Ойлауды дамыту



Дата13.03.2024
өлшемі23.8 Kb.
#495212
түріСабақ
мақала студ.конф


ӘОЖ 811.512. 014.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ


Көпбосынов М.А.(жетекші, ф.ғ.к., аға оқытушы
Орталық Азия Инновациялық универститеті, Шымкент қ.
Шаншархан А.М. магистрант, МҚТ-21
Орталық Азия Инновациялық универститеті, Шымкент қ.

Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне сенімен арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан – жақты болуы керек.


Сабақ мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта – ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен,мұғалімнің дайындығы,ізденісі жоғары деңгейде болу керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс – тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар сияқты шаралар арқылы іске асады.
Білім алушыларға сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға жиі сүйенуге тура келеді:
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
Оқушылармен жекелей, жұппен, топпен жұмыстар жүргізуге баулу;
Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру
Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту.
Мақаламызға негіз болып отырған тақырыбымызға сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігіне келер болсақ, шығармашылық жұмыстарға баулу барысында әр оқушы:
- Өз бетімен оқуға, жұмыс жасауға дағдыланады;
- Шығармашылық ізденіске жетелейді;
- Өз ісіне деген сенім пайда болады;
- Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
- Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
- Шығармашылық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Ол қабілетті жеке тұлға – мен. Яғни,
Мен істеймін — өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын — өз біліміне деген сенімділігі.
Сол себепті әр ұстаздың алдына қояр мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.
Ал оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми негізіне келер болсақ, осы жеке тұлғаны қалыптастырушы басты мақсат – қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде саяси – экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру екені кезек күттірмес басты мәселе екендігі сөзсіз.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дегенді ғылыми тұрғыдан түсіндірудің негізгі қабілет ұғымының мәнін ашудан бастау алады.
«Қабілет – іс — әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті» /Т.Тәжібаев/. «Қабілет – білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» , – дейді А.В.Петровский.
Мектеп оқушылары жас ерекшеліктеріне сай белгілі бір іс- әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді. Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс- әрекетпен айналысуына бет бұрысы, оған көңіліңнің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің құрамдас бөлігін анықтауға арналған ғылыми педагогикалық еңбектерге көз салар болсақ, А.Н.Лук қабілетті үш топқа бөледі: шығару, іздену, ойлап табу.
Оқушының кез – келген іс — әрекетте жақсы нәтижеге жету мен белгілі бір қабілет түрін дамытуы үшін алдымен оның сол іс — әрекетке деген қызығушылығы және ынтасы болу керек.
Көңіл – күй – кез - келген іс — әрекетті орындаудың негізгі көрсеткіші.
Кез - келген іс — әрекетті ақыл – ой қабілеттері негізінде жүзеге асырамыз.
Педагогика ғылымы ешнәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп есептейді. Сондықтан балалардың қабілетін дамытуға мақсатты түрде ықпал ететін – мектеп.
Қабілет адамды шығармашылық деңгейге көтереді.
Ал шығармашылыққа мынадай анықтама берілген: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен ерекшеленеді».
Шығармашылық – алынған ақпаратты түрлендіріп, жиі тапқырлық таныту, бірегей ойларды қорыта білу, оралымды және көп нұсқалы ойлау қабілеттері, зерттеушілік белсенділігі.
Шығармашылық бағыттағы іс — әрекеттің негізгісі – шығармашылық ойлау. Себебі оқушы «ойша» әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатынын көзіне елестете алады.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеті үздіксіз дамиды. Сондықтан өз іс — әрекетіне қадам жасаған сайын оның шығармашылығы арта түседі.
Оқушының осындай шығармашылық қабілетін дамыту үшін әр пән барысында жүйелі жұмыстар жүргізіліп отырылуы қажет.
Оқушының шығармашылық іс — әрекетінің қалыптасуының негізгі кезеңдері:
Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
Уақытша мәселені қозғамау.
Интуицияны ояту.
Нәтижені жан – жақты тексеру.
Ғалым А.Н.Лук ұсынған осы бес кезеңді әр оқытушы үнемі басшылыққа алып отырғаны жөн.
Осындай шығармашылық қабілеттің қалыптасу барысында мұғалім оқушыға қажетті жағдайдың болуын, қорқыныш, жалқаулық, өзін — өзі бағаламау сияқты психикалық кедергілердің болмауын қамтамасыз етуі, бақылауы керек.
Шығармашылық әрекеттің еркіндігі туралы айтар болсақ, назарды
Пәнге үйретудің еркіндігіне, білім кеңістігінің әр бағыттарда – мазмұндылық, шығармашылық, жан – жақтылық болуына, мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық жұмыстарына аударған жөн.
Әр пән бойынша, соның ішінде қазақ тілі пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде ұстау қажет.
Ондай кедергілер:
Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.
Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, жалқаулығы.
Денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп, олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын – ала анықтау керек.
Қорыта келгенде, әр баланың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған жұмыстар оның ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне дейін жету керек. Күн өткен сайын ол деңгей биіктей береді де, жүйелі, жұмыс нәтижесінде оның дамуы жоғары дәрежеге жетеді.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дарынды, талапты оқушыны көбейтуге әсерін тигізеді.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюге, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі тануына көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысын абастайтын жол іздеу керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс. Сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасы білімді дамыту тұжырымдамасында: Оқытудың жаңа технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару деп көрсетілген. Әр ұстаздың оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіне басшылыққа алуы міндетті деп санаймын.
Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін барлық пәндер бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндет.
Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс — әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор.
Оқушының өз бетімен жұмысістеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда, оның қиындық дәрежесі оқушының оқу мүмкіншілігіне қарай әзірленеді.
Мәселен, қазақ тілі өтілетін сыныптарда топқа бөліп оқыту тәжірибесін қолданамын. Әр топта 5-6 оқушыдан болады. Топқа бөліп оқыту тиімділігі – нашар оқушы көлеңкеде қалмайды, берілген тапсырманы ақылдасып, бір – біріне түсіндіру арқылы дұрыс орындауға мүмкіндік береді. Тиімді жағы – күнделікті сабақта түгел оқушы бағаланады. Ол тәрбиелік жағынан әділ болуға үйренеді, өз араларында беделге ие болады.
Шығармашылық мақсаттағы жұмыс өте жоғары деңгейде жүргізіледі, бұл оқушының қызығушылығын арттырады. Оқушы шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру мұғалімнің сабағында назардан тыс қалмауы тиіс.
Сонымен қатар сабақты түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Тіл сабағындар ойындарға ребустар, сөзжұмбақ құрастыру, анаграммалармен жұмыс жасау т.б. жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптан тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді.
Қазіргі білім беруге арналған оқыту үрдісі – бұл бірыңғай жүйе, оның нәтижесінде оқушының өзіндік шығармашылық өнімі анықталатын, қалыптасатын, оқушының шығармашылыққа және мұғалімнің оларды қалыптастыруға қабілеттерінің жаңа бағыттарымен айқындалады.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – заманауи педагогиканың өзекті мәселесі, оның шешімі белсенді шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу үшін айрықша мәнге ие. Шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптастырылады. Тұлға шығармашылығының маңыздылығы көрнекті қазақ ойшылдары мен ағатушылары Эл- Фараби, Ж. Баласағұни, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М. Көпейұлы, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М.Дулатов және көптеген ғалымдар еңбектерінде ашып көрсетілген.
«Шығармашылық» ұғымына берілген әртүрлі анықтамалар бар. Мысалы, С.И. Ожегов сөздігінде «Шығармашылық - жаңа материалдық және мәдени құндылықтардың өмірге келуі» десе [1], С.Л. Рубинштейн «...Шығармашылық деп нәтижесінде жаңа түпнұсқалық және әлеуметтік құнды өнім дайындалатын іс-әрекет аталады», - деп көрсетеді[2].
Сол себепті қазақ тілі сабақтарында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда түрлі әдістерді тиімді қолданудың да әсері зор. Мысалы, шығармашылық, дамытушы ойындар - өз әртүрлілігімен ортақ атаумен біріктіріледі, олар жалпы идеядан туындайды және өзіне тән шығармашылық қабілеттерге ие болады[3]. Практикалық әдістерге сондай-ақ, жаттығулар, көрнекі, сөздік әдістер жатады.

  • Жаттығулар - бала берілген жаттығуларда ақыл-ой әрекеттерін бірнеше рет қайталайды. Жаттығулар конструктивтік, еліктейтін болуы қажет, олар оқушының орындаушылық, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түседі.

  • Көрнекі әдістерге суреттерді қарау, диафильмдерді қарау, пластин кала рды тыңдау жатады.

  • Сөздік әдістер: әңгіме, оқу, сөйлеу.

Осы әдістер сабақта және сабақтан тыс бір-бірімен үйлесім табуы және жүйелі қолданыста болуы тиіс. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл педагогке тиесілі. Ол оқушының жеке қабілеттерін дамытуды оны өнімді шығармашылық қызметке тарту арқылы жүзеге асыру міндетін басшылыққа алуы тиіс.
Жеке тұлғаға эсер ете отырып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру эмоциялық және практикалық тәжірибені байытады, психиканы дамытады, интеллектуалдық әлеуетті қалыптастырады, эстетикалық және ақыл-ой қабілеттерін тәрбиелеуге ықпал етеді[4]. Мұғалім оқушылардың рухани қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, олардың тұлғалық қасиеттерді көрсетуге деген ұмтылысын қанағаттандыруға, белсенділігі мен саналы шеберлігіне көңіл бөлуі қажет. Осының барлығы тұлғаны кешенді дамытудың, оның шығармашылық әлеуетін қалыптастырудың тиімді құралы болып табылады. Өйткені, заман талаптарындағы прогресстерге сай, бүгінгі мектепте ағылшын тілінен әр түрлі әдістерді, технологияларды қолдана отырып сабақтарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Білім, білік және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеру оқушыларды шығармашылық жұмысқа үйретеді, шығармашылық ойлауды дамытады, оларды қызметте қолдану үшін алғышарттар жасайды, ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау қабілетін жетілдіреді, пікір, эмоциялар мен сезімдерді білдіруіне, сондай-ақ дәлелдей білуге артықшылық береді.
Оқушыларды оқытудың, дамытудың және тәрбиелеудің дәстүрлі емес түрлерін жүзеге асыратын әдістемелік жоғары тиімді сабақ- спектакль, сабақ-мереке, бейне-сабақ, экскурсия-сабақ, сұхбат-сабақ және басқа да дәстүрлі емес сабақтартар балаларға ұнайды, өйткені оларды шығармашылыққа, өзбетімен ізденуге белсендіреді. Erep оқушылар белсенді процеске тартылған болса, оқытуда неғұрлым тиімді болатынын озат тәжірибелер көрсетіп отыр.
Қоғамның қазіргі даму деңгейі, оның технологиялық және материалдық-технологиялық базасының өзгеру жылдамдығы білім беру жүйесінің алдына, оның ішінде мұғалімдер алдына шығармашылық тұлғаны қалыптастыру міндетін қояды. Өзіндік шешім қабылдау, өз қызметінің бағыттарын анықтау, білім мен біліктілікті тұрақты арттыру негізінде өзінің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету қабілеті - бұл іскерліктер өмір мен өндірістің тез өзгеретін жағдайларында бейімделуге көмектеседі.
Шығармашылық тұлға талап етілмейтін өмір саласын елестету қиын. Шығармашылық - бала тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеудің ең маңызды тетіктерінің бірі болып табылатынын атап өту қажет. Шығармашылыққа жетелеуде тек қызмет өнімдеріне ғана емес, оқушының қабілеттерін қалыптастыруға назар аудару керек.
Оқушының шығармашылық қабілеттердің табысты дамуы олардың қалыптасуына қолайлы белгілі бір жағдайлар жасалған кезде ғана мүмкін болады. Мұндай шарттар:

    1. Балалардың физикалық және зияткерлік дамуы.

    2. Баланың дамуын анықтайтын жағдай жасау.

    3. Балаға еркіндік беру,

    4. Балаға ақылды мейірбандық көмек беру (кеңес емес).

    5. Жайлы психологиялық жағдай жасау, балалардың шығармашылыққа деген ұмтылысын көтермелеу[5].

Ендеше, шығармашылық жүйе - оқу бағдарламасы шеңберінен шығуды талап ететін тапсырмалардың болуын көздейтін ашық жүйе болып табылады. Бұл интеллектінің шығармашылық жағынан соқтығысу жолы, өнертапқыштық және зерттеу талантының даму жолы. Біздің міндетіміз-балаға осы жолға тұруға көмектесу.
Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда үнемі түрлендіріп, тиімді пайдалану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың бірден-бір жолы. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл, елінің ертеңін ойлар жас жеткіншектерді тәрбиелей аламыз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ожегов С.И. Толковый словарь //M.,ОНИКС – 2005
2. Рубинштейн С.Л. Принцип творческой самодеятельности // Bonp. философии. 1989. №4.
3. Рогова Г.В., Верещагина И.Н. Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учреждениях: Пособие для учителей и студентов пед. вузов. - 3-е изд. - M.: Просвещение, 2000.
4.Смирнов, А. А. Возрастные и индивидуальные различия памяти. - M.: АПН, 1999. - 221с.
5.Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Алматы, 1999 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет