Топ: 402 Орындаған: Беркимбаева Қамажай Сынып



бет1/3
Дата04.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#461936
түріОқулық
  1   2   3
Беркимбаева Қамажай 402 (копия)


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті





Мектеп оқулықтарымен жұмыс

Факультет: Қазақ тілі мен әдебиеиі
Топ: 402
Орындаған: Беркимбаева Қамажай
Сынып: 6-сынып, Арман-пв баспасы
1-тапсырма. Мәтінді оқып, қолданылған тілдік құралдар арқылы стилін (көр-кем сөйлеу не ауызекі сөйлеу) анықтаңдар.

Тау іші. Ұшқан құс, жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі білінбейді. Жаз жәрмеңкесі тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз қонақтаған. Аспан да, жер де сұп-сұр. Жапырақтар сарғайып, өсімдік атаулы күзгі ызғырық желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келген сопыдай күбірлейді. Тек қия жартастарды жарып шық- қан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар басын тік ұстап, көкке шаншыла қарап тұр. Сай-саладан құлай ағып жатқан көк қасқа бұлақтар жаздағыдай шу салып, асып-тас- пай, салқын сабырмен жуасып қана сырғиды. Бұл – Тарбағатай сілемдерінің бір-бірімен ұшарласа келіп, күрт көтерілген тұсы. Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады.


(Қабдеш Жұмаділов)

(6-сынып, 16-бет)


2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын түсініп оқып, негізгі ойды анықтаңдар. Ауызекі сөйлеу стиліндегі тілдік құралдарды табыңдар.

Ұлты неміс болса да, қазақ болып кеткен көрнекті жазушы Герольд Бельгер көзінің тірісінде «...Өмірімнің 43 жылын қазақтардың арасында, қазақ тіліне құлағымның құрышын қандырумен келген екем. Менің ұғым-түйсігімде қазақ тілі құдды қазақтың осынау кеңпейіл, мейірбан дарқан даласы сияқты ұшан-теңіз бай, шешен де көркем тіл... Әлдеқалай орыс, неміс таныстарымның арасына түсе қалғанда, олардың әңгімесі қыза-қыза келгенде, маған тұтқиылдан сұрақ қоятыныбар:«Осықазақтіліқалайөзі...байтілме?». Бірауыз сөзбен қысқа қайырып: «Бай!», – десем, бәрібір сене қоймайтынын білем. Сондықтан сөзім дәлелді болу үшін, көптеген мысалдар келтіремін. Айталық, орыс, неміс тілдерінде тапшы келетін қазақтың мал атауларын ұзақ-сонар әңгімелеп, тізіп ала жөнелем.


(6-сынып, 28-бет)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет