Семинар төмендегідей бағыттарда жүргізілді



Дата01.07.2016
өлшемі17.74 Kb.
#169526
түріСеминар






Жаңалықтар
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасының электронды оқу залында 2012 жылдың 3-6 сәуір аралығында Thomson Reuters компаниясының Web of Knowledge платформасын қолдану туралы веб семинары өтті.

Онлайн жүйесінде өткен аталмыш веб семинарға университет оқытушылары, ғылыми кітапхана қызметкерлері, экономика және филология факультетінің оқытушылары, ҒЗЖ бөлімі, халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық қызметі бөлімі, ақпараттық және білім беру технологиялары орталығының мамандары қатысты.

Ал 11-сәуір күні университеттің мәжіліс залында «Ғылыми – техникалық ақпарат Ұлттық орталығы» АҚ өкілдерінің Thomson Reuters компаниясының қызметімен таныстырып, Web of Knowledge платформасын қолдану туралы оқыту семинары өтті.

Семинарды Александрова Ирина Алексеевна-ҒТА қол жеткізуді қамтамасыз ету департаментінің директоры және Жаркова Галина Федоровна- Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаменті ғылыми жобаларды зерттеу және бағдарламаларды тіркеу бөлімінің бастығы жүргізді.

Семинар төмендегідей бағыттарда жүргізілді:

Диссертацияларды тіркеу және құжаттарды дайындау. Жоспарлы көрсеткіштерді, жылдық және тоқсандық есептерді ресімдеу. Мекемелер мен ұйымдарға мемлекеттік стандарт талабына сай әдістемелік көмек көрсету



-Web of Science: осы облыстағы ең қызықты мақалаларды іздеу, іздеу нәтижелерін тіркеу, есеп берулер.

- EndNote Web: WOS с EndNote Web бағдарламасымен байланысып, жеке кітапхана мен библиографиялық тізімдерді құру; интерактивті мәліметтер базасын құру және бүкіл әлемдегі кітапхана каталогын құру;

-Web of Knowledge платформасы: жаңалық мен біліктілікті арттыру; әртүрлі базаларды іздеу (WOS, Medline, DII Dervent Innovation Index, JCR), табылған мәліметтерді экспорттау және жазу

- Journal Citation Reports : мақалаларды іздеу, ғылыми журналдарды іздеуді жазу және нәтижесін экспорттау, импакт-факторлы журналдарда өз мақалаларын қалай құру; Journal Citation Reports мәліметтерінен қалай экспорттау керектігі; Импакт-факторды өзінше түсіндіру және қалай қолдану керектігі.



-SpringerLink платформасының презентациясы. SpringerLink платформасының теориясы мен практикасы

Семинарға университет проректорлары, факультет декандары мен оқытушылары, магистранттар, бөлім қызметкерлері қатысты. Оқыту семинарына қатысушыларға сертификат берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет