Облыс аумағында су тасқыны, тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттер және қыс мерзіміндегі төтенше жағдайлар болып тұрады.
Елді мекендердің 70 пайыздан астамы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызмет көрсету радиусынан шеткерек орналасқан, ал ең жақын өрт бөлімдерінің ара қашықтығы 30-дан 150 километрге дейін құрайды. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің осындай қашықтығы іс жүзінде тұрмыстық өртке қарсы шұғыл әрекет жасауға мүмкіндік бермейді.
2007-2013 жылдардағы кезеңде облыста 10012 тұрмыстық және өндірістік өрт тіркелді, оның нәтижесінде 306 адам қайтыс болды. 2013 жылы тіркелген оқиғалар саны – 1056, 2011 жылдың деңгейіне 91,6% (1153 оқиға). Өрт сөндіру қызметтері мен апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметшілері 1000 адамды аман алып қалды.
Мемлекеттің орман қорының 211 мың гектардан астамы орман өрттеріне шалдықты, жазық дала алқаптарында және ауыл шаруашылығы жерлерінде өртке шалдығу қауіп-қатерлері бар. 2010-2013 жылдардағы кезеңде жалпы 3678,5 гектар аумақта ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерде 159 өрт жағдайы тіркелді. Материалдық шығын 77,32 млн. теңгені құрады.
Қарлы борандар ұзындығы 908 км республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың 326 участкесінде автомобиль көлігінің қозғалысын қиындатуы немесе толық тоқтатып тастауы мүмкін.
01.01.2014 жылы су тасқындарының жағымсыз салдарлары облыстың 23 елді мекеніне қауіп қатерін төнгізуде.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың облыстық аумақтық кіші жүйесі күштерінің төтенше жағдайлардың барлық спектріне шұғыл ден қою деңгейі құтқару жүйесінің, оның ішінде апаттық-құтқару қызметі құрылымдарының хабарлау, ақпараттық қамтамасыз ету және байланысу, жеткіліксіз техникалық жарақтандырылуы сияқты құтқару жүйесін құрастырудың аяқталмауына байланысты төмендеуде.
Апаттар мен апаттық жағдайларға қарсы іс-әрекеттер және жою жөніндегі шаралардың кешені олардың көп қаржы талап етуіне байланысты жеткілікті көлемде іске асырылмай отыр.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелері жоқ елді мекендерді өртке қарсы қорғау деңгейі төмен болып отыр.
Күшті жақтары: Жітіқара аудан орталығын сумен сенімді жабдықтау,су қоймасын қауіпсіз пайдалану, Желқуар және Тобыл өзендерінің қоймаларында орналасқан елді мекендердің су тасқыны кезінде су астында қалуын болдырмау үшін 2012 жылы республикалық бюджет есебінен «Қостанай облысы Жітіқара ауданының Желқуар су қоймасының айналма каналының жаңалау жұмыстары» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 976 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметі қорынан 1 млрд. 149 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.
2013 жылы 16 млн. 349 мың теңге құрайтын, Алтынсарин ауданының Шоқай және Свердловка селоларындағы бөгеттердің күрделі жөндеуі аяқталды.
2013 жылы «Таран ауданының Тарановское селосындағы Аят өзенінің оң жақ жағасындағы қоршау бөгетінің құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамалардың түзетуі жүргізілді. Жобамен Тарановское селосын Аят өзенінен бөлетін бөгет құрылысы ұсынылды. 23.01.2014 жылдың № 13-0003/14 жұмыс жобасы бойынша мемсараптаманың қорытындысы бар (құрылыс жұмыстарының жалпы сметалық құны 199 млн. 310 мың теңге).
Облыс әкімдігі атынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің атына қоршау бөгеті құрылысына Қазақстан Республикасы Үкіметі қорынан қаражат бөлуге көмек көрсету жөнінде хаттар жолданды. Техникалық-экономикалық негіздеменің әзірленуі жүргізілді. Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігімен қажетті құжаттар топтамасы Қазақстан Республикасы Үкіметіне жолдауға дайын. Тарановское селосындағы қоршау бөгетінің құрылысы жөніндегі мәселе оң шешімін табатын аяқтау кезеңінде.
Әлсіз жақтары: Жаңа бөгеттер және тоғандар құрылысы және қолданыстағы бөгеттер мен тоғандарды жөндеуге қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
Облыстың ауылдық аймақтарында жаңа өрт сөндіргіш деполары құрылысына қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
Қауіп-қатерлер: Гидротехникалық құрылғылардың, бөгеттер, тоғандардың дер кезінде жөндемеуі, өзен алқабында орналасқан бірнеше елді мекендердің су тасқыны кезінде су астында қалу қауіп-қатерін тудырады.
Мүмкіндіктер
1. Ауылдық елді мекендерде өрт сөндіргіш деполары құрылысы, оларды күш және қаражатпен қамтамасыз ету (адамдар және өрт сөндіруге арналған арнайы техника).
2. Ауылдық аймақтар және облыс объектілерінде қосымша өрт сөндіруші орындарын, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мен құрылымдарды құру.
Су тасқыны және өрт қауіпті кезеңдерде ғарыштық және жер үстінгі мониторингті жүргізу ТЖ салдарынан болатын залалын барынша төмедетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, орман және дала өрт көздерін дер кезінде анықтауын жеделдетеді, және төтенше жағдайлардың пайда болудың ерте кезеңінде қорғаныс іс-шараларын жедел жоспарлау әрекетін жоғарылатады.
2.2.3 Инфрақұрылымдық кешенінің дамуын талдау
Байланыс және коммуникация
2007-2013 жылдары Қостанай облысының телекоммуникациялар желілері оң серпінмен дамыды.
2007-2013 жылдары Қостанай облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Қостанай-Силантьевка, Қостанай-Есіл-Арқалық, Қарасу к.-Ленино с.-Люблинск с.-Қойбағар с. учаскелерінде талшықты-оптикалық байланыс желілерінің (ТОБЖ), Рудный-Қашар-Федоров-Қарабалық, Әулиекөл-Қарамеңді учаскелерінде аймақ ішілік ТОБЖ құрылысын жүргізді.
Қостанай қаласының көп пәтерлі 450 үйінде 18 000-нан астам абонентті аса жоғары жылдамдықпен Интернет желісіне кіру қызметіне қосуға мүмкіндігі бар FTTH (Fiber to the Home – «әр үйге оптика») желісінің құрылысы бойынша жоба іске асырылды.
Нәтижесінде 80 елді мекенде, олардан 5 қалада, 13 аудандық орталықта, 2 қала үлгісіндегі кентте, аудандық орталықтан төмен 60 АЕМ-де ТОБЖ арқылы көліктік орта ұйымдастырылды.
Нәтижесінде 2007-2013 жылдары мынадай дамыту индикаторларына қол жеткізілді:
31-кесте
|
Индикаторлардың атауы
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
1
|
2015 ж. жергілікті байланыстың сандық деңгейіне 100% қол жеткізу, %
|
91,2
|
93,1
|
95,2
|
97,2
|
98,0
|
98,4
|
99,6
|
2
|
Белгіленген телефон желілерінің тығыздылығы, барлығы 100 тұрғынға шаққанда бірл. саны,
|
23,0
|
24,6
|
26,2
|
27,8
|
28,9
|
29,6
|
29,7
|
3
|
Интернетті пайдаланушы-лардың тығыздылығы, 100 тұрғынға шаққанда бірлік саны.
|
3,1
|
4,3
|
5,4
|
6,9
|
7,9
|
9,4
|
34,1
|
4
|
Кең жолақты Интернет желісіне кіретін пайдаланушылардың тығыздылығы
|
0,6
|
1,8
|
3,3
|
5,2
|
6,7
|
8,7
|
32,4
|
Ақпараттық технологияларды Қостанай облысы әкімдігінің инфрақұрылымдық кешенінің бөлігі ретінде дамыту «электрондық үкімет» және «электрондық әкімдік» іс-шаралары шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
2007 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңде жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымы жетілдірілді: жұмыс орындарын 100% компьютерлеу қамтамасыз етілді, 12 сервер сатып алынды (олардан - 7 облыстық маңызы бар), ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес серверлік орын-жай құрылды (кепілдендірілген үздіксіз қуат көзі қамтамасыз етілді, өрт және күзет дабылы, бейне қадағалау, ауаны реттеу құрылғысы, мәліметтерді ғимарат күзетінің басқарып отыратын тетігіне шығара отырып, температура және ылғалдылық мониторингі жүйелері орнатылды).
2011 жылы облыс әкімінің аппараты, қалалық, аудандық әкімдіктер, облыстық басқармалар арасында ведомствоаралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін 60 сегментті қамти отырып, IP-VPN технологиясы бойынша жабық көлік желісі құрылды.
Әкімдік органдары әкімшілік қызметінің жеделдігін арттыру мақсатында 2008 жылдан бастап электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесін (ЭҚАБЖ) енгізу жүргізіледі. Барлығы 2008-2012 жылдары ЭҚАБЖ-бен қалалар мен аудандар әкімдерінің 20 аппараты, 20 облыстық басқарма, сонымен қатар Қостанай, Рудный, Арқалық қалалары, Сарыкөл ауданы әкімдіктер мекемелерінің мемлекеттік мекемелері қамтылды.
2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылы ЭҚАБЖ пайдаланудың жалпы көрсеткіші 7,6%-ға (2011 ж. - 92,4%, 2012 ж. - 99,5%, 2013 ж.-100%), оның ішінде ведомствоаралық құжат айналымының көлемі 3%-ға (2011 ж. - 97 %, 2012 ж. - 99,2%, 2013 ж.-100%) өсті.
Облыс әкімдігі интернет-ресурстарының серпінді дамуы белгіленіп отыр, облыс әкімдігі атқарушы органдарының 20 ресми веб-сайттары қызмет етеді.
Жетекші өңірлік ақпараттық ресурс Қостанай облысы әкімдігінің www.kostanay.gov.kz. порталы болып табылады. Барлығы порталда 3 513 ақпараттық бөлім (мемлекеттік – 1193, орыс тілінде – 2 320) бар, сайттың базасында 1 211 құжат, 7 160 сурет, 168 бейнесюжет бар, сайттың нұсқалары үш тілде жүргізіледі.
Қатысулардың белсенділігі 2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін 5 есе ұлғайды
Қатысу
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
172 667
|
181 687
|
541 869
|
811 918
|
945 964
|
Әлеуметтік-бағдарланған интернет-ресурс облыс әкімінің электронды қызметтерінің www.e.kostanay.gov.kz сайты болып табылады, бұнда салалық бағыттар бойынша стандарттар мен қызметтердің ережелері, бланктердің нұсқасы және толтыру нысандары, сонымен қатар байланыс ақпараты және кері байланыс қызметі орналастырылған. Қызметтер спектрі, әр түрлі қызмет саладағы ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсететін, 17 тарауды құрайды Сайттың базасында 1583 электронды құжат бар.
2009 жылы жыл сайын 1,5 мыңнан артық адам өтініш жасайтын мемлекеттік органдар басшыларының блог-платформасы құрылды.
Әкімге жолданған өтініштердің саны
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2 540
|
1 756
|
2 436
|
2468
|
Электронды қызметтерді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық куәландыру орталығының Қостанайлық филиалы 2008 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде электронды-сандық қолдың 148 923 сертификатын берді.
Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша іс-шаралар жүргізілді, барлығы 2007 жылдан 2011 жылға дейінгі кезеңде 140 388 адам оқытылды, оның ішінде 2007-2008 жылдары облыста Ақпараттық теңсіздікті төмендету мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 81888 адам оқытылды. Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 265,9 млн. теңге бөлінді және игерілді. Ұйымдастырылған компьютерлік сыныптар базасында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту орталықтары ашылды. Ел басының Жолдауын іске асыру мақсатында 2011 жылы компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша 58 500 адам оқытылды. Қазақстан Республиасы Премьер-Министрінің Орынбасары Е.Т. Орынбаевтың 2013 жылдың 3 шілдедегі № 17-43/06-26 (1.2.1-т) бұйрығымен бекітілген 2013 жылы халықтың компьютерлік сауаттылығын жоғарылату және 2013-2014 жылдарда электрондық қызмет алушылардың саның көбейту бойынша Іс-шараларын орындау үшін компьютерлік сауаттылыққа 19 715 адам оқытылды.
Әлеуеттік проблемалар:
азаматтардың ақпаратқа және электронды қызметтерге теңсіз қол жеткізуінде сонымен қатар халықтың компьютерлік сауаттылығының жеткіліксіз деңгейінде байқалып отырған саңдық теңсіздіктің болуы: жеке компьютерлермен жұмыс істеу машығының болмауы халықтың кейбір бөлігі үшін мемлекеттік қызметтерді электронды пішімде алу мүмкіндігін қол жетімсіз етеді, бұл енгізіліп жатқан ақпараттық технологиялардың тиімділігін төмендету мен ИКТ-де инвестицияларды тиімсіз бөліп таратуға әкеледі;
сандық жергілікті телефондық және ұялы байланыспен қамтамасыздандыру деңгейінің жеткіліксіздігі.
Дамыту перспективалары мен қарқындары:
1. «Ақпараттық Қазақстан – 2020» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде сәулет әдістемесі негізінде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
2. 2015 жылға қарай халықтың байланыс және коммуникация саласындағы қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейін 100%-ға жеткізу;
3. 2015 жылға қарай халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейін 56%-ға жеткізу;
4. 2015 жылға қарай жергілікті телефон байланысын сандандыру деңгейін 100%-ға жеткізу;
5. Халқының саны 1000 адамнан артық елді мекендерді ұялы байланыс қызметтерімен толық (100%) қамтамасыз ету.
Қол жеткізу жолдары:
стандарттардың талаптарына сәйкес байланыс және коммуникация саласында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуі, қызметкерлердің кәсіби құзыретін арттыру;
мемлекеттік секторда ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалауды арттыру, инфракоммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту;
халықты «электрондық үкімет» порталын пайдалану машықтарына оқыту, компьютерлік салауаттылық.
Құрылыс
01.01.2014 жылға облыста 392 құрылыс ұйымдары қызмет етті, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 53,7 артық. Тиісінше 2013 жылы 83729 млн. теңге құрайтын, орындалған құрылыстың мердігерлік жұмыстар көлемі де өсті, бұл 2007 жылға қарағанда 2,8 есе артық.
2009 жылы облыс аумағында барлық қаржыландыру көздері бойынша 187,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2007 жылғыдан 15,9 жоғары, оның ішінде: 15 мың шаршы метр – жалдамалы тұрғын үй; 14,8 мың шаршы метр – кредиттік тұрғын үй (10,1 мың шаршы метр – салынып жатқан 100 мектеп пен 100 аурухананың қызметкерлері үшін, 4,7 мың шаршы метр – кредитті қайта пайдалану арқылы); 157,7 мың шаршы метр – азаматтардың қаражаттары және жеке инвестициялар, 0,4 мың шаршы метр – басқалар есебінен пайдалануға берілді.
2010 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңде барлығы облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері бойынша 827,77 мың ш.м, оның ішінде кезекте тұрғандар үшін жалдамалы – 54,731 мың ш.м., жастарға – 13,632 мың ш.м., ипотекалық – 73,0733 мың ш.м., Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша – 5,9 мың ш.м., басқа көздер – 682,932 мың ш.м. тұрғын үй салынды.
2013 жылы тұрғын үйдің 1 ш.м. орташа құны 77,7 мың теңгені құрады. Жыл сайын тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өсіп жатыр, осылайша 2010 ж. – 195,1 мың ш.м., 2011 ж. – 196,2 мың ш.м., 2012 ж. – 204,8 мың ш.м., 2013 ж. – 231,9 мың ш.м.
2012 жылдан бастап «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы әрекет етеді, оның мақсаты халықтың тұрғын үйге қол жетімділігін әрі қарай жоғарылатуды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемасын кешенді шешу болып табылады. 2013 жылы «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй құрылысына 3 млрд. теңге бағытталды.
2013 жылы облыста барлық қаржыландыру жоспары есебінен 207 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілді, бұл 2012 жылғы жоспардан 22,6 мың шаршы метр немесе 12,3% артық.
2014 жылы «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға РБ-тен 4,668 млрд. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылда облыста барлық қаржыландыру көздері есебінен 232 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріледі, бұл 2013 жылғы жоспардан 25 мың шаршы метр немесе 12,1% артық.
2014 жылдың қаңтар-сәуірінде облыста жалпы ауданы 64,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 2013 жылдың деңгейіне 121,8%, орташа республикалық көрсеткішінде – 111,3%. Оның ішінде пайдалануға беріледі: кезекте тұрғандар үшін жалдамалы – 3,3 мың ш.м. және қаржыландырудың басқа көздері есебінен – 61,6 мың ш.м.
Құрылыс нарығында бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін көптеген айқын және жасырын кедергілер бар.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалары
салынған нысандарға халықтың төлем қабілеттілігінің төмен болуы;
жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер телімдерінің жеткілікті инфрақұрылыммен қамтамасыздырылмағаны;
бар инженерлік инфрақұрылымның жеткіліксіз қуаттылығына байланысты салынып жатқан және салынған нысандарға инфрақұрылымды қосу кезіндегі кедергілер;
республикалық бюджеттен қаржыландыруға жататын «Қол жетімді тұрғын үй» бағдарламасы үшін белгіленген 1 ш.м. тұрғын үйдің төмен құны, ал жергілікті бюджеттен бірігіп қаржыландыру қаражаттардың болмауына байланысты кейде мүмкін емес;
құрылыстық-монтаждық жұмыстар өндірісінің сапасы, қарқыны мен мерзімдерінде байқалып отырған, әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманың көптеген кемшіліктерінде белгіленген жобалық және мердігерлік ұйымдардың төмен кәсіби деңгейі;
құрылыс индустриясының ерекше мәселелерін ескермейтін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның жетілдірілмегені;
бақылау-қадағалау органдары тарабынан көптеген негізделмеген тексерістердің болуы жатады.
халықтың әлеуметтік қорғалатын санаттарының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында өткізілетін мердігерлік жұмыстардың сапасын, инженерлік коммуникациялардың құрылысын, қаражаттарды тиімді пайдалануды, тұрғын үйді уақытында пайдалануға беруді бақылау.
Жолдар және көлік
Облыс аумағынан Қазақстанның негізгі көлік дәліздері өтеді. Астана – Қостанай – Челябі – Екатеринбург полимагистральдік байланыстар, ТАТМ Солтүстік дәлізі, Алматы – Екатеринбург транзиттік автодәлізі.
Жүк тасымалдау ішкі республикалық бағыттарда, тікелей поездар тек қана Алматы және Қарағанды қалаларына жүзеге асырылады. Сондай-ақ, дизельдік локомотивтермен қозғалатын қала сыртындағы поездар жүреді. Қаладан 90 км қашықтықта – ірі теміржол айырымы – Тобыл стансасы орналасқан.
«Қостанай» халықаралық әуежайынан әуе рейстерін 2009 жылдан бастап «Эйр Астана», «Бек Эйр», «SCAT» ұлттық тасымалдаушылары, сонымен қатар «Трансаэро» (Ресей Федерациясы), «Белавиа» (Беларуссия), Түркия әуе желілері, Германия «Гамбург Эйрвейс» сияқты әуе компаниялары жүзеге асырады.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қостанайдан неміс қалалары Ганноверге, Дюссельдорфке, сонымен қатар Мәскеуге, Беларусь астанасы – Минскіге, Турцияға Анталияға дейін және Алматы және Астана сияқты қазақстандық қалаларға әуе жолымен жетуге болады.
2013 жылында облыс ішінде көлікпен жүк тасымалдау – 299,5 млн. тоннаны, 2009 жылға қарағанда 165% (181,5 млн. тонна), жолаушылар көліктерімен – 1657,3 млн. адамды, 2009 жылға қарағанда 172,6% (1060,6 млн. адам) құрады.
Жолдар
Автомобиль жолдары – тиімді жұмысы мен тұрақты дамуы осы заманғы шарттарда экономиканың көтерілуіне, тұрғындардың тіршілік ету деңгейін арттыру мен жағдайларын жақсартуға көшудің аса маңызды факторлары болатын облыстың көлік-коммуникациялық кешенінің негізгі элементтерінің бірі.
2014 жылдың 1 қаңтарында облыстың облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 8106,7 км, оның ішінде: қара жабынмен жабылғаны – 4675,2 км, ұсақ тасты жабынмен жабылғаны – 2248,2 км, топырақ жабынмен жабылғаны – 1680,3 км құрайды, 63 көпір және 2032 су өткізгіш құбырлар бар.
Қостанай облысының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 9516 км, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1410 км, облыстық маңызы бар – 2208 км, аудандық маңызы бар 5898 км құрайды.
Облыстық және аудандық автожолдар желісі бойынша жөндеу жүргізу арасындағы мерзімдердің нормативтеріне қол жеткізу үшін жыл сайын қара жабынды – 347 км-ге, ұсақ тасты жабынды – 375 км-ге күрделі жөндеу, қара жабынды – 1033 км-ге және ұсақ тасты жабынды – 1124 км-ге орташа жөндеу қажет.
2011-2013 жылдар аралығында жолдардың күрделі жөндеуден өтті: республикалық маңызы бар жолдар – 12 км, облыстық маңызы бар жолдар – 39,4, аудандық маңызы бар жолдар 3 км; жолдарды жаңарту: республикалық маңызы бар жолдар – 40,1 км, облыстық маңызы бар жолдар – 56, аудандық маңызы бар жолдар 15,2 км.
Негізінен аудандық және облыстық маңызы бар жолдар III-IV техникалық санатқа жатады, ал ауылдық елді мекендерге баратын кейбір кіре беріс жолдар V техникалық санатқа жатады. Ауыспалы жабын түрлері бар автомобиль жолдарының участкелері және балшық жолдар қозғалыс жылдамдығы жағынан да, өс салмағы жағынан да талаптарға жауап бермейді және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамсыз етпейді.
Саланың негізгі техникалық проблемасы – жол жабындарының көтеру қабілетін жоғалтуының үдеуі. Облыста жолдардың көбісі автомобильдің өсіне түсетін салмақ 6 тоннадан жоғары болмау керек деп белгіленген, 60-80 жылдары жобаланып, салынған. Бүгінгі күні өске түсетін салмақ 10-12 тоннаға дейін жетеді.
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жүк пен жолаушыларды тасымалдаудың 50%-ына дейін тиесілі.
2007-2013 жылдары Қостанай облысы елді мекендерінің көлік жолдары мен көшелерін жөндеу және ұстау жұмыстарын қаржыландыру 18 есе ұлғайды.
Облыстың жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының желілерін 2010-2013 жылдар кезеңінде күзгі тексеру нәтижелері бойынша жақсы және қанағаттандыратын жағдайдағы автожолдардың үлесі 57%, оның ішінде республикалық маңызы бар – 63%; облыстық маңызы бар – 58%; аудандық маңызы бар – 49% құрады.
2007-2013 жылдары облыстың жақсы және қанағаттандыратын жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 19%-ға ұлғайды.
2013 жылы Қостанай облысы қалалары мен аудандарының жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары мен көшелерінің құрылысына, қайта жаңартуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге, ұстауға және көгалдандыруға республикалық бюджеттен 12 346,5 млн. теңге, 2014 жылы 18056,5 млн. теңге бөлінді.
Қостанай облысы бойынша автожолдардың 1 ш.м. ағымдағы жөндеу және ұстау бойынша жұмыстарды қаржыландыру нормативке сәйкес 1,2 млн. теңгені құрауы керектігін айта кету керек. Облыстың автожолдарын ағымдағы жөндеуге және ұстауға 11,4 млрд. теңге сомасына ақшалай қаражат бөлу қажет. Осыған байланысты облыстың автожолдарын жөндеу және ұстау бойынша жұмыстарды республикалық бюджет қаражаттарынан, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаттарынан қаржыландыру көлемдерін ұлғайту тапшылығы бар.
Облыс экономикасының тұрақты дамуы үшін көлік-коммуникациялық желіні жаңғырту қажет. Облыстық және аудандық маңызы бар қатты жабынмен қапталған автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізу және қайта жаңарту; жабындардың түрлерін жетілдіру; жол жиегіндегі автоқызметтердің деңгейін дамыту; Ресейдің шекаралық облыстарына шығуды жаңғырту.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Электрмен жабдықтау
2013 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша Қостанай облысының 598 елді мекенінен 4 село (Мұқыр, Алакөл селолары, Амангелді ауданының Құстөбе с., Ұзынкөл ауданының Өгізбалық с.) орталықтандырылған электр желілеріне қосылған жоқ. Бұл селолар «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңына сәйкес ықшамдауға жататындықтан, оларды энергиямен қамту жүйесіне қосу орынсыз.
Отын-энергетикалық кешен. Газбен және энергиямен жабдықтау салаларында бәсекені шектейтін факторлар байқалып отыр:
коммуналдық инфрақұрылымның жоғары деңгейде тозуы, бұл тауар нарығының тартымсыздығына әсер етеді, өйткені ол көп қаражат қажет етеді;
әкімшілік кедергілер (лицензия алу үшін біліктілік талаптарды орындауға, бағытталған іс-шараларды орындаудың қиындығы);
импортқа тәуелділік (өңірді газдандырудың төмен деңгейі);
энергия тапшылығы;
энергиямен жабдықтаушы компаниялардың қуат беретіндермен қосылуы (әлеуетті бәсекелестерге нарыққа шығуына кедергі – қуат жіберетін ұйымдардың желісіне қол жеткізу кезінде кедергі);
Бәсекелестікті дамытуды ынталандыруға бағытталған ЖЭК саласында бәсекелік түрлерін бәсекелестік ортаға беру мәселесі қаралуда («Бәсекелестік туралы» Заңның 77-бабы). Бұл ретте бәсекелестікті дамытудың жеткілікті деңгейінің болмауына байланысты тарифтердің (бағалардың) ұлғаюының әлеуметтік маңыздылығы және қатері ескеріледі. Осыған байланысты атқарушы орган құқықтық аяда регламенттелген жұмысты жүргізуді күшейтуді қарастырды.
Бәсекелестікті дамыту мақсатында атқарушы орган:
әкімшілік кедергілерді қысқарту (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат беретін құжаттарды алу рәсімдерін оңайлатуға (алып тастауға) нормативтік-құқықтық актілерді талдау жөнінде жүйелі жұмысты жалғастыру);
жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік базарлар, тауарлар мен қызметтерге қажеттілік туралы ақпараттарды жинастыруды, талдау мен жариялауды ұйымдастыру;
басым салаларда облыстың тауар нарықтарының инфрақұрылымын дамыту;
«жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы» субиндексін жақсартуға көмектесетін Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің (ЖБҚ) индексі шеңберінде іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру (бәсекелік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау), оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) арқылы) жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Газбен жабдықтау
01.01.2014 жылғы жағдай бойынша облыстың 60 елді мекені газбен жабдықталған. Облыс бойынша газды тұтыну 2013 жылы 885,6 млн. м3 құрады.
2014 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша Қостанай облысы бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 2917,8 км құрайды. 2010 жылмен салыстырғанда құбырлардың ұзындығы 11%-ға ұлғайды.
Жылумен жабдықтау
Қостанай облысы бойынша 100 Гкал-дан жоғары 9 бірлік қазандық, 100 Гкал-дан төмен 93 бірлік қазандық бар. Гкал жылу көздерінің тозуы орташа есеппен 67% құрайды.
Қостанай облысы қалаларында орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі пайдаланылады. 2013 жылы облысты орталықтандырылған жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету деңгейі 41 % құрайды.
Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 791 км, коммуналдық меншікте – 550,2 км, жеке меншікте – 240,8 км. Желілердің тозуы – 61,9% құрайды.
2010 жылы облыс бойынша 21,24 км, 2011 жылы – 22,58 км, 2012 жылы – 36,63 км, 2013 жылы – 33,1 км жылу желілері жөнделді және қайта жаңартылды, 2014 жылы 31,6 км, 2015 жылы – 27,98 км жылу желілерін ауыстыруға жоспарланды.
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің және әлеуметтік саладағы объектілердің жылу энергиясын есептеу құралдарымен қамтамасыздығы 39,2% құрайды.
2010 жылы жылумен жабдықтау желілерінде болған апаттардың және өрт сөндірулердің саны 0 бірлікті, 2011 – 0 бірлікті, 2012 – 0 бірлікті, 2013 жылы -0 құрады.
Қалалық жерді сумен жабдықтау
2014 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша қала тұрғындарының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 97,5 % немесе 439,0 мың адамды құрайды, бұл 2011 жылдың (89%) деңгейінен 8,5%-ға артық. Қостанай қаласы бойынша сумен жабдықтау көздері – Амангелді су қоймасы және қостанайлық жерасты суларының кен орындары; Арқалық қаласы бойынша – Ащы-Тасты су қоймасы; Лисаков қаласы бойынша – Жоғарғытобыл су қоймасы; Жітіқара қаласы бойынша – Желқуар су қоймасы; Рудный қаласы бойынша – Қаратомар су қоймасы.
Облыстың қалаларында су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы – 1 367,0 км құрайды, олардан су құбырлары желілерінің 414,4 км жеке меншікте, 952,6 км коммуналдық меншікте.
Су құбырлары желілерінің 792,9 км немесе 58 %-ы тозған. Осы көрсеткіштің үлкен үлесін Қостанай қаласының желілері – 82 % немесе 403,4 км құрайды.
2010 жылы қаланың сумен жабдықтау желілерінің 0 км өзгертілді, 2011 жылы – 34,2 км, 2012 жылы – 59,5 км, 2013 жылы – 0 км, 2014 жылы – (42,3 км құрайтын жобаларды айқындау) км, 2015 жылы – (жобаларды айқындау) км өзгерту жоспарланып отыр.
Нәтижесінде 2011 жылы аппаттар және ажыратулар саны 1958 бірлікті, 2012 жылы – 1779 бірлікті, 2013 жылы –1576 бірлікті құрайды, 2014 жылы –1418 бірлік жоспарда, 2015 жылы –1290 бірлік жоспарда.
Қаланың сумен жабдықтау желілерін дамытуға 2011 жылы 9 жобаны іске асыруға 1,4 млрд. теңге бөлінді. Су құбырлары желілерінің 38 км құрлысы жүргізіліп және қайта жаңартылды.
2012 жылы 7 жобаны іске асыруға 1,7 млрд. теңге бағытталды. Сумен жабдықтау желілері 44,3 км салынып және қайта жаңартылды.
2013 жылы жобалар іске асырылған жоқ.
2010 жылы облыстың қалаларында тұрғындарды суды есептеу құралдарымен жабдықтау 75 %, 2011 жылы – 79 %, 2012 жылы – 83 % құрады, 2013 жылы – 87 % құрады.
Мынадай индикаторларға қол жеткізілді:
Индикатор
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл жоспарлы
|
Қалалар бойынша орталықт. сумен жабдықтауға қол жеткізуі
|
84 %
|
89%
|
97,5%
|
98%
|
Апаттың жоғары көрсеткіштері ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеу мен жаңартудан өтпеген, сумен жабдықтау желілерінің орасан тозуымен байланысты. Жағдайдың жақсы жаққа өзгеруі, 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ булақ» Бағдарламасы шеңберінде іске асады.
Ауылдық жерді сумен жабдықтау
Облыс бойынша 598 ауылдық елді мекен бар, олардан 156 орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді, 389 АЕМ орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды, 53 АЕМ тасымалданатын суды пайдаланады.
Бұл ретте ауыл тұрғындарының 50,5%-ы (212,1 мың адам) орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алады.
Ауылдық елді мекендерде су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы – 2007,2 км құрайды, олар коммуналдық меншікте. Су құбырлары желілерінің 746,2 км немесе 49,8 %-ы тозған.
2011 жылы ауылды сумен жабдықтау желілерінің 84,5 км салынды, 2012 жылы – 137,9 км, 2013 жылы 215,7 км, 2014 жылы – 240,9 км, 2015 жылы –жобалармен анықталады.
Облыстың ауылдық елді мекендерінде суды есептеу құралдарымен жабдықтау 2010 жылы – 76 %, 2011 жылы – 80 %, 2012 жылы – 83 %, 2013 жылы – 85 %, 2014 жылы – 87%, 2015 жылы – 90 % құрады.
2011 жылдан бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру басталды. 2011 жылы 13 ауылдық жобаны іске асыруға 1 746,2 млн. теңге бөлінді және игерілді, олардан 5-і 2011 жылы, 8-і 2012 жылы пайдалануға берілді. Бұл ретте «АЕМ сумен жабдықтауға қол жетімділігі» нысаналы индикаторы 23,9%-дан (2010 ж.) 24,4%-ға (2011 ж.) дейін ұлғайды.
2012 жылы ауылды сумен жабдықтау бойынша 11 жобаны қайта жаңартуға және олардың құрылысына 2 488 млн. теңге бағытталды, оның ішінде 6 – өтпелі, 5 – жаңа енгізілген объектілер. «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша 2012 жылы «АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі» 24,4%-дан (2011 ж.) 24,7 %-ға (2012 ж.) дейін ұлғайды.
2013 жылы ауылды сумен жабдықтау бойынша 14 жобаны қайта жаңартуға және олардың құрылысына 3 955,8 млн. теңге бағытталды, оның ішінде 8 – өтпелі, 5 – жаңа енгізілген объектілер. «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша 2013 жылы «АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі» 24,7%-дан (2012 ж.) 26,0 %-ға (2013 ж.) дейін ұлғайды.
2014 жылы ауылды сумен жабдықтау бойынша 15 жобаны қайта жаңартуға және олардың құрылысына 5 755,0 млн. теңге бағытталды, оның ішінде 8 – өтпелі, 7 – жаңа енгізілген объектілер. «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша 2014 жылы «АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі» 26,0%-дан (2013 ж.) 26,6 %-ға (2014 ж.) дейін ұлғаяды.
Су тарту
Қала халқының орталықтандырылған су тартуға мүмкіндігі 75%, оның ішінде Қостанай қ. – 80%, Арқалық қ. – 51%, Жітіқара қ. – 82%, Лисаков қ. – 88%, Рудный қ. – 74,5% құрайды. Облыс бойынша 5 канализация ғимараты әрекет етеді. Канализация желілерінің ұзындығы 939,2 км құрайды, олардан су тарту желілерінің – 278,7 км (Рудный қ.) жеке меншікте, су тарту желілерінің – 660,1 км коммуналдық меншікте, олардан 864,6 км ауыстыру қажет. Канализация желілері 50 жылдан астам пайдаланылып жатыр және тозу деңгейі – 74,6%, канализациялық сорғы стансалары – 72%, канализацияны тазарту құрылыстары – 72%.
Қалада 5 (КТҚ) орталықтандырылған су тарту қолданылады.
2010 жылы КТҚ арқылы 31102,4 мың м3, 2011 жылы – 29020,2 мың м3, 2012 жылы – 29233,8 мың м3, 2013 жылы – 32156 мың м3, 2014 жылы – 32169 мың м3, 2015 жылы – 32213 мың м3 ағын су жүргізілді.
Халықтың орталықтандырылған су тартуға мүмкіндігі 75% құрайды. АЕМ-де көбінесе ЖТҚ салынған (бір, екі қабатты жеке үйлер/коттедждер), оларда септик орналастырылады.
Қарабалық ауданындағы Қарабалық поселкесіндегі канализация құрылысының аяқталуымен халықтың орталықтандырылған су тартуға мүмкіндігі 11,4 мың адамға немесе 1,4%-ға артып, 503,3 мың адам немесе 57,8% құрады.
2011 жылы 3,5 км су тарту желілері ауыстырылды, 2012 жылы 16,1 км, 2013 жылы 16,7 км, 2014 жылы – 22,1 км жоспарлануда, 2015 жылы – (жобаларды анықтауда) км ауыстыру жоспарланып отыр.
Мынадай индикаторларға қол жеткізілді:
Индикатор
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014 жоспар
|
Орталықтандырылған су тартуға қол жеткізу
|
56%
|
56%
|
56,4%
|
57,8%
|
Нәтижесінде су тарту желілерінде апаттар санының қысқарғаны байқалып отыр. Осылайша 2011 жылы апаттар мен ағытулардың саны 665 бірлікті, 2012 жылы – 72 бірлікті, 2013 жылы - 70 бірлікті, 2014 жылы - 67 бірлікті, 2015 жылы - 65 бірлік жоспар құрады. Осы көрсеткіштің айтарлықтай үлесін Қостанай қаласының канализация желілері құрайды.
4 ауылдық елді мекенде орталықтандырылған су тарту жүйесі бар (Таран ауданының Тобыл кенті, Әулиекөл ауданының Құсмұрын кенті, Қостанай ауданының Затобол кенті және Заречное селосы), бұл ауылдық елді мекендердің жалпы санынан 2,6 % құрайды.
Тұрғын үй-коммуналдық саланың ағымдағы және әлеуетті проблемалары:
жылу және электрмен жабдықтау құбырлары желілерінің тозуының жоғары деңгейі;
бүгінгі таңдағы облыс орталығында ағынды суларды биологиялық тазартатын стансалардың жоқтығы, экологиялық сектордағы тұрақсыз жағдайға әкеліп соғады;
ауылдық елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткішінің төмендігі;
сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңарту және қайта құруына кәсіпорындардың инвестициялық қорларының жеткіліксіздігі;
қолданыстағы сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін пайдаланудың қажетті тежникалық деңгейдің жоқтығы;
кәсіби кадрлардың тапшылығы және жоғары тұрақтамаушылығы және сала мамандарын даярлау және жоғарылату жүйесінің жоқтығы.
Шешу жолдары және даму беталысы:
Облыстың жылу және электрмен жабдықтауды жүзеге асыратын кәсіпорындарымен инвестициялық жобаларда жөндеу жұмыстары көлемдерін ұлғайту.
Жағдайдын жақсы жаққа өзгеруі 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ булақ» бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Қала және ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су тарту объектілерін іске асыру санын, құрылыс және жаңартуға қаржыландыруды ұлғайту.
Сумен жабдықтау және су тарту объектілері бойынша инвестициялық ұсыныстар қарқынды дайындалуда.
Техникалық-экономикалық негіздеме дайындау шеңберінде Қостанай қ. биологиялық тазартатын стансаның құрылысы қарастырылатын, жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуден кейін, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму минстрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетімен «Сумен жабдықтау және су тарту жүйелері бойынша инвестицияларды негіздеу» әзірленуі.
Достарыңызбен бөлісу: |