Көлік.
Облыста теміржол, автомобиль, электр, әуе және су көлігі дамыған.
2012 жылы темір жол көлігін есепке алмағанда барлық көлік түрлерімен 1459,8 млн. адам тасымалданды, ал жолаушы ағыны 20030,7 млн. жолаушы шақырымын құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден сәйкесінше 2,9 және 16,3 % артық (18 және 19 кесте). Жүкті тасымалдау көлемі (теміржол көлігінің есебінсіз) 476,4 млн. тонна, ал жүк айналымы 11232,8 млн. тонна, бұл 2011 жылғы деңгейден 14 және 8,2 % артық (20 және 21 кестені қараңыз).
18 кесте
2010-2012 жылдары барлық көлік түрлерімен жолаушыларды тасымалдау көлемінің өзгеру динамикасы
Жылдар
|
Барлық көлік түрлерімен жолаушылар тасымалданды (жолаушы көлігі есебінсіз)
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалданды, млн. адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Электр көлігімен жолаушылар тасымалданды, млн. адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Әуе көлігімен жолаушылар тасымалданды, мың адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Өзен көлігімен жолаушыларды тасымалданды, мың адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
2010
|
1272,6
|
111,6
|
1261,1
|
15,6
|
11,52
|
86
|
16,7
|
147,8
|
6,2
|
2,1
|
2011
|
1419,3
|
111,5
|
1408
|
112,8
|
11,3
|
98
|
19,15
|
115
|
11,05
|
178,8
|
2012
|
1459,8
|
102,9
|
1449,3
|
101,3
|
10,5
|
93,5
|
5,11
|
26,7
|
11,49
|
104
|
19 кесте
2010-2012 жылдарға арналған жолаушы ағынының өзгеру динамикасы
Жылдар
|
Көліктегі жолаушы ағыны (темір жол көлігін есепке алмағанда) млн. жол. км
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Автомобиль көлігімен жолаушы ағыны, млн. п. км
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Электр көлігімен жолаушы ағыны, млн. жкм.
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Әуе көлігімен жолаушы ағыны, мың жкм.
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Өзен көлігімен жолаушы ағыны
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
2010
|
11485,1
|
116,7
|
11427,5
|
116,9
|
57,6
|
86
|
14232,6
|
147,9
|
129,7
|
162,1
|
2011
|
17223,5
|
150
|
17167,1
|
153,4
|
56,4
|
98
|
16239
|
114,1
|
57,2
|
4,4
|
2012
|
20030,4
|
116,3
|
19977,6
|
112,6
|
52,8
|
93,5
|
4319
|
26,6
|
13,7
|
24
|
2012 жылы өзен көлігімен 11,49 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2011 жылғы деңгейден 3,9% артық, жолаушы айналымы 13,7 мың жолаушы км құрады.
Талданатын кезеңде жалпы жолаушыларды тасымалдау жалпы көлемі бойынша барлық көлік түрлерінің үлес салмағы мүлдем өзгерген жоқ. 2012 жылдың қорытындылары бойынша жолаушыларды тасымалдау саласында автомобиль көлігінің үлесі 95,5 %, теміржол -4,44%, әуе - 0,0003% және өзен - 0,0008%.
Қазіргі уақытта облыста автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 328 тұрақты бағыттарда, оның ішінде 154 - қалаішілік, 62 – аудан ішілік, 76- облысішілік қалааралық және қаламаңы бағыттары, 15 – облысаралық және облыстың елді мекендерін Ресей Федерациясының – Барнаул, Новосібір, Омск, Томск, Рубцовск, Кемерово, Красноярск, Новокузнецк, Змеиногорск қалаларымен, ҚХР – Үрімші, Алтай қалаларымен байланыстыратын 21 – халықаралық бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
2012 жылы облыстың автомобиль көлігімен 1459,9 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2011 жылғы деңгейден 2,9 % жоғары. Көліктің жолаушы ағыны 20034,8 млн. жолаушы км. құрады.
Қала іші жолаушы тасымалын диспетчерлік басқару Өскемен және Семей қалаларының мамандандырылған орталықтарымен, облыс іші қалааралық – автовокзалдар мен автостанциялар арқылы басқарылады.
Қазіргі уақытта облыста тұрақты бағыттардағы қозғалыс құрамы бағыты бойынша елді мекендерде орналасқан, 5 автовокзал және 31 автостанция (2 Өскемен қ,. 2 Семей қ., және 1 Жарма ауданы Қалбатау ауданы) қызмет атқарады.
Диспетчерлік басқару мен облысіші жолаушы тасымалының сапасын жоғарылату мақсатында Семей қаласында жаңа халықаралық автовокзал ашылған, Жарма ауданы Қалбатау ауылында автостанция ғимараты жөнделген, Тарбағатай аудан Ақсуат ауылында автостанция ғимараты жөнделген, Аягөз ауданында барлық заманауи талаптар ескерілген жаңа автостанция салынған.
Сондай-ақ шешімін таппай отырған мәселердің бірі өзен көлігін дамыту болып отыр, мұндағы жолаушы ағынының үлесі 0,003% және жүк 0,001%, дамуды тежеп отырған жалғыз ғана себеп, ол көлік кемелерінің және сәйкесінше инфрақұрылымның жоқтығы.
20 кесте
2010-2012 жылдары барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау көлемінің өзгеру динамикасы
Жылдар
|
Автомобиль көлігі, млн. т.
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Әуе көлігі, тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Су көлігі, мың тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Жүк тасымалдау, млн. тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
2010
|
327
|
117,2
|
32,6
|
3,1
|
255,91
|
77,7
|
327,2
|
117
|
2011
|
417,8
|
127,8
|
28,9
|
88,7
|
273,7
|
107
|
417,8
|
127,7
|
2012
|
476,4
|
114
|
5,8
|
20,1
|
309,2
|
113
|
476,7
|
114
|
21 кесте
2010-2012 жылдарға жүк айналымының өзгеру
динамикасы
Жылдар
|
Автомобиль көлігі, млн. т.
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Әуе көлігі, тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Су көлігі, мың тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Жүк тайналымы, млн. ткм
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
2010
|
7157,2
|
119,5
|
28,100
|
3,2
|
17769
|
96
|
7174,9
|
119,4
|
2011
|
10381,4
|
145
|
24,9
|
88,6
|
15368
|
86,5
|
10396,7
|
144,9
|
2012
|
11232,8
|
108,2
|
4,8
|
19,3
|
20259,4
|
131,8
|
11253
|
108,2
| Жүк тасымалының жалпы көлемінде көлік түрлерінің үлес салмағы талданатын кезеңде мүлдем өзгерген жоқ. 2012 жылдың қорытындылары бойынша жүк тасымалы құрылымында автомобиль көлігінің үлесі 99,9 %, су – 0,01 % және әуе – 0,000004%.
2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жүк тасымалдауда 1200 жүк автомобилі қызмет атқарады.
2012 жылы автомобиль көлігімен 476,4 млн. тонна жүк тасымалданған, 2011 жылдың деңгейінен 14% артық. Жүк айналымы 11232,8 млн. тонна, 2011 жылдың деңгейінен 8,2% артық.
Жол маңы инфрақұрылымын халықаралық транзиттік дәліздерге дамыту мақсатында Зайсан ауданында Омск – Майқапшағай трассасында қонақүй, автостоянка және кафеден құралған жол маңы кешені ашылған, Риддер қаласында, Шемонаиха ауданында транзиттік көлік, Семей-Павлодар трассасында мотель, Алматы – Өскемен трассасында Ұлан ауданында кемпинг салынған.
«Омск – Майқапшағай» - 2, «Өскемен-Семей – 1 респубилкалық маңызы бар жолдарда жаңа автожанармай құю станциялары іске қосылды.
Бүгінгі күні республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 102 ЖЖС, 1 ТҚО, 121 тамақтану пункттері, 3 қонақүй және 1 тұрақ, облыстық маңызы бар жолдарда - 19 ЖЖС, 2 ТҚО, 11 тамақтану пункттері және 1 жылыту бекеті, аудандық маңызы бар жолдарда – 14 ЖЖС, 2 ТҚО, 3 тамақтану пункттері, 1 қонақүй, 2 кемпинг қызмет етеді.
Облыстың темір жол желісінің ұзындығы 1 243,3 км құрайды, онда 35 темір жол бекеті орналасқан. Жұмыс істейтін 35 вокзалдан 32-і «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2 вокзал (Жаңа Семей – Өскемен вокзалы) жеке меншікте және 1 вокзал (Шалабай) «Досжан темір жолы» АҚ тиесілі. Облыста 2005-2008 жылдары «Станция Шар – Өскемен» теміржол вокзалы ашылған, ұзындығы 151 км.
2011-2012 жылдары «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ 5 жолаушыларға қызмет көрсету пункті ашылған, 2012 жылы алты вокзалға күрделі жөндеу жүргізілді, 2013 жылы тоғыщ вокзал күрделі жөнделеді.
Темір жол көлігімен жолаушыларды және жүкті тасымалдау мынадай облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Защита-Алматы, Лениногорск-Астана (Мәскеуге дейінгі тіркелген вагонмен), Лениногорск-Барнаул (бір тіркелген вагонмен Новосибисркіге дейін және бір тіркемемен Бийскіге дейін), Семей-Қызылорада, сонымен қатар транзиттік: Новокузнецк-Семей-Бішкек, Новосибирск-Семей-Алматы, Новосибирск-Семей-Ташкент, Павлодар-Семей-Алматы, Павлодар-Семей-Қарағанды бағыттары.
Облыс ішінде жолаушылар «Защита-Зырян», «Защита-Лениногор» бағыттары арқылы теміржол көлігімен тасымалданады. Бұл бағыттар шығынды және тасымал шығындары жыл сайын облыс бюджетінен қаржыландырылады.
2012 жылы 132,2 мың жолаушы тасымалданды, 214,6 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.
1995 жылға дейін облыстың Катонқарағай, Зырян, Үлкен Нарын, Күршім, Самар, Ақжар, Тұғыл, Теректы, Бобровка, Боран, Зайсан, Карагужиха, Рахман қайнарлары, Үржар, Аягөз, Ақсуат, Караул, Бестамак, Қайнар, Баршатас, Жорға, Емелтау, Жарбұлақ елді мекендерінде жергілікті әуе желілерінің әуе айлақтары болған.
Қазіргі уақытта облыста «Халықаралық» деңгейдегі екі әуежай уақытша сызба бойынша қызмет атақаруда – бұл Өскемен және Семей қалаларының әуежайлары, сонымен қатар «Д» санатындағы төрт елді мекендегі әуежай.
Өскемен қаласы әуежайынан Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Баян Үлгі қалаларына әуе рейстері орындалуда. Семей қаласының әуежайынан – Астана және Алматы қалалырына.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген, «2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының көлік стратегиясын», сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында, өңірдің тұрғындарын әуе тасымалдары бойынша қызметтермен қамтамасыз ету үшін жергілікті әуе желілері бойынша тұрақты әуе рейстерін жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
«Өскемен – Зайсан – Өскемен» бағыты бойынша Ан-24 әуе көліктерімен, 4 қыркүйектен бастап –Ан-2 «Өскемен - Катонқарағай» және «Өскемен – Күршім» бағыттары бойынша облыс ішінде авиарейстер қалпына келтірілді. 2008 жылғы 4 тамызда «Өскемен – Семей – Үржар» бағыты ашылды.
Тұрғындар үшін тұрақты ішкі жолаушы және жүктің әуе тасымалына қол жетімді тарифін сақтау үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын сәйкесінше қаржыландыру жүргізіледі. Мысалы, тұрақты ішкі әуе тасымалдарын субсидиялау үшін 2012 жылы 138,4 млн. теңге, 2013 жылы – 146,5 млн. теңге бөлінді.
Саланың даму жағдайына SWОT талдау:
Күшті жақтары:
-
2008 жылдан бастап тасымалданған жолаушылар саны 15,6 % артты;
-
ішкі әуе бағыттарын қайта жандандыру, ішкі теміржол және әуе қатынастарын қаржыландыруды ұйымдастыру арқылы, көліктің барлық түрлері қызметіне облыс тұрғындарының колжеткізушілігін қамтамасыз ету.
Әлсіз жақтары:
-
заңсыз тасымалдаушылар әрекеттеріне байланысты алыстағы елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілмеуі;
-
жеке аудандарда ауданішілік жолаушылар тасымалы жоқ.
Мүмкіндіктері:
-
мақсаттардың орындалу жетістігі басқа мүдделі органдармен бірігіп, әрекеттесу;
-
рұқсат құжаттарынсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын заңсыз тасымалдаушылар мәселесін шешу үшін Жолаушы көлігі және автомобиль басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Жол полиция басқармасының, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының, сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ынтымақтастығы қажет.
Қауіптер:
-
макроэкономикалық қатерлер сыртқы және ішкі конъюктураның нашарлау мүмкіндігіне, экономиканың өсу қарқыны және инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне, банк жүйесінің дағдарысына, өнеркәсіптегі құлдырауға және т.б. байланысты. Макроэкономикалық қатерлердің орындалған жағдайында көлік қызметі сұранысының төмендеуі мүмкін, бұл өз кезегінде мақсаттық көрсеткіштерге әсер етеді;
-
бағалық қауіптер. Жұмыстардың өзіндік құнына әсер ететін энергия тасымалдаушылардың және құрылыс материалдарының бағасы көлік саласы дамуының сындық факторлары болып табылады. Кейбір салалар (жанар-жағармай, құрылыс материалдарының өндірісі) жеткіліксіз дамыған.
2.2.3.4. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
Өңірдің инфрақұрылымдық кешені электрмен қамту, сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, су бұру, жол саласы, көлік, телекоммуникация, пошта байланысы және абаттандыруду салаларымен ұсынылған.
Өңірдің инфрақұрылымдық кешенінің дамуы аталған қызметтерде экономика және халық қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Сумен қамту.
Өңірде 798 елді мекеннің 295-і орталықтандырылған сумен қамтылған немесе 10 қаладағы 81,9% тұрғын, 3 кент және 282 ауыл су құбыры суына қол жеткізген. Жергілікті көздерден сумен қамту 20,4% тұрғынды қамтитын 489 елді мекенде жүзеге асырылады, тасып жеткізілетін суды 0,1% тұрғынды қамтитын 5 елді мекен пайдаланады
13 қала, қала типіндегі кенттер тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 96,6%-ды құрайды, қала тұрғындарының 3,3%-ы суды жергілікті көздерден алады.
Ауылды сумен қамту жүйесінде тұрғындардың 61,3 %-ы орталықтандырылған сумен қамтылған, тұрғындардың 38,6 %-ы жер асты және беткі су көздерінің суын қолданады, сонымен қатар 0,1 % тасып жеткізілетін суды пайдаланады. 1474 адам тұратын 6 елді мекенге су тасып жеткізетін ұйымдардың есебінен жүзеге асырылады.
2011-2012 жылдары (22 кесте) қала тұрғындарының орталықтандырылған су құбырының суымен қамтамасыз етілуі 0,17 % өсті және 2013 жылдың 1 қаңтарына 96,74 %-ды, ауыл тұрғындары – 5,2% өсіп, 36,8% құрады.
22 кесте
Облыстың тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтуды қамтамасыз ету және 2011-2012 жылдардағы желілердің ұзындығы туралы ақпарат
Сумен қамтамасыз ету, %
|
Су құбыры желілерінің ұзындығыбарлығы, км
|
Олардан ауытыруды қажет ететіні
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
барлығы, км
|
Жалпы ұзындыққа %
|
қала
|
ауыл
|
қала
|
ауыл
|
3863,9
|
1450,3
|
37,5
|
96,57
|
31,6
|
96,74
|
36,8
|
Облыс тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйесінде 3863,9 км су құбыры бар (оның ішінде қалаларда 59,6% - 2303,7 км). Желілер қанағаттанарлықсыз жағдайда болғандықтан желілердегі судың үлкен көлемі шығынға ұшырайды және халықтың суды тұтынуының үлес мөлшері артады.
Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген қолданыстағы 2011-2020 жылдарға арналған «Ауыз суы» бағдарламасының аясында 2011 - 2012 жылдары бюджет қаржысынан 10,40 млрд. теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 8,77 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,6 млрд. теңге (23 кестені қараңыз).
2011-2012 жылдары 49 нысанда жұмыстар жүргізілді, оның 32 бойынша құрылыс аяқталып, пайдалануға берілді, 17 нысан 2013 жылға ауыстырылды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 9 ауылда тұратын 13,5 мың адам орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізді, 426 км желі салынды және жөнделді.
23 кесте
2011-2020 жылдары «Ауыз суы» бағдарламасының аясында бюджеттің игерілген қаражаты көлемінің өзгеру динамикасы
|
2011-2012
|
2011
|
2012
|
Барлығы, млн.тенге:
|
10402,8
|
6498,4
|
3904,4
|
РБ
|
8776,6
|
5450,6
|
3326
|
ЖБ
|
1626,1
|
1047,7
|
578,4
|
2011-2012 жылдары іске қосылған объектілер
|
32
|
20
|
12
|
2015 жылға дейінгі облыс аумағын дамыту бағдарламасында ауылдық сумен қамту бойынша 152 жоба, қалалық сумен қамту бойынша 45 жоба, су бұру жүйесін салу және қайта жаңғырту бойынша 56 жобаны іске асыру жоспарланған.
Жер асты сулары сумен қамту көздері болып табылғандықтан, жер асты суларының орындары мен қорлары барланып, бекітілуі қажет. 2006-2013 жылдары Іске асырылуы жоспарланған 182елді мекендегі қорлар бекітілген, 2013 жылы 64 елді мекенде қорларды бекіту жұмыстарын жүргізу қажет.
Геологиялық-барлау жұмыстары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен ең аз мөлшерде қаржыландырылады, ал барланған қорлар бойынша қорытындылар екі жылдан кейін беріледі.
231 су құбырына қызмет көрсету және пайдаланумен мамандар және пайдаланудың ең қажетті құралдарымен жабдықталмаған 37 коммуналдық кәсіпорын, 77 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, шаруа қожалығы, жеке кәсіпкерлер және 33 ауылдық әкімдік айналысады. Осыған себептердің кесірінен құрылысы аяқталған және пайдалануға берілген ауыз сумен қамтитын объектілердің одан әрі пайдаланылуын қамтамасыз етуге байланысты проблемалар бар.
2012 жылы облыстың қалалары мен аудандарындағы халық үшін сумен қамту қызметтерінің тарифтері куб метрі 5,5 теңгеден 122,1 теңгеге дейін түрленіп отырды.
Саланың даму жағдайына SWOT талдау:
Күшті жақтары:
1) жер асты тұщы су қорының жеткілікті деңгейі;
2) ауыз суға аса қажетсіну;
3) сумен қамтудың қолданыстағы жүйелерінің бар болуы;
4) халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу көрсеткішін 77,9 %-ға дейін жеткізу;
5) пайдаланудың қолданыстағы қызметінің бар болуы.
Әлсіз жақтары:
1) Қолда бар жер асты тұщы су қорын жеткіліксіз пайдалану;
2) сумен қамту объектілері мен желілерінің аса тозуының және осының салдарынан апаттардың, жоғалтулардың, ауыз су сапасының төмен деңгейінің болуы;
3) негізгі өндірістік қорлардың ескіру процесі жаңартудан гөрі аса жылдам қарқынмен өтуде;
4) сумен қамту жүйелерінің жаңаларын салу мен қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жетіспеушілігі;
5) инфекциялық аурулардың туындау қауіптілігі;
6) берілетін судың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лабораториялардың көптеген аудандарда болмауы;
7) ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су тарту кәсіпорындарының жеткіліксіз дамуы.
Қауіптер:
1) ұңғымаларды пайдалану режімінің бұзылу нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалардың көп мөлшерде болуы, жер асты суының техногендік ластануы;
2)табиғи тозудың салдарынан жабдықтың жұмыс істемей қалуы, қоршаған ортаға теріс әсер ету тәуекелі;
3) сумен қамту объектілерінің ұзақ мерзім пайдаланудың нәтижесінде қалыптасқан қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі;
4) халықтың денсаулығының нашарлауына әкелетін су дайындаудың ескірген технологиясы қолданылады;
5) апаттың көбеюі, тәуліктік судың болмауы.
Мүмкіндіктер:
1) жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру;
2) халықтың сапалы ауыз суымен қамтылуы;
3) сумен қамту жүйелерінің техникалық жай-күйінің жақсаруы, су тазарту және су дайындауға шығынның ұлғаюы;
4) замануи тиімді технологияларды қолдану мүмкіндігі;
5) пайдалану қызметін материалдық-техникалық базаны жарақтандыру жолымен жетілдіру.
Жылумен қамту.
Өңірде 3 аса үлкен көмір кеніші бар – Қаражыра, Майқұба және Кендірлік. Қазып алынатын қатты отын өңірдің ішкі сұранысын ғана қамтамасыз етіп қоймай, республиканың басқа да облыстарына жіберіледі және республика аумағынан тыс жерлерге де экспортқа жіберіледі.
Облыс аумағында 5 жылу электр станциясы орналасқан – Өскемен, Семей, Риддер қалаларының тұтынушыларын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін Өскемен ЖЭО, Согра ЖЭО, Риддер ЖЭО, Семей қаласындағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2.
Облыс аумағында жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 1208,9 км. Қуаты 100 Гкал қазандықтар саны 746 дана. Қазандықтардың негізгі бөлігі қатты отынмен жұмыс істейді, тозудың орташа шамасы 70 % құрайды. Көмірді тұтынушыға дейін тасымалдау шығыстарының ұлғаюына байланысты соңғы уақытта оның соңғы бағасы өскен. Бұл жағдай облыс тұтынушыларының жылумен қамту әдістерін қайта қарауды талап етеді, яғни жаңа технологиялар енгізу жолымен.
Ауылдық елді мекендерде әлеуметітк мәдени тұрмыс нысандарын жылумен қамтуды ұсақ қазандықтар қамтамасыз етеді, олар қатты отынмен мен және электр энергиясымен жұмыс істейді. Қазандықтардың көбі қатты тозған.
Бүгінгі күні өңірде жылумен қамту желілерінің тозуы орташа алғанда 55%, нормативті шығындар 18,5% құрайды. Бұл ретте өңірде нормаивтен артық шығындар жоқ.
Статистикалық мәліметтер бойынша облыстың жылумен қамту кәсіпорындарымен барлығы 2012 жылы 9800 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген, 7100,6 мың Гкал жылу энергиясы жіберілген, оның ішінде жылу электр станцияларымен – 5400 мың Гкал, қазандықтармен – 4400 мың Гкал. Жылу энергиясын өндіру мен жіберу бойынша республикада облысымыз Қарағанды мен Павлодар облыстарынан кейін 3-орынды алады (төмендеу шкаласы бойынша).
2010 жылдан 2012 жылға дейін облыстың жылу көздерімен жылу энергиясы өндірісінің 9794 мың Гкалдан 9800 мың Гкалға дейін өскені байқалды, бұл жаңадан қосылған тұрғын үй, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық объектілер санының өсуімен байланысты.
36 сурет
2012 жылға жылу энергиясын тұтыну құрылымында тұрғындардың үлесіне – 38%, ұйымдардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері – 15%, кәсіпорындардың өндірістік қажеттіліктері – 21%, басқа кәсіпорындар (алып қайта сатушылар) – 30% болып келеді.
2010-2012 жылдарға тұтынушыларға жылу энергиясын бостау көлемінің өзгеру динамикасы біраз ауытқуларды қоспағанда жалпы тұрақты болып тұр (2010 жыл – 9794,7 мың Гкал, 2011 жыл – 9533,7 мың Гкал, 2012 жыл – 9800 мың Гкал).
Бұдан басқа, облыста заманауй энегрия үнемдеу технологиясын енгізу тәжірибесі жүзеге асырылды, атап айтқанда жылу сорғыш қондырғыларынан Прапорщиков кентінің Киров ОМ ТНУ жобасы іске асырылады.
Жүргізілген талдаудың негізінде өңірдің жылумен қаму саласының дамуын ұстайтын келесі негізгі проблемалар анықталды. Жылу көздерінің, магистральді және квартал ішілік желілерінің энергетиклық және қазандық құралдарының қатты тозуының проблемалары ТЭО құралдарының және қазандықтарының тозуына, жылу көздерінің энергетикалық құралдарын жңартуға және жаңалауға инвестиция көлемінің аздығымен байланысты. Семей қаласының жылу көздері қатты қауіпті тудырады. Өткен жылу кезеңінде көрсетілгендей Семей қаласының жылумен жабдықтау жүйесі әсіресе қаланың сол жағалау бөлігі қатты қиындықтарға душар болған. Сол жағалаудың негізгі жылу көздері ТЭО-1 және РК-1 қайта жаңғырту және жаңалау бойынша жұмыстарды міндетті және дереу жүргізуді талап етеді, өйткені аталған жылу көздерінің барлық қазандық агрегаттары өзінің қызмет ету мерзімін жойған, олардың тозу деңгейі нашар ретінде бағаланады және 70-93% құрайды.
Тарифтерді талдаған кезде, тариф тапшылығының негізгі үлесі «электроэнергия» шығын бабы бойынша қалыптасады. Өйткені, шығындар сметасына электроэнергия бойынша ескі тарифтер салынады. Электроэнергияға жаңа тарифтерді бекіткен кезден бастап жыл, ыстық сумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету бойынша тарифтер қалыптаса бастайтын болады.
Бүгінгі күні қуаты 100 Гкал жылу көзі бар мемлекеттік жылумен қамту кәсіпорындар шығынды болып табылады: Семей қ. «Жылукоммунэнерго» МКК, Курчатов қ. «КМЭП» МКК, Зырян қ. «Жылу орталық» МК, Серебрянск қ. «Бухтарма Инфрасервис» КМК, Глубокое к. «Жылуэнергия» МКК және Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын а. «Нарын» МКК.
Саланың даму жағдайына SWOT талдау:
Күшті жақтары:
-
облыстың жылу көздерімен жылу энергиясын өндірудің өсуі;
-
облыстың ЖЭО-лары мен қазандықтарына арзан отын көздері болып табылатын көмір кен орындарының облыста бар болуы;
Әлсіз жақтары:
-
Семей, Курчатов, Зырян, Риддер қалаларындағы, Глубокое кентіндегі жылумен қамтудың сапасыз қызметтері;
-
жылумен қамтамасыз ететін желілердің 17,8 %-ы ауыстыруды талап етеді.
Мүмкіндіктер:
жылумен қамтамасыз етудің дәстүрлі емес көздерін дамыту песпективалары.
Қауіптер:
-
ЖЭО орнатылған және мүмкіндігі бар қуаттарының көптеп төмендеуінің болуы, қазандықтар қуаттылықтарының істен шығуы, жылу көздері агрегаттарының негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейде болуына байланысты апаттық жөндеуде тұрып қалуы;
-
бәсекелестік ортаның дамымауы.
-
жылу желілерінің жылу көздерінің, магистральдік және ішкі кварталдық энергетикалық және қазандық құралдарының қатты тозуы;
-
жылу энергиясын жоғалтудың жоғары деңгейі.
Су бұру.
Өңірде орталықтандырылған су тарту 798 елді мекеннің (бұдан әрі ЕМ) 42 елді мекенінде жұмыс істейді. Облыста барлығы 125 канализациялық сору станциясы, 21 тазарту имараттары бар. 3 ауданда тазарту тазарту имараттары жоқ. 2010 жылы толық биологиялық тазарту арқылы тәулігіне 1168,7 мың текше метр ағынды сулар өткізілді.
70-жылдары салынған тазарту имараттары өздерінің пайдалану ресурстарын орындаған, имараттардың жобалық қуаты жеткіліксіз, соның салдарынан толық тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық, өнеркәсіптік және нөсер сулары Ертіске төгіледі.
Қалалық су каналдарының басты бір проблемасы өнеркәсіптік кәсіпорындардың 2 және 3 токситтік сыныбының ауыр металдармен: қорғасын, мырыш, никель, темір, мышьяк, бериллий, сынаппен және т.б. ластанған суларды ағызуы болып отыр.
Тазарту имараттар кешені шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларын тазартуға арналғандықтан, өнеркәсіптік ағындалар түскен кезде табиғи тазарту қиынға соғады (микрофлора өледі), қоршаған ортаға зиян келеді. Қалалық су каналдарымен балық шаруашылығына арналған су қоймасы болып табылатын Ертіс өзеніне ластаушы заттарды тастағаны үшін айып салынады.
Әсіресе кіші қалалар мен аудан орталықтарында қиын жағдайлар қалыптасқан. Елді мекендердің тазарту имараттары қатардан шығып қалады. Нәтижесінде нормативті техникалық жоғалтулардың орташа деңгейі облыстың су шаруашылық жүйелерінде шамамен 30-35%-ды құрайды.
Тазарту имараттарын сапалы пайдалану және олардың істен шығуына жол бермеу мақсатында канализациялық желілерді қайта жаңғырту қажет.
2011-2012 жылдары Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Өскемен, Курчатов, Глубокое ауданы Белоусовка кенті және Тарбағатай ауданы Ақсуат а. 4 жоба бойынша канализация жүйесін қалпына келтіру және қайта жаңғыртуға 1804,0 млрд. теңге бөлінді және игерілді.
Канализациялық желілердің жалпы ұзындығы 1417,4 км, оның ішінде 487,9 немесе 34,4% ауыстыруды қажет етеді, бұл апаттық жағдайларға әкеліп соғады. Мысалы 2011 жылғы 120 апатқа қарсы 2012 жылы канализация желілерніде 744 апат болған. Облыс тұрғындарының су бұру қызметтерімен қамтылу деңгейі 2012 жылы 34,2% құрады (кесте 24).
Кесте 24
2011-2012 жылдары облыс тұрғындарының су бұру қызметтерімен
қамтылу деңгейі
|
|
2011
|
2012
|
Тұрғындарының
су бұру қызметтерімен қамтылу деңгейі:
|
%
|
34,1
|
34,2
|
Канализация желілерін жөндеу
|
км
|
4
|
8,2
|
Тазарту имараттарын күрделі жөндеу
|
шт
|
0
|
2
|
Су тартуға қолданыстағы тарифтер технологияларды жаңартуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған кешенді жаңарту жүргізу шығындарын есепке алмайды, өйткені тарифтың структурасы мен пайданың инвестициясы көздерінің үлесі шамалы.
Сонымен, облыс бойынша 2012 жылға канализация қызметіне тарифтер куб метр үшін 5,6 теңгеден 151,2 теңгеге дейін өзгерді. Сол кезде Су каналдарының есептері бойынша эксплуатациялық шыығындарды жабуға жеткілікті тариф 20 теңгеден 190 теңгеге дейінгі деңгейде болу керек болған.
Облыс тұрғындарын су тарту қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 2012 жылы 34,2%-ды құрады.
Саланың даму жағдайына SWOT талдау:
Күшті жақтары:
-
тұрғындардың су бұру жүйесіне қол жетімділігі - 34,2%;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 қаулысымен бекітілген «Ақ бұлақ» бағдарламасының шеңберінде су бұру, тазарту имараттарын салу және қайта жаңғырту қарастырылған.
Әлсіз жақтары:
70 % канализациялық желі қанағаттанарлықсыз жай-күйде тұр және ауыстыруды талап етеді.
Мүмкіндіктер:
-
су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту имараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңартудың инвестициялық жобаларын іске асыру тұрғындарды су тарту қызметтерімен қамту деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қауіптер:
су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту имараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңарту жобаларының мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландырылуы объектілерді пайдалануға беру мерзімін бұзуы және облыс халқының санитарлық-экологиялық аман-есендігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Газбен қамту.
Шығыс Қазақстан облысында орталық газбен қамту 6 қалада және 2 кентте бар. Сұйытылған газдың негізгі үлесі Павлодар мұнайөндеуші зауытынан жеткізіледі.
Сұйытылған газдың аккредиталған жеткізушілері: «Капан» ПКФ ЖШС (Өскемен қ.), «ШҚ Газ» ЖШС (Өскемен қ.), «Ертiс трансгаз» ЖШС (Семей), «Аманат газ» ЖШС (Семей).
Газ таратушы қондырғылар және халықты орталықтандырылдған газбен қамтамасыз ету ыдыстары бүгінгі күні қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда болып табылады.
Жалпы облыста 595 ГРУ бар, оның 420 жұмыс істемейді, ал 365 қалпына келтіруге және қайта куәләндіруге, 57 ГРУ демонтажға жатады.
Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ГРУ жөндеу жұмысы басталды. Мысалы Риддер және Ұлан ауданында ГРУ жөндеу бойынша оң мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама бар.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі өңірді газдандыру мақсатында «Рубцовск – Өскемен» газ құбырын салу мүмкіндігін қарастыруда.
Газ құбырының жобалық ұзындығы шамамен 260 км, 2015 жылға дейін табиғи газды жыл сайын тұтыну 1,5 миллиард куб метр, 2017 жылға қарай 2,5 миллиард куб метрге жетеді. Жобаны іске асыру мерзімі қазақстан аумағында – екі жыл.
«Рубцовск – Өскемен» газ құбырын салу жобасын ҚР Мұнай және газ министрлігі қарастыруда.
Газ құбырын жобалау және салуды қаржыландыру мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жүзеге асыру жоспарланған.
Газ құбырының ұсынылған трассасы Ресей Федерациясы шекарасынан Бородулиха ауданы Бородулиха кенті арқылы, Шемонаиха қаласы, Глубокое ауданы Глубокое кенті арқылы облыс орталығына өтеді (Бородулиха кентінен Семей қаласына таралумен).
Қазіргі уақытта Өскемен және Семей қааларының жылумен қамтуы жылуэлектрорталықтары арқылы жүзеге асырылады, олар қатты отынмен жұмыс істейді. Көмірдің негізгі көлемі Қаражыра көмір разрезіне жеткізіледі.
Жобада мыналар қарастырылған:
1) I кезеңде құрылысы жоспарланған Өскемен қ. ТЭЦ-2 және Семей қ. ТЭЦ-3 газ құбыры трассасында орналасқан жылу көздерін (Бородулиха, Шемонаиха және Глубокое аудандары) табиғи газ пайдалануға ауыстыру. Сондай-ақ негізгі зәкірлік тұтынушы өңірдегі металлургиялық және тау кен өндіру саласы кәсіпорындарының тапшылығын өтеу көзделген;
2) II кезеңде «Өскемен ТЭЦ» АҚ және Семей қ. «Теплокоммунэнерго» МКК жылу көздерін ауыстыру, бұл тұтынылатын қатты отыннан бас тартуға әкеледі.
I кезеңде 1 394 млн. м³ газ тұтыну жоспарланған, II кезеңде тұтыну 2 907 млн. м³ табиғи газға жетеді.
Қазандықтар мен жаңа ТЭЦ құрылыстарын жылу көзі ретінде табиғи газға ауыстыру атмосфераға зиянды заттардың тасталуын 31 мың тоннадан 3 мың тоннаға азайтуға (көмір күлі, күкірт диоксиді, азот және оксид көміртегі) әкеледі, бұл ластанудың 9 есе азаюына және өңірдегі экологиялық және әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкеледі.
2012 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Респубилкасы арасында «Сарыбұлақ – Зимунай» газ құбырын салу және пайдалануда ынтымақтастық туралы келесім жасалды (бұдан әрі – Келісім). Келісімнің 7 бабына сәйкес Сарыбұлақ кенорнынан алынатын табиғи газдың жартысы Қазақстанның ішкі қажеттіліктері үшін жұмсалады, бұл ретте бұл шамамен 250 миллион куб метр табиғи газды жыл сайын құрайды.
Қазіргі уақытта Зайсан қ. және Зайсан ауданының 9 ауылдық елді мекенінде газ инфрақұрылымын салу бойынша нақты жұмыс жүргізілуде.
Газ шаруашылығы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын 2020 жылға дейін дамытудың салалық бағдарламасы аясында Қостанай-Көкшетау-Астана-Қарағанды магистралдық газ құбырын салу мәселесі қарастырылды және келешекте облыс бұл газ құбырын Шығыс Қазақстан облысының аумағында салу мәселесін түбегейлі қарастыратын болады.
Саланың дамуына SWOT- талдау:
Күшті жақтары:
облыстың газбен қамту ұйымдарын аккредитациялау Қазақстанның мұнайхимия зауыттарынан сұйытылған газды тұрақты бағада импорттауға мүмкіндік берді.
Әлсіз жақтары:
газ таратушы қондырғылардың, квартал іші желілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы тұрғындардың денсакулығы мен өміріне қаіп туғызады.
Мүмкіндіктер:
Сарыбұлақ газ кенорнын өндіру Зайсан және Тарбағатай аудандарының тұтынушыларын табиғи газбен қамтуға, және ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасында үкіметаралық келісімге сәйкес сұйытылған газды Шығыс Қазақстан облысының ішкі нарқына жеткізуге мүмкіндік береді.
Қауіптер:
жаңа немесе қолданыстағы орталық газбен қамту жүйелерін салу немесе қалпына келтіру іс-шараларын жеткіліксіз қаржыландыру өңірді газбен қамту деңгейін сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік бермейді.
Тұрғын үй қоры.
Шығыс Қазақстан облысында 5200 көппәтерлі тұрғын үй есептеледі, соның ішінде облыстық орталықта 1645 кондоминимум нысандары бар және Семей қаласында 1305 үйлер. Өңір аумағындағы үй құрылыстарынан 90 пайыздан астамы 20 жылдан астам пайдалану мерзіміне ие.
25 кесте
Үйлер саны
|
Пайдалану мерзімі
|
%
|
1643
|
50 жылдан астам
|
25
|
1352
|
50-40 жыл
|
26
|
1055
|
40-30 жыл
|
20
|
1040
|
30-20 жыл
|
20
|
Алдын ала жүргізілген зерттеу бүгінгі күні 3500 нысан жөндеуді қажет ететінін, ал 1661 тұрғын үй апаттық деп танылу үшін инструментальді зерттеуді талап ететінін көрсетті. Бір кондоминимум нысанын зерттеу құны 800 мың. Тенге құрайды. Қажетті қаржылық бекітумен республикалық деңгейде кондоминимум нысандарын инструментальді зерттеу бойынша бағдарлама әзрлеу мәселесін қарау қажет.
Тұрғын үй қорын пайдалану және ұстауды негізінен пәтерлердің жеке меншіктерінің кооперативті жүзеге асырады (бұдан әрі – ПЖК). Қазіргі уақытта өңір аумағында 371 ПЖК жұмыс істейді, соның ішінде қалаларда – 365 және аудандарда – 6.
Коммуналдық қызмет есебінің құралдарын сатып алу бойынша істер қанағаттанарлықсыз жағдайда. Есеп құралдары энергия ресурстарын үнемдеуіне қарамастан оларды енгізу көп жағдайда энергия тұтынуды азайтуға әкеледі. Бұл тұтынушылар өздерінің тұтынулары туралы нақты ақпарат ала бастайтынына негізделген, және нәтижесінде тұтынушылар табиғи түрде энергия ұнемдеуге көшеді. Сондықтан барлық энергия ресурстар есебінің құралдарын орнату және есептегіш көрсеткіштер бойынша энергия ресурстарын пайдалануға есепті ұйымдастыру мәселесі энергия ресурстарын тұтынудың тиімділігін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді.
Бүгінгі күні тәжірибе жүзінде кондоминимум нысандарын басқарудың негізгі формасы болып табылатын ПЖК қызметіндегі аса ір проблема тұрғын үйдің күрделі жөндеуін жүзеге асыру болып табылады. Мезгілсіз және толық емес көлемде жүргізілген жөндеулердің нәтижесінде ғимараттың ескіру процессі жылдамдайды. Нәтижесінде үйді ұстау адал төлеушілер – ПЖК мүшелеріне жатады.
Жүргізілген талдау ПЖК бойынша пайдалану салымдарын жинаудың орта пайызы 70-80% құрайтынын көрсетеді, шамамен пәтер иелерінің 20% пайдалану шығындарын төлемейді.
Қазіргі уақытта КСК ғимарат пайдалануға енгізу және жөндеу бойынша жұмысы бақылаусыз қалып отыр. Көбінесе ғимаратты пайдалану ережесі қадағаланбайды, ұсақ ақаулар уақтылы жойылмайды, олар жылдар бойы қомақты шығындарды талап ететін апатты жағдайларға әкеледі.
Осыған орай, кондоминиум нысандарын басқарудың баламалы басқару нысандарын құру мақсатында басқарушы компания құру мәселесі пысықталуда, оның қызметі кондоминиум нысандарын ұстау және пайдалану бойынша қызметтер сапасын және тиімділігін жоғарылатуға және кондоминиум нысандарына қызмет көрсету саласында бәсекелес орта құруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында 2011-2012 жылдары 189 көппәтерлі үй 1671,3 млн. тенге жалпы сомасына, соның ішінде 1-тетік бойынша – 47 үй 552,5 млн. тенге сомасына, 2-тетік бойынша – 142 үй 1118,8 млн. тенге сомасына жөнделді.
Кондомиумның ортақ мүлкін жөндеу термомодернизация элементтерін қамтиды, бұл ғимараттардың жылутехникалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл қабырғаларды, үйдің шатыры мен фасадын жылылау және жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қол жеткізіледі, ағымдағы жөндеу кезінде 10 пайызға дейін, күрделі жөндеу кезінде 30 пайызға дейін үнемдеуге қол жеткізіледі.
Кондомиум нысандарын жөндеу жобасын 2013-2015 жылдары іске асыру жөндеуді қажет ететін кондомиум нысандарын 69,7% дан 49,2% дейін азайтады, 2020 жылға дейін 3970 үйден 2600 жөндеу және үлесін 10% жеткізу жоспарланған.
Саланың даму жағдайына SWOT талдау:
Күшті жақтары:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жүргізіледі. 2020 жылға дейін жөндеуді қажет ететін үйлердің 10% үлесі күтіліп отыр.
Әлсіз жақтары:
кондоминимум нысандарының жалпы мүлкін ұстауда тұрғындардың нашар белсенділігі.
Мүмкіндіктер:
көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жобаларды іске асыру кондоминимум нысандарының техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қауіптер:
көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына қатысу қажеттілігі туралы нашар түсініктеме жұмыс.
Абаттандыру.
Облыс аумағында 5061,2 км көшелер мен жолдар, 421 га саябақтар, скверлер, алаңдар, аулалар, 2227 тұрғын үй кондоминиумдарының аулалары, 296 ескерткіштер мен қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалануға арналған арнаулы 350 орындар бар.
Облыстың елді мекендерінің санитарлық жағдайын қалпында ұстап тұру және көріктендіру деңгейін көтеру, күзгі және көктемгі кезеңде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаланатын орындар қанағаттанарлық жағдайға келтіріліп, рұқсат берілмеген қоқыс төгу орындарын жою, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
37 сурет
Жыл сайын облыс бойынша 140 мың ағаш көшеті, 40 мың погон метр бұталар және 50 мың шаршы метр гүлзар отырғызылады.
Елді мекендерді көріктендіру бойынша жұмыстарды жүргізуге жергілікті бюджеттен 2010 жылдан 2012 жылға дейін 2636 млн. теңге бөлініп, толық игерілді.
Қаржыландыру нәтижесінде 2227 аула аумағының 214-інде көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. 574 мың ағаш көшеті, 139 мың погон метр бұта, 258 мың шаршы метр гүлзар отырғызылды.
Алайда шешілмеген проблемалар қалады.
Көп пәтерлі тұрғын үй қорының аула аумақтарының 40%-ы балалар мен спорттық алаңдар салуды, ескі ағаштарды кесіп, шығаруға, жасыл көшеттерге түгендеу жүргізуді қажет етеді Көгалмен жабылған алаңдардың азаюына байланысты елді мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.
Аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру конкурстарын өткізу үшін облыстық бюджеттен жыл сайын қаражаттың бөлінуін қарастыру қажет. Аудандар үшін көріктендірудің проблемалы мәселелерінің бірі ол қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған орынды ұстау болып табылады. Қоқыстар экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін және қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының статусы жоқ ұйымдастырылмаған қоқыс тастайтын жерлерге төгіледі. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинап, шығаратын мамандандырылған кәсіпорындар жетіспейді.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайын іс-шаралар жүргізу, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Әлсіз жақтары:
аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру іс-шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы.
Мүмкіндіктер:
аумақтарды көріктендіру, қасбеттерді, аула аумақтарын, скверлерді, саябақтарды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің болашағы.
Қауіптер:
облыс елді мекендерінің қанағаттанарлықсыз санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі, тұрғын қорының, көріктендіру элементтерінің тез тозуы, жабындардың, қасбеттердің қанағаттанарлықсыз жай-күйі, елді мекендердің келісімсіз келбеті.
Достарыңызбен бөлісу: |