Студенттерге арналған
пән бағдарламасы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/07
|
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы
СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
пәні «Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы»
мамандығы 050709 «Металлургия»
Павлодар
Студенттерге арналған
пәннің бағдарламасын
бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/11
|
бекітемін
Декан ММЖжКФ
___________Т.Т. Тоқтағанов
200_ж. «___»_____________
Құрастырушы: аға оқытушы Н.С. Сембаев ____________
Металлургия кафедрасы
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
пәні «Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы»
мамандығы 050709 «Металлургия»
Бағдарлама 200_ж. «____» _________бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
200_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған.
Хаттама №_____.
Кафедра меңгерушісі __________ М.М. Сүйіндіков
(қолы)
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
200_ж. «_____»______________хаттама №____.
ОӘК төрағасы ____________ Ж.Е. Ахметов
(қолы)
Оқытушы туралы мағлұмат
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Металлургия кафедрасы
Аға оқытушы Сембаев Нұрболат Сакенұлы, дәрістер
Ассистент Шошай Жансерік Шошайұлы, зертханалық сабақтар
Тел. (8-7182) 673623
Қабылдау уақыты: сәрсенбі сайын 1100 – 1200, Б-234
Пән туралы мағлұмат
Курс 2 (4 семестр – емтихан).
Пререквизиттер
Осы пәнді оқуға бастайтын пәндер тізбесі: сызба геомериясы және инженерлік графика, физика, химия, қолданбалы механика болып саналады.
Пәнді оқыту мақсаты:
«Материалтану және конструкциялық материалдардың технологиясы» пәнінің мақсаты материалдардың құрылуы мен қасиеттері арасындағы байланысты, дайындамалардың қалып түзілуі мен машина бөлшектерінің негізгі технологиялық тәсілдері туралы білім беру сонымен қатар конструкциялық материалдарды талдау принціпін оқыту, конструкциялық материалдарды өңдеу және балқытып құю, қысыммен өңдеу, пісіру, кесу және басқа әдістерімен өңдеу арқылы пішінің өзгертіп дайындамалар мен бөлшектерді жасау технологиясымен білімгерлерді таныстыру.
Пәнді оқытудың міндеті
«Материалтану және конструкциялық материалдардың технологиясы» пәні басқа техникалық пәндермен бірге білімгерлерді жалпы инженерлік технологиялық дайындықтар өткізіп өндірісте және ғылыми жұмыстарға қажетті біліммен қамтамассыз етеді. Қазіргі кезендегі өндіріс мүмкіншіліктерімен, конструкциялық материалдарды алудың, өңдеудің және беріктендірудің әр түрлі технологиялық әдістерін жетілдіру және даму перспективаларымен таныстыру, конструкциялық материалдарды дұрыс таңдап алып әр түрлі әдістермен өңдеу үшін осы пәннің білімін пайдаланады.
Пәнді оқу нәтижесінде студент келесіні білуі қажет:
– өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін дайындамалар мен машина бөлшектерін алу және өңдеудің технологиялық әдістерін;
-
конструкциялық материалдар мен оларды жіктеуді;
-
машина жасау бұйымдарын дайындауда құю өндірісінің мәнің;
-
металдарды қысыммен өңдеу арқылы дайындамаларды алу
түрлерін;
-
пісірудің жалпы сипаттамасы мен тәсілдерін менгеру қажет.
Пәнді игеруде студенттер істей білуге тиісті:
– конструкциялық материалды дұрыс тандауды, берілген құрылым мен қасиетерді алу мақсатында оған өңдеуді тағайындауды;
-
машина бөлшектері мен құрал-саймандардың жоғары сенімділігі мен ұзақ уақытқа қамтамасыз ету үшін эксплуатациялық жағдайда материалдарды дұрыс тандауды және керекті қасиетерді алу мақсатымен оларға термиялық, термомеханикалық және химия-термиялық өңдеуді тағайындауды;
– материалдар құрылымын металлографиялық талдау, әр турлі өңдеу жүргізгеннен кейін дайындамалардың механикалық қасиеттері, қалыптар өзекшелер, соғылмалар, пісірілген қосылыстар дайындау білуге тиісті.
Мамандықтың
жұмыс бабындағы оқу
жоспарынан үзінді көшірме
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.1/10
|
050709 «Металлургия»
Пән атауы «Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы»
№ р/с
|
Оқу түрі
|
Бақылау түрі
|
Жұмыс көлемі,
сағат
|
Сағаттардың курсқа және семестрге бөлінуі, сағ
|
Емтихан
|
Сынақ
|
КЖб
|
КЖ
|
ЕСЖ
|
БЖ
|
Барлығы
|
Жалпы
|
ауд.
|
СӨЖ.
|
Дәріс
|
Тәж.
|
Зерт..
|
СӨЖ
|
Дәріс
|
Т әжір.
|
Зерт.
|
СӨЖ
|
1
|
Орта білім негізінде
|
4
|
|
|
|
|
|
135
|
45
|
90
|
3 семестр
|
4 семестр
|
|
|
|
|
30
|
|
15
|
90
|
Әдебиет
Негізгі:
-
Сүлеймен Е.Б. Материалтану. Оқулық. – Павлодар: С. Торайғыров
атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы 2006. – 261 б.
2. Cыздыков О., Оразбаев Б., Нысанбаев Ғ. Конструкциялық материалдар технологиясы. Оқулық–Алматы Республикалық баспа кабинеті, 1993 ж. – 290 б.
3. Оськин В.А., Евсиков В.В. Материаловедение. Технология конструкционных материалов. Учебники и учебное пособие для студентов высш. учеб. заведений / Книга.1. – М. : Колос, 2008. – 447 с.
4. Дальский А.М., Арутюнова А.И., Барсукова Т.М. Технология
конструкционных материалов: Учебник для машиностроительных специальностей вузов.- 2-ое изд., перераб. и доп.- М.: Машиностроения, 1985. - 448с.
5. Материаловедение и технология металлов: Учебник для студентов
машиностроительных спец. вузов / Г.П. Фетисов, М.Г. Карпман, В.М. Матюнин и др. – 5-е изд., стер. – М.: Высш. шк,. 2007. – 862 с.; ил.
6. Сүлеймен Е.Б., Сүйіндіков М.М. Металтану: – Металлургиялық және машинажасау мамандықтарындағы студенттерді оқытуға арналған әдістемелік құрал: Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2001. – 34 б.
7. Сүйіндіков М.М. Конструкциялық материалдар технологиясы: – Лабораториялық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал: Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2000. – 100 б.
8. Казаков Н.Ф., Осокин А.М., Шишкова А.П. Технология металлов и
других конструкционных материалов: Учеб. пособие для немашиностроительных вузов. - М.: Металлургия, 1975. – 687с.
9. Гуляев А.П. Металловедение, уебник, 6-е издание, перерап. и доп.-М.: Металлургия, 1986, 541 с.
10. Лахтин Ю.М., Леонтьева В.И. Материаловедение: Учебник для втузов. – 3-е изд., перераб. и доп. – М. : Машиностроение, 1990. – 528 с.
11. Арзамасова Б.Н. Материаловедение: Учебник для втузов/Под общей ред. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Машиностроение, 1986. – 384 с.
12. Кнорозов Б.В., Усова Л.Ф., Третьяков А.В. Технология металлов:
Учебник для вузов.- 2-ое изд., перераб. и доп. - М.: Металлургия, 1987.- 902 с.
13. Солонцев Ю.П., Пряхин Е.И. Материаловедение: Учебник для вузов. Изд. 3-е перераб. и доп. – Санкт-Петербург: Химиздат, 2004. – 736 с.
14. Вернер А.К., Курбатова И.А., Парфеновская О.А. Технология кострукционных материалов: Краткий курс лекций , 3-е изд. – М. : МГИУ, 2008. – 140 с.
Қосымша:
15. Дриц М.Е., Москалев М.А. Технология конструкционных материалов и материаловедение: Учебник для вузов. - М.: Высшая школа, 1990.- 447с.
16. Жадан В.Т., Гринберг Б.Г., Никонов В.Я. Технология металлов и других конструкционных материалов: Учеб. пособие для немашиностроительных вузов. -2-ое изд., перераб. и доп. - М.: Высшая школа, 1970. - 704с.
17. Архипов В.В., Абиндрев А.А., Касенков М.А. Технология металлов и других конструкционных материалов: Учебник для механических специальностей вузов.- 3-ие изд., перераб, и испр. - М.: Высшая школа, 1970. - 520с.
18. Сүлейменов Е.Б., Сүлейменов Т.Ж. Материалтану сөз тізбегінің
орысша-қазақша сөздігі. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1993. – 19 б.
19. Сүлеймен Е.Б. Металтану сөз тіркесінің орысша-қазақша сөздігі. –
Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2005. – 35 б.
Ұсынылатын мерзімдік басылымдар
«Литейное производство» журналы
«Известия вузов. Черная металлургия» журналы
«Известия вузов. Цветная металлургия» журналы
«Промышленность Казахстана» журналы
Пәннің тақырыптық
жоспары
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
|
Пән мазмұны
3.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
|
№ п/п
|
Тақырыптардың аты
|
Сағат саны
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
Зерт.
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
7
|
1
|
Кіріспе. Металлургиялық өңдірістің негізгі
|
1
|
|
|
10
|
2
|
Құю өндірісінің технологиясы
|
2
|
|
2
|
10
|
3
|
Металдарды қысыммен өңдеудің технологиясы
|
2
|
|
2
|
10
|
4
|
Пісіру өндірісінің технологиясы
|
2
|
|
2
|
12
|
5
|
Конструкциялық материалдарды кесіп өңдеу технологиясы
|
2
|
|
1
|
8
|
6
|
Металдар мен қорытпалардың кристалдануы. Пластикалық деформация және материалдардың механикалық қасиеттері
|
4
|
|
2
|
8
|
7
|
Қорытпалардың теориясы. Темір–көміртек қортыпаларының күйінің диаграммасы
|
4
|
|
1
|
6
|
8
|
Темір және оның қорытпалары. Конструкциялық және құрал-саймандық болаттар. Шойындар
|
4
|
|
2
|
6
|
9
|
Болатты термиялық өңдеудің теориялық негізі. Болат пен шойынның термиялық және химиялық термиялық өңдеуінің технологиялық үрдісі
|
4
|
|
2
|
8
|
10
|
Түсті металдар мен қорытпалар
|
3
|
|
1
|
6
|
11
|
Металл емес материалдар. Композиттік материалдар
|
2
|
|
|
6
|
Барлығы 135
| 30 |
| 15 | 90 |
Теориялық курс мазмұны
Кіріспе
«Материалтану мен конструкциялық материалдардың технологиясы» курсының зерттеу пәні. Курстың мақсаты мен тапсырмалары. Қазіргі кездегі конструкциялық және құрал-саймандық материал. «Материалтану және конструкциялық материалдар» ғылымының даму тарихы және оған ғылымдардың қосқан үлесі. Материалдардың құрылу негіздері, олардың қасиеттерінің қалыптасуы және қолдану салаларының тағайындалуы.
Тақырып 1. Металлургиялық өңдірістің негізгі
Шойынды өндіру. Домна пештерінде шойынды өндірудің негізгі физика-химиялық үрдістері. Домна өндірісінің өнімдері және оларды пайдалану. Домна пешінің құрылысы және жұмыс істеу тәртібі.
Болатты өндіру. Болатты өндіру әдістерінің түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы. Болатты оттегі конверторында, мартен пешінде және электр пештерінде өндіру технологиясы. Тыныш және қайнайтын болаттардың құймаларының құрылысы. Қорытылған болаттардың өндіру әдісіне, химиялық құрамына, тотықсыздандыру дәрежесіне және пайдаланылуына байланысты түрлері.
Түсті металдар мен қорытпаларды өндіру. Мысты, алюминийді, титанды және олардың қорытпаларын өндіру. Түсті металдар мен қорытпаларды өндірудің қазіргі технологиялық үрдістері. Пайдаланылатын құрал-жабдықтардың сипаттамасы.
Тақырып 2. Құю өндірісінің технологиясы
Құю өндірісінің жалпы технологиясы. Құймаларды жасаудың жалпы технологиялық сұлбасы. Құю өндірісінің машина жасаудағы қазіргі орны, маңызы және болашақта дамуы. Құю қорытпалары мен олардың қасиеттері. Құю қорытпаларын дайындау тәсілдері классификациясы. Бір реттік құм-балшық қалыптарында құймалар дайындау. Құймалар алудың арнайы түрлері. Қабыршықты қалыптарға, балқитын үлгілері бойынша, кокильге, қысыммен, орталықтан тепкіш құю.
Тақырып 3. Металдарды қысыммен өңдеудің технологиясы
Металдарды қысыммен өңдеудің физика- химиялық негізі. Пластикалық деформация жөнінде түсінік. Металды нығайту. Суық және ыстық деформация. Қайту және рекристалдану.
Ыстық және суық қалыптау. Ыстық көлемдік қалыптаудың мәні. Қалыптаудың тәсілдерінің түрлері. Шыңдау және қалыптау. Шындалғылардың түрлері. Ашық және жабық қалыптармен қалыптау. Илемдеу. Илемдеу үрдістерінің мәні. Құрал-жабдықтар. Сығымдау және созу. Алғашқы дайындамалар және өнімдер.
Тақырып 4. Пісіру өндірісінің технологиясы
Пісіру өндірісінің жалпы сипаттамасы. Машина жасаудағы пісіру өндірісінің қазіргі жағдайы және болашақта дамуы. Пісіру әдісінің түрлері. Материалдардың пісірілгіштігі. Пісіру кезіндегі деформация мен кернеудің пайда болуы. Пісірілген жапсарлардың құрылымы және механикалық қасиеттері, олардың МЕСТ бойынша таңбалануы.
Газбен балқытып пісіру, кесу. Газбен пісіру үрдісінің мәні. Жаңғыш газдардың түрі, құрал-жабдықтар. Құйылатын материал, флюстер және олардың МЕСТ бойынша таңбалануы. Газбен пісіру технологиясы. Пісіру режимінің негізгі параметрлерін таңдау: пісіргіш жалынның қуатын, жалынның түрін, сымның таңбасы мен диаметрін, пісіру әдісі мен тәсілін. Оттегімен, флюспен металдарды кесу.
Доғамен балқытып пісіру. Электрдоғамен балқытып пісіру түрлері және мәні. Қолмен доғамен пісіру. Пайдаланатын құрал-жабдықтар пісіруге пайдаланатын материалдар, олардың түрлері және МЕСТ бойынша таңбаланылуы. Пісірудің технологиялық режимдері және тәсілі. Флюстің астында автоматпен пісіру. Бұл әдістің мәні, құрал-жабдықтары, пайдаланылатын материалдары мен флюстер. Пісіретін автоматтардың жұмыс істеу принципі. Флюстың астында пісірудің технологиясы.
Электрошлакпен пісіру. Оның мәні, ерекшелігі, артықшылығы және кемшілігі. Электротүйістіріп пісіру: түйістіріп, нүктелеп, жапсарлап, конденсаторлық. Қысыммен пісірудің арнайы түрлері: диффузиялық, суық түрде, жарылыс арқылы пісіру, үйкеліспен пісіру және басқалар.
Металдар мен қорытпалардың пісірілгіштігі. Аз көміртекті, қоспаланған және жоғары қоспаланған болатарды пісіру. Пісірілген қосылыстардың бақылау әдістерінің түрлері, олардың жұмыс істеу тәртібі. Ақауларды жөндеу әдістері.
Шойынды пісіру. Технологиясы және құрал-жабдықтар. Алюминиймен оның қорытпаларын пісіру әдістері. Активті жоғары металдарды пісіру (титан, магний және басқалары).
Тақырып 5. Конструкциялық материалдарды кесіп өңдеу технологиясы
Металдарды кесіп өңдеудің физикалық негізі. Бөлшектерді токарлық, фрезерлік, тістерді, бұрғылайтын және ажарлайтын станоктарда өңдеу.
Токарлық топтың станоктардың түрлері: карусельдік, револьверлік, жартылай автомат және автомат. Олардың пайдалануы. Токарлық станоктарда жасалатын жұмыстар (цилиндр және конус беттерді, ұштарды, тесіктерді ж.б. беттерді жону). Фрезерлік станоктарда жасалатын жұмыстар.
Бұрғылаудың өңдеу әдістерінің сипаттамасы. Тесіктерді өңдейтін құралдар (бұрғылар, зенкерлер, кеңейткіштер), олардың конструкциялық және геометриялық параметрлері. Тартатын, сүргілейтін және қашайтын станоктарда бөлшектерді өңдеу
Тартатын, сүргілейтін және қашайтын станоктардың қысқаша сипаттамасы, олардың жұмыс істеу тәртібі дамуы. Бөлшектерді абразивтік өңдеудің мақсаты және мәні. Ажарлайтын станоктардың түрлері, олардың атқаратын қызметі және жұмыс істеу тәртібі. Ажарлайтын станоктарда жасалатын жұмыстар. Абразивтік дөңгелектердің сипаттамасы, түрлері және таңбалануы. Басқа абразивтік құралдардың қысқаша сипаттамасы.
Жылдам және күшпен ажарлау жөнінде түсінік. Хононгтау, суперфиништеу және жалтырату жөнінде негізгі түсініктер. Пайдаланатын құралдар. Алмаздық ажарлау.
Тақырып 6. Металдар мен қорытпалардың кристалдануы. Пластикалық деформация және материалдардың механикалық қасиеттері
Металдардың құрылуы. Кристалдық торлар типтері. Реалдық кристалдар құрылуы. Кристалдық құрылу ақаулары және олардың кристалдық құрылу қасиеттеріне әсері. Дәнекше шамасы, кристалдар пішіндері. Модифицирлеу үрдістері.
Кернеу мен деформация. Серпімді және пластикалық деформация. Металдардыңтеориялық және тәжірибелік беріктігі. Деформациялық беріктендіру. Металдардың қирауы. Материалдардың механикалық қасиеттері.
Тақырып 7. Қорытпалар теориясы. Темір–көміртек қортыпаларының күйінің диаграммасы
Қорытпалар теориясынан негізгі мәліметтер. Қорытпа, компонент және фаза жөніндегі түсініктер. Механикалық қоспалар. Қатты ерітінділер. Химиялық қоспалар. Қорытпалардың кристалдануы. Қорытпалардың фазалық құрамы. Қос қорытпалардың күй диаграммасы. Фазалар ережесі мен кесінділер ережесінің қолданылуы.
Темірдің қасиеттері. Темір – көміртек қорытпалары. Темір мен көміртек қортыпаларының күй диаграммасы. Фазалық құрамы, құрылым құрастырушысы, олардың қасиеттері. «Темір–цементит» күйі диаграммасын талдау. Диаграмманың іс жүзінде пайдалану.
Тақырып 8. Темір және оның қорытпалары. Конструкциялық және құрал-саймандық болаттар. Шойындар
Әдеттегі сапалы көміртекті болаттар, сапалы болаттар. Құрамы, құрлымы және негізгі физикалық, механикалық қасиетері. Көміртекпен тұрақты қоспалардың болаттың қасиетеріне әсері. Пайдаланылуына байланысты болаттарды топтау және МЕСТ бойынша таңбалау. Қоспаланған болаттар. Қоспаланатын элементердің болаттын қасиетіне әсері. Қоспаланған болаттардың топтары және МЕСТ бойынша таңбалануы.
Арнайы болаттар мен қорытпалар. Құралдар жасайтын болаттар. Кескіш құралдарға арналған қоспаланған болаттар. Суық және ыстық кезде деформациялау үшін пайдаланатын құралдар жасайтын қалыптық болаттар. Тотықпайтын болаттар. Қыздырылған кездегі берік және төзімді болаттар. Тозуға төзімді қорытпалар.
Құрылымы мен қасиеттеріне байланысты сұр шойынның түрлері. Шойынның графитенуі. Шойынды қосапалау. Беріктігі жоғары шойындар. Тапталатын шойындар, оларды жасау әдістері. Шойындарды МЕСТ бойынша таңбалау және пайдалану.
Тақырып 9. Болатты термиялық өңдеудің теориялық негізі. Болат пен шойынның термиялық және химиялық термиялық өңдеуінің технологиялық үрдісі
Қыздыру кезінде аустениттің пайда болуы. Аустениттің қыздыру және суыту кезіндегі түрленуінің кинематикасы. Аустениттің түрленуінің изотермиялық диаграммасы. Аустениттің үздіксіз суыту кезіндегі түрленулер.
Термиялық өңдеудің түрлері. Металдарды қыздыру әдістері. Толық, изотермиялық, диффузиялық және қайтакристалданулық жұмсарту. Бидайшықтық перлитке жұмсарту. Қалпына келтіру.
Болатты шынықтыру әдістері. Пайдаланатын құрал– жабдықтар және технологиялық режимдері. Болатты шынықтыру қалыңдығы. Шынықтыру кезіндегі пайда болатын ақаулар.
Болатты босандату түрлері – жоғары, орташа және төменгі температураларда босату. Құрылымдарының ауысулары. Босатудың технологиясы. Шынықтырылған болатты ескірту және суықпен өңдеу.
Болаттың термиялық–механикалық өңдеу. Термиялық өңдеудің болаттың құрылымы мен қасиеттеріне әсері.
Қоспаланған болаттардың термиялық өңдеудің ерекшеліктері. Шойындардың термиялық өңдеу. Бөлшектер мен құралдардың пішіндерінің термиялық өңдеулеріне әсері. Болаттың беткі қабатының шынықтыру әдісітері. Жиілігі жоғары тоқпен шынықтыру.
Химиялық термиялық өңдеудің негізгі. Цементтеу, азоттау, циандау. Диффузиялық металдандыру жөніндегі түсінік. Пайдаланылатын құрал–жабдықтар және технологиялық режимдер.
Тақырып 10. Түсті металдар мен қорытпалар
Алюминий және оның қорытпалары. Деформацияланатын және құйылатын алюминилі қоытпалары. Антифрикционды қорытпалар. Баббиттер мен қорытпалар. Құрамы, құрылымы, физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттері.
Мыс және оның қорытпалары. Құрамы, физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттері. Магний, цинк, қалайы және олардың қорытпалары. Түсті металдар мен қорытпаларды термиялық өңдеу. Қасиеттері.
Тақырып 11. Металл емес материалдар. Композиттік материалдар
Пластикалық массалар, резеңке материалдары. Резеңкенің түрлері және қасиеттері. Резеңке қоспаларын пайдалану және оларды өңдеу. Жалпы сипаттамасы, құрамы, құрылуы, қасиеттері, маркалануы. Қолдану салалары.
Жалпы сипаттамасы. Композиттік материалдарды құру принциптері. Композиттік материалдар түрлері. Композиттердің металл, керамикалық және полимер матрицамен қасиеттері. Қолдану салалары.
3.3 Зертханалық сабақтардың мазмұны
Тақырып 2. Құю өндірісінің технологиясы
Зертханалық жұмыс № 1. Қалып жасау және қалыпқа металл құйып құйма жасау.
Зертханалық жұмыс № 2. Кокильге құйып құйма жасау.
Тақырып 3. Металдарды қысыммен өңдеудің технологиясы
Зертханалық жұмыс № 3. Металды илемдеу.
Зертханалық жұмыс № 4. Соғып өңдеу үрдісін зерттеу.
Тақырып 4. Пісіру өндірісінің технологиясы
Зертханалық жұмыс № 5. Қорғағыш газдар қолданып жүргізілетін жартылай автомат арқылы пісіру.
Зертханалық жұмыс № 6. Флюс қолданып автоматты түрде пісіру режимінің металл жігінің пішініне тигізетін әсері.
Тақырып 5. Конструкциялық материалдарды кесіп өңдеу технологиясы
Зертханалық жұмыс № 7. Токарь станогында бұйымдар өңдеу.
Тақырып 6. Металдар мен қорытпалардың кристалдануы. Пластикалық деформация және материалдардың механикалық қасиеттері
Зертханалық жұмыс № 8. Құйманың кристалдану үрдісін зерттеу.
Зертханалық жұмыс № 9. Металдың қаттылығын анықтау.
Тақырып 7. Қорытпалар теориясы
Зертханалық жұмыс № 10. Темір-цементит күй диаграммасын талдау.
Тақырып 8. Темір және оның қорытпалары. Конструкциялық және құрал-саймандық болаттар. Шойындар
Зертханалық жұмыс № 11. Шойынның құрылымы мен қасиеті.
Зертханалық жұмыс № 12. Көміртекті болаттың құрылымы және қасиеті.
Тақырып 9. Болатты термиялық өңдеудің теориялық негізі
Зертханалық жұмыс № 13. Көміртекті болатты жасыту.
Зертханалық жұмыс № 14. Көміртекті болатты шынықтыру және босаңдату.
Тақырып 10. Түсті металдар мен қорытпалар
Зертханалық жұмыс № 15. Мыс және оның қорытпалары.
Тәлімгерлердің өздік жұмысының мазмұны
№
|
СӨЖ түрі
|
Есептін түрі
|
Бақылау түрі
|
Жұмыс көлемі (cағ)
|
1
|
Дәріс сабақтарына кірмеген тақырыптарды қосымша, дайындау
|
Конспект
|
Есепті қорғау
|
20
|
2
|
СӨЖ орындау
|
Реферат
|
Есепті қорғау
|
20
|
3
|
Зертханалық жұмыстарға дайындалу және тапсырмаларды орындау
|
Есеп Конспект
|
Есепті қорғау
|
30
|
4
|
Межелік бақылауға дайындалу
|
Ауызша сұрау
|
МБ1, МБ2
|
20
|
Барлығы
|
90
|
Тәлімгерлердің өз бетімен меңгеру үшін ұсынылатын тақырыптар
Тақырып 1. Қара және түсті металдар өндірісі
Шойынды өндіру. Домна пешінің құрылысы. Болатты өндіру. Болатты өндіру әдістерінің түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы. Болатты оттегі конверторында, мартен пешінде және электр пештерінде өндіру технологиясы.
Ұсынылатын әдебиет: [2], 104 – 120 бет, [2], 20 – 51 бет.
Тақырып 2. Құю әдістерімен дайындамалар алу
Құймаларды жасау әдістері. Құю қорытпалары мен олардың қасиеттері. Құю қорытпаларын дайындау тәсілдері классификациясы. Құймалар алудың арнайы түрлері. Қабыршықты қалыптарға, балқитын үлгілері бойынша, кокильге, қысыммен, орталықтан тепкіш құю.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 243 – 254 бет. [4], 120 – 181 бет.
Тақырып 3. Металдарды қысыммен өңдеп дайындамалар алу
Илемдеу. Илем өндірісінің өнімі. Шыңдау және штамптау. Ыстық көлемдік штамптау. Суық көлемдік штамптаумен бөлшектер дайындау. Ашық және жабық қалыптармен қалыптау. Сығымдау және созу. Өндіріс технологиясы, құрал-жабдықтары, бұйымдар қасиеттері мен олардың тағайындалуы
Ұсынылатын әдебиет: [4], 53 – 118 стр.
Тақырып 4. Пісіру өндірісінің технологиясы
Газбен, доғамен, электрдоғамен балқытып пісіру. Флюстің астында автоматпен пісіру. Электрошлакпен пісіру. Қысыммен пісіру әдістері. Электротүйістіріп пісіру: түйістіріп, нүктелеп, жапсарлап, конденсаторлық. Қысыммен пісірудің арнайы түрлері: диффузиялық, суық түрде, жарылыс арқылы пісіру, үйкеліспен пісіру және басқалар. Пісірудің жаңа әдістері.
Ұсынылатын әдебиет: [4], 182 – 250 бет.
Тақырып 5. Металдарды кесіп өңдеу негіздері
Дайындамаларды токарлық және фрезер станоктарында өңдеу. Беттерді бөлшектеп өңдеу әдістері: Үйкелеумен, супер фиништеу, хонингтеу, шевенгтеу. Металдарды өңдеудің электрофизикалық және электрофимиялық әдістері.
Тақырып 6. Металл емес материалдар
Пластикалық массалар, резеңке материалдары. Резеңкенің түрлері және қасиеттері. Резеңке қоспаларын пайдалану және оларды өңдеу. Жалпы сипаттамасы, құрамы, құрылуы, қасиеттері, маркалануы. Қолдану салалары.
Толықтырғыш. Пластификаторлар. Бояулар. Полимерлеу үрдісінің мәні.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 182 – 240 бет.
Ағымдағы үлгерімнің бірінші және екінші рейтингтерін анықтау кезіндегі баллдарды үлестіру
№
|
Бақылау түрі
|
Максималды балл саны
|
1 Рейтинг
|
2 Рейтинг
|
|
100
|
100
|
1.
|
Ағымдағы бақылау, соның ішінде:
|
|
|
1.1
1.2
1.3
1.4
|
Дәріс сабақтарына қатысу
Зерханалық жұмыстарды орындау және қорғау
СӨЖО орындау және қорғау
СӨЖ орындау
|
16
40
32
12
|
14
35
28
23
|
Ағымдағы үлгерімді бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі
1 рейтинг
|
Барлығы
|
Апталар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Апта бойынша максимальді балл
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
23
|
100
|
Дәрістерге қатысу және дайындық
|
ОӨЖ түрі
|
К1
|
К2
|
К3
|
К4
|
К5
|
К6
|
К7
|
К8
|
16
|
Бақлау түрі
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. Балл
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Зертханалық сабақтарға қатысу, орындау және қорғау
|
ОӨЖ түрі
|
ЗЖ1
|
ЗЖ2
|
ЗЖ3
|
ЗЖ4
|
ЗЖ5
|
ЗЖ6
|
ЗЖ7
|
ЗЖ8
|
40
|
Бақылау түрі
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Макс. Балл
|
1+4
|
1+4
|
1+4
|
1+4
|
1+4
|
1+4
|
1+4
|
1+4
|
СӨЖО
сабақтарға қатысу, орындау және қорғау
|
ОӨЖ түрі
|
Т1
|
Т2
|
Т3
|
Т4
|
Т5
|
Т6
|
Т7
|
Т8
|
32
|
Бақылау түрі
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Макс.балл
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
СӨЖ
|
Баяндама
|
|
|
|
|
|
|
|
12
|
12
|
2 рейтинг
|
Барлығы
|
Апталар
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Апта бойынша максимальді балл
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
34
|
100
|
Дәрістерге қатысу және дайындық
|
ОӨЖ түрі
|
К9
|
К10
|
К11
|
К12
|
К13
|
К14
|
К15
|
14
|
Бақлау түрі
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. Балл
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Зертханалық сабақтарға қатысу, орындау және қорғау
|
ОӨЖ түрі
|
ЗЖ9
|
ЗЖ10
|
ЗЖ11
|
ЗЖ12
|
ЗЖ13
|
ЗЖ14
|
ЗЖ15
|
35
|
Бақылау түрі
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Макс. Балл
|
1+4
|
1+4
|
1+4
|
1+4
|
1+4
|
1+4
|
1+4
|
СӨЖО
сабақтарға қатысу, орындау және қорғау
|
ОӨЖ түрі
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
Қ,Қ
|
28
|
Бақлау түрі
|
Т9
|
Т10
|
Т11
|
Т12
|
Т13
|
Т14
|
Т15
|
Макс.балл
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
СӨЖ
|
Баяндама
|
|
|
|
|
|
|
23
|
23
|
Бақылау түрлері: Қ - қатысу, Т – тақырып, К – конспект, КТ – конспект тексеру, Қ,Қ – қатысу және қорғау, ЗЖ – зертханалық жұмыстар
Қорытынды рейтинг есептеу әдістемесі
Қорытынды баға жіберу рейтингісі (ЖР) мен қорытынды бақылаудың (ҚБ) қосындысымен есептелінеді, олардың үлес салмағын ескере отырып (ҮСЖР және ҮСҚБ).
Қ = ЖР·ҮСЖР + ҚБ·ҮСҚБ
Университеттің Ғылыми кеңесі бақылау түрлеріне және ағымдағы үлгерімге байланысты төмендегідей салмақтық үлес бекітілген.
Бақылаудың қорытындысының түрі
|
Бақылау түрі
|
Үлес салмағы
|
Емтихан
|
Емтихан (ҮСЖР)
|
0,4
|
Ағымдағы үлгерімді бақылау (ҮСҚБ)
|
0,6
|
Студенттің семестр бойы пән бойынша жинаған жіберу рейтингісінің бағасы мынаған тең
ЖР = (Р1 + Р2)/2
Студенттің рейтингісі (Р1 және Р2) мына формула бойынша анықталады
Р1(2) = АҮ1(2) ·0,7 + МБ1(2) ·0,3
Ағымдағы үлгерім (АҮ) 100 балдық шкаламен анықталады(бақылау іс-шараларының күнтізбелік графигін қара).
Сонымен қатар межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкаламен анықталады.
Қорытынды бақылау (ҚБ) 100 балдық шкаламен анықталады.
Баллдық жүйе бойынша пәннен қорытынды рейтинг “Оқушылардың оқу жетістіктері” және “Рейтингтік ведомость” журналдарына балл түрінде кестелерге енгізіліп эквивалентті бағаға айналдырылады.
Балл ретіндегі қорытынды баға (И)
|
Баллдардың сандық (Ц)
|
Әріптік жүйедегі баға (Б)
|
Дәстүрлі жүйедегі баға (Т)
|
Емтихан, диф. Сынақ
|
Сынақ
|
95-100
|
4
|
А
|
Өте жақсы
|
Сынақ-талды
|
90-94
|
3,76
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
Қанағаттанарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
50-54
|
1,0
|
D
|
0-49
|
0
|
F
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Сынақ. жоқ
|
Ескерту:
– Пән бойынша межелік бақылауға (МБ) ағымдағы үлгерім (АҮ) балдарын жинаған студент қана жіберіледі.
– Егер студент межелік бақылаудан өтпеген болса, немесе МБ 50 балдан төмен бал жинаған болса, онда ол студенттің рейтингі анықталмайды. Мұндай жағдайда деканат МБ тапсырудың жеке мерзімін белгілейді.
– Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу бағдарламалық жұмыстардың барлық талаптарын орындағандар (барлық зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды және СӨЖ және ОСӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмалар орындаған және тапсырған), курстық жұмысты қорғағаны үшін жақсы баға алғандар (семестрлік жұмыстар) және жіберу рейтингісін жинағандар (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.
– Егер студент алушы жіберу рейтингісі және қорытынды бақылауы бойынша жақсы бағаларға ие болса, онда пән бойынша қорытынды баға есептелінеді. Егер студент қорытынды бақылауды себепсіз жіберсе, онда оның бағасы “қанағаттанарлықсыз” деп есептелінеді.
Курс саясаты
Сабақтарда белсенді болыңыздар. Оқытушыға сұрақ қойыңыздар. Оқуда үлгеру үшін сабаққа қатысу жеткілікті емес, қарастарылып отырған тақырып пен талқыланып отырған мәселеге белсенді араласып, өз көзқарасыңыз бойынша жауап беруге тырысу керек.
Сабаққа қатысу міндетті болып табылады. Студенттерге дәріс сабақтарына қатысқаны үшін 2 балл қойылады.
Зертханалық сабаққа қатысып, берілген жұмысты уақытында тапсырғаны үшін, күнтізбелік графигіне сәйкес, студентке 1 балл, жұмысты қорғаған үшін 4 балл беріледі.
Студенттер сабаққа дайындықпен келіп, ұсынылған әдебиеттер мен аталмыш сабаққа қажетті материалдарды қолдануы керек.
Студенттердің оқытушымен бірге орындалатын өздік жұмысы, дәрістік сабақтардың тақырыптарын терең зерттеп, оларды бекітуге бағытталған. Сабаққа қатысу және жұмысты орындап қорғау 4 балмен бағаланады.
Өздік жұмыс, теориялық курсқа кірмеген немесе қысқаша түрде қарастырылған, дәрістік тақырыптарға қатысты сұрақтарды теориялық түрде зерттеу және оларды ұсынылған әдебиет бойынша тереңдетіп оқу болып табылады.
Өздік жұмысы келесі түрде бағаланады: әр тақырыптын теориялық қарастыру, өңдеумен сұрақтар бойынша конспектпен аяқталады, конспект оқытушыға көрсетіліп бағаланады және әр тапсырма (баяндама немесе реферат) үшін Р1–12 немесе Р2–23 балл алады.
Бірінші және екінші межелік бақылау оқытылған тақырыптар бойынша ауызша сұрау түрінде, билеттер немесе тесттер бойынша 100 балдық жүйемен бағаланады.
Студентсеместр ағымында пән бағдарламасына сәйкес тапсырмаларды толық көлемде орындауға міндетті.
Емтихан үш сұрақтан тұратын билет бойынша немесе 50 сұрақтан тұратын нұсқаға салынған тесттер бойынша алынады. Емтихан 100 балдық жүие бойынша бағаланады.
Аудиториялық сабаққа 1 минутқа дейін кешігуге рұқсат етіледi, басқа жағдайда тәлімгер 1 балл кем алады.
Дауыстап сөйлесуге болмайды. Екінші ескертуден кейін тәлімгер аудиториядан шығарылады.
Сабақ босатқан үшін қолданылатын айып санкциялары:
– зертхана және дәрiс сабағын себепсіз босатқаныңыз үшін –0 балл аласыз;
– зертхана есептерiн немесе өздік жұмыстарды сабақтан тыс уақытта қорғағаныңыз үшiн белгіленген баллдың жартысын аласыз.
Дәлелді себеппен уақытында тапсырылмаған зертханалық және өздік жұмыстарға баллдар кемiтiлмейдi.
Егер сіз себепті жағдайлармен бақылау шараларын өткізу кезінде қатыспаған болсаңыз, онда оқытушы тағайындаған уақытта қосымша өтуіңізге мүмкіндік беріледі (МБ және ҚБ деканның рұқсатымен өткізіледі), кері жағдайда сіз «0» балл аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |