Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік. Мақсаты



Дата28.06.2016
өлшемі66.78 Kb.
#164518


4-сынып.

Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік.

Мақсаты: Дала мен шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктермен таныстыру, Қазақстандағы

егіншілік туралы түсінік беру. Егіншіліктің адам өміріндегі маңызы туралы айту.





Дамытушылық: Қосымша тапсырмалар,сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Бір-бірін құрметтеуге, жолдасының жауабын тыңдауға тәрбиелеу, қоршаған ортаға қамқор болуға баулу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ауызша және жазбаша жұмыстар, СТО стратегиялары.
Көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, сөзжұмбақ, компьютер, суреттер, Қазақстанның физикалық картасы.




Психологиялық дайындық:

  • Сыныпқа күн келеді.

-Сәлем достар, әлемге нұр шашатын – Мен.

Әлемнің сыйлығымын

Бір-бірімізге жақсы тілек айтып, күлкі сыйлайықшы.


  • Мына шашылған әріптерден сөз құрайықшы.





  • Жұмбақ: Үйі де жоқ,күйі де жоқ,

Бірақ жауыннан да,дауылдан да қымсынбайды.

Ыстыққа да, суыққа да шын шыдайды. (Өсімдік)


І. Қызығушылықты ояту.
« Өсімдікті сипатта» дидактикалық ойын.

Суреттер көрсету Өсімдік атын атау.



Бөліктерін ажырату.

Адамның пайдалануы.



ІІ. Мағынаны тану

Дала деген не ? Өсімдіктері мен жануарларын ата.

Шөл деген не ? Өсімдіктері мен жануарларын ата.


Шөл мен даланы салыстыр

Ой қозғау.
-Егіншілік дегенде көз алдарыңа не елестейді ?
КҮНБАҒЫС МАҚТА ЖҮГЕРІ ҚЫЗЫЛША


ЕГІНШІЛІК




ТАРЫ БИДАЙ

КҮРІШ

Балалардың ойын тыңдап болған соң ,

мұғалім қосымша егіншілік туралы мәлімет береді.
Еліміздің солтүстік орталық аймағындағы даласының топырағы ылғалды. Сондықтан ол жерді арнайы суармай – ақ бидай, сұлы, арпа сияқты дәнді –дақылдар егеді. Ал қуаң далада арнайы қазылған арықпен артезиан құдығы арқылы суландырылады. Бау – бақша егеді. Оны суармалы жер дейді. Ол жерге күріш, мақта, жүгері, жүзім егіледі Арамшөбі тазартылып, белгілі деңгейде егістік күтіледі. Жерге адам қолымен егілген дақылдар егін деп аталады.
Оқулықпен жұмыс.

1.Оқушылардың іштей оқуы.

2.Оқушылардың тізбектей оқуы.

3.Күріш, мақта, жүгері, жүзім туралы мағлұмат беру.



Физикалық картамен жұмыс.

(Мәтінде аталған облыстарды анықтап табу, көрсету.)


1-тапсырма; Үлестірмелі суреттер беріледі

Күріш, мақта, жүгеріге сипаттама беріп,

«Бес жолды өлең» құрастыру.(осы сөздерге)

2-тапсырма; Дала мен шөл аймақтарында егіншілікті дамыту үшін қандай жағдайлар жасалған?

Мәтіннен осы сөйлемдерді тауып қысқаша пікір айту.


Шығармашылық тапсырма.


  1. Сөзжұмбақ шешу.




1.Киімді неден тігеді?

2.Қызылшадан не алынады?

3.Көк лағым көгенде жатып семірді?

4.Мақтаны жылдың қай мезгілінде егеді?

5.Қасиетті тағам.






М

























А













Қ




























Т
















А







2.Ойлан, тап !
Бар баланың атасы,

Үздіктердің сақасы,

Ол өсірген күріштің

Ақ алтындай сапасы. Өлең кім туралы?


(Ыбырай Жақаев Қызылорда облысында дүниеге келген. Озат күрішші,Еңбек Ері. Жақаевтың тәжірибесі Куба республикасына шейін тараған.)


3.Ақын, сазгерлеріміз күрішті әнге қосқан

«Сыр сұлуы» әнін айту.(қимыл жасау)

Қайта ма сол қыз жайраңдап Сырдан,

Толқынды шашын күн қағып.

Қала ма қарап жағада тұрған

Күріштің басы ырғалып.


4. Топқа бөлу.
«Ақындар» « Бес жолды өлең» құрастыру

«Суретшілер» Тақырыпқа сай сурет салу

«Экологтар» «Менің табиғатқа көмегім» тақырыбына эссе жазу.

5.Сынау (тест)





А

В

С

1

Ο



Ο

2



Ο

Ο

3

Ο



Ο

4

Ο

Ο



5

Ο



Ο
Тапсырма компьютерден көрініп тұрады. (МАБ-қа дайындық ретінде

дәптерге дұрыс жауабын қарамен бояу керек)

1)Жарықсыз не өсе алмайды?

а) су в) өсімдік с) ауа

2)Шөлге шыдамды жануар?

а)түйе в)балық с) ақбөкен

3)Мақта қай жерде өседіі?

а) тауда в) егісте с) орманда

4) жүзім- ол

а) ағаш в) шөп с) бұта

5) Сүрлем неден алынады?

а) күріштен в)жүгеріден с)мақтадан




6.Өлең құрастыру. «Жалғасын тап.»

Өсімдік - өмір .... (тірегі)

Жайнап,гүлдеп.... (өседі)

Айналаның .... (бәріне)



Әдемілік .... (береді)
ІІІ. Ой толғау.
1.Қима қағаздағы мақалдарды дұрыс құрастырып, мағынасын түсіндіру.


  • Шөлге құдық қазған бір сауап.

  • Шөбі жоқ деп жерден түңілме.

  • Су жүрген жер - береке.



2 .«Құм көшкінін қалай тоқтатуға болады?

(эссе жазу)




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет