Химия пәнінен 8 – сынып оқушыларына арналған
п.ғ.д. академик В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясын
қолданып жазылған , оқыту бағдарламасы
Орындаған: Молдабаева А.
Тобы: ДПМНО-101в
Тексерген: Ердембекова Д.
Семей, 2022 жыл
Түсінік хат.
1.Химия пәнінен 8 – сынып оқушыларына арналған п.ғ.д.академик В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясын қолданып жазылған , оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сəуірде №115 бұйры-ғымен бекітілген, мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес.
2. Оқытудың мақсаты қоршаған əлем туралы химиялық білім мен жаратылыстану ғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, талдау қа-білеті бар, химиялық тұрғыда ой-лай алатын, функционалды сауатты жəне шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз ден-саулығына, туған өлкеге жəне қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тəрбиелеу болып табылады.
2. Оқыту міндеттері:
1) əлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді мең-герту жəне олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;
2) заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;
3) химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттар-дың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;
4) заттарды танудың химиялық əдістерін меңгеру;
5) заттардың сандық жəне сапалық құрамын анықтауда жəне олардың қаси-еттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау бары-сында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тəжі-рибелер жүргізудің əмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;
6) адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мəселе-лерді шешудегі химияның өскелең мəні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;
7) көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;
8) өмірлік жəне экологиялық мəселелерді шешуде алған білімді пайдалану-дың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;
9) мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;
10) негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |