Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес) тарау. Жалпы ережелер



бет1/4
Дата03.05.2024
өлшемі231.32 Kb.
#500398
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Оқу бағдарламасы Қазақ тілі Т2 -1-4


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 199 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 177-қосымша


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)


  1. тарау. Жалпы ережелер

    1. "Қазақ тілі" пәнінің (оқыту қазақ тілінде емес) оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

    2. "Қазақ тілі" пәнін оқытудың мақсаты – қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету.

    3. Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттердің шешілуі көзделеді:

  1. тілдік дағдыларды (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту;

  2. қазақ тіліндегі сөздік қорды үздіксіз дамыту әдістерін меңгерту;

  3. тұрмыста, қоғамдық орындарда, мәдени орталарда қазақ тілінде қарым- қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

  4. қазақ тілінде меңгерген білім, білік, дағдыларын күнделікті өмірде өз бетінше қолдануға дағдыландыру;

  5. шығармашылықпен жұмыс істеуді, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

    1. "Қазақ тілі" пәні бойынша білім алушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар "Тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреті" (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) ескере отырып, құрастырылды. Білім алушылар бастауыш сыныпты аяқтағанда, қазақ тілін қарапайым А1, А2 (бастапқы) деңгейінде меңгереді.

    2. Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сондай-ақ білім алушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған.

    3. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің "қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік", "құрмет", "ынтымақтастық", "еңбек пен шығармашылық", "ашықтық", "өмір бойы білім алу" сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне,

Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына көмектеседі.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет