб; 4- 35-48бб; 9- 36-50бб ]




  1. XVІ ғ. Италияның Қайта Өрлеу мәдениеті.

[5 -70-79бб; 7- 36-42бб; 9 - 39-50бб]


  1. Итальяндық Қайта Өрлеудің титандары, әлемдік мәдениетте алатын орны.

[3- 35-49бб; 5- 32-49бб; 7 - 36-49бб]


  1. Венециандық кескіндеме мектебі.

[5- 47-49бб; 6- 88-90бб; 24-26-30бб]


  1. Кеш Қайта Өрлеу мәдениеті

[2- 66-78бб; 3- 23-35бб, 6-26-28бб]


  1. XV-XVI ғ.ғ. аяғындағы Гемания мәдениеті.

[1- 13-25бб; 17- 24-29, 24-42-50бб]


  1. Қайта Өрлеу өнеріндегі антикалық мұрасы.

[6- 26-38бб; 24- 30-55бб, 26-40-46бб]


  1. Нидерланд мәдени дамуының өзгешелігі

[ 5- 30-38бб, 9 -30-40бб; 26 - 42-56бб]


  1. Нидерландтық Қайта Өрлеуі және оның ерекшеліктері.

[8- 26-35бб; 9- 58-62бб, 12-45-58бб]


  1. Француздық Қайта Өрлеуі және оның өзгешеліктері.

[2- 36-48бб; 7- 45-68бб, 22- 44-56бб]


  1. Жаңа замандағы Еуропа мәдениеті

[5-26-38бб, 6- 25-38бб; 9- 24-36бб]
12 Жаңа заманның жалпы сипаттамасы

[9-36-50бб, 12- 40-68бб]


13 Жаңа заманның тіршілік ету үлгісі мен материалдық өркениет.

[5- 36-58бб; 23- 36-43бб, 27-35-48бб]


14 Жаңа заманның әлем картинасы

[7- 26-38бб; 17- 45-58бб, 25-23-38бб]


15 Жаңа Заман өнерінің көркем стилдері.

[5- 36-58бб, 9-15-38бб, 23- 20-35бб;]


16 Барокко

[12-26-36бб; 7- 22-35бб, 27-18-29бб]


17 Классицизм

[1- 35-38бб; 5-32-39бб]


18 Ағартушылық дәүірінің парадокстары мен қайшылықтары. Ағартушылық дәүірінің «табиғилық адам»

[3- 45-58бб; 18-56-58бб]


19 Ағартушылық дәүірінің өнері

[2- 86-90бб; 8-40-58бб]


20 Дәүірдің соңғы прадоксы.

[4- 76-93бб; 6- 34-48бб]


21 Классика ғасырының еуропалық мәдениеті.

[3- 66-78бб; 14-25-36бб]


22 Ұлы ғасырдың ұлы философиясы.

[5-36-48бб, 8- 15-26бб]


23 Өнердің «алтын» ғасыры.

[5-36-48бб; 8- 15-26бб]


24 Адам заман шегінде.

[6- 36-48бб; 8-15-26бб, 28- 25-46бб]



Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Всеобщая история искусств. В 6-ти т. М., 1956-1965.

  2. Гнедич П.П. Всемирная история искусств. М., 1998.

  3. Гомбрих Э. История искусств. М., 1998.

  4. Дмитриева Н.А. Краткая история искусств. В 2-х книгах. М., «Искусство», 1996.

  5. Исмаилова С.Т. История искусства. М., «Искусство», 1998.

  6. История зарубежного исскуства. 3-е изд. Доп. М., 1983.

  7. История искусства зарубежных стран. В 4-х т. М., 1982.

  8. История русского исскуства. В 3-х т., М., 1991.

  9. Энциклопедия живописи. М., 1997.

  10. Мастера изобразительного исскуства Казахстана. А., 1972

  11. ХХ век: история изобразительного исскуства Казахстана. А., 1978

  12. Т.В. Ильина. История искусств. Западноевропейское искусство. М., 2002.


Қосымша:

13 Авангард и русские источники Баден. Баден, 1993.

14 Андреев Л.Т. Импрессионизм. М., 1980.

15 Андреев Л.Т. Сюрреализм. М., 1972.

16 Арган Дж. История итальянского искусства. В 2-х т., М., 1990.

17 Афанасьева В.К., Дьяконов И.М., Луконин В.Т., Матье М.Э. и др. Искусство Древнего Востока// Памятники мирового искусства. М., 1968.

18 Бенеш О. Искусство Северного Возрождения. М., 1973.

19 Божович В.И. Традиции и взаимодействие искусств: Франция, конец ХIX - нач. ХХв. М., 1987.

20 Борьба тенденций в современном западном искусстве. М., 1986.

21 Виппер Б.Р. Искусство Древней Греции. М., 1972.

22 Зотов А.М. Русское искусство с древнейших времен до начала ХХ века. М., 1989.

23 Кантор А.И. Изобразительное искусство ХХ века. М., 1988.

24 Кантор А.И. и др. Искусство XVIII века. //Малая история искусств. М., 1977.

25 Каптерева Т.П., Виноградова Н.А. Искусство средневекового Востока. М., 1989.

26 Колпинский Ю.Д. Искусство Эгейского мира и Древней Греции.//Памятники мирового искусства. М., 1982.

27 Колпинский Ю.Д. Искусство Эгейского мира и Древней Греции.//Памятники мирового искусства. М., 1970.

28 Лихачева В.Д. Искусство Византии (IV-XV вв.). Л., 1986.

29 Прусс И.Е. Западноевропейское искусство XVII в. //Малая история искусств. М., 1974.

30 Сарабьянов Д. Стиль модерн: Истоки. История. Проблемы. М., 1989.

31 Семенова Т.В. Экспрессионизм и современное искусство авангарда. М., 1983.

32 Современное западное искусство ХХ век: Проблемы комплексного изучения. М., 1988.

33 Тюляев С.И. Искусство Индии. М., 1988.

34 Иконников А. Зарубежная архитектура. От «новой архитектуры» до постмодернизма. М., 1982.

35 История мирового искусства Изо и архитектура ХХ века. М., 1993.

36 Реализм и художественные искания ХХ века. М., 1989.

37 Козловски П. Культура постмодерна. М., 1997.

38 Акишев А.К. Иссык: Искусство саков Казахстана. М., 1978.

39 Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1., Т2. Л., 1970.

40 Медоев А.Г. Гравюры на скалах, Алматы, 1979.

41 Токтабаева Ш.Ж. Казахские ювелирные украшения. А., 1985.

42 Ибраев К.Т. Казахский орнамент. А., 1994


Выписка из рабочего

учебного плана

специальности (ей)




Форма

Ф СО ПГУ 7.18.1/10





050204 «Мәдениеттану» мамандықтың жұмыс бабындағы оқу жоспарынан үзінді көшірме




Пәннің атауы - «Қайта Өрлеу және Жаңа заман мәдениеті»







Оқу түрі

Бақылау формалар

Жұмыс көлемі

Сағаттарды курсты және семестр бойынша бөлу

5 семестр

6 семестр

емт.

сын.

кп.

кр.

Б.ж

барлығы

Дәр

Тәж.

лаб

Сөж

Дәр

Тәж

СӨЖ


жал.

ауд

СӨЖ

1.

Күнд.

ЖОБ


негізінде

5







5




180


60

1200

30

30

-

120












Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет